Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет10/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 70. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА АСПАПТАРЫН БАПТАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пьезокварц резонаторларды МЕМСТ бойынша дәлдік класы жоғары 1 кГц бастап 100 мГц дейінгі жиілік диапазонында белгіленген температура жағдайында, әр түрлі температуралық интервалдардың температуралық жиілікті сипаттамаларын ала отырып түпкілікті баптау. Эквивалент өлшемдерді өлшеу және есептеу. Жиілік эталоны үшін кварц резонаторлардың дәлме-дәл өлшемдерін баптау, есептеу және өлшеу. Пьезокварц резонаторларды вакуумда белгіленген температура жағдайында баптау. Сүзгі пьезорезонаторларды баптау. Моножиілікті өлшеу және қиюластыру. Вакуумдеу және пьезорезонаторларды инертті газбен толтыру. Баллондағы вакуумды жарықтандыру арқылы тексеру. Пьезорезонатор жиілігін бастапқы эталон жиілікпен салыстыру әдісімен және өлшеу дәлдігін 1 х 10-8 аспайтындай етіп қамтамасыз ететін басқа да әдістермен өлшеу. Ауытқулардың әр түрлі түрлерінің пьезоэлементтерінің геометриялық өлшемдерін есептеу.

Білуге тиіс: пьезорезонаторлар жиілігін өлшеудің негізгі әдістері; ауытқулардың әр түрлі түрлерінің пьезоэлементтерінің жиілігін баптау әдістері; эквивалент өлшемдерді есептеу және өлшеу әдістері; моножиілікті өлшеу әдістері және паразитті резонанстарды басу; пьезорезонаторлардың жиілігі мен өлшемдерін өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу аппаратурасының құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты және оны пайдалану ережесі; ауытқулардың әр түрлі түрлерінің пьезоэлементтерінің геометриялық өлшемдерін есептеу әдістемесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 71. МИКРОҰНТАҚТЫ БАЙЫТУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроұнтақты күкірт қышқылында М10 дейін байыту, микроұнтақты ваннаға салу, оның үстіне күкірт қышқылын құю. Байытылған ұнтақты сумен жуу. Негізгі фракцияны бөлу мақсатында микроұнтақты сыныптау. Сыныптауға арналған конустарға микроұнтақты толтыру. Конустар мен тұндырғыштарды жуу. Дайын мироұнтақтарды сорғыту және кептіру.

Білуге тиіс: мироұнтақтарды байыту және кептіруге арналған құрылғылардың негізгі бөліктерінің атауы мен мақсаты, жұмыс істеу қағидаты; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары, мироұнтақтарды байыту және сыныптау әдісі; мироұнтақтарды байыту, сыныптау және кептіру тәсілдері. Қолданылатын сұйықтардың (H2SO4; H2 O) мақсаты мен қасиеттері; мироұнтақтардың негізгі механикалық қасиеттері; химия бойынша негізгі түсініктер.


§ 72. МИКРОҰНТАҚТЫ БАЙЫТУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мироұнтақтарды түйіршектелудің кез келген белгіленген мәніне дейін байыту. Керекті концентрациялы қышқыл ерітіндіні қиюластыру. Талдау деректері бойынша байыту процессін реттеу. Мироұнтақтарды сыныптау. әр ұнтақтан кондициясы бірдей жүзгіндер дайындау. Мироұнтақтарды микроскоппен талдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және оларды жұмыс процессіне дайындау тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; өңделген мироұнтақтарды талдау әдістемесі; талдау үшін сынама алу тәсілдері; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Мироұнтақтарды өлшеу, ыстыққа төзімді ыдысқа салу.

2. Кептірілген германий қалдықтарын дөңгелек диірмендерге салу, елеу және тартылған қалдықты өлшеу.

3. Мироұнтақтарды шекті фракциясын анықтау үшін сыныптау.

4. Құрамында германийі бар жуу ерітінділерін қайта өңдеу.

5 . Пергидроль ерітінділерді қайта өңдеу.

6. Германийдің кесек қалдықтарын қайта өңдеу; алмаспен кесуден қалған германий қалдықтарын қайта өңдеу.

7. Темір аммоний ашудасы ерітіндісін, күйдіргіш натрий ерітіндісін дайындау.

8. Алмаспен кесу станоктарының бөшкелерінен германий қалдықтарын шығару (бөшкелерді ауыстыру, бөшкелерді тасымалдау).

9. Германий қалдықтарын содадан жуу.

10. Жуу суының сынамасын талдау үшін алу.

11. Германий қалдықтарын кептіру шкафтарында кептіру, кептіру шкафтарын тазалау.


§ 73. АСПАПТАР МЕН БӨЛШЕКТЕРДІ БОЯУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бояу және лактауға аспаптарды дайындау жұмыстарын орындау. Аспаптар мен бөлшектерді бояу мен лактауға арналған автоматтар мен жартылай автоматтардың бункерлеріне салу. Бұйымдарды кистьпен немесе ваннаға салу арқылы бояу. Бояу, ағып кеткен бояуды кистьпен алу және инфрақызыл сәулелену құрылғысында баяудан кейін электр шкафта немесе термостатта кептіру. Бөлшектердегі таңбалау жазуларын бүрку әдісімен жабу.

Білуге тиіс: бояу және лактау үшін қолданылатын анағұрлым көп таралған құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары; материалдардың тұтқырлығын анықтау әдістері; бұйымдардың бетін жабу тәсілдері; бүріккіштерді жұмысқа дайындау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Өткізгіш блоктар – қолмен кистьпен эмаль жазу.

2. Радиобөлшектердің блоктарына арналған бөлшектер – батырып алу әдісімен лакпен қаптау және оны термостатта кептіру.

3. Өткізгіш бөлшектер - лактау.

4. Феррит сақиналар - батырып алу әдісімен лакпен қаптау және оны термостатта кептіру.

5. Конденсаторлар – лакты, эмальді қолмен жағу, батырып алу, кептіру.

6. Әр түрлі типті оксид конденсаторлар – таңбалаудан кейін бүріккіштің көмегімен цапондау.

7. Фоторезисторлардың пластиналары - поливинилацетат лакты қолмен кистьпен жағу және кептіру.

8. Өзекшелер, келісілген жүктеме – лакты қолмен жағу.

9. Тұрақты сымсыз көмірқышқылды резисторлар –ағып кеткен жерлерін кистьпен сүрте отырып, батырып алу әдісімен лактау және электр шкафта немесе ашық ауада кептіру.


§ 74. АСПАПТАР МЕН БӨЛШЕКТЕРДІ БОЯУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы автоматтарда және жартылай автоматтарда қарапайым бұйымдарды сондай-ақ құрылғылардың көмегімен қолмен, батырып алу арқылы кейіннен жағылған қабатты кептіру арқылы бояу және лактау. Таңбалау белгілерін кистьпен лактау, кейіннен оларды термостатта кептіру және кептіру температурасын реттеу. Бұйымның бетіне лакты көп рет бірқалыпты жағу. Агрегаттарды боялатын және лакталатын бұйымдардың мөлшеріне қарай күрделі емес баптау. Бапталған автоматтар мен жартылай автоматтарға қызмет көрсету. Бояу және лактау режимін реттеу. Эмальдің, лактың, бояудың жұмыс тұтқырлығын тұтқыр өлшеуіште бақылау ерітінділердің көмегімен жұмыс тұтқырлығын реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; анағұрлым кең таралған әмбебап және арнайы құрылғылардың мақсаты мен қолданылу шарттары; жабын жағу ережесі мен тәсілдері; қолданылатын бояу, лак, эмаль ерітінділердің мақсаты мен негізгі қасиеттері; кептіру режимі; бояу, лак, эмальді сақтау және қолдану ережесі; жабдықты қарапайым баптау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Пленкалы түзеткіштер – батырып алу немесе бүріккіш арқылы оқшаулағыш лак және паста жағу.

2. Аспаптардың шықпасы - батырып алу арқылы лактау.

3. Бөлшектер мен аспаптар - кейіннен кептіре отырып, кистьпен лактау.

4. Радиобөлшектердің блоктарына арналған бөлшектер – батырып алу әдісімен лак қабатын жағу және термостатта кептіру.

5. Диодтар мен триодтар – құрылғыларда бояу.

6. Шырша ойыншықтары - суретті кистьпен салу; бүріккіштің көмегімен лак жағу.

7. Бұйымдар – қолмен кистьтің көмегімен лак қабатын тегістеп жағу.

8. Шыны колбалар - бояу.

9. Қыш түтікті конденсаторлар - центрифугада лактау.

10. Әр түрлі типті конденсаторлар – бүріккішпен бояу.

11. Шағын көлемді конденсаторлар - қолмен, бүріккіштің көмегімен және батырып алу әдісімен эмаль, лак жағу.

12. Шыны эмаль конденсаторлар - эмаль жағу және кептіру.

13. Конденсаторлар - агрегаттарда эмаль, лак жағу, кептіру.

14. ШР бұйымдарының корпусы ме келтеқұбыры - лактау.

15. Конденсаторлардың қақпағы – қақпақтағы ойықтарға эмаль құю.

16. Интеграл, “Тропа”, “Трапеция”, “Посол” типті гибрид микросхемалар - лактау.

17. Компаунд құйылған, өткізгіштерінің жиектері бүркілген микрожинақтар - лактау.

18. АЖЖ және ГМС модульдері – сырлау және бүрку әдісімен бояу.

19. Өткізгіш байланыс аппаратурасының модульдері, платалары, блоктары, бөлшектері – лактау және кептіру.

20. ПЗУ блоктарының платасы – батырып алу әдісімен лак қабатын жағу және қолмен кисть арқылы кемшіліктерін түзету; ажыратпаларға қорғаныш қабат жапсыру.

21. Ауқымды нығыз монтаждалған аспаптар, блоктар - жекелеген элементтерін қорғай отырып бүріккіштің көмегімен лактау.

22. Жартылай өткізгіш аспаптар – лактау, бояу.

23. Пьезоэлементтер - лактау.

24. Радиобөлшектер - центрифугада, жартылай автоматта эмаль, лак жағу.

25. Тұрақты және ауыспалы резисторлары – агрегаттарда бүріккішпен бояу және шкафта кептіру.

26. Резонаторлар, пьезокварц сүзгілер – таңбалау белгілерінің үстіне қолмен кистьпен лак жағу

27. Герметикаланған резонаторлар - дәнекерленген жерлерді ылғалдың ағуынан оның үстіне қолмен кисть арқылы лак жағып қорғау; ауада және кептіру шкафтарында кептіру.

28. ПЗУ өзекшелер – құрылғыда оқшаулау лагын жағу және спираль астында кептіру.

29. Стакандар – суретті кистьпен салу.

30. Электр шамдары – батырып алу және бүрку әдістерімен бояу және лактау.

31. Барлық типті электр қосқыштар, пластмассадан жасалған халықтық тұтыну тауарларына арналған бөлшектер - бояу.


§ 75. АСПАПТАР МЕН БӨЛШЕКТЕРДІ БОЯУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтағы, сондай-ақ арнайы құрылғылардың көмегімен қолмен аспаптар мен бөлшектерді бояу және лактау. Электростатикалық өрісте арнайы жабдықтарда радиобөлшектерді бояу. Жұмысқа дайындау, баптау, бетін қаптауға арналған жабдық жұмысын тексеру және реттеу. Лактау және бояу режимін белгілеу және оларды жұмыс процессінде реттеу. Жағылған қорғаныш қабаттың сапасын көзбен шолып бақылау. Ақаулықтың пайда болуының алдын алу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың ұсақ ақаулықтарын жою тәсілдері; әр түрлі материалдардан жасалған күрделі пішінді бұйымдарды бояу, лактау және кептіру тәсілдері; бояу, лак, мастика және эмальдің рецептурасы және қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Баллон - селикогель жағу.

2. Металл генератор шамдардың бөлшектері – сырлау және кистьпен немесе бүріккішпен бояу.

3. Диодтар мен триодтар – жартылай автоматтарда бояу.

4. Кварц үзгілер және резонаторлар – бүрку әдісімен және қолмен бояу, сырлау, лактау.

5. Түрлі-түсті кинескоптар - бояу, лактау.

6. Қалпақ - жартылай автоматтарда қоспа (цеолит, лак) қосу.

7. Конденсаторлар - триацетат және этилцеллюлоза қабатын жасау.

8. Фото шамдарға арналған шыны колбалар – ішкі бетін фонтандық бүрку әдісімен көп позициялы машинада бояу.

9. Кристалл - КО-97эмалін қолмен кистьпен қорғаныш қабатын тегістеп жағу.

10. Кристалл - КВ-З вазелинін жағу.

11. Магнит өткізгіштер, трансформаторлар мен дроссельдер - тегістеу, сырлау, бояп-кептіру агрегаттарында бүрку әдісімен лактау және бояу.

12. Аралықтар - лактау.

13. Баспа платалар, тораптар мен блоктарды ауқымды монтаждау – батып алу, кистьпен пневматикалық бүрку арқылы лактау.

14. Электрондық оптикалық түрлендіргіштер – бояу, сырлау, кистьпен және бүріккішпен лактау.

15. Микромодуль аспаптар - бояу.

16. Металл аспаптар – қолмен немесе жабдықта бүрку әдісімен бояу және лактау.

17. Жартылай өткізгіш аспаптар – автоматта механикалық сорғалатып ағызу арқылы лактау және бояу; кейіннен центрифугалау арқылы батырып алу әдісімен бояу; шприцтің көмегімен дәл мөлшерлей отырып, аспаптардың бетіне эммитерлік шықпаның маңына эмаль жағу.

18. Монтаждық өткізгіштер - машиналарда лактау.

19. Кинескоптарға арналған жарылыстан қорғайтын рамалар - ЖҚР-ны электр тұндыру тәсілімен бояу.

20. Металл корпустардағы радиобөлшектер - машиналарда лактау және инфрақызыл сәулелермен кептіру.

21. Радиобөлшектер мен микросхемалар – ауада кептіру арқылы лактау.

22. Жады құрылғыларының радиобөлшектері мен тораптары - УР-232, Э-4100 лагымен ылғалдан сақтайтын қабат жағу.

23. Резисторлар - автоматтар мен автоматтандырылған желілерде бояу және лактау.

24. Тұрақтандырғыштар – қолмен бояу.

25. Баспа платаларындағы, қосалқы блоктардағы тораптар, ЭРЭ көп радиоаппаратура – орындар мен ЭРЭ-ні қабаттан оқшаулау арқылы лактау - кептіру.

26. Кварц сүзгілер – бояу, сырлау; бүрку әдісімен және қолмен лактау.

27. Барлық типті фото көбейткіштер - бояу, сырлау; бүрку әдісімен және қолмен лактау.

28. Электр шамдары – кистьпен қолмен әр түрлі суреттерді бояумен салу.
§ 76. АСПАПТАР МЕН БӨЛШЕКТЕРДІ БОЯУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бояуға болмайтын жерлерді қорғауға арналған арнайы түзеткіштерді қолдана отырып, бөлшектер мен аспаптарды қолмен және жабдықта бояу, лактау, сырлау және тегістеу. Бояу, лактау режимдерін өздігінен реттеу; қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау. Қажетті консистенциялы, реңкті және түсті сылақты, сыр, бояу, лакты дайындау. Жаңа бояғыш заттар мен синтетикалық материалдарды енгізген кезде бұйымдарды эксперименталды бояу және өңдеу. Ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі; аспаптарды бояу, лактау және кептіруге арналған түрлі құрылғылардың мақсаты; әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдарды тегістеу, сырлау, бояу, лактау және кептіру тәсілдері; әр түрлі мақсаттағы және тұтқырлығы әр түрлі сылақтарды, сыр, бояу, лактарды дайындау рецептурасы және тәсілдері; жабылмайтын жерлерді қабаттардан қорғау әдістері; ақаулықтардың негізгі түрлері және оларды жою.

Жұмыс үлгілері

1. КТ-810 типті аспаптар арматураларының блоктары - лак жағу.

2. Жоғары жиілікті дроссельдер - сылау, сырлау, бояу, лактау.

3. Экспорттық және барлық климаттық етіп жасалған магнит өткізгіштер - бояу.

4. Стереомагнитофондардың панелдері мен шильдалары - нитробояумен бояу.

5. Микромодуль аспаптардың аралықтары, кристалдары – лакпен қорғау.

6. Әр түрлі пішінді аспаптар - синтетикалық нитроэмальмен бояу.

7. Резисторлар мен қалайыланған өткізгіштер – бетін лакпен қорғау.

8. "Габарит", ''Малютка", "Потенциал" типті трансформаторлар мен дроссельдер – сылау, сырлау, бояу, лактау.

9. Экспорттық және барлық климаттық етіп жасалған трансформаторлар мен дроссельдер – герметикалау.

10. Эммитердің электродтары, арматуралардың блоктары мен басқарылатын диодтардың кристалдары - лакпен қорғау.
§ 77. ДӘЛМЕ-ДӘЛ КЕСУ ОПЕРАТОРЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластинаға арналған жартылай өткізгіш материалдардың дайындамалары мен құймаларын қалыңдығы бойынша ±30 мкм шақтамамен дәлме-дәл кесу. Кристалдар, малта тас пен блоктарды кесудің белгіленген бұрышынан аралау станоктарында алмас арамен ±З0 мин шақтамамен кесу және аралау. Ауданы 100 см2 кристалды белгіленген шақтаманы сақтай отырып, таңбалау пластиналарына кесу. Рентгенгониометрдің көрсеткіштерін ескере отырып, аралау станогының суппортында түзетулерді орнату. Кесу және аралау режимін айқындау. Станокты жұмысқа дайындау. Кесу құралын орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; әмбебап және арнайы құралдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; кесу құралының (алмас араның) мақсаты, қолданылу ережесі және құрылысы мен кесу бұрыштары; өңделетін материалды суыту ережесі мен тәсілдері; кристалл мен малта тасты, жартылай өткізгіш материалдардың дайындамалары мен құймаларын бағдарлау және кесуді белгілеу тәсілдері; рентгенгониометрдің көрсеткіштерін ескере отырып, аралау станогын баптау тәсілдері; өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттері; кристалл кесудің негізгі технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1. Кристалдар - өлшемдері бойынша егеу.

2. Кристалдар немесе малта тас - базис немесе пирамиданың жазықтығына бағдарлау және секциялар мен блоктарға аралау.

3. Ауқымы 100 см2 дейінгі кристалдар - өңдеу пластиналарына аралау.

4. Кварц кристалдары - 0,5 мм шақтамамен х-секцияларға аралау.

5. Пластиналар - ақаулықтарын аралау (артық шеттерін, саңылауларын).

6. Ауқымы 100 см2 таңбалау пластиналары - ± 1 бастап 0,5 мм дейінгі шақтамамен дайындамаларға аралау.

7. х-секцияларды әр түрлі кесіктерге белгілеу.

8. Кесу бұрышына ±6 мин шақтамамен аралау.

9. Кремний кесегі - дайындамаларға кесу, кесек шетін тегістеу.

10. Диаметрі 30, 40 мм германий, кремний кесектері - пластиналарға, кесу, қалыңдығын бақылау.
§ 78. ДӘЛМЕ-ДӘЛ КЕСУ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластинаға арналған жартылай өткізгіш материалдардың дайындамалары мен кесектерін қалыңдығы бойынша ±20 мкм шақтамамен дәлме-дәл кесу. Кристалдарды, малта тасты, пьезокварц, кварц, корунд блоктарын және жартылай өткізгіш материалдардан жасалған пластиналарды алмас арасы бар аралау станоктарында ±5 мин. шақтамамен немесе күрделі С-95 типті таспа және шекті станоктарда, автомат немесе жартылай автомат құрылғыларда кесу және аралау. Жартылай өткізгіш материалдардың құймаларының бағдарлау құрылғыларындағы бағдары, кесектерді әперу жылдамдығын есептеу, кесектерді, дайындамаларды бекіту. Тозған құралдарды ауыстыру және оны тегістеу. Геометриялық өлшемдерін бақылау. Бір уақытта екі кесу станогында жұмыс істеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты, оның ішінде жартылай өткізгіш материалдарды кесуге арналған ультрадыбыстық құрылғылардың құрылысы және баптау тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғыларды, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; жартылай өткізгіш материалдарды өңдеу тәсілдері және оларды оңтайлы ашу әдістері; кристаллография негіздері (оның ішінде пьезокварцтың); өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Пьезокварц блоктары - БТ, КТ, ДТ, ЦТ кескіндері үшін бағдарлау және қалыңдығы ±0,1 мм бойынша пластиналарға аралау.

2. Кварц блоктары - әр түрлі кристаллографиялық бағдарлы қалыңдығы бойынша ±0,1мм шақтамамен пластиналарға кесу.

3. Кристалдар немесе пьезокварц малта тасы – жазықтығы бойынша ±5 мин. шақтамамен бағдарлау және секцияларға кесу.

4. Ауданы 100см2 астам пьезокварц кристалдары – таңбалау пластиналарына аралау.

5. Табиғи бедерленбеген кварц кристалдары - осьтің орналасуы және белгілеу.

6. Галлий арсенидінің монокристаллы - нақты бағдарлай отырып пластиналарға дәлме-дәл кесу.

7. Индий арсенидінің және индий антимонидінің монокристаллы – нақты бағдарлай отырып дәлме-дәл кесу.

8. Кремний, германий пластиналары - кристалдарға ультрадыбыстық кесу.

9. Кремний пластиналары - ±0,5мм шақтамамен жапсыру, алу, калибрлеу, базалық кесіндіні алу.

10. Ауқымы әмбебап пластиналар - аралау.

11. Таңбалау пластиналары – кесу станогында таңбалау және дайындамаларға кесу.

12. Кесу бұрышы бойынша ±6 мин. және қалыңдығы бойынша ±0,1мм шақтамамен пластиналарға аралау.

13. Диаметрі 60 мм германий, кремний кесектері - пластиналарға кесу.


§ 79. ДӘЛМЕ-ДӘЛ КЕСУ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай өткізгіш материалдардың дайындамалары мен кесектерін бағдарлау дәлдігі ±0,5 градус шақтамамен дәлме-дәл кесу. Бағдарлау дәлдігімен жартылай өткізгіш материалдардың дайындамалары мен кесектерін дәлме-дәл кесу. Күрделі геометриялық формалы кристалдар мен дайындамаларды ±0,05-0,15 мм аралау және кесу, сондай-ақ кристалдарды, малта тасты, блоктар мен пласттарды бұрыштары бойынша дәл, секцияларды әр түрлі құрылымды станоктарда және ультрадыбыстық құрылғыларда бұрышы бойынша ±2мин шақтамамен, дайындамалардың қалыңдығы ±0,1мм шақтамамен 1мм дейін болған кезде пластиналарға аралау. Ауданы әмбебап кристалдарды аралау. әр түрлі жазықтық пен осьтер бойынша белгілей отырып бағдарлау. Жұмыс процессінде станоктар мен құрылғылардың дұрыс жұмыс істейтінін бақылау және оларды баптау. Кесу құралдарын жинақтау және бекіту. Ультрадыбыстық және электр ұшқынды құрылғыларға аспаптарды орнату. Тозған кесу құралдары мен құрылғыларын ауыстыру.

Білуге тиіс: кристалдарды дәлме дәл кесуге арналған әр түрлі модельдерің жабдықтың құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикасы, электр схемасы, дәлдікке баптау және тексеру ережесі; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылымы, арнайы кесу құралының геометриясы мен жетілдіру ережесі; шақтама және қондырма жүйесі, кедір-бұдырлық квалитеттері мен өлшемдері; кристалдарды белгіленген кесу бұрыштары бойынша аралау үдерісі; жартылай өткізгіш материалдарды кесу және сындырудың техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Блоктар мен кристалдар – бағдарлау, ±2мин. шақтамамен х-секцияларға аралау, ±1,5мин. шақматамамен пластиналарға кесу.

2. Лейкосапфир білеулері - қалыңдығы 1мм, бағдарлау дәлдігі 3 градусқа дейін пластиналарға кесу.

3. Пьезокварц кристалдары немесе малта тасы – ±2минут шақтамамен жазықтыққа бағдарлау және секцияларға аралау.

4. Пьезокварц кристалдары - АТ, ЖТ, МТ, НТ кескіндеріне бағдарлау және қалыңдығы бойынша ±0,1мм шақтамамен аралау.

5. Пьезокварц кристалдары – бірегей көлемді таңбалау пластиналарына аралау.

6. Пьезокварц кристалдары – ауданы 150см2 және ±15 минут шақтамамен таңбалау пластиналарына аралау.

7. Лейкосапфир – бағдарлау дәлдігі 3 градусқа дейін білеулерге кесу.

8. Лейкосапфир платалары - 32х22 мм; 22х26 мм өлшемдері бойынша кесу.

9. Кварц пластиналар (пакет) - 2-4 бөлікке аралау.

10. Кремний пластиналары – шұңқырларды ультрдыбыстық қашау.

11. Диаметрі 76 мм кремний кесектері – пластиналарға бағдарланған кесу.

12. Жартылай өткізгіш материалдар - тұйық және өтпелі тесіктерді қашау.

13. Шыны пленка конденсаторлардың шыны блоктары – жазықтығынан бағдарлау және секцияларға аралау.


§ 80. ДӘЛМЕ-ДӘЛ КЕСУ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай өткізгіш материалдардың дайындамалары мен кесектерін пластиналарға, білеулерге әр түрлі типті ±10 мкм қалыңдық бойынша кесетін алмаспен кесу станоктарында бағдарлы дәлме-дәл кесу. Ф 0,4-1,5 мм арнайы құймалардан жасалған Жартылай өткізгіш материалдардың шықпаларын жартылай автоматтарда кесу. ±0,15 мм аспайтын ұзындық бойынша, шетін кесу бұрышы 0,25 мм аспайтындай, метал бүршіктері 0,03 мм аспайтындай, бүгу сызығы 0,2 мм аспайтындай етіп лақтыру. Жұмыс процессінде станоктың электр және механикалық бөлігінің дұрыс жұмыс істейтінін бақылау және оларды баптау. Кесу құралдарын құру және баптау (алмас пышақ). Дискілерді созу сапасын бақылау. Кесудің тиімді режимдерін таңдау. Жабдық жұмысында ақаулықтарды тудыратын олқылықтарды анықтау. Тозған алмас дискілерді ауыстыру.

Білуге тиіс: жабдықтардың әр түрлі модельдерін, оның ішінде электронды басқарылатын станоктардың кинематикасы, электр схемалары мен дәлдігін тексеру тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; кесу режимін станоктың анықтамалықтары мен төлқұжаты бойынша айқындау ережесі; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесі; өңдеу бұйымдары мен кесу құралдарын бекіту және салыстыру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Пьезокварц блоктары – кесу бұрышы бойынша ±3 минут шақтамамен элементтерге және қалыңдығы бойынша ±0,1 мм шақтамамен ішкі кесу жиегімен жабдықталған станоктарда аралау.

2. Галий-гадолиний, неодим-галлий, кальций- германий гранатының монокристалдары – пласттарға бағдарланған кесу.

3. Ф 100 мм кремний кесектері - пластиналарға кесу.


§ 81. ДӘЛМЕ-ДӘЛ КЕСУ ОПЕРАТОРЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 100 мм көп жартылай өткізгіш материалдардың дайындамалары мен кесектерін пластиналарға бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған кесу агрегатында ±10 мкм қалыңдық бойынша лақтыратын бағдарлы дәлме-дәл кесу. Кесу құралын орнату және баптау, оның дұрыс жұмыс істеуін бақылау. Жұмыс барысында агрегатты реттеу және кесу құралын баптау. Агрегаттың автоматты жұмыс бағдарламасын жасау және түзету. Кесу жиегінің кету бағыты мен көлемін айқындау, кесу құралын түзету, кесу жиегінің кету көлемін азайту.

Білуге тиіс: бағдарламамен басқарылатын жабдықтың құрылысы және жұмыс негіздері; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс өлшемдерін тексеру және реттеу тәсілдері; кесу сапасын бақылау әдістері.




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет