Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 108.93 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі108.93 Kb.
: downloads -> doctorantura
doctorantura -> Сұрақтардың тақырыптары Сызықтық автоматты басқару жүйесінің теориясы
doctorantura -> «Экологические особенности агрофитоценоза сои при ресурсосберегающей технологии выращивания на юго-востоке Казахстана»
doctorantura -> Мазмұндама омарова айнұр тұЯҚҚызы қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму жағдайында адам ресуртарын басқару
doctorantura -> БАҒдарламасы мамандық бойынша емтихан : «6D070400- есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
doctorantura -> Мусабеков Айдос Туменбаевич Разработка эффективных компонентов среды для криоконсервации спермы хряков
doctorantura -> 6D020500 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша PhD докторантураға қабылдау емтиханының сұрақтары
doctorantura -> Сәулет құрылыс факультеті 6М042100-«Дизайн»
doctorantura -> Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстағы материалдық нүктенің динамикасы
doctorantura -> «25» тамыз 2014 ж. №1145-п бұйрыққа №6 қосымша
doctorantura -> Даулбаевой Альмиры Нурлановны Динамика изменения концентрации основных загрязняющих веществ в приземном слое атмосферы города Алматы Структура и объем диссертации диссертация

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі




Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ұлттық университеті




«6D020500 – ФИЛОЛОГИЯ» (ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУЫ) МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

бағдарламасы

Астана, 2013

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М020500 – Филология» мамандығының типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды


Бағдарламаны құрастырған:

филология ғылымдарының докторы, доцент Ж.Ә.Аймұхамбет

Бағдарлама қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде қаралды.

«27» маусым 2013 ж. № 10 хаттама


Кафедра меңгерушісі: ______________________________ С.А.Қасқабасов

ТҮСІНІК ХАТ

«6D020500 – Филология» (қазақ әдебиеттануы) мамандығы бойынша философия докторларын (PhD) даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:

- мемлекеттік стандарт негізінде;

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Классификаторы негізінде;

- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттар негізінде;

- докторанттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;

- белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде.

Докторантурада «6D020500-Филология» (қазақ әдебиеттануы) мамандығы бойынша мамандар даярлау екі бағытта жүргізіледі:

- бейіндік;

- ғылыми және педагогикалық.

Докторантураның білім беру бағдарламасын толық меңгерген және докторлық диссертация қорғаған тұлғаға «6D020500 – Филология» (қазақ әдебиеттануы) мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.

«6D020500-Филология» (қазақ әдебиеттануы) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл.

Докторантураға қабылданушы қазақ әдебиеттануы, оның ішінде қазақ әдебиеті тарихының кезеңдерінен, қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар мен басымдықтардан докторлық дәрежеге ізденуші ретінде ғылыми бейімділік қалыптастыратындай жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, қазақ әдебиеттану ғылымының іргелі қағидалары, жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланысы, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері бойынша білім-пайымын таныта алуы қажет.

Емтихан қабылдау формасы. Емтихан жазбаша түрде қабылданады. Емтихан сұрақтары кафедра мәжілісінде мақұлданып, факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген.

Емтихан тақырыптары
Қазақ әдебиетінің тарихы. Әдебиет тарихын дәуірлеу төңірегіндегі дискуссия. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері. Ежелгі дәуір әдебиеті. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (сақ, ғұн, үйсін, дәуірі). Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Оғыз-Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет. Ислам дәуіріндегі әдебиет. Алтын Орда дәуірі әдебиеті.

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Қазақтың төл әдебиетінің бастауы – жыраулар поэзиясы. ХҮ ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік жағдай ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің негізгі арнасы, бірегей көрінісі – жыраулар поэзиясы екені. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Жыраулар поэзиясы және оның түп тамырлары. Жыраулар поэзиясының басты тақырыбы мен идеясы, мазмұны, көркемдік сипаты. Жырау және ақын. Олардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының қайнар көздері.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы. Әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы /1802-1874/ шығармашылығы. Толғауларының мәні. Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/ толғаулары. Заман шындығының айтылуы. Мұрат Мөңкеұлы /1843-1906/ шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері /1868-1905/ шығармашылығы.

Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Өмірбаяны. Махамбет мұрасының жиналуы, зерттелуі. Махамбет өлеңдеріндегі күрескерлік сарын, ерлік рух. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) шығармашылығы. Алмажан Азаматқызы (ХІХғ) шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.


Бұл дәуірдегі ірі саяси-әлеуметтік оқиғалар, патшалық отарлау саясаты, хандық биліктің жойылуы, әкімшілік жүйедегі өзгерістер, ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістер әдебиеттің идеялық та, эстетикалық та мазмұнына үлкен ықпалын тигізуі. Соның нәтижесінде бірқатар ағымдар мен бағыттардың қалыптасуы. Зар заман әдебиеті, ақындар айтысы, сал-серілер поэзиясы, реалистік жазба әдебиет, романтикалық сарындағы әдебиет, шығыстық үлгідегі шығармалар – қарастырылып отырған кезеңге тән құбылыстар. Идеялық-көркемдік жаңалықтармен қатар, тың жанрлардың қалыптасып дамуы. Сонымен қатар осы ғасыр шегінде қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланыстарының өрісті бола бастауы.

ХХ ғасырдың басындағы әдебиет. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі алашшыл идея. Ағымдар мен бағыттар. Алғашқы көркем проза үлгілері. Әдеби жанрлардың дамуы.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар. Қоғамдық-әлеуметтік жағдай. Өндіріс орындарының ашылуы. 1904 жылғы орыс-жапон соғысы, Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс. 1914-1918 ж. бірінші империалистік соғыс. 1916 ж. патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс. 1917 ж. ақпан және қазан төңкерісі. Аталмыш оқиғалардың әдебиетке тигізген ықпалы. 1900-1917 жылдар аралығындағы әдеби көркем шығармалар мен ақын-жазушылардың шығармашылығын қарастыру, олардың әлеуметтік, көркемдік, жаңашылдық негізін таныту.

ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр басындағы әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ зиялыларының басты көзқарасына айналуы. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы.

ХХ ғ. басындағы қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби даму. Әдеби сындағы қайшылықтар. Тартыс. Тұрпайы социологизм сыны. Абай мұрасына және халықтық мұраға көзқарас. Әдеби жанрлардың дамуы. Б.Майлин шығармашылығы. Алғашқы өлеңдерінен көрінетін әлеуметтік өмір шындығы. Әңгімелері. Хикаяттары. Пьесалары. Б.Майлин – шағын әңгіме шебері. С.Сейфуллин шығармашылығы. Азаттық жолындағы күресті арқау еткен өлеңдері. Поэмалары. «Аққудың айрылысуы» поэмасындағы романтикалық сарын. «Көкшетау» поэмасы. Көркемдігі мен тілі. Прозасы. Пьесалары. І.Жансүгіров шығармашылығы. Ілияс – эпик ақын. «Құлагер», «Күй», «Күйші» поэмаларындағы өнер және өнер адамының тағдыры. «Гималай», т.б. өлеңдерінің көркемдігі. Табиғат лирикасы. Азаматтық лирикасы. М.Әуезов, С.Мұқановтың алғашқы шығармалары. Драматургияның дамуы.


ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет. Соғыс шындығының әдебиетте бейнеленуі. Прозадағы, поэзиядағы соғыс тақырыбы. Ерлік, Отан қорғау идеясы. Соғыс жылдары жазылған шығармалар. Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин, т.б. майдангер ақын-жазушылар шығармашылығы.

М.Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Абай тұлғасы. Тарихи және замана шындығын бейнелеудегі суреткерлік шеберлік. Әуезов прозасындағы көркемдік жетістіктер. Пьесалары. «Абай», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», т.б. Әдебиеттану саласындағы еңбектері. С.Мұқанов шығармашылығы. Романдары. «Адасқандар» романының тақырыбы мен идеясы. Әңгіме-повестері. Поэмалары. Әдебиет туралы еңбектері. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы. Көркемдік ізденістер. Алғашқы әңгімелері. Кейінгі прозасы. «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі. «Жапон балладалары» циклі. Ана тақырыбындағы туындылары. Пьесалары. Ғ.Мұстафин шығармашылығы. «Қарағанды» романының тақырыбы, кейіпкерлер жүйесі. «Миллионер». «Көз көрген».

ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдеби даму. 60-жылдар әдебиетіндегі жаңа леп. Жанрлық даму. Прозаның дамуы. Поэзияның дамуы. Драматургияның дамуы. Прозадағы бағыттар. Тарихи романдардың жазылуы. Көп кітапты романдар. І.Есенберлин, Х.Есенжанов, Ә.Әлімжанов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Т.Әбдік, т.б. шығармашылық өкілдерінің еңбектері. Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері. Әдебиеттану ғылымының дамуы. Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері. Поэзиядағы жаңалықтар. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындар шығармашылығы.

Тәуелсіздік жылдарындағы әдеби даму. Әдебиеттегі тың ізденістер мен жаңа көзқарастар. Әдебиеттің «ақтаңдақ» беттерін зерттеу. Әдеби жанрлардың дамуы. Мемуарлық романдар. Поэмалар. Әңгіме-повестер. Лирика. Тақырыптық, көркемдік сипаттары. Фольклортану және әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен жетістіктер.



Әдебиет теориясы. Эстетика туралы негізгі тұжырымдар. Эстетика туралы орта ғасырдағы ғылыми пайымдаулар. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары. Әдебиет теориясы және эстетика категориялары. Эстетика және әдебиеттану ғылымы. Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметі және басқа ғылымдармен байланысы. Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың даму ерекшеліктері. Жанрлар туралы түсінік, түрлер. Уақыт пен кеңістік мәселесі (хронотоп – мекеншақ). Көркем мәтін, құрылымы. Әдеби дәстүрдің дамуы. Көркемдік тұтастық. Мазмұн мен форма Көркем шығармадағы автор бейнесі. Автор мен кейіпкер. Әңгімеші, баяншы. Сюжет пен композиция. Фабула. Троп пен фигура.

Мифопоэтика. Миф. Мифологиялық ойлау дәуірі. Мифтік таным негіздері. Мифтік сана. Миф және әдебиет. Әдебиетегі мифологизм мәселесі. Мифтік танымның ертегілердегі, эпостардағы көрінісі. Мифология және жазба әдебиет. Мифтің жазба әдебиетпен қарым-қатынасының екі аспектісі: эволюциялық және типологиялық. Әр дәуір әдебиетіндегі мифоло-гизм көріністері. ХХ ғасыр әдебиетіндегі мифологизм. Дәстүрлі мифтік желілерді пайдаланудың әдебиеттегі екі түрлі тәсілі: интерпретация және трансформация. Авторлық мифтер. Мифологиялық стилизация. Мифтік құбылушылық. Құбылу-шылықтың түрлері мен жолдары. Грек мифтеріндегі құбылушы-лықтар. Қазақ мифтеріндегі құбылушылық. Мифтік құбылушылықтың көркемдік тәсіл ретінде кеңінен қолданылуы.

Көркем мәтінді әдеби талдау. Кіріспе. Көркем мәтінді әдеби талдау жайлы жалпы мағлұмат. Көркем туындыны талдаудың негізгі принциптері. Көркем туындыны талдау процесінде айрықша орны бар жайттар. Әдеби стиль. Стиль қалыптастырушы Көркем шығарманың композициясы, басты компоненттері. компоненттер мен категориялар, стиль жөніндегі ғылыми пікірлер. Жазушы дүниетанымы Шығарманың сюжеттік құрылысы. Сюжет және фабула. Сюжеттің түрлері. Пейзаж. Көркем шығарманың тақырыбы. Шығарманың идеясы. Тарихи шындық және көркемдік шешім .Әдеби бейне. Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мазмұны. Әдеби шығармадағы кейіпкерлер жүйесі. Әдеби портрет.

Алашшыл әдебиет. ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуал және Алаш қозғалысы. Ұлттық күрес және әдебиет. Рухани серпілістің алғышарттары. Ұлттық баспасөз және әдебиет. Алашшыл мәдени ұйымдардың әдеби дамуға әсері. Ресей мұсылмандары мен бостандыққа талпынған басқа да халықтары арасындағы рухани-мәдени бірлік пен дүниетанымдық ізденістер. Жәдитшілдік: әдебиет пен қоғам, көремөнер мен саяси күрес арасындағы байланыс. Алаш қозғалысы тұсындағы әдебиеттің елшіл-танымдық, әдеби-эстетикалық маңызы

Драма поэтикасы. Драма жанры, өзіндік белгілері. Драма жанрының табиғаты. Драма өнері жайлы зерттеулер. Драма өнерінің тууы, қалыптасып дамуы. Ежелгі дүниедегі драма. Ұлттық драма. Драмадағы тартыс, сюжет және тақырып. Драма жанрының ішкі түрлері. Драма жанры түрлерінің қалыптасып, даму жолдары. Драмадағы тартыс сипаты. Коллизия мен конфликт. Характерлік сипаттар. Характерлер қақтығысы. Трагедия табиғаты. Трагедиядағы характер және конфликт. Трагедия түрлері.Трагедия – тіршіліктің сан алуан қайшылықтарын, ғаламдық тартыстарды, сезімдер шайқасын, ойлар мен идеялар қақтығысн бейнелейтін драма жанрының айрықша түрі. Трагедия категориясына қатысты зерттеулер. Гете “Фауст”, Шекспир “Гамлет” т.б. әлемдік үлгідегі трагедиялар. Трагедияның басты маңызды сипаты – бас қаһарманның қателіктері мен адасулары. Трагедия жанрының түрлері: эпикалық трагедия, тарихи трагедия, адамгершілік-тұрмыстық трагедия. Комедия. Өзіндік ерекшелігі. Ішкі түрлері. Комедиядағы тартыс. Комедиядағы характер мәселесі. Комедия жанрының жалпы табиғатына қатысты зерттеушілердің тұжырымдары. Комедияның жанрлық ерекшелігі. Комедиядағы сюжет, ситуация. Әсірелеу – комедиядағы басты көркемдік құралдардың бірі екендігі. Комедиядағы шешім. Комедияның ішкі түрлері: сатиралық комедия, лирикалық комедия. Қазақ драматургиясының қалыптасу, даму кезеңдері. Тарихи, әлеуметтік шындықтардың драмадағы көрінісі. Драма. Драмадағы тартыс мәселесі. Драмадағы характер. Драманың ішкі түрлері. Драмадағы жағдай және қаһарман. Драманың көркемдігі. Драмалық әрекеттің ширақтық сипаты. Драманың ішкі түрлері: қаһармандық драма, саяси-әлеуметтік драма, тарихи-ғұмырнамалық драма. Қазіргі әдебиетте көріне бастаған психологиялық, лирикалық, дискуссиялық драмалар және инсценировка-пьесалар.

Қазақ халық прозасы. Халық прозасы жанрлары. Аңыздық проза және оның түрлері. Миф және оның түрлері. Мифологиялық ойлау және мифтік сана. Мифтің түрлері. Аңыздың жанрлық ерекшелігі. Түрлері. Әпсана мен аңыз. Әпсана жанрының өзіндік ерекшелігі. Түрлері. Хикая жанры. Кейіпкерлері. Хикаят жанры. Ерекшелігі. Кейіпкерлері. Ертегілік проза. Ертегілік прозаның зерттелуі. Ертегінің түрлері. Жануарлар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер. Батырлық ертегі. Новеллалық ертегі. Сатиралық ертегі.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Мифология. Энциклопедический словарь. М., 2001.

  2. Мифы народов мира. Энциклопедия. М., 2004.

  3. Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. М., 2005.

4.Козубовская Г.П. Русская литература: миф и мифопоэтика. Барнаул, 2006.

  1. Леви-Строс К. Мифологики. 1-4 кн. М., СПб, 2000.

6. Қасқабасов С.А. Жаназық. Астана, 2003.

7. Қоңдыбай С.Арғықазақ мифологиясы.1-4 кітап. А., 2005.



8. Қазақтың мифтік әңгімелері. Алматы, 2008.

  1. Жанр сипаты. А., 1969

  2. Әуезов М. Әбебиет тарихы. А., 1995

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1998.

  4. Савельева Т. Художественный текст и художественный мир. А., 2001

  5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. А., 1988

  6. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. А., 1969.

  7. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  8. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1991.

  9. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1994.

  10. Аймауытов Ж. Бес том. шығ. жин. 5 т. А., 1996.

  11. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.

  12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979.

  13. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986

  14. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А., 2000.

  15. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар А., 1984.

  16. Нұрғали Р. Мұхтар Әуезов және Алаш. А., Санат, 1997

  17. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, Күлтегін, 2003

  18. Әбдіманов Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А., Қазақ университеті, 2003

  19. Кәкішев Т. Сәкен және Мағжан. Алматы.

  20. Нұрғалиев Р. Арқау, Екі томдық шығармалар. 1 т., Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі. А., 1991

  21. Бердібай Р. Тарихи роман. А., 1995.

  22. Нұрғали Р. Әуезов және алаш. А., 1997.

  23. Жұртбаев Т. Талқы. А., 1997.

  24. Күмісбаев Ө. М.Әуезов және әдебиет әлемі. А., 1997.

  25. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А., 1984

  26. Қазақ театрының тарихы. А., 1975

  27. Қуандықов Қ. Тұңғыш ұлт театры. А., 1969

  28. Құндақбаев Б. Уақыт және театр. А., 1969

  29. “Абай” энциклопедиясы. Бас редактор Р.Н.Нұрғалиев. А., 1995. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. А., 1975.

  30. Ахметов З. Роман-эпопея Мухтара Ауэзова. А., 1997.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет