Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының



жүктеу 0.87 Mb.
бет1/4
Дата30.04.2016
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесіне

3-қосымша


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының

2009 жылғы 6 қарашадағы

№ 666 бұйрығымен бекітілген

Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары




1. Жалпы ережелер
      1. Осы қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - МҰ) қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтаудың, құюдың тәртібін айқындайды.
      2. Құю пациент тамырына донорлық қанның компоненттерін және (немесе) препараттарын енгізу деп ұғынылады.

3. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың негізгі қағидаттары:


      1) қанды, оның компоненттері мен препараттарын қауіпсіз және тиісті пайдалануға ықпал ететін саясаттың бар болуы;

2) трансфузиялық терапия сапасын медициналық ұйым деңгейінде басқару жүйесін қанды, оның компоненттері мен препараттарын пайдалану мониторингі және бағалау жолымен құру;

3) барынша жеделдігін, қанды, оның компоненттерін және қан препараттарын қолданудың қауіпсіздігі мен негізділігін балама емдеуді жүргізудің қолда бар мүмкіндіктерін есепке ала отырып қамтамасыз ету;
      4) қанды, оның компоненттері мен препараттарын пациент қанының зертханалық көрсеткіштері мен клиникалық деректері негізінде құю;

5) трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын қызметкерлерді үздіксіз оқыту болып табылады.

4. МҰ-да қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю қажеттілігін төмендету және мыналарды:

1) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю қажеттілігіне әкелетін жағдайларды профилактикалау, ерте диагностикалау және тиімді емдеу;


      2) қан жоғалтуды төмендетуге арналған хирургиялық және қанды үнемдейтін әдістемелерді пайдалану;

3) қазіргі заманғы қаналмастырғыларды (кристаллоидтер, қауіпсіз коллоидтер), рекомбинанттық препараттар, эритропоэза стимуляторы, сондай-ақ оттегітранспорттық қызметті қамтамасыз ететін препараттарды қоса алғанда қан көлемін ауыстыруға арналған баламаларды қамтамасыз ету;


      4) қанды, оның компоненттері мен препараттарын пайдаланудың негізділігін бақылау;

5) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды стандарттау мен талдауды қамтитын міндетті емес азайту үшін жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.


      5. МҰ-да консультациялық-кеңесші орган (құрамында бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, дәрігер-трансфузиолог, клиникалық бөлімшелердің меңгерушілері кіретін трансфузиялық кеңес) құрылады, ол:
      1) трансфузиялық терапия тиімділігіне және трансфузиядан кейінгі барлық асқынуларға талдау жүргізеді;

2) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю үдерісінің әр кезеңі үшін мыналарды қамтитын стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) бекітеді:


      қанға, оның компоненттері мен препараттарына жоспарлы және шұғыл тәртіпте тапсырыс беруді;

өтінімдерді ресімдеу және қанды, оның компоненттері мен препараттарын трансфузиология бөлімшесінен (кабинетінен) алуды;

топтық және резус-тиістілікті анықтау және/немесе жеке үйлесімдікке сынама жүргізу үшін қан үлгісін алуды;

қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау мен тасымалдауды;

құю алдында реципиентті сәйкестендіруді;

трансфузиялық терапияны құжаттық ресімдеуді;

құюға дейін, трансфузия кезінде және одан кейін реципиент жағдайына мониторинг жүргізуді;

трансфузиядан кейінгі реакцияларды және асқынуларды тіркеу, талдау және емдеуді;

қанды, оның компоненттері мен препараттарын жоюды;

3) мамандардың қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды жүргізуге теориялық және практикалық дайындығына бағалау жүргізеді.

6. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың әр сатысындағы қызметкерлердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін МҰ бірінші басшысы мыналарды қамтитын құжатты бекітіледі:

      1) жоспарлы және шұғыл тәртіпте трансфузиялық көмек көрсетудің барлық деңгейінде медициналық және медициналық емес персоналдың өзара ісқимылының, құзыреттілігі мен жауапкершілігінің алгоритмі;

2) трансфузиялық асқынуға күдік болған кездегі өзара іс-қимылы;

3) дәрігерлік персонал мен орта буын медициналық персоналды трансфузиялық көмек көрсетуге рұқсат берудің тәртібі;

4) қанды, оның компоненттері мен препараттарын жоспарлы және шұғыл түрде жеткізу алгоритмі;

5) қан, оның компоненттері мен препараттарының резервтік төмендемейтін қорының көлемі;

6) трансфузияға дейінгі жол жүрудің барлық кезеңінде қанның компонентін сақтауға арналған температуралық режимді (бұдан әрі – «суықтық тізбек») қамтамасыз ететін сақтау және пайдаланудың тәртібі;

7) иммундық гематологиялық зерттеулерді жүргізудің тәртібі;

8) қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю үдерісінің әрбір кезеңін стандарттау тәртібі.

      7. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды тағайындауға айғақтарды, сондай-ақ оны дозалауды қанның жасушалық немесе өзге компоненттерінің тапшылығы немесе дисфункциясының клиникалық белгілерімен расталатын зертханалық деректердің негізінде айқындалады.

8. МҰ-да қанды, оның компоненттері мен препараттары санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалған жерде сақталады.

9. Сақтау үшін санкцияланбаған қолжеткізуді шектейтін құлыптармен жабдықталған арнайы тоңазытқыш жабдық пайдаланылады.

Тоңазытқыш жабдық резервтік электрмен қоректендіру көздерімен қамтамасыз етіледі.

Сақтау кезінде қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтаудың температуралық режиміне күн сайын (үш реттен кем емес) бақылау жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету жоспарына тоңазытқыш жабдықтары мен қан қызметінің өзге жабдықтары жарақтандырылған температураны электрондық тіркеудің жоспарлы валидациясы енгізіледі.

10. Түрлі топтардағы және тиістілік резусы әр түрлі қан және оның компоненттері жеке тоңазытқыштарда немесе бір тоңазытқышта жеке сөрелерде сақталады.

Тоңазытқыш және (немесе) тоңазытқыштың сөрелері таңбаланады, бұл ретте өнімнің атауы мен резус тиістілігі, сондай-ақ жұмыс үшін қажетті басқа да ақпарат көрсетіледі (мысалы, өнімнің қозғалысын есепке алу парағы, сақтау температурасының сыни шектері (қол жеткізілетін минимум (максимум), басқасы).

Құрамында эритроциттер бар қапшықтарды сақтауда қабырғалық тоңазу гемолизін болдырмау мақсатында тоңазытқыш камерасының қабырғасымен байланыстан қорғаныс қамтамасыз етіледі.

11. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын МҰ-ға тасымалдау мынадай талаптарға сәйкес жеткізіледі:

1) «суықтық тізбекті» ұстану;

2) құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің жылуоқшаулағыш контейнерлерде +20С–тан +100С–қа дейінгі температура кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып тасымалдауға жол беріледі;

3) тромбоциттер жылуоқшаулағыш контейнерлерде +220С± 20С–қа дейінгі температура кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып тасымалданады;

4) жаңа мұздатылған плазма және криопрецилитат жылуоқшаулағыш контейнерлерде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып тасымалданады;

5) диагностикалық стандарттар жылуоқшаулағыш контейнерлерде +20С–тан +60С–қа дейінгі температура кезінде тасымалданады.

Ілеспе құжаттар сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда беріледі.

12. МҰ құрамында эритроциттер бар қан компоненттердің және жаңа мұздатылған плазманың азаймайтын (кемінде екі күндік) резервін сақтауды қамтамасыз етеді.

Қан өнімдерін–жеткізуші ұйымынан алшақ жерде орналасқан елді мекендердегі МҰ үшін азаймайтын резервтің көлемі жеткізулер арасындағы қан компоненттерінің қажеттілігін есепке ала отырып, жеткізу кестесіне байланысты айқындалады.

Резервтік сақтауда жатқан және жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланбаған қан компоненттері есептен шығарылады және клиникалық емес пайдалану үшін өзге қызметтерге беріледі немесе жойылады.

13. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю түрлі аурулар немесе жағдайлар кезінде пациентке организміне жетіспейтін нақты жасушалы немесе ақуыз компоненттерінің орнын толтыру қағидаты бойынша жүргізіледі

14. Реципиент үшін қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың жағымды және теріс салдары күтіледі.

15. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың жағымды салдары мыналар болып табылады:

1) айналымдағы эритроциттердің мөлшерін көбейту және эритроциттерді құйған кезде гемоглобин деңгейін көтеру;

2) жаңа мұздатылған плазманы құю кезінде купаждау немесе жіті диссеминацияланған қан тамыры ішіндегі ұйып қалудың күшеюін болдырмау;

3) жаңа мұздатылған плазманы, криопреципитатты құю кезінде геморрагиялық синдромды купаждау және тапшылығы негізгі сырқатпен белгіленетін ұю жүйесі факторларының деңгейін ұлғайту;

4) спонтанды тромбоцитопениялық қанауды тоқтату, тромбоциттерді құйған кезінде тромбоциттер санының өсуі;

5) гранулоциттерді құйған кезде перифериялық қандағы нейтрофилдер санының көбеюі.

16. Реципиент үшін қан мен оның компоненттерін құюдың теріс салдары топтық сәйкеспеушілік кезінде жіті және шегерілген иммунологиялық реакцияның даму мүмкіндігіне, сондай-ақ ыдыста бұзылған эритроциттерді құю салдарынан болған асқынуларға; сұйықтықтың мөлшерден артық болғанына; темірдің артық болғанына; анафилактикалық реакцияларға; қанды құюмен байланысты өкпенің жіті зақымдануына; трансфузия арқылы берілетін инфекцияларға; қанды көп құюмен байланысты.

Осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген трансфузиядан кейінгі асқынулар реципиент үшін қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың теріс салдарлары болып табылады.

17. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды тағайындауға айғақтарды, сондай-ақ оны дозалауды қанның жасушалық немесе өзге компоненттерінің тапшылығы немесе дисфункциясының клиникалық белгілерімен расталатын зертханалық деректердің негізінде емдеуші дәрігер немесе кезекші дәрігер (дәрігерлер консилиумы) айқындалады.

18. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю жүргізілетін МҰ-да қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдың қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік беретін тәулік бойғы зертханалық зерттеу (қанның жалпы талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер саны), қышқыл-сілтілік жағдай мен қан газдарының талдауы, несептің жалпы талдауы, жалпы ақуыз (альбумин), коагулограмманың, оның ішінде жаңа туған нәрестелер үшін (микроәдіспен немесе қанды ең аз мөлшерде алумен) негізгі көрсеткіштерін зерттеу қамтамасыз етіледі.

Құрамында гематологиялық бөлімшесі бар МҰ-да гемостаз жүйесінің факторларын анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

19. Реципиентке оның қанымен АВО және Резус топтық тиістілігі бойынша үйлесімді донорлық қан компоненттері құйылады.

Егер реципиенттің қан тобы мен резус тиістілігін анықтау мүмкін болмаса, осы Қағидалардың 31, 32-тармақтардың талаптарына сәйкес әмбебап трансфузиялдық орталар реципиенттің қан тобы мен резус-тиістілігі анықталғанға дейін құйылады.

20. Құю кезінде Келл жүйесінің К антигені бойынша себептесетін асқынуларды профилактикалау мақсатында құрамында аталмыш факторы жоқ эритроциттер жүзіндісі (бұдан әрі – ЭЖ) немесе эритроциттік масса (бұдан әрі – ЭМ) пайдаланылады.

Келл-оң реципиенттерге Келл-оң эротроциттер құйылады.

Плазмалық-когуляциялық гемостаз корректорларын (плазманың барлық түрлері), тромбоциттерді құйған кезде донорлық қан компоненттері эритроцитеріндегі К антигенінің бар-жоғы есепке а-лынбайды.

21. Анамнезде трансфузиядан кейінгі асқынуларға, гемолиздік ауруы бар баланың туылуымен аяқталған жүктілікке көрсетілімдер бар реципиенттерге, сондай-ақ аллоимундық антиденелер бар реципиенттерге қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымның зертханасында қанды, оның компоненттері мен препараттарына жеке іріктеп алу жүргізіледі.

Миелодепрессия, лейкоз немесе апластикалық синдромы бар реципиенттерге бірнеше рет құю жасау қажетті болған кезде, антиген құрылымы бойынша сәйкес донорды адамның топтық тиістілігі бойынша іріктеп алу мақсатында реципиенттің фенотипі зерттеледі.

22. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды МҰ бірінші басшысының бұйрығымен трансфузиялық терапияны жүргізуге рұқсат берілген дәрігер жүргізеді.

Операциялық араласу уақытында трансфузия жүргізудің қажеттілігі туыдаған кезде негіздеме мен тактиканы дәрігер-анестезиолог анықтайды, ал құюды дайындық шараларын (оның ішінде осы Қағидалардың 26, 27, 28-тармақтарында айқындалған) операцияға немесе наркозға қатыспайтын дәрігерлік медициналық персонал жүргізеді.

23. Алдын-ала АИТВ-ға, В және С гепатиттеріне, мерезге зерттелмеген қанды және оның компоненттері құю жүзеге асырылмайды.

24. Қанды, оныңкомпоненттері мен препараттарын құю Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 145-бабына сәйкес бекітілген Санитариялық ережелер сақтала отырып, жүргізіледі.

25. Иммунологиялық реакциялардың және трансфузияның теріс инфекциялық салдарын алдын алу мақсатында реципиенттердің белгіленген контингенті (балалар, босандыру мекемелерінің реципиенттері, иммундық күйзеліске ұшыраған және трансфузияға тәуелді тұлғалар) лейкоредукция, патогендерді инактивациялау, сәулелеу әдістерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген өзге де әдістермен қосымша өңдеуден өткен донорлық қан компоненттерімен қамтамасыз етіледі.

 Иммундық-супрессивті терапияны қабылдайтын немесе айқын иммундық тапшылығы бар пациенттерді емдеу үшін; дене салмағы жеткіліксіз жаңа туған нәрестелерді емдеуде; құрсақ ішіндегі қ трансфузия мен қанды және оның компоненттерін туыстарынан құйғанда да пайдаланылатын қан компоненттері «трансплантант қожайынға қарсы» асқынуын профилактикасы үшін иондаушы сәулелеуге ұшырайды.

Пациенттердің осы санаты үшін патогендерді инактивациялау әдісімен амотасален мен ультракүлгін сәулелеуді пайдалана отырып, қосымша өңдеуден өткен болса, тромбоцитердің сәулеленбеген концентраты пайдаланылады.

Сәулеленген қан және оның компоненттерін пайдалану айғақтары мен сәулеленген қан және оның компоненттерін тағайындау тәртібі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

26. Егер ЭЖ немесе ЭМ реципиентке жеке іріктеп алынған болса, оны құю алдында донордың және реципиенттің қан тобын қайта анықтау жүргізіледі, алынған деректемелерді ілеспе құжаттағы ақпаратпен салыстырылады.

Құрамында эритроциттер бар орталарды құю кезде биологиялық сынауды жүргізбестен бұрын, гемолиз белглерінің бар-жоғына сынама жүргізіледі. Бұл- ретте, компоненттің 1-2 м-иллилитрі (бұдан әрі – мл) пробиркаға алынып, 0,9% физиологиялық ерітіндінің 5-6 мл қосылады, мұқият араластырғыннан кейін пробирка минутына 1000 айналымда 5 минут бойы центрифугадан өткізіледі.

Нәтижені есепке алу тұнба үстіндегі сұйықтықтың боялуын бағалау бойынша жүргізіледі:

тұңба үстіндегі сұйықтық түссіз болса, сынама теріс болып есептеледі;

тұңба үстіндегі сұйықтық түрлі қарқындағы қызыл түске боялған болса, сынама оң болып есептеледі.

Гемолиз сынамасы оң нәтижелі болған кезде компонент құю үшін жарамсыз.

Трансфузиялық ортаның түсін өзгертуі, үлдір мен жіптердің, жағымсыз иістің бар болғаны бактериялық ластанудың белгісі болып табылады.

27. Құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің жоспарлы немесе шұғыл тәртіпте құйған кезде бұрын жүргізілген зерттеулерге және жазбаларға қарамастан, мыналар жеке орындалады:

1) реципиенттен оның тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған жылын сұрап сәйкестендіру және оларды пациенттің медициналық картасында көрсетілген дерректермен салыстыру. Реципиент құю наркоз кезінде немесе емделуші ес-түссіз халде жатқан жағдайларда жасалуын қоспағанда, мүмкіндігіне қарай растайды;

2) реципиенттің және донорлық қан компонентінің АВО жүйесі бойынша топтық тиістілігі мен оның резус тиістілігін анықтау медициналық ұйымдарда реципиенттің қанына иммундық гематологиялық зерттеулерді ұйымдастырған және жүргізген кезде сапа кепілдігін сақтай отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі, алынған нәтижені медициналық картадағы деректермен салыстырып тексеріледі;

3) донорлық қан компонентінің қан тобын АВ0 жүйесі және резус тиістілігі бойынша қайта зерттеудің алынған деректерін контейнер заттаңбасындағы деректермен салыстыру.

Егер донорлық қан компонентнің резус тиістілігін lgM антиденелері бар анти-D супер моноклоналды реагентпен зерттеген кезде резус тиістілігі теріс деген нәтиже анықталса, ал компоненттің заттаңбасында резус тиістілігі оң деп көрсетілген болса, салыстыру нәтижесі сәйкес келмейді деп есептелмейді, ол донорлық қан компоненттерінің антигендік құрылымындағы еркшеліктерінің салдары болып табыалды.

4) донор мен реципиент қанының антигендің сәйкеспеушілікке байланысты иммунологиялық реакциялардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жеке үйлесімділік сынамасы иммундық гематологиялық зерттеулерді ұйымдастырған және жүргізген кезде сапа кепілдігін сақтай отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

5) донорлық қан компонентінің бөгде ақуызына деген жоғары сезімталдықты анықтау мақсатындағы биологиялық сынама осы Қағидалардың 34, 35, 36-тармақтарының талаптарын сақтай отырып, жүргізіледі.

28. Трансфузияларға дайындау тәртібі орталықтандырылып немесе орталықтандырылмай жүргізіледі.

Трансфузияға орталықтандырылып дайындаған кезде трансфузиялық ортаны дайындау (еріту мен жылыту) және трансфузия орнына жеткізу арнайы қызмет-трансфузиология бөлімшесінің (кабинеті) персоналы жүзеге асырады.

Құрамында эритроцитер бар трансфузияға орталықтандырылып дайындаған кезде осы Қағидалардың 27-тармағының 2), 3) және 4) тармақтарында көрсетілген іс-шараларды трансфузиология бөлімшесінің (кабинеті) зертханашы дәрігері (трансфузиолог немесе трансфузиология мәселелері бойынша біліктілікті арттырудан өткен және трансфузиолог немесе дәрігер-зертханашының сертификаты бар зертханашы дәрігері) орындайды.

Трансфузия алдындағы зертханалық зерттеулерді орындайтын дәрігер трансфузия хаттамасын пациенттің қан үлгісі мен қан компоненті өтініміндегі деректермен дұрыс сәйкестендіру; пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні толығымен, реципиент пен донордың топтық тиістілігін зерттеу нәтижелері, трансфузиялық ортаның атауы, сәйкестендіру нөмірі және трансфузиялық ортаның көлемі, жеке үйлесімділік сынамасының нәтижелері бөлігінде толытру үшін жауапты болады.

Құрамында эритроцитер бар құюды жүргізетін дәрігер қан өнімдерін пайдалануды растайтын зертханалық көрсеткіштерді бағалау; трансфузия алдындағы экпикризді толтыру; қан компоненттерінің өтінімі; қан үлгісін жеке үйлесімділікке зертханалық сынау үшін алған кезде пациентті сәйкестендіру, пробирканы дұрыс таңбалау және зерттеуге арналған жолдаманы толтырудың дұрыстығы; трансфузия хаттамасын қорытынды рәсмдеу; пациентті трансфузиядан кейін бақылау үшін жауапты болады.

29. Плазмалық немесе құрамында эритроциттер жоқ өзге де қан компоненттерін құйған кезде құюды жүргізетін дәрігер пациенттің медициналық картасында көрсетілген реципиенттің қанын АВ0 бойынша топтық тиістілігін зерттеу нәтижелері мен қан компоненті қапшығының заттаңбасында салыстырады, биологиялық сынақ өткізеді.

30. МҰ-ғы реципиентердің қанына иммундық гематологиялық зерттеулерді жүргізген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарда реципиенттің қанына иммундық гематологиялық зерттеулерді ұйымдастырған және жүргізген кезде сапа кепілдігі сақталады.

31. О тобының эритроцитері А және В топтық антигендері жоқ болғанына байланысты АВО жүйесі бойынша кез-келген топтық тиістіліктегі пациенттер үшін әмбебап трансфузиялық орта болып есептеледі.

АВО жүйесі мен резус тиістілігі бойынша кез-келген топтық тиістіліктегі пациенттер үшін (ОRh-) резус теріс бірінші топтағы немесе жеке үйлесімділік сынамасы міндеті орындалған жағдайда немесе (ОRh+) резус оң құрамында эритроциттер бар компоненттерін құю жүзеге асырылады.

Қан сарысуында анти-D тұрақты емес антиэритроциттік антиденелері бар резус теріс тиістіліктегі пациенттер үшін (ОRh+) резус оң бірінші топтағы донорлық эритроцитері пайдаланылмайды.

(ОRh-) резус теріс бірінші топтағы пациенттерге резус оң бірінші топтағы (ОRh+) донорлық эритроцитерді құю аллоиммундауды дамытуға және анти-D тұрақты емес антиэритроциттік антиденелерінің қалыптасуға себепші болады. Сондықтан, бірінші (ОRh-) резус теріс топтық тиістіліктегі, қан сарысуында анти-D тұрақты емес антиэритроциттік антиденелері жоқ әйел жынысындағы балаларда және бала көтеретін жастағы әйелдерде резус тиістілігі ескерілмеген қанның бірінші топбындағы донорлық эритроциттер күттірмейтін жағдайда ғана пайдаланылады.

32. АВ тобындағы плазма АВО (анти-А, анти-В) жүйесінің топтық, тұрақты антиденелерінің жоқтығына байланысты АВО жүйесі бойынша кез-келген топтық тиістіліктегі пациенттер үшін әмбебап трансфузиялық орта болып есептеледі.

33. Құю алдында құрамында эритроцитер бар ортасы құйылған контейнер тоңазытқыштан алынады және +300С+360С температураға дейін қыздыруға арналған арнайы құрылғыларды ғана пайдалана отырып жылытылады. «Inline» қыздырғыштарын қолдану ұсынылады.

34. Биологиялық сынама кез келген құюдың алдында және қанның, оның компоненттерінің немесе препараттардың, оның ішінде жеке іріктеп алынған немесе фенотиптелген әрбір жаңа дозасы алдында, қан, оның компоненттерінің көлеміне, оны енгізудің жылдамдығына және құюдың шұғылдығына қарамастан жүргізіледі

35. Биологиялық сынаманы жүргізу кезінде бір рет бір-екі минут бойы 60 тамшы (екі-үш миллилитр) қан, оның компоненттері мен препараттары құйылады, одан соң құю тоқтатылады және үш минут бойы реципиентке бақылау жүргізіледі. Жалпы жағдайына, тамыр соғуы, тыныс алуы, артериялық қысымы, терісінің түсіне бақылау жасалады, дене температурасы өлшенеді. Мұндай рәсім екі мәрте қайталанады.

36. Биологиялық сынама жүргізу уақытында қалтырау, белдің ауыруы, дененің қызуы, кеуденің қысылу сезімі, бас ауруы, лоқсу және жүрек айну пайда болса, құю тоқтатылады, веналық қолжеткізу сақталады.

37. Қанды немесе құрамында эритроциттер бар компоненттерін ес-түссіз жатқан пациенттерге немесе наркоз кезінде құю уақытында операциялық жараның қанауының себепсіз күшеюінің, артериялық қысымның төмендеуінің және тамыр соғуының жиілеуі пайда болғаны басталып келе жатқан асқынулардың бірінші белгілері болып табылады.

Мұндай жағдайларда құю бірден тоқтатылады, веналық қолжетімділік сақталады.

Операциялық араласуға қатысатын хирург дәрігері, анестезиолог, трансфузиолог, қажет болғанда өзге де тәжірибелі мамандарды жұмылдыра отырып, жағымсыз белгілерінің себептерін анықтайды.

Бұдан басқа, катетер арқылы зәршығу жолынан алынған несепнәрдің түсі шұғыл түрде бағаланады.

Егер несепнәр қалыпты түстен қоңыр немесе ет қалдықтарының түсіне өзгергені белгіленіп, несепнәрдің мұндай түсінің пайда болуына құюдан басқа себебі анықталмаған болса, бұл реципиент пен донор қанының иммунологиялық сәйкеспеушілігінен немесе гемолизделген құрамында эритроциттер бар трансфузиялық ортаны құюдан туындаған жіті тамырішілік гемолиздің даму белгісі ретінде бағаланады.

Мұндай компонентті құюды жалғастыру тоқтатылады.

Трансфузиялық терапияның одан арғы тактикасы туралы мәселе құрамында эритроциттер бар қан компоненттеріне жеке іріктеу жүргізудің мүмкіндіктерін немесе әмбебап қан компоненттерін пайдалануды есепке ала отырып шешіледі

МҰ мамандандырылған қызметі инциендент туралы бірден хабардар етеілді, ол барлық қан компоненттерді беруді тоқтатады және осы күні берілген қан компоненттерінің барлық өтінімдеріне шұғыл тексеру жүргізеді.

Трансфузиядан кейінгі гемолитикалық асқынудың себептерін тергеу осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

38. Құрамында эритроциттер бар қан компоненті бар контейнерге құю алдында зауытта дайындалған натрий хлоридтің стерильді 0,9% изотоникалық ерітіндісіне (апирогендік) қосылады.

39. Құю аяқталғаннан кейін реакция және асқыну пайда болу жағдайын бақылау үшін қалған трансфузиялық ортаның азғана мөлшері бар (5-10 мл) донор контейнері 48 сағат бойы тоңазытқышта (+2ºС-тан +6ºС-қа дейін) міндетті түрде сақталуға жатады.

40. Шегерілген жіті гемолитикалық асқынулардың белгілерін уақытылы анықтау мақсатында құюдан кейін:



  1. реципиентке ұзақтығы кемінде екі сағат төсекте жату режимі тағайындалады;

  2. әр сағат сайын үш реттен 1 сағат арақашықтықта реципиенттің дене температурасы, сондай-ақ артериялық қысымы өлшенеді;

  3. зәрдің шығару функциясына, шыққан зәрдің көлемі мен түсіне бағалау жүргізіледі.

Барлық деректер құрамында эритроциттер бар орталар трансфузиялар хаттамасында және қан компоненттері мен препараттарының трансфузиялары хаттамасында «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекіткен нысан бойынша бекітіледі.

Трансфузия тиімділігін бағалаудың бақылау көрсеткіштері (жасушалар санының, ұю факторының өсуі) (қан кетудегі орын толтыру жағдайларын қоспағанда) трансфузиядан кейін 1 сағаттан соң және трансфузиядан кейін келесі күні зерттеледі.

41. Клиникалық бөлімшелерге берілген қан компоненттері қайта қабылданбайды.

Қанның, оның компоненттері мен препараттарының қалдықтары, оның ішінде гемакон ішіндегісін толық пайдаланбағанда жойылады.

Медициналық қалдықтарды (биоматериалды) жинақтау, сақтау және жою Кодекстің 145бабына сәйкес бекітілген Санитариялық ережелерге сәйкес жүргізіледі.

42. Жіті көлемді қансырау жағдайын және немесе геморрагиялық синдром (ұю жүйесі факторларының тапшылығы немесе тромбоцитопения) жағдайларын қоспағанда, қажетті қан компоненттерінің жеткілікті мөлшері болмағанда жаңа алынған консервіленген донорлық қан құйылмайды. Бұдан басқа, жаңа алынған консервіленген донорлық қан ауыстырып құю, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруын емдеуде пайдаланылады.

43. Қанды және оның компоненттерін құю көлемін төмендету үшін МҰ-да қан жинақтаушы технологиялар және аллогендік қан компоненттерін құюдың баламалары пайдаланылады, оларға мыналар жатады:
      1) қанды немесе оның компоненттерін аутологиялық құю (бұдан әрі - аутогемотрансфузия);
2) басқарылатын гемодилюция;

3) реинфузия;

4) гемопоэза мен лейкопоэза, коагуляциялық гемостаз факторларының синтезін ширату.

44. Аутогемотрансфузия кезінде реципиентке өзінің қанын немесе өзінің қанынан алдын ала дайындалған оның компоненттерін құю (қайтару) жүргізіледі. Аутогемотрансфузия кезінде аллоиммунизация, инфекция берілу қаупі болмайды, трансфузиялық реакция қаупі және қанның гомологикалық компоненттеріне мұқтаждық азаяды, эритроцит өндірілуі ширатылады.

45. Аутогемотрансфузиялық жаңа алынған қанды қолдану үшін айғақтар мыналар болып табылады:

1) қанайналымының 20%-дан астам мөлшерін жоғалту болжанатын күрделі және көлемді хирургиялық жоспарлы операциялар (ортопедия, кардиохирургия, урология);


      2) қан тобы сирек кездесетін пациенттерге донорлық қан компоненттерінің барабар мөлшерін іріктеп алу және құюдың мүмкін болмауы;

3) хирургиялық жоспарлы емдеу кезінде қан компоненттерін құю айғақтары болғанда пациенттердің қан құюдан бас тартуы.

46. Аутогемотрансфузия жоспарланған операциялық араласуға дейін пациентен алдын ала дайындалған донорлық қанның аутокомпоненттерін немесе тікелей операциядан бұрын анестезия басталғанға (басқарылатын гемодиллюция) дейін, уақытша қансыраудың орнын тұзды ерітінділермен және плазманы ауыстырушылармен міндетті толтырумен нормоволемияны немесе гиперволемияны ұстай отырып қанның 1-2 мөлшерін (600-800 мл) алу жолымен жаңа алынған аутоқанды пайдалана отырып орындалады.

Басқарылатын гемодиллюция уақытында дайындалған жаңа алынған аутоқан дер кезінде немесе операциядан кейін бірден пайдаланылады және олар 12 сағаттан артық сақталуға жатпайды.

      47. Эритроциттердің реинфузиясы аутогемотрансфузияның бір түрі болып табылады және пациентке жара немесе ұйыма қуысына (құрсақ, кеуде) құйылған және ол жерде 8 сағаттан аспайтын уақыт болған, өзінің жуылған эритроциттерін құюды білдіреді.

48. Реинфузияны аппараттық (Cell Saver типтес аппараты) әдіспен ғана жүргізуге болады.

49. Пациенттен ол науқастың медициналық картасына жазылатын аутологиялық қанды дайындау туралы ақпараттандырылған келісім алынады.

Пациент донация шарасының ерекшеліктері, сондай-ақ донация кезінде болжамды жанама реакциялар туралы хабардар етіледі.

Аутологиялық қанға тестілеу жүргізілмейді.

Аутологикалық қанды таңбалау кезінде этикеткада «аутогемотрансфузия үшін» деген сөздер жазылады.

50. Жасына қарай нақты шектеудің жоғарғы шекарасының жоқтығы аутодонорлар үшін ерекшелік болып табыалды.

Төменгі және жоғарғы жас шегі пациент денесінің дамуына және соматикалық жағдайына қарай анықталады.

Әрбір нақты жағдайда аутодонорлық мүмкіндіктің болуы туралы шешімді емдеуші дәрігер трансфузиологпен бірге пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің пікірін есепке ала отырып шығарылады.

      51. Дене салмағы 50 киллограммнан (бұдан әрі - кг) астам адамдар үшін бір рет қан донациясының көлемі 450 милилитрден (бұдан әрі - мл) аспайды, ал дене салмағы 50 кг-нан аз адамдар үшін қан донациясының көлемі – 8 мл/кг дене салмағынан артық емес.

Дене салмағы 30 кг-нан аз адамдарға терапиялық аутодонорлыққа рұқсат берілмейді.

Антикоагулянтты ерітіндінің мөлшері эксфузияланатын қанның мөлшеріне пропорционалды түрде азаяды.

Аутодонордың гемоглобин деңгейі әр донация алдында 110 г/л-ден, гематокрит деңгейі – 33%-дан төмен емес тұлғалар қатыстыралады.

52. Аутологикалық қан берудің жиілігін емдеуші дәрігер және трансфузиолог анықтайды. плазма көлемі және жалпы ақуыз бен альбумин деңгейін қалпына келтіру үшін 72 сағат керек болғандықтан жоспарлы операция алдындағы қанның соңғы донациясы үш тәулік бұрын жасалады.

      53. Аутодонорлыққа кез келген белгіленген инфекция ошағы немесе бактериемиясы анықталған адамдар (алдын ала санация жасау қажет), сондай-ақ тұрақты емес стенокардия верификациясы, қолқа стенозы, орақпішінді жасушалы анемия, тромбоцитопения (тромбоциттер саны 180 х 109/л төмен) бар болғанда қатыстырылмайды.

54. Өз қажетілігі үшін дені сау адамдардың шарт негізінде аутологиялық қан және оның компоненттерін дайындаудың айрықша түрі болып табылады.

Аутологиялық қанды дайындау Қанды және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Аутологиялық қан компоненттерін сақтау мерзімі өткеннен кейін, аутодонор тарапынан ауызша немесе жазбаша айтылған ерекше нұсқамалары жоқ боған кезде сақтау мерзімі аяқтаулудан бұрын аутоқанның барлық дайындалған компоненттері Кодекстің 145-бабына сәйкес бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес жойылады.

55. Жіті жаппай қансырау, геморрагиялық синдромы бар пациенттерді емдеуде немесе олардың өршу қаупі туындаған кезде пациент денесін жылытуы керек және дене қызуын кемінде 360С температурада сақтауды қамтамасыз етіледі.

Бұл үшін операциялық бөлме немесе қарқынды терапия палатасындағы температураны +250С деңгейінде ұстап, барлық енгізілетін ерітінділерді +300С+360С температурасына дейін жылыту керек.

56. Қан компоненттерінің құю көлемін азайту үшін мыналарды қолдану ұсынылады:
      1) операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде гемоглобин деңгейін толықтыру үшін эритропоэза ширықтырушылар және темір препараттары;
      2) химиотерапия жүргізу, сепсисті емдеу және иммунитет тапшылығы кезінде қанның лейкопоэза ширықтырушылар;

3) кагуляциялық гемостаз К-тәуелді факторларының синтезін қалыпқа келтіру үшін К витаминін операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде пайдалану қажет.

Нәрестелердің геморрагиялық ауруды профилактикалау үшін нәрестелерге және коагулопатияны емдеу кезінде К витаминін көктамыр ішіне енгізу.
      57. Қан компоненттері трансфузиясының баламасы ретінде мына препараттар қолданылады:


  1. О2 және СО2 тасымалын қамтамасыз ететін газ тасымалдау функциясы бар қан алмастырғыштар;

  2. Коагуляциялық гемостаздың рекомбинантты факторлары.

58. Газ тасымалдау функциясы бар қан алмастырғыштар және рекомбинантты факторлар пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте қолданылуы қажет.

2. Қанды, оның компоненттері мен препараттарын негіздеу және ресімдеу тәртібі
59. МҰ-да реципиенттерді иммундық гематологиялық тексеріп-қарау осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Зерттеудің нәтижесі бар бланк медициналық картаға титул парағының ішкі жағына жапсырылады.

Емдеуші дәрігер зерттеу нәтижесінің деректерін медициналық картаның сыртқы бетіне көшіріп жазады және қолын қойып растайды.

60. Пациент шұғыл тәртіппен түскен жағдайда және құюды жүргізу қажет болған кезде АВО жүйесі бойынша қан тобы және резус тиістілігі топтық және резус тиістілікті мамандандырылған қызметінің растауымен емдеуші немесе кезекші дәрігермен анықталады.

Зерттеуге арналған қан реципиенттен трансфузиядан бұрын алынады және тоңазытқышта +20С+60С температурада сақталады.

61. Қан тобы және резус тиістілігі туралы деректерді медициналық картаның титул парағына өзге құжаттардан алып жапсыру, сондай-ақ емделуге жатқызудан бұрын жасалған топтық және резус тиістілікті қабылдау жүргізілмейді.


      62. Қан компоненттерінің құюдың алдында реципиент АИТВ, В және С гепатиттері трансмиссиялық инфекциялар маркерлеріне тексеріледі, ал емдеу аяқталғаннан кейін шығару эпикризінде АИТВ-ға, В және С гепатиттеріне тұрғылықты жері бойынша зерттеу қажеттігі көрсетіледі.

Реципиентті АИТВ антиденелеріне қайта тексеру мерзімдері Кодекстің 115-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Қағидаларға сәйкес АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау алгоритмімен белгіленген.


      Реципиентті гепатиттерге зерттеу 6 айдан кейін жүргізіледі.

Сәбилер мен бір жасқа дейінгі балаларды АИТВ, В және С гепатиттеріне зерттеу ананы жоғарыда аталған инфекциялар маркерлеріне тексеруді есепке ала отырып жүргізіледі.

Реципиент қанының үлгілерін трансмиссиялық инфекциялар маркерлерінің бар-жоғына зертханалық зерттеу жабық үлгідегі автоматтандырылған талдауыштарда иммунологиялық және молекулалық-биологиялық әдістер арқылы жүргізіледі.

63. Пациенттің медициналық картасына трансфузиялық терапия басталмастан бұрын трансфузиялық және акушерлік анамнезге қатысты мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) бұрын қан құю болды ма, қашан және немен байланысты;

2) трансфузиядан кейінгі асқынулар, баланың гемолиздік аурумен туылуымен аяқталған жүктіліктер болды ма.

64. Құюды жүргізудің алдында донорлық қан компоненттерін және (немесе) препараттарын құюға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттандырылған ерікті келісімі (құюдан бас тарту)толтырылады.

Жоспарлы немесе шұғыл операциялық араласу қажет болғанда ақпараттандырылған ерікті келісім немесе трансфузия жүргізуден бас тарту операциялық араласуға дейін толтырылады.

Пациент немесе оның заңды өкілдері донорлық қан компоненттерін пайдаланған кезде күтілетін оң әсері, трансфузияның болжамды теріс салдары және емдеудің мүмкін болатын балама әдістері туралы хабардар етіледі.

Шұғыл жағдайларда, көрсетілген тұлғалардың келісімін алу мүмкіндігі болмаған жағдайда құжатпен ресімделген шешімді дәрігерлік комиссия қабылдайды. Бұл ретте, қанша құю жоспарланғаны және қандай уақыттың ішінде орындалатыны да құжатталады.

65. Егер пациент (немесе оның заңды өкілдері) құюдан бас тартқан жағдайларда, бұл шешім құжатпен ресімделеді және емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі құжатқа бұрыштама қояды.

66. Пациент немесе оның заңды өкілдері құюдан үзілді-кесілді бас тартқан жағдайда дәрігерлер пациент өмірін сақтап қалу үшін барлық балама әдістерді пайдаланылады.


      67. Трансфузияның қажеттілігі немесе оны кідірту туралы шешім осы Қағидалардың талаптарын және клиникалық және өзге де жағдайды ескере отырып, шығарылады.

68. Құюды жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім қабылдау үшін негіз болған зертханалық және клиникалық деректерді көрсете отырып «Трансфузия алдындағы эпикриз» медициналық картасы толтырылады, сондай-ақ қан компоненттерінің немесе препараттарының есептелген дозалары көрсетіледі.

Трансфузиядан бас тарту да зертханалық және клиникалық дерктермен расталады және құжатталады.

69. Дәрігер әр құю кезінде құрамында эритроциттер бар заттар трансфузиясының хаттамасын немесе қан компоненттері мен препараттары трансфузиясының хаттамасын толтырады.

70. Биологиялық сынама уақытында, құю кезінде немесе одан кейін асқынулар дамыған жағдайда, реципиенттің жағдайын, өмірлік маңызды функциялар мониторингінің деректерін, емдеу әдістері мен емдеудің нәтижелілігін сипаттай отыра толық жазба (жазбалар) жасалады. Реципиенттің қаны мен несебіне шұғыл зертханалық бақылау жасалады. Реакция немесе асқыну дамыған қан немесе оның компоненті бар гемакон және реципиент асқыну дамығанға дейін 12 сағат ішінде алған қан немесе оның компонентінің қалдықтары бар гемакондар өңірлік қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда сараптама жүргізілгенге дейін +20С+60С температура кезінде тоңазытқышта сақталады.

71. Медициналық картаға қосымша трансфузиялық парақ толтырылады, онда барлық құюлар, олардың мөлшері, сәйкестік нөмірлері және компоненттері немесе препараттарды өндіруші, құюға айғақтар және асқынудың болуы жазылады. Осы ақпарат пациентті шығару кезінде немесе басқа МҰ-ға ауыстыру кезінде берілетін медициналық картадан үзінді көшірмеде көрсетіледі. Көп реттік құюларда үзінді көшірмеге трансфузиялық парақтың көшірмесі қоса беріледі. 


3. Құрамында эритроциттер бар қан компонеттерін кұюдың тәртібі
72. Құрамында эритроциттер бар компоненттері қанның газдарын таратушылар функциясын атқарады және оларды енгізудің мақсаты айналымдағы эритроциттердің көлемін толықтыру және анемия кезінде қанның оттегін тасымалдау функциясын сүйемелдеу.

73. Эритроциттік масса (бұдан әрі – ЭМ), эритроциттер жүзіндісі (бұдан әрі - ЭЖ), жуылған эритроцитер (бұдан әрі - ЖЭ) пайдаланылады.

74. Емдеу практикасында А, В, және Д антигендерінің бар-жоғына зерттелген ЭМ және кемінде 5 антиген - С, с, Е, е және Келл белгіленген фенотиптелген ЭМ қолданылады.

Феноүлгіленген ЭМ-ні құю көп рет құю кезінде эритроциттердің антигендеріне аллоимунизацияның алдын алу мақсатында тағайындалады. Апластикалық синдромы, талассемиясы және өзге де аурулар бар трансфузияға тәуелді пациенттерде немесе ұзақ мерзімді трансфузиялық терапияны қажет ететін пациентерде қанды феноүлгілеу бірінші трансфузия алдында жүргізіледі.

      75. Анамнезінде бөгде ақуыздарға аса сезімталдығы, сондай-ақ расталған IgА тапшылығы немесе IgА-ға антиденелер, пароксизмалды түнгі гемоглобинуриясы көрсетілген реципиенттерге ЖЭ тағайындау ұсынылады.

Донорлық эритроциттер АВО жүйесі бойынша әмбабап топтық тиістіліктегі құрамында эритроциттер бар орталарды іріктеу жағдайларда сияқты жуу рәсіміне ұшырайды.

76. Құюдың нәтижелілігі пациенттің бастапқы кездегі жағдайына, гемоглобин деңгейіне, сондай-ақ трансфузиялық ортаның гематокрит деңгейіне және оны сақтау мерзіміне байланысты. ЭМ немесе ЭЖ бір дозасын құю, тоқтаусыз қатты қансырау болмаған кезде, гемоглобин деңгейін 10 г/л-ге және гематокрит деңгейін 3%-ға көтереді.

Құрамында эритроциттер бар компоненттері құюдың тиімділігін бақылау веноздық қандағы гемоглобин деңгейі бойынша анықталады және құюдан кейін бірден жүзеге асырылады.

Жіті жаппай қансырау немесе созылмалы қансырау кезінде гемоглобин деңгейінің мониторингі веноздық қанда ғана жүргізіледі және ол сағат сайын жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда жиірек жүргізіледі.

77. Венадағы қанда гемоглобин деңгейінің 80 г/л-ден төмендеуімен жіті дамыған анемия қанның құрамында эритроциттер бар компонентін құюға айғақтар болып табылады. Айғақтар тұжырымы – «жіті анемия, Hb___г/л». Ересектер үшін қажетті қажетті дозалардың санын есептеу (80- Hb)/10 формуласы бойынша жүзеге асырылады.


      78. Анемиялық синдромның патогенетикалық терапияның нәтижесінде қысқа мерзім ішінде жойылмайтын айқын белгілері (жалпы әлсіздену, бас ауруы, тыныштық жағдайда тахикардия, демігу, бас айналу, синкопе эпизодтары) созылмалы анемия және гемоглобин деңгейінің 70 г/л-ге төмендеуі құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құюға айғақ болып табылады. Гемоглобин деңгейі айғақтардың бар болуын анықтайтын негізгі өлшем болып табылмайды. Миелодиспластикалық синдром, апластикалық анемия, жіті лейкоздар, әсіресе гемопоэздік дің жасушаларын транспланттауды қажет ететін пациенттерге құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құюды тағайындау барынша шектеледі. Артерия-көктамырлық айырмашылықтың шамасы созылмалы анемия кезінде құю қажеттілігінің қосымша және айқын көрсеткіші болып табылады. Айғақтар тұжырымы – «созылмалы орны толтырылмаған анемия, Hb___г/л».

79. Пациенттерде құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құюға айғақтар қанның гемоглобин деңгейі бойынша ғана емес, оттегінің жеткізілуі және тұтынылуын есепке ала отырып анықталады. Құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құю гемоглобин 110 г/л-ден төмендеген, PаO2 қалыпты және венадағы аралас қанда (PvO2), яғни оттегі экстракциясының 60%-дан жоғары ұлғаюымен, оттегі кернеуі 35 сынап бағ. төмен болған кезде ұсынылады. Айғақтар тұжырымы – «анемия кезінде оттегі жеткізілуінің төмендеуі, Hb___г/л, PаO2 _____сынап бағ., PvO2_____ сынап бағ.» Гемоглобиннің кез келген деңгейінде веноздық қанның оксигенация көрсеткіштері қалыпты болса, құю ұсынылмайды.

80. Пациенттің жоспарлы емдеуге клиникаға негізгі ауруына байланысты анемиямен немесе созылмалы қансыраумен түскен жағдайда, операцияға дейінгі гемотрансфузия гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден аз және пациентте анемиямен байланысты клиникалық белгілер (әлсіздік, тыныштықта тахикардия және демігу) болғанда ғана жүргізіледі. Айғақтар тұжырымы – «Бастапқы компенсацияланбаған анемия, Hb___г/л».

Операциялық араласуға өмірлік айғақтар болған кезде гемоглобин деңгейі 80 г/л болғанда және анемияның орнын толтыруы операцияға қарсы айғақ болып табылмайды. Анемияны түзету интраоперациялық немесе операциядан кейінгі ерте кезеңде жүргізіледі.

81. Егер операциялық араласу сол кезде орны толтырылған анемиямен және гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден төмен пациентке жүргізілсе, онда «трансфузиялық дайындық» жарияланады – қажеттілік тоқтатылғанға дейін қан компоненттерін резервтеу жүргізіледі. Құю интраоперациялық немесе гемоглобин деңгейі бастапқыға қарағанда 10%-дан астам төмендеу кезінде операциядан кейінгі бастапқы кезеңде жасалады. Айғақтар тұжырымы – «анемия, Hb___г/л».

82. Жасанды қанайналымын (бұдан әрі - ЖҚА) жүргізу кезінде эритроциттік массаның трансфузиясы гематокрит 25%-дан, ал балаларда 30%-дан төмендеген кезде ұсынылады. Айғақтар тұжырымы – «ЖҚА, Hb___г/л».

83. Туа біткен жүрек функциясының күрделі бұзылыстары бар пациенттердегі кез келген ауруды емдеу кезінде гемоглобин көрсеткіштері физиологиялық норма және анемияның тиісті клиникалық белгілеріне сәйкес келгенде құрамында эритроциттер бар қан компоненттері құйылады.

84. Егер пациентте операциядан кейінгі кезеңдегі жіті қансыраудан кейін гемоглобин деңгейінің 80 г/л-ден төмендеуі кезінде анемиямен байланысты клиникалық белгілер (әлсіздік, тыныштықта тахикардия және демігу) болмаса, құюдан тежей тұру туралы шешім қабылданады.

85. Клиникалық деректер, оттегінің тасымалдану көрсеткіштері және гемоглобин деңгейінің сандық ұлғаюы, құрамында эритроциттер бар компоненттерін құю нәтижелілігінің критерийі болып табылады.

86. Гемопоэздік дің жасушаларының әлеуетті реципиенттері болып табылатын пациенттерге лейкоциттері азайтылған қан компоненттері (лейкофильтрлеген, кемінде 25 Грей дозасында сәулеленген) құю ұсынылады.

87. Егер қажетті қан тобы және резус тиістілігінің құрамында эритроциттер бар қан компоненттері болмаған жағдайда осы Қағидалардың 31тармағының талаптарына сәйкес әмбебап құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құю жасалады.


4. Құрамында эритроциттер бар қан компонеттерін педиатрияда

құюдың ерекшеліктері
88. Педиатрияда құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құюдың тактикасының нәрестенің туу кезеңінен басқа кезде ересек емделушілерге құюдан қағидаттық айырмашылығы жоқ. 4 айға дейінгі нәрестелер (бұдан әрі – нәрестелер) мыналармен ерекшеленеді:

1) гиповолемияға және гипотермияға жоғары сезімталдығы;


      2) қан формуласының ерекше физиологиялық параметрлері (ЖҚА – 85 мл/кг; гематокрит – 45-60%, эритроциттер мөлшері – 4,0-5,6 х 1012/л);
      3) фетальды гемоглобиннің болуы (60-80%), бұл оттегіне жоғары ұқсастыққа және оның тіндерге қайтарылымның азаюына себепші болады;
      4) иммунологиялық күйзеліс (бұл нәрестелерге тән).

89. Жаңа туған кезеңде құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құюды тағайындау үшін критерийлер мен айғақтар мыналар болып табылады: ауыр жүрек-өкпе дерттері бар нәрестелерде гематокриті 40%-дан жоғары, гемоглобинді 130 г/л-ден жоғары ұстау қажеттілігі; орташа білінген жүрек-өкпе функцияларының жеткіліксіздігі кезінде гематокрит деңгейі 30%-дан жоғары және гемоглобин 100 г/л-ден жоғары болуы керек; тұрақты жағдайда, жоспарлы шағын операциялар жасаған кездегідей гематокрит 25%-дан жоғары, гемоглобин 80г/л-ден жоғары деңгейі сүйемелденеді.

90. Төрт айлықтан бір жасқа дейінгі нәрестелер үшін құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құю гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден төмен кездегі операция алдындағы анемия, гемоглобиннің операция кезінде және операциядан кейінгі 80 г/л-ден төмен деңгейі кезінде және анемиялық синдромның клиникалық айқын белгілері кезінде көрсетіледі. Бір жастан асқан сәбилер үшін жіті қансырау кезінде құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің құюға айғақтар ересектерге арналған айғақтарға ұқсас.

91 . Созылмалы анемия кезінде бір жастан асқан сәбилерде құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін құю гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден төмен және анемияның клиникалық белгілері кезінде көрсетіледі.

92. Нәрестелерге жүргізілетін барлық құюлар, олардың гипотермияға жоғары сезімталдығы, қанның иондық құрамы мен қышқылды-негізгі жағдайының күрт ауытқулары есепке алына отырып, көлемді ретінде қаралады. Нәрестелерге жүргізілетін құюлар, құрамында эритроциттер бар қан компоненттері құйылған трансфузиялық орта көлемімен қатар, талдауға алынған қанның көлемі қатаң бақылауға алынып жүргізіледі.

Бір жасқа дейінгі сәбилердің барлық талдаулары алынған қанның көлемі көрсетумен талдауға қан алу парағында белгіленеді.

Құйылатын құрамында эритроциттер бар қан компоненттерінің есебін гемоглобин деңгейінің көрсеткішіне қарай жүргізу керек: (Hb норма – пациенттің Hb х масса (кг)/200 немесе гематокрит бойынша: Ht – пациенттің Ht х ЖҚА/70.

93. Гемодинамика және тыныс алу көрсеткіштерін міндетті түрде бақылай отырып ЭМ-ні құю жылдамдығы сағатына 2-5 мл/кг дене массасын құрайды.


      94. Қан компоненттерінің донорын іріктеп алу кезінде нәресте үшін анасының плазма доноры болуы мүмкін еместігін еске сақтаған жөн, себебі ана плазмасының құрамында нәрестенің эритроциттеріне қарсы аллоиммундық антиденелер бар, ал әке эритроциттер доноры болмайды, олардың антигендеріне қарсы нәрестенің қанында, анасының қан ағынынан баланың жолдасы арқылы енген антиденелер болады.

95. Нәрестелерге құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін, сондай-ақ тромбоциттерді құю алдында мынаны орындау қажет:


      1) АВ0 жүйесі бойынша қан тобы анықталады. Табиғи агглютининдер сәбилік шақта әдетте анықталмайтындықтан, АВ0-тестілеу анти-А және анти-В реагенттерді пайдалана отырып реципиенттің эритроциттерімен ғана жүргізіледі. Эритроциттерді нәрестелерге құю үшін іріктеп алуды АВ0 жүйесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген кестеге сәйкес жүргізу керек. Егер реципиент қанының тобын АВ0 жүйесі бойынша анықтауда қиыншылықтар болса, онда нәрестенің және анасының қан сарысуымен үйлесетін (0(І)) эритроциттерді құйлады. Анасы болмаған жағдайда сәбидің қан сарысуымен үйлесетін (0(І)) эритроциттер құйылады;

2) нәресте қанының резус-тиістілігін анықталады; анти-Д антиденелерден болған гемолиздік ауру кезінде резус-теріс қанды ғана құяды, егер патогендік антиденелер анти-Д антиденелер болып табылмаса, нәрестеге резус-оң қанды құйылады;


3) иммунды антиденелерді іздеу және жеке үйлесімдікке сынама нәрестенің, сондай-ақ оның анасының қан сарысуына жүргізіледі; егер талдау жасау үшін нәрестелердің қанын алу мүмкін болмаса (әсіресе шала туған сәбилердің, себебі талдау үшін қажет сынама ЖҚА 1-2 % құрайды), тестілеу анасының қан сарысуымен жүргізіледі;

4) құрсаққа құю үшін ЭМ, ЭТ немесе ананың қан сарысуымен үйлесімді (О(І)) топтағы жаңа алынған, консервіленген донор қаны пайдаланады;


      5) эритроциттердің жиі және көп реттік құюы жоспарланып отырған жағдайларда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тартылатын донорлардың санын азайту мақсатында аз мөлшерге бөлінген компонент мөлшерін пайдалану ұсынылады. Қан және оның компоненттерінің қалдықтары жойылуға жатады.
5. Плазмалық-коагуляциялық гемостаз корректорларын құю тәртібі
96. Плазма жасушалық элементтерден айрылған қанның сұйық бөлігі болып табылады.

97. Емдеу практикасында: жаңа мұздатылған плазма (бұдан әрі – ЖМП), супернатантты плазма, криопреципитат пайдаланылады.

98. ЖМП жаңа алынған консервіленген қанды бөлу жолымен немесе плазмаферез және қан донациясынан кейінгі 6 сағаттың ішінде мұздату әдісімен алады.

99. ЖМП реципиент қанымен АВ0 жүйесі бойынша бір топтан болуы қажет.

ЖМП жасушасыз орта болғандықтан, резус жүйесінің анимгендері бойынша үйлесімдік міндетті түрде болмайды.

100. Кез келген қан тобындағы реципиентке АВ төртінші тобының плазмасын құю жүргізіледі.

101. ЖМП-ні құюға айғақтар мыналар болып табылады:
      1) коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы зертханалық расталғанда геморрагиялық синдромы. Коагуляциялық гемостаз факторлары тапшылығының кез келген зертханалық белгілері:

протромбиндік индекс (ПТИ) 70%-дан аз;

протромбиндік уақыт (ПУ) 15 секундтан астам;

халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) 1,5-тен астам;

фибриноген 1,5 г/л-ден аз;

белсенді ішінара тромбиндік уақыт (БІТУ) 45 секундтен астам (алдағы гепаринотерапиясыз);


Гемостаз факторларының туа біткен немесе жүре пайда болған тапшылығы ІІ, V, VІІ, VІІІ, ІХ, ХІ, ХІІ факторларының деңгейі бойынша анықталады.
      Айғақтар тұжырымы - «коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы: көрсеткіш (тер)____». ДВС (ІV кезең) себептескен геморрагиялық синдром кезінде коагулограмманың жоғарыда аталған тестілері төмен концентрация және жоғары фибринолитикалық белсенділік себебінен анықталмайды. Мұндай жағдайда Ли-Уайт бойынша – 30 минуттан астам қанның ұю уақытына бағдарланады;

2) осы Қағидалардың 101-тармағының 1) тармақшасына сәйкес коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы зертханалық расталған кез келген жағдайлар геморрагиялық синдромның даму қаупі болып табылады.

Геморрагиялық синдромның даму қаупі алда тұрған көлемді операцияға байланысты; жіті қаңсырау, жүктіліктің асқынулармен өтуі кезінде; операциялық және операциядан кейінгі кезеңнің асқынулармен өтуі кезінде; полиоргандық жеткіліксіздік, ДВС-синдромы дамуы кезінде орын алады.

Геморрагиялық синдромның даму қаупі болмаған жағдайда коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығын түзету толық энтеральды тамақтанумен ішек пен бауыр функцияларын қалыпқа келтірумен, К витаминін тағайындаумен жүзеге асырылады. Айғақтар тұжырымы - «коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы: көрсеткіш (тер)____».

3) ІІІ антитромбиннің тапшылығын зертханалық растау немесе гепаринге жоғары төзімділік кезіндегі (6 минуттан кем) ауыр гиперкоагуляция және гепариндермен коагуляцияға қарсы терапияның нәтижесіздігі, кез келген плазмалық физиологиялық антикоагулянттың зертханалық расталған коаглулопатиялар, айғақтар тұжырымы - «плазмалық антикоагулянттардың тапшылығы».
      4) геморрагиялық синдромның дамуымен тікелей әсер етпейтін антикогулянттарды (варфарин және өзгелер) мөлшерінен көп қолдану; алда тұрған хирургиялық араласудың алдында тікелей әсер етпейтін антикогулянттардың әсерінің инверсиясының қажеттілігі. Айғақтар тұжырымы - «Варфарин әсерінің инверсиясы»;

5) қатты улану, сепсис және тағы басқа жағдайларда уытсыздандыру мақсатында плазмоферез (плазмаалмастыру) орындау. Айғақтар тұжырымы – «плазмаалмастыру».


      102. Жіті қансыраудың 30% артық көлемінде, трансфузиясының айғақтарын анықтау үшін осы Қағидалардың 101-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айғақтарға сәйкес бір немесе бірнеше көрсеткіштер бойынша одан арғы міндетті коагуломма мониторингімен бірге 1,0 л. көлемінде ЖМП орын толтыру шұғыл жағдайларда жүзеге асырылады. Қанды коагуломмаға үшін алудың жиілігі қансырау қарқынына және клиникалық деректерге байланысты болады.

103. ЖМП-ні дозалау пациенттің дене салмағына негізделеді: жасына қарамастан 12-20 мл/кг.

ЖМП құюдың тиімділігін бақылау коагулограмма көрсеткіштері бойынша осы Қағидалардың 101-тармағының 1) немесе 3) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Терапияның тиімділігі жеткіліксіз болған кезде (жалғасып жатқан қансырау және ұю және ұюға қарсы жүйелер факторларының сақталып отырған тапшылығы) есептік дозаларды қайталап құяды.

Тәуліктік ЖМП шектелмейді.

ЖМП бір дозасы фибриноген деңгейін 0,25 грамм/литр (бұдан әрі - г/л) көтереді.

Фибриногеннің ең аз гемостатикалық концентрациясы – 0,8-1,0 г/л.

104. ЖМП-ні құю алдында плазманы еріткіште +370С температурада ерітеді.

Еріген плазмада фибрин үлпегі пайда болуы мүмкін, бұл плазманы вена ішіне құюға арналған сүзгісі бар стандарттық құрылғы көмегімен пайдалануға кедергі келтірмейді.

Ерітілгеннен кейін плазма бір сағат ішінде пайдаланылады және қайта мұздатуға жатпайды.

105. Супернатантты плазма фракциялау үдерісінде плазмадан криопреципитат шығарылғаннан кейін алынған плазма алынады.

106. Криопреципитат донор қанынан алынады және А гемофилиясымен, Виллебранд ауруымен, гипофибриногенемиямен (фибриноген 0,8 г/л төмен) ауыратын науқастарды емдеуге қолданылады.

VІІІ факторының (МЕ) бір бірлігі ЖМП-нің 1 мл-на сәйкес.

Криопреципитаттың бір дозасының құрамында VІІІ факторының кемінде 80 МЕ және орта есеппен 250 мг фибриноген бар.

ЖМП баламасы ретіндегі криопреципитат сұйықтықты парентералдық жолмен енгізуді шектеу қажеттілігі болғанда ұсынылады.

107. Криопреципитат қажеттілігінің және құюдың есебі төмендегідей шығарылады:


      1) дене салмағы (кг) х 70 мл/кг = қан көлемі (мл);

2) қан көлемі (мл) х (1,0 – гематокрит) = плазма көлемі (мл);

3) плазма көлемі (мл) х (VІІІ факторының қажетті деңгейі - VІІІ факторының қолда бар деңгейі) = (МЕ) құю үшін VІІІ факторының қажетті саны.
      VІІІ факторының қажетті саны (МЕ):100 бірлік = бір рет жүргізілетін трансфузия үшін қажетті криопреципитат көлемінің саны.

VІІІ факторды анықтау мүмкін болмаған жағдайда қажеттілік есебі былайша есептеледі: реципиент дене салмағының 5-10 кг-на криопреципитаттың бір бірлік дозасы.

Ұюдың кейбір факторларының тапшылығынан (гемофилия) болған жағдайларда криопреципитатты құю қажеттілігінің есептемесі гематологиялық жағдайларды емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

108. Криопреципитат құю терапиясының ұзақтығы қансыраудың ауырлығына және оны оқшаулауға және көрсетіліп отырған клиникалық әсерге байланысты.


      109. Құйылған VІІІ факторының реципиент циркуляциясында жартылай ыдырау уақыты 8-12 сағат құрайды, сондықтан терапиялық деңгейді ұстау үшін криопреципитатты қайталап құю жасалады.

110. Криопреципитат АВ0 жүйесі бойынша үйлесімді болады.



6. Тромбоциттерді құю тәртібі
111. Жаңа алынған қанның дозасынан қалыптасқан тромбоциттердің құрамында кемінде 60х109/л тромбоцит бар. Тромбоциттер дозасын құю дене үстінің көлемі 1,8 м2 реципиентте қансырау белгілері болмағанда оның қанында айналымдағы тромбоцитеттердің мөлшерін орта есеппен 5-10х109/л-ге ұлғайтады. Терапиялық нәтиже алу үшін қансыраумен асқынған миелодепрессиясы, асқынған қансыраған пациенттердің күрделі тромбоцитопениясы кезінде дене салмағының әрбір 10 кг-на 50-70х109-нан кем болмайтын немесе дене үстінің 1м2-на 200-250х109 мөлшерде тромбоциттерді құю көрсетілген.

112. Тромбоциттердің ең көп санын (800-900х109) бір донорға тромбоцитоферез жүргізу кезінде немесе жаңа алынған қанның дозасынан қалыпқа келтірілген тромбоциттерді біріктіру әдісімен алынады.

113. Трансфузиядан кейінгі фибрильдік гемолиздік емес реакциялардың алдын алу мақсатында тромбоциттер дозасын лейкофильтрлеуге ұшырайды.

114. Тромбоциттерді минутына 50-60 тамшы жылдамдықпен енгізеді.

115. Тромбоциттерді тағайындауға айғақтарды, тромбоцитопения себептері мен оның біліну деңгейін, клиникалық көрініс талдауын, қансыраудың орналасуын, алдағы операцияның көлемі мен ауырлығын есепке ала отырып тағайындалады.

116. Тромбоциттердің профилактикалық құюы химиотерапия жүргізу, тромбоцитопения күшейген кезінде және геморрагиялық синдромның клиникалық көрінісі болмағанда тромбоциттер деңгейі 10х109/л-ге төмендеген жағдайда жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған шарттарда геморрагиялық синдром болған жағдайда және тромбоциттерді құюды тағайындау үшін тромбоцитопения деңгейі 30х109/л құрайды.

117. Тромбоциттерді құю қансырау депрессиясында (мысалы, апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром және тағы басқалары), сондай-ақ тромбоциттер деңгейі 20х109/л-ге төмендегенде және томбоцитопениялық синдромның клиникалық көрінісі болғанда жүзеге асырылады.


      118. Тромбоциттерді құю коагуляциялық гемостаз факторларының тапшылығы ілісе болатын коагулопатикалық қансыраудың жалғасуы немесе алда тұрған көлемді операция алдында немесе операция кезінде тромбоциттер саны 50х109/л аз болған жағдайда жүзеге асырылады.

119. Тромбоциттерді құю алдағы нейрохурургиялық көлемді операция алдында тромбоциттер саны 100х109/л-ден аз болған жағдайда жүзеге асырылады.


      120. Тромбоциттерді құю реципиенттің қанында айналымдағы антитромбоцитарлық антиденелер донорлық тромбоциттерді лизирлейтіндіктен, иммундық генез тромбоциттердің жоғары бұзылуы кезінде жүзеге асырылмайды. Инвазиялық манипуляциялар мен операциялар жүргізілген кездегі тоқтаталмайтын қансырау осы санаттағы реципиенттерде ерекшелік болып табылады.

121. Тромбоцитопатияда тромбоциттерді құю ургенттік жағдайларда (мысалы, көп қан кету, операциялар және тағы басқаларда) жүзеге асырылады.

122. Ересек реципиенттер үшін тромбоциттердің қажетті терапиялық санын 300-500Ч109 енгізу жүзеге асырылады.

123. Өздігінен қансыраудың тоқтауы және терідегі және көзге көрінетін шырышты қабаттағы жаңа геморрагийлердің болмауы, сондай-ақ қанда айналымдағы тромбоциттердің санының өсуі тромбоциттерді құюдың тромбоциттердің клиникалық критерийлері болып табылады.

124. Тромбоциттерді ұзақ уақыт қайталап құюды қажет ететін реципиенттер үшін (апластикалық анемия, сүйек кемігін ауыстырып қондыру) лейкофильтрленген және/немесе сәулеленген аферездік тромбоциттерді пайдаланылады.

125. Иммунологиялық рефрактерлік пайда болған кезінде, келесі құю донорды тромбоциттік антигендер және HLA антигендері бойынша арнайы іріктелген лейкофильтрленген тромбоциттермен жүргізіледі.

126. Трансфузиядан кейінгі бір сағаттан соң реципиенттің қан арнасында айналымдағы тромбоциттер санының ұлғаюы (тиімді құйылған жағдайда олардың саны 50-60х109/л-ге жетеді) немесе, егер, 24 сағаттан кейін олардың саны 20х109/л ауыспалы деңгейден артық, немесе ең болмағанда бастапқы трансфузия алдындағы санынан жоғары болса тромбоциттерді құюдың орын басушылық терапиясының нәтижелілігінің зертханалық белгілері болып табылады.

Қансырау уақытының азаюы немесе қалыпқа келуі тромбоциттерді құюдың нәтижелілігінің критерийі болады.

127. Тромбоциттерді құю кезінде донор мен реципиенттің АВ0 антигендері және резус тиістілігі бойынша үйлесімді.

Ересек пациенттерге трансфузия кезінде қажетті топтағы тромбоцитер жоқ болған кезде АВО жүйесі бойынша О тобының тромбоциттері резус тиістілігі ескеріле отырып, әмбебап болып есептеледі.

128. Тромбоциттерді дәл құю алдында дәрігер контейнердің белгілеуін, оның тұмшаланып жабылуын тексереді, донор мен реципиенттің қан топтарының үйлесімділігін салыстырылады.
7. Гранулоциттерді құю тәртібі
129. Бактерияға қарсы терапияға рефрактерлік инфекция бар болғанда, оның ішінде нәрестедегі сепсис кезінде, иммунитет тапшылығы, химиотерапия немесе химиотерапиядан кейін агранулоцитоз немесе панцитопения кезінде реципиентте гранулоциттердің абсолюттік саны 0,5х109/л–ден төмендеуі гранулоциттерді құюды тағайындауға негізгі айғақ болып табылады.

130. Гранулоциттер донациядан кейін 24 сағаттан кешіктірмей құйылады. Компонентті сәулелендіру аллогендік гранулоциттерді құю үшін міндетті талап болып табылады. Терапиялық әсерге қол жеткізу үшін гранулоциттерді құю бірнеше күн бойы қатар жүргізіледі.

131. АВ0 және резус-тиістілік жүйелері бойынша үйлесімділік міндетті. Қайталап құю кезінде аллоиммундаудың алдын алу үшін гранулоциттерді HLA гистолейкоцитарлық антигендер бойынша іріктеп алу жүзеге асырылады.

132. Құйылған гранулоциттердің терапиялық нәтижелілігінің көрсеткіші мыналар болып табылады: дене қызуының төмендеуі, уыттану мен қабынудың физикалды белгілерінің азаюы, пневмония болғанда өкпенің рентгенологиялық көрінісінің жақсаруы, бұрын бұзылған ағза функцияларының тұрақтануы және тағы басқалары. 


8. Қан препараттарын құю тәртібі
      133. Альбумин ерітінділері ақуызды препараттар болып табылады, 5%, 10% және 20% түрінде шығарылады.

134. Альбумин ерітіндісін құю үшін айғақтар мыналар болып табылады:


      1) кез келген генез гипопротеиннемиясы немесе гипоальбуминемиясы – жалпы ақуыз 60 г/л-ден төмен, альбумин 35 г/л-ден төмен. Айғақтар тұжырымы

– «гипопротеиннемия/гипоальбуминемия: көрсеткіші____»;

2) миға жасалған операциялар, мидағы заттегінің ісінуі және қабынуы, жалпы ақуыз 70 г/л-ден төмен, альбумин 40 г/л-ден төмен жағдайда қарын қуысы мүшелеріне жүргізілген ауқымды және жарақаттық операциялар. Айғақтар тұжырымы – «гипопротеинемия/гипоальбуминемия: көрсеткіші____»;

3) микроциркуляцияның бұзылуының айқын білінуімен және 60 г/л-ден төмен гипопротеинемия, 35 г/л-ден төмен гипоальбуминемиямен гиповолемикалық, геморрагиялық, күйіктен есеңгіреудің ауыр ағымы. Айғақтар тұжырымы – «гипопротеиннемия/гипоальбуминемия: көрсеткіші____»;

4) алып тасталатын плазманың - 50%,-дан астам үлкен көлемінің орнын басу кезіндегі емдік плазмоферез. Айғақтар тұжырымы – «Плазмаферез».

135. Албуминнің қажетті мөлшерін есептеу 100 мл 10% және 20%, албуминнің жалпы ақуыз деңгейін 4-5 г/л және 8-10 г/л көтеретініне сүйене отырып жасалады.

ЖМП құюға және гипопротеинемияға айғақтар болғанда, ең бірінші кезекте құрамында плазма ақуыздары бар ЖМП-ні құюды жүргізеді. Жалпы ақуыз деңгейін бақылаудан кейін альбумин құюдың қажеттілігі туралы шешім қабылданады.
      136. Плазма ақуыздарының онкотикалық тұрақтандырудан басқа, тасымалдау рөлін орындайтынын және көптеген дәрілік препараттардың фармококинетикасын көп жағынан анықтайтынын есепке ала отырғанда, альбуминді құю айқын білінген гипопротеинемия (50 г/л-ден төмен) және гипоальбуминемия (30 г/л-ден төмен) ілесе болатын кез келген клиникалық жағдайларда, оның ішінде акушерлікте және неонатологияда абсолютті көрсетіледі.
      137. Альбумин ерітінділерін құю кезінде жанама әсерлер байқалады: пирогендік, генерализденген және аллергиялық реакциялар, оқшауланған гипотензия, гиперволемия, циркуляциялық күш түсу, уыттану. Құюға айғақтарды дұрыс есепке алу, биологиялық сынамаларды жүргізу, енгізу жылдамдығын азайту, нестероидтік қабынуға қарсы препараттармен премедикация альбумин ерітінділерін құю кезіндегі реакциялар мен асқынулардың профилактикасы болып табылады.

138. Альбумин ерітінділері пациентті ас қорыту жолдарынан тыс қоректендіру үшін пайдаланылмайды.

139. Иммуноглобулиндер қан плазмасынан алынатын антиденелердің концентраты болып табылады және:

1) ерекшелігі бойынша: құрамында ерекше антиденелер (антистафилококты, шешекке қарсы, антирабиялық, сіреспеге қарсы және басқа) бар поливаленттік және бағытталған әрекетті;

2) енгізу тәсілі бойынша: вена ішіне немесе бұлшықет арасына енгізуге арналған.

140. Иммуногобулиндерді қолдануға айғақтар мыналар болып табылады:

1) гуморальдық иммунитеттің тапшылығын түзету;

2) иммундық және аутоиммундық аурулар кезінде иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру;

3) инфекциялық және вирусты ауруларды емдеу;

4) бастапқы және қайталама антиденелер тапшылығының алдын алу.

141. Ұюдың VІІІ және ІХ факторларының концентраттары қан плазмасынан өндіріледі және А, В гемофилиясы және Виллибрандт ауруы кезінде орын басу терапиясы үшін қолданылады.

142. VІІІ факторының концентраты А гемофилиясымен ауыратын науқастарда VІІІ факторының тапшылығын түзетуде көрсетіледі. МЕ-дегі (1 МЕ жаңа, сақталуы 1 сағаттқа дейін донорлар плазмасының 1мл-ндегі VІІІ факторының белсенділігіне сәйкес) VІІІ факторының белсенділігіне сәйкес. VІІІ факторының құрамы қалыпты шамадан пайыз ретінде анықталады. Қажетті мөлшерді есептеу төмендегідей жасалады:

1) дене салмағы (кг) х 70 мл/кг = ЖҚА (мл);

2) ЖҚА (мл) х (1-гематокрит) = ОЦП (мл);

3) ОЦП (мл) х (МЕ/мл-де VІІІ факторының қажетті деңгейі) – бастапқы.
      Ауыр түрдегі А гемофилиясымен ауыратын науқастар үшін VІІІ фактор концентратының бір реттік дозасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N = M х Л х 0,5, мұнда N – халықаралық бірліктердің саны, Л – пациент плазмасындағы фактордың керекті деңгейі; М – пациенттің дене салмағы.
      Орташа және жеңіл түрдегі А гемофилиясымен, Виллебранд ауруымен ауыратын науқастар үшін VІІІ фактор концентратының бір реттік дозасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N = M х (Л-Р) х0,5, мұнда N – халықаралық бірліктердің саны, М – пациенттің дене салмағы, Л – пациент плазмасындағы фактордың керекті деңгейі, Р – пациенттегі фактор деңгейінің %-ы.
      143. ІХ факторының концентраты В гемофилиясымен ауыратын науқастарда ІХ факторының тапшылығын түзету кезінде қолданылады.
      В гемофилиясымен ауыратын науқастар үшін ІХ факторының концентратының бір реттік дозасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N = M х Л х 1,2, мұнда N – халықаралық бірліктердің саны, М – пациенттің дене салмағы, Л – пациент плазмасындағы фактордың қажетті деңгейі.
9. Қанды ауыстырып құю
      144. Қанды ауыстырып құю (бұдан әрі - ҚАҚ) кезінде бір уақытта донор қанының барабар немесе компоненттерінің асатын көлемімен орнын алмастырумен реципиенттің қан жүретін арнасынан қанды ішінара немесе толық шығару жүргізіледі. Бұл операцияның негізгі мақсаты қанмен бірге ыдырау өнімдерін, нәрестенің гемолиздік ауруы кезінде гемолизді және антиденелерді шығару. Қанның құрамында эритроциттер бар компоненттері және ЖМП үшін айғақтар тұжырымдамасы – «ҚАҚ».

145. Техникалық мүмкіндік кезінде қанды ауыстырып құю бір рәсім ішінде плазманың 70%-ын алумен және оның орнын плазманы ауыстырушылармен және ЖМП толтырумен қарқынды емдік плазмаферезді орындаумен ауыстырылуы тиіс.

146. Емдік плазмаферез жоғары тұтқырлық синдромы, иммундық кешенді этиология аурулары, түрлі уыттану, ДВС-синдромында, васкулиттер, сепсис, бүйрек және бауыр функцияларының жіті және созылмалы жеткіліксіздігі кезінде көрсетіледі.

147. Емдік плазмаферез центрифуга және полимер контейнерлердің көмегімен аппаратты немесе үзік-үзік әдіспен, сондай-ақ плазмафильтрлеу әдісімен жүргізіледі.

148. Емдік плазмаферезді жүргізу кезінде плазманы алумен бір уақытта алынып отырған көлемнің орнын ЖМП, альбумин, плазманы ауыстырушыларды құюмен толықтыру жүргізіледі. Алынған плазма Санитариялық қағидаларға сәйкес жойылуға жатады.

149. Алынатын плазманың көлемі, шараны жүргізу ритмі, плазманы ауыстыру бағдарламасы емшараның алдына қойылған мақсаттарға, емделушінің бастапқы жағдайына, ауру сипатына немесе құюдан кейінгі асқынуға байланысты.


Қанды, оның компоненттері мен
препараттарын сақтау, құю 
қағидаларына        
1-қосымша         




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет