Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет27/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 13. РАДИОҚЫШТЫ, ПЬЕЗОҚЫШТЫ ЖӘНЕ ФЕРРИТТЕРДІ КҮЙДІРУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Феррит және қыш массалар мен бұйымдарды әр түрлі типті пештерде күйдіру, шынықтыру. Пьезоқыш материалдарды электр және газ пештерде синтездеу. Электр пештердің плиталарына пьезоэлементтерді дайындай отырып таралар толтыру. Күмісті күйдіру. Металдандырылған және көміртектелген қыш дайындамаларды электр пештерде шынықтыру. Күмісті қышқа, шыны эмаль таблеткаларға және пьезоэлемент дайындамаларына күйдіру; палладий пастасын әр түрлі жоғары температуралы электр пештерде күміс корпустарға күйдіру. Жылтыратпаны күйдіру. Процесс барысын бақылау-өлшеу аспаптары арқылы бақылау. Бұйымдарды түсіру. Күмістің жымдасу, күю, бұйымның, масса мен бөлшектердің шынығу сапасын сыртқы түрі бойынша тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жоғары температуралы электр және конвейерлік пештердің негізгі бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; қыш, феррит, шыны эмаль және пьезоқыш масса мен бұйымдардың және олардан жасалған бұйымдардың қасиеттері; дайын бұйымдар мен массаларды сақтау ережесі; пештің қызу температурасын өлшеуге және автореттеуге арналған аспаптардың мақсаты және қолданылу шарттары; электр пештеріне әр түрлі бөлшектер мен массаларды салу және оларды шығару ережесі; күмісті шынықтыру және электр пештерде қышқа күйдіру режимі; өңделетін материалдардың қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Пьезоқыш материалдардың шикіқұрамдарының брикеттері – электр пештерінде синтездеу.

2. Тығындар – жылтыратпаны электр пештерде күйдіру

3.Жанастырыла салынған конденсаторлардың бөлшектері - конвейерлік пеште тегістеуден кейін шынықтыру.

4. Цилиндр және қорап пішінді пьезоқыш дайындамалар - күйдіру.

5. Жылтыратпа оқшаулауыштар - конвейерлік электр пештерінде күйдіру.

6. ИКП оқшаулауыштары – күмісті конвейерлік пештерде күйдіру.

7. Қыш конденсаторлардың дайындамалары - күмісті конвейерлік пештерде күйдіру.

8. Магнитодиэлектриктер - вакуум пештерде түпкілікті күйдіру.

9. "Тротил" типті интеграл гибрид микросхемалар – белсенді элементті платаларды конвейерлік пеште өңдеу.

10. Шикіқұрам брикеттерін әр түрлі типті пештерде күйдіру.

11. Аяқтың негізі – электр пештерде күйдіру.

12. Түбі, науаша, сопло плитасы, шарлар және т.б. - күйдіру.

13. ПЭК-55 арналған пластиналар - күмісті конвейерлік пештерде күйдіру.

14. Платалардың роторлары, статорлар – электр пештерінде тегістеуден кейін шынықтыру.

15. Никель-цинк раструбтар - пісіру.

16. ППГ ферриттер, оның ішінде өзектер, сақиналар - никель-цинк, магнитострикциялы, БИ-түтікті ферриттер – шикіқұрамды, брикеттерді күйдіру, вакуум пештерде пісіру.
§ 14. РАДИОҚЫШТЫ, ПЬЕЗОҚЫШТЫ ЖӘНЕ ФЕРРИТТЕРДІ КҮЙДІРУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі қыш, феррит, шыны эмаль массалардан жасалған бөлшектер мен пьезоқыш дайындамаларды электр пештерінде күйдіру режимдерін сақтай отырып кәдеге жаратып күйдіру. Пьезоэлементтердің дайындамаларын жинақтау. Күйдіру сапасын сыртқы түріне қарап тексеру (нашар және қатты кәдеге жарату, көпіршік, жарықтар). Шикізат материалдары мен жентектерді электр пештерде күйдіру. Бөлшектерді тегістеуден кейін мазут пештерде шынықтыру. Электр пештерінде түпкілікті күйдіру процессін жүргізу. Бөлшектерді күйдіру сапасы бойынша іріктеу, әр түрлі массадан жасалған бөлшектердің өлшемдерін шаблондармен тексеру.

Білуге тиіс: электр туннельдердің (бір, екі және үш арналы), камералы, құндақты және мазут пештердің құрылысы және температуралық режимдерін реттеу тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; әр түрлі массалардан жасалған кәдеге жаратып күйдіру режимі; қыш, феррит, шыныэмаль және пьезоқыш массалардың құрамы мен негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Металдандырылған пастаны бериллий тотығынан жасалған қышқа күйдіру.

2. Молибденді үздіксіз қызмет ететін, 1000°С температура кезінде газ ортасы (сутегі, азот) бақыланатын итергіш электр пештерінде молибден қышқылынан қалпына келтіру.

3. Тығындар – электр пештерінде кәдеге жаратып күйдіру.

4. Стеатиттен жасалған бөлшектер - күйдіру.

5. Радиоқыш және сегнет қыш бөлшектер - күйдіру.

6. Нығыздау әдісі арқылы жасалған интеграл схемалардың металл қыш корпустарының бөлшектері (алдын ала "Вистра" типті туннель газ пештерінде күйдірілген) - металдар мен балқымалардың ұсақ дисперсті ұнтақтарынан жасалған металдандырылған пасталарды 1320°С ±10°С температура кезінде газ ортасы (сутегі, азот) бақыланатын итергіш электр пештерінде күйдіру.

7. Нығыздау әдісі арқылы жасалған интеграл схемалардың металл қыш корпустарының бөлшектері – шыны пленкамен 120О°С±10°С температура кезінде газ ортасы (сутегі, азот) бақыланатын итергіш электр пештерінде дәнекерлеу.

8. Интеграл схемалардың металл қыш корпустарының бөлшектері - ПСР-72 қатты дәнекерімен дәнекерлеу және шықпаларды 850°С±10°С температура кезінде газ ортасы (сутегі, азот) бақыланатын конвейерлік электр пештерінде дәнекерлеу.

9. Интеграл схемалардың металл қыш корпустарының бөлшектері - металдандырылған пасталар мен металдар мен балқымалардың ұсақ дисперсті ұнтақтарын 450С ± 10С температура кезінде ауа ортасы бар конвейерлік электр пештерінде кептіру.

10. Құйылған пьезоқыш дайындамалар – жербалшықты қайта өңдеп күйдіру үшін салу.

11. "Призма" және "диск" типті пьезоэлементтердің дайындамалары - никель пакеттерге салу, күйдіру, күйдіргеннен кейін жинақтау.

12. "Кольцо ", "шайба", "полный цилиндр" типті дайындамалар – күмісті конвейерлік пештерде күйдіру.

13. ӨҮИС корпустарына арналған оқшаулауыштар – күйдіру.

14. ИКПТ-1,5оқшаулауыштары –кәдеге жарату үшін электр пештерінде күйдіру.

15. Шамот массаларынан жасалған капсельдер мен плиткалар - күйдіру.

16. Қыш дискілі конденсаторлар - күмісті конвейерлік пештерде күйдіру.

17. Магнитодиэлектриктер - күйдіру в вакуум пештерде, инертті орталы пештерде, оттекті пештерде түпкілікті күйдіру.

18. Микроплаталар - 13800 С температура кезінде электр пештерінде тегістеуден кейін тесу.

19. Панельдер – электр пештерде кәдеге жарату үшін күйдіру.

20. Радио және жарықтандырғыш шамдардың (сақиналары, тығындары) ішкі арматурасына арналған радиоқыш - күйдіру.

21. Ауыстырып қосқыш роторлары мен платалары - тегістеуден кейін мазут пештерде шынықтыру.

22. МКТ статорлары – электр пештерінде кәдеге асыру үшін күйдіру.

23. Металлы бар шыны қыш композициялар - будасын күйдіру.

24. Шикізат материалдары және жентектер – күйдіру.

25. Әр түрлі пішінді феррит бұйымдар - түпкілікті күйдіру (ауа және оттегі ортасында).


§ 15. РАДИОҚЫШТЫ, ПЬЕЗОҚЫШТЫ ЖӘНЕ ФЕРРИТТЕРДІ КҮЙДІРУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыш, феррит, шыны эмаль массалардан жасалған бөлшектерді және пьезозлементтердің дайындамаларын жоғары температуралы, бағдарламалық және автомат құрылғысы бар әр түрлі типті электр пештерінде, күйдіру режимдерін сақтай отырып және реттей отырып түпкілікті күйдіру. Термоөңдеудің және металдандырылған және көміртектелген қыш дайындамаларды электр пештерінде шынықтырудың тиімді режимін таңдау. Процесс барысын бақылау және температуралық режимдерді бақылау. Вагонеткаларға шикіқұрам брикеттері бар никель пакеттерін салу және түсіру. Әр түрлі массалардан жасалған бөлшектерді мазутты-туннель және электр пештерінде, күйдіру режимдерін сақтай отырып кәдеге асыру үшін күйдіру. Шикізат материалдары мен жентектерді үздіксіз жұмыс істейтін жалынды пештерде күйдіру. Электр пештері мен бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысқа жарамдылығын тексеру.

Білуге тиіс: жоғары температуралы электр пештердің, туннельді (бір, екі және үш арналы), камералы, құндақты пештердің және олардың автоматты құрылғыларының құрылысы; электр пештері мен бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысқа жарамдылығын тексеру тәртібі; температураны өлшеуге және пештің қызуын реттеуге арналған аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; электротехника негіздері; туннельді-мазут пештердің құрылысы және жұмыс режимі; бұйымдарды түпкілікті және кәдеге асырып күйдіру режимі; электр пештерінің газ ортасы және олардың күйдірілетін бұйымдар мен бөлшектердің сапасына тигізетін әсері; пьезоэлемент дайындамаларын түпкілікті күйдіру режимі; вагонеткаларға пакеттерді орнату схемасы; феррит бұйымдардың магнит өлшемдерін тексеру әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Марганец-цинк өзекшелерді пісіру кезінде футерлерді вакуумдеу.

2. Қыш бөлшектер мен бұйымдар - күйдіру.

3. Стеатит және форстерит қыш массадан жасалған бөлшектер - күйдіру.

4. Сегнетоқыштан жасалған бөлшектер - күйдіру.

5. Қыш бөлшектер - капсельдерге және қыш науашаларға салу; алдын ала күйдіру.

6. Ультрафарфордан жасалған бөлшектер – кәдеге жарату үшін және түпкілікті күйдіру.

7. Форстерит және жоғары жербалшық (типа 22хС) қыш массадан жасалған бөлшектер - қалпына келтіруші ортада күйдіру.

8. Қыш пленкадан жасалған интеграл схемалардың металл қыш корпустарының бөлшектері - металдар мен балқымалардың ұсақ дисперсті ұнтақтарынан жасалған металдандырылған пасталарды мен 1560°С ± 10°С температура кезінде басқарылатын газ ортасы бар үздіксіз жұмыс істейтін электр пештерінде күйдіру.

9. Эмальденген ковар бөлшектер - конвейерлік электр пештерінде балқыту.

10. Қыш дайындамалар - күмісті туннель пеште күйдіру.

11. Металдандырылған және көміртектелген қыш дайындамалар - шынықтыру.

12. Қыш конденсаторлардың дайындамалары - 13200 С ± 20°С температурада туннельді силит пештерде күйдіру.

13. Пьезоқыш құйылған сфера пішінді дайындамалар – отқа салу, күйдіру.

14. Әр түрлі пішінді феррит бұйымдар – бейтарап орталы пештерде түпкілікті күйдіру.

15. Барлық типті қыш конденсаторлар - түпкілікті күйдіру.

16. Қыш радио және арнайы шамдарға арналған ішкі арматураның вакуум тығыз қабаты бар қыш - күйдіру.

17. 22ХС типті қыш – қалпына келтіргіш күйдіру.

18. Қыш массаны дайындауға арналған материалдар - күйдіру.

19. Магнитодизлектриктер - вакуум пештерде, инертті орталы пештерде, оттекті пештерде және үздіксіз жұмыс істейтін пештерде түпкілікті күйдіру.

20. Резисторлардың металл пленкалы негіздері – электр пештерде шынықтыру; шынықтыру режимін таңдау.

21. шыны қышы бар металл тораптар - түпкілікті күйдіру.

22. Алунд құндақ - күйдіру.

23. Жүзгіндерді үздіксіз жұмыс істейтін, айналмалы жалынды пештерде күйдіру.

24. Барий магниттері мен никель-цинк бұйымдарын күйдіру.

25. ПЛ-1К, 2К, ПЛК-7,9 панельдері, үстіңгі және төменгі қалыптар - туннельді-мазут пештерде кәдеге жарату үшін күйдіру.

26. Ауыстырып қосқыштардың панельдері - туннельді-мазут пештерде кәдеге жарату үшін күйдіру.

27. ПЛК-7,9, ПЛ-1К, 2К панельдері – электр пештерде түпкілікті күйдіру.

28. Ауыстырып қосқыштардың платалары - электр пештерде түпкілікті күйдіру.

29. Қыш пленкадан жасалған дәлме-дәл уақыттың электронды аспаптарының қыш платалары - 1560°С ± 10ОС температура кезінде газ ортасы (сутегі, азот) бақыланатын үздіксіз жұмыс істейтін электр пештерде күйдіру.

30. Металдандырылған резисторлардың пленка негіздері – электр пештерде шынықтыру режимін таңдай отырып шынықтыру.

31. Пленкалы резисторлар - күйдіру.

32. КПК-2,3 роторлары - электр пештерде түпкілікті күйдіру.

33. Күміс корпустар - палладий пастасын күйдіру.

34. ММКТ статорлары - электр пештерде түпкілікті күйдіру; КПКМ, КПК-1, КПК-2,3 статорлары - туннельді-мазут пештерде кәдеге жарату үшін күйдіру.

35. Әр түрлі пішінді марганец-цинк ферриттер - электр пештерде түпкілікті күйдіру.

36. АЖЖ аспаптарына арналған ферриттер - температурасы автоматты түрде басқарылатын жоғары температуралы камералық пештерде күйдіру.

37. ППГ ферриттері – кейіннен шынықтыра отырып вакуумды-оттекті ортада күйдіру.

38. ППГ ферриттері, магнитострикционды ферриттер – іріктеу және камералық, туннельді, құндақты, үздіксіз жұмыс істейтін электр пештерде және оттекті вакуум пештерде түпкілікті күйдіру.
§ 16. РАДИОҚЫШТЫ, ПЬЕЗОҚЫШТЫ ЖӘНЕ ФЕРРИТТЕРДІ КҮЙДІРУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Радиоқыш, пьезоқыш, феррит және шыны эмаль массалардан жасалған әр түрлі бөлшектерді үздіксіз жұмыс істейтін жалынды пештерде, туннельді-мазут, сутекті және кәдеге жарату үшін күйдіру пештерінде, кезең-кезеңмен жұмыс істейтін көріктерде, сондай-ақ бағдарламалық автомат құрылғылары бар электр пештерінде түпкілікті күйдіру процессін жүргізу. Көріктер мен бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысқа жарамдылығын тексеру. Бөлшектердің күйдірілу дәрежесін сынамалар бойынша анықтау, пісірілу сапасын бақылау-өлшеу аспаптарында тексеру. Жанама қыздыратын айналмалы пештерде ылғал технологиялық схема бойынша газдың көмегімен ферриттендіру технологиялық процессін жүргізу. Жүзгіндерді пешке салу және оларды пештің жұмыс істейтін бетіне таратып бөлу. Жүзгіндердің пешке жіберілуінің температуралық-желдеткіш режимін реттеу. Разрядталуын реттеу. Құрылғыны нұсқаулыққа сәйкес үнемі тексеру. Реторт қабырғаларын қақтан тазалау. Процестің аяқталуын сынамаларды іріктеудің көмегімен айқындау. Өнім сапасы мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, талдау және көзбен шолып бақылау нәтижелері бойынша технологиялық регламенттің сақталуын бақылау. Қалыпты технологиялық процестен ауытқу себептерінің алдын алу және жою. Жүзгіндерді жіберіп тұратын мөлшерлеуші сорғыларға қызмет көрсету. Жүзгіндерге кіретін компоненттерді ұнтақтау, оларды химиялық құрамы бойынша түзету. Журналға жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөнделгеннен кейін қабылдау.

Білуге тиіс: жалынды пештердің, туннельді-мазут және үздіксіз жұмыс істейтін сутекті пештердің, сондай-ақ жоғары жиілікті қышты кәдеге жарату үшін күйдіруге арналған көріктердің құрылымы және жұмыс істеу қағидасы; газ өткізгіштердің, пешкөмейлердің, пеш оттығының орналасуы; бақылау-өлшеу аспаптарының (термопараның, гальванометрдің, тартуды өлшеуіштің) мақсаты және құрылысы; әр түрлі радиоқыш, пьезоқыш, феррит және шыны эмаль массаларға арналған күйдіру аймақтары; күйдірудің әр түрлі кезеңдерінің мәні; қыш массаларға арналған ТУ; әр түрлі қыш массалардан және жоғары жиілікті қыштан жасалған бөлшектерді жалынды және туннельді-мазут пештерде күйдіру тәсілдері мен режимі; көріктердің газ ортасы және оның күйдірілетін бөлшектер мен бұйымдарға тигізетін әсері; бастапқы компоненттерден жасалған жүзгіндерді тікелей күйдіретін айналмалы пештерде күйдіру арқылы барий, стронций және барий-стронций ферриттерін алудың және пеште синтезделген шикіқұрамнан жүзгіндерді дайындаудың технологиялық процессін жүргізу тәсілдері; температуралық режимді сақтау, пештің айналу жылдамдығын, жүзгіндердің пешке жіберілу жылдамдығын, күйдірілген өнімнің сапасын, шикіқұрамның тарту үшін шар диірменге жіберілуін, жүзгіндердің беті мен ылғалдылығының салыстырмалылығын реттеу және бақылау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Әр түрлі қыш массадан жасалған бөлшектер – үздіксіз жұмыс істейтін жалынды пештерде және әр түрлі құрылымды көріктерде түпкілікті күйдіру.

2. Конденсаторлардың қыш бөлшектері - үздіксіз жұмыс істейтін жалынды пештерде түпкілікті күйдіру.

3. Пластикалық қыштан жасалған бөлшектер - күйдіру.

4. Жоғары жиілікті қыштан жасалған бөлшектер – көріктерде түпкілікті күйдіру.

5. Феррит бөлшектер – автоматты түрде басқарылатын пештерде түпкілікті күйдіру.

6. Интегралды схемалардың метал қыш корпустарының бөлшектері, нығыздау әдісі арқылы жасалған қыш бомзалар - t = 1750°С±10°С кезінде "Вистра" типті үздіксіз жұмыс істейтін в туннельді газ пештерде күйдіру.

7. Вакуум тығыз қабаттардың және 22ХС және А-995 типті қыштан жасалған энергия шықпаларының бөлшектері - күйдіру.

8. КТ-ЗО қыштан жасалған аспаптардың бөлшектері - күйдіру.

9. Кез келген пішінді пьезоқыш дайындамалар - туннельді, камералық және құндақты пештерде күйдіру.

10. Барий ферриттерінен жасалған бұйымдар - "Днепр", "Сименс", "Драга" типті автоматты басқарылатын пештерде түпкілікті күйдіру.

11. Стеатиттен жасалған бұйымдар - туннельді-мазут пештерде түпкілікті күйдіру.

12. Қыш, феррит және шыны эмаль массалардан жасалған бұйымдар мен бөлшектер - әр түрлі құрылымды көріктерде кәдеге жарату үшін күйдіру.

13. Өте берік бұйымдар – вакуумда пісіру.

14. Оқшаулауыштар, панельдер, корпустар, роторлар, платалар, қаңқалар - көріктерде кәдеге жарату үшін күйдіру.

15. Әр түрлі пішінді ірі көлемді бұйымдар мен бөлшектер - күйдіру.

16. Жербалшықтығы жоғары, ұсақ кеуекті қыш - күйдіру.

17. Қыш өзектер мен түтіктер - туннельді-газ пештерде түпкілікті күйдіру.

18. Конус-пироскоп – іріктеу және "Вистра" типті үздіксіз жұмыс істейтін туннельді-газ пештерге орнату.

19. Зегер корпустары – іріктеу және туннельді-мазут пештерге орнату.

20. Микроплаталар – пасталарды сутекті пештерде күйдіру; көріктерде, жоғары температуралы аммиакты пештерде түпкілікті күйдіру.

21. Шикізат материалдары және жентектер – көріктерде түпкілікті күйдіру.

22. Вакуум тығыз қыштан жасалған металл қыш корпустардың платалары - үздіксіз жұмыс істейтін сутекті пештерде түпкілікті күйдіру.
§ 17. РАДИОҚЫШ ПЕН ФЕРРИТТЕРДІ КЕСУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шикі, қыш және феррит түтіктерді, өзектерді белгіленген өлшемдері бойынша қол құрылғылары мен станоктарда кесу. Түтіктердің ұзындығын шаблон бойынша таңдап тексеру. Кесілетін түтіктер мен өзектерді қаңылтыр табаға орналастыру, кейіннен кептіргіш шкафтар мен термостаттарда кептіріле отырып ауада кептіру. Түтіктерді кесуге арналған қол құрылғысының бетін майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер, оның маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты; анағұрлым кең таралған қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; қыш және феррит дайындамалардың (түтіктердің, өзектердің) атауы, белгіленуі және өлшемдері; түтіктерді орналастыру, қақтау және кептіру тәсілдері; түтіктер мен өзектерді кесуге болатын дайындамалардың ылғалдылық дәрежесі.

Жұмыс үлгілері: КВК-2 конденсаторларына арналған дайындамалар – шикі дайындамаларды өлшемі бойынша - кесу.
§ 18. РАДИОҚЫШ ПЕН ФЕРРИТТЕРДІ КЕСУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Радиоқыш пен ферриттерді станоктарда, жартылай автоматтар мен автоматтарда 11-12 квалитеттер бойынша кесу. Кесектері бойынша тегістеу. Ұзындығы 10...40 мм күйдірілген өзектерді ұзындығы бойынша өлшемдерін дәлме-дәл сақтай отырып кесу. Өлшемдерін белгілеу және пластинанын белгіленген өлшем бойынша бекіту, пышақтарды қайрау. Ұзындығын өлшеу құралымен іріктеп тексеру. Абразивті дискіні орнату, бекіту және қайрау. Қыш өзектерде ойық тілу. Шикі қыш түтіктерді қол құрылғыларында, станоктарда және автоматтарда ұзындығы бойынша өлшемдерін және кесектің түтікке қатысты перпендикулярлығын дәлме-дәл сақтай отырып кесу. Кескіш пышақтарды тексеру, орнату және ауыстыру. Кесуге арналған станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; анағұрлым кең таралған күрделілігі әр түрлі әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; құрылғының мақсаты, қолданылу ережесі және кескіш құралдардың бұрыштары; өңделетін материалды суыту ережесі мен тәсілдері; шақтамалар мен қондырғы жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; суытушы және майлаушы сұйықтықтың мақсаты және қасиеттері; қыш пен ферриттен жасалған өңделетін бұйымдардың негізгі механикалық қасиеттері; өңделетін материалды орнату коэффициенті.

Жұмыс үлгілері

1. Резисторларға арналған дайындамалар – шикі күйінде ұзындығы бойынша өлшеммен кесектің түтіктің осіне қатысты перпендикулярлығын сақтай отырып кесу.

2. Өлшемі 5 бастап 60 мм дейін, қабырғасының қалыңдығы 0,1-2 мм, ұзындығы бойынша шақтамасы ±0,1 мм феррит және әр түрлі қыш массалардан жасалған түтіктер, өзектер мен пластиналар - кесу.

3. Қыш және феррит түтіктер мен өзектер - әр түрлі бейінді ойықтарды кесу; станоктарда, автоматтар мен жоғары жиілікті жабдықтарда кесу.

4. СГМ типті шағын көлемді түтіктер (кәдеге жаратушы) - кесу.

5. Ішкі диаметрі 15-70 мм ірі көлемді түтіктер - кесу.

6. Қыш цилиндрлер – арнайы станоктарда диаметрі 20 мм астам сақиналарға кесу.
19. РАДИОҚЫШ ПЕН ФЕРРИТТЕРДІ КЕСУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күйдірілген радиоқыш пен ферриттерді жартылай автоматтарда және автоматтарда белгіленген өлшемдер бойынша 6-9 квалитеттер бойынша шек пен кесек бойынша қалыптауды сақтай отырып кесу. Алмас және абразив дискілерді орнату, бекіту және қайрау. Автомат жұмысының ТКЕ-нің бір тобынан екіншісіне алмасу кезінде кесу режимін таңдау. Кесу жартылай автоматтары мен автоматтарының жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; кесу құралын қайрау және орнату ережесі; шақтамалар мен қондырғы жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 2 мм дейін және ұзындығы 0,8 бастап 12,5 мм дейінгі өзектер – станоктарда кесу.

2. Қабырғасының қалыңдығы 1мм дейінгі түтікті өзектер - кесу.

3. Қыш және феррит түтіктер, әр түрлі қыш массалардан жасалған өзектер мен пластиналар - жартылай автоматтарда және автоматтарда кесу.


§ 20. РАДИОҚЫШТЫ ӨҢДЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес өңдеу, майсыздандыру және дистилденген суда жуу. Өңдеу процессін бақылау. Майсыздандыру үшін ерітінді дайындау. Өңдеу процессін белгіленген режим бойынша реттеу. Өңдеу сапасын өлшеу құралының көмегімен айқындау. Бөлшектерді кептіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; бөлшектерді өңдеу, майсыздандыру және тазалаудың технологиялық процестерінің негізі; қыш бөлшектерді өңдеуге дейін және өңдеуден кейін механикалық тазалау және суда жуу тәсілдері.


§ 21. РАДИОҚЫШТЫ ӨҢДЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыш бұйымдар мен бөлшектерді балқыту қышқылында және басқа да қышқылдар мен ерітінділерде өңдеу. Күмістен жасалған бұйымдарды азот қышқылында өңдеу. Бөлшектерді технологиялық нұсқаулыққа сәйкес майсыздандыру, бейтараптандыру, кептіру жуу және сүрту. Астауларды бұйымдарды қышқыл мен сілтіде өңдеу үшін дайындау. Орындалатын өңдеу түрлеріне арналған электролиттер мен ерітінділерді дайындау. Электролиттерді сүзгіден өткізу. Өңделген электролиттер мен ерітінділерді бейтараптандыру және регенерациялау. Өңдеу, жуу және кептіруде қолданылатын жабдықтар мен құрылғыларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: бұйымдарды өңдеу, жуу және кептіруде қолданылатын жабдықтардың құрылысы мен жұмыс қағидасы; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; өңдеу астаушасын дайындау тәртібі және қыш бұйымдар мен бөлшектерді әр түрлі қышқылдар мен ерітінділерде өңдеу; қышқылдар мен сілтілердің химиялық және физикалық қасиеттері; өңдеуші және майсыздандырушы ерітінділердің құрамы мен қасиеттері.


§ 22. РАДИОҚЫШТЫ ҚАЛЫПТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шикізат пен материалдарды дайындау. Механикалық желіге біріктірілген жабдықтарда (диірмен, кептіргіш барабан, мөлшерлегіш, араластырғыш) капсель массасын дайындау. Нығыздау үшін нығыздауыш қалыптарды таңдау. Капсельдер мен плиталарды гидравликалық нығыздауыштарда 100 кг баса отырып нығыздау. Әр түрлі отқа төзгіштерді нығыздауыштар мен қалыптау станоктарында нығыздау және қалыптау. Матрицалар мен пуансондарды майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың (механикалық тізбектердің, гидравликалық нығыздауыштардың) маңызды бөлшектерінің атауы, мақсаты және жұмыс қағидасы; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және қолданылу шарттары; шикізат түрлері және олардың қасиеттері; шикізатты ағын желілі қоспалауыштар мен агрегаттарға салу және мөлшерлеу ережесі; нығыздауыштың басу ауқымы және нығыздау ұзақтығы

Жұмыс үлгілері

1. Шыныдан пісірілген қыш құмыра - разряды анағұрлым жоғары қалыптаушымен бірлесе отырып өңдеу.

2. Қыш массадан жасалған күрделі емес бөлшектер - қалыптау.

3. Капсельдер, төсемдер, қақпақтар, плиталар, қораптар, науашалар - гидронығыздауыштарда нығыздау.

4. Кухтер, дуплеждер, ұсақ беріліс - қалыптау.

5. Шыныдан пісірілген қыш құмыра жасау үшін қажетті масса- елек арқылы елеу және басу кезінде қалыпқа себу.




1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет