Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты

жүктеу 46.97 Kb.
Дата06.04.2016
өлшемі46.97 Kb.
: uploads -> files -> protokoly -> %D0%BA%D0%B0%D0%B7.%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D0%BA
%D0%BA%D0%B0%D0%B7.%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D0%BA -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты

protokoly -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)

Алматы 2007 ж

Тыныс алу жолдарына бөгде зат түсуінен немесе жеген тамаққа

қақалудан болатын механикалық асфиксия (тұншығу)

Хаттама коды: Е - 011

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

W 79 Терең дем алғанда немесе жұтынғанда тамақ бөлігінің тыныс алу жолының бітелуіне әкелуі

W80 Бөгде заттың дем алу арқылы немесе жұтып қою арқылы, тыныс алу жолдарының бітелуі.

Анықтамасы: Механикалық асфиксия, тыныс алу жолдарына тағамның бір бөлігі немесе бөгде зат түскен жағдайда пайда болады , яғни бөгде заттың терең дем алғанда және қатты тағам бөлігін жұтқанда көмей кіреберісіне тұрып қалуынан жоғарғы тыныс алу жолы қуысының бітелуі асфиксия туындатады.

Орналасуына байланысты жіктелуі:

1. Жоғарғы тыныс алу жолындағы бөгде зат

2. Төменгі тыныс алу жолындағы бөгде зат

Аурудын ағымына байланысты жіктелуі: Жіті және жітілеу - бронхылардың қақпақшалы түрде немесе толық жабылуы. Бұл жағдайда тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылысымен байланысты ателектаздық пневмония көрінісі байқалады. Созылмалы ағымы - бөгде заттың тыныс алуға әсер етпей кеңірдек және бронхыларда орнығуы, ателектаз және эмфизема белгілері жоқ, тек қана бөгде заттың орныққан жерінде қабыну үрдісі және сол жердің дренаждық функциясының бұзылуымен әйгіленетін пневмониямен сипатталады.

Диагностика критерилері:

1. Кенеттен басталатын асфиксия. Дені сау адамда кенеттен тұншығу сезімінің пайда болуы. Бөліктік обструкция кезінде - дауыстың шықпай қалуы немесе мүлдем жоғалуы. Толық обструкция кезінде науқас сөйлей алмайды, тек қолымен мойнын көрсетіп белгі береді. Гипоксияның жылдам дамуы науқастың есінен танып, құлауына алып келеді.

2. Тағам қабылдағаннан кейін, ұстама тәрізді кенеттен басталған «себепсіз»жөтел .

3. Бөгде зат жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрып қалса - инспираторлы, ал бронхтарда болса -экспираторлы ентігу болады

4. Ысқырықты тыныс

5. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабатын бөгде заттың зақымдауына байланысты  қан қақырудың болуы

6. Өкпе аускультациясы кезінде - тыныс шуыдарының біржақты немесе екіжақты әлсіздігі байқалады.

Негізгі және қосымша диагностикалық тексерулер тізімі:

1. Анамнез жинау және шағымын сұрау

2. Сырттай қарау

3. Тыныс алу жиілігін өлшеу

4. Өкпе аускультациясы

5. Жүрек соғуының жиілігін өлшеу

6. Артериялық қан қысымын өлшеу

7. Жоғарғы тыныс алу жолдарын қосымша жарық түсіріп, шпательмен, айнамен қарау

Медициналық жәрдем беру тактикасы:

Ем мақсаты :

1. Өлімнен аман қалу

2. Шұғыл түрде тыныс алу функциясын қалыпқа келтіріп, науқастың жағдайын жақсарту

3. Тыныс алу функциясын оңтайлы деңгейде ұстап тұру

Дәрі-дәрмексіз ем: Тек, науқастың өміріне қауіп төндіретін өршу ЖТЖ-де тыныс алу жолдарынан бөгде затты алып тастауға әрекеттену керек.

Бөгде зат жұтқыншақта болса - корнцанг немесе саусақпен алу әрекетін жасау

Бөгде зат кеңірдекте, көмейде, бронхтарда болса - науқастың есі ауыспаған жағдайда, жоғары тыныс алу жолдарынан бөгде затты, науқастың арқасынан ұрып немесе абдоминальдық-диафрагмалық сығып-сығып қалу (Геймлих әдісі) әдісімен шығарып жіберуге тырысу. Бұл әдістерді демді ішке терең алған сәтте жасау керек. Нәтиже болмаған жағдайда - коникотомия жасау қажет.

Госпитализациялау үшін көрсетімдер:

Асфиксия жағдайынан шыққан, бірақ обструкция себептері қалған (бөгде зат кеңірдек-бронхылық тармақтарға ығысқан жағдайда)

Тыныс алу жолдары обструкциясының, тыныс алу жеткіліксіздігінің өршуі.

Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер:

1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1. Медиа Сфера. 2003 г.

2. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005.

3. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации. Под ред. Мирошниченко А.Г., Руксина В.В. СПб., 2006.- 224 с.

Әзірлеушілер тізімі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.

Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет