Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 7.3 Mb.
бет30/37
Дата03.04.2016
өлшемі7.3 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
: repository -> repository2014
repository2014 -> Сақ Қайрат Өмірбайұлы
repository2014 -> Мірдің ОҒындай публицист алғашқы нөмірінен бастап соңғы санына шейін
repository2014 -> Н. У. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы
repository2014 -> Мырзантай жақып баспасөз тарихын зерттеудiң Ғылыми-методологиялық негiздерi
repository2014 -> «ҚАзақ» газетіндегі қОҒамдық Әлеуметтік кейбір мәселелер «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?
repository2014 -> Бас редактор Қаржаубаев Е.Қ
repository2014 -> Н. О. Байғабылов Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері
repository2014 -> Қазақ тіліндегі қос қызметті тұлғалардың тілдік табиғаты

А.Б.Бейсенбай,


ф.ғ.к., доцент

Қазақстан, Астана
Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеуші адамды сипаттайтын критерийлердің бірі ретінде танылады. Зерттеушілер сөзімен айтқанда, метафора әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі индивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға, сөз суретшісіне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар.

Қазіргі кезде ғылыми парадигманың ауысуына байланысты, яғни өзінің дүниетанымы мен санасы бар адам орталығындағы тілдің “жансыз” жүйесіне қарсы тұрған, метафораға деген көзқарас қауырт өзгеріп, қызығушылық арта түсті.

Ғалымдардың пайымдауынша, ойлау қабілетінің арқасында метафораларды күннен күнге жандандырады. Егер метафораны мағына ойыны ретінде қарастырсақ, ол (метафора) белгілі бір мағынаның көмегімен оған арналмаған басқа мағынаны жеткізеді. Бұл айтылған қасиет метафораның бір құбылыс арқылы басқа мағына білдіруі – адамның ассоциативті ойлауына негізделеді.

Сөз жасауда, сөздік қорды байытуда мағына өзгерушілігі жетекші орын алады. Жаңа мағына жасау тілдегі бар материалдардың негізінде болса да, екінші жағынан, сол жаңа мағынаны көрсету мұқтаждығы сол сөздің мағынасының дамуына, сол сөзден жаңа сөз жасауға себепкер болады.

Сөздің мағынасының өзгеруіне әсіресе ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарынан өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мүмкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде қолданылып келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға сондай әсер етуі ықтимал [1, 27].

Метафора адамның терең ойлауының ерекшеліктеріне қатысты туындайды. Егер ойды басқалай, әдейі өзгертіп айтса, онда метафора қажет болғандықтан емес, онсыз болмайтындықтан пайда болады, ол адамның ойлау қабілеті мен тіліне тән деп айтуға болады. Ал ақындар “қажеттілікті ізгілікке” айналдыра отырып, өз шығармашылығында қолданып пайда табады [2, 175].

Метафора (гр. metaphora – ауысу) – сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңдылығы жатыр.

Сөзге метафоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жамайтын сөз біткеннің бәрі емес, тілдегі заттар мен құбылыстардың атын, іс-әрекетін, сапа мен белгілерін білдіретін сөздер. Бұлар сөзге нақтылы мағына қосып, семантикалық аясын үнемі кеңейтумен болады. Сөзге қосылған үстеме (туынды) мағына заттың, құбылыстың бойында бар сан алуан ерекше белгілердің негізінде ауыстырып қолдану арқылы жасалады. Сондықтан бір сөзден тараған қосымша мағыналар бір сөз табына да, кейде әр сөз табына да қатысты болып келеді.

Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлінеді:

а) тілдік (сөздік) метафора;

ә) поэтикалық (сөйлеу кезінде туындайтын контекстік) метафора [1, 88].

Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафораны жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп де атайды. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздер ұқсату заңына сүйеніп, шыққан.

Дәстүрлі метафоралардың мағынасы халықтың таным-түсінігі, ой-өрісі, тіршілігі мен тұрмысына байланысты. Олар – мағынасы көпшілікке түсінікті, жиі қолданысқа түсетін бейнелі метафоралар. Дәстүрлі метафораның авторы жоқ. Олар – мақал-мәтелдер тәрізді халық қазынасы. Дәстүрлі метафоралар сөз айшығы ретінде тілде тұрақты қолданылады. Бірте-бірте дәстүрлі метафоралардың бейнелілік қасиеті солғындап, күңгірттенеді. Дәстүрлі метафоралар поэтикалық метафоралар тәрізді, негізінен, көркем әдебиетте қолданылады.

Тілдік метафоралар – туынды сөздерде метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нәтижесінде жаңа лексемалардың пайда болуы. Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді. Аталым жасаудағы метафораның басқа поэтикалық, яғни көркемдік, бейнелілік метафорадан негізгі ерекшелігі де осында. Күрделі атауларда метафораның жұмсалуы, сөз мағыналарының ауысуы немесе келтірінді мағынада қолданылуы түрлі ауыс мағынаның көзі, өзегі болып табылады. Күрделі атаулардағы метафораның басты ерекшелігі – мағынаның екі жақты болуында.

Поэтикалық метафора – саналы түрде белгілі мақсат үшін көркемдік құрал ретінде көркем әдебиет пен көсемсөз стилінде қолданылады. Ал тілдік метафора – тілдің табиғатына тән, лингвистиканың түрлі салаларымен – лексикология, семасиология, аталым теориясы т.б. тәрізді түрлерімен қатынасы барлығын ескере отырып, кешенді мәселелердің байланыстыра қарастырылуы бүгінгі лингвистиканың алдына қойған басты міндеттерінің бірі деп санауға болады [3, 43]. Ал кейде поэтикалық метафораны индивидуалды-авторлық (жеке қолданыстағы) метафоралар деп нақты атамаса да, соған жақын деген пікірді естиміз.

Мысалы:


Одан да тыныш ішіп тапқаныңды,

Өлеңнің біл отына таптануды.

Үмітке жүкті дүние туар бір күн,

Айтар сол бұрқануды, аттануды. (Дүние ғапыл, 50-б.).

Бұл өлең жолдарындағы үмітке жүкті дүние метафорасы автордың жеке қолданысы болып танылады. Ең алдымен, автордың сөйлемде өзек етіп алған «дүние» сөзінің мағынасына келсек, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» Дүние ар. зат. 1. Өмір, тіршілік. 2. Зат, мүлік, жиһаз, нәрсе. 3. Әлем, жер жүзі, жиһан. 4. Табиғат, жаратылыс. 5.Табиғат пен қоғамдағы белгілі ортадағы өмір сүретіндердің тобы, жиынтығы. 6. Ауыс. Белгілі сөздермен қосылып, мол, көп деген ұғымды білдіреді (ҚТС., 204-б.).

Бұл сөйлемде дүние сөзін қаламгер «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» берілген өмір, тіршілік мағынасында қолданып тұр. Яғни өмірдің, тіршіліктің жақсылықтың нышанын күтуде екенін, үлкен үміттің бар екенін, болашақтың бейнесін автор өзіндік сөздік қорымен оқырманға жеткізіп отыр. Мұндағы үмітке жүкті дүние қолданысы ұқсастық ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туындаған окказионал метафора.

Окказионал қолданысқа негіз болған ұқсастық олардың белгілі бір жағдаятқа байланыстылығы деп білеміз. Метафораның тәсіл ретіндегі басты мақсаты заттар мен құбылыстарға атау беру болғандықтан, олардың жасалуында ұқсастық сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады. Ойымыздың дәлелі ретінде Ә.Кекілбаевтан тағы бір мысал келтіре кетейік.



Күткен күн келе қоймас сағынғанмен,

Шырпынбас бедеу дүние шабынғанмен

От боп еріт көкіректің тақыр мұзын. (Дүние ғапыл, 50-б.).

Мұндағы окказионал метафора «көкіректің тақыр мұзы» автордың тілдің ерекше поэтикалық және философиялық белгілеріне тән ойлау қабілетін танытып отыр. Философиялық ойлау мен көркем шығармашылық адамның айналасындағы дүниені танумен байланысты. Мәнмәтінде әбден күдер үзген үміттің, көңілі қалған жүректің, қатып қалған сезімді ояту мақсатында жасалған окказионал метафора деп ойлаймыз. Мұндай нысандардың өзгешелігі ұқсастықты тануға, айқындауға көмектеседі. Автор қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар өзгешелігімен оқырман қауымға әсерлі болып отыр.

Образдылық қуаты солғындамаған ауыс мағыналы сөздерді – “метафора”, бұрыннан қолданылып келе жатқан эксметафораларды “ауыс мағына” деп ажыратып тастауға болмайды, өйткені қазіргі “ауыс мағыналы” сөз деп жүргеніміз – бұрынғы индивидуалдық метафора. Дәстүрлі метафоралар жаңа сөз қисынында құбылып “жаңарады”, сондықтан “дәстүрлі” деудің өзі де шартты.

Метафораның түп тамыры тілдің, сөздің туу тарихымен тікелей байланысты. Метафора тілді байытады, оған бұрын болмаған жаңалықтар енгізіледі, бірде-бір нәрсенің атаусыз қалмауына көмектеседі, әсіресе жеке қаламгердің қаламынан туған қолданыстар.

Мысалы:

Қараңғылық қымтап алып бір күні,

Жұмылып қап күміс күннің кірпігі.

Сыпырғышы ажал деген тирақтың

Сипап кетсе жүзімдегі күлкіні. (Дүние ғапыл, 16-б.).

Жоғарыдағы берілген окказионал метафораны жасауда автор адамның бойында болатын нәрсенің (кірпік) күннің бір белгісі ретінде көрсетіп тұр. Сонымен қатар күнді күміске балап отыр. Яғни бір затты, іс-әрекетті, құбылысты басқа бір затқа, әрекетке, құбылысқа балап сипаттағанда, суреттегенде олардың арасындағы ортақ белгі қасиеттер негізге алынады. Сондықтан да образды метафора адамның айналадағы болмысты танып білуінің логикалық тәсілі, өмірдегі шындық құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды сарапқа салудың, ой қорытудың, пәлсафалық пайымдау жасаудың құралы деп те қарауға болады.

Мағына масштабын кеңейтетін, сөздердің жаңаша қолданылуын туғызатын тәсілдерінің бірі – метафора. Бұл ретте оны тарихи жағынан тұрақты әсер ететін негізгі семантикалық заңдылықтардың бірі деп тануға тиіспіз. Міне, осы тұрғыдан тіл табиғатындағы метафораның сырын, жасалу жолдарын, заңдылықтарын ашып беру керек. Заттар мен құбылыстардың атауын белгілі бір сөз арқылы бекітулі болады. Бірақ ол сөз – сол зат пен құбылыстың өзі емес, оның белгілі бір қатынастағы көшірмесі, “сәулесі”.

Мысалы:

Махаббаттың құйыны

Қыз көрпесін ысырды.

Махаббаттың құйыны

Ұйқының туын ұшырды.(6 т., 21-б.).

Бұл өлең жолдарындағы ұйқының туы окказионал метафорасы махаббат сезімінің әсерінен адам ұйқысының қашуын бейнелеу мақсатында қолданылған. Мұндағы адамның физиологиялық жағдайын, яғни демалыс түрін оқырман қауымға жеткізуде автор ту символымен сомдаған. Мұнда жазушы ұйқыны өз қалпынан басқаша сипаттап көрсету арқылы окказионал қолданыс жасаған. Бұл жерде нақтылай кететін фактор сөздің жаңа мағынаға ие болуы емес, оның белгілі бір жағдаятқа байланысты мәнмәтінде жаңа қолданысқа түсуі.

Окказионал метафора тілде елеулі қызмет атқарады. Ол сөзге атау беріп, жаңа мағына тудырады, көркем образ жасайды, сөз мағынасына көркемдік түр беріп қана қоймай, айтылған ойға терең, жанды сипат береді. Сөзге эмоционалды-экспрессивті мән үстейді. Сөз мағынасынан әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуын, ұлттың сипатын көре аламыз.

Мысалы:


Анадайдан оны көріп бүлкілдеп,

Жорытады атың. Көзіңе де жылтың кеп,

Қуаныштың домбырасы кеудеңе

Майда қоңыр күй тартады шіңкілдеп (Дүние ғапыл, 16-б.).

Поэтикалық мәтінде табиғат пен адамның белгілерін, қасиеттерін өзара араластырып, бір-біріне ұқсатып, балама жасау құбылысы туындайды. Жоғарыдағы өлең шумақтарындағы қуаныштың домбырасы метафорасы Ә.Кекілбаевтың өзіндік таным ерекшелігімен туған. Мұндағы «домбыра» әуен ұғымымен байланысты түсіндірілу керек. Ұлттық мәдени ерекшеліктерден хабар беретін домбыра автордың жеке танымымен ұлттық негізде қуаныштың символы болса, поэтикалық мәнмәтінде қуанып тұрған адам бейнесін көз алдыңа елестетеді.

Жоғарыдағы мысалдардағы окказионал метафоралардан жазушы ақиқат дүниедегі объектілерді бақылай отырып, олардың арасындағы байланысты оқырманға әсерлі етіп жеткізе білген. Шығармашылық жолы барысында ол сырт дүниені өзінің көзімен басқаша пішіп, оның ішкі мәнін көрсету үшін өзінің жеке авторлық әлемін жасаған. Яғни ерекше – үшінші ақиқат дүние жасаған.

Метафораға бір-біріне сәйкес келмейтін, үйлеспейтін ұғымдарды байланыстыру қабілеті тән. Субъектілік, индивидуалдық қасиеті метафораны универсалды құрал ретінде сипаттайды. Біздің бұл ой-түсініктен түйетініміз тек қана сөйлеуші мен адресатты құбылта алатын, тілдік тұлғаның өлшемі болып табылатын метафоралық құрылымдарға жазушы Ә.Кекілбаевтың жеке қолданыстағы метафораның осы қасиеттерді өз бойына жинақтағаны байқалады.

Дәстүрлі метафораларда тұтас бір халықтың ортақ бейнелі ойы, дүниетанымы білдіріледі. Сондықтан олардың білдіретін мағынасы көпшілікке түсінікті болады. Ал индивидуалды-авторлық метафоралар жеке адамның дүниені бейнелі қабылдауын, тануын көрсетеді.

Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді. Белгілі мәнмәтінде ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан келтірінді мағына әрдайым құбылмалы болады.

Мысалы: Қазақтың бағы жүрсе ­– кәукілдеген мақтан әңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады. (Үркер, 140-б.).

Бұл сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүріс окказионал қолданысы адамның мінез-құлқына байланысты пайда болған жүріс-тұрысты бейнелеп тұр. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағынасындағы жүрісті суреттеу мақсатында бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді өзара байланыстырып окказионал қолданыс жасаған.

Метафораның табиғаты әлемге көркемдік көзбен қараумен байланысты. Әрбір автордың поэтикалық туындысы оның құрған және қолданған метафораларының сипатына байланысты. Сондықтан метафора ─ поэтикалық мәтіннің басты компоненті. Себебі онда міндетті түрде поэтикалық ой мен әлемдік бейненің көрінісі болады.

Метафораны поэтикалық мәтінге жақындастыратын факторлар:

• ойдағы бейне айтылмақ пікірдің бірігуі;

• дәл мағынада айтылмауы;

• объектілердің белгілері мен мағыналарының өзара араласуы;

• бірнеше интерпританцияда ұғынылуы;

• дәлелдемелердің қолданылмауы;

• объектілердің мәнін ашуда тиімді әрі қысқа жол таңдау;

• көлемдік баламамен астарлау [4, 12].

Мұндай метафоралық қолданыстар жазушының өзіндік қолтаңбасын танытады. Сондықтан да бұл тәрізді метафоралар жалпы халықтық емес, жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора деп аталады.

Мысалы: Бұған дейін сыр алдырмаған сәнді сарайлардың да бөксесі жалаңаштана бастады. (Дала балладалары, 65-б.).

Жазушы қолданған «сарайлардың бөксесі» метафоралық тіркесі белгілі бір ғимараттардың төменгі жақ бетін сомдау мақсатында пайда болып тұр. Сарайлардың бөксесі окказионал қолданысының оқырман сезіміне әсер ететін экспрессиялығы мен эмоционалдылығы мол.

Бұрынғы сылбыр тірліктің үлбіреп-мөлдіреп қалған сылқым пердесін айдын көлде бір шоршыған ақ сазандай ақ тәнінің бір рахатымен күлпаршалап күлге лақтырмақ (1 т., 65-б.).

Бұл сөйлемдегі «сылқым перде» окказионал метафоралық қолданысы автордың өмір құбылысына өзінің идеялық-эстетикалық көзқарасын айқындау негізінде жасалған.



Сылқым перде окказионал қолданысының мағынасы өткен өмірдің парағын ашып, еске түсіру мақсатында жасалып тұр. Мұнда жазушы өмір ақиқатын өткен өмірдің болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын бір сәттік ойлау нәтижесіннен пайда болған метафоралық тіркес.

Көркем шығармадағы әрбір кейіпкердің образын ашу оның жеке мінезі, жан дүниесі, сезім-түйігін айқындайтын тілдік құралдар арқылы анықталады. Ол кейіпкер болмысын танытатын тұтас «әлемнің» ішкі жан дүниесін бейнелейтін бір үлгі іспетті.

Ә.Кекілбаев шығармашылығындағы ұлттық мәдениетке сай халықтың тіл байлығын танытатын қолданыстар жете меңгеру үлесі болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей сөзде заттың өзі белгіленбейді, аталмайды, зат туралы адамның санасында бейнеленген түсінік, қандай да бір концепт аталады.

Автордың туындысынан кездесетін мұндай метафоралардың белгілі бір және әртүрлі жағдаяттарға байланысты көп туындағынан байқадық.


Әдебиеттер тізімі


  1. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен таралуы. Фил. ғыл. канд. ... дис. – А.: 1963. – 124 б.

  2. Гак В.Н. Метафора универсальное и специфическое // Метафора в языке и тексте. – М.: Наука, 1988. – С. 174-176 .

  3. Қасым Б. Сөзжасам: семантика уәждеме. – А.: 2003. – 167 б.

  4. Арутюнова, Н.Д. Теория метафоры // Метафора и дискурс. –М.: Прогресс, 1980. – С. 12-19.

Әдеби сапарнама жанрының тууы мен қалыптасуы
А.Е.Ментебаева,

ф.ғ.к., доцент

Қазақстан, Алматы

Әдеби байланыстар жайын сөз еткенде кезең тұрғыдан алып қарағанда оның ең алғашқы сатысы – сапарнама жанрынан бастаған орынды. Әрине, «сапарнама жанры» деген әдеби ұғым көп кейін қалыптасты. Бұл экономикалық, миссионерлік және т.б. басқа мақсатта түрлі елдерді, мемлекеттерді аралап көрген саяхатшылар, миссионерлер, ғалымдардың жазбаларындағы әдеби, тарихи деректерді қамтиды. Мұндағы деректердің әрине, әдеби құндылығынан гөрі, тарихи сипаты басым. Бірақ дегенмен әдеби байланыстың бастауы болып табылатындықтан оны да назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Кейін келе ғалымдар мен ақын-жазушылар іссапар кезінде мақсатты түрде жолжазба жазып отырған. Осы жолжазба очерктері де сапарнама жанрына жатады.

Сапарнама жанрының алғашқы үлгілерін батыс және шығыс елдерінен бірдей кездестіруге болады. Мәселен, шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей өзінің «Мырза Хайдар Дулаттың «Тарихи Рашиди» – әдеби жәдігер» атты зерттеу еңбегінде осы жанрда жазылған Ибн Батутаның «Сапарнама» еңбегін сөз етеді. Ибн Батута әйгілі ғалым және жағрафия ғылымының білгірі. Ол түрлі елдердің жағрафиялық ахуалын зерттеу үшін 1325 жылы солтүстік Африкадан басталған сапарын, 1353 жылы Маракеште (Мароккода) аяқтаған. «Саяхатшы өз еңбегінде түркілердің тұрмыс тіршілігіне, мерекелік шараларына әрі хандары сөйлеген тілі хақында мәлімет берген. Ибн Батутаның «Сапарнамасында» түркі халықтарының мәдениеті және тілімен қатар, олардың көрші елдермен саяси-қоғамдық қатынастары туралы көптеген мағлұматтар қамтыған. Ибн Батутаның «Сапарнамасындағы» мына тараулар бізді қызықтырады: «Түріктердің тұрмыс-тіршілігі», «Айт мерекесінің түркілер арасындағы дәстүрі», «Уағыздаушының Моғол ханымен қалжыңы», «Кебек ханның әділдігі – Ибн Батутаның Мауароннәһр сұлтанымен кездесуі». Бұл тараулар Моғолстанның тұрмыс-тіршілігі, тілі мен мәдениетіне байланысты әжептәуір түсінік бере алады», - дейді ғалым [1, 44].

Ш.Қ.Сәтбаеваның «ХІХ және ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-европа әдеби байланыстары», «Әдеби байланыстар» сынды еңбектері осы салада жасалған үлкен еңбектің нәтижесі.

«Путешествие – это литературный жанр, в основе которого лежит описание путешественником (очевидцем) достоверных сведений о каких-либо, в первую очередь, незнакомых или малознакомых читателю странах, землях, народах в форме записок, заметок, дневников, очерков, мемуаров» [2, 5]. Әлемдік әдебиеттану ғылымында әдеби сапарнама жанры екі түрі бар – шынайы және ойдан шығарылған (вымышленный). Әдеби сапарнаманың бұл екі түрі бірін-бірі толықтыратын ұғымдар. Ең алғашқы шынайы сапарнама Геродот әңгімелерінен басталады. Қазірде әдеби сапарнаманың жанрлық сипаты көп жаңарған. Мұндағы басты ерекшелік – мұндай жазбаларда авторлардың жеке көзқарастары мен менталитеті, психологиясы кеңірек баяндалады [2, 5].

Европалықтардың қазақ елін, сондай-ақ қазақтардың Европа халықтарын біліп-танудың өзінше мол тарихы бар. Әдеби байланыс ешуақытта біржақты болмайды. Екінші жақтан, мейлі ол қарқынды дамымаған елдің әдебиеті болсын, сұраныс яки қызығушылық болмаса әдеби құбылыстар мен сюжеттер, образдар кіріге алмайды. Не сұраныс, не болмаса танымдық ұқсастық болуы шарт. Бұл әдеби байланыстардың бірінші шарты. Бұл пікірді әдеби байланыстарды зерттеуші ғалымдар – А.Веселовский, Д.Дюришин, М.Маданова да қолдайды. Мәселен А.Веселовский «Заимствование предполагает встречную среду с мотивами или сюжетами, сходными с теми, которые приносились со стороны.

…Заимствование предполагает в воспринимающем не пустое место, а встречное течение, сходное направление мышления, аналогичные образы фантазии», – дейді [3, 10].

Әдеби сапарнама жанрының қалыптасуы жайлы Д.Дюришин былай дейді: «В связи с вышеупомянутым и некоторыми другими проявлениями внешних связей заслуживают упоминания определенные внелитературные формы отношений, которые могут приводить, а нередко и приводят к известному сближению в области литературы. Мы обращаем внимание на эти моменты не потому, что приписываем им какую-то особую важность в изучении межлитературных связей, а по той причине, что во многих компаративистских литературоведческих работах они становятся объектом самого серьезного рассмотрения. Так, например, в уже приводившейся нами книге Клода Пишуа и Андре М. Руссо «Сравнительное литературоведение» мы находим такие разделы, как «Путешественники» или «Влияние путешествий» и т.п. где довольно широко рассматривается роль путешествий и путешественников в межлитературных связях и схождениях» [4, 112].

Ш.Сәтбаева халқымыздың ежелгі тарихының кейбір этнографиялық және географиялық мәселелерін анықтай түсуге, рухани тіршілігіне тереңірек үңілуге Геродот, Птоломей, Менандр, Плано Карпини, Рубрук, Клавихо, Марко Поло, Страленберг, кейінгі Гумбольд, Вамбери, Реклю, Томсен, Кеннан, Каруц және т.б. атақты шетелдік саяхатшылар мен ғалымдар қалдырған деректер көп пайдасын тигізері сөзсіз екендігін дәлелдеп береді.

Жалпы әдеби сапарнама жанрының ертеден бастау алғандығы сөзсіз. Ертедегі грек, рим жазушылары мен ғалымдарының еңбектерінде жалпылама әрі аз болса да қазақ еліне қатысты жер, тау, қыр, өзен, көл, қоныс, мекен, ру, тайпа аттары, ондағы кәсіп, тіршілік, мәдениет сипаттары кездесіп отырады. Мәселен, көне грек ақыны Гомердің «Илиада» эпосында бұл ел жылқы өсірушілер – «Бие сауушылар мен бие сүтімен қоректенушілер» елі атанған екен.

Кейінгі еңбектерде осындай байланыстар мен қатынастарға себеп болған алғашқы шетелдік саяхатшылар зерттеулерінде олардың жүріп өткен жолы, күнделік-жазбаларындағы қазақ елі жайлы көзқарас, пікірлерін талдай отырып, олардың тарихи, әдеби маңызын кеңінен талданған.

Зерттеушілердің айтуынша қазақ жері туралы біраз деректер Батыс елдеріне еуропалықтардың назарын ерекше аударған татар-монғол шабуылына, монғол үстемдігіне байланысты мәліметтерден алынған. Монғолдардың Батыс Еуропа елдеріне жасаған жойқын шабуылын ұлы хан Угедейдің қайтыс болуы ғана тоқтатқандығы тарихтан белгілі. Осы шабуылдан қауіптенген итальяндық Папа Иннокентий монғолдарға 1245 жылы елшілік жіберуді ұйғарады. 1246 жылы Плано Карпини бастаған алты монах Монғол хандығына барып, хан сарайында болып, көп деректер алып қайтады. Плано Карпини осы саяхатынан соң «Саяхат тарихы» деген атпен латын тілінде кітап жазып шыққан. Бұл кітаптың құндылығының күні бүгінге дейін жоғалмаған, Рим, Венеция, Амстердам, Иерусалим, Лондон, Париж, Санкт-Петербург баспаларында жарияланған.

Бұл кітапқа Шоқан Уәлиханов та назар аударып, саяхатшы пікірлеріне сүйенген тұстары да болған еді. Карпини еңбегінде кездесетін қазақ елі жайлы қарапайым деректердің бүгінде тарихи маңызы зор екені даусыз.

Қазақ даласы жайлы дерек қалдырған шетелдік саяхатшылардың бірі ретінде фламандық монах Вильгельм Рубрук атауға болады. 1253 жылы Франция королі ІХ Людовик Рубрукты бас етіп монғолдарға елшілік жібереді. Рубрук өзінің бұл саяхатын кейіннен жеке кітап етіп шығарады. Ол өз кітабында қаңлы, найман, қыпшақтардың мекен еткен жер шамасын, олардың мал бағушылық кәсібімен шұғылданғанын айтады. Мұнан кейінгі саяхатшысы ХІІІ ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Роджер Бэкон болды. Ағылшын ғалымының «Үлкен шығарма», «Кіші шығарма» және «Үшінші шығарма» деп аталатын еңбектерінде Азия елдерінің тарихи-географиялық суреттемелерін берген, және ол монғол хандықтарына жіберілген европа елшілерінің жазбаларымен жақсы таныс болған. Тағы бір саяхатшы әлемге әйгілі венециялық Марко Поло (1254-1323). Орыс ғалымы И.Мушкетов «барлық уақыттар мен халықтардың ұлы саяхатшысы» деп атап көрсеткен ол 1271-1291 жылдар аралығында су жолымен де, құрлық жолымен де бүкіл Азия елдерін аралап, 1298 жылы өзі көріп-білген жайттарды хатқа түсірген.

Сондай-ақ 1410 жылдары Алтын Орда тұтқынында жүріп, Едіге жорықтарының біріне қатысқан боварлық солдат Ганс Шильтбергердің «Өмірбаян» жазбалары ХV, тіпті ХVІ ғасырларда да көп оқылатын болған. Италияның Венеция, Генуэ, Флоренция, Барселона қалаларының сауда өкілдері Азияға, Қытайға қазақ жері арқылы өткен. Мәселен, 1335 жылы флорентиндық Пегалоттидің ішкі Азия арқылы Қытайға баруға болатын керуен жолдарын суреттеген жол сілтемесінде (путеводитель) Еділ бойы мен Үргенші, Арыс өзененің Сырдарияға құяр жағалаулары, Отырар арқылы жүретін жолдар және қандай мүліктерді, азық-түліктерді жолға алу керектігі жазылған екен.

Мұндай саяси немесе экономикалық мақсаттармен Орта Азиялық аймақта болып қайтқан, бұл жер туралы көптеген мәліметтер қалдырған өзге де саяхатшылар мен ғалымдардың есімін көптеп мысал етуге болады. Оларды санамалап өтер болсақ, голландық саяхатшы Исбрант Идес, голланд георграфы әрі заңгері Николай Корнелисзен Витзе, әйгілі ағылшын жазушысы Даниэль Дефо, швед офицері подполковник Филипп Иоганн Табберт фон Страленберг, атақты француз жазушысы әке-Дюма, француз жазушысы әрі әдебиет зерттеушісі Эжен Мельхиор де Вогюэ, және т.б.

Ежелгі қазақ жері туралы жалпылама деректік мәліметтер беріп өткен бұл ғалымдар мен саяхатшылардың еңбектері күні бүгін тарихи және ғылыми тұрғыдан өте маңызды деректер болып отыр. Бұл халықтар мен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың бір үлгісі болып табылады.

Ал ХІХ ғасырда әртүрлі елдердің бірін-бірі танып-білу тарихында жаңа бетбұрыстар мен соны ізденістер белең алды. Көптеген басқа халықтармен қатар орыс әдебиетінде де қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, кескін-кейпі, мақсат-мұраты шыншылдықпен бейнеленген. Оған мысал ретінде қазақ халқының ауыз әдебиетін білуге зер салып, оның кейбір эпос сюжеттерімен танысу арқылы А.С.Пушкиннен басталған игі дәстүр В.А.Ушаковтың (1789-1838) «Қырғыз-Қайсақ» повесінде, В.И.Дальдің (1801-1872) қазақ өмірінен алып жазған «Бикей мен Мәулене», «Майна» шығармаларымен жалғасқандығын айтуға болады.

Ғалым Ш.Сәтбаева ХІХ ғасырдың екінші ширегінде жарық көрген «Қырғыз-қайсақ» повесін орыс әдебиетіндегі қазақ тақырыбына жазылған алғашқы шығармалардың бірі екендігін ерекше атап өтеді. Бұл шығарма 1834 жылы неміс тіліне аударылып, Лейпцигте басылып шыққан. Бұл да қазақ халқының өзге шет елдерге танылуының бір жолы. Себебі, аталмыш көркем туындыда қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, әдеті, кәсібі, жер жағдайы, ұлттық психологиясы, дүниетанымы жайлы мол мәліметтер берілген. Қазақты өзіндік тарихы мен танымы бар қалыптасқан ұлт ретінде танытуда мұндай мәліметтердің айтары мол екені даусыз.

Орыстың көрнекті жазушысы, ғалымы, қоғам қайраткері Владимир Иванович Дальдың қазақ елі мен жерін танып-білуі, соның нәтижесінде дүниеге келген «Бикей мен Мәулен» повесі, «Майна», «Түн ортасы» әңгімелері мен «Орал қазақтары» атты очеркін ерекше атап өтуге болады. Ғалымның қазақтар жайлы айтқан мына бір пікірі көңіл қуантарлық: «Қазақтар өнерге, білімге, ғылымға құштар. Тек соның бұлақ-бастауын ашсаң болды, бұл ұлтқа тоқтау жоқ. Шіркін, білім бұлағының қайнар көзін аршитын пенде болса», дей келе: «...қазақ жеріне өттің екен әмияныңды қалтаңа салып қой! Жылтылдатып тиын санап отырғаның бұл елдің әдет-ғұрпына ерсі. Ал, мейман боп үйіне келдің екен – асы дайын. Шипалы қымызы және бар».

1836 жылы жарық көріп, орыстың ұлы сыншысы Г.Белинскийдің жоғары бағалауына ие болған Дальдың «Бикей мен Мәулен» повесінде қазақ халқының өткен өмірінің тамаша суреттері берілген. Бұл шығарма да француз тіліне аударылып, 1845 жылы Парижде басылып шыққан. Бұл шығарма қазақ тіліне де аударылды.

Сол сияқты поляк ақыны Густав Зелинский (1809-1881) 1830-31 жылдардағы көтеріліске белсене қатысқаны үшін Тобылға жер аударылады. Кейін Есіл, Тобыл өзендерінің бойындағы қазақ ауылдарында, Аякөз, Балқаш, Жетісу жерлерінде болады. Сөйтіп қазақ халқының өмірі жайлы «Қазақ» және «Дала» атты романтикалық поэмалар жазған. «Қазақ» поэмасы неміс, чех, француз, ағылшын тілдеріне аударылған, 22 рет басылып шыққан. Мұның өзі көп жайды аңғартады.

Қазақ әдебиеті дамуының тарихи бел-белестері мен мол сыр-сипаттарында мәдениетті өрістің тағы бір тамаша белгілері мен ерекшеліктері бар. Ол – әдебиетімізде өз ұлты көлемінен асып, сыртқы өзге елдер, шетелдер жайында әңгіме қозғау дәстүрі. Қазақ әдебиетінде шетел тақырыбы әр кезеңдерде әр түрлі көркемдік шешімдер тауып, әрлі бояулар туғызып отырғаны, сөз өнерімізбен бірге жасасып келе жатқаны байқалады.

Бұған Шоқан Уәлиханов зерттеулеріндегі көне грек эпосы «Илиада» мен «Одиссей» жайлы деректер, «Сот реформасы туралы жазбасында» Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын мысал етуі, көне орыс әдебиеті үлгілері мен кейіпкерлері жайлы мағлұматтар; Ыбырай Алтынсариннің халықаралық кейіпкерлер – Александр Македонский, Дәуіт, Сүлеймен туралы өлең шумақтарынан, Англия, Франция, Америка елдерінің өмір-тұрмыстарынан алып жазған кейбір әңгімелерінен, кейбір шетел авторларының кітабын оқу процесіне пайдалану керектігін айтып жазған хаттары дәлел. Сондай-ақ «Шығысы батыс, батысы шығыс боп кеткен» Абай шығармашылығы да қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихында маңызды рөл атқарары сөзсіз.

Жоғарыда айтқандарды түйіндей келе, әдеби сапарнаманың тууы мен дамуының алғышарттары ретінде мыналарды атауға болады:

1. Сауда-саттық қарым-қатынасы. Еуропалықтар Қытаймен сауда қатынасына түсу мақсатында Шығысқа қарай жол салды. Осының негізінде экономикалық, мәдени, әдеби байланыстар қалыптасты. Бұл жайлы Ш.Сәтбаева мынадай дерек келтіреді: «Быстрое развитие торгового капитала в некоторых европейских странах привело к поискам новых рынков. Стремление предпринимателей найти кратчайший путь в Китай обратило их взоры на Русь и сопредельные ей земли» [5, 22].

Бұл деректі дәлелдейтін мәліметтер Шоқан Уәлиханов еңбектерінде де кездеседі: «В середине века оседлость здесь сильно распространилась, особенно в Илийской долине. Города Алмалык (а ныне Туркестанское селение), Хонакай и Кайнак (существующие и теперь) и Алатау (где ныне укрепление Верное) были известны по своей торговле и служили станциями на большой дороге, по которой ходили генуэзские купцы в Китай и кипчакские послы к великому хану» [6, 94].

2. Монғолдардың әлем халықтарын жаулап алуға деген ұмтылысынан қорыққан батыс елдері миссионерлер мен саяхатшылар, ғалымдарды елшілікке жіберіп, көшпелі елдердің георграфиясы, тұрмыс салты, тіршілігін тануға тырысты. Ғалым Ш.Сәтбаева бұл жайлы былай дейді: «Западная Европа, обеспокоенная стремительными завоеваниями монголов и установлением на пространстве от желтого моря до Карпат монгольской империи, решила завязать сношения с ней и послать туда с разведывательными целями специальные миссии» [5, 15].



1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет