Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет17/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 148. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Квантты генератордың оптикалық сәулесінің көмегімен ±10-20 % дәлдікпен номиналға дейін кедергілерді түзету. Берілген номиналға шағын көлемді резисторларды қалайылап және диаметрі 0,02-0,03 мм сымды дәнекерлеп, прецизионды конденсаторларды тықсыру. Тегістеу (жұмсақ тегістеу) және жылтырату әдісімен ауыспалы көлемді резисторлардың номиналын, тұрақты сыйымдылық керамикалық конденсаторларын тықсыру. Тегістеу және жылтырату режимін таңдау. Микромодуль қабырғаларын тегістеу және оларды берілген мөлшерге дейін жеткізу. Берілген номиналға аспапты орнату және резисторлардың кедергі мөлшерін мен конденсаторлардың сыйымдылығын өлшеу. Тегістеуге арналған автоматтар мен жартылай автомат станоктарды жөндеу. Тегістелген беттің сапасын айқындау.

Білуге тиіс: радиобөлшектердің номиналдарын тықсыруға арналған станоктардың құрылғысы және теңшеу; арнайы айлабұйымдардың, кедергі түзету құрылғыларының, аспаптар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылғысы; бөлшектер мен аспаптарды орнату ережесі, тегістеу әдістері, берілген номиналға жіберуді айқындау ережесі, радиобөлшек материалдары мен ток өткізетін қабаттың негізгі қасиеті; орындалатын жұмыстың шегінде электр техникасы негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Керамикалық, прецизионды конденсаторлар - ыдысты берілген номиналға тықсыру.

2. Өткізбейтін резисторларға арналған металл валдар – тегістеу, жеткізу.

3. Микромодульдер кесіктерді тегістеу және оларды берілген мөлшерге дейін жеткізу.

4. Компаунды құйылған микроқұрамалар - қырларын тегістеу және оларды берілген мөлшерге дейін жеткізу.

5. Қалыңдығы 1 мм пьезоэлементтер - қолмен және машинамен тықсыру, 1х103 дәлдікте жиілікті өлшеу.

6. Резисторлар - ±5-2% дәлдіктегі номиналға дейін кедергілерді тықсыру.
§ 149. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оптикалық квантты генератор сәулесінің көмегімен ±2-1% дәлдікпен номиналға дейін кедергілерді түзету. Дәлдік дәрежесі 0,005 өлшеу аспаптарын пайдаланып микроскоппен микросым ұштарының қалыңдығын 12 микронға дейін дәнекерлеп және 0,005%-ге дейінгі дәлдікпен тықсырып нақты шағын көлемді радиобөлшектерді берілген номиналға тықсыру. Микроскоп және өлшеу аспаптарын теңшеу. Резистор кедергісі көлемі мен конденсатор сыйымдылығын тексеру. Техникалық шарттарға сәйкес орташа күрделіліктегі электронды аспаптарды теңшеу және түзету. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалан отырып масса спектрометрлердің электронды-өлшеу жүйесін электрмен тексеру. Талдағыш құрастырудың дұрыстығын және оның жоғары вакуум жағдайында жұмыс істеу қабілетін айқындау.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдық пен аспаптың құрылғысы, қолдану принципі, электр тәсімдері мен жұмыс істеу режимі; радиобөлшектер номиналын тықсырудың технологиялық процесін орындау кезектілігі; қызмет көрсетілетін аспаптардың, масса спектрометрлердің және ағын іздегіштердің құрылғысы және дәлдігін тексеру әдістері; принципиалды электр және вакуум тәсімдер мен біріктіру тәсімдері; электронды бомбалау және қабылдағыш жүйелермен ион көздерінің қызметі, жұмыс істеу принципі; масса талдағышта ион бөлудің негіздері; түзету және теңшеу процесінде пайдаланылатын электронды-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану принципі; жоғары вакуумда тұратын бетін сорбциялау және десорбциялау процестері; электр және магнит алаңдар жағдайларында зарядталған бөлшектердің негізгі қозғалу заңы; масса спектрометрлерді түзетудің технологиялық кезектілігі; тықсырғаннан кейін кедергілердің жіберілетін көлемін айқындау; орындалатын жұмыс көлемінде электротехниканың негізгі заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Бір полюсті масса спектрометрлер - түзету, тексеру, теңшеу.

2. Микротәсімдер - ±2-1% дәлдікпен кедергілерді тықсыру .

3. Резисторлар - ±2-1% дәлдікпен номиналға дейінгі кедергілерді тықсыру.

4. Масса спектрометрикалық ағын іздегіш – түзету, теңшеу, тексеру.
§ 150. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Отандық өндірістің немесе шетелдік үлгідегі электронды аспаптар мен электронографтарды түзету және теңшеу. Номиналға дейін ±1-0,5% дәлдікпен немесе ±5% дәлдікпен екі және одан көп резисторлық қатынаста оптикалық квантты генераторлардың көмегімен күрделі гибридті микротәсімдер резисторларын түзету. Масса спектрометрлердің талдау бөлігін электрмен тексеру. Аберрациялар мен дискриминациялық әсерді азайту. Талдағышқа газ және бу сұйықтығын енгізу. Талдау үшін қатты сынамаға дайындау. Теңшелетін аспаптардағы ақаулықтарды айқындау және оларды жою. Масса спектрометрлер тораптарының жұмысын басқаруды тексеру үшін макеттік тәсімдер жасау.

Білуге тиіс: дәлдігін тексеру құрылғысы, тексеру әдісі; қызмет көрсетілетін аспаптардың принципиалды электронды, электр және вакуум тәсімдері, электронды микроскоптың рұқсат берілетін қабілеттілігін айқындау әдістері; диафрагма әзірлеу әдістері, эталондық электронограммаларды алу тәсілдері мен аспаптардың константаларын айқындау; микроскоптарды әртүрлі режимдерге қайта теңшеу ережесі (дифракция, микродифракция, бейнелеу); аспаптарды түзетуде және теңшеуде қолданылатын электр өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылғысы; түзету процесінде ион түзу жүйелерінің жұмыс режимін орнату принципі, зарядталған бөлшектерді фокустауға шашыраңқы алаңдардың әсері; нысандарды дайындау жөніндегі негізгі ережелер.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. уақыт аралық, өнеркәсіптік бақылау масса спектрометрлер және хромато-эффузиомасс-спектрометрлер - теңшеу және түзету.

2. УЭМ-6Т электронды микроскобы - теңшеу және түзету.

3. ЕF-4 (Германия) электронды микроскобы - «саңылау» режимінен дифракция режиміне қайта теңшеу.

4. Электронды жарық түсіретін және РЭМП-4 үлгідегі растрлық микроскоптар - ЭОС-ты дифракция режиміне қайта теңшеу, аберрацияның бір, екі түрін жою; «қайталама немесе сәуле түсіретін электрондар» режимдерінде, микроталдау режимінде жұмыс істеу.

5. Рентгенді электрондық-оптикалық қайта түрлендіргіш – жазықтықта түзету және ортасын дәл келтіру.
§ 151. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Масса спектрометрлерді, сондай-ақ электронды-есептегіш қосымшаларды және масса спектрометрлік ақпараттық-басқару жүйелерін техникалық нұсқаулықтарға, мемқадағалау зертханаларының бағдарламаларына, арнайы нұсқаулықтарға сәйкес түзету және теңшеу. Отандық және шетелдік өндірістің электронды микроскоптары мен электронографтарының түрлі үлгілерін теңшеу және түзету. Электронды микроскоптардың, электронографтардың, масса спектрометрлердің тәжірибедегі үлгілерін түзету және теңшеу және олардың сынамаларында қатысу. Абсолютті және салыстырмалы өлшеу әдістемесін масса спектральді аспаптарда әзірлеу. Электронды-есептеу машиналар кешендерімен масса спектральді аспаптарды түйістіру жөніндегі жұмыс, бағдарламаларды енгізу және масса спектрометрлік аспаптармен ЭЕМ басқару режимін қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: масса спектрометрлерді және микроскоптың түрлі үлгілерінің құрылымы, дәлдігін тексеру әдістері мен ережесі; олардың электронды және электр тәсімдері; аберрацияның барлық түрі және оларды жою; сериялық масса спектрометрлерді түзету әдістері, ережесі мен кезектілігі; ион түзу жүйесін орнатудың, спектромассаны өрістету, зарядталған бөлшектерді детектирлеудің принциптері, линзалар мен пушкаларды қоректендіру көздері; олардың параметрлері мен теңшеу; электронды микроскоптың шекті рұқсат етілген қабілетінің өлшемдері; теңшелетін аспаптардағы ақаулықтарды анықтау әдістері мен оларды жою әдістері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Қайталама ионды эмиссия, квадруполды, лазерлі, бір және екі жақты фокустау масса спектрометрлер – теңшеу және түзету.

2. Растрлы ХА-ЗА микроталдағыштар (Жапония) – теңшеу және түзету.

3. Электронды жарық беретін және РЭМП-2, РЗИП-4 растр үлгідегі микроскоптар – аберрациялардың барлық түрлерін теңшеу, тексеру, түзету, жою; ЭОС-ты жұмыстың барлық түріне қайта теңшеу (бейнелеу, дифракция, микродифракция және т.б.).

4. Электронды микроскоптар – жоғары кернеулі стабилизаторлар блогындағы электронды лампалар мен тірек батареяларын ауыстыру және кейіннен түзету.

5. РЭМП-4, МТР-6 микроскоптары – қоректендіру көздерін және жоғары вольтты көздерді теңшеу.

6. «Минисэм» (Жапония), «Квикскан» (Жапония) растрлық микроскоптар – теңшеу және түзету.


§ 152. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ауытқу жүйесінің параметрлерін іріктей, түзете және өлшей отырып түсті дисплей кешендерді түзету және теңшеу; электронды триадаларды деформациялауды талдау негізінде кинескопта магнит алаңды бөлуді өзгерту. «Растрдың геометриялық бұрмалануы» параметрлерінің формулалары бойынша, экранның түстілігін жарықтандыру координаттарын, кешеннің жарықтық сипаттамасын өзгерту және есептеу. Сынау жабдығымен, колоримермен, жарық өлшегішпен, контрастномермен жұмыс.

Білуге тиіс: дисплей кешендері процесінің кезектілігін айқындау әдістері; электр параметрлері мен жарық техникалық сипаттамаларын формулалардың, кестелердің, графиктердің, монограммалардың көмегімен есептеу ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі




р/с


Осы бөлімде орналастырылған кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

БТБА 2002 ж. басылым қолданыстағы шығарылымы мен бөлімі бойынша кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

БТ

БА шығарылым №





Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Деиондау аппаратшысы

2-4

Деиондау аппаратшысы

2-4

20

Электронды техниканың жалпы кәсіптері

2.

Галтовшы

1-4

Галтовшы

1-4

-//-

-//-

3.

Графиттеуші

2-3

Графиттеуші

2-3

-//-

-//-

4.

Химиялық жартылай фабрикаттар дайындаушы

2-5

Химиялық жартылай фабрикаттар дайындаушы

2-5

-//-

-//-

5.

Компаунд құюшы

2-4

Компаунд құюшы

2-4

-//-

-//-

6.

Электронды техника бұйымдарының электр физикалық өлшеушісі

2-5

Электронды техника бұйымдарының электр физикалық өлшеушісі

2-5

-//-

-//-

7.

Аспап бөлшектерін сынаушы

2-6

Аспап бөлшектерін сынаушы

2-6

-//-

-//-

8.

Магнит сымдар мен слюдаларды калибрлеуші

2-4

Магнит сымдар мен слюдаларды калибрлеуші

2-4

-//-

-//-

9.

Электронды техника бұйымдарын жинақтаушы

2-4

Электронды техника бұйымдарын жинақтаушы

2-4

-//-

-//-

10

Бөлшектер мен аспаптарды бақылаушы

2-6

Бөлшектер мен аспаптарды бақылаушы

2-6

-//-

-//-

11

Технологиялық жабдық жұмысының режимін бақылаушы

4-6

Технологиялық жабдық жұмысының режимін бақылаушы

4-6

-//-

-//-

12

Бөлшектер мен аспаптардың таңбалаушысы

1-4

Бөлшектер мен аспаптардың таңбалаушысы

1-4

-//-

-//-

13

Дайындамаларды желімдеуші

1-4

Дайындамаларды желімдеуші

1-4

-//-

-//-

14

Сынау жабдығын баптаушы монтаждаушы

3-8

Сынау жабдығын баптаушы монтаждаушы

3-8

-//-

-//-

15

Технологиялық жабдықтың баптаушысы

2-8

Технологиялық жабдықтың баптаушысы

2-8

-//-

-//-

16

Резисторларды, конденсаторлар,тор спиральдарын ораушы

1-5

Резисторларды, конденсаторлар,

тор спиральдарын ораушы



1-5

-//-

-//-

17

Электронды техника аспаптарын теңшеуші

2-6

Жартылай өткізгіш аспаптарды теңшеуші

2-6

-//-

-//-

18

Микро

ұнтақтарды байытушы



2-3

Микроұнтақтарды байытушы

2-3

-//-

-//-

19

Аспап бөлшектерін сырлаушы

1-4

Аспап бөлшектерін сырлаушы

1-4

-//-

-//-

20

Прецизионды кесу операторы

2-6

Прецизионды кесу операторы

2-6

-//-

-//-

21

Прецизионды фотолитография операторы

2-7

Прецизионды фотолитография операторы


2-7

-//-

-//-

22

Құм бүркіп тазалау құрылғыларының операторы

2-4

Құм бүркіп тазалау құрылғыларының операторы

2-4

-//-

-//-

23

Электронды техника бұйымдарын нығыздаушы

1-4

Электронды техника бұйымдарын нығыздаушы

1-4

-//-

-//-

24

Бөлшектер мен тораптарды шаюшы

1-4

Бөлшектер мен тораптарды шаюшы

1-4

-//-

-//-

25

Сіңдіруші

1-4

Сіңдіруші

1-4

-//-

-//-

26

Электр техника өндірісінің кесушісі

2-5

Электр техника өндірісінің кесушісі

2-5

-//-

-//-

27

Рентгенгониометрші

2-5

Рентгенгоиометрші

2-5

-//-

-//-

28

Рентген механигі

4-6

Рентген механигі

4-6

-//-

-//-

29

Прецизионды фотолитогра-

фия өңдеушісі



1-5

Прецизионды фотолитография өңдеушісі

1-5

-//-

-//-

30

Электронды техника құрастырушысы

1-6

Электронды техника құрастырушысы

1-6

-//-

-//-

31

Бұйымдарды, шикізат және материалдарды сұрыптаушы

1-4

Бұйымдарды, шикізат және материалдарды сұрыптаушы

1-4

-//-

-//-

32

Бөлшектер мен аспаптарды кептіруші

1-3

Бөлшектер мен аспаптарды кептіруші

1-3

-//-

-//-

33

Прецизионды өңдеудің өңдеушісі

2-6

Прецизионды өңдеудің өңдеушісі

2-6

-//-

-//-

34

Түптеуші

1-4

Түптеуші

1-4

-//-

-//-

35

Электронды техника бұйымдарын тегістеуші

1-6

Электронды техника бұйымдарын тегістеуші

1-6

-//-

-//-

36

Бөлшектер мен аспаптарды түзетуші

2-7

Бөлшектер мен аспаптарды түзетуші

2-7

-//-

-//-

«ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ ӨНДІРІСІ» БӨЛІМІ


1. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАР ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
§ 1. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ АППАРАТШЫСЫ
Жұмыс сипаттамасы. Берілген электр физикалық, фотоэлектрлік және оптикалық қасиеттері бар, геометриялық мөлшерлі электр пештерде, жартылай өткізгішті материалдарды (кремний, германий, моносилан және т.б. хлоридтер), сондай-ақ бу-газ қоспалы реакция өнімдерінің конденсациясын қалпына келтіру процесін жүргізу. Қалпына келтіру процесінде мөлшерленген қоспалау. Процесс режимдерін қадағалау және оларды реттеу. Режимдік картаға, бастапқы компоненттерді және қалпына келтіретін газ беру жылдамдығына, жүйедегі ток және кернеулік, қысым және жеңілдету күшіне, газ бен салқындатылатын су шығынына сәйкес процесс температурасын реттеу. Пештерді, вакуум аппаратурасын, сутегін жұмсақ тазарту құрылғысын, өнімдер реакциясы конденсациясының құрылғыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматика және дабыл қаққыш құралдарын баптау және қызмет көрсету. Шикізат және материалдарды қабылдау, шикізат және жартыла фабрикаттарды беру және тиеу. Лигатураны, графит және бақа жарақтар дайындау. Сынама алу. Нейтралды газ реакторын үрлеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Пештерді монтаждау және демонтаждау. Рекаторды алу және оны демонтаждау орнына ауыстыру. Пештердің герметикалылығын тексеру. Аппаратураны зарядтау және баптау. Реакторды жуу. Пештерді, ауа бөлгіштерді, конденсаторларды реакциялардың қосымша өнімдерінен тазарту. Пеш жұмысы, технологиялық процесс барысы көрсеткіштерінің жазбаларын жүргізу. Пештерді процестен кейін ашу және даяр өнімді түсіру. Жұмыс орнын үнемі тазалықта ұстап отыру. Жабдықтар мен орынжайларды улы заттармен ластанғанда газсыздау.

Білуге тиіс: өндірістің технологиялық тәсімін; жартылай өткізгішті материалдарды қалпына келтіру режимдері мен әдістері; негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және дабыл қаққыш құралдарының құрылғысы; шикізат, даяр өнім және қосалқы материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері; шикізатқа, даяр өнімдерге және қосалқы материалдарға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; қоспалау негіздері мен лигатура есептеу ережесі; режимдік карталар мен жұмыс нұсқаулықтары; электро техникасы, вакуумды техника, физика, химия, электроника, кристаллография негіздері; технологиялық процестердің негіздері; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою ережесі; технологиялық және энергетикалық коммуникациялар жүйесі.

Жоғары білікті аппаратшының басшылығымен жартылай өткізгішті материалдарды қалпына келтіру процесін жүргізуде – 3-разряд.

Процесті түзете отырып жартылай өткізгішті материалдарды қалпына келтіру процесін жүргізуде - 4-разряд.

Берілген қасиеті, технологияны және технологиялық жабдықты баптау бойынша технологияларды өңдей отырып жартылай өткізгішті материалдарды қалпына келтіру процесін жүргізуде - 5-разряд.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.




1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет