Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет2/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 16. КОМПАУНД ҚҰЮШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тораптардың және қабылдау шарттары ерекше бұйымдардың, тәжірибелі және эксперименталды үлгілердің бетіне белгіленген өлшемді жабын алу үшін дозалау тамшыларын нақты сақтай отырып компаундты қолмен құю процессін жүргізу. Арнайы құрылғылардың көмегімен қорғаныш қабатын жағу процессінде белгіленген температураны сақтау. Аспаптарды автоматтандырылған желілі құю машиналарында құю. Сұйық кристалл қоспаны құю және күрделі құрылымды және тәжірибелі үлгілі сұйық кристалл индикаторларды герметикалау. Жабдыққа қызмет көрсету және оны күту. Жекелеген тораптарды және жалпы автоматтандырылған желілі құю машиналарын реттеу. Қорғаныш қабаттың сапасы мен геометриялық өлшемдерін тексеру.

Білуге тиіс: құю машиналарының түрлі модельдерінің құрылысы және оларға қызмет көрсету ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикасы, электр схемасы, баптау және дәлме-дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; композиция қабаты қатайған кездегі ақаулықтардың түрлері мен себептері.

Жұмыс үлгілері

1. Гибридті-пленкалы схемаларға арналған импульсті микротрансформаторлардың блоктары – құю әдісі арқылы компаундпен герметикалау.

2. Шағын көлемді АЖЖ генераторлары - эпоксидті желім құю (аспаптың барлық жеріне құю).

3. Жоғары жиілікті генератор - герметикалау.

4. ФГС-З типті магнит басұшы - құю.

5. ФГЗ4-1 типті дыбыстық феррит басұшы – экранды жапсыру.

6. Жартылай өткізгіштік шағын көлемді диодтар, ақпаратты бейнелейтін индикаторлық аспаптар - селикон компаундты қолмен жағу арқылы герметикалау.

7. "Малютка", "Плоский дроссель", "Потенциал" ГИМ АЖЖ типті бұйымдар - компаунд құю.

8. Оқшаулағыштар - компаунд құю.

9. "Габарит" типті бұйымдар – қаптау.

10. Индикаторлық аспаптар, оның ішінде сандық-дыбыстық - компаундпен герметикалау, сұйық кристалл қоспамен толтыру.

11. Корпустағы интегралдық құрылғылар- компаундпен герметикалау.

12. Магнитпен басқарылатын байланыстар - дәнекерді компаундпен құю.

13. Конденсаторлар – құю басұштары мен автоматта құю.

14. Кристалдар – корпуссыз жинақтаған кезде компаундты микроскоппен қарап құю.

15. Ультрадыбыстық кідірту желісі – құю.

16. Магниттер мен бөлшектер - пластмассаларға құю.

17. Микросхемалар - нығыз-композициямен герметикалау, кристалды компаундпен қорғау.

18. Гибридті-пленкалы схемаларға арналған микротрансформаторлар - герметикалау.

19. Феррит және қыш пластиналар - қимасы 10 мм дейінгі толқынжол арматураны жапсыру.

20. Баспа платтары - өлшемдік жасырушы жабынды және таңбалау белгілерін жағу.

21. Электр-оптикалық түрлендіргіш, фотоэлектрлік көбейткіш – күрделі қалыпқа құю.

22. Жартылай өткізгішті корпуссыз аспаптар - эпоксидті шайырмен микроскоптан қарап құю.

23. Радиокомпоненттер (орауыштар, трансформаторлар) – құю әдісі арқылы герметикалау.

24. Резисторлар, түзеткіштер, индуктивті орауыш, датчиктер, жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы магнит басұштар, арнайы аспаптар – компаунд құю.

25. Жоғары вольтті бағана – ірі бөлігіне компаунд жағу.

26. Трансформаторлар мен жоғары вольтті тороидальді орауыштар - компаунд құю.

27. Күрделі пішінді жиналмалы торап - жапсыру.

28. Жоғары вольтті тораптар, термостатикалық құрылғылар - пенополиуретан құю.

29. СНП-41 типті электр дәнекерлер - компаунд құю.


§ 17. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ФИЗИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІН ӨЛШЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сериялық және жаппай өндіру өндірістерінде радиобөлшектердің электр өлшемдерін бақылау-өлшеу аспаптарында, автоматтар мен жартылай автоматтарда өлшеу. Электр өлшемдерін: индуктивтілік, ом кедергісін, белгіленген номиналға арналған сыйымдылықты өлшеу. Селен элементтерінің электр өлшемдерін өлшеу пульттерінде өлшеу. Бұйымдарды өлшенетін өлшемдер бойынша іріктеудің дұрыстығын аспаптарда тұрақты түрде тексеру. Резисторларды электр және термо шынықтыру. Резисторлар мен конденсаттарды 5-15% дәлдікпен ауыстыру. Аспаптарды эталон бойынша талап етілетін электр және электр магнитті өлшемдер мәніне өздігінен баптау және олардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тұрақты түрде тексеру.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аппаратурасын және аспаптардың атауы, мақсаты және қолданылу шарттары; жұмыс барысында өлшеу аспаптарын тексеру, баптау және реттеу әдістері; аспаптың қателіктерін және ыдысты қыздырғаннан кейінгі өзгерісін тексеруге арналған шәкілдер мен кестелерді пайдалану ережесі; өлшенетін өлшемдердің номиналды мәні және шекті көлем; ыдысты өлшеу және қажетті ыдысты сыналастыру әдісі; магнит өлшемдерді өлшеу жүргізілетін жиіліктер ауқымы; ауыспалы тоқ туралы негізгі түсінік; электр тоғының өлшем бірлігі; дәлдіктің қажетті классы бойынша өлшеудің шақтамасы.

Жұмыс үлгілері

1. ТОЛ, ТОТ, М-63 типті бұйымдар - электр өлшемдерін өлшеу.

2. Альсифер сақинасы - өткізгіштік тобы бойынша іріктей отырып, индуктивтілігі мен магнитті өткізгіштігін өлшеу.

3. Оксид конденсаторлар – сыйымдылығын, диэлектр шығындары мен аспаптар мен автоматтағы тоқтың жылыстау бұрышының тангенсін өлшеу.

4. Аралық жиілік контуры (фильтр) - өлшемдерді өлшеу.

5. Түтік тәрізді қыш герметикаланған конденсаторлар мен блоктар - аспаптың тұрақтылығын өлшеу.

6. Электр техникалық болаттан жасалған магнит өткізгіштер (лента қалыңдығы 0,03 - 0,35 мм) - электр өлшемдері мен геометриялық өлшемдерді өлшеу.

7. Микротрансформаторлар – орамдар арасындағы кедергілерді өлшеу.

8. Феррит пластиналар – арнайы стендтегі электр өлшемдерін өлшеу.

9. Қыш сақтандырғыштар – электр өлшемдерін өлшеу.

10. Тұрақты және ауыспалы резисторлар - электр өлшемдерін өлшеу.

11. Радиолампалар мен кинескоптар – электрод аралық сыйымдылық пен кернеуді тексеру.

12. Тұрақты сымсыз резисторлар - шуылды ЭДС шуыл өлшеуішпен тексеру.

13. Антенналардың өзегі – төзімділік электр сыйымдылық аспаптарында тексеру.

14. Секциялар мен жинақталған қағаз, слюда, шыны қыш, пленкалы конденсаторлар – дәлдік классы бойынша іріктей отырып, сыйымдылық аспабында өлшеу.

15. Өзекшелер - магнит өлшемдерін өлшеу, омметрде беріктігін өлшеу, ИЕЕВ-те немесе УМ-3 көпірінде индуктивтілігін өлшеу; аспапта ортаншы өрістің салыстырмалы кедергісі мен кернеулігін тексеру.

16. Барлық өлшемді "А", "Я", "Ф", 'Г" сериялы селен элементтері – тура және қайтымды тоқты өлшеу.

17. Трансформаторлар - трансформация коэффициентін, орам асимметриясын, бос кеткен тоқты, орам мен оқшаулау кедергісін тексеру.

18. Тороидтер – электр өлшемдерін омметрде өлшеу.
§ 18. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ФИЗИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІН ӨЛШЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығын, диэлектр шығындары мен аспаптар мен автоматтағы тоқтың жылыстау бұрышының тангенсін және жиналған радиобөлшектердің басқа да электр бөлшектері мен феррит бұйымдарын бақылау-өлшеу аспаптарында өлшеу. Электр өлшемдерін аспаптың бірнеше шәкілдері немесе екі немесе одан да көп аспаппен айқындау. Жартылай өткізгіш детекторлардың жұмыс және тиімді кернеуінің сыйымдылық және кері тоқты өлшеу. Жартылай өткізгіш, диэлектр, эпитаксиальді қабаттардың қалыңдығын сферикалық шлиф, контактісіз әдіспен, контактілі және бұзу әдісімен айқындау. Өткізгіштік типін айқындау, вольтфарад сипаттамасын, МДП кедергілерін және ПДП-құрылымын өлшеу, жартылай өткізгіш материалдардың электролюминесценциясының қарқындылығы мен термо ЭДС ауқымын өлшеу. Селен элементтері мен түзеткіштердің электр өлшемдерін өлшеу. Оқшаулағыштың электр беріктігі мен кедергісін сынау. Іріктелген селен элементтерін бақылау-тексеру стендтерінде және купрок түзеткіш элементтерін қол нығыздауыш пен пультте тексеру. Сызбалар мен ТУ-ға сәйкес құйылмаған микромодульдерді әр операция сайын бақылау, белгі соғу сапасын бақылау, ток өткізгіш желілердің электр беріктігін және кедергі ауқымын бақылау. Микромодульдерді кедергі картасы және кернеуі бойынша тексеру. Үлгілерді өлшеуге дайындау, сфералық шлифтерді жасау. Үлгілерді қышқылда және өңдегіштерде өңдеу және таттан тазарту. Электр және электрлік физикалық өлшемдердің қажетті мәнін өлшеу аспаптарын баптау. Жалпы шығын бұрышының тангенсі мен бастапқы магнит өткізгіштің ара қатынасын айқындау. Формула бойынша қарапайым есептер.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; электронды техника бұйымдарының электр, электр физикалық және электр магниттік өлшеу әдістемесі; қышқылдар мен өңдегіштердің қасиеттері; өңдеу, таттан тазарту және жуу ережесі; өткізгіштің қалыңдығы мен типтерін өлшеу әдістері; вольт-амперлік сипаттамалар мен тесіп өту кернеуін тексерудің қағидаттық тәсімі; дәлдік дәрежесі, өлшеу шақтамасы мен электр өлшеуішпен аспаптардың шәкілдерін бөлу құны; электр және радио техниканың негізгі теориялық ережелері.

Жұмыс үлгілері

1. Барлық өлшемді "А", "Г","Я", "Ф" сериялы элементтерден жасалған селен түзеткіштер - электр өлшемдерін өлшеу.

2. Кремний төсенішіндегі кремнийдің қос тотығы – екі жағындағы ақаудың тығыздығын 25-50 есе үлкейтіп микроскоппен қараған кезде электр химиялық әдіспен өлшеу

3. Феррит бұйымдар, ТРН-200 типті бұйымдар - электр өлшемдерін өлшеу.

4. Конденсаторлар - электр өлшемдерін өлшеу.

5. Феррит, альсифер және карбониль сақиналар - электр және электр магнит өлшемдерін өлшеу.

6. ММТИ микротрансформаторлар - трансформация коэффициентін, электр беріктікті және оқшаулау кедергісін, магниттендіру тоғын, таралу индуктивтілігін, орамдар арасындағы сыйымдылықты, алдыңғы және артқы фронттың ұзақтығын, сигналдарды, кедергілерді өлшеу.

7. Көп қабатты баспа платалар – топологиялық белгісі, тесіктердегі көшпелі кедергілердің өлшемі.

8. Жартылай өткізгіш материалдардың пластиналары, құймалары, қабаттар - өткізгіштік типін айқындау; оптикалық әдіспен белгіленген кристаллографикалық бағыттан ауытқу бұрышын анықтау.

9. Кіші дәрежелі интеграция микросхемаларының кристалдары бар пластиналар - статикалық өлшемдерді тексеру.

10. Жартылай өткізгіш пластиналар - эпитаксиальді құрылымдардың қалыңдығын шар шлиф әдісімен айқындау.

11. Электронды сағат платалары – тұтыну тоғын, кварц генераторын қайта құрастыру генерациясы мен диапазонын тексеру.

12. Резисторлар – кедергілерді өлшеу және сыналастыру; дәлдігі ±5% сериялық және жаппай өндіру жағдайында ом кедергісінің ауқымын өлшеу.

13. Металл қағаз, пленкалы секциялар – электр өлшемдерді өлшеу.

14. Оксид конденсаторлар секциясы – сыйымдылықты арнайы құрылғыда өлшеу.

15. Барлық өлшемді "А", "Г","Я", "Ф" сериялы элементтерден жасалған селен түзеткіштер - электр өлшемдерін өлшеу.

16. Диэлектр, поликристалл, эпитаксиаль қабаттар – қалыңдығын түстер кестесі бойынша инфрақызыл спектр фотометрде өлшеу, қалыңдығын өткінші ИК-жарықта галий оксенидіндегі электр оптикалық эффектісі бойынша поляризациялық микроскопта өлшеу.

17. Феррит өзектер - белгіленген диапазонда поляризация жазықтығының бұрылу бұрышын өлшеу.

18. Интеграл схемалар - электр физикалық өлшемдерді өлшеу, диффузионды және ИС Ш интеграция дәрежесі үшін тозаңдату процессі.

19. Трансформаторлар мен дроссельдер – электр өлшемдерін өлшеу.

20. Сақиналы, марганец-цинк ферриттер – сыйымдылығын, диэлектр шығындары тангенсін өлшеу.
§ 19. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ФИЗИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІН ӨЛШЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Температуралық тұрақтылықты, температуралық коэффициентті және радиобөлшектердің басқа да электр өлшемдерін өлшеу. Конденсаторлардың электр өлшемдерінің шығындар арасындағы электр беріктігін, шығындар арасындағы оқшаулау кедергілерінің өлшенетін конденсаторлардың сыйымдылығы бойынша дәлдік классын өлшеу. Матрицалар мен дешифраторлардың электр және электр магнитті өлшемдерін өлшеу. Жартылай өткізгіш материалдардың, поликристалл қабаттың эпитаксиалды құрылымы мен беткі кедергісінің салыстырмалы кедергілерін 4 зондты әдіспен өлшеу. Диэлектр қабатын өңдеу жылдамдығын, құрылымдардың өткізгіштік типін, сыйымдылық пен салыстырмалы кедергілердің температураға байланыстылығын айқындау. Металл графикалық микросхемалардағы құрылымдық ақаулықтарды орналасу тығыздығын және тығыздықтың эталон бойынша таралу біркелкілігін айқындау. Статикалық өлшемдерді бақылау, тесттерді интеграциялану дәрежесі кемінде 100 эл/мм2 микросхемалардың қызмет етуін бақылау. Микромодульдердің барлық схемаларын қалыпты жағдайда және температураның ең төменгі немесе жоғарғы белгілері жағдайында жылы және суық камераларда ТУ талаптарына сәйкес кедергі, кернеу және электр өлшемдерінің картасы бойынша тексеру. Стенділерде орнатылған түрлі микромодульдерді кернеумен толтыру. Селен түзеткіш блоктарының электр өлшемдері мен электр беріктігі бойынша тексеру, селен элементтерін модуляторлар мен арнайы мақсаттағы бұйымдарға арналған электр өлшемдері бойынша өлшеу. Электр өлшемдерін формулалар бойынша өлшеу және оларды аспаптарда өлшеу. Құрылғыларды, стенділер мен аспаптарды эталон пластиналар бойынша кейіннен баптай отырып, жұмысқа дайындау және баптау. Аспаптардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру және аспаптарды жұмыс процессі барысында реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен аспаптардың құрылысы, қағидаттық схемалары, жұмыс қағидаттары және дәлдігін тексеру әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; өлшенетін бұйымдардың электр сипаттамасы; аспаптар мен автоматтарды баптау, реттеу және ұсақ ақаулықтарды жою әдістері; сыйымдылықтың температуралық коэффициентін есептеу әдісі; ылғал, жүктеме және суықтың әсерінен кейін сыйымдылық өлшемін есептеу әдісі; электр техника және радиотехника теориясының негіздері; жартылай өткізгіш материалдар мен эпитаксиальді құрылымдардың мақсаты және олардың қасиеттері; тоқтың ығысу ауқымын есептеу әдісі.

Жұмыс үлгілері

1. ЭКВМ қоректендіру блогы- барлық өлшемдері бойынша тексеру.

2. Пьезоқыш дискілер – сыйымдылықтың Д31 пьезомодулі мен шығындары бұрышының тангенсін өлшеу және есептеу.

3. Ферриттен жасалған бұйымдар - импульсті температуралық сипаттамаларды өлшеу; массалық схемадағы магнит өтімділігін өлшеу.

4. Конденсаторлар мен резисторлар - температуралық коэффициенттерді өлшеу, минималды және максималды сыйымдылықты өлшеу, ылғал, жүктеме және суықтың әсерінен кейін сыйымдылық өлшемін есептеу және өлшеу.

5. Матрицалар – тығыздығы 1 м2 100-ден 200 санға дейін, қадамы 1-1,5 мм электромагнит өлшемдер бойынша өлшеу.

6. Монокристалл кремний және германий – салыстырмалы кедергіні 4-зондты әдіспен өлшеу; дислокация тығыздығын айқындау; дәлме-дәл контактіде өткізгіштік модуляциясы әдісімен өмір сүру уақытын өлшеуге арналған ом контактілерін жасау.

7. Ноқат саны 3000 дейінгі МПП - УКП құрылғысындағы схеманы тексеру.

8. Жады пластиналары және жады кубтарына арналған дешифратор пластиналары - электр магнит өлшемдерді өлшеу; матрицалар мен дешифраторларға микро орама жағу; пластиналардың шығындарына флюс жағу; импульстің ұзақтығы мен осциллографтың көрсеткіштері бойынша оның амплитудаларын есептеу.

9. Пластиналар, квадраттар, дөңгелектер – электр өлшемдерін өлшеу және есептеу.

10. Жартылай өткізгіш пластиналар – мәндерін дисплейден көрсете отырып, 6019 типтес құрылғыларда кедір-бұдырлықты өлшеу.

11. Баспа монтажының платалары - ом кедергісінің қысқа тұйықталуын, желінің тұтастығын және қоңыраулы станцияны тестормен бақылау.

12. Жады жинақтағыштарының секциялары – электр өлшемдері бойынша өлшеу және іріктеу.

13. Арнайы мақсаттағы селен түзеткіштер - электр өлшемдерін бойынша өлшеу.

14. Қабаттар мен платалар (МПП) - желінің тұтастығын, қысқа тұйықталудың болмауын, тексеру, оқшаулағыш кедергісін тексеру.

15. Галлий арсениді құрылысының қабаттары - ультракүлгін жарықта анод тотығымен әшекейлеу әдісімен қалыңдықты өлшеу.

16. Ферриттер - АЖЖ сипаттамаларды арнайы стенділерде өлшеу; температуралық коэффициентті өлшеу; электр өлшемдерді формулалар бойынша есептеу және оларды аспаптарда өлшеу.

17. Фоторезисторлар - ЭДС шулардың өзгеруі.

18. Электронды сағат – генераторлардың жиілігін баптау, функционалды өлшемдерді тексеру.
§ 20. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ФИЗИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІН ӨЛШЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгі кернеуі мен кедергі кернеуін, фазалық ығысуды, ом кедергісінің ауқымын және радиобөлшектердің басқа да электр және электр магнит өлшемдерін арнайы стенділерді, бақылау-өлшеу аспаптарында, осциллографтарда, тәжірибелік және сериялық өндіріс жағдайында өлшеу. Гистерезис ілмегін алу, гистерезистегі шығын коэффициентін, сондай-ақ гистерезис ілмегі бойынша магнит өлшемдерін айқындау. Электр магнит индукцияның және бұйымды тексеруге қажетті өріс ауқымын есептеу. Жартылай өткізгіш материалдардың, эпитаксиалды, диэлектр және поликристалл қабаттардың салыстырмалы кедергісі мен қалыңдығын әр түрлі әдістермен өлшеу. Жартылай өткізгіш-диэлектрик бөлімінің шақтамасында беткі жағдайдың тығыздығын айқындау. Концентрациясын, Холл қозғалысын және оптикалық соруды айқындау. Өлшеу жабдығындағы дискретті аспаптар мен интеграциялану дәрежесі 1000 эл/мм2 дейінгі микросхемалары кристалдарының өзгеруін олардың тест, қызмет ету, статикалық өлшемдері мен динамикалық қасиеттері бойынша жарамсыз ету нысанын өлшеу. Микромодульдердің күрделі схемаларын олардың электр өлшемдері бойынша тексеру. Арнайы мақсаттағы микромодульдерді олардың қалыпты және температураның ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндері кезінде ТУ талаптарына сәйкес болуын кедергілік, кернеулік карталары және электр сипаттамалары бойынша тексеру. Қызмет көрсетілетін бақылау-өлшеу жабдықтарындағы ақаулықтарды жою. Жүйені жұмысқа дайындау, жұмыс бағдарламаларын енгізу. ЭВМ-ді пайдалана отырып, өлшеу құрылғыларында жұмыс істеу. Жұмыс режимін таңдау. Бақылау нәтижесін құжаттандыру, талап етілетін сипаттамаларды есептеу.

Білуге тиіс: өлшеу құрылғыларының құрылысы, қағидаттық схемалары, жұмыс қағидаты және дәлдігін тексеру тәсілдері; өлшеу аппаратурасының тексеру және реттеу ережесі; электронды есептеу техникасын басқару торабы мен пульттері; әр түрлі жұмыс режимдерінде жүйені пайдалану ережесі; тестілеудің, перфолентадан және пульттен бағдарлама енгізудің ережесі мен тәсілдері, есептеу техникасында қолданылатын есептеу жүйелерінің мәні; бұйымдардың электр, электр физикалық және электр магниттік өлшемдерін өлшеу әдістемесі мен тәсілдері; магнит өрісі мен индукцияның ауқымын формулалар бойынша есептеу тәсілдері; есеп ауқымын аспаптар бойынша өлшеу тәсілдері; аспапты қоректендіру көздеріне қосу ережесі; ақаулықтарды жою ережесі; электр және радиотехника негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. "Минск" типті есептегіш машиналарға арналған қоректендіргіш блоктары - барлық өлшемдері бойынша тексеру.

2. Жады кубына арналған дешифраторлар - фазалық ығысуды айқындау, стенділер мен аспаптардағы амплитудалық сигналдарды өлшеу.

3. Пьезоқыш дискілер, призмалар, сақиналар - Д31 пьезомодулін, диэлектр шығындарының сыйымдылығы мен тангенсін "Параметр" өлшеу кешенінде өлшеу.

4. ППГ бар феррит сақиналар - электр магнит өлшемдерді өлшеу.

5. Конденсаторлар, резисторлар, микросхемалар – негізгі өлшемдері бойынша өлшеу және жарамсыз ету.

6. Монокристалл кремний және германий – үлгілерді жасау және Холл коэффициенті мен салыстырмалы электр өткізгіштігін өлшеу үшін ом контактілерін жағу; сырғу желілерін бақылау; жылжымалы жарық зонды әдісімен өмір сүру уақытын айқындау.

7. Ноқат саны 3000 астам МПП - УКПМ-2 құрылғысындағы схеманы тексеру; автоматтандырылған бақылау хаттамасына сәйкес схемадағы ақаулық орындарын анықтау.

8. Заряд тасымалдағыштар – Холл эффектісі әдісімен температуралар аралығындағы концентрация мен жылжымалылықты айқындау.

9. Жылтыратылған кремний пластиналары – жоғалатын және жоғалмайтын рискілерді анықтау және бақылау.

10. Кристалдары бар ИМС-тің және транзисторлардың дискретті құрылымының пластиналары - ЭВМ дисплейін пайдалана отырып, кристалдарды топтар бойынша жарамсыз ету.

11. Тәжірибелі пластиналар мен сақиналар - электр магнит өлшемдерді өлшеу.

12. Гистерезистің тіктөртбұрышты ілмегі бар пластиналар мен сақиналар – сипаттамаларын алу, электр және электр магнит өлшемдерін өлшеу және есептеу.

13. Жартылай өткізгіш пластиналар - эпитаксиалды құрылымдардың белсенді қабатының қалыңдығы бойынша концентрация мен жылжымалы тоқ тасымалдағыштарының бөлінуін айқындау.

14. Мықты резисторлар мен конденсаторлар – жүктемені есептеу, жоғары вольтті және жоғары жиілікті құрылғыларда жүктеме астында сынақ жүргізу; сынаққа дейінгі және одан кейінгі электр сипаттамаларын өлшеу.

15. Галлий арсенидіндегі гетероқұрылымдық қабаттар - рекомбинациялық сәулеленудің қарқындылығын өлшеу.

16. Эпитаксиалды құрылымдар – техникалық деңгейлерге сәйкестігіне өлшемдер кешенін жүргізу; салыстырмалы кедергінің эпитаксиалды қабаттың тереңдігі бойынша таралуын өлшеу; төсеніші бар өткізгіштік типі бірдей эпитаксиалды қабаттың салыстырмалы кедергісін айқындау.


§ 21. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ СЫНАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды олардың электр беріктігіне, қысқа тұйықталуына, үзілуіне және басқа да ақаулықтарын анықтауға сынау. Аспаптар мен интегралды микросхемалардың электр өлшемдерін сынау процессінде өлшеу және оларды сыныптау. Жұмыс процесінде электр өлшеуіш аспаптардың, сынау жабдықтарының бұзылмағанын бақылау. Өлшеу қорытындысын тиісті құжаттамамен ресімдеу. Жарамды және жарамсыз аспаптардың (бұйымдардың) санын есепке алу. Бұйымдарды сынау (өлшеу) аппаратурасына қондыру, оларға кернеуді жіберу, сақтау және шығару.

Білуге тиіс: бөлшектердің атауы мен мақсаты және қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызмет ету қағидаты; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және оларды қолдану шарттары; бұйымдарды кернеуде ұстау уақыты; орындалатын жұмыс шақтамасында электр және радиотехника негіздері; аспаптарды соңғы сынаудың түпкілікті қорытындыларын ресімдеу ережесі; вольт-амперлік сипаттамалар.

Жұмыс үлгілері

1. Қоректендіру блоктары - ТВК-2А ылғал камерасында сынау.

2. Детекторлар – тура және кері кедергіні өлшеу.

3. Күміс дайындамалар, жиналған конденсаторлар мен әртүрлі типономиналдардың резисторлары - электр және механикалық беріктігін сынау.

4. Пьезотехникалық бөлшектер - климаттық сынақтар жүргізу.

5. Жоғары қарқынды сәулелендіру көздері – электр жүктемесінің әсерінсіз механикалық-климаттық сынау (дірілге төзімділік, ылғалға төзімді, соққыға төзімді, жылуға төзімді); орамаларды сынау; ұзаққа жарамдылығын және беріктігін сынау.

6. Интегралды схемалар – терезе контактілерін металдандыра отырып, таңдамалы компоненттерді өлшеу; қарапайым мәтіндік құрылымдардың өлшемдерін өлшеу.

7. Пьезотехникалық элементтер – диэлектр шығындарының сыйымдылығын, бұрыш тангенсін өлшей отырып, климаттық сынақ жүргізу.

8. Әр түрлі типті қағаз және слюда конденсаторлар - алдын ала конвейерлік электр пешінде немесе термостатта қыздыра отырып, сынап-кварц лампаның астында герметикалығын тексеру.

9. Нығыздалған жанастыра салынған слюда конденсаторлар – құрылғыларда, автоматта және жартылай автоматта ойылуын тексеру.

10. Қағаз және слюда конденсаторлар - қыздырылған этиленгликолда герметикалығын тексеру.

11. Аралықтар – сыйымдылықты, тура және кері кедергіні өлшеу.

12. Радиоблокқа монтаждалған платалар, қалыптар, сөгу панельдері, қоректендіру кабельдері және басқа да радиокомпоненттер - сынау.

13. Баспа монтажының платалары – оқшаулағыштың кедергісін, бұрылыстарының бірнеше еселігін (ГИП және ТПК үшін), бірнеше рет дәнекерлеуді, электр пештерінің тұтастығын сынау.

14. баспа платалары, байланысқа түсетін микросхемалар, дәнекерлеуші құрылғылар мен кабельдер - сынау.

15. Жартылай өткізгіштік аспаптар, интегралды микросхемалар - термо төтеп беру.

16. Жеке бөлікке ажырату (электр дәнекерлегіштер) – контактілі кедергілерді өлшеу; ұяшықтардың күшін калибрмен өлшеу.

17. Резонаторлар, сүзгілер, аппараттық қалқаншалар контурлар - оқшаулағыштың кедергісін өлшеу; діріл стендінде сынау, герметикалығын сынау.

18. Резисторлар, термисторлар – кедергі номиналын өлшеу.

19. Қағаз резисторлар, конденсаторлар - қыздырылған трансформатор майында, электрмен және сумен қыздырылатын ваннадағы суда герметикалығын тексеру; радиобөлшектер – герметикалығын вакуумда және қысым астында тексеру.

20. Ауыспалы сым резисторлар – ою құрылғылары мен конвейерлік станоктарда тексеру.

21. Шағын көлемді қағаз және пленка секциялар, конденсаторлар - жоғары вольтті құрылғыда электр төзімділігін тексеру.

22. 0,44 Вт маркалы феррит өзекшелер – электр өлшемдерін жылу мен суықтың түрлі режимдерінде сынау.

23. Слюда конденсаторларға арналған күміс слюда – электр төзімділігін жартылай автоматта немесе автоматта сынау.

24. шыны эмаль конденсаторлардың таблеткалары - электр төзімділігін ою құрылғысында тексеру.

25. Қатты схемалар – кедергіні (8 элементке дейін), кернеудің құлауын, тоқ бойынша күшею коэффициентін өлшеу.

26.. Трансформаторлар, дроссельдер, индуктивтілік орауыштары - электр өлшемдерін сынау және тексеру.

27. Транзисторлар - 1000, 2000, 3000, 5000, 7000 мгц жиілік кезінде қуатты өлшеу - 400 мгц жиілік кезінде шу коэффициентін өлшеу.

28. Триодтар – сыйымдылығын, кедергісін өлшеу.

29. Феррит бұйымдар - сыйымдылығын, индуктивтілігін өлшеу.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет