Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 7.3 Mb.
бет35/37
Дата03.04.2016
өлшемі7.3 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
: repository -> repository2014
repository2014 -> Сақ Қайрат Өмірбайұлы
repository2014 -> Мірдің ОҒындай публицист алғашқы нөмірінен бастап соңғы санына шейін
repository2014 -> Н. У. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы
repository2014 -> Мырзантай жақып баспасөз тарихын зерттеудiң Ғылыми-методологиялық негiздерi
repository2014 -> «ҚАзақ» газетіндегі қОҒамдық Әлеуметтік кейбір мәселелер «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?
repository2014 -> Бас редактор Қаржаубаев Е.Қ
repository2014 -> Н. О. Байғабылов Әлемдегі қазақ қауымдастығының даму көкжиектері
repository2014 -> Қазақ тіліндегі қос қызметті тұлғалардың тілдік табиғаты

Список литературы


  1. Борисова Е.Б. - Художественный образ в английской литературе ХХ века: типология – лингвопоэтика – перевод.- диссертация на соискание ученой степени доктора филологических наук. – Самара, 2010.

  2. Виноградов В.В. – О языке художественной литературы. – М., 1959.-с.157.

  3. Тамарченко Н.Д., Теоретическая поэтика. Понятия и определения. -М., 1999. – 291 с.

  4. Шахбаза С.А.С. «Образ и его языковое воплощение (на материале английской и американской поэзии)» - диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук – М., 2010.

  5. КрупчановаЛ. М. — Введение в литературоведение: Учебник- М.: Издательство Оникс, 2005. — 416 с.

  6. Валгина Н.С. – Теория текста. – Учебное пособие – М.: Логос, 2003 – 280 с.

  7. Ремнева М.Л. – Лингвокультурологический тезаурус «Гуманитарная Россия». – ООО «ОСЗ», 2009.



Одағай сөздердің морфологиялық және синтаксистік

тұрғыдан зерттелуі
М.М.Адилова,

магистрант

Қазақстан, Ақтөбе
Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыруға қатысты шешімін табуға тиісті проблемалар мен қатар кейбір түсінбеушілік жайлар да кездеседі. Мысалы, бұрын соңды жарық көрген қазақ тілі оқулықтарында, тағы басқа бірқатар жеке зерттеу еңбектер де одағай сөз табынан синтаксистің ара қатынасы туралы екіұшты пікір қалыптасады. Қазақ тіл білімндегі сөз таптастыру теориясының даму барысын зерделеу кезінде бұл жағдайдың 40 – жылдардан бастау алатыны анықталды. Г. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» оқшау сөздерге «Сөйлемде сөйлем мүшелерінің ешбір грамматикалық байланысы жоқ тек сөйлемдегі ойдың кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздер» деген анықтама беріп, оны іштей үш топқа бөлген: қыстырма, қаратпа, одағай. Осы оқулықта одағай сөздерге мынадай анықтама берген: «Оқшау сөздердің бірі – одағай. Одағай сөйлемдегі айтылған ойдағы сөйлеушінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіреді. Қаратпа сөз сияқты одағай да сөйлем мүшесі бола алмайды» [1, 191]. Қазақ тіліндегі сөздерді алғаш таптастырған Н. И. Илминскийден бастап, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский секілді т.б орыс түркологтары одағайды «междометие» деп атай отырып, оның (одағайдың) адам көңіл-күйіне қатысты семаниткалық белгісі арқылы жеке сөз табы деп таниды. Орыс түркологтары сөз таптарына анықтама бермесе де, Қош! Ура! Секілді бір сөзден тұратын толымсыз жай сөйлемдерді интонациялық ұқсастығына қарап, одағай депт тануды да осы көңіл-күйге байланысты семантикалық белгіні басшылыққа алғандықтарын көрсетеді. Олардың (орыс түркологтарының) айтылып отырған толымсыз жай сөйлемдерді одағай деп тануына негіз де бар, бірінші себеп олардың қазақ тілін жеткіліксіз білетіндігі болса, екінші себеп, семантикалық және құрылымдық сипаты жағынан жеке жай сөйлемдерге белгілі дәрежеде ұқсастық қатысы бар одағай сөздедің өзінің табиғатында болса керек. Қ. Жұбановтың «бұлар құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем не сөйлем жинағы» деуі де сондықтан [2,125] ғалым мысал ретінде «шөк – түйе, сен - жат» секілді одағайларды келтіреді. Қазақ тіл білімінде одағай терминін алғаш қолданған А. Байтұрсынов болатын. Оның одағайды жеке сөз табы ретінде танудағы ерекшелігі, орыс түркологтарынан айырмашылығы, ғалымның одағайды семаниткалық белгісімен қатар, негізінен синтаксистік белгісін ескергендігінде болып отыр. «Одағай дейміз одағайланып, оңашаланып айтылатын сөздерді», - деп ғалым анықтама береді [3, 261]. Кейінгі тілші ғалымдардың да, одағайды синтаксистік тұрғысынан зерттеуі А. Байтұрсынов тағылымынан аса алмағандығын көрсетеді. Мысалы «одағай дегеніміз кісінің сезімін, көңіл-күйін, еркін білдіретін дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер» - деп, М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында одағайға синткасис тұрғысынан анықтама берсе[4, 218] , Ә. Төлеуов «сөз таптарында» - «семантикалық ерекшелігі, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі жағынан өздеріне тән мәні бар сөз таптарының бірі - одағай» - деп, одағай сөздердің мағынасын ашып бере алмаған [5, 115].

Н. Оралбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясында» - «Одағай – адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін білдіретін сөз табы» - десе [6, 372], А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде одағайдың лингвистикалық сөздікте берілген өзіне тән ерекшеліктерін атап кеткен. Бірақ, одағайға нақты анықтама бермеген. Қазіргі қазақ тіл білімінде жас тілші ғалымдардың еңбектерінен одағайға анықтама іздеп көрер болсақ А. Салқынбайдың «Қазіргі қазақ тілін» алуға болады. Ол одағайға былай деп анықтама береді: «Сөйлеу тілімізде, лебіз де одағайлардың прагматикалық қолданысы мен қызметі ерекше. Сөйлеушінің не тыңдаушының іс-әрекетке, болған не болатын жағдайға қатысты өзінің эмоциясын, қуанышы мен таңғалысын, сүйініші мен өкінішін білдіру мақсатында жұмсалатын тұлғалар одағайлар»,-деп, одағайдың грамматикалық, семантикалық, функционалды-семантикалық сипатын белгілейді [7, 279].

Одағайлардың грамматикалық сипаты: 1. Сөйлемде эмотивтік, экпрессиялық мағынада жұмсалады; 2. Жеке тұрып сөйлем мүшесі қызметін атқармайды; 3. Сөз тіркесінің сыңары бола алмайды; 4. Ерекше номинативті мағына бермейді; 5. Белгілі сұраққа жауап бермейді; 6. Көмекші етістіктермен тіркесіп, кейде сөйлем мүшесі қызметін атқарады; 7. Сөйлемнен ерекшеленіп, одағайланып тұруына байланысты, одан үнемі үтір арқылы ажыратылады: егер сөйлемнің басында келсе, одан кейін, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе алдынан үтірмен ажыратады; Ал, семантикалық сипаты туралы былай дейді: 1. Лебізде сөйлеуші мен тыңдаушының әр түрлі көңіл-күйін анықтау үшін жұмсалады; 2. Одағайлардың мағыналық құрылымы мәтіндегі ой мен пікірдің ауанына байланысты өзгеріп, көп мағыналылыққа ие болады;

3. Одағай мағынасы сөйлемдегі интонацимен тікелей байланысты анықталады; 4. Көптеген одағайлардың ішкі терң мағыналық құрылымы халық тіршілігімен біте қайнасқан төрт түлік мал мен үй жануарларына қатысты қалыптасқан;

5. Одағайдың ерекше және арнайы семасы контекст арқылы көрініс табады; Одағайдың үшінші функционалды-семантикалық сипатын жетіге жіктейді: 1. Ішкі мағыналық құрылымына сай, одағайлар сөйлемге белгілі интонациялық ырғақ береді;

2. Сөйлемнің ішкі мазмұны мен мәнін анықтап, оның бұйрықтық, лептік, сұраулық сипатын жасайды;

3. Кей одағайлар мәтінде зат есім тұлғаларын қабылдап, заттануы және етістік тұлғаларын қабылдап, етістіктенуі мүмкін;

4. Мәтінде жеке тұрғанымен, одан кейінгі келетін сөйлемнің мағыналық және мазмұндық сипатын айқындай алады; Айталық, «бәрекелді» одағайынан соң, риза болу, қуану, қштасу мағынасындағы сөйлем келеді т.б.

5. Одағайлардың дені түрленбейді, жеке қолданылады; Тек «ойбайым» (айғайымнан ойбайым тыныш), ой-пірім-ай, шырағым-ай түріндегі одағайлар түрленеді;

6. Одағайлардың мәтіндегі мазмұны арқылы өкіну, таңғалу, сүйіну, риза болу, ренжу, күйіну, сүйсіну мағыналары көрініс табатындықтан, әдетте сөйлемде осы мәндегі көңіл-күй етістіктері жұмсалмайды, оның орнына көңіл-күй одағайлары келіп ойды ұштайды; 7. Одағайлар, негізінен диалогтар түрінде кездеседі [7, 279-280]. Одағай – адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатында ғана емес, амандасу, қоштасу, басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру, үй хайуандарын шақыру мағынасында қолданылатын интонацияға бай сөздер. Ал, жалпы түркі тілдер грамматикасын шолып өтер болсақ, олардан да одағай табиғатынан да жан-жақтылығын ашатын анықтама жоқтығын көреміз. Мысалы, А. Троянский «Краткая татарская грамматика» атты еңбегнде былай деп анықтама береді: «Междометия суть звуки голоса, коими, как бы невольно, выражается какое – либо ощущение, например, удивление, печаль» [8, 75]. А. Кононов «Морфологически недоразвитые слова, употребляемые при ощущений боли, страха, радости и тому подобгных случаях называются междометиями» десе [9, 167], А. Абдуллаев, С. Д. Джафаров «Учебник азербажанского языка» атты оқулықтарында «междометие есть часть речи, которая служит для выражения различных переживании и чувств» деп, одағайды морфология аясына жатқызады [10, 130].

«Междометие служат для выражения эмоциональных переживаний, неожиданных ощущений и звукоподражаний». Н. П. Дыренкова одағайды әртрлі сезімді білдіретін сөз ретінде қарады [11, 250]. Ал, Саков болса, одағайды «кез келген жанды қозғалысты білдіреді»-деген болатын [12, 151]. Қазақ грамматикасынан да біз осы тұжырымды көреміз. Мұнда одағай ішкі сезіммен жан дүниені анықтайды. Бұл анықтамалармен салыстырғанда, Л. Харитоновтың берген анықтамасы сәтті шыққан. «Междометиями называются неизменяемые слова, выражаящие ощущения, переживания и волевые реакций субъекта» [13, 70]. Бұл анықтама көңіл-күй одағайын да, императивті одағайды да қамтиды. Бірақ, тұрмыс-салт одағайлары енбеген. Мысалы: Рахмет! Хош! Құп! т.б. Бұл анықтаманы толықтырып, «а так же слова, выражающие общепринятые условности бытовых отнащений» - деп, аяқтайды Ш. Сарыбаев [14, 366].

Одағайдың мағыналық топтарын ажыратуда да зерттеушілер арасында бірізділік жоқ. Мысалы, тұңғыш ғалымымыз А. Байтұрсынов «Ілезік одағайы, елікту одағайы, шақырыс одағайы» [3, 261-262], Қ. Жұбанов «шаруашылық оджағайлары, қатынас одағайлары, көңіл одағайлары» деп бөлсе [2, 124-125], кейінгі лингвистеріміздің бірі А. Ысқақов «көңіл-күй, ишарат одағайлары» [6, 381], Ш. Ш. Сарыбаев пен Ә. Төлеуов «Көңіл-күй одағайлары, императивтік одағайлар, тұрмыс-салт одағайлары», деп ажыратады [5, 116-117]. Ал, С. Исаев «Көңіл-күй, жекіру, шақыру» деп мектеп оқулықтары бойынша береді [13, 130]. Осыған байланысты әр жерде одағайдың да түрлері әр түрлі. Көріп отырғанымыздай, бірінішден, одағай сөздерді мағыналық топтарға ажыратуда зерттеушілер арасында бірізділік жоқ болса, екіншіден ғалымдардың одағайға жатқызуында бір ғана принципті, яғни синтаксистік принципті ғана басшылыққа алғандықтары байқалады. Яғни, бұдан оқшау сөз ретінде қолданылатын әр бір сөзді одағай деп танимыз деген тұжырым шығады. Ал, осы синтаксистік белгісі арқылы одағай сөз тобына жатқызылып отырған кейбір мағыналық топтар (көңіл-күй одағайларынан басқалары) әдебиеттерде одағайларға адамның көңіл-күйіне байланыстырыла берілетін жалпы анықтаманың аясына сыймайды. Осыдан келіп, пікір қайшылығы туады, бұның себебі ғалымдардың одағайға анықтама бергенде семантикалық тұрғыдан келгенімен (одағай сөздер адамның әрқилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді атаймыз) нақты одағай сөздерді басқа сөз таптарынан ажыратқанда бір ғана көңіл-күй одағайларына қатысты мағыналық белгіні ескеріп, басқа топтарына келгенде тек синтаксистік тұрғыдан ажыратқандарында болып отыр.



Одағайды осылайша морфология аясында сөз табы ретінде, синтаксис аясында синтаксистік категория ретінде екі жақты қарастыру қазақ тіл білімінде жалғасып келеді. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматикада негізгі оқшау сөздер ретінде қыстырма, қаратпа сөздер мен одағай аталып, ескертпесімен қыстырма сөйлемдер де осы қатарға қосылады. Кітапта оқшау сөздер шеңберінде қаралатын одағай төмендегіше сипаттама беріледі: « Сөйлеуші айтылған ойға өзінің қатынасын тек қыстырма сөздер (және қыстырма тіркестер мен сөйлемдер) арқылы емес, одағайлар арқылы да беріледі. Сонымен қатар одағайлардың бір сыпырасын сөйлеуші басқа адамға (немесе адамдаға және хайуанаттарға) қарата әр қилы мақсатпен айтады. Сөйтіп, одағайлардың қайсысы да сөйлем мүшелерінің белгілі сұрақтарына жауап бермейді, деме, сөйлем ішінде оқшау тұрады» [1, 110]. Біздіңше, әр сөз табынан жасала беретін қаратпа, қыстырма сөздерді синтаксистік категория ретінде қарастыра отырып, сол межелегіш (критерий) шеңберіне сөз табы ретінде белгілі одағайды да сыйдыру дұрыс бола бермейді. Демек, зерттеу жұмысында болсын, оқыту процесінде болсын, түрлі межелеуіш тұрғысынан анықталған тілдік құбылыстарды бір терминмен атаудың жақсы нәтиже бермейтіндігі ескеріле отырып, бұл екі сөз табы да морфологиялық категория ретінде өз терминдерінде (одағай, модаль сөздер) қалып, ал синтаксиситік тұрғыдан екеуі де қыстырма бола алатындықтан оқшау сөздердің осы түрі ретінде қыстырма терминімен аталуы қисынды болмақ [14, 52]. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушның түрлі көзқарасымен түрлі көңіл-күйін білідіретін оқшау сөздер қыстырма деп аталады. Қыстырма модаль сөздер және одағай деп өз ішінен бөлінеді. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Модаль сөздерге мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді, сияқты, әлбетте т.б сөздер жатады [15, 402]. Сонымен одағай сөз табы. Жоғарыда айтылғандай одағай сөздерге берілген нақты анықтама жоқ. Одағайға анықтама берушілердің тек семантикалық тұрғыдан келуі, ал, оларды топтастыру кезінде синтаксистік принципке бағынуы түсінбеушілікке әкеліп отыр. Осы жағдайды ескере отырып біз одағай сөздерге мынадай анықтама беруді шештік: Түрліше көңіл-күйді білдіретін, адамға не жануарларға бұйыру, шақыру мақсатында айтылатын, сонымен бірге күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынас мақсатында жұмсалатын дәстүрімізге енген, өзгермейтін, сөйлемде әрдайым оқшау сөз ретінде қолданылатын сөз немесе сөз тіркесін одағай деп атаймыз. Одағайдың тіл білімін зерттеуші ғалымдардың көпшілігі келіскен мынадай үш түрі бар: 1. Көңіл-күй одағайы; 2. Императивтік одағай (адамға не жан-жануарларға бағышталған); 3. Тұрмыс-салт одағайлары.


Әдебиеттер тізімі


  1. Бегалиев. Г., Сауранбаев Н Қазақ тілінің грамматикасы. –А.: Қазмем. ОҚБ., 1948.-264б.

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –А.: Ғалым, 1999.-256б.

  3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А.: Ана тілі, 1992.-446 б.

  4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –А.: Санат, 1997.-240 б.

  5. Төлеуова Ә. Сөз таптарында. –А.: Мектеп, 1982.

  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –А.: Мектеп, 1991.-381 б.

  7. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. –А.: Қазақ университеті, 2008.-340

  8. Троянский А. Краткая татарская грамматика. -Казань, 1860.

  9. Кононов А. Грамматика турецкого языка. -Л., 1941.

  10. Абдуллаев А., Джафаров С. Д Учебник азербайджанского языка. -Баку, 1941.

  11. Дыренкова Н. П. Грамматика шорского языка. –М., 1941.-250 б.

  12. Харитонов Л. Неизменяемые слова в якутском языке. -Якутск, 1943.

  13. Исаев С. Қазақ тілі. –А.: Өнер, 2007.-208б.

  14. Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді топтастыру мәселесі. –А.: Ғылым, 2001.-68 б.

  15. Оразбаева Ф. Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасыбек Қ., Балтабаев Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. –А.: Print-S, 2005.-535 б.



Көру етістіктерінің грамматикалық тіркесімділігінің

когнитивтік жүйедегі сипаты
А.Қ.Сейдахметова,

қызметкер

Қазақстан, Астана

Тілдің басты қызметі – адамдар арасындағы қарым-қатынасты, ақпараттың тасымалдануын қамтамасыз ету болса, концептік зерттеулердің мақсаты – ақпараттың тілде пайда болу, сақталу, классификациялану, қозғалу, даму және түрлену жолдары мен сипатын табу, сол ақпараттың ұлттық сипаты мен жаратылыс сипатын жеткізу қабілеті мен тәсілдерін анықтау. Ақпараттың бір адамнан екінші адамға вербалды және бейвербалды жолдармен жеткізілетінін ескерсек, осы екеуінің арасындағы байланысты көру етістіктерінің грамматикалық тіркесімділігі тұрғысынан қарастыру қазақ тіліндегі етістіктердің лексика-грамматикалық қолданысындағы қызмет ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені барлық іс-қимылдың, соның ішінде ым-ишараның да тілде атауы болғандықтан, сол бірліктер қимылдың өзін атағанда сол қимылдың білдіретін қосымша мағынасын қоса бере ме, әлде керісінше қандай да бір ишара, қимыл, әрекеттің қосымша мағынасы біртіндеп тілдік бірліктің негізгі мағынасына үстеле ме деген сұрақтар туындайды. Жалпы бейвербалды қатынас түрлі ғылым салаларының назарында тұрған өз алдына ауқымды мәселе. Соның ішінде біздің қарастыратынымыз – көру етістіктері тіркесімділігінің когнитивтік жүйедегі сипаты.

В.Масалитин «Ғаламның тілдік бейнесіндегі «көз» концептісі» деген мақаласында «көз» концептісінің ғаламның тілдік бейнесіндегі алатын орнын анықтап, сипаттайды. Мақалада зерттеуші «көз» концептісін байқау, қарау, көр, көзқарас сөздерімен байланыстыра қарастырады [1, 107].

«Көру» концептісінде «адам», «социум және этнос», «дүниетаным», «сенім», «қашықтық», «уақыт», «білім», «табиғат», «түс», «өлшем», «эмоция», «тұрмыс», «қарым-қатынас», сияқты ұғымдар таңбаланады. Бұл ұғымдар өз алдына күрделі концептер болып табылады. Оларды жалпы тіл білімінде Н.Д.Арутюнова, Л.А.Жданова, Е.С.Кубрякова, Ю.С.Степанов, Д.С.Лихачев т.б. ғалымдар әртүрлі қырынан қарастырды.

Әлемнің тілдік бейнесінен адам баласының қолтаңбасын іздейтін антропоцентристік бағыт үшін бүтіндей АДАМ ұғымын жеткізетін сөздердің маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде, көру мағынасындағы етістіктер «адам» ұғымын таңбалайтын «көз» соматикалық атауының қызметімен байланысты болады. Қазақ тіліндегі «құлақ», «ауыз» концептілерінің де мәдени мазмұны терең. Олар даналық, ой, сана, мінез ұғымдарымен өте тығыз байланысты және адамның тұлғасын, оның болмысын танытудағы, қалыптастырудағы бұл концептердің мәні зор. Мәселен, айту мен естудің ортақ бірлігі «сөз», «көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді», «сөздің парқын білетін/білмейтін адам», «сөзің ақылды екендігіңді көрсетеді, үнемдемегенің екендігіңді көрсетеді» сияқты тілдік бірліктер де адам бейнесін таңбалап тұр. Оған тілден тағы да көптеген дәлелдер келтіруге болады. Бірақ олар тілде «көз» концептісі тәрізді «адам» деген ұғымды таңбалай алмайды. Көз де солар сияқты бір сезім мүшесі болғанымен, ол «адам», «тұлға» ұғымдарын таңбалайды. Мысалы: Көзі тұр ғой айтсын деді Сәду даусын қаттырақ шығарып (Б.Тілегенов). Бұл сөйлемде көз сөзі адамның өзін білдіріп тұр. Ал ол сабақты әр жазушының өз көзі болу керек дегеннен бастап еді (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемде өз көзі тіркесіміндегі көз сөзі адамның өзіндік ерекшелігі деген мағынада қолданылған. Қазақ тілінде адамның «көзі» деп өзін немесе керісінше «өзі» деп көзін атаудың негізділігі өте терең. Ол көзге қатысты көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда:

1. Адамның денсаулық жағдайы туралы ақпаратты толығымен оның көзі арқылы білуге болады.

2. Адамның тұрақты және уақытша психикалық жағдайы туралы ақпарат түгелімен ккөз арқылы анықталады.

3. Көз – адамның көңіл-күйі, қандай да бір заттарға, жағдайларға деген көзқарастары жөнінде ең көп ақпарат беретін мүше.

4. Көз арқылы адамның мінезін, білім деңгейін, өмірлік ұстанымдарының қандай екендігін білуге болады. Бір сөзбен айтқанда, көз – адамды толығымен таныта алатын дене мүшесі.

Адамзат танымында КӨЗ=АДАМ түсінігі қалыптасқан. Арнайы айтылмағанымен, ол жайлы адам санасында қалыптасып қалған ұғымдарды мынадай фактілер арқылы көрсетуге болады. Бір адам туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, оның бүркеншіктілігін сақтау қажет болса, адамның сол жағдайдағы, әрекет үстіндегі суреті, бірнеше суреті, тіпті бейнежазбасы беріліп отырса да, егер оның көзі қара түсті тіктөртбұрышпен жабылып тұрса, адардың жеке басының бүркеншіктілігі сақталды деп саналады. Сол сияқты балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдерде әлсіздерге болысатын жағымды кейіпкерлер де, жағымсыз кейіпкерлер де шабуылға өзі көретіндей ғана тесік қалдырылған таспамен көзін таңып барады. Түрлі жасырын өткізілетін рәсімдердегі адамдар негізінен қара түсті капюшоны бар киім киеді. Ол киім адамға еркін көруге, сөйлеуге, әркет етуге мүмкіндік береді, әрі көзін өзгелерге көрсетпей тұрады. Оның мұрны, аузы көрініп, дауысы естіліп тұрғанына қарамастан танылмай қалуы әбден ықтимал. Қазақ тілінде көнеден келе жатқан «өзі жоқтың көзі жоқ» тіркесінен осы деректерді көреміз. Адам өзі сол жерде болып, өз көзімен көрмегеннен кейін оған біреу айтып бергеннен ол мәліметті өзі көргендей толық біле алмайды. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деген мақал осыны құптайды.

Қазақ тілінде көз бен адамды идентификациялайтын бір ұғым бар, ол: көз көрген, көзін көрген. Көзін көрген – сол адаммен етене таныс болған, жақын араласқан, білетін адам. Көз көрген – бұрыннан білетін, етене таныс. Мысалы: Мұғалімдер мен тәрбиешілерлің ішінен көз көргендерінен ешбірі жоқ (С.Сарғасқаев). Бұл сөздер өзіне ыстық, өзі үшін қымбат адамдардың ортасына, құрбы-құрдасы мен аралас-құралас болған адамдарына қатысты айтылады. Берілген тіркесімдерде көру етістігі «көз» сөзімен тіркесіп, көз сөзінің концептілік жүйедегі орнын анықтайды. Бүкіл халыққа танымал ақын, жазушы, ғалым, өнер адамы, қоғам қайраткері болса, олардың өмірі туралы сөз етілгенде «көзін көрген» адамдарға ерекше мән беріліп, олардың естеліктері тыңдалады. Ал жеке адамға қатысты болғанда, әдетте өмірден озған үлкендерге қатысты айтылады. Адамға көзі тірісінде жақын болған адамдарды сол адамдардың бала-шағасы көзін көрген деп құрметтеп, жүздесіп отыруының келесідей мәні бар: 1. Жақын адамдардың бір-біріне қарауы өте көп болатындықтан ол адамдар арсында көзқарастардың өзге адамдармен қарым-қатынас жасауында қайталанбайтын өзіндік үлгілері қалыптасады. 2. Бір-бірінің көзін көріп араласқан адамдар арасында сөзбен айтылмаған көп ақпарат өтіп жатады. Сондықтан ол адамдар бір-бірін жақсы танып, көп нәрсені айтпай-ақ, түсіндірмей-ақ түсінетін болады. Бір-біріне ашқысы келмейтін сырлары болса да, көз көрісіп араласқандықтан бір-бірі жөніндегі мағлұматы аз болмайды. 3. Ең маңыздысы, адамның бүкіл көрген нәрсені санасы мен сана астарында таңбаланатындықтан ол үнемі өзі көзін көретін адамның қимылдарын, сөйлеу мәнерін, мақамын, ым-ишараларын бойны бейсаналы түрде сіңіре береді. Ол миына сіңіп кеткен соң өзінің де бойында сол адамдікіне ұқсамайтын қылық, әдет қалыптаса бастайды.

Сондықтан ұзақ, өте жақсы араласатын адамдардың сөйлегенінде, көзқарастарында, қимылдарында,ишараларында көп ұқсастық болады.

Әсіресе адам қайтыс болғанда, жақындары оның көзін көрген адамдарын көргенде көңілі босайды. Олармен жүздесіп, бас қосып отыруға тырысады. Оның себебін екі түрлі түсіндіруге болады. Біріншіден, адамдарға қорқыныш, қиыншылық, қайғыны көппен бірге көрген, бастан кешкен жеңілірек. Олар осы көзін көргендерін көргенде жоғарыда аталған факторлардың әсерінен сол адамды көріп отырғандай, ол мүлдем келмеске кетпегендей сезімге бөленеді. Сағынышпен басып, оны ортада жоқ екендігін бір сәт көрген адамдар олардың балаларына әке-шешесіндей мейірлене қарайды. Ал адамдарға сол сәтте дәл осындай көз жылуы аса қажет. Сондықтан қазақ халқында «әке-шешең өлсе де, көзін көрген өлмесін» дейді. Сондай-ақ адам өзі жақсы көретін адамы туралы айтқанда ол соншалық алыс емес сияқты көрінеді. Өйткені адам затты дүниеде қалаған, жақсы көрген нәрсесін сөз ету арқылы оған ойша жақындайды. Бұл адамның өиын сәттерде психикасына түсетін ауыртпалықты жеңілдететін табиғи рефлекс деуге болады. Екіншіден, мұсылман дінінде әке-шешесінің көзін көрген адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу да міндет саналады [2, 54].

«Көз», «көру» әрбір тілдегі үлкен, мазмұнды, ұлттық бедері айқын негізгі концептілердің бірі. Оның әмбебаптық та, бірегейлік те сипаты ұшан теңіз. Бейвербалды коммуникациядағы көздердің рөлі туралы да соны айтуға да болады. Осы тұста «көз» концептісінің мынадай бір сипатын атап кетуге болады: «көз» концептісіне өзге концептермен салыстырғанда ақпараттылық тән. Өйткені көз өздігінен-ақ мол ақпараттың көзі. Сондықтан да ол әрқашан күрделі зерттеулердің нысанында тұрады. Ал тілдегі «көз» концептінің аясында қарастырылатын көптеген бірліктер, қарап отырсақ, күрделі бейвербалды белгілер мен әрекеттерге сілтеме жасау арқылы өзінің семантикалық мағынасын қалыптастырып, дамытқан. Көру – адамның сыртқы ортаны қабылдауда ол жайлы түсінік қалыптастыруда ең басты қызмет атқарады. Ол адам өзін таныған кезде-ақ түсінікті болып, бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан да, тұрмыстық жағдайда да әбден қалыптасқан, дәлеледенген қағида. Көру – адамның ең бір нәзік, ең бір күрделі мүшесі көз арқыды жүзеге асады. Сондықтан көз жайлы айтқанда, біз оның көру қызметі жайлы, ал көру жайлы айтқанда көз мүшесі жайлы міндетті түрде сөз қозғаймыз. Бұл көру концептінің ең түйінді жерлерінің бірі. Олай дейтініміз көру концепті тілде негізінен «көру» және «көз» сөздері арқылы таңбаланады. Көру ұғымынан сонымен қатар «қарауды» бөліп қарау мүмкін емес. Көру концептінің құрылымы осындай қарапайым табиғи құбылыстарға негізделеді де, осы құрылымы арқылы өзінің жеке лексикалық қорын анықтайды.

«Көру» концептісіне енетін көптеген тілдік бірліктер халықтар физиогномика турасындағы білімін таңбалайды. Әрбір бірлік көптеген бақылаулардың, қорытылған білімнің нәтижесі. Психология ғылымының көптеген ережелері, заңдылықтары да осы тілдік таңбалардың астарында жатыр. Ол қазіргі кездегі ескілі-жаңалы түрлі ғылыми зерттеулердің халыққа осы бірліктер өмір сүре бастаған заманда-ақ белгілі болғандығының кепілі. Ол мәліметтер бұл тараудың аясынан, әрине, әлдеқайда ауқымды.

Көру концептісінде адамның төбе, бас, бет, жүз, қабақ, қас, көз, ауыз, құлақ, арқа, қол, тізе, табан тәрізді дене мүшелері таңбаланады. Бұл концептілердің ішінде «көз» концептісі көру үдерісімен тікелей байланыста болады. Сондықтан өзге соматикалық атаулар топ-топқа жіктеліп, мағынасы түсіндіріліп контексте беріледі де, көз мүшесіне қатысты таңбалар іштей «көздің сипаты және түсі», «көздің құрылысы», «көздің қызметі және көз кызметінің бұзылуы» сияқты топтарға бөлініп, көз концептіндегі көз бөлімінде жеке қарастырылады.

Көз концептісінде адамның дене мүшелері таңбалануы заңды құбылыс. Өйткені адамның көзінде барлық дене мүшелерінің, жалпы адам ағзасының жай- күйін көрсететін бірнеше нүктелер бар.

Төбе . Төбе көрсетті- көрініп, кездесіп тұрды. Мысалы: Төбе көрсеткен осы Ораз болғасын, Ғалия оған мұңын шақты (Т. Ахтанов).

Бас. Бас көрді- ақылшы санады, басшы етті. Мысалы: «Жалшының желі дауылдай- балақтың биті басқа өрді». Шатыраш Ораз аулынай, Құл- құтан соны бас көрді ( Ж. Молдағалиев). Бас көрсетті- кіріп-шығып, көзге түсіп жүрді. Мысалы: Оразбай мен оның әр үйде отырған балалары, бауыр- туыстары, құтын- қолаштары бас көрсету былай тұрсын іннен- інге тығылды (М. Әуезов).

Бет/ жүз. Бетін көрмеді- бармады, жоламады. Мысылы: Осы өткен үш жыл ішінде, біз тексерген елдердің бірден- бір ауру адамы дәрігер бетін көрмепті (С. Омаров). Мақсат үш жарым ай бойы кафедраның бетін көрмепті (М. Мағауин). Бет [ жүз] көрісу- дидарласу, жүздесу, жолығысу. Мысалы: Өзімізбен бірге туысқан елдің өмірімен жақын танысып, достық пікір алысу бет көрісу соңғы жылдарда тамаша тәстүрге айналған (С. Талжанов). Бет қаратпады – а) қатты суытты, үскірік аяз болды. Мысалы: Бет қаратпай ысқырып қара суық, бозаң тартып жатады дала суық (Ф. Оңғарсызова); ә) алдына жан келтірмейтіндей ызғарланды, сұстанды, қаһарланды. Мысалы: Абдолла Қаденнің бойында бет қаратпас жасырын бір күш бардай көрінді (Ж. Ғаббасов). Болыс болды, бетке адам қаратпады, Басқаны әкімдіктен жататпады (Д. Еркімбеков). Бет [ жүзіне] қарамады- бетің бар, жүзің бар демеді, аямады. Мысалы: Оның қазір түсі суық, ал осы отырған ешкімнің беті жүзіне қарайтын емес, ешкімді аяйтын емес (М. Даулетбаев). Беті бері қарады- а) аурудан жазыла бастады. Мысалы: Шүкір бері қарадым. Бірақ көтерем сияқтымын (Ғ. Мұстафин); б) райдан қайтты, ашу тарады, өкпесін басты, айтқанға көнді. Мысалы: Беті бері қарап, қол оң жайылғаннан бері өқарай, жыл сайын бестеп, ондап «жас иіс» жаңа талап рисалалар да тауып тұрды (С. Торайғыров).

Қас, қабақ. Қас –қабағына қарады- райын бақты, көңілін аулады. Ыңғайына көшті. Мысалы: Осы лкендердің бұйрығын күтіп, қас қабағына қарап жүрген жас жігіттердің ішінде Ербол бар ( М. Әуезов).

Құлақ. Көз көрмес, құлақ естімес- өте қашық жердің түбі. Мысалы: Сырым – көз көрмес, құлақ естімеске сені әкетті (М. Әуезов). Балқия көз тартар көрікті болмағанмен, заманымыздағы қазақ қыздарының ішіндегі еркін мінездісі, өткірі болды (Т.Ахтанов).

Ауыз. Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар. Мысалы: Баласы сұлу, ай десе аузы күндесе көзі бар (С. Көбеев). Аузына қарады- айтқанын тыңдады, сөзін екі етпеді, ырқынан шықпады. Мысалы: Ұзақтың Албан қарады ауызына , сиғызды бір тарының қауызына (І. Жансүгіров).

Арқа. Арқаны көрсетті- сырт айналды, қашты. Мысалы: Не болсада тәуекелге бел байлап, алысқан жауға арқаны көрсетпеуіміз керек болды (Қ. Қайсенов).

Қол. Қолға қарады- а) кіріптар тәуелді болды. Мысалы: «Құл болмас, сатып алмай» дегендейін, Қиын ғой жұрт болуың қолға қарап. Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа, Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап (С. Дөнентаев). ә) қорадағы шөпті қорек етті (малға айтылады). Мысалы: Бұл елдің шөбі таусылды дегені қашан! Малының қолға қарағаны қашан (С. Шәріпов).

Тізе. Тізе бүгіп көрмеген- демалып, тыныстауды білмеген, жұмыссыз отырмаған. Мысалы: Кішкентайынан ауыл маңына тізе бүгіп көрмеген ол бар қайратын жиып сайға қарай ұшып келеді (А. Мекебаев).

Табан. Алдыңғы соматикалық атаулар сияқты табан, дәл сол күйінде емес «табанды» туынды сөз құрамында келеді. Табанды сөзінің табан сөзіне негізделегендігі, екеуі бір сөзжасамдық тізбекте тұратындығы дәлелдеулерді қажет етпейді. Әрине, бұл тарихи сөзжасам тұрғысынан, бірақ, қазақ тілін жете түсінетін кез келген адамға ол түсінікті, сондықтан «табандылық көрсетті» тіркесін осы бөлімізнде қарастыра кетуде жөн көрдік. Табандылық көрсетті- тұрақтылық жасады. Мысалы: Жауынгерлер шыдамдылық, табандылық көрсетті, мен олардың командирімін (Б. Момышұлы).

Бейвербалды қарам-қатынастағы өзекті мәселелердің бірі – қарау-қарамау етістіктерінің тілдік жүйедегі қолданыс ерекшеліктері.

Адамның абстрактілі ойлау қабілетінің күштілігі оның сөйлеу кезінде ұзақ уақыт біреуге көз алмай қарай алуынан және көп көздердің өзіне қарап тұрғандығын көтере алуынан көрінеді. Керісінше, көзбен қабылдап отырған ақпарат алаңдататын болғандықтан шатасып қалудан және ойы бөлінуден қорқатын адамдар көзін алысқа тігеді. Әңгімелеушілер үшін әңгіме неғұрлым тартымды болса, соғұрлым олар бір-біріне қарай түседі. Сол сияқты әңгімелесушілер бір-бірін ұнататын болса да, біріне бірі көз айырмастан қарай береді. Адам өзіне ұнайтын, қызықты немесе қорқынышты нәрсені естіп қалғанда қарай қалады/жалт қарайды. Британ социофизиологы Майкл Эрджилдің пікірінше, екі адамның қызығушылығы бірдей болмағанда біреуінің (кейде жағымды әсер туғызатын) шамадан артық қарай беруін, көз алмай қарауын екіншісі тесіле қараған, сұқтана қараған сияқты қабылдауы мүмкін.

Қараудың мәні – зор, мазмұны – терең. Біреубідің біреуге қарағаны ашу, жағымсыз әсер туғызуының бір себебі: адам жансыз затқа, мақұлықтарға емін-еркін қарай береді, қарай алады. Біз көрмелерге, заттарға қалай қарасақ та еріктіміз, қарағымыз келгенше ұзақ қараймыз. Дүкенде сатылуға қойылған заттарды да қарап-қарап алғымыз келмеген жағдайда алмай кете береміз. Хайуанаттар саябағында жан-жануарларға қарап оларды бір-бірімізге қолмен көрсетіп, тамсанып немесе жиіркенішпен сөз ете береміз. Олармен санаспаймыз, өйткені біз оларды мақұлық деп есептейміз. Сондықтан біз адамды еркімізше көзбен тінтіп қарай бергеніміз, біз оны жаны жоқ нәрсеге немесе мақұлыққа теңеп тұрғанымыз, оны өзімізбен тең емес, кем санағанымызбен тең. Біз оның сезімімен, ойымен, ар-намысымен санаспағанымыз.

Көру мәнді сөздер жоғарыда аталған адамның дене мүшелерімен ғана лексика-грамматикалық тіркесімділікке түспей, үй жануарларына және адамның әртүрлі сезіміне байланысты сөздермен де лексика-грамматикалық тіркесімділікке түсетінін төмендегі мысалдар арқылы көруімізге болады:

Ит көрген мысықтың көзіндей қымсынбай қарау. Ит көрген мысықтың көзіндей қымсынбай қараған ойлы көккөз тура қарасып, аз ғана ұғысты да, үнсіз айырылысты (Ғ.Мүсірепов).

Сүзеген бұқаша қарау. – Мына екеуі жай келістіруші, - деп еді шал, жігіт ана кеуіне сүзеген бұқаша қарады (Ғ.Мұстафин).

Сүзетін бұқадай көзін аларту. Ал толық қара ернін салп еткізіп әйелге сүзетін бұқадай көзін аларта қойды (Х.Есенжанов).

Үріккен сиырдай бажыраю. Екінші көшір үріккен сиырдай бажырайды да қалды (І.Жансүгіров).

Самаладай сайрап көріну. Бұлақтың екі қапталына бытырай орналасқан шағын ауыл Құсайынның қорасынан самаладай сайрап көрінді (Қ.Жұмаділов).

Қыранша көз тастау. Қыранша көзін тастап жан-жағына, оралсам мен де өзімнің ауылыма (Айтыс).

Бүркітше көз тастау. Нұрым қатты қобалжып кетті, ат үстінен жан-жағына бүркітше көз тастап, бір орында отыра алмады (Х.Есенжанов).

Сүзеген малдай шүйіле қарау. Батыраш ол жігітке сүзеген малдай шүйіле қарап, сынай қалды (С.Жүнісов).

Түк көрмегендей. Тыста қабағын түйіп ызалы жүрсе, үйге кіргенде, түк көрмегендей болды (М.Әуезов).

Түрпідей қадалу. Ең сүйкімсіз құлаққа түрпідей қадалған қаңғырлақ дыбыстай болып танылды.

Көшеде таныс емес адаммен кезіккенде біз бірер сәтке оған қараймыз, бірақ көз тоқтатпаймыз, қарап қалмаймыз. Сол сияқты көлікке отырғанда да жол ақысын алушыға көз тастап қоямыз. Ол адамның «мен бұл жерде адам бар екенін көрдім, оны өзім сияқты адам деп есептеймін» дегені. Сол белгіленген мерзімнен артықтау қарай адамынң «біртүрлі/қызық көрінгенді» немесе «таныс көрінгендігі», одан асып кетсе сұқтану, қадалу дегенді білдіреді. Ол мерзім, қарайтын немесе қарамайтын жағдайлар түрлі мәдениетте әр түрлі болады. Оны белгілейтін фактордың бірі адамдардың көптігі. Адамның көзі, көзқарасы екінші адамды қуанта, аялай алғаны сияқты ренжіте де ашуландыра да алады. Бір сөзбен айтқанда, күн ұзақ бөтен адамдармен көздесе беру адамды шаршатады. Қарау, көру адамның жүйкесіне тікелей әсер ететіндігін көрсететін келесідей тіркестер бар: «көргім келмейді», «тіпті қарағым келмейді».

Олай қарау тілде сүзіле қарау, тесірейе қарау, қадала қарау, сұқтана қарау, ақшия қарау тіркестерімен беріледі. Бұл жағдайда қарау етістігі сүзіл, тесірей, қадал, сұқтан, ақши тәрізді етістіктермен лексика-грамматикалық тіркесімділікке түседі. Соның негізінде етістікті тіркесімдердің когнитивтік жүйедегі қызметі жүзеге асады.

Көру – адам танымының тірегі. Когнитивті процестерді олардың ерекшелігін қарастыруда, қай ғылым саласы, қандай аспекттен қарастырсақ та, сол зерттеу материалдарының астарында міндетті түрде көру, қарау сияқты мәселелер қоса қаралып отырады. Сондықтан қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы барлық тілдерде мазмұны терең, мәні үлкен, ұлттық сипаты ерекше компонент болып табылады.



Көр етістігінің лексика-грамматикалық тіркесімділігі тіл бірліктерінің концептілік қызметі анықтауда да ерекшеленеді. Көру етістігінің лексика-грамматикалық тіркесімділігі тілдің концептілік жүйесінде «көру» концептісінің жасалуына негіз болады. Ал «көру» концептісінің құрылымы мен лексикалық қоры негізінен «көз», «көр», «қара» сөздері арқылы анықталады.

Көру мәнді сөздер концептілік жүйеде адамның дене мүшелеріне, үй жануарларына және адамның әртүрлі сезіміне байланысты сөздермен лексика-грамматикалық тіркесімділікке түседі. Соның негізінде көру мәнді етістікті тіркесімдердің когнитивтік жүйедегі қызметі жүзеге асады.


Әдебиеттер тізімі


  1. Масалитин В. «Концепт глаза» в пусской языковой картине мира // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. -2001. №15, 107-111 б.б.

  2. Абдрахманова М.Б. «Көз» концепті: лингвомәдени және танымдық парадигмасы: филол.ғыл.канд. ... диссертациясы. – А., 2008.


АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Абдилов Әлібек – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты

Адилова Мөлдір Мақсатқызы – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының магистранты

Аймұхамбет Жанат ӘскербекқызыЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы

Айтуғанова Саулеш Шамшақызы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Акишева Алка Темирхановна – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты


1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет