Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет12/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 93. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН НЫҒЫЗДАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі нығыз ұнтақтарынан жасалған қыш, пьезоқыш және феррит бөлшектерді стационар және алмалы-салмалы нығыз қалыптарда, гидравликалық пневматикалық нығыздауыштарда, ротациялық нығыздауыштарда, көп шпиндельді және көп позициялы автоматтарда нығыздау. Массаны вакуум нығыздау және әр түрлі қалыпты және ауқымды дайындамаларды созу. Қағаз шағын көлемді қорғаныш конденсаторларды сыйымдылығын өлшей отырып және қосымша жанши отырып нығыздау. Слюда конденсаторлардың пакеттерін сыйымдылықты микрофарадометр бойынша талап етілетін мәнге дейін жеткізе отырып нығыздау. Нығыз ұнтақтардан (фенопласт және аминопласттан) жасалған таблеткаларды таблеткалау машиналарында нығыздау. Нығыз ұнтақтар мен гидравликалық және пневматикалық нығыздауыштағы пасталардан жасалған қыш феррит бұйымдарды магнит өрісінде нығыздау. Пасталардан жасалған феррит бұйымдарды көлемін іріктей отырып магнит өрісінде эксперименталды нығыздау. Магнит қатты материалдардан жасалған бұйымдарды ыстық нығыздау. Радиоқыш массалардың порожкасына түйінді рецепт бойынша енгізу. Араластырғыштар мен барлық жүйенің вакуум-нығыздауыштарына толтыру және босату. Алдын ала жылу оқшаулағышы бар электр пешінде қыздыра отырып, тоқ өткізгіш ұнтақ тәріздес массаны ауқымды резисторлардың қыштарына жағу; қабатты гидравликалық көп шпиндельді автоматта нығыздау, негіздерді нығыздау. Нығыздаудан кейін аспаптағы кедергілердің көлемін тексеру. Нығыздау температурасын, қысымы мен уақытын реттеу. Нығыздалатын материалдардың сапасын ылғалдылығы, түсі және басқа да сыртқы түрі бойынша айқындау.

Білуге тиіс: автоматтардың, гидравликалық, пневматикалық және штурвалды нығыздауыштардың, араластырғыштардың, барлық жүйелердің вакуум-нығыздауыштары мен вакуум-сорғыларының құрылысы, қызмет көрсету ережесі және баптау тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылуы; қолданылатын радиоқыш массалары мен түйіндерінің құрамы; қыш, пьезоқыш және феррит нығыз-ұнтақтарының рецептурасы; секциялардың сыйымдылығын өлшеу тәсілдері, сыйымдылығы мен электр магнит өлшемдерінің қысым көлеміне тәуелділігі; магнит өрісі көлемінің магнит өткізгіш саңылауының көлеміне байланыстылығы; масса ылғалдылығы; қосымша жаншу саны мен нығыздау уақытын айқындау; ілеспе құжаттарды ресімдеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Диодтар – нығыз қалыптарды алдын ала гидравликалық нығыздауышта қыздыра отырып қысыммен нығыздау.

2. Конденсаторларға арналған дайындамалар - көп шпиндельді автоматта нығыздау.

3. Бұйымдар - гидравликалық нығыздауыштарда, магнитті өрістегі пасттардан жасалған 291 автоматтарда (сақина диаметрі 56-86.) нығыздау.

4. Салмағы 500 г астам корунд массасынан жасалған бұйымдар - әр түрлі нығыздауыштарда нығыздау.

5. Салмағы 100 г асатын бұйымдар (күйдірілген түрінде) – бір ұяшықты, 2 және 4 ұяшықты нығыз-қалыптарды нығыздау.

6. Салмағы 300 г дейінгі пьезоқыш бұйымдар (нығыздалған күйінде) - әр түрлі нығыздауыштарда нығыздау.

7. Нығыз-ұнтақтардан жасалған оқшаулағыштар - нығыз-қалыптарын қыздыра отырып ыстық нығыздау.

8. Шам ішілік қыш - нығыздау.

9. Қыш сақиналар, тақташалар, рамалар - металл қалыптардың бірқатар санын баспалай отырып нығыздау.

10. ПЛК-7,9 үстіңгі және төменгі қалып - транспортермен бір желі етіп біріктірілген жартылай автоматта баптай отырып нығыздау.

11.Шыны қыш конденсаторлар - ыстық нығыздау.

12. Барлық типтегі магнит диэлектритер - нығыздау және керу.

13. Микроплаталар мен шыны таблеткалар – екі сырғақты автоматта нығыздау.

14. Ауыспалы ауқымды резисторлардың негіздері - тоқ өткізгіш қабатты баспалау.

15. Әр түрлі қыш массалардан жасалған бейнелі осьтер - вакуумдей отырып тарту.

16. СП ауыспалы резисторлардың негіздері, оқшаулағыш ойылған тығын, тегіс қақпақтар - таблеткалау машиналары мен гидравликалық нығыздауыштарда фенопласттар мен аминопласттарды нығыздау.

17. Қыш конденсаторлар пакеттері - әр түрлі нығыздауыштарда нығыздау.

18. Слюда конденсаторлардың пакеттері - нығыздау.

19. ПЛ-1К, 2К, ПЛЗ панельдері - пневматикалық нығыздауыштарда нығыздау.

20. ПЛК-50 панельдері, роторлар мен іргелес қыш конденсаторлардың статорлары - гидравликалық нығыздауыштарда нығыздау.

21. Күрделі пішінді саңылаулары бар панельдер, планкалар, көпірлер, ауыспалы конденсаторлардың негізі - автомата, пневматикалық және гидравликалық нығыздауыштарда нығыздау.

22. Диапазондарды ауыстырып қосқыш платалар - гидравликалық нығыздауыштарда нығыздау.

23. Раструбтер, салмағы 100 г астам П-тәрізді, Ш-тәрізді өзекшелер (күйдірілген түрде), пластинкалы өзекшелер - бір және екі орынды нығыз-қалыпты автоматтарда нығыздау.

24. ТВ0 типті тұрақты ауқымды резисторлар - ұсақ сериялы өндірісте аспаптағы ом кедергісін тексере отырып, нығыздауыштарда нығыздау.

25. СПО типті ауыспалы ауқымды резисторлар – тоқ өткізгіш қабатты қыш дайындамаларға алдын ала 900-1000 С дейін қыздырылған нығыз-жартылай автоматтарда, белгіленген номиналдағы аспаптарға тексере отырып нығыздау.

26. СП-0, 4 резисторлары – негіздерді, траверсі бар осьті нығыздау.

27. Іргелес қыш конденсаторлардың роторлары мен статорлары - көп шпиндельді автоматтарда нығыздау.

28. Б, ОБ типті қорғаныш өзекшелер - екіленген нығыз-автоматта феррит нығыз-ұнтақтарынан нығыздау.

29. Күрделі пішінді сақина өзекшелер - нығыз-автоматта нығыздау.

30. ППГ бар феррит өзекшелер - көп станок қызмет көрсеткен кезде роторлы нығыз-автоматтарда нығыздау.

31. ОБ типті қорғаныш феррит өзекшелер, ПК типті және барлық типті П-тәрізді өзекшелер - көп орынды нығыз-қалыпта нығыздау.

32. Қағаз шағын көлемді конденсаторлардың секциялары - пневматикалық нығыздауыштарда нығыздау.

33. Шағын көлемді шыны оқшаулағыштар - автоматтарда нығыздау.

34. Транзисторлар - К-81-39С нығыз-материалмен гидравликалық және пневматикалық нығыздауыштарда нығыздау әдісімен герметикалау.

35. Барлық типті радиоқыш түтікшелер - керу.

36. Күрделі пішінді феррит бұйымдар - гидравликалық нығыздауыштарда және нығыз-автоматтарда нығыздау, вакуум нығыздауыштарда тарту.
§ 94. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН НЫҒЫЗДАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрді пішінді бұйымдарды нығыздау. Белгіленген номиналға құрамында күмісі бар қаптамамен қаптай отырып, нығыз-автоматта шыны эмаль конденсаторлар таблеткаларын нығыздау. Сыйымдылық пен электр беріктігін іріктеп өлшеу. Қысымды реттеу. белгіленген ыдысқа қаптама санын таңдау. Нығыздау режимін таңдау. Нығыздау сапасын сыртқы түріне және электр өлшемдеріне қарап анықтау. Конденсаторлар пакеттерін оларды бедерлі пуансондардың көмегімен металл пленканы нығыздау арқылы металдандыра отырып жасау. Пакеттерді белгіленген өлшемде кесу және жартылай автомат желіде нығыздау. Қыш және пьезоқыш бөлшектерді көп шпиндель автоматтарда оларды баптай отырып нығыздау. Феррит бұйымдарды, жаңа экспериментальды құрылымдарды гидронығыздауыштарда, вакуум-нығыздауыштарда және нығыз-автоматтарда нығыздау. Әр түрлі типті нығыздауыштарда жартылай өткізгіш аспаптар мен микросхемаларды герметикалау. Аспаптарды көзбен шолып тексеру, оларды нығыз қалыптарға бағдарлы салу. Басқа номиналға көшкен кезде нығыз-автоматты қайта құру. Нығыздалатын дайындамаларды спутникке іріктеу. Нығыз-қалыптарды жинақтау және нығыздауышта белгіленген номиналға баптау. Ұнтақты іріктеу және гранулометриялық құрамы мен ылғалдылығын айқындау. Пештегі температураны айқындау және реттеу. Ірі ауқымды сақиналы және арнайы аппаратураға арналған Ш-тәрізді өзекшелерді нығыздау. Массалардың барлық түрінен жасалған дайындамаларды вакуумдеу және керу. Вакуумдеу сапасын айқындау.

Білуге тиіс: әр түрлі жүйелі нығыз-автоматтардың құрылысы мен оларға қызмет көрсету: қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикасы, электр схемасы, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; нығыздау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары, құралдар мен құрылғылар; қыш массаның, шыны эмаль массалардың, құрамында күмісі бар пасталардың, бумаларды рецептурасы; күйдіру режимі; мундштуктарды реттеу және ауыстыру тәсілдері; нығыз-қалыптарға ұнтақты біркелкі бөлу ережесі мен тәсілдері, нығыз-қалыптардың тозу шегі; нығыздау кезінде ақаулықтарды жою шаралары.

Жұмыс үлгілері

1. Күрделі эксперименталды бөлшектер мен бұйымдар - нығыздау.

2. СПЗ-23, СПЗ-24 резистор бөлшектері, СПЗ-12 резистор корпусы – ажыратпа аспаптардың нығыз-қалыптарын пайдалана отырып нығыздау.

3. Қыш пленкалардан жасалған бұйымдар – нығыз қалыптары қыздырылған ыстық нығыздау.

4. Шағын көлемді бұйымдар - нығыздау.

5. Салмағы З00 г астам пьезоқыш бұйымдар (нығыздалған күйі) - әр түрлі нығыздауыштарда нығыздау.

6. Эксперименталды бұйымдар мен бөлшектер - нығыздау.

7. Шам ішілік қыш - нығыздау.

8. Барлық түрлі және көлемді шыны эмаль конденсаторлар – белгіленген шақтамасымен талап етілетін номиналды нығыздау.

9. Монолит конденсаторлар – жартылай автоматта және автоматта жасау.

10. Слюда конденсаторлар - ыстық нығыздау.

11. Монолит қыш конденсаторлар - жартылай автомат және автомат желілерде пакеттерді жасау.

12.Магнит диэлектриктер – бұйымдардың барлық типтерін нығыздау және керу; микро өзекшелер - Ф2-1 және Ф2-3 типті автоматтарда нығыздау.

13. Микро өзекшелер - Ф2-1, Ф2-3 типті автоматтарда ТАЗАЛАУп орынды (144 орыннан астам) нығыз қалыптарда нығыздай отырып герметикалау.

15. Микросхемалар, транзисторлар, диод матрицалар - шықпалы нығыз-композициялардың рамкаларында герметикалау.

16. Гибрид микросхемаларды жинақтаудың негіздері - нығыздау.

17. Платалар – металл қыш корпустардың дайындамалары - "Ободок-15" жартылай автомат желілерде нығыздау.

18. Пьезорезонаторлар – көр станоктар қызмет көрсеткен кезде көп шпиндельді автоматта нығыздау.

19. Жартылай өткізгіш аспаптар - нығыз-материалмен герметикалау.

20. ПК типті жол трансформаторларына арналған өзекшелер, жұқа қабатты дүрліктіргіш өзекшелер - нығыздау.

21. ППГ бар феррит өзекшелер - көр станоктар қызмет көрсеткен кезде Ф2-1, Ф2-3 типті автоматтарда нығыздау.

22. Ұсақ көлемді таблеткалар - көр станоктар қызмет көрсеткен кезде автоматтарда нығыздау.

23. 2 вт дейінгі ТВО резисторларына арналған қыш түтіктер - нығыздау автоматында қажетті номиналда алу арқылы нығыздау
§ 95. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ЖУУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен тораптарды суда, бензинде, керосинде қолмен жуу және ір түрлі жуу машиналарына қызмет көрсету. Бөлшектерді сүрту. Жуудан кейін ауада, кептіру шкафтары мен термостаттарда, кептіру және жуу сапасын тексеру.

Білуге тиіс: жуу мен кептіруге арналған қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі; дистилденген және ыстық су дайындау әдістері; бұйымдар мен бөлшектерді кептіру және жуу режимдері мен ережесі; жуылған бөлшектер мен тораптардың сапасын тексеру тәсілдері; конвейерлік типті жуу агрегаттарының, жууға арналған ванналардың, барабандардың, центрифугалардың, кептіру шкафтарының, термостаттарының, жуу үшін қолданылатын құрылғылар мен құралдардың мақсаты мен пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Қара және түсті металдан жасалған тығындар, осьтер, бекіту бөлшектері, корпустық бөлшектер (шағын көлемді) – түрлі жуғыш ерітінділермен, центрифугада ыстық сумен жуу, кептіру.

2. ТРН-200 бұйымының ұстағыштары - органикалық ерітінділерде жуу.

3. Феррит бөлшектер –тегістегеннен кейін УЗГ астауларында шаю.

4. Әйнек бөлшектер – астауларда сумен шаю.

5. Селеналық дискілер – еріткіштермен астауларда майсыздандыру.

6. Керамикалық дайындамалар, селеналық элементтер – майсыздандыру, сүрту, шаю және кептіру.

7. Каркастар, көпіршіктер, платалар, резисторларға арналған штабиктер мен басқа керамикалық бөлшектер – тегістегеннен кейін жуып тазарту.

8. Керамикалық конденсаторлар – күміс қабатты тегістеу немесе жылтыратқаннан кейін сумен шаю.

9. Электр жалғаулардың корпусы, кең қолданыстағы бөлшектер мен бұйымдар – шаю.

10. Алюминий табағы – қолмен майсыздандыру.

11. Блок - өткізгіштердің тұғыры – керосин мен ацетонның қоспасында дәнекерлегеннен кейін шаю.

12. Трансформаторлы пластиналар – шаю, майсыздандыру, кептіру.

13. Кремний пластиналар – бензинде қолмен шаю.

14. Керамикалық конденсаторлық роторлар мен статорлар – тегістегеннен кейін шаю.

15. Телевизорға арналған пайдалы кіші трансформаторлардың П – пішінді өзек темірі.

16. Операция аралық тасымалдауға арналған ыдыс – суда қолмен шаю.

17. Қадалар мен ұяшықтар – қалайылағаннан кейін шаю.


§ 96. БӨЛШЕКТЕР МЕН ЖЕЛІЛЕРДІ ШАЮШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен тораптарды органикалық еріткіштердің негізінде қолмен және жуу машинасымен суда және сілті ерітіндіде, органикалық еріткіштерде, эмульсияда тазарту, майсыздандыру және шаю. Сыртқы және ішкі арматураны ультрадыбысты пайдаланып бөлшектер мен желілерді өңдеу. Бөлшектер мен желілерді төртхлорлы көміртегінде және үшхлорлы этиленде механикалық және қолмен шаю. Мөлшері мен нысаны бойынша әртүрлі бөлшектерді қалауға арналған айлабұйымдарды іріктеу. Еріткіштер мен қоспаларды технологиялық процестер мен рецептура бойынша құрастыру. Бөлшектерді шаюды қадағалау. Бөлшектерді шайғаннан кейін сүрту және кептіру және ыдысқа қалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың міндеті, атауы және қолданылу принципі; өңделетін бөлшектер мен желілерге қойылатын талаптар, қолданылатын материалдардың (қышқылдар, сілтілер, ерітінділер) атауы, қасиеті мен сақтау ережесі;

Жұмыс үлгілері

1. Бәтес - майсыздандыру.

2. Толқын жүргізу - шаю.

3. Кремний пластиналарды химиялық тазалау процестерге арналған (жұмыс) астаулар.

4. Бөлшектер мен желілер – діріл құрылғысында бензинмен, ацетонмен шаю, желім қалдығын жою; ультрадыбысты құрылғыда шаю.

5. Бөлшектер, желілер, жартылай өткізгіш аспаптар мен микротәсімдер – спиртте, ацетонда өңдеу, ОП-7, ыстық иондалған суда, кептіру.

6. Бөлшектер, резонаторлар мен сүзгілердің желілері – спиртпен шаю, майсыздандыру және кептіру.

7. Мыс, молибден, коварлы, титан, константтанды, никельді, кварцы бөлшектер және олардың қорытпалары – ультрадыбыспен өңдеу.

8. Радиокерамикадан жасалған бөлшектер – органикалық емес және органикалық еріткіштерде шаю, жұмыс істеу, кептіру, майсыздандыру.

9. Конденсатор бөлшектер – майсыздандыру.

10. Оптикалық бөлшектер мен желімделетін корпустар – астауларды лактан, гипстен және басқа ластанулардан әртүрлі еріткіштермен шаю.

11. Феррит бөлшектер – тегістеу және жылтыратудан кейін конвейерлі үлгілердегі агрегаттарды ыстық ерітінділерде шаю, майсыздандыру және кептіру, УЗГ-да шаю.

12. Резонаторлар мен сүзгілердің бөлшектері, желілері – спиртпен шаю, майсыздандыру және кептіру.

13. Диодтардың бөлшектері мен желілері – майсыздандыру.

14. Әртүрлі морт бөлшектер – шаю, майсыздандыру және кептіру.

15. Әйнектен жасалған дайындамалар – қышқыл және сілті ерітінділерінде шаю.

16. Металл, керамика дайындамалар, электр вакуумды аспаптардың бөлшектері мен желілері – майсыздандыру, шаю және кептіру.

17. Катодтардың керндері – майсыздандыру.

18. Колбалар – суда қолмен және машинамен жуу.

19. ЭЛТ конустары – шаю.

20. Қатты тәсімдердің корпустары – арматураны ультрадыбысты пайдалана отырып үшхлорлы этиленде шаю; тұғырларын шаю және майсыздандыру.

21. Түйіспелер, ұяшықтар, қадалықтар, бұрандалар, гайкалар және басқалар – шаю.

22. Кристаллдар – фосфор ангидридтің ыстық ерітіндісінде, изопропилді спиртте және ацетонның толуолмен қоспасында өңдеу.

23. Алюминий табақтар – жартылай автоматты құрылғыда майсыздандыру.

24. Вакуум тозаңдандыруға арналған биметал маскалар – қышқыл ерітіндісінде, кейіннен шайып, декапирлеу.

25. Микроплаталар – тегістегеннен кейін шаю.

26. Микрожинақтар, қоладан жасалған маңдайшалар – бензин мен ангидридте хромды күкірт қышқылымен майсыздандыру және ағарту; қалайыланған маңдайшаларды еріткіштер мен спиртте шаю және кептіру.

27. Микрожинақтар, маңдайшалардағы конденсатор – спиртпен шаю.

28. Микрожинақтар, компаунд құйылған – вакуумды тозаңдатар алдын шаю.

29. Микрожинақтар, анодталған алюминий корпустар – спирт-бензин қоспада шаю.

30. «Тропа», «Трапеция», «Посол» үлгісіндегі интегралды гибридті микротәсімдер.

31. Модульдер, ұяшықтар – монтаждағаннан кейін қолмен жуу.

32. Монокристаллдар – құм моншада азот қышқылы ерітіндісінің қорытпасын кетіру.

33. Құрастырылған арматура аяқтар – сумен, спиртпен,ацетонмен шаю.

34. Пластиналар, никель және коварлы бөлшектер – майсыздандыру және шаю.

35. Кремний пластина – «Фонтан» қондырғысында соңғы рет шаю.

36. Керамика платалар – шаю.

37. Басылған платалар – дірілді жуу құрылғысымен спирт-бензин қоспада шаю.

38. Басылған платалар, түрлі-түсті блоктар, радиоканалдар, ұңғылар, коллекторлар мен модульдер – қолмен конвейерлерде гидролизді спирт ерітіндісінде тазарту, шаю, кептіру және монтаждаудан кейін ысқылау.

39. Ситалл, поликорлы төс етектер және полимерлі платалар – тазарту.

40. Керамика қорғағыштар – органикалық еріткіштерде шаю.

41. Квант аспаптар – органикалық еріткіштерді, қышқылдарды және сілтілерді қолдана отырып, оптикалық бөлшектерді өңдеу.

42. Қорғасын-қалайы дәнекер – моноэтаноламинде өңдеу.

43. Түсті металдардан жасалған әртүрлі өлшемдегі сымдар – шаю.

44. Пьезорезонаторлар – трихлорэтиленде шаю.

45. Радиобөлшектер мен желілер – органикалық және бейорганикалық еріткіштерде механикалық шаю.

46. Радиобөлшектер – конвейер үлгідегі агрегаттарда ыстық еріткіштерде шаю.

47. Жақтаулар мен айлабұйымдар – аминацетат пен трихлорэтиленді пайдалана отырып оксидті массадан тазарту.

48. Барлық сатыдағы өңделетін торшалар – майсыздандыру және шаю.

49. Пистондалған слюда – спиртте, бензолда шаю.

50. Люминесцентті лампалар үшін трубкалы әйнек – шаю.

51. Эмульсиялы қабатты әйнек пластиналар – сілтіні фиксажды еріткіште өңдеу, сумен шаю, кептіру.

52. Карболитті, полистирольді, әртүрлі құрылымдағы және кескіндегі металл ыдыс – қышқылды еріткіштерді және ультрадыбысты пайдалана отырып қолмен және машинамен шаю.

53. Транзисторлар – тегістеп жылтыратқаннан кейін шаю.

54. Жиналған триодтар, құрастырылған аяқтар – майсыздандыру.

55. Экрандар, электронды сәулелі түтікшелердің конустары – тегістеп жылтыратқаннан кейін шаю.

§ 97. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ШАЮ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі тораптар мен бөлшектерді процесті дербес жүргізе отырып автоматты және жартылай автоматты құрылғыларда, дыбыстық және ультрадыбыстық тазарту құрылғыларында майсыздандыру, тазарту, шаю және кептіру. Трихлорэтилен регенерациялау құрылғысында қызмет көрсету. Түрлі концентрациядағы хромды қоспаны шаю. Нейтралды газ ағынында кептіруді пайдалан отырып төс етектерді тазарту. Бөлшектер мен тораптарды арнайы аспаптардың көмегімен органикалық және тұзды ластануларды айқындау. Су мен трихлорэтиленнің сапасын айқындау.

Білуге тиіс: бөлшектерді, оның ішінде дыбыстық және ультрадыбыстық тазарту және регенерациялау құрылғыларын тазалау, майсыздандыру, шаю және кептіруге арналған қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және жөндеу тәсілдері; бөлшектердің, тораптардың органикалық, тұзды ластануын айқындауға арналған аспаптарының құрылғысы және пайдалану шарттары; органикалық және тұзды ластанудан ерітінділердің шығыс нормалары, шаю және майсыздандыру құрамының рецептілері; хром қоспасымен жұмыс істеу қауіпсіздігі ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Электр вакуумды аспаптардың бөлшектері мен тораптары – хромды қоспада өңдеу; ультрадыбыспен өңдеу; түрлі әдістермен шаю; арнайы аспаптарды қолдана отырып шаюдың сапасын талдау.

2. Жартылай өткізгіш аспаптардың бөлшектері, тораптары, жартылай өткізгіш материалдардың пластиналары – ультрадыбысты пайдалана отырып суда, ацетонда, төртхлорлы көміртекте өңдеу.

3. Бітеу тесікті бөлшектер – ультрадыбыспен тазарту.

4. Жартылай өткізгіш аспаптардың бөлшектері - үздіксіз регенерациялай отырып ыстық трихлорэтиленде шаю.

5. Экспортты және тропикалық орындалған диодтар – ыстық ионсыздандырылған суда шаю.

6. Фотошаблондарды даярлау – қышқылды және органикалық еріткіштерді пайдалана отырып ультрадыбысты тораптарда шаю.

7. Корпустар, қатты тәсімдер – шаю және кептіру.

8. Бәсеңдету желілері – ацетон және спиртте шаю.

9. Күрделі конфигурациялы металлкерамика тораптар мен бөлшектер – ультрадыбыспен тазарту және майсыздандыру.

10. Микротәсімдер, жартылай өткізгіш аспаптар – органикалық еріткіштердің негізіндегі эмульсияда және арнайы құрылғыдағы суда шаю.

11. Микротәсімдер – автоматты қайнап тұрған изопропильді спиртте майсыздандыру.

12. Құрастырылған аяқтар – сілті, қышқыл ерітінділерінде өңдеу, шаю.

13. Жартылай өткізгіш материалдардың пластиналары, кристаллдар, аспаптардың бөлшектері мен тораптары – фреонда, изопропильді спиртте, ацетонда шаю.

14. Жартылай өткізгіш материалдардың пластиналары – кистілі жуу құрылғысында шаю; кептіру; микроскоппен өңдеу сапасын бақылау.

15. Кремний пластиналар – ультрадыбысты және гидромеханикалық құрылғыларда шаю.

16. Люминесцентті индикаторларға арналған анодты платалар – диметилформамидте өңдеу; суда және жуатын ерітінділерде ультрадыбыспен өңдеу.

17. Вольфрамды, титан, молибден, молибденренийлі сымдар – химиялық өңдеу.

18. Әйнек – дыбыстық және ультрадыбыстық тазарту құрылғыларында хром қоспасымен шаю.

19. Электровакуумды және плазмохимиялық жабдықтың бөлшектері мен тораптары – майсыздандыру және шаю.


§ 98. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ШАЮШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дыбыстық және ультрадыбыстық тазарту құрылғыларында процесті дербес жүргізу және жабдықты жөндей отырып күрделі конфигурациялы тораптарды өңдеу элементтері және бөлшектерімен тазарту. Тегістелген және жылтыратылған оптикалық әйнекті, кристаллдарды және түрлі-түсті кинескоптардың маскаларын шаю және майсыздандыру. Маскалы жақтауларды органикалық еріткіштерде шаю. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: дыбыстық және ультрадыбыстық тазарту құрылғыларының құрылымы және жөндеу; күрделі өңдеу құрамдарының мәзірлері; әртүрлі арнайы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және пайдалану шарттары; химия мен физиканың орындалатын жұмыс шеңберіндегі негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Әртүрлі конфигурациядағы металл және керамика бөлшектер, магнитпен басқарылатын байланыстардың бөлшектері – майсыздандыру, өңдеу және ультрадыбыспен өңдеу.

2. Термиялық жабдық үшін кварц құбырлар – фтористі қышқылды пайдалана отырып өңдеу және шаю.

3. Кварцты және шыны жарақ және тораптар - өңдеу және шаю.

4. СВЧ микротәсімдері - майсыздандыру және шаю.

5. Жартылай өткізгіш жылтыратылған пластиналар – тотық-аммиак және қышқыл еріткіштерде шаю; УМО үлгісіндегі соңғы құрылғыда шаю.

6. Әйнек пен кристалдан оптикалық бөлшектер, барлық өлшемдегі және сыныптағы жинақтар – шаю.
§ 99. СІҢДІРУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оксидті және қағаз конденсаторлардың бөлшектерін ашық былаулар мен кеспектерде сіңдіру. Былаулар мен кеспектерді сіңдіруші құраммен толтыру және жылыту. Бөлшектерді термостатта алдын ала құрғату. Сіңдіру режимін бақылау және реттеу. Сіңдірілген бөлшектерді тексеру, қалау және тиеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, қыздыру температурасын өлшеуге және реттеуге арналған қарапайым айлабұйымдар мен аспаптардың қызметі және қолдану шарттары;сіңдіру сапасын көзбен айқындау тәсілдері; қолданылатын материалдардың атауы; радиобөлшектерді сіңдіру процесінің қызметі.

Жұмыс үлгілері

1. РМГК, РС, РСГ, МР-1-РСГС, РСГСП бұйымдардың ашалары - эпоксидті шайырды сіңдіру.

2. Орнату бөлшектері, керамика бөлшектер, диапазондар мен резисторларды ауыстырғыштардың бөлшектері – лакты, компанаунды, церезинді сіңдіру.

3. Картонажды бұйымдар – бакелизациялау.

4. Түрлі катушкалар - СБ-10ФА лакқа малып сіңдіру.

5. Сақиналар, панельдер - ФГ-9 лакпен сіңдіру.

6. Трансформаторлар орамы – эмальға малып жағу.

7. Карбонильді және тороидальді жүрекшелер – церезинді сіңдіру.

§ 100. СІҢДІРУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген режим бойынша кептіру шкафтарында және кеспектерде конденсаторлардың секцияларын сіңдіру. Сіңдіру материалдарын дайындау және сіңдіру құрамын қажетті тұтқырлыққа дейін араластыру. Конденсатор корпустарда сіңдіруші тесіктерді прессте тесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың қолданылу қағидаты; процесті бақылауға арналған арнайы айлабұйымдарды және аспаптардың қызметі және пайдалану шарттары; сіңдіруші құрамның қызметі мен қасиеті; конденсатор секцияларының техникалық сипаттамасы.

Жұмыс үлгілері

1. Блоктар, түрлі катушкалар – лакқа малып сіңдіру және кептіру.

2. ТРН-200 үлгідегі бұйымдар және т.б. – компаунды, лакты сіңдіру.

3. Қағаз герметикалық конденсаторлар – майды сіңдіру және кептіру.

4. Ниобий конденсаторлар – анодтарды азотқышқыл натрий мен калий тұздарының ерітінділерінде электрохимиялық өңдеу.

5. Сіңдіру материалдары – вакуумды кептіру.

6. Трансформатор орамдар – эмальға малып жағу.

7. Тороидальді жүрекшелер - лакты сіңдіру және кептіру.

8. Тороидальді трансформаторлар – эпоксидті шайырды сіңдіру.

§ 101. СІҢДІРУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр пештерде, былауларда, автоклавтарда, электр немесе бумен жылытқыш құрылғыларында, вакуум және ультрадыбыстық құрылғыларында, сондай-ақ қорғау ортасы бар электр шкафтарда сіңдіргіш материалдармен бұйымдар мен түрлі материалдарды сіңдіру процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сіңдіру процесінің барысын және режимін түзетуді қадағалау. Вакуум құрылғылардан ағып кетуді анықтау және жою. Сорғыларда вакуумды майды ауыстыру. Жабдықты, аппаратураны, аспаптарды және сіңдіру құрамын жұмысқа дайындау. Вакуум құрылғыларда және электр шкафтарда бұйымдарды кептіру. Центрифуганың көмегімен сіңдіру құрамының керексізін бұйымдардан кетіру. Сіңдіру сапасын сыртқы түрі бойынша айқындау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты және басқару жүйесін жөндеу тәсілдері; термореттейтін аппаратура және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен құрылғысы; бұйымдарды сіңдіру технологиясы; өнімде ақаудың болуының алдын алу тәсілдері, өнімді тиеу және түсіру кестесі; сіңдіру материалдарының және шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Оксидті-жартылай өткізгіш конденсаторлардың анодтары – күкірт қышқылы, азот қышқылы марганец ерітінділерінде сіңдіру.

2. "Малютка", "Габарит", "Фактор", “Радиатор" үлгідегі 40х40х40 мм-ге дейінгі үлкен өлшемдегі саны 4-ке дейінгі жапырақты бұйымдар - ЭП- 49Д/2 жалған нығыздалған қабатты термореактивті ұнтақпен герметизациялау.

3. Қағаз, слюдалы, герметизацияланған және нығыздалған конденсаторлар – вакуумды кептіру және вакуумды сіңдіру құрылғыларында сіңдіру.

4. Көп қабатты катушкалар - сіңдіру.

5. Трансформаторлар мен дроссельдердің катушкалары, жинақталған трансформаторлар мен дроссельдер – лакпен вакуумды сіңдіру, кептіру; кесіктерді компаундармен сылау.

6. Магнит өткізгіштер - вакуум-сіңдіру құрылғыларында сіңдіру.

7. Арнайы трансформаторлар мен дроссельдерге тороидальді жүрекшелер – герметизациялау.

8. Конденсаторлар, трансформаторлар мен дроссельдердің секциялары – вакуум сіңдіргіштерде және ультрадыбыстық құрылғыларда кептіру және сіңдіру.

9. Трансформаторлар мен тороидальді дроссельдер – лакпен вакуумды сіңдіру және кептіру.

10. Трансформаторлар мен катушкалар - вакуум сіңдіргіш құрылғыларда сіңдіру.

11. Трансформаторлар мен жиынтықталған дроссельдер - церезинде сіңдіру және автоматталған және механизацияланған құрылғыларда кептіру.

12. Катушкалардың тораптары – вакуумды сіңдіру.

13. Шассилер мен жақтаулар (күрделі бейіндегі құю) - сіңдіру және кептіру.



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет