Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.06 Mb.
бет3/6
Дата03.04.2016
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Тіл біліміне кіріспе»

БІРІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ






Тақырыптар

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

ХІХ ғ. қазақ әдебиеті тарихы курсына сәйкес Абай шығармашылығына жалпы шолу




Консултация

Тест


2

Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша кіріспе бақылау жұмысы

3,0

Тест

3

Абай өмірбаяны – абайтанудың негізгі саласы




Реферат

Тест


4

Абайтанудың алғашқы кезеңі

3,0

Семинар

Тест


5

Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы

1,0

Семинар

6

Абай өмірбаянының нұсқалары

3,0

Коллоквиум

Тест


7

М.Әуезов – абайтану саласының негізін қалаушы




Семинар

8

М.Әуезов және абайтану проблемалары

3,0

Ой – бөліс

Тест


9

М.Әуезов – Абай шығармаларын жинаушы

1,0

Дөңгелек үстел

Тест


10

М.Әуезов-Абай шығармаларының текстологы

2,0

Реферат

11

Абай шығармаларының таралу жолдары

1,0

Коллоквиум


12

Абай шығармаларының жазылу мерзімі

3,0

Ой – бөліс

Тест


13

Абай шығармаларының төңкеріске дейінгі жариялану жайы

1,0

Тест

14

Абай мұрасын зерттеуші-насихаттаушылар

2,0

Семинар

Тест


Барлығы: 23 + 7 = 30 балл

1-сабақ, 1-апта
1. Сабақтың тақырыбы

ХІХ ғ. қазақ әдебиеті тарихы курсына сәйкес Абай шығармашылығына жалпы шолу



2.Сабақтың жоспары

1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет

2. Абай шығармаларының зерттелуі

3. Ұлы ақын мұрасын танып бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі

4. Абай шығармаларының жанрлық ерекшеліктері

5. Абай өлеңдерінің идеялық - тақырыптық мазмұны

3. Сабақ түрі: Консультация
4. Теориялық мәліметтер

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев - өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің шындығын дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор мақсатқа меңзеді.

Дана ақын 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған.

Абайдың әкесі – Құнанбай - өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі, зерек ел ағасы, ірі тұлға.

Абайдың жас кезіндегі көңіл сергітіп, жүрегін жібіткен жылы құшақ кіші пейіл анасы – Ұлжанның мейірімді көңілі, көпті көрген әжесі Зеренің қойыны. Оқу жасына жеткеннен бастап, Абай ауыл молдасында, үйде оқыды. Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне, осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге оқуға түседі. Осы медресе имамы Ахметризаның қарауында оқиды. Абай бұл медресе оқуын да меңгеріп, үздік көзге түседі. Абай молдадан оқып жүріп, өз бетімен көп ізденеді. Сол кезде көп тарап жүрген Орта Азия және тәжік, парсы халықтарының ұлы ақындары-Науаи, Низами, Фердаусилер шығармаларымен танысады.

Семейде болған аз жыл ішінде Абай тек медресе маңын, діни қауымды танып қойған жоқ. Абайдың сезімтал, жас, ынталы жүрегі оған қаланы тегіс танытты. Ол қала халықтарын, оның мәдениеті, тұрмыстарын күнкөріс тіршіліктерін, даладан өзгешеліктерін, тағы басқа жақтарын түгел танып, зердесін өсіреді. Қала халқының бойындағы игі қасиеттерді Абай сол оқушы кезінің өзінде-ақ таниды. Аздаған уақыт орыс мектебіне қатысып, сабақ алады. Мұғалім жалдап, үйден де оқиды. Сөйтіп, орысша оқуға жан сала кірісіп, сол тілдің қиындылығына қарамастан, еңбектене жүріп, біраз хабар алады. Орыстың тілін, жазуын меңгеру арқылы Абай өзіне кең дүниенің есгін ашып, мол қазынаға қолын жеткізгендей болады. Енді, ол қалалық кітапханадан шықпай оқып, білімге бой ұрады.

Осылайша, қала өмірін танып, жаңа дүниенің есігін тауып, ішіндегі нәрді тата бастаған оқушы Абайды әкесі Құнанбай оқудан айырып, елге алып келеді. Енді ол Абайға өз “өнерін” үйренуді ұсынады. Ел билеу ісіне баулу мақсатымен оны ру арасы, ел іші дау-жанжал, айтыс-тартысына қосады.

Абай осы қалыппен қыр қазағы, әке көмекшісі болып қала берген жоқ. Ер жете келе, өз бетімен қалаға қайтып оралып, жиі келіп жүрді. Абай классикалық әдебиеттерді оқыған сайын көзі ашылып, өмірдің, қоғамның сырларына түсіне бастайды. Абайдың медреседен кейінгі оқу жолы осындай өз бетімен іздену, үйрену дәрежесінде болды. Алыстан араласқан Абай өзіне жаңа орта-тың жол тапты. 17-18 жастан 28-29 жасқа дейінгі Абайдың өмірі осындай өз бетімен іздену, ал ел өмірін зерттеу, халық даналығы мен батыс әдебиетін меңгеру жолында өтті. Көбіне үйде отырып, кітап оқып, өз ойларын жазып, оқығандарынан халық арасында әңгімелер айтып, өз қалауымен жүріп, іздене түседі. Осылайша, Абай тек отыз жастан асқан соң ғана өз көңіл қалауымен қызмет етеді. Абай осы кездерден кейін творчестволық қызметпен де айналыса түседі.

Ал, ер жетіп, ақыл тоқтатқан кезден бастап Абай жат тіл қолданып, жеңіл сөз айтудан аулақтай береді. Ол саралап сөз жиып, салмақпен тіл қатып, байсалды ой мен терең пікірлер қозғап отырады. Өз халқының тіл байлығын сарқа пайдалану мақсатын көздейді.

Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ қоғамының шын сырын ашты. Абайдың шығармалары - өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.

Абай шығармалары қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу арқылы ғана таралды. Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай Ысқақов бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құрманов дегеннің редакциясы бойынша Абайдың таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып шыққан-ды.

Россия географиялық қоғамы Абай туралы мәліметтерді ерте кезден-ақ бере бастады. 1906-1907 жылғы “Хабарларында” ақынның суретін және ол туралы мақала жариялады.

Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты. Бұл ғылымды негіздеудегі аса көрнекті ғалымымыз М.О.Әуезовтің еңбегін ерекше атап көрсету қажет. Ол қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образын жасаумен қатар, терең ғылыми-зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды. Ақын шығармаларын жинастырып, оның тұңғыш толық жинағын шығарды, Абайдың өмірі мен творчествосы туралы фактілерге бай, ғылым тұжырымдары дәйекті де терең , көлемді монография жарияланды.

Абайды зерттеу ісі қазір тек қазақ ғалымдарының ғана шұғылданар ісі болмай, бүкіл Одақ ғалымдарының төл ісіне айналып кетті. Абай шығармаларының басқа тілде басылулары мен ақын жайында шыққан жеке мақалалар мен кітаптар оны қалың қауымға бұрынғыдан да танымал ете түсті.

Абайдың лирикалық өлеңдері:


    • азаматтық көңіл-күй;

    • философиялық махаббат;

    • ғашықтық;

    • табиғат құбылыстары;

    • оқу, білім, ағарту;

    • тәрбие мәселелері;

    • ақындық өнері туралы.

Абай 35-40 жастар шамасында өзінің ақындық талантын таныта бастайды.

Абай қалада айлап жатып, еліне арбалап кітап алып қайтады. Семейге айдалып келген, патша өкіметіне қауіпті деген адамдармен де кездесіп, олармен ұзақ кеңесіп, ішкі қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді. Ол өлеңге жеңіл-желпі қарап, байларды мақтап, тілін безеп, мал үшін сатылып, өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды.

Абай ақынды өмір оқытушысы, үгітші, үлгі берер азамат жыршысы болуы керек деп білді. Өзі “көкірегі сезімді, тілі орамды” жастарға үлгі болды, оларға ақыл айтып, өлең жазудың тамаша шебер үлгілерін көрсетіп берді.

Абай шебер өлеңді, тәтті әнді мәдениеті жоғары, білімді ақын ғана бере алатынын ескертіп, “Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол-ақынның білімсіз бейшарасы” деп көрсетті.

Ақындық өнердің мақсатын, мәнін осылай терең түсінген Абай, өз кезіндегі әдебиетке батыл сын айтты.

Абай кезіндегі ел билеушілерге қарсы шығып, патшаның болыстық, билік тәртібін сынға алады. Олардың қылмыстарын бетіне басып, ел мұңын, халық тілегін білдіреді. Реңі кеткен қазақ елінің бейнесін айқын көрсете келіп, ол:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!...

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың,-

дейді.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Абайдың өміріне хронологиялық кесте түзу

2. Абайдың шығармаларына хронологиялық кесте түзу

3. Абай тәрбиесіне әсет еткен арналар

4. Абай және Шығыс әдебиеті

5. Абай және орыс әдебиеті

6. Абай поэзиясының тақырыптық мазмұны

7. Абай шығармаларының жанрлық ерекшеліктері

8. Абайдың табиғат лирикасы

9. Абайдың махаббат лирикасы

10. Абайдың саяси - әлеуметтік лирикасы

11. Абайдың мінез – құлық ерекшеліктеріне арналған лирикасы

12. Абайдың қара сөздері

13. Абайдың поэмалары

14. Абайдың аудармалары

15. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы




  1. Тест сұрақтары:

1. “Абай” журналына кімдер басшылық етті?

А) М. Әуезов, Ж. Аймауытов

В) М. Сералин, М. Жұмабаев

С) А. Байтұрсынов, И. Байзақов

Д) С. Мұқанов, М. Ізтөлин

Е) Ә. Тәңірбергенов, Ш. Құдайбердіұлы

А) 1992

В) 1993


С) 1991

Д) 1994


Е) 1990

2. М. Әуезов Абайдың толық мағынадағы шәкірттері деп қаншасын атайды?

А) 4

В) 5


С) 6

Д) 3


Е) 2

3. Абайдың ақын шәкірттері

А) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп

В) Көкбай, Ақылбай, Мухтар, Мағауия

С) Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Баймағамбет

Д) Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп

Е) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия

4. Абайдың ақын шәкірттерін сынаған өлеңі

А) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”

В) “Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы”

С) “Адамның кейбір кездері”

Д) “Келдік талай жерге енді”

Е) “Сен мені не етесің?”

5. ... Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз...” деп Абай қай шәкіртін сынаған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім
2-сабақ, 1-апта
1.Сабақтың тақырыбы

Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша кіріспе бақылау жұмысы


2. Бақылау түрі: Тест тапсырмасы

(3 б.)


3. Тест сұрақтары

1. М. Әуезов шығармашылығының беймәлім тұстары

А) Абайдың ақындық мектебі

В) Абай өмірбаяны

С) Абай поэмалары

Д) Абайдың нәзиралық шығармалары

Е) Қарасөздері

2. Өзінің шығармашылық өмірінде бір тақырып екі жақты қызмет атқаратын жазушы

А) М. Әуезов

В) Қ. Жұмаділов

С) С.Сейфуллин

Д) Ғ. Мұстафин

Е) Ғ. Мүсірепов

3. М. Әуезов Абай өмірі мен шығармасы туралы жұмыстарын қанша күрделі мәселе тұрғысынан жүргізіп отырған?

А) 8

В) 7


С) 3

Д) 2


Е) 9

4. М. Әуезовтің талантты шәкірті, аспиранты, Абайдың ақындық мектебін арнайы зерттеген ғалым?

А) Қ. Мұхамедханов

В) З. Қабдолов

С) В. Нұрғалиев

Д) Ә. Тәңірбергенов

Е) З. Бейсенғалиев

5. М. Әуезовтің “Абай ақындығының айналасы” атты мақаласы қай жылы жазылды?

А) 1934

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

6. М. Әуезовтің “Абайдың идеялық-мәдени ізденулері” атты мақаласы қашан жарық көрді?

А) 1934

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

7. М. Әуезовтің “Абайдың ақындық мектебі туралы” тезисі қашан шықты?

А) 1934

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

8. “Абайдың ақын шәкірттері” деп тұжымдалған концепция қай жылдары жоққа шығарылды?

А) 1950

В) 1949


С) 1940

Д) 1960


Е) 1930

9. Абайдың әдеби мұрасы жөнінде ғылыми айтыс қашан өткізілді?

А) 1951

В) 1941


С) 1952

Д) 1950


Е) 1961

10. Абайдың әдеби мұрасына айналған ғылыми айтыста кім баяндама жасады?

А) С. Мұқанов

В) Ғ. Мүсірепов

С) Ғ. Мұстафин

Д) Қ. Жұмаділов

Е) С. Бәйітов

11. “Абай мектебінің концепциясын” кім енгізді?

А) М. Әуезов

В) С. Мұқанов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мырзахметов

Е) Қ. Жұмалиев

12. Абайдың тұңғыш өмірбаяны М. Әуезовтің зерттеуінде қашан жарық көрді?

А) 1933

В) 1934


С) 1918

Д) 1939


Е) 1944

13. “Абай” журналы қай жылдары шықты?

А) 1918

В) 1920


С) 1917

Д) 1930


Е) 1933

14. “Абай” журналы қай қалада шыққан?

А) Семей

В) Ақмола

С) Қызылорда

Д) Шымкент

Е) Орынбор

3-сабақ, 2-апта


1. Сабақтың тақырыбы:

Абай өмірбаяны – абайтанудың негізгі саласы


2.Сабақтың жоспары:

1. Абай өмірбаянының ғылыми негізде жазылуы

2. К.Ысқақұлы – Абайдың тұңғыш биографы

3. М.Әуезов - биограф-ғалым



3. Бақылау түрі: Реферат
4. Реферат тақырыптары:

1. Абайдың өмір жолы

2. Абайдың шығармашылық жолы

3. Абай өмірбаянының тұңғыш биографы

4. Абай және Алаш зиялылары

5. К.Ысқақұлы – Абайдың тұңғыш биографы

6. М.Әуезов – биограф - ғалым

7. Абай өмірбаянының төрт нұсқасы

8. Абайтану саласының қалыптасуы

9. Абай мұрасының зерттелуі

10. Абай өмірбаянындағы тарихи деректер көзі

11. Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы Абай дәстүрі

12. Абай шығармларын насихаттаушылар

4-сабақ, 2-апта


1.Сабақтың тақырыбы:

Абайтанудың алғашқы кезеңі


2. Сабақтың жоспары:

1. Абай шығармаларының төңкеріске дейін зерттелуі

2. Абай мұрасын бағалауда рушылдық ой - сананың зардабы

3. Абай шығармаларын халық арасына танытушы өнер саңлақтары


3. Сабақ түрі: Семинар

(3 б.)
4. Семинар сұрақтары:


  1. Абайтану саласының қалыптасуы

  2. Абай-қазақ әдебиетінің классигі

  3. Қазақ поэзясына Абай әкелген жаңалықтар

  4. Абай поэзиясының революцияға дейінгі қазақ даласына әсері.

  5. ХІХ ғ. ІІ жарт. қазақ даласындағы қоғамдық, саяси, әлеуметтік жағдай.

  6. Абайды оның әдеби мұрасын дұрыс танып, бағалаудағы М. Әуезов шығармалары.

  7. Абайтану саласының қалыптасуына еңбек сіңірген ғалымдар.

8. Абай шығармаларының төңкеріске дейін зерттелуі

9. Абай мұрасын бағалауда рушылдық ой - сананың зардабы

10. Абай шығармаларын халық арасына танытушы өнер саңлақтары
5. Тапсырма: Семинар сұрақтарына жазбаша жауап дайындау

6. Тест тапсырмалары:

1. М. Әуезов шығармашылығының беймәлім тұстары

А) Абайдың ақындық мектебі

В) Абай өмірбаяны

С) Абай поэмалары

Д) Абайдың нәзиралық шығармалары

Е) Қарасөздері

2. Өзінің шығармашылық өмірінде бір тақырып екі жақты қызмет атқаратын жазушы

А) М. Әуезов

В) Қ. Жұмаділов

С) С.Сейфуллин

Д) Ғ. Мұстафин

Е) Ғ. Мүсірепов

3. М. Әуезов Абай өмірі мен шығармасы туралы жұмыстарын қанша күрделі мәселе тұрғысынан жүргізіп отырған?

А) 8

В) 7


С) 3

Д) 2


Е) 9

4. М. Әуезовтің талантты шәкірті, аспиранты, Абайдың ақындық мектебін арнайы зерттеген ғалым?

А) Қ. Мұхамедханов

В) З. Қабдолов

С) В. Нұрғалиев

Д) Ә. Тәңірбергенов

Е) З. Бейсенғалиев

5. М. Әуезовтің “Абай ақындығының айналасы” атты мақаласы қай жылы жазылды?

А) 1934

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

5-сабақ, 3-апта


1. Сабақтың тақырыбы:

Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы


2.Сабақтың жоспары:

1. Абай Құнанбайұлы(1845-1904).

2. Шығармашылық өмірбаяны.

3. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі.

4. Ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен үш арна.
3. Бақылау түрі: Семинар сабағы

(1 б.)

4. Теориялық мәліметтер:


Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев - өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің шындығын дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор мақсатқа меңзеді.

Дана ақын 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған.

Абайдың әкесі – Құнанбай - өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі, зерек ел ағасы, ірі тұлға.

Абайдың жас кезіндегі көңіл сергітіп, жүрегін жібіткен жылы құшақ кіші пейіл анасы – Ұлжанның мейірімді көңілі, көпті көрген әжесі Зеренің қойыны. Оқу жасына жеткеннен бастап, Абай ауыл молдасында, үйде оқыды. Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне, осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге оқуға түседі. Осы медресе имамы Ахметризаның қарауында оқиды. Абай бұл медресе оқуын да меңгеріп, үздік көзге түседі. Абай молдадан оқып жүріп, өз бетімен көп ізденеді. Сол кезде көп тарап жүрген Орта Азия және тәжік, парсы халықтарының ұлы ақындары-Науаи, Низами, Фердаусилер шығармаларымен танысады.

Семейде болған аз жыл ішінде Абай тек медресе маңын, діни қауымды танып қойған жоқ. Абайдың сезімтал, жас, ынталы жүрегі оған қаланы тегіс танытты. Ол қала халықтарын, оның мәдениеті, тұрмыстарын күнкөріс тіршіліктерін, даладан өзгешеліктерін, тағы басқа жақтарын түгел танып, зердесін өсіреді. Қала халқының бойындағы игі қасиеттерді Абай сол оқушы кезінің өзінде-ақ таниды. Аздаған уақыт орыс мектебіне қатысып, сабақ алады. Мұғалім жалдап, үйден де оқиды. Сөйтіп, орысша оқуға жан сала кірісіп, сол тілдің қиындылығына қарамастан, еңбектене жүріп, біраз хабар алады. Орыстың тілін, жазуын меңгеру арқылы Абай өзіне кең дүниенің есгін ашып, мол қазынаға қолын жеткізгендей болады. Енді, ол қалалық кітапханадан шықпай оқып, білімге бой ұрады.

Осылайша, қала өмірін танып, жаңа дүниенің есігін тауып, ішіндегі нәрді тата бастаған оқушы Абайды әкесі Құнанбай оқудан айырып, елге алып келеді. Енді ол Абайға өз “өнерін” үйренуді ұсынады. Ел билеу ісіне баулу мақсатымен оны ру арасы, ел іші дау-жанжал, айтыс-тартысына қосады.

Абай осы қалыппен қыр қазағы, әке көмекшісі болып қала берген жоқ. Ер жете келе, өз бетімен қалаға қайтып оралып, жиі келіп жүрді. Абай классикалық әдебиеттерді оқыған сайын көзі ашылып, өмірдің, қоғамның сырларына түсіне бастайды. Абайдың медреседен кейінгі оқу жолы осындай өз бетімен іздену, үйрену дәрежесінде болды. Алыстан араласқан Абай өзіне жаңа орта-тың жол тапты. 17-18 жастан 28-29 жасқа дейінгі Абайдың өмірі осындай өз бетімен іздену, ал ел өмірін зерттеу, халық даналығы мен батыс әдебиетін меңгеру жолында өтті. Көбіне үйде отырып, кітап оқып, өз ойларын жазып, оқығандарынан халық арасында әңгімелер айтып, өз қалауымен жүріп, іздене түседі. Осылайша, Абай тек отыз жастан асқан соң ғана өз көңіл қалауымен қызмет етеді. Абай осы кездерден кейін творчестволық қызметпен де айналыса түседі.

Ал, ер жетіп, ақыл тоқтатқан кезден бастап Абай жат тіл қолданып, жеңіл сөз айтудан аулақтай береді. Ол саралап сөз жиып, салмақпен тіл қатып, байсалды ой мен терең пікірлер қозғап отырады. Өз халқының тіл байлығын сарқа пайдалану мақсатын көздейді.

Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ қоғамының шын сырын ашты. Абайдың шығармалары - өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.

Абай шығармалары қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу арқылы ғана таралды. Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай Ысқақов бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құрманов дегеннің редакциясы бойынша Абайдың таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып шыққан-ды.

Россия географиялық қоғамы Абай туралы мәліметтерді ерте кезден-ақ бере бастады. 1906-1907 жылғы “Хабарларында” ақынның суретін және ол туралы мақала жариялады.

Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты. Бұл ғылымды негіздеудегі аса көрнекті ғалымымыз М.О.Әуезовтің еңбегін ерекше атап көрсету қажет. Ол қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образын жасаумен қатар, терең ғылыми-зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды. Ақын шығармаларын жинастырып, оның тұңғыш толық жинағын шығарды, Абайдың өмірі мен творчествосы туралы фактілерге бай, ғылым тұжырымдары дәйекті де терең , көлемді монография жарияланды.

Абайды зерттеу ісі қазір тек қазақ ғалымдарының ғана шұғылданар ісі болмай, бүкіл Одақ ғалымдарының төл ісіне айналып кетті. Абай шығармаларының басқа тілде басылулары мен ақын жайында шыққан жеке мақалалар мен кітаптар оны қалың қауымға бұрынғыдан да танымал ете түсті.

5. Бақылау сұрақтары:



1. Абай Құнанбайұлы(1845-1904) өмірінен мәлімет

2. Шығармашылық жолы

3. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі.

4. Ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен үш арна.

5. Абай және ауыз әдебиеті

6. Абайдың шығыстың рухани мұрасынан нәр алуы

7. Абай және орыс әдебиеті

8. Абайдың алғашқы өлеңдері
6-сабақ, 3-апта
1.Сабақтың тақырыбы:

Абай өмірбаянының нұсқалары


2. Сабақтың жоспары:

1. Абай өмірбаянының 1933 жылғы нұсқасы

2. 1940 жылы Абай өмірбаянының қайта жазылуы

3. 1945 жылғы Абай шығармаларының тұңғыш академиялық толық жинағы

4. Абай өмірбаянының төртінші, ең соңғы нұсқасы (1950ж.)
3. Бақылау түрі: Коллоквиум

(3 б.)

4. Тапсырма сұрақтары:


  1. 1924 жылы М. Әуезовтің Абай өмірі мен шығармаларын зерттеп, жинастыруда ерекше орны бар арифи кезең.

  2. М. Әуезовтің Абай өмірбаяны жайлы тұңғыш толық жинағы.

  3. 1933 Абай өмірбаяның тұғыш нұсқасындағы жарияланған өлеңдері.

  4. 1940 жылы Абай өмірбаяны жайлы жарияланған деректердің жалпы саны

  5. Абай өмірбаянының ең соңғы рет жазылған нұсқасы (1950ж.)

  6. Абай өмірі туралыАлаш зиялыларының пікірлері

  7. Абай шығармалары және «Қазақ» газеті

  8. А.Байтұрсыновтың Абай туралы мақаласы

  9. Н.Төреқұлов Абай шығармалары туралы

10. Ж.Аймауытов Абай туралы

5. Тест тапсырмалары:

1. М. Әуезовтің “Абайдың идеялық-мәдени ізденулері” атты мақаласы қашан жарық көрді?

А) 1934

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

2. М. Әуезовтің “Абайдың ақындық мектебі туралы” тезисі қашан шықты?

А) 1934

В) 1939


С) 1935

Д) 1930


Е) 1944

3. “Абайдың ақын шәкірттері” деп тұжымдалған концепция қай жылдары жоққа шығарылды?

А) 1950

В) 1949


С) 1940

Д) 1960


Е) 1930

4. Абайдың әдеби мұрасы жөнінде ғылыми айтыс қашан өткізілді?

А) 1951

В) 1941


С) 1952

Д) 1950


Е) 1961

5. Абайдың әдеби мұрасына айналған ғылыми айтыста кім баяндама жасады?

А) С. Мұқанов

В) Ғ. Мүсірепов

С) Ғ. Мұстафин

Д) Қ. Жұмаділов

Е) С. Бәйітов

7-сабақ, 4-апта


1. Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов – абайтану саласының негізін қалаушы


2.Сабақтың жоспары:

1. М.Әуезовтің абайтану саласын негізін қалаудағы еңбектері

2. Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуы

1. Абай шығармаларын түпнұсқа қалпына келтіруі

2.Абай шығармалары туралы текстологиялық ізденістері
3. Сабақтың түрі: Семинар сабағы
4. Теориялық мәліметтер:

Абай шығармалары мен ақын өмірбаянын арнайы зерттеуді 20-жылдар басында саналы түрде қолға ала бастаған М. Әуезов ұлы мұраны тереңірек танып, түбегейлі меңгеру жолында сүйенер түпнұсқа дерек көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да, ерте сезінді. 1924-жылдың ішінде – ақ Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып, жариялауда алдымен қолға алды. Тұңғыш толық жинақты құрастыру процесінде асыл түпнұсқа ретіндегі Мүрсейіт Бикеұлының қолжазба көшірмесінде хатқа түскен Абай өлеңдері мен әлі де хатқа түспей санаулы кісілер санасында сақталып келе жатқан, көпшілікке беймәлім шығармалары мен аса күрделі текстологиялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі көлденең тұрды.

Абай шығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен автор ақын мұрасын қамтыған деректер көзі мен текстологиялық зерттеулерді ақын өмірі мен шығармалары жайлы ғылыми еңбектер жазу жұмысымен бірлікте жүргізді. М. Әуезов Абай мұрасын зерттеуді о баста-ақ бөліп жармай, тұтас алып, қарастыруды мақсат еткен. Абайтану саласында атсалысқан замандастары арасында М. Әуезов ақын шығармаларын хронологиялық принцип негізінде тұтас қамти зерттеуімен де дараланады.

М.Әуезов Абай мұрасы жайлы зерттеулерінде асыл түпнұсқаға тірек негіз болар сан қилы деректер көзіне айрқыша көңіл бөлді. Бірақ сол ортада туып, сол жерде өссе де, Абай қолымен жазылған асыл түпнұсқа қолға түспеді. Абай қолымен жазылып қалды деген автограф ретіндегі бір ғана хат пен “Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” деген шығармасының бір бөлігі ғана (2-бет) сақталған да қалған автограф түгелдей бүгінгі ұрпақ қолына жетпей қалды. Осы себепті М. Әуезов Абай шығармаларының асыл түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба ретінде таратыла бастаған Мүрсейіт Бикеұлы топтастырған көшірмелерді пайдаланған. Мүрсейіт көшірмелерінің өзі (қазір қолда бары 1905, 1907, 1910 ж. Қолжазбалар) көптеген текстологиялық ақаулықтарға жол беріп алған. Мұнда, біріншіден, Абай шығармалары толық қамтылғаны көрініп тұр. Екіншіден, кейбір өлеңдері орынсыз біріктіріліп, кейбіреулері орынсыз, ретсіз бөлек өлең ретінде берілетін жерлері де ұшырасады. Үшіншіден, қолжазбада Абай қаламынан тумаған беймәлім өлеңдер де орын алған. Төртіншіден, ең маңызды нәрсе – Абай шығармаларының жазылу мерзімі, жылдары да көрсетілмеген.

Міне, М. Әуезов осы олқылықтарды ескере отырып, Абай мұрасын түпнұсқа қалпына келтіру жолында тірек етіп сүйенер қосалқы деректер көзін дер кезінде ізденіп, мүлде ұмытылып, жоғалуға айналған Абай шығармаларын қалпына келтіруде теңдесі жоқ текстологиялық жұмыстар атқаруға кірісті. Бұл жолда Абай маңында үнемі болып, көп үлгі, өнеге алған үзеңгі жолдастары мен ақын шәкірттері қызу атсалысып, мол еңбек сіңірді. М. Әуезов осылардың санасында жатқа қалу арқылы сақталып қалған 45 өлеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Абай шығармаларын текстологиялық жақтан салыстырып зертеу жолында ертеде Мүрсейіт, Самарбай, Дайрабай сияқты қарттар арқылы көшіріліп жазылған қолжазбаларды Абай ауылының қыздары Уәсила, Әсия, Рахила, Ғалия, Рабиға, Қаныштардың қолында сақталаған нұсқалармен де танысқанға ұқсайды. Міне, Абай мұрасын асыл түпнұсқа қалпына келтірудегі деректер көзінің бір саласы осы аталып өткендермен шектеледі.

2.М. Әуезов ақын мұрасын жинау, текстологиялық жағынан зерттеуде Абай шығармаларының революцияға дейінгі таралу жолдарын да анықтап, оларға деректер көзі ретінде сүйеніп отырғаны байқалады. Зерттеушінің анықтауынша, революцияға дейін Абай шығармалары үш түрлі жолмен: а) баспасөз арқылы; ә) қолжазба – көшірме күйінде; б) ел арасында ауызша жатқа алынып тараған.

М. Әуезов Абай мұрасына ерте көңіл бөліп, оны жинастыру, деректер жию, жариялау, зерттеу процесінде негізгі қайнар көздері ретінде пайдаланған тірек- негіз іспетінде ұстанған арналары бар.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Мұхтар балалық шағында Абай өлеңдерін жатқа білуі

2. Абай өмірі жайлы мәлімет жинауы

3. Абай шығармалары туралы ізденуі

4. Абай өлеңдерін жинауы

5. Өлеңдерді түпнұсқа қалпына келтіруі

6. Мүрсеиіт қолжазбасын негізге алуы

7. Абай шығармаларын жинауда Көкбай еңбегін бағалауы

8. Абай туралы ғылыми зерттеу жүргізуі

9. «Абай Құнанбаев» монографиясының тарихи мәні

10. Абай туралы көркем шығармалар жазуы

8-сабақ, 4-апта


1.Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов және абайтану проблемалары


2. Сабақтың жоспары:

1. Абайтанудың проблемалық мәселелері:

- Абай мұрасына байланысты жәдігертану;

- Абай шығармалары туралы текстологиялық редакция жұмыстары;

- Абайдың ғылыми өмірбаяны;

- Абай шығармаларының халықтығы;

- Абай шығармашылығының орыс әдебиетіне қатысы;

- Абай шығармашылығының шығысқа қатысы;

- Абай айналасындағылар мен оның әдеби ортасы;

- ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі мәселесі;

- Қазақ кеңес әдебиетіндегі Абай дәстүрінің жайлары.


3. Бақылау түрі: Ой бөліс

(3 б.)
4. Тапсырма сұрақтары:
1. Абайтанудың проблемалық мәселелері туралы не айтамыз

2. Абай мұрасына байланысты жәдігертану жұмыстары

3. Мүрсеиіт қолжазбаларының тарифи ролі

4. Абай шығармалары туралы текстологиялық редакция жұмыстарын кімдер

жүргізді

5. Абайдың ғылыми өмірбаянын тұңғыш кімдер жазды

6. Абай өмірбаянының нұсқалары

7. Абай шығармаларының халықтығы

8. Абай шығармашылығының орыс әдебиетіне қатысы;

9. Абай шығармашылығының шығысқа қатысы;

10. Абай айналасындағылар мен оның әдеби ортасы;

11. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі мәселесі;

12. Қазақ кеңес әдебиетіндегі Абай дәстүрінің жайлары.

13. Абай шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

14. Абай ілімінің қалыптасу тарихы

15. Абайдың діншілдігі жайлы М. Әуезовтің пікірі.

16. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі.

17. Абай мұрасы жөнінде қазақ зиялыларының айтқан пікірлері

18. Ақынның 100, 150 жылдық мерекесі тұсындағы абайтану ғылымына

қосылған үлестер.


5. Тест тапсырмалары:

1. “Абай мектебінің концепциясын” кім енгізді?

А) М. Әуезов

В) С. Мұқанов

С) Қ. Мұхамедханов

Д) М. Мырзахметов

Е) Қ. Жұмалиев

2. Абайдың тұңғыш өмірбаяны М. Әуезовтің зерттеуінде қашан жарық көрді?

А) 1933

В) 1934


С) 1918

Д) 1939


Е) 1944

3. “Абай” журналы қай жылдары шықты?

А) 1918

В) 1920


С) 1917

Д) 1930


Е) 1933

4. “Абай” журналы қай қалада шыққан?

А) Семей

В) Ақмола

С) Қызылорда

Д) Шымкент

Е) Орынбор

5. “Абай” журналына кімдер басшылық етті?

А) М. Әуезов, Ж. Аймауытов

В) М. Сералин, М. Жұмабаев

С) А. Байтұрсынов, И. Байзақов

Д) С. Мұқанов, М. Ізтөлин

Е) Ә. Тәңірбергенов, Ш. Құдайбердіұлы

9-сабақ, 5-апта


1. Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов - Абай шығармаларын жинаушы


2. Сабақтың жоспары:

1. М.Әуезовтің Абай мұрасын 20- жылдар басында жинай бастауы

2. 1924-25 жылдар аралығында Семейде Абай мұрасынан дәріс оқып

шығармаларын толықтыра түсуі

3. Ташкент оқу орындарында Абай шығармаларын жинаумен айналысуы

4. Абайдың қайтыс болуының 20 жылдығына арнап әдеби кеш ұйымдастыруы

5. Абай еліне деректер іздестіру мақсатымен дүркін – дүркін баруы.

6. 1943 жылы арнайы экспедиция ұйымдастыруы

7. Абайдың мерейтойларын ұйымдастыруы
3. Сабақ түрі: дөңгелек үстел

(1 б.)

4. Пікірталас сұрақтары:

1. Абай мұрасының жиналуы

2. М.Әуезовтің Абай мұрасын 20- жылдар басында жинай бастауы

3. 1924-25 жылдар аралығында Семейде Абай мұрасынан дәріс оқып

шығармаларын толықтыра түсуі

4. Ташкент оқу орындарында Абай шығармаларын жинаумен айналысуы

5. Абайдың қайтыс болуының 20 жылдығына арнап әдеби кеш ұйымдастыруы

6. Абай еліне деректер іздестіру мақсатымен дүркін – дүркін баруы.

7. 1943 жылы арнайы экспедиция ұйымдастыруы

8. Абайдың мерейтойларын ұйымдастыруы

9. 1944 жылы ұйымдастырылған экспедиция

10. «Тіл - әдебиет» институты ұйымдастырған экспедиция



5. Тест тапсырмалары:

1. “Абай” журналы қай жылдан бастап қайта шығарыла бастады?

А) 1992

В) 1993


С) 1991

Д) 1994


Е) 1990

2. М. Әуезов Абайдың толық мағынадағы шәкірттері деп қаншасын атайды?

А) 4

В) 5


С) 6

Д) 3


Е) 2

3. Абайдың ақын шәкірттері

А) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп

В) Көкбай, Ақылбай, Мухтар, Мағауия

С) Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Баймағамбет

Д) Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп

Е) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия

4. Абайдың ақын шәкірттерін сынаған өлеңі

А) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”

В) “Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы”

С) “Адамның кейбір кездері”

Д) “Келдік талай жерге енді”

Е) “Сен мені не етесің?”

5. ... Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз...” деп Абай қай шәкіртін сынаған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім
10-сабақ, 5-апта
1.Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов-Абай шығармаларының текстологы


2. Сабақтың жоспары:

1. М.Әуезовтің Абай шығармаларын бастапқы түпнұсқа келтіру жолындағы

ізденістері

2. Текстологиялық ізденістердің түрлері

3. Абай басылымдарын шығару жолы

4. М.Әуезовтің тікелей басшылығымен шыққан толық жинақтары


3. Бақылау түрі: Реферат тапсырмасы

(2 б.)
4. Тапсырма сұрақтары:

1. М.Әуезов-Абай шығармаларының текстологы

2. Текстологиялық ізденістердің түрлері

3. Абай басылымдарын шығару жолы

4. М.Әуезовтің тікелей басшылығымен шыққан толық жинақтары

5. 1909 жылы шыққан Абай жинағы

6. 1933 жылы шыққан Абай шығармаларының жинағы

7. 1957 жылы шыққан толық жинақ

8. Абай өлеңдеріндегі сөз өзгерістерін анықтау жолдары

9. Абай өлеңдерінің жазылу мерзімін анықтау

10. Абай поэзиясының өрнек-үлгісін қалыптастыру

11. Абай шығармаларындағы арнау өлеңдерінің жазылу сыры

12. Абайдың өмірбаяндық деректерін екшеу тәсілдері

11-сабақ, 6-апта


1. Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларының таралу жолдары

2. Сабақтың жоспары:

1. Ақын шығармаларының таралу жолдарының сан алуан:

- қолжазба көшірмелер арқылы таралуы;

- Мүрсеиіт көшірген қолжазбалар;

- ақын шығармаларын көшіруді дәстүрге айналдырған Абай айналасындағылар;

- Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағы;

- Абай шығармаларының баспа көзі арқылы таралуы;

- Абай шығармаларының ауызша таралуы;

- Абай шығармаларын танытудағы Көкбайдың тарихи қызметі.

2. Абай шығармаларын танытып, таратуда М.Әуезовтің ғылыми – шығармашылық

еңбегі
3. Сабақ түрі: Коллоквиум

(1 б.)

4. Бақылау сұрақтары.

1 Ақын шығармаларының таралу жолдары

2. Ақын шығармаларының қолжазба көшірмелер арқылы таралуы

3. Мүрсеиіт көшірген қолжазбалар

4.Ақын шығармаларын көшіруді дәстүрге айналдырған Абай айналасындағылар

5. Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағы

6. Абай шығармаларының баспа көзі арқылы таралуы

7. Абай шығармаларының ауызша таралуы

8. Абай шығармаларын танытудағы Көкбайдың тарихи қызметі

9. Абай шығармаларын танытып, таратуда М.Әуезовтің ғылыми – шығармашылық

еңбегі


10. Абай шығармаларын әнші – ақындардың таратуы
12-сабақ, 6-апта
1.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларының жазылу мерзімі

2. Сабақтың жоспары:

1. Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтауға жүргізілген жұмыстар кезеңі

2. Бірінші кезең 1908 жылы жүргізілген

3. Екінші кезең 1924-27 жылдар аралығында жүргізілді

4. Абай өлеңдерінің жыл мерізімдерін анықтауда ақын шәкірттерінің еңбектері

5. М.Әуезов қолынан өткен Абай басылымдары

6. Абай өлеңдерін тақырыптық жағынан жіктей топтастыруы
3. Бақылау түрі: Ой – бөліс, дебат

(3 б.)

4. Тапсырма сұрақтары:

1. Абай шығармаларының тұңғыш жинақтары

2. Алғашқы жинақтарда кеткен кемшіліктер

3. 1909 жылғы басылымда кеткен кемшіліктер

4. 1922 жылғы басылымда кеткен кемшіліктер

5. Алғашқы жинақтардың сапасы жайлы Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, М.Әуезов сындары

6. Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтауға жүргізілген жұмыстар кезеңі

7. Бірінші кезең 1908 жылы жүргізілген

8. Екінші кезең 1924-27 жылдар аралығында жүргізілді

9. Абай өлеңдерінің жыл мерізімдерін анықтауда ақын шәкірттерінің еңбектері

10. М.Әуезов қолынан өткен Абай басылымдары

11. Абай өлеңдерін тақырыптық жағынан жіктей топтастыруы

12. Абай мұрасын зерттеушілер
5. Тест тапсырмалары:

1. ... Мұнда жан “алтын иек сара ала қыз...” деп Абай қай шәкіртінің өлеңін сынап отыр?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

2. ... Кәрілікті жамандап, өлім тілеп... деген Абайдың жыр жолдары қай шәкіртін сынауға арналған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

3. “Қазақ елінің ескі өмірін жырлаушы ақын”,- деп Абайдың қай шәкіртін айтамыз?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

4. Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі, жасы үлкені әрі ұзақ жасағаны?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

5. Абайдың ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы шәкірті

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

13-сабақ, 7-апта


1.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларының төңкеріске дейін жариялану жайы
2. Сабақтың жоспары:

1. Абай әдеби мұрасының баспасөзде біршама жариялануы

2. Абай мұрасын танытуда „Дала уәлаяты” газетінің ролі

3. „Дала уәлаяты” газетінде жарияланған өлеңдер тағдыры

4. Абайдың „Ескендір” дастанының жариялануы

5. Абай шығармаларының қолжазба, көшірмелер арқылы таралуы

6. Абай шығармаларының ауызша жатқа айту арқылы таралуы

7. Қазанда басылған „Кнәз блан Зағифа” қиссасында кездесетін Абай өлеңдері

8. „Насихат - Қазақия” жинағында кездесетін Абай өлеңдері
3. Бақылау түрі: Тест

(1 б.)

4. Тест сұрақтары:

1. ... Мұнда жоқ “алтын иек сара ала қыз...” деп Абай қай шәкіртінің өлеңін сынап отыр?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

2. ... Кәрілікті жамандап, өлім тілеп... деген Абайдың жыр жолдары қай шәкіртін сынауға арналған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

3. “Қазақ елінің ескі өмірін жырлаушы ақын”,- деп Абайдың қай шәкіртін айтамыз?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

4. Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі, жасы үлкені әрі ұзақ жасағаны?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

5. Абайдың ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы шәкірті

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

6. Қазақ тарихынан сюжеттік поэма жанрын дамытуға үлес қосқан қаламгер

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

7. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” поэмаларының авторы

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

8. Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр” поэмасы қай жылы жарық көрді?

А) 1912

В) 1914


С) 1910

Д) 1913


Е) 1915

9. Шәкәрім шығармасының мына бір үзіндісі қай поэмадан алынды?

... Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, жаза қайсы,

Аларсың көп ғибрат байқағаның...

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”

Е) “Жүсіп-Зылиқа”

10. Шәкәрімнің тікелей Абай ықпалымен жазған поэмасы

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”

Е) “Жүсіп-Зылиқа”

11. Тарих алдындағы еңбегі зор ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

12. 1950 ж. Абайтану тарихында М. Әуезовті қай ақын шәкіртіне байланысты қаралады?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

13. “Саяси беті теріс, керітартпа, діндар ақын”, - деп Абайдың қай шәкіртін жаралады?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

14. “Сабалақ” поэмасының авторы

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

15. “Сабалақ” поэмасының негізгі идеясы

А) хандықты дәріптеу

В) еңбекке үндеу

С) адамгершілікті уағыздау

Д) махаббатты ту ету

Е) табиғатты қорғау

16. “Сабалақ” поэмасының негізгі кейіпкерлері

А) Кенесары, Наурызбай

В) Абылай, Бөгенбай

С) Жәңгір, Махамбет

Д) Абылай, Райымбек

Е) Абылай, Бұхар

17. Абай айналасындағы шәкірттердің ішінде өзгелерінен ұзағырақ өмір сүріп, бертінде қайтыс болған ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

18. Абай өмірі мен шығарашылығына байланысты аса құнды деректер берген ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

19. Абайдың ақын шәкірті, үзеңгілес досы

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

20. “Көкбайдың ақындығы” деген мақала жазған ғалым?

А) М. Әуезов

В) Қ. Мұхамедханов

С) М. Мырзахметов

Д) С. Мұқанов

Е) М. Мағауин
14-сабақ, 7-апта
1.Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасын зерттеуші - насихаттаушылар

2. Сабақтың жоспары:

Абай мұрасын халықтық тұрғыдан бағалаған қайраткерлар;

- Ә.Бөкейханов;

- Зейнелғабиден ибн Әміре әл –Жауһари;

- К.Ысқақұлы;

- С.Торайғыров;

- С.Әбішұлы;
3. Бақылау түрі: Сұрақ – жауап

(3 б.)
4. Бақылау сұрақтары:

1. Абай мұраларын насихаттау жолдары

2. Абай шығармаларының қолжазба, көшірмелер арқылы насихатталуы

3. Абай шығармаларының ауызша жатқа айту арқылы таралуы

4. Абайдың өлеңдерін таратуда ақын – шәкірттерінің еңбегі

5. Қазанда басылған „Кнәз блан Зағифа” қиссасында кездесетін Абай өлеңдері

6. „Насихат - Қазақия” жинағында кездесетін Абай өлеңдері

7. Абай мұрасын халықтық тұрғыдан бағалаған қайраткерлар;

8. Ә.Бөкейхановтың мақаласы

9. Зейнелғабиден ибн Әміре әл –Жауһаридің жинағы

10. К.Ысқақұлы шығарған 1909 жылғы жинақ

11. С.Торайғыровтың өлеңдеріне Абай ықпалы

12. С.Әбішұлының Абай мұраларын насихаттаудағы еңбегі

4. Тест тапсырмалары:

1. Қазақ тарихынан сюжеттік поэма жанрын дамытуға үлес қосқан қаламгер

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

2. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” поэмаларының авторы

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

3. Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр” поэмасы қай жылы жарық көрді?

А) 1912

В) 1914


С) 1910

Д) 1913


Е) 1915

4. Шәкәрім шығармасының мына бір үзіндісі қай поэмадан алынды?

... Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, жаза қайсы,

Аларсың көп ғибрат байқағаның...

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”

Е) “Жүсіп-Зылиқа”

5. Шәкәрімнің тікелей Абай ықпалымен жазған поэмасы

А) “Еңлік-Кебек”

В) “Қалқаман-Мамыр”

С) “Нартайлақ-Айсұлу”

Д) “Ләйлі-Мәжнүн”



Е) “Жүсіп-Зылиқа”



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет