Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №365 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



жүктеу 1.1 Mb.
бет1/6
Дата28.04.2016
өлшемі1.1 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: uploads -> files
files -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 365 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 15-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған:

«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру» стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (М.Е. Шоранов):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 



Министр

С. Қайырбекова

 

Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау министрінің

2013 жылғы 26 маусымдағы

365 бұйрығымен



бекітілген

 

 



Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және
санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру

стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету шарттары мен тәртібіне қойылатын негізгі талаптар «Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 қаулысымен айқындалған.

3. Осы Стандарт жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметтерін көрсететін ұйымдардың құрылымы мен жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек көрсету тәртібін, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация мамандарының қажетті кәсіптік білім деңгейін айқындайды.

4. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) азаматтарға шұғыл медициналық араласуды талап ететін жай-күй кезінде көрсетіледі және аумағына, ведомстволық бағыныстылығына және жеке меншік нысанына қарамастан медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

5. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек (бұдан әрі - СА) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға санитариялық авиация ұтқыр бригадалары шұғыл, білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету түрінде көрсетіледі.

6. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін стационарға жеткізуді талап ететін жай-күйге Қағидалармен бекітілген шақырулардың жеделдігі санатының тізбесіне сәйкес шақыру себептері жатады.



7. Осы Стандартта мынадай терминдер мен түсініктер пайдаланылады:

жедел медициналық көмек бригадасы - емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде науқастар мен емдеуге зардап шеккендерге тікелей ЖМК көрсететін жедел медициналық көмек станциясының (кіші станциясының, бөлімшесінің) құрылымдық-функционалды бірлігі;

диспетчер - жедел медициналық көмек және санитариялық авиация көрсету бойынша азаматтардың өтініштері туралы ақпаратты беру және оны қабылдау, өңдеу функцияларын жүзеге асыратын («емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы және «жедел медициналық көмек» мамандығы бойынша сертификаттары бар орта медициналық білімі бар маман) медициналық ұйымның қызметкері;

санитариялық авиация ұтқыр бригадасы (бұдан әрі - САҰБ) - санитариялық авиация нысанында науқастар мен зардап шеккендерге тікелей шұғыл, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және консультациялық-диагностикалық медициналық көмекті көрсететін санитариялық авиация бөлімшесінің құрылымдық-функционалдық бірлігі;

жедел медициналық көмек ұйымы - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда ересек және балалар халқына өмірінің жай-күйіне қауіп туындайтын (пациенттер мен (немесе) оның айналасындағыларға), жазатайым оқиғалар, жіті ауыр аурулар жағдайында тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;

жедел медициналық көмек бөлімшесі - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда оның негізгі қызметі шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылатын аудандық (қалалық) ауруханалардың (емханалардың) құрылымдық бөлімшесі;

санитариялық авиация бөлімшесі - санитарлық авиация ұтқыр бригадаларының тұрақты дайындығын және жедел басқаруды қамтамасыз ететін жедел медициналық көмек ұйымының (республикалық, облыстық, қалалық жедел медициналық көмек ұйымдары) құрылымдық бөлімшесі;

жедел медициналық көмек кіші станциясы - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда ЖМК уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету үшін ірі елді мекендерде құрылатын жедел медициналық көмек станциясының бөлімшесі;

«Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - РСАО) - халыққа санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық ұйымдардың қызметіне басшылық етуді және оларды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

жедел медициналық көмек (бөлімшесі) станциясы - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда оның негізгі қызметі шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылатын жедел медициналық көмек ұйымы;

санитариялық автокөлік - науқастар мен зардап шеккендерді, сондай-ақ алып жүретін медицина персоналын тасымалдауға арналған мамандандырылған жер үсті көлік құралы;

санитариялық авиакөлік - науқастар мен зардап шеккендерді, сондай-ақ алып жүретін медицина персоналын тасымалдауға арналған жабдықталған мамандандырылған әуе көлік құралы (ұшақ, тікұшақ).

 

 



2. Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация
ұйымдарының құрылымы

 

8. ЖМК станциялары (бөлімшелері) 100 адамнан астам адам халқы бар қала және аудан орталықтарында ұйымдастырылады.

9. 100 адамнан астам адам халқы бар қала және аудан орталықтарында аудандық (қалалық) ауруханалар (емханалар) жанынан ЖМК бөлімшесі құрылады.

10. ЖМК ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6173 болып енгізілді).



Медициналық ұйымдар жанындағы СА бөлімшелері (республикалық, облыстық, қалалық ЖМКС).

11. Облыстық (қалалық) ЖМК станцияларының қызметін үйлестіруді және республикалық деңгейде СА жедел басқаруды РСАО жүзеге асырады.

12. РСАО-ның функциясына:

Қазақстан Республикасының ЖМК және СА ұйымдастыру қызметін мониторингілеу және оны үйлестіру;

ЖМК станциялары және республикалық және облыстық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары арасында өзара іс-қимылды үйлестіру;

Қазақстан Республикасының аумағында жол-көлік оқиғаларының салдары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша медициналық-санитариялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде ішкі істер органдары бөлімшелерімен және Апаттар медицинасы орталығының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

электрондық-цифрлық картада барлық санитариялық автокөлік және санитариялық әуе көлігі жылжуының GPS-мониторингі;

оқыту-тренингтік орталықта жедел және шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарты бойынша оқытуды өткізу кіреді.

МЖК станциясының қызметін мониторингілеу және үйлестіру бойынша міндеттерді орындау үшін құрамында РСАО диспетчерлік қызмет құрылады (бұдан әрі - РСАО Call-centre).

13. Облыстық ЖМК станция құрамында өңірлік Call-centre құрылады. Осы бөлімшелер ЖМК бөлімшелерімен, ішкі істер органдарының қызметтерімен және облыстың төтенше жағдайлар және өңірдің санитариялық автокөлігінің спутнигін мониторингілеуге арналған ресурстармен және жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.

14. Аудандық деңгейде халыққа жедел медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіруді аудандық ауруханалардың (емханалардың) бас дәрігері жүзеге асырады.

15. Ауданның, соның ішінде ауылдық дәрігерлік амбулаторияның санитариялық автокөлігінің қозғалысын мониторингілеуді аудандық ауруханалардың (емханалардың) жедел медициналық көмек бөлімшелерінің диспетчерлері жүзеге асырады.

16. Аудандық ЖМК бөлімшелері облыстық ЖМК станциясының бас дәрігеріне функция бойынша бағынады.

 

 



3. Жедел медициналық көмек көрсету шарттары және тәртібі

 

17. Ауылдық елді мекендерде ЖМК аудандық бөлімшелерінің диспетчері жедел медициналық көмекті шақырту қызметін көрсету үшін жақын жердегі мамандар және санитариялық автокөлік тартылады.

18. ЖМК станциясын бас дәрігер басқарады. Бас дәрігер денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу және ұйымдастырушылық жұмыста практикалық тәжірибесі бар, Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарына сәйкес «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санаты бар (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5945 болып енгізілді) білікті дәрігерлер ішінен тағайындалады.

19. ЖМК станция құрамында ЖМК кіші станциялары қалалар мен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша қалалық және аудандық орталықтарда құрылады.

20. Кіші станция қызмет көрсететін аумақтар ЖМК станциясы бас дәрігерінің ұсынымы бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бекітіледі.

21. Кіші станциялардың қызмет көрсету аймақтарын айқындау кезінде халықтың саны, тығыздығы және жас құрамы, құрылысының ерекшелігі, ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен, ірі ауылшаруашылық кешендерімен толықтырылуы, көлік магистральдерінің болуы және оның жай-күйі, қозғалыс қарқындылығы және ауданның басқа да ерекшеліктері ескеріледі.

22. Қағидаларға сәйкес ЖМК кіші станцияларын орналасуы және қызмет көрсету аймағы ЖМК бригадалары үшін 15 минутта көлікпен жетуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.

23. Қажет болған жағдайда (мәдени-бұқаралық іс-шаралар, мерекелік парадтарды және демонстрацияларды өткізу, қалалық автокөлік қозғалысының «қарбалас» уақыты және т.б.) халыққа уақтылы қызмет көрсету үшін ЖМКБ кезекшілігі ұйымдастырылады. ЖМК бригадаларына медициналық ұйымдардан алыс орналасқан тұрғын үй кешендеріне және елді мекендердің жарақаттануға ең жиі қаупі бар учаскелерде патруль ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

24. Бекітілген аудан патруль режимінде кезекшілік атқарудан басқа денсаулық сақтау басқармаларымен және аудандық әкімдіктермен келісім бойынша ЖМК кезекші бригадалары ауданның медициналық ұйымдарында және әкімшілік мекемелерде орналаса алады.

25. Жедел медициналық көмек және санитариялық автокөлік дәрігерлеріне арналған сөмке осы Стандартқа «Фельдшерлік бригадаларға арналған жедел медициналық көмек автомобилін жарақтандырудың ең төмен тізбесі» 1-қосымшаға, «Желілік (мамандандырылған) бригадаларға арналған жедел медициналық көмек автомобилін жарақтандырудың ең төмен тізбесі» 2-қосымшаға, «Реанимациялық (кардиореанимациялық) бригадаларға және қарқынды терапия (реанимобиль) бригадаларына арналған жедел медициналық көмек автомобилін жарақтандырудың ең төмен тізбесі» 3-қосымшаға, «Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация бригадаларын жасақтау үшін қажетті дәрілік заттардың ең төмен тізбесі» 6-қосымшаға, «Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарын жарақтандыруға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық жинақтардың, реагенттердің және дезинфекциялық құралдардың ең төмен тізбесі» 7-қосымшаға сәйкес медициналық мүлікпен жинақталады.

26. ЖМК станцияларында шұғыл медициналық көмек көрсетуді ЖМК (желілік (дәрігерлік, фельдшерлік), мамандандырылған) шығу бригадасы - штаттық нормативтерге сәйкес ұйымдастырылған ЖМК станциясының функционалдық бірліктерімен жүзеге асырады. Бұл ретте, ЖМК станция құрамындағы дәрігерлік және фельдшерлік бригадалардың ара қатынасы 60/40 құрайды.

27. ЖМК бригадасының шығу регламенті шақыруды алған сәттен бастап ЖМК бригадасына қызмет көрсету үшін бергенге дейін Қағидаларға сәйкес шақырулардың жеделділігі санатының тізбесінде айқындалады.

28. ЖМК ұйымдарының шақыруды қабылдау және беру жөніндегі диспетчер:

жедел медициналық көмекті көрсетуді талап ететін жағдайлар туралы ақпаратты қабылдауды;

АБЖ бойынша қабылдау және беру алгоритмдеріне сәйкес ЖМК бригадаларын шақыруға себепті құруды жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда аға дәрігермен шақырудың шұғылдығына қарай санатына сәйкес бірінші кезекті шақыруларды айқындайды;

қажет болған жағдайда диспетчер жүгінгендерге консультация беру үшін ЖМК ұйымдардың/бөлімшелердің кезекші аға дәрігерлерін шақырады (телефон бойынша немесе ұйымға тікелей барған кезде).

ЖМК бригадаларымен шақыруларды орындауды жедел бақылауды жүзеге асырады.

29. Стационар жағдайында шұғыл емдік-диагностикалық іс-шараларды талап ететін пациенттерді жеткізу кезінде ЖМК станциясының кезекші аға дәрігері:



пациентті жеткізетін стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесімен байланысты ұйымдастырады;

қалалық, облыстық, республикалық деңгейде стационарлық көмекті көрсететін тікелей қабылдайтын медициналық ұйымға жеткізілетін пациенттің жай-күйі туралы ақпаратты жеткізеді.

30. ЖМК бригадасы кезекшілік кезеңінде ЖМК станциясының (бөлімшесінің) кезекші аға дәрігеріне бағынады.

31. Тексерудің, аспаптармен диагностикалауды, маманның консультациясының (қажет болғанда) мәліметтерінің қорытындысы, аталған жағдайдың себептерін көрсететін алдын ала қойылған диагнозға сәйкес емдеу іс-шаралары кезінде немесе содан кейін пациент жағдайының динамикасы бойынша ЖМК көшпелі бригадасының дәрігері (немесе фельдшері) мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

пациент шақырылған жерінде қалдырылды;

пациент орнында (тұрғылықты жері бойынша) қалдырылды, ауру жағдайы және учаскелік дәрігердің белсенді бару қажеттілігі туралы хабарлама амбулаториялық-емханалық ұйымға жіберіледі;

пациент тұрғылықты жері бойынша қалдырылды, ауру жағдайы және пациентке белсенді бару қажеттігі туралы хабарлама сол күні жедел медициналық көмек ұйымына, бөлімшесінің диспетчеріне беріледі;

пациентті осы Стандартқа «Шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін пациенттерді стационарға жеткізу үшін айғақтардың тізбесі» 4-қосымшаға сәйкес келетін жағдайларға байланысты ЖМК бригадасы қызметкерлерінің еріп жүруімен шұғыл көмектің бейінді стационарына жеткізу талап етіледі.

32. ЖМК бригадасы ол келгенше стандартқа сәйкес (диагностика және емдеу хаттамаларына; клиникалық нұсқаулармен және хаттамаларға, алгоритмдерге) медициналық көмектің көлемін көрсете отырып, ЖМК мамандандырылған бригадасын шақырады (қызмет көрсету ауданында олар болған жағдайда).

33. ЖМК бригадасы пациентті шұғыл көмек бейінді стационарының қабылдау-диагностикалық бөлімшесіне жеткізеді.

34. Реанимациялық бейіндегі пациенттерді шұғыл көмек стационарына жеткізу тікелей анестезиология және реанимациясына (қарқынды терапия блогына (палатасына) жүзеге асырылады.

35. Пациентті, оның жағдайы туралы ақпаратты, ілеспе құжаттарды жедел медициналық көмек бригадасының дәрігері (фельдшер) стационар бөлімшесінің кезекші дәрігеріне беру «шақыру картасында» белгілей отырып келіп түскен уақыты, қабылдағанның тегі және қолы қойылып тікелей медициналық ұйымның аумағында береді.

36. Аса қажет болған жағдайда (өмірге қауіп төндіретін жағдай, мамандандырылған бригаданы шақыру мүмкіндігінің болмауы, көмекті толық көлемде көрсетудің стандартын орындау үшін күш пен қаражаттың болмауы) пациентті жақын орналасқан бейінді стационарға апаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте, ЖМК станциясы ауысымының аға дәрігеріне хабардар етеді.

37. Өміріне қауіп төндіретін аурумен ауыратын пациентті, немесе кәмелет жасына толмаған тұлғаны шұғыл стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тасымалдау кезінде ЖМК санитариялық автокөлігінде оны туыстарының (бір адамнан көп емес) еріп жүруіне рұқсат беріледі.

38. ЖМК бригадасының қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төнген кезде, ЖМК автомобильдерінің жабдықтарын бұзу және бүлдіру қаупінде пациентті емдеуге жатқызуды қоса алғанда шақыруға қызмет көрсету, міндетті түрде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

39. Пациент немесе оның заңды өкілі емдеуге жатқызудан бас тартқан кезде ЖМК бригадасы пациентті және оның заңды өкілін алдын ала қойылған диагнозы туралы, оның қабылдаған шешімінің болуы мүмкін қолайсыз салдары туралы түсінікті түрде хабардар етуге және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қазандағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - бастапқы медициналық құжаттама) (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 болып енгізілді) денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамасының 110/е нысанына сәйкес ЖМК шақыру картасында пациенттің және оның заңды өкілінің жеке қолы қойылған емдеуге жатқызудан бас тартқанын құжаттамалық растауға міндетті.

40. Өміріне қауіп төніп тұрған жағдайдағы пациент бейінді стационарға апарудан (жеделділіктің 1-3 санатын қоспағанда) бас тартқан кезде ол өзі, не оның заңды өкілі қол қойған емдеуге жатқызудан жазбаша бас тартуын алғаннан кейін жедел медициналық көмек бригадасы мамандандырылған бейінді бригаданы (олар болған кезде) шақырады, пациентке өздері белсенді баруды жүзеге асырады немесе тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымның учаскелік қызметіне белсенді шақыруды береді.

41. Емделуге жатқызуға айғақтар болмағанда немесе пациент емделуге жатудан бас тартқан жағдайда учаскелік дәрігерге бастапқы медициналық құжаттамамен бекітілген нысан бойынша дабыл парағы әзірленеді.

42. Жедел медициналық көмек бригадасы ұйымның / жедел медициналық көмек бөлімшесінің диспетчеріне шақырудың орындалуының қорытындысы және оның нәтижесі туралы іле-шала хабарлайды.

43. ЖМК Қағидалармен регламенттелген жағдайда көрсетілмейді.

44. Шұғыл қызмет көрсетуді талап етпейтін жағдайларда ЖМК станциясы ауысымның аға дәрігері пациентке медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымның координаттарын (мекенжайы, телефон) береді.

45. ЖМК станциясы тәулік бойғы режимде халық өзі өтініш білдірген кезде немесе станцияның (бөлімшенің) медицина персоналын медициналық көмек көрсеткен пациенттердің немесе жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккен адамдар орналасқан жері туралы телефон бойынша ауызша ақпарат береді.

46. ЖМК станциясы Қағидаларда көрсетілген медициналық қорытынды мен құжаттаманы ұсынбайды.

47. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

48. ЖМК станциясында (бөлімшесінде) немесе кіші станциясында көмек көрсету және көрсетілген көмектің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бақылауды жедел медициналық көмектің ең тәжірибелі және білікті дәрігерлерінен тағайындалатын дайын маман жүзеге асырады.

 

 

4. Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек


көрсету шарттары мен тәртібі

 

49. ЖМК көрсетуге арналған санитариялық әуе көлігі (тікұшақ, ұшақ) Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

50. СА шақыруды қабылдау жөніндегі диспетчер:

СА шақыртуларын қабылдау мен өңдеуді жүзеге асырады (денсаулық сақтау ұйымдарының, медицина қызметкерлерінің өтінімдері, зардап шеккендердің немесе оқиға болған жерден куәлардың 103 немесе 112 нөмірлеріне хабарласқан өтініштері);

аурудың немесе зақымданудың сипатын, науқастың, босанатын әйелдің немесе зардап шеккен адамның жалпы жағдайының ауырлығын нақтылайды;

тасымалдау қажет болған кезде науқасты, босанатын әйелді немесе зардап шеккен адамды тасымалдауға дайындау бойынша ұсынысты айқындайды;

науқасты немесе зардап шеккен адамды тасымалдау кезінде қосымша жабдықтарды пайдалану қажеттілігін айқындайды;

бейінді медициналық ұйыммен тасымалданатын пациентті қабылдау үшін келіседі;

науқасты тасымалдау немесе мамандарды сол орынға жеткізу түрі туралы шешім қабылдайды, бұл ретте көлікке отыру орнынан бастап жақын жерде орналасқан қабылдайтын медициналық ұйымға дейінгі ара қашықтық, көліктік магистралдардың болуы мен жағдайы, қозғалыстың қарқындылығы ескеріледі;

РСАО байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажеттілігіне қарай бейінді мамандардың консультациясын ұйымдастырады;

қабылдайтын медициналық ұйымға жеткізілетін пациент туралы ақпаратты жеткізеді;

қажеттілігіне қарай жіберуші және қабылдаушы медициналық ұйымның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

көшпелі бригаданың баратын жеріне келіп жеткенін, науқасты, босанатын әйелді немесе зардап шеккен адамды қабылдайтын медициналық ұйымға жеткізгенін растау туралы ақпаратты сұратады.

51. СА ұтқыр бригадалары:



республикалық деңгейдегі бригадаларға - клиникалық жағдайларға қарай республикалық медициналық ұйымдардың жоғары мамандандырылған мамандармен жинақталатын (педиатрия, нейрохирургия, акушерия - гинекология, травматология және басқалары), бұл ретте донорлық ағза мен тіндерді тасымалдау кезінде - арнайы даярлықтан өткен медицина қызметкерлерінен жасақталған бригада;

реанимация және қарқынды терапия саласындағы маман-дәрігерлерден тұратын тасымалдау кезінде тасымалдау және шұғыл және жедел жәрдем көрсету жөніндегі бригадаларға (бұдан әрі - ШЖЖ бригада);

өңірлік деңгейдегі бригадаларға - клиникалық жағдайларға байланысты облыстық және қалалық медициналық ұйымдарда білікті мамандармен (педиатрия, нейрохирургия, акушерия - гинекология, травматология және басқалары) жасақталатын бөлінеді.

52. Қарқынды терапияның толық көлемін көрсете отырып зардап шеккен адамды немесе науқасты тасымалдауды қамтамасыз ететін СА ұтқыр бригадасына кемінде екі дәрігер және орта медицина қызметкерлері кіреді:



көліктік медицина мәселелері бойынша біліктіліктерін жоғарылату курстарынан өткен анестезиология және реаниматология (оның ішінде қарқынды терапия) саласындағы білікті мамандар;

қарқынды терапия саласында дағдылары мен тәжірибелері бар фельдшер немесе мейіргер.

53. Пациенттерді тасымалдау үшін СА бригадасы екі клиникалық маманмен жасақталады:



анестезиология және реаниматология (оның ішінде қарқынды терапия) саласындағы мамандар;

дәрігерге дейінгі көмек көрсету саласындағы тиісті дағдылар мен тәжірибелері бар маман (орта медицина қызметкері).

54. Пациенттен немесе оның жақын туыстарынан тасымалдауға хабардар ете отырып келісім алғаннан кейін тасымалдау жүзеге асырылады.

55. Тасымалдау кезінде пациенттің жағдайына ұтқыр бригаданың қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.

56. Тасымалдау кезінде пациенттерге күтім жасаудың үздіксіздігі, сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы басымдық:



пациентпен бірге жіберетін медициналық ұйымнан жіберілетін медициналық құжаттамалардан үзінді беру, олар мынадай ақпараттан тұруы тиіс:

пациенттің жеке басы куәлігі туралы;

пациенттің жағдайы туралы;

жүргізілген емдеу-диагностикалық көмек көлемі туралы;

пациенттің үздіксіз күтімге қажеттілігі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;

қабылдайтын медицина ұйымын пациенттің/пациенттердің келуі және беруі туралы алдын ала хабардар ету;

қабылдайтын медицина ұйымына пациент туралы қажетті ақпаратты беру:

емдеуге жатқызу себебін;

пациент жеке басының куәлігі;

белгілері мен симптомдарын;

ауру анамнезімен және аллергиялық анамнезді;

тасымалдау кезіндегі ағзаның негізгі көрсеткіштерін;

көрсетілген емді;

тасымалдау кезінде пациенттің жағдайын қамтитын пациентті тасымалдау картасына бекітілген арнайы ілеспе парағы бар пациент туралы ауызша ақпаратты ұсыну арқылы қолдау көрсетіледі.

57. Әуе көлігі салонының конфигурациясы мынадай талаптарға сай болуы тиіс:



пациентті «жатқан күйінде» тасымалдау мүмкіндігі;

медициналық персоналдың пациенттің басын және денесін (беліне дейін) қарау үшін бос орынның болуы;

екі орындаушының жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу мүмкіндіктері.

58. Санитариялық авиацияның ұтқыр бригадасы әуе көлігі (тікұшақ, ұшақ) осы Стандартқа 567-қосымшаларға сәйкес медициналық мүлікпен және жабдықпен жарақтандырылады.

 

 

5. Жедел медициналық көмек мамандарының кәсіптік білім


деңгейіне қойылатын талаптар

 

59. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына сәйкес ЖМК дәрігерлеріне арналған кәсіптік білім деңгейіне қойылатын талаптар базалық медициналық білімнің («емдеу ісі», «педиатрия» немесе «жалпы медицина»), маман сертификатының болуын, ал мамандандырылған ЖМК бригадасының дәрігерлері үшін - тиісті бейінді маман сертификатының болуын, тұрақты 5 жылда 1 рет біліктіліктерін жоғарылату кіреді.

60. ЖМК және СА мамандарына арналған жедел жәрдем көрсету бағдарламалары:

1) «Базалық реанимацияны» - Basic Life Support (BLS);

2) «Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» - Advanced Cardiac Life Support (ACLS);

3) «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы» - Pediatric Advanced Life Support (PALS);

4) «Жарақат кезіндегі кеңейтілген өмір сүруді қамтамасыз ету» - Advanced Trauma Life Support (ATLS);

5) «Неонаталдық реанимация» - Neonatal Resussitiation Program (NRP);

6) Жедел жәрдем;   

7) Жедел жәрдем санитариялық көлігі жабдықтарын пайдалану стандарты (AES);

8) Көліктік инкубаторды пайдалану стандарты - Neonatal Transport / Transport Incubator;

9) «HEMS Crew Member» Aviation Medicine & Flight Physiology қамтиды.

61. ЖМК дәрігерлері үшін жедел медициналық көмекті ұйымдастыру мен оны көрсету мәселелері бойынша біліктіліктерін жоғарылату, сонымен қатар немесе оның ішінде осы Стандарттың 60-тармағының 1)-5) тармақшаларында санамаланған бағдарламалар бойынша көзделеді.

62. СА ұтқыр бригадалары мамандарының біліктілігін жоғарылату, сонымен қатар немесе соның ішінде осы Стандарттың 60-тармағының 1), 5), 7), 9) тармақшаларында санамаланған бағдарламалар бойынша авиациялық физиология және СА медициналық қызметтерін, әуе-көлік қызметтерінің, бригада ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық мәселелерін қоса алғанда ұшу жағдайларында медициналық көмек көрсету бағдарламалары бойынша көзделеді.

63. Орта медицина қызметкерлерінің кәсіптік білім деңгейлеріне қойылатын талаптар базалық медициналық білімнің («емдеу ісі» «мейіргерлік ісі») маман сертификатының болуын, тұрақты 5 жылда 1 рет біліктіліктерін жоғарылатуды қамтиды.

64. Орта медицина қызметкерлері үшін ұйымдастыру және жедел медициналық көмек көрсету мәселелері біліктілігін жоғарлату, сондай-ақ осы Стандарттың 60-тармағының 1)-5), 7)-9) тармақшаларында санамаланған бағдарламалар бойынша, ал ЖМЖ диспетчері үшін ЖМЖ бригадаларының шақыртуларды қабылдау мен беру мәселелері бойынша қосымша көзделуде.

65. Парамедиктердің білім деңгейіне қойылатын талаптар дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету бағдарламалары бойынша дайындықты және парамедик сертификатының болуын, сондай-ақ осы Стандарттың 60-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларында аталған бағдарламалар бойынша қосымша оқытуларды қамтиды.

66. СА ұтқыр бригадасы мамандары үшін (дәрігерлер және орта медицина қызметкерлері) тұрақты негізде медициналық жабдықтармен таныстырылымдар және техника қауіпсіздігі бойынша арнайы ұшу алдында нұсқаулықтар жүргізіледі.

67. Парамедиктердің дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету бойынша лауазымдық нұсқаулықтары осы Стандартқа 9-қосымшаға сәйкес Парамедиктердің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жасалады.

 

Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау министрінің

2013 жылғы 26 маусымдағы

365 бұйрығымен бекітілген



Стандартқа 1-қосымша

 

 




  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет