Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.67 Mb.
бет3/4
Дата03.04.2016
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Тіл біліміне кіріспе»


Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау: СӨЖ, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), коллоквиум (К), глоссарий (Г) т.б. оқытушыға тапсыру кестесі әр аптаның


сейсенбі – 900 – 1100 – 8 ауд.

жұма - 900 – 1100 – 8 ауд



күндері жүргізіледі.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :

  1. Қ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы. – А, 1969

  2. З.Қабдолов. Сөз өнері. – А, 1976

  3. Р.Бердібаев. Тарихи роман. – А, 1997

  4. Ж.Дәдебаев. Әдеби шығарма. – А, 1987

  5. М.Атымов. «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы. – А, 1990

  6. М.Әуезов. Әр жылдар ойлары. – А, 1959

  7. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. – А, 1962

  8. М.Әуезов. Абай Құнанбаев. – А, 1995

  9. Қазақтың тұңғыш эпопеясы. – А, 1957 (ұжымдық жинақ).

  10. Ғ.Мүсірепов. Шеберлік шыңына. – А, 1963

  11. М.Қаратаев. Шеберлік шыңында. – А, 1963

  12. М.Қаратаев. Социолистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы. – А, 1965

  13. М.Қаратаев. Мұхтар.Әуезов. – А, 1967

  14. С.Кедрина. Из живого источника. – А, 1960

  15. Е.Ысмайылов. Сын және шығарма. – А, 1960

  16. А.Нұрқатов. Мұхтар Әуезов творчествосы. – А, 1965

  17. Е.В.Лизонова. Современный казахский роман. – А, 1964

  18. А.Нұрқатов. Мұхтар Әезов. – А,1957

  19. Е.В.Лизунова. Мастерство Мухтара Әезова. – А, 1968

  20. Б.Шалабаев. История казахской прозы. – А, 1967

  21. Р.Бердібаев. Роман және заман. – А, 1967

  22. Р.Бердібаев. Әдеби және өмір. – А, 1964

  23. А.Әезова. Исторические основы эпопей «Путь Абая». – А, 1960

  24. Ә.Байтанов. Шын шеберлік. – А, 1969

  25. М.Атымов. Қазақ романдарының поэтикасы. – А, 1975



²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :


  1. М.Әуезов. «Абай жолы» эпопеясы.

  2. Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе».

  3. І.Есенберлин «Алтыын орда» трилогиясы.

  4. І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы.

  5. Ә.Әлімжанов «Жаушы», «Махамбеттің жебесі».

  6. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры».

  7. М.Мағауиннің «Аласапыран» дилогиясы.

  8. Д.Досжанов «Жібек жолы».

  9. С.Мұқанов. «Өмір мектебі».

  10. А.Әуезов «Бала Мұхтар». – А, 1967

  11. М.Әезов Повестер. Әңгімелер. – А, 1983


Бірінші аралық бақылау




Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпайлар

Бақылау

түрі

1

Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдарға шолу.


1 апта

4

Баяндау


2

М.Әуезовтің зерттеушілік, жазушылық еңбегі.

2 апта

5

Ой бөліс (дебат).

3

„Абай жолы” эпопеясының жазылу тарихы.

3 апта

4

Тест тапсырмалары

4

Эпопеяның терең тамырлы идеялық түрлері.

4 апта

4

Реферат.


5

Эпопеяның тарихи роиан екендігі.

5 апта

4

Ой бөліс (дебат).

6

“Абай жолы”эпопеясының сюжеттік желісі.

6 апта

4

Талдау жасау.


7

Абай жолы” эпопеясының идеялық құрылыстық жүйесі

7 апта

5

Тест тапсырмалары

ОБСӨЖ 30 ұпай

1



Тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдарға шолу.

Жоспары:

  1. Қазіргі қазақ романының жай – күйі

  2. Ұлы шығарма – „Абай жолы” роман эпопеясы туралы

  3. Тарихи романдар тудырған қаламгерлер

Қазақ романының бұл күнде дамып, өркендегені соншалық – оның әрбір жанрын арнайы зерттеудің қажеттігі туып отыр. Қазіргі қазақ романының түрлі мәселелерін әр қырынан толғайтын еңбектер көбейіп келеді. Мұның бірі әдеби сыншыл ойдың көркею жолында екенін сипаттаса керек.

Дегенмен бұл жанрдың нақтылы зерттелуге лайық проблемалары көп. Соның бірі - тарихи романдардың жанрлық ерекшелігін, өсу бағытын, көркем әдебиетімізге қосқан соны үлесін, көрнекті жазушыларымыздың тарихи тақырыпты меңгерудегі ізденістерін, тарихи шындықтың заманылығын, көркем сюжет, характер, шеберлік мәселелерін нақтылы сөз етуге болмақ.

Біз халқымыздың тарихта тағылымды істерімен елеулі із қалдырған қайраткерлері тағдырына арналған романдардың идеялық – көркемдік ерекшеліктерін, олардың жұртшылыққа беретін ғибратын әңгімелейміз. Тарихи революциялық романдар туралы да осы қатарда тоқталамыз.

Алдымен әдебиетімізді үлкен идеялық – көркемдік белеске көтерген ұлы шығарма М.Әуезовтің „Абай жолы” роман – эпопеясын қарастырамыз. Бұл туынды туралы көп сыншылар мен әдебиетшілер мол пікір түйгені, сан тараптан сипаттама жасағаны белгілі.

Солардың ішінен „Қазақтың тұңғыш эпопеясы” (1957) деген ұжымдық еңбекті, Ғ. Мүсіреповтің „Суреткер парызы” (1970), М. Қаратаевтың „Шеберлік шыңына” (1963), „Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы” (1965), „мұхтар Әуезов” (1967), З.С. Кедринаның „Из живого источника” (1960), Е. Ысмайыловтың „Сын және шығарма” (1960), А. Нұрқатовтың „Мұхтар Әуезов” (19657), „Мұхтар Әуезов творчествосы” (1965), Е.В. Лизунованың „Современный казахский роман” (1964), „мастерство Мухтара Ауезова” (1968), Б. Шалабаевтың „История казахской прозы” (1968), Р. Бердібаевтың „Әдебиет және өмір” (1964), „Роман және заман” (1967), Л.М. Әуезованың „Исторические основы эпопеи” „Путь Абая” (1969),

Ә. Байтанаевтың „Шын шеберлік” (1969), М.Атымовтың „Қазақ романдарының поэтикасы” (1975) секілді кітаптарын атап өту парыз. Осы және басқа көптеген зерттеулер мен мақалаларда „Абай жолының” әдебиетіміздегі орны мен ерекшелігі жүйелі сөз болған.

М. Әуезовтің шығармашылық тәжірибесі күллі қаламгерлерімізге өшпес өнеге, таусылмас тәлім. М. Әуезов романының қазақ әдебиетіне әкелген тың қасиеттері: характер сомдау шеберлігі, шығарманың татыстық, құрылыстық жүйесіндегі жаңалықтары, суреткерлік лаборатория жайлары. Әсіресе жазушының адам мінезін, табиғат суретін терең реалистікпен берудегі жаңашылдығы, әдеби тілімізді қалыптастырудағы қызметі орасан зор.

С. Мұқановтың, І. Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, Ә. Кекілбаевтың,

Д. Досжановтың, Ш. Мұртазаның т.б. жазушылардың тарихи романдары туралы нақтылы байқаулар, ойлар, талдаулар, кейбір қорытындылар айтылады. Қазіргі қазақ тарихи романының ішкі жанрлық бөліністері, олардың әрқайсысына тән өзгешеліктері көрсетіледі. Туысқан түркі халықтары әдебиетіндегі таңдаулы тарихи романдарға да талдау беріледі. Кейінгі жылдарда жарияланған романдар қатарынан роман – хроника, тарихи – көсемсөздік, тарихи – ғұмырнамалық, тарихи этнографиялық секілді салаларға жатқызуға болатын шығармалар жиі ұшырап отырғанын айтамыз.

Әлбетте, тарихи романның барлық құрамын, бейнелеу кестесін, жанрлық келбетін бір еңбек көлемінде түгел қамтып айту мүмкін емес. Ондай ірі уәзипаны зерттеушілердің бірлесе атқаратын ұжымдық ізденсітері ғана көтермек. Осы курсты өтудегі біздің мақсатымыз – қазіргі тарихи романдардың дамуындағы жетекші үрдістерді анықтау, тарихи тақырыпта қомақты туындылар берген қаламгерлердің әдебиет қазынасына қосқан өзіндік жаңалығын жүйелі әңгімелеу, олардың өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасы, бейнелеу өрнегі туралы пікір түю.


1. Бақылау сұрақтары:

  1. Тарихи романның қалыптасуында орыс ғалымдарының білдірген пікірі.

  2. Тарихи романдар тілінің ерекшелігі.

  3. Тарихи романның өріс алуы.

  4. Қазіргі тарихи романдардың жанрлық ерекшеліктері.

  5. Қазақтың тұңғыш романы “Абай жолына ” шолу.

  6. Тарихи романның шығу тегі.

  7. Тарихи романның тілі, жанры.

2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Талдау жасау



3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Тарихи романның қалыптасуында орыс ғалымдарының білдірген пікірі.



  1. Тарихи романдар тілінің ерекшелігі.

  2. Тарихи романның өріс алуы.

  3. Қазіргі тарихи романдардың жанрлық ерекшеліктері.

  4. Қазақтың тұңғыш романы “Абай жолына ” шолу.

  5. Тарихи романның шығу тегі.

  6. Тарихи романның тілі, жанры.

2

Тақырып :М.Әуезовтың зерттеушілік, жазушылық еңбегі.

Ой бөліс (Дебат).

1. Жазушының қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы.

2. Портрет жасаудың жолдары.

3. Адам психологиясын беру шеберлігі.

4. Табиғат суретін (пейзаж) жасаудағы ұсталығы.

5. М.Әуезовтің Абай бейнесін сипаттауы.

6. “Абай жолының” терең тамырлы идеялық мазмұны.

7. М. Әуезовтің орыс ғалымдарынан аударған еңбектері.


3

Тақырыбы: „Абай жолы” эпопеясының жазылу тарихы.

Жоспары:

1. Жазушының Абай тақырыбына келу жолдары

2. „Абай жолының” терең тамырлы, идеялық түбірлері

3. Жазушының шығармашылық жұмыстары

М. Әуезовтің шығармашылық жолындағы бас еңбегі – „Абай жолы” эпопеясы туралы көп мақала зерттеу жазылған, романның бағасы мен орны да анықталған. Дегенмен осы ғажайып кесек, көркем туындының негіздері мен бітімі, мәні мен өнегесі түгел айтылып болды деу ерте.

Алдымен жазушының Абай тақырыбына келуінің сырлары мен шындары туралы тоқталып өту лазым.

Жазушының балалық шағы жөнінде бірсыпыра нақты дерек беретін еңбек Ахмет Әуезовтің „Бала Мұхтар” (1967) деген кітабы. Мұнда М.Әуезов әулетінің жай – күйінен қызғылықты мағлұмат келтірілген. Соларды шамамен үш салаға бөліп қарауға болады. Бірінші - Бердіқожа, Әуездердің Құнанбай, Абай ауылымен аралас – құраластық тарихы, екінші – Мұхтардың ескіше, орысша оқуына тікелей жетекшілік еткен Әуез бен Қасымбекке қатысты жайлар, үшінші – Мұхтардың бала кездегі мінез ерекшеліктерін, алғашқы шығармашылық қадамын айқындайтын мысалдар.

„Бала Мұхтар” атты кітаптың құнды сипатының бірі – жазушының кейбір шығармаларының оқиғалық түп негізін көрсетуінде. Суреткердің шығармашылық өмірбаяны үшін мұндай деректің маңызы мол. Кейін „Абай жолында” тұлғасы берілетін Баймағамбет ертегіші бейнесі де Мұхтарға жасынан мәлім болған.

„Қорғансыздың күні” әңгімесінде айтылатын Күшікбай батырға байланысты аңызды жазушы бала жастан естіген.

Мұхтар Абайдың мінезін сипаттайтын бірталай әңгімені сипаттайтын бірталай әңгімені Көкбай ақыннан ұққан. Ал „Көксерек” әңгімесінің туу тарихы да мейлінше қызық . Жалпы аңшылық, құсбегілікке М. Әуезов жасынан құмар болғанын көреміз.

Әдетте эпопеялық деңгейдегі шығармалар жазған қаламгер алдын ала мол материал жиятыны әдебиет тарихынан мәлім.

М.Әуезов „Абай жолына” керек дерек пен әсерді көбінше архивке сүйеніп емес, санасында сақталған естеліктер негізінде тапқан. Сол сияқты шығыс мәдениеті мен әдебиетіне деген ілтипат та оған ана сүтімен дарығанын көреміз.

Болашақ ұлы туынды „Абай жолының” терең тамырлы идеялық түбірлерінің бірі жазушының „Қараш - Қараш” оқиғасы повесі деуге толық неігз бар. Бұл шығарма суреткердің дүниетанымы мен шығармашылық тағдырында ерекше орын иеленеді.

„Қараш – Қараш оқиғасында” есік қазақ ауылындағы әлеуметтік қайшылық пен тартыс өте ұнамды көрсетілген. Ағайынды екі жігіт бақтығұл мен Тектіғұлдың байларға еткен еңбегі еш болып, бірінің кеселден өлуі, екіншісінің көп қорлық, күрес, арпалыстан соң абақтыға түсу тарихы шыншыл, сенімді баяндалған. Ал әлеуметтік теңсіздіктің түрлерін тану жазушының дүниетанымына байланысты екені мәлім.

Жазушының шығармашылық жолындағы үлкен белестің бірі – „Қилы заман” повесі (1928) болатын. Бұл шығарма М.Әуезовтің суреткерлік мол мүмкіндігін, дүниетанымын, таңғажайып тіл кестесін, қаһармандарды көркем бейнелеу шеберлігін айрықша әйгілейтін бірегей туынды.

„Қилы заманда” жазушы халқымыздың ұлт- азаттық қозғалысының көркем суреттерін жасаған. Мұнда алғы кезекте зорлыққа, астамшылыққа көнгісі келмей, әділетсіздік атулыға қарсы тұрған ерлер бейнесі көрсетілген. „Қилы заман” М. Әуезовтің дүниетанымындағы зор өзгерістің де нышаны секілді. Егер ол бұдан бұрынғы кейбір әңгімелерінде күштілерден зәбір шеккен панасыз жандардың мүшкіл халін көрсетсе, аталған шығармада қалыптасып қалған көне тәртіпке бұдан былай көнгісі келмеген қаһармандар тұлғасын мүсіндеді. Бұдан шығатын тағы бір қорытынды – М. Әуезов өз шығармашлығында революциялық тақырыпқа замандас, қаламдас, серіктеірнің көбінен бұрын дендеп барғандығы.

„Қилы заманда” халықтың аңыз әңгімелері, шешендік сөздері орнын тауып, оқиға өріліміне үйлескен. Қарт Жәмеңкенің халыққа қарата айтқан сөзінен ескі жыраулардың дана тілмарлығы елес береді.

Өзінің атын әлемге әйгілі еткен „Абай жолы” роман эпопеясын жазуға М.Әуезов зор шығармашылық әзірлікпен келгені әр тараптан – ақ көрінеді. Ол М. Әуезовтің Абайдың өмірбаянын, туындыларын тізу, жинау, жариялау, зерттеу жөніндегі сіңрген еңбегі.

Қандай суреткер болса да шығармаға кірісерден бұрын өмір материалын топтап, талғап, екшеп, негізгі нысанасы мен қаһармандардың бағдарын белгілеп алатыны ақиқат. Бұл уәзипаны М. Әуезов ерекше ыждағатпен, асқан зеректікпен атқарғанын көреміз. Ол Абай жайында романға кіріспей тұрып, ақынның өмірін, туындыларын, заманын кеңінен тексеріп, мақалалар, зерттейлер жазған. Кейіннен романға енген адамдар мен оқиғалардың мән – жайы түгелдей ғылыми жүйеде талданып шықққан. Бұл әдебиет тәжірибесінде сирек кездесетін құбылыс.

Абайдың ақындық ерекшеліктері, дәуірі туралы ойларын М.Әуезов 1922-23 жылдарда- ақ баспа жүзінде жариялай бастаған. Мұнан кейінгі көлемді еңбек – ақынның 1933 жылы басылған толық жинағына жазылған „Абайдың туысы мен өмірі” деген мақала. Келе – келе м. Әуезов абайтану ғылымының негізін салды дегенде ұзақ жлдарға созылған ұланғайыр істі еске алуымыз лазым.

Абай тақырыбын өмірлік негізгі іс деп қараған. М. Әуезов бұл саладағы аса бағалы зертеулерін „Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы” деген монографиясына топтаған. Бұл еңбек тұтас күйінде 1967 жылы тұңғыш рет басылып шықты. „Абай жолы” роман – эпопеясы халқымыздың көркемдік дамуындағы зеңгір шың болса, Абай туралы монография зерттеушілік тереңдік пен көлемділіктің үлгісі.

М. Әуезов Абай туралы зерттеуімен, романдарымен қазақ халқының дамуындағы үлкен бір жол айрық дәуірдің кең шындығын елестеткен, ол алдымен абай өмірі мен заманын зертеп, соңынан сол шындықтарды қайта қорытып, тың сапаға көтеріп жазған. Қазақтың көркемдік дамуында біртұтас, зеңгір құбылыс болған Абайдың өмірін заманымен қоса қамтып көрсету, данышпан ақын, ойшыл ашқан жаңалықтарды жаңа заман биігінен, тарих тәжірибесі мұнарасынан қарап бағалау м. әуезовті қазақтың басқа ешбір жазушысы түспеген соны жолға апарады. Ал бұл ұмтылыс тың поэзияда ХІХ ғасырда Абай алған шептерді ХХ ғасырда прозада М.Әуезов „қайталап” шығуына мүмкіндік бергенін білуіміз шарт.

М.Әуезов „Абай жолының” алғашқы ізін отызыншы жылдардың екінші жартысында – ақ сала бастағаны белгілі. Бұл айтқанымызға „Әдебиет майданы” журналының 1937 жылғы төртінші санында басылған „Татьянаның қырдағы әні” деген үзіндісі дәлел. Мұны автор болашақ романның хабаршысы деп сипаттаған.

„Абай жолы” роман – эпопеясының биігіне барар жолдағы соңғы „асу” – „Абай” трагедиясы (1939). Бұл арқылы М.Әуезов Абайдың арпалысқа толы өмірінің соңғ кезеңін, нағыз халықтық мұнараға көтерілген, демократиялық келбетін бейнелеуді көздеген.

Ең қызғылықты мәселе сол – „Абай” трагедиясында көрінген кейіпкерлердің, оқиғалардың көбі кейіннен „Абай жолының” үшінші, төртінші кітаптарында кеңінен баяндалып, желі тартқан, пьесаның қысқы көлеміне сыйған тартыстық негіз романда жан – жақты тарауланып берілген.


Бақылау сұрақтары:


  1. “Абай жолы”эпопеясын зерттеген қазақ ғалымдары.

  2. Қазақтың тұңғыш эпопеясы “Абай жолы” романы.

  3. Жазушының Абай тақырыбына келу жолдары.

  4. Романдағы тартыс мәселесі.

  5. “Абай жолының ” терең тамырлы идеялық мазмұны.

  6. Жазушының шығармашылық жолы.


2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Талдау жасау



3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1.“Абай жолы”эпопеясын зерттеген қазақ ғалымдары.

2. Қазақтың тұңғыш эпопеясы “Абай жолы” романы.

3. Жазушының Абай тақырыбына келу жолдары.

4. Романдағы тартыс мәселесі.

5. “Абай жолының ” терең тамырлы идеялық мазмұны.



  1. Жазушының шығармашылық жолы.

4



Тақырып: Эпопеяның терең тамырлы идеялық түрлері.

Реферат.

  1. Жазушының Абай тақырыбына келу жолдары.

  2. Жазушының шығармашылық жұмыстары.

  3. “Абай жолы ” эпопеясының көркемдік идеялық ерекшеліктері

  4. “Абай жолындағы” әлуметтік тартыстардың салалары.

  5. “Абай жолының” терең тамырлы идеялық түбірлерінің бірі “Қараш – қараш” оқиғасы.

  6. “Қараш –қараш оқиғасындағы ” Сәлмен бай мен “Абай жолындағы” Тәкежан бейнесін салыстыра суреттеуі.

  7. Эпопеяның терең тамырлы идеялық түрлерінің бірі “Қилы заман ” повесі.

  8. “Абай жолы”эпопеясының “Қараш-қараш “оқиғасынан бастау алуы.

  9. Эпопеяның басқа шығармалардан өзгешелігі.

5



Эпопеяның тарихи роиан екендігі.

Жоспары:

  1. Қазақ халқына зор жаңалық әкелген роман.

  2. Абай жолы эпопеясының “көркемдік ерекшелігі.

  3. Абай жолындағы” әлеуметтік тартыстар.

Қазақ кеңес әдебиетінің үлкен биікке көтерген жазушылардың бірі М. Әуезовтің “Абай жолы”романының терең ойлылығын, оның терең тамырлығын жұртшылық жоғары бағалаған. Абай туралы роман қазақ халқының көркем сөз өнері, әдебиеттік дәстүр, мәдениетті топырағында туа отырып, өз топырағынан осылардың тарауларына үлкен үлес қосты.

Мұқтар Әуезовтың “Абай жолы” романындағы қазақ халқының рухани өміріне зор жаңалық әкелді, бүкіл әлем оқырмандарының сүйікті кітабына айналады. Ол қазақ топырағында туған үлкен прозаның жетіген биік үлгісі болды. Елдің тұтас бір дәуірін жан-жақты толымды танытты. Ғасырлар бойы жасалған сөз өнерінің небір асыл меруерті үлкен суреткердің қолымен жаңа мағынаға ие болған немесе қайта жанданған сөздер , лексика байлығы да айрықша мол. Бұл романда қазақ адамының өзіне тән ерекшелік психологиялық болмысы әрі толық әрі шебер жасалады.

“Абайдың бірінші ” кітабында жазыықсыздан жазықсыз өлім ждазасына кесілген Қодардан бастап, “Абай жолы” романының екігші кітабынды боранда жылқымен бірге үсіп өлгені суреттелген. Алтыбай жылқышыға дейін бәріде ескі қазақ кедейлердің өмірінің жанды суреттері “Абай долы романының” 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өкілдерінің байдың да кедейдің де өмірін таныдық. Романның небір ғажап портреттерін табиғат көріністері елестейді. Жазушының ұзақ жылдық үлкен еңбегі бүкіл оқырман жұртшылыққа Абай тұлғасын, Абай заманын қазақ халқының жұрты ғасырлық өмірі ғана танылып қана қойған жоқ. Ол туған халқына барлық талантын өмірін бағыштап кеткен ұлы Абайға дейін халық ескерткішін орнатты.

Даңқы әлемді аралаған алып суреттер М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясын өзінің ғажайып көркемдігімен қазақ әдебиетіндегі оқшау озық орынға ие. Онда өткен замандағы қазақ елінің шындығынан айтылмай ақиқат ескерілмеген елеулі мәселе жоқ. Өзінің өлмес шығармаларымен қазақтың жаңа жазба әдебиетін шырқау биікке көтерген А.Құнанбаевтың мұрасы халқымызға қастерлі аса қымбат қазына болып саналады. Ақынның асыл туындыларының өмірлік, адамдық мәселелердің молдығы сонша оқысаң да түп тереңінне жету, тауысып тақырлау мүмкін емес секілді. Абай өсиеттері мен ұлағатты сөздері әр заманда өзінің өзгеше жаңа қырларымен құлпыра түсетін ескірмейтін ереже көнермейтін қағида тәрізді. Солардың ішінен ақынның адам мінезін түеуге пейлін жақсартуға бағытталған ғибрат нақылдары ерекше мәнді екендігінде күман болмаса керек.

“Іші толған у мен дерт” Абай өзінің шығармаларын өміртьдің ұнамсыз құбылыстары көбірек тізіліп тілден көрінгенін келешек қауым қалай пайымдар екен деп ойлаған сияқты. Күллі саналы тіршілік дүниеге көзқарасына талдау жасаған кемел өлеңдерінің біріне ақын алдағы бейтаныс буын өкілдеріне сырын жасырмай баян еткен. Ол өзінің шын мкөксеген арманына жете алмаған себебін жан - жақты сипаттай келіп өскен ортасымен күйін “Соқтықпалы – соқпалы жерде өстім”, ”Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма” деп түйіндейді. ” Абай жолы” трагедиясындағы қат – қабат тартыс қуаты роман эпопеяның төрт кітабындада ешбір әлсіремеген. Жалпы “Абай жолының” өзін бейнелеп айтсақ халықтың іргелішіл күштерімен кертартпа ескішіл өкілдерінің арасындағы ұлы драма. Романның кез – келген тарауының табиғатыннан драмаға тән жинақты ширақтық табатынымыз осыдан.


Бақылау сұрақтары:


  1. Эпопеяның өзіндік ерекшелігі.

  2. “Абай жолы ” романындағы негізгі өзекті мәселе.

  3. Эпопеяның қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы.

  4. Эпопеялық деңгейдегі шығармалар.

  5. Романның өзідік ерекшелігі.

2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Талдау жасау



3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Қазақ халқына зор жаңалық әкелген роман.



  1. “Абай жолы эпопеясының “көркемдік ерекшелігі.

  2. “Абай жолындағы” әлеуметтік тартыстар.

  3. Талдау жасау

  4. Сұрақ -жауап

6



Тақырып: “Абай жолы”эпопеясының сюжеттік желісі.

Талдау жасау.

  1. “Абай жолында” көтерілген негізгі мәселелер.

  2. Эпопеяның әлеуметтік , таптық мәселелері.

  3. Абайдың ақындық қалыптасуы.

  4. “Абай жолы” эпопеясындағы жағымсыз кейіпкерлер бейнесі.

  5. “Абай жолы ” романындағы Құнанбай бейнесі.

  6. Абайдың мәдени ізденулері.

  7. “Абай жолы”эпопеясын зерттеген қезеқ ғалымдар.

7

Тақырыбы: „Абай жолы” эпопеясының

идеялық – тақырытық мазмұны.

Жоспары:

  1. Романда көтерілген күрделі проблемалар: жер дауы, жесір

дауы т.б.

  1. Романдағы тартыс мәселесі

  2. Романдағы шығармашылық идеясы

Жазушының „Абай жолы” романында көтерген күоделі проблемаларының бірі – жер дауы. Романдағы барлық оқиға осы проблема маңында өрбіп, топталып, түйінделіп келеді.

Романдағы оқиғалардың байланысы болып есептелінетін Қодар мен Қамқаның өлімі де, қазақ феодалдары Құнанбай мен Бөжейдің, Құнанбай мен Байсалдың, Құнанбай мен Құлыншақтың арасындағы өтіп жататын даулар да жер мен қонысқа байланысты. Құнанбай ірілігін істеп қолайлы қоныспен шұрайлы жерді өз меншігіне алуға тырысса, басқа рулар бауыр басып қалған ата мекенінен айрылғысы келмейді. Романдағы ел мен елді, ру мен руды атыстырып, шабыстырып, мол шығынға ұшыратып, жауластырып жатқан оқиғалардың бәрі дерлік осы жер дауына байланысты туындап отырады.

Қазан төңкерілісіне дейінгі қазақ халқының көп араласқан дауларының бірі – жесір дауы. Бұл да жер дауы сияқты халықтың тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты экономикалық мәні бар даулардың бірі еді. Малы жоқ, байлығы жоқ адамға үйлену, семья құру, бала сүйіп қызық көру, ұрпақ қалдыру деген үлкен проблема болды. Қалың малға беретін малы мен байлығы жоқ адамдардың талайы семьясыз өтті. Біразы бай қолына жалшылыққа кіріп, қалың малға алған қарызын өтеп, ғұмыр бойы бай есігінің алдында тәуіелділікпен күн кешті.

Эпопеяның бірінші бөліміндегі оқиғалардың өзегі етіп жер дауын алған жазушы эпопеяның екінші бөліміндегі оқиғалардың өзегі етіп – жесір дауын алады. Олай дейтін себебіміз эпопеядағы Керімбала мен Оралбай, Базаралы мен Балбала, Абай мен Тоғжан, Абай мен Әйгерім, Абай мен Салтанат, Әмір мен Үмітей, Салиха қыздың дауларының барлығы да эпопеяның осы екінші бөлімінде орналасып, өздерінің көркемдік шешімін табады.

Эпопеядағы ендігі әбігердің бірі болыс сайлауына байланысты туады. Ералының ен жазығы жетпегендей болыс Тәкежанның бұйрығымен жатақтар үйі жығылып, бірі түрме, бірі дәретхана есебінде пайдаланылады.

Бұны естіген Абай баспанасыз, аш – арық,далада қалған жатақтар күйін көріп, қатты қиналады.

Эпопеяның төртінші бөліміндегі оқиға өзегі қараңғы қазақ халқын білімнің биік өріне сүйреген ұлы ақынның оқу – ағарту идеясы. Мұнда Абайдың дінге қарсы күресі мен Абай арман еткен жақсы тілекті жас ұрпақтың өсіп – жетілуі, олардың орыстың оқуы мен өнерін үйреніп іске араласа бастауы халық өмірімен тығыз бірлікте баяндалады. Сол арқылы жазушы Абай арманымен оның әділетті жолының салтанат құру идеясын ұсынады.

Осы идея романның өн бойындағы оқиғалар тұсында бой көрсетіп, өзінің көркемдік шешімін тауып отырады. ХІХ ғасырдың ұл ақыны Абайдың да оның образын жасаушы М. Әуезовтің де бұл проблемаға соқпай кетуі мүмкін емес еді.

Абай қазақ халқының екі бірдей қанаудың қыспағында отырғанын көре білді. Сол кездегі қоғамдық құрылысты сынап, өлеңдер де жазды. Бірақ халықты қанаушылық пен қайыршылықтан құтқарудың жолы күрес екенін білген жоқ, сол себепті қазақ халқын азапты ауыр тұрмыстан құтқарудың бірден бір жолы оқу, ағарту деп ұқты.

Ұлы ақынның өзі меже етіп ұстаған осы идеясы романның өн бойының өзегі болып орналасқан. „Абай жолы” эпопеясының алғашқы беттерін ашқанда – ақ қыс бойы оқып, білім алып аулына қайтып келе жатқан 13 жасар Абайды көреміз. Ақкөңіл, ақылды бала мінезі ендігі жерде ауылдық жерде, ел әжесі Зере мен аяулы анасы Ұлжанның қасында қалыптасады.

Бұдан басқа Абай тәрбиесіне үлкен әсер еткен үш түрлі жағдай бар. Оның бірі – ертеден ел есінде сақталып келе жатқан халықтың бай ауыз әдебиеті, екіншісі сан қырлы, терең сырлы мәні көп ел өмірі, үшіншісі – Абайдың көкірек көзін ашқан орыс оқуы мен оның алдыңғы қатарлы идеяларын қазақ сахарасына достық ниетпен таратушы орыс адамдары. Осы үш бұлақтан нәр алған ұлы ақын эпопеяның төрт кітабының тұтас бойында үнемі биік талаптар тұрғысынан табылып отырады.


Бақылау сұрақтары:

  1. “Абай жолы ”романындағы тартыс мәселесі.

  2. Эпопеядағы кейіпкерлер бейнесі.

  3. Романда көтерілген күрделі тартыстар: жер дауы, жесір дауы.

  4. Романдағы шығармашылық идеясы.

  5. Абайдың ақындық дәрежесіне жетуі.

  6. Романдағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлер тағдыры.


2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Талдау жасау


3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1.Романда көтерілген күрделі проблемалар: жер дауы, жесір

дауы т.б.

2. Романдағы тартыс мәселесі

3. Романдағы шығармашылық идеясы

4. “Абай жолы ”романындағы тартыс мәселесі.



5. Эпопеядағы кейіпкерлер бейнесі.

Екінші аралық бақылау


Р/с
Тақырыптар

Апталар реті

ұпайлар

Бақылау түрі

1

І. Есенберлин тарихтың көмескі тұстарын қайта жаңғыртқан жазушы.

8 апта

5

Коллоквиум тапсырмалары.


2

“Көшпенділер” трилогиясының тарихи мәні

9 апта

5

Ой бөліс (дебат).

3

“Алтын орда” тарихи трилогиясының жанрлық сипаты.

10 апта

4

Талдау жасау.

4


Ә.Әлімжановтың „Махамбеттің жебесі” романындағы өмір шындығы мен көркемдік шындық.

11 апта

4

реферат

5

С.Мұхановтың шығамалары ішінен “Өмір мектебі” трилогиясының алатын орны.

12 апта

4

Талдау жасау.


6

„Өмір мектебі” трилогиясының оқиғалық өзегі.

13 апта

4

Коллоквиум тапсырмалары.

7

“Аңыздың ақыры” Тарихи романы – психологиялық драмаға құрылған шығарма.


14 апта

4

Тест тапсырмалары

8

Ш. Мұртазаның „Қызыл жебе” романы –тарихи революциялық туынды.

15 апта




Талдау жасау

ОБСӨЖ 30 ұпай

8

Тақырып: І. Есенберлин тарихтың көмескі тұстарын қайта

жаңғыртқан жазушы.


Коллоквиум тапсырмалары.

  1. Жазушының шығармашылық жолы.

  2. І. Есенберлиннің қаламынан туған көлемді шығармалары.

  3. І. Есенберлиннің “Алмас қылыш” романының оқиғалық өзегі.

  4. “Қаһар” романының тарихи маңызы.

  5. Жазушыың “Жанталас” романының композициялық сюжеттік бітімі.

  6. “Қаһар” романындағы тарихи кейіпкерлер келбеті.

  7. І.Есенберлиннің шығармаларының негізгі көтерген мәселелері.

9

Тақырып: І.Есенберлин тарихтың көмескі тұстарын қайта

жаңғыртқан жазушы.

Жоспары:

  1. Романның оқиғалық өзегі

2. Қаһар” романының тарихи маңызы

3. Романдағы тарихи кейіпкерлер келбеті

4. Романдағы орталық қаһармандар

5. Романның жанрлық ерекшелігі
Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңінде байқалатын ұнамды үрдістерінің бірі – көне дәуір оқиғалары мен тарихи адамдар өмірінің көркемдік ақиқатын айтуға ұмтылу.

Тарихи тақырыпты жан – жақты меңгеруге реализм әдісі кең мүмкіншілік береді. Озақ дүниетаныммен қаруланған қаламгерлер өткендігінің қандай шытырман құбылыстарына да дұрыс талдау жсай алады, бүгінгі қауымның рухани қажетіне сәйкес идеяларды екшейді.

Соңғы кезде әдеби, оқырман жұртшылықтың назарын аударған шығарманың бірі – жазушы Ілияс Есенберлиннің „Алмас қылыш” (1971) романы. Ілияс Есенберлиннің „Алмас қылыш” романы көне тарихтың көмескі тұстарын қайта жаңғырта көрсетуге арналған. Романның оқиғалық негізіне сонау ХҮ ғасырдағы біртұтас қазақ хандығын құру жолындағы әрекет күрестер, кейіпкерлер ретінде аты тарихқа белгілі хандар, ақын, жыраулар, қарапайым халық өкілдері алынуы бұл шығармаға деген заңды қызығу тудырады.

„Алмас қылыш” романы - тарихтың аса қызық та ғибратты бір дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын кітап.

Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңінде байқалатын ұнамды үрдістерінің бірі – көне дәуір оқиғалары мен тарихи адамдар өмірінің көркемдік ақиқатын айтуға ұмтылу.

Тарихи тақырыпты жан – жақты меңгеруге реализм әдісі кең мүмкіншілік береді. Озақ дүниетаныммен қаруланған қаламгерлер өткендігінің қандай шытырман құбылыстарына да дұрыс талдау жсай алады, бүгінгі қауымның рухани қажетіне сәйкес идеяларды екшейді.

Соңғы кезде әдеби, оқырман жұртшылықтың назарын аударған шығарманың бірі – жазушы Ілияс Есенберлиннің „Алмас қылыш” (1971) романы.

Ілияс Есенберлиннің „Алмас қылыш” романы көне тарихтың көмескі тұстарын қайта жаңғырта көрсетуге арналған. Романның оқиғалық негізіне сонау ХҮ ғасырдағы біртұтас қазақ хандығын құру жолындағы әрекет күрестер, кейіпкерлер ретінде аты тарихқа белгілі хандар, ақын, жыраулар, қарапайым халық өкілдері алынуы бұл шығармаға деген заңды қызығу тудырады.

„Алмас қылыш” романы - тарихтың аса қызық та ғибратты бір дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын кітап.

Шығарманың жанр ерекшелігін материалдың сипаты, авторлық аңсар, эстетикалық мұрат секілді шарттар белгілейтіні аян. Сол үшін қандай да болсын көркем туындыны сөз еткенде оның өзінен бұрынғы шығармаларға ұқсастығын емес, қайталанбас ерекшелігін алдымен іздеген абзал. Осындай шығармалар тобына жазушы Ілияс Есенберлиннің „Жанталас” романын қосуға болады.

Құрылыстық, оқиғалық кезегі жағынан алғанда роман „Алмас қылыш ” пен „Қаһардың” аралығынан орын алады. Кейбір қаһармандары да алғашқы романмен жалғастық байқатады. Сюжеттік, композициялық бітіміне қарағанда „Жанталас”, „Қаһардан” гөрі „Алмас қылышқа” жақын. Мұнда да аңыз, шежіре, жазба тарих әңгімесі әлеуметтік, психологиялық талдаумен ұштасып жатады. Аталған екі кітапта да ауыз әдебиетінің, эпостың бейнелеу тәсілдері күрделі орын йелейді, айтушының, баяндаушының қызметі ерекше күшті.

Романның бірінші бөлімінде Жоңғар елінің жаулаушылық тарихынан, қазақ жеріне шабуылды қалай әзірлегенінен, ұрымтал тұсты пайдаланып, жойқын соғыс бастағандығынан шежіре шертіліп, қазақ халқының ауыр қасіретке душар болғаны, содан кейін бірте – бірте ес жиып, күш қосып , Бұланты өзені мен Алакөл бойында алғашқы екі жеңіске жеткені айтылады. Сонымен қатар Бұхар жыраудың әңгімесі арқылы өткен тарихтың – Хақназар хан тұсындағы ахуал мен қазақ жұртының Бұхар ханы абдолла әскерінен сауран қаласын қалай сақтап қалған хикаясы қозғалады.

Ал шығарманың екінші бөлімі әбілхайыр, Бөгенбай бастаған қазақ қолының Ордабасы деген жерде жоңғарларға күйрете соққы бергеніне, Бұхардың Тәуекел хан заманынан айтқан әңгімесіне, Әбілхайырдың орыс патшалығының қол астына кіріп, әрі елдің тыныштығын сақтау, әрі өзі бүкіл қазаққа хан болмақ әрекектіне, ақырында ол арманына толық жете алмай, патша әкімдерінің ойыншығына айналғанына, саяси аренаға оның ұлы Нұралының шыққанына, Барақ сынды бақталас сұлтанның Әбілхайырды өлтіргеніне, қысқасы, жоңғар шабуылының салдары қазақ қауымын қандай тың бетбұрысқа итермелегенін көрсетуге арналған. Романның соңғы, үшінші бөлегінде Абылайдың және оның батырларының жоңғар мен Қоқан билеушілерінен қазақ жерін азат ету жолындағы ауыр, даңқты күрестер, Абылайдың дербес қазақ хандығын бүтін, тәуелсіз етіп ұстап тұруға бағытталған істері тізілген. Шығарма ақыры Абылайдың дүниеден қайтар алдындағы Бұхар жыраумен диалогы берілуімен бітеді.

Сонымен „Жанталас” романында қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ХҮІІІ ғасырдағы азаттық күресінің шешуші кезеңдері, сол күрестің негізгі күштері, қазақ елінің саяси - әлеуметтік ахуалы, ішкі қайшылықтар, сыртқы жаулар, әсіресе қытай богдыхандарының жыртқыштық, арандатушылық саясаты, ар, намыс, өмір үшін кескілескен ұрыстарда қазақ халқының өз тәуелсіздігін қорғауға қажыр, қайрат таба білгендігі, осы оқиғалар тұсында қол бастайтын қаһармандар өсіп, жетіліп шыққандығ туралы көп мағлұмат келтірілген.

„Жанталас” романында көп кейіпкерлердің аты аталады. Солардың негізгі сюжеттік желі үстінде көрінетіні санаулы ғана.

Бұхар жырау аузымен айтылған әңгімелерде ғана Хақназар, Тәуекел , есім хандар тарихы біршама толық көрінеді. Ал өзге қаһармандардан молырақ, нақтырақ көрінетіндері жоңғардың алғашқы соққысынан Түркістанды қорғауды басқарған Елшібек, жаудың арам ойын іске асыртпау үшін өз басын қауіп – қатерге байлап, асқан ерлік көрсеткен қыз Гауһар, белгілі баһадүрлер: Қияқ, Бөгенбай, Баян, хан, сұлтандар: Әбілхайыр, Абылай, Барақ, т.б. Бұл тұлғалардың іс - әрекеті, мінез – құлқы кейде автор, кейде жырау атынан айтылып, едәуір қомақты болып көрінеді.

Романда неғұрлым айқын, толық көрінген тұлғаның бірі – Абылай. Жазушы оның мінез қырларын аша алатын ұрымтал мезеттерді, байланыстарды талғап ала білген. Біз Абылайды алғаш рет өзінің шын аты мен тегін жасырып, Төле бидің түйесін бағып жүрген кезінде көреміз. Оның өзін ажалдан сақтап, Хиуадан алып шыққан адамы – Ораз құлды „сырымды жария еттің” деп өлтіріп жібергені мінезінің аса қатал қырына қанықтырады. Бұған кейін Абылайдың ақылы мен алғырлғын сипатайтын бірталай асу, тосулардың куәсі боламыз.

Жазушы Абылай бейнесін тарихи шындыққа орайлас жасауға ыждағат, ілтипатын төккені байқалады. Қаһарманның портреті де тұжырымды: „Абылай қазір қырықтан жаңа асып бара жатыр. Ол сұңғақ бойлы, ат жақты, қарасұр, түсі суық адам. Үлкен ойлы көздері кісіге қарағанда өңменнен өткендей ызғарлы” („Жанталас” 214- бет).



Бақылау сұрақтары:

  1. Жазушының шығармашылық жолы.

  2. І. Есенберлиннің қаламынан туған көлемді шығармалары.

  3. І. Есенберлиннің “Алмас қылыш” романының оқиғалық желісі.

  4. “Қаһар романының” тарихи маңызы.

  5. Жазушының “Жанталас” романының копозициялық сюжеттік бітімі.

  6. “Қаһар” романындағы тарихи кейіпкерлер келбеті.

  7. І. Есенберлин шығармаларының негізгі көтерген мәселелері.


2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Сұрақ - жауап



3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Романның оқиғалық өзегі

2. Қаһар” романының тарихи маңызы

3. Романдағы тарихи кейіпкерлер келбеті

4. Романдағы орталық қаһармандар

5. Романның жанрлық ерекшелігі


10.

Тақырып: “Алтын орда ” тарихи трилогиясының жанрлық сипаты.

Талдау жасау.

  1. Трилогия 13-14-15 ғасырларды шежірелеп берген туынды.

  2. Романдағы тарихи аңыз қаһармандарының портреті.

  3. “Алтын орданың” жанрлық ерекшелігі.

  4. “Алтын орда”трилогиясының саяси әлеуметтік сипаты.

  5. Трилогияда негізгі қатысатын кейіпкерлер.

  6. “Алтын орда ” трилогиясындағы хандар бейнесі.

  7. І. Есенберлиннің “Алтын орда” трилогиясының жазылу тарихы.

11

Тақырыбы: Ә. Әлімжановтың „Махамбеттің жебесі” романындағы өмір

шындығы мен көркемдік шындық.

Жоспары:

  1. Романның өмір танытқыштық және тәрбиелік мәні

  2. Махамбеттің жебесі” романындағы өмір шыныдығы мен көркемдік шындық

Шығармалары республика көлеміне ғана емес, шетелдерге де кеңінен таныс қазақ жазушыларының бірі - Әнуар Әлімжанов. Оның туындылары Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына және Халықаралық Джавахарлар Неру атындағы сыйлыққа ие болды, жазушының кітаптарына түрлі тілде жылы лебіз, биік баға беріліп келеді.

Ә. Әлімжанов – шығармаларында бүгінгі тақырып пен тарихи тақырыпты қатар қамтып, іштей ұштастырған жазушы. Бұл оның шығармашылық келбетін айқындайтын аса қызғылықты сипаттардың бірі.

Жазушының шығармашылық тәжірибесінде тарихи тақырыптың үлесі күрделі орынға ие. Реализм тәсілі қаламгер атаулыға өз икеміне, аңғарына қарай түрлі мәнерде жазуына мүмкіндік беретіндігінің мысалын Ә.Әлімжанов шығармашылығы да сипаттай түседі. Оның тарихи тақырыпта алғашқы үлкен туындысы – „Махамбеттің жебесі” романы республикалық , одақтық әлемдік әдеби сында ұнамды бағаланғаны белгілі. Бұл күнде аталған роман шетелдердің бірталай тіліне аударылып басылған. Романның танытқыш және тәрбиелік мәні күштілігін әдеби жұртшылық таныды деп айта аламыз. Біздіңше, „Махамбеттің жебесі” Ә.Әлімжанов қаламына тән бірнеше ерекшелікті айқын аңғартатын секілді.

Ең алдымен бұл шығарма автордың публицист жазушы екендігін көрсетеді. Ойын кернеген идеяларды төтелей өз сөзімен немесе кейіпкер лебізімен айтып тастағыштық, суреттеуден гөрі ақылмен сендіру жағына баса көңіл бөлушілік, тенденциялылық, насихатшылдық, пікір таласына да әзірлік - мұның бәрі публицистикалық әдебиетке хас белгілер болатын. Осы қасиетті біз „Махамбеттің жебесінен” кең көлемде және жүйелі кездестіреміз.

Ә. Әлімжанов романының қаһармандары өз бағытын айқын білетін, аңсары, үміті, келбеті, сөз саптауы, мінезі түрлі – түрлі жандар. Мәселен, күрескер ақын Махамбет, көтеріліс көсемі Исатай, күйші Құрманғазы, ақын Шернияз, қарт жауынгер Алдияр, Хиуа ханы Аллақұл, ауған қызы Нұрбала, Махамбеттің жан жодасы Жантас, Жәңгір хан билерінің бірі – Шомбала т.б. бір – біріне ұқсамайтын дара тұлғалы жандар.

Адам мінезі мен әрекетіне сай мысалды романнан көп кездестіреміз. Шығармадағы түрлі көркем кестелер, сәтті табылған бояулар үндестігі Ә. Әлімжановтың публицистік қарымына, оңтайына бағындырылған. Суретшілік пен публицистіктің арақатынасы, келісімі бірін – бірі толықтырып отыруы – „Махамбеттің жебесі” романының айрықша сипатын құрайды.

Өткен ғасырда қазақ жерін дүбірлеткен үлкен қозғалыстардың бірі – Исатай, Махамбет бастаған елдің азаттық үшін күресін, бұл оқиғаға қатысты белгілі адамдардың іс - әрекетін тарихқа, мінезге сәйкес етіп аша білуі романның жетістігі деп білеміз. Атап көрсетерлік бір мәселе – жазушы сол қозғалысқа себеп болған жағдайларды кең қамтуға, заман шындығын мол қарпуға талаптанған. Махамбетің, оның жауынгер серіктері Жантастың, Балабектің хиуа шаһарында болу кезеңін көрсету де шығарма идеясына қажет қызмет етеді.

Романның ұтымды тұстарының бірі – еңбекші қауымды ханға қарсы күреске әкелген әлеуметтік түрткілерді, терең ағыстарды жеткілікті жүйелеп айтатындығы.

„Махамбетің жебесі” романында өмір шындығы мен көркемдік шындықтың қатынасы, үйлесімі қаншалық деген мәселеге де тоқталу лазым. Қандай да болсын өмір шындығы қаз – қалпында көркем әдебиетке түспейтіні ежелден мәлім. Өмір материалы жазушының дарын ерекшелігіне, алға қойған нақтылы мақсатына, уақыт талабына, жанр заңдарына орай едәуір „сүргіге” түседі. Кейде шығармашылық қиялмен (вымысел) жасалған көркемдік шындық анық өмірде болғанды өткірлей, аша түседі. Сондықтан да өмір шындығы мен көркемдеу, қиялдаудың диалектикалық байланысы шығарма тағдырында күрделі болып табылады.

Ә.Әлімжанов романы дәл осы мәселе төңірегінде пікір айтуға мол материал бере алады.

Романда Махамбеттің Хиуада, Петербургта болуы, күйші Құрманғазы мен ақын Шернияздың азаттық көтерілісіне қатысуы кең көрсетіледі. Мұнда жағдай мен мінез, адамдар арасындағы ықыластар, байланыстар сыры егжей – тегжейлі талданбайды, оның есесіне адам мінездерінің жеке қырлары әсіреленіп, барлық шырқау деңгейіне дейін көтеріледі.

Сонымен, Ә. Әлімжанов романында тарихи фактілер мен көркемдік қиялдау көп ретте бірлестікке келген. Күрескер ақын Махамбеттің өмірде атқармаған істерінің өзі анық болуға тиісті нәрседей қабылданады. Шығарманың негізгі көркемдік, стильдык бағыты қаһармандар бойындағы белгілі бір қасиеттерді биіктетіп, көркейтіп көрсететін романтикалық дәстүрге саяды.

„Махамбеттің жебесі” романында қызғылықты жайдың бірі – шығарма кестесіне ауыз әдебиетіне тән материалдың үйлесе кірігіп отыруы. Ауызша айтылып таралған, бірақ мезгілі онша дәл бола бермейтін аңыздарды пайдалану қазақ әдебиетінде бұрыннан бар дәстүр. Сөз болып отырған романда да осы үрдіс дамытыла түскен.

Романның кей жерлерінде патша офицерлерінің күнделік немесе рапорт, мәлімдемелерінен үзінділер келтірілген. Шығарманың өн бойында оқиға өріліміне, кейіпкерлер көңіл күйіне орай Махамбет өлеңдері берілген. Бұл және басқа белгілер Ә.Әлімжанов романын бұрыннан қалыптасқан белгілі бір қағида ізімен ғана бағалауға болмайтынын, шығарманың төл ерекшеліктерін есепке ала отырып қана пікір айту қажеттігін көрсетеді.

Қазақ прозасында өзіндік соқпақ салған жазушының бірі - Ә.әлімжанов. Оның өмір материалын көркемдеу принциптері басқа ешкімге ұқсамайтын, талдауды, зерттеуді керек ететін күрделі әлем.


Бақылау сұрақтары:


  1. „Махамбеттің жебесі” романындағы өмір шындығы мен көркемдік шындықтың ара қатынасы.

  2. Романның өмір танытқыштық және тәрбиелік мәні.

  3. Романның ұтымды тұстары.

  4. “Махамбеттің жебесі” романындағы өмір шындығы.

  5. Ә.Әлімжанов романының негізгі қаһармандары.


2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Сұрақ - жауап


3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Романның өмір танытқыштық және тәрбиелік мәні

2. „Махамбеттің жебесі” романындағы өмір шыныдығы мен көркемдік

шындық


3. Ә.Әлімжанов романының негізгі қаһармандары.

4. Талдау жасау


12.

Тақырып: С.Мұқановтың шығамалары ішінен “Өмір мектебі”

трилогиясының алатын орны.

Талдау жасау.

  1. “Өмір мектебі ”- тарихи ғұмырнамалық шығарма.

  2. Шығармада еңбек, өнер адамдарының суреттелуі.

  3. Трилогияның соңғы үшінші кітабының сюжеттік желісі, композициялық құрылысы.

  4. Шығармада көрнекті қайраткерлер бейнесінің суреттелуі.

  5. “Өмір мектебіне ” тән ерекшелік.

  6. С. Мұхановтың “Өмір мектебі” трилогиясының жазылу тарихы.

  7. Ақын шығармаларының ішінен “Өмір мектебі” трилогиясының алатын орны.

13

Тақырыбы: С. Мұқановтың „Өмір мектебі” трилогиясының оқиғалық өзегі.

Жоспары:

1. „Өмір мектебі” – тарихи – ғұмырнамалық шығарма

  1. Шығармада еңбек, өнер адамдарының суреттелуі

С. Мұқанов шығармалары ішінен „Өмір мектебі” трилогиясының алатын орны үлкен. „Өмір мектебі” халқымызға қалаулы, бірегей туындылардың бірі. Мұның даңқа ие боуы кездейсоқ емес. Әдебиетіміздің әрбір бұрылыс, өсу кезеңдерінде күрделі, кесек шығармалар берген суреткердің кемел ұсталығы мен парасаты „Өмір мектебінен” айрықша көрінеді.

„Өмір мектебінің ” үш кітабында үстіміздегі ғасырдың алғашқы ширегіндегі өзгерістер, жаңарулар сыры мен шыны жан- жақты әңгімеленеді. Автор балалық шағынан отызыншы жылдарға дейінгі Қазақстан өмірінің аса маңызды ағыстарын шежіреге түсіреді. Оқиғаны кең қамтуы, дәуірдің түрлі тартыстарын, мұраттарын ашуы, сан түрлі адамдар мінезін көрсетуі, халықтың салт – сана, әдет- ғұрып, психикалық өзгешеліктерін білгірлікпен бейнеленуі, реалистік қуаты мен әсері жағынан шығарма әдебиетіміздің озық туындылары қатарына қосылады.

Шығарманың өн бойынан көзге түсетін тамаша қасиеттердің бірі – автордың халықтық тұрғысынан анықтығы һәм беріктігі. Жазушы өмір шытырманының, түрлі байланыстарының ішінен қашан да ең көрнекті түйінді мәселені екшеп, іріктеп ала біледі. Оның әңгімелерінің бәрі дерлік өмірден өшпес сабақ алған күрескердің лебізі болып естіледі. Ол ескі ауылдағы әлеуметтік қайшылықты табиғи тамаша елестетеді. Сырт қарағанда бір рудың – Сыйбанның адамдары болып есептелетін ондаған кейіпкерлердің іс - әрекеті нысанасы басқа – басқа екенін нанымды ашады.

„Өмір мектебінен” көптеген қызғылықты, ғибратты адам мінездерін көреміз. Жазушы өзі көрген, араласқан, таныған адамдарының бәрін емес, елеулі ерекшелігі бар дегендерін ғана талаған. Ал сол адамдар оқырманға „таныс бейтаныстай” әсер қалдырады. Жазушының жақын ағасы, ауылдың беделді адамдарның бірі Нұртазадан бастап, бір – біріне мінезі, ісі ұқсамайтын небір тұлғаларды кезіктіреміз.

Айналасындағыларға қайрымды, ешкімге залал ойламайтын, намысты, парасатты кісі саятшы Ораздың жомарт адамгершілігіне, табиғаттай таза мінезіне кімдер таң қалмас?

Романның әрбір тарауында өмір қырлары, тың мінездер ұшырайды. Жас өмірдің қызығын көре алмай, зорлықшылар құрбандығы болған Ұмсын сұлудың қасіретінен де көптеген ақиқат елес береді. Жалпы бұл шығармада теңсіздік зардабын шеккен әйел тұлғалары еоеулі орын алған.

Өзі ештеңе оқып та, біліп те жарытпаған дүмше молда Хабиболла Ғазизулиннің шәкірттерге шектен тыс қаталдығы қатты мысқылданған. Ауылда алғаш тігіншілкпен айналысқан зерек Шәйін, орыс арасына барып, бірсыпыра өзгеріске түсіп қайтқан Ыбыш, палуан қанапия, жылқының етін күпті болғанша жейтін қомағай Бекен, өтірікті судай сапыратын Қорабай, әнші Ғабдол, шоқынған Бопан, қалтасынан тиын шығармайтын сараң Боржабай, өмірден оқыған, құйма құлақ шежіре қарт Жабай, күйші Мұқаметқали, атбегі, құсбегі Балтабай, кедейден шыққан өжет белсенді Қыстаубайдың Жақыбы сияқты ондаған мінез тізіліп өтеді.

С. Мұқанов еңбек, өнер адамдарын ерекше сүйіспеншілікпен суреттейді. Айдалада, алай – түлей ақ боранның, бет қарыған аяздың өтінде байдың жылқысын шашау шығармай бағатын Мақан тұлғасын алайық. Жылқы бағу кәсібі, жылқышының ерлікпен барабар, қайсар істері үлкен поэзияға бөленіп суреттелген.

„Суықта өсіп, еті үйреніп кеткендіктен бе немесе жылқының еті мен сорпасы шынымен қуатты ма, Мақан қандай суық болса да, қалың кимейді ”.

Арқада ән салтанатын құрған атақты ақын, композитор Ақан серіге арналған тарау да өзгеше тартымды, мәнді. Автор Ақан жайына тереңдеп тоқтаулы міндет етіп қоймай, жол- жөнекей естіген әңгімелерімен, Ақанды көрген бір мезетін суреттеумен ғана шектелген. Сонда да болса Ақан өмірінің ең ұрымтал өзегі, басынан түскен қасірет соққылары дәл көрсетілген.

Сондай – ақ атақты Балуан Шолақты таныстыратын беттерді де оқырман қызығып оқиды. С. Мұқанов бұлардан басқа да бірнеше әнші сен күйшіні әңгімелейді.

„Өмір мектебінің” алғашқы екі кітабында көбірек көрінген кейіпкердің бірі ақын Баймағамбет Ізтөлин, жазушы Баймағамбеттің ақындық, азаматтық келбетін, бостандық жолындағы күресін баяндаған.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ақын шығармаларының ішінен “Өмір мектебі”трилогиясының алатын орны.

  2. “Өмір мектебі ” трилогиясында көзге түсетін тамаша қасиет.

  3. Романның әр тарауында өмір қырлары, тың мінездер ұшырауы.

  4. С. Мұқанов шығармада еңбек, өнер адамдарын ерекше сүйіспеншілікпен суреттеуі.

  5. Жазушы Баймағамбеттің ақындық, азаматтық келбетін, бостандық жолындағы күресін баяндауы.

  6. Трилогияда ел өмірінің бұрын қаламға ілінбеген қырларын суреттеуі.

  7. Шығарманың бірінші кітабында жазушы туған жері Жаманшұбардың табиғат көріністерін бейнелеуі.


2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Сұрақ – жауап


3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. „Өмір мектебі” – тарихи – ғұмырнамалық шығарма

2. Шығармада еңбек, өнер адамдарының суреттелуі

3. С. Мұқанов шығармада еңбек, өнер адамдарын ерекше сүйіспеншілікпен

суреттеуі.

4. Жазушы Баймағамбеттің ақындық, азаматтық келбетін, бостандық

жолындағы күресін баяндауы.

5.Трилогияда ел өмірінің бұрын қаламға ілінбеген қырларын суреттеуі.


14. Тақырып: “Аңыздың ақыры” Тарихи романы – психологиялық

драмаға құрылған шығарма.

Коллоквиум тапсырмалары.

  1. Ә. Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” тарихи романының жазылу тарихы.

  2. Шығаманың идеясымен автордың көздеген мұраты.

  3. Романдағы кейіпкерлердің көңіл күйін суреттеу шеберлігі.

  4. Шығарманың тілі, жанры.

  5. “Аңыздың ақыры” романының негізгі тақырыбы.

  6. Ә. Кекілбаев романында адам мінезіне талдау жасау.

  7. “Аңыздың ақыры” романындағы Алмас ханның тұлғасы.

15

Тақырыбы: Ш. Мұртазаның „Қызыл жебе” романы –тарихи

революциялық туынды.

Жоспары:

  1. Романның тарихи – революциялық шығарма екендігі

  2. Қызыл жебе” романының тарихи маңызы

Ел үшін еңбек еткен, бүкіл саналы өмірін халықтың азаттығы жолына жұмсаған күрескерлер туралы туындылар қатары көбейіп келеді. Бұлай болуы табиғи. Өйткені ондай ерлердің үлгісі тек шежіреден ғана орын алып қоймайтын, ізі суымаған, мәні кемімеген, күнделікті ісімізде ғибрат аларлық жанды өнеге.

Орта Азия мен Қазақстан халықтары арасынан жарқ етіп шыққан, әлімізде кеңестік құрылысты қалыптастыру үшін өмірін сарп еткен көрнекті қайраткерлердің бірі – Тұрар Рысқұлов. Оның ұмытылмас елеулі қызметі соңғы он шақты жылда өзінің әділ бағасын ала бастады, жұртшылық қазақтың ардагер азаматының еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды. Тұрар Рысқұлов революция заманы биікке көтерген нағыз халықтық тұлға екенін дәлелдейтін деректер жарық көріп келеді. Бұл шығарма қазақ әдебиетіне қандай сонылық әкелді, романның өміртанытқыштық және тәрбиелік мәні қандай деген төңіректе пікір айтуымыз қажет.

Қазақ кеңес әдебиетінде тарихи – революциялық тақырып бойынша күрделі шығармалар көп. Бұл ретте алғашқы үлгісі С.Сейфулинның „Тар жол, тайғақ кешуі” болып саналатын бірталай туындыларды атай аламыз. Солардың таңдауларына ортақ сипат - әлеуметтік істерді алғы кезекке шғару, жеке бастың аңсарын үлкен қоғамдық істермен табиғи бірлестікте беру игі дәстүр болып қалыптасқан. „Қызыл жебе” романы осы дәстүрді жалғап, дамытқан қызғылықты шығарма.

Ең негізгі жетістік деп біз жазушының объективтік өмір шындығын адамдардың мінез даралығымен сәйкес көрсете білу шеберлігінің артуын айтар едік. Соның нәтижесінде „Қызыл жебе” революциялық дәуірдің ең өзекті мәселесі- әлеуметтік теңсіздіктің түп тамырларын ашарлық, сол кезде жасаған адамдардың іс - әрекетін, аңсарын, үмітін елестетерлік туынды болп шыққан. Бірінші кітапта Тұрар Рысқұлов негізгі қаһарман сипатында көрінбесе де, оның мінезін, дүниетанымын белгілеген сан алуан оқиғалар, болашақ күрескердің жастай алған өмір сабақтары кең әңгімеленген. Оның есесіне, өте күрделі бейне – Рысқұлдың тұлғасы жан – жақты сипатталған. Біздің ойымызша, бұл тұлға тек авордың ғана емес, қазіргі әдебиетіміздің де елеулі көркемдік жетістігі.

„Қызыл жебенің” оқиғалық „сүйегі” де күрделі. Мұнда осы ғасырдың бас кезінде Дауылбай сынды жергілікті әкімдердің озбырлығына төзе бергісі келмей, сонау Түлкібастан, Ақсу – Жабағылы жерінен Жетісуға, оның ішінде Талғар маңына көшіп келген аз үйлі кедей ауыл Сәлік – Шілмембет – Шымырдың, сол ауылдың бас көтерер батыры Рысқұлдың тағдыры айтылады.

Қазақ қоғамының рулық қарым - қатынастарымен перделенген „бүтіндігі” дәл осындай тұстарда өзінің қатал шындығын бүкпесіз байқататын. Кедей ауылдың пысық жігіті жуан рулардың бай, болыс, билерінің атарман – шабарманы болып қана күн көретін. Дәл осындай типтік жағдай „Қызыл жебе” романының оқиғалық – тартысытық негізін құрайды. Жер ауып келген аз ауылдың адамы Рысқұл жаңа қонысқа келісімен Саймасай болыстың жұмсауымен өзі қаламаған ұрлық – қарлық істерге араласады. Рысқұл Саймасайдан бойын қанша аулаққа салғысы келсе де, кедейлік, мұқтаждық аяғын жаздырмайды, қайта айналып, амалсыздан болыстың тұзағына түсе береді. Міне, осындай оқиғаның бірі – Рысқұлдың Саймасай болыстың жұмсауымен Тұқымбай байдың елден асқан жүйрік аты – Қызыл жебені ұрлауы болады. Мұндай әйгілі атты ұолау - орасан үлкен тартыс тудырарлық әрекет. Қызыл жебенің дауынан қтылу үшін, Саймасай опасыздық жасап, жаламен Рысқұлды түрмеге қаматады, ауылдастарын азапқа салдырады. Ішінде кегі мен намысы шемен боп қатқан Рысқұл түрмеден қашып шығып, Албаннан жас тоқал алып келе жтқан Саймасайды алып өлтіреді. Мұның аяғы Сәлік – Шілмембет ауылының адам айтқысыз қорлыққа, Рысқұлдың жалғыз ұлы Тұрардың өлім қаупіне ұшырауына ұласады. Ақырында, Рысқұл өз аяғымен барып, түрмеге қайта жатады, тергеліп он жылға каторгаға кесіледі.

Осы оқиғалық желі түрмеде жатқан Рысқұлдың бірде кең пейілді орыс адамы, Бронниковке, енді бірде баласы Тұрарға айтқан әңгімесі тәрізденіп берілген.

Шығармадан ескі өмірдің шындығын, түрлі адамдар бейнесін табамыз. Бір жағында өжет ет, бүкіл өмірін қуғын, азапта өткізген Рысқұл, оның баласы Тұрар, Сәлік – Шілмембет ауылының ақсақалдары Ақат, Рысқұлдың түрмеде жолықтырған орыс досы Бронников, қиын шақта жәрдемін аямаған Қара Ивандар тобы көрініс берсе, екінші шоғырда түлкібастық болыс Дауылбай, Талғардың болысы Саймасай, оның жауыз шабарманы Таубай, түрме бастығы Приходько, бай Тұқымбай тәрізділер бар. „Қызыл жебе” тарихи – революциялық эпосты байытатын туындының бірі.

Шерхан Мұртазаев замандастар өмірінен көптеген қызғылықты шығарма жазып, әдебиеттің ең өзекті міндеттерін белсенді атқарысып келе жатқан ізденгіш қаламгердің бірі. Оның бұл саладағы жемісі елеулі. „Қызыл жебе” суреткердің идеялық – көркемдік тәжірибесінің жаңа белесі болып табылады.


1. Бақылау сұрақтары:

  1. Романның тарихи революциялық шығарма екендігі.

  2. “Қызыл жебе” романының тарихи маңызы.

  3. “Қызыл жебе ”романының негізгі өзегі.

  4. “Қызыл жебе” романының негізгі тақырыбы.

  5. “Қызыл жебе” тарихи революциялық туынды.

  6. “Қызыл жебе” романыныңоқиғалық негізі.


2. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Конспект

2. Хронологиялық кесте

3. Сұрақ - жауап


3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Романның тарихи – революциялық шығарма екендігі

2. „Қызыл жебе” романының тарихи маңызы

3. “Қызыл жебе” романының тарихи маңызы.

4. “Қызыл жебе ”романының негізгі өзегі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет