Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы



жүктеу 3.22 Mb.
бет1/22
Дата02.05.2016
өлшемі3.22 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы

2014 жылғы 11 ақпан №77 Астана қаласы
Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметке ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы №1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларының 70-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережелерінің 15-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметке ақы төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Қ.Қ. Ермекбаев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің интернет-сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а. Б.ТӨКЕЖАНОВ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының 2014 жылғы 11 ақпандағы №77 бұйрығымен бекітілген


Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларының 70-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің (бұдан әрі – Шығындарды өтеу ережесі) 15-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Қағида келесі нысандарда көрсетілетін медициналық көмектің мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу (бұдан әрі – көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу) тәртібін айқындайды:

1) республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың оңалту орталықтарындағы, санаторийлердегі науқастарға, психикалық, инфекциялық аурулармен, туберкулезбен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға медициналық қызметтер көрсетуін қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;

2) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

3) республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардағы амбулаториялық-емханалық көмек нысандарында көрсетіледі.

Қағида нысаналы ағымдағы трансферттерге бағытталған қаражат есебінен қаржыландырылатын көрсетілген медициналық қызметтер үшін, бірегей технологиялардың тізбесіне және шетелде емделуге үміткер болған пациенттерді бюджет қаражатының есебінен отандық медициналық ұйымдарда емдеуге ақы төлеуге қолданылмайды.

3. Қағида көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін, тәуліктік стационар шарттарында көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуді, стационарды алмастыратын көмек бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуді және ұстап қалулар мен әсер ету шараларын қамтиды.

4. Қағида Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі - МҚАК АД), Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – МФҚБК АД), Медициналық қызметтерді көрсетуге МҚАК АД-мен Шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасқан медициналық ұйымдарға, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» (бұдан әрі - РЭДО) мен «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» (бұдан әрі – ДДРО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына және «ҚазМедТех» акционерлік қоғамына қолданылады.

5. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

2) есепті кезең – шарттық міндеттемелердің аяқталуына байланысты кезең қысқартылатын жылдың соңғы айын қоспағанда бір күнтізбелік айға (айдың бастапқы күнінен бастап соңғы күніне дейін) тең уақыт кезеңі;

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) тапсырыс беруші – республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын МҚАК АД;

6. Медициналық қызметтер үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын іске асыруды, Әкімшінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жоспарларымен көзделген қаражаттың шегінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылаудың нәтижелерін есепке ала отырып, Шарттың негізінде жүзеге асырылады.
2. Көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеудің тәртібі

7. Медициналық ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандары бойынша, мынадай: стационарлық науқастың (003/е нысаны), күндізгі стационар науқасының (003-3/нысаны), босану тарихы (096/е нысаны), жаңа туған нәрестенің даму тарихы (097/е нысаны) медициналық карталарының (бұдан әрі – медициналық карталар) негізінде пациенттің стационардан шығуынан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Стационарлық науқастардың электрондық тіркеліміне (бұдан әрі – Тіркелім) деректерді, оның ішінде шығару эпикризін енгізу және растауды күн сайын жүзеге асырады.

Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы медициналық қызмет көрсету кезінде медициналық ұйым Уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасы нысандарында жоғарыда көрсетілген медициналық техниканың тоғыз сандық кодын ұсынады.

Енгізу нәтижелері бойынша стационардан шыққан науқастың № 907 бұйрықпен бекітілген статистикалық картасы (066/е, 066-1/е, 066-2/е, 066-3/е, 066-4/е нысандары) және емделіп шыққан науқастың шығару эпикризі (027/е нысаны), амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы (025-9/е нысаны) қалыптастырылады.

8. Медициналық ұйымдар Тіркелім деректерінің негізінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-4-қосымшаларға сәйкес тиісті нысандар бойынша ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек бойынша көрсетілген медициналық қызметтер үшін медициналық ұйымның шот-тізілімін, ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша көрсетілген медициналық қызметтер үшін медициналық ұйымның шот-тізілімін, ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның шот-тізілімін және ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның шот-тізілімін (бұдан әрі – Шот-тізілім) қалыптастырады және МҚАК АД-ға береді. Егер Шот-тізілімге электрондық-цифрлық қолтаңба қойылса, онда оны беру электрондық пішімде жүзеге асырылады.

9. Медициналық ұйым Тіркелімді қалыптастырудың дұрыстығы, уақтылығы мен сапасы үшін және ақы төлеуге берілген шот-тізілімнің Тіркелім деректеріне сәйкестігі үшін жауапты болады.

10. ТМККК қызметтерінің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері бойынша жағдайлардың жинақ тізбесі негізінде, сондай-ақ шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолдану негізінде, МҚАК АД деңгейінде осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек бойынша медициналық қызметтерді медициналық ұйымның көрсетуіне арналған шартты орындау хаттамасы, Ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша медициналық қызметтерді медициналық ұйымның көрсетуіне арналған шарттын орындау хаттамасы (бұдан әрі – Хаттама) қалыптастырылады.

Хаттамаларды тұрақты әрекет істейтін комиссия қарайды және қол қояды. Комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) МҚАК АД-ның, тиісінше өңірдің денсаулық сақтау басқармасының және РЭДО қызметкерлерінің қатарынан тапсырыс беруші құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы Хаттаманы қалыптастыру өткен жылдың желтоқсан айындағы шот-тізілімге кірмеген жағдайларды және лизингтік төлемдерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуіне арналған шартты орындау хаттамасы және Ақы төлеу республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуіне арналған шартты орындау хаттамалары осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қалыптастырылады.

МҚАК АД медициналық ұйымның сұратуы бойынша Хаттаманың көшірмесін береді.

11. МҚАК АД сұрату арқылы растайтын медициналық құжаттаманы зерделеу арқылы немесе медициналық ұйымның орналасқан жеріне бару арқылы ақы төлеуге ұсынылған медициналық қызметтер бойынша Шарттың талаптарының орындалуына талдау жүргізеді.

Талдау нәтижелері бойынша медициналық ұйымның басшысы өзі немесе МҚАК АД лауазымдық тұлғалары қол қоятын, бір данасы МҚАК АД-да сақталатын Шарт талаптарын орындауды тексеру актісі құрылады.

12. Медициналық құжаттама ұсынылмаған сапасы және көлемі бақылауға тиісті емделіп шығу жағдайларына ақы төленбейді.

13. Ақы төлеуге, оның ішінде ішінара ақы төлеуге жатпайтын жағдайлардың тізбесі бойынша сапаға және көлемге жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Ақы төлеуге, оның ішінде ішінара ақы төлеуге жатпайтын жағдайлардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес медициналық ұйымдар ұсынған бюджет қаражатының сомаларын түзету жүзеге асырылады.

14. Алдын алуға келмейтін өлім жағдайларын есепке алмағанда, сапа мен көлемді бақылау нәтижелері бойынша ұсталатын сомаға қосымша келісім жасау арқылы Шарттың сомасы тоқсан сайын азайтылады.

15. Ақы төлеуге, оның ішінде ішінара ақы төлеуге жатпайтын ақы төлеу кезеңінде МФҚБК АД мен МҚАК АД өткізген сапа мен көлемді бақылау нәтижелері бойынша анықталған емделіп шығу жағдайлары бойынша бюджет қаражатының сомаларын түзету Шарттың қолданылу кезеңінде келесі төлемдерден жүргізіледі.

16. Ұстап қалу мен шешіп алуға тиісті бюджет қаражатының сомасы Шарттың қолданылу мерзімі кезеңіндегі медициналық ұйымдармен келесі өзара есеп айырысу кезінде есепке алынады.

17. Көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, медициналық ұйымдар көрсеткен, орындалған жұмыстар (қызметтердің) актісін (бұдан әрі – Орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі) рәсімдегеннен кейін жүзеге асырылады.

18. Орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісін құру үшін ресімделген хаттама негіздеме болып табылады.

19. Ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек бойынша медициналық ұйым көрсеткен орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі, Ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша медициналық ұйым көрсеткен орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі, Ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым көрсеткен орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі және Ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде консультациялық-диагностикалық көмек нысанында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым көрсеткен орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі осы Қағидаларға 10-13-қосымшаларға сәйкес тиісті нысандар бойынша екі данада құрылады және түпнұсқасы МҚАК АД-ға беріледі. Егер Орындалған жұмыстар (қызметтер) актісіне электрондық-сандық қол қойылса, онда электрондық пішімде беріледі.

20. Орындалған жұмыстар (қызметтер) актісінде төлемдер мен ұстап қалулар бойынша кесте уәкілетті органның бұйрығы не сот органдарының шешімі не ресімделген хаттамамен не комиссиялық шешім бойынша өзге біржолғы төлемдер (ұстап қалулар) болған жағдайда толтырылады. Хаттамада сома, кезең, төлемнің (ұстап қалудың) атауы, негіздеме көрсетіледі.

21. Орындалған қызметтердің ресімделген актілері бойынша Медициналық қызметтерге ақы төлеу есепті кезең аяқталған күннен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде Шартпен көзделген көлемде және мерзімде бұрын төленген аванстың бір бөлігін ұстап қалуды есепке ала отырып, медициналық ұйымның есеп-айырысу шотына бюджет қаражатын аудару арқылы жүргізіледі.

22. Шартқа сәйкес Шарттың қолданылу мерзімі ішінде сапаға бақылау жүргізуге байланысты ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ Шарт қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін шот-тізілімге кірмеген ТМККК шеңберінде медициналық көмекті көрсету жағдайлары үшін ақы төлеу Шарттың қолданылу жылынан кейінгі жылда жүргізіледі.

23. Пациентті емдеу үшін, оның ішінде ауруханаішілік ауыстыру жағдайларында ақы төлеу бір емделіп шығу жағдайына сияқты жүзеге асырылады.

24. Консультациялық-диагностикалық көмектің көрсетілген қызметтерінің көлемі үшін ақы төлеу және қызметтер берушінің қосалқы мердігерге қызметтер үшін ақы төлеуі тарификатор бойынша жүзеге асырылады.

25. Медициналық ұйым облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатының және бюджеттен тыс қаражаттың есебінен сатып алынған дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ақы төлеуге ұсыну құқығы жоқ.

26. Медициналық ұйымдар есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін, қараша мен желтоқсан үшін 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Тіркелімге мынадай:

осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген медициналық қызметтер үшін шығыстардың құрылымы;

осы Қағидаға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлерге сараланған ақы төлеу;

осы Қағидаға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызмет көрсеткені үшін аванстың жоспарлы сомаларын бөлу;

осы Қағидаға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау туралы ақпаратты енгізеді.

МҚАК АД қабылданған ақпараттың негізінде өткен айдағы шығыстарды деректер базасымен салыстыру жүргізеді.

Осы тармақпен көзделген ақпарат Тіркелімде болмаған жағдайда, ағымдағы есепті кезең үшін ақы төлеу көрсетілген деректерді енгізгенге дейін жүргізілмейді.

27. Осы Қағидаға 18-қосымша бойынша АХЖ-10 бойынша негізгі диагноз болып табылмайтын және КШТ тізбесінен алып тасталған диагноздардың тізбесі бойынша ақы төлеу жүзеге асырылмайды.

28. Денсаулық сақтау саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға ТМККК шеңберінде медициналық көмекті көрсету кезінде шығындарды өтеу осы Қағидаға сәйкес ТМККК көрсететін ұйымдарға сияқты жүзеге асырылады.

29. Күрделі шығыстарды қоспағанда, Шығындарды өтеу қағидаларының 6-тармағында анықталған шығыстардан басқа МҚАК АД шарттар жасасқан медициналық ұйымдарға ТМККК көрсету бойынша қызметіне байланысты шығындар өтеледі.
3. Тәуліктік стационар шарттарында медициналық қызметтерге ақы төлеу

30. КШТ бойынша стационарлық көмек жағдайлары үшін ақы төлеу базалық тарифтің (ставканың) құнын, әрбір тобы бойынша шығын сыйымдылығы коэффициентін және түзету коэффициенттерін қамтитын тарифтер бойынша жүргізіледі.

31. Ауыстырумен, пациенттің өз еркімен кетуіне байланысты науқастың тәуліктік стационарда қысқа мерізімді жатуына (3 тәулікке дейін қоса алғанда) КШТ құнынан нақты өткізген төсек-күндері бойынша ақы төленеді.

Қысқа мерзімді бөлу кезінде (3 тәулікке дейін қоса алғанда) алдын алуға келмейтін өлім жағдайларында ақы төлеу КШТ құнынан 50% көлемінде жүргізіледі.

Диагностикалау мен емдеудің жетілдірілген технологияларын қолданумен емделіп шығу жағдайларының жату мерзімі қысқарған жағдайда ақы төлеу КШТ-ның толық тарифі бойынша жүзеге асырылады.

32. Түзету коэффициенттері экологиялық коэффициентті, жылыту кезеңінің ұзақтығы коэффициенттерін, ауылдық аумақ коэффициентін және де басқа коэффициенттерді қамтиды.

Семей яролық полигоны және Арал маңындағы экологиялық апат аумақтарында орналасқан медициналық ұйымдарға арналған экологиялық коэффициенттер, сондай-ақ ауылдық аумақ коэффициенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.

Жылыту кезеңінің ұзақтығы коэффициенттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес белгіленеді.

33. Осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес емделіп шығу жағдайларының, операциялардың және манипуляциялардың тізбесі бойынша өтеу нақты шығыстар бойынша немесе нақты кеткен шығындарды қосымша өтеу арқылы КШТ бойынша емделіп шығу жағдайына ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Нақты шығындар бойынша ақы нақты келтірілген шығыстар үшін ақы төленуі тиіс жағдайлардың тізбесін қолданған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте операциялар үшін ақы төлеу шығыстардың мынадай баптары бойынша нақты шығыстар бойынша жүргізіледі: жалақы, әлеуметтік салық, тамақтану, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер мен коммуналдық және басқа шығыстар. Коммуналдық және басқа шығыстар бұл ретте бір науқасқа қайта есептеумен өткен айдағы медициналық ұйымның коммуналдық және басқа шығыстарына арналған нақты шығындар бойынша есептеледі.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды (бұдан әрі – ММБ) және медициналық қызметтерді қолдану арқылы ақы төлеу негізгі диагноздың КШТ бойынша және олардың құнын (шығындарын) бекітілген бағалар бойынша қосымша өтеу арқылы жүзеге асырылады.

34. Осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес тізім бойынша көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу бір төсек-күні үшін, есептік орта құны бойынша емделіп шығу жағдайлары үшін және медициналық-экономикалық тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

35. Емдеу ұзақтығын негізді қысқарту жағдайларында есептік орташа құны бойынша емделіп шығу жағдайлары үшін ақы төленетін медициналық ұйымдарға ақы төлеу есептеу бір төсек-күнінің орташа құны бойынша нақты төсек-күндер үшін жүзеге асырылатын бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф бойынша жүргізіледі, бұл ретте бір төсек-күнінің құны бір емделіп шығу жағдайы тарифінің құнын бағасын күндердің жоспарлы санына бөлу арқылы айқындалады.

36. Терминалдық сатыдағы созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға тәуліктік стационар шарттарында гемодиализ қызметтері үшін ақы төлеу негізгі диагноздың КШТ бойынша және көрсетілген сеанстар құнын өтеу арқылы жүргізіледі.

Дәрі-дәрмектік терапиямен аурудың беті қайырылмаған, асқынған жіті бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде тәуліктік стационар жағдайында гемодиализ қызметтеріне ақы төлеу негізгі диагноздың/операцияның КШТ бойынша және көрсетілген сеанстар құнын өтеу арқылы жүргізіледі.

Тәуліктік стационар жағдайындағы альбуминдік және перитонеалдық диализдер қызметтері үшін ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ бойынша және көрсетілген сеанстар құнын өтеу арқылы төленеді. Шығындарды өтеу кезінде шығыс материалдары жөнелтпе құжат бойынша қолына берілетін пациенттің перитонеалдық диализді өз бетінше жүргізуіне арналған шығындары есептеледі.

37. Тәуліктік стационар жағдайында жүктіліктің және босанудың асқынған барысы осы Қағидаға 21-қосымшаға сәйкес босандыру бойынша АХЖ-10 диагноздарының (патологияның) тізбесіне сәйкес өңірлендіру қағидаттарын есепке ала отырып, қымбат тұратын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың (бұдан әрі – ММБ) нақты шығыстарын өтеумен КШТ құны бойынша төленеді.

38. Тәуліктік стационар жағдайларында нәрестелердің ауыр ауруларына осы Қағидаға 22-қосымшаға сәйкес перинатология бойынша АХЖ-10 диагноздарының (патологияның) тізбесіне сәйкес өңірлендіру қағидаттарын есепке ала отырып, қымбат тұратын дәрілік заттардың және ММБ-дың нақты шығыстарын өтеумен КШТ-ның құны бойынша ақы төленеді.

39. Онкологиялық аурулардың және туберкулездің диагнозын белгілеу кезінде бейінді емес стационарларда емделіп шығу жағдайы үшін ақы төлеу тиісті КШТ құны бойынша жүзеге асырылады.

40. Онкогематологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың тәуліктік стационар жағдайында химиотерапия жасалған емделіп шыққан науқастар үшін ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операциялардың КШТ бойынша және нақты шығыстар бойынша химиялық препараттардың құнын өтеу арқылы жүргізіледі. Тромболитикалық препараттарды қолданған кезде ақы төлеу негізгі диагноздың КШТ бойынша және тромболитикалық препараттардың құнын өтеу арқылы жүргізіледі.

Онкогематологиялық аурулардың жіті нысандарын емдеу кезінде алғашқы емдеуге жатқызу химиопрепараттардың құнын өтеумен негізгі диагноздың КШТ бойынша төленеді. Келесі емдеуге жатқызу кезінде химиопрепараттардың құнын өтеумен негізгі диагноздың КШТ бойынша 30% төленеді.

Лейкоздың жіті нысандарын емдеу кезінде жоғары дозадағы химиотерапияны қолданатын медициналық ұйымдарға келесі емдеуге жатқызу кезінде химиопрепараттардың құнын өтеумен негізгі диагноздың КШТ құнынан соманың ¾-і көлемінде ақы төленеді.

41. Онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсететін республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың тәуліктік стационары жағдайында емделіп шыққан науқастар үшін ақы төлеу негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ бойынша және химиотерапия, сәулелік терапия, иммуногистохимиялық зерттеу, сүйек және буындарды эндопротездеу құнын өтеу арқылы жүргізіледі.

42. «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы және «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ) медициналық ұйымдарында бауыр циррозын емдеу кезінде ақы төлеу тиісті КШТ бойынша және шығындарды қосымша өтеу арқылы жүргізіледі.

43. Стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесі бойынша тәуліктік стационар деңгейінде онкологиялық аурулары бар балаларға (бұдан әрі – Балалар онкологиясы) медициналық қызмет көрсету үшін ақы төлеу медициналық-экономикалық тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші емдеуге жатқызу күнінде балалардың жасы 18 жастан кем болады.

Медициналық-экономикалық тарифтер блоктар (сызбалар) бойынша емдеу құнын, емдеудің ұзақтығы мен стационарды алмастыратын көмекті қоса отырып, нақты нозологияны емдеудің толық курсының құнын қамтиды.

Нақты нозологияны емдеу үшін өтеу сомасы емдеудің толық курсының құнынан аспау керек. Бұл ретте, шығындарды өтеу кезеңмен, емдеу курсының блоктары (сызбалары) бойынша жүзеге асырылады.

Егер өткізілген төсек-күндердің саны бір емдеу блогының белгіленген емдеу мерзімінің 50% және одан кем болса, онда құнды өтеу блок құнынан 30%-ды ұстап қалу арқылы жүргізіледі.

Блоктар (сызбалар) арасындағы емдеу үзілісінде онкологиялық аурулары бар балаларды бақылау қажет болған жағдайда ақы төлеу стационарды алмастыратын көмек деңгейінде жүзеге асырлады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне кіретін дәрілік заттардан басқа, амбулаториялық емдеу кезеңі бар нозологиялар үшін дәрілік заттар стационарлық емдеу курсының аяқталуы бойынша беріледі, бұл ретте, берілген дәрілік заттар үшін шығындарды өтеу жөнелтпе құжат бойынша жүзеге асырылады.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет