Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет32/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 20. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН МОНТАЖДАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сынақ және ұсақ сериялы өндірісте, сондай-ақ көп сәулелі, қуатты шағын аспаптар мен АЖЖ аспаптарын өндіру кезінде жүзеге асырылатын электр вакуум аспаптарын толық монтаждау, жинақтау және дәнекерлеу. Аргонды доға, электронды сәулелік және термодиффузиондық дәнекерлеу құрылғыларында АЖЖ және ФЭП аспаптарының күрделі тораптарын дәнекерлеу. Қарқынды режимде дәнекерлеу. Баяу балқитын, белсенділігі жоғары, тез буланатын және әр түрлі металдар мен балқымалардан жасалған АЖЖ аспаптарының бөлшектері мен тораптарын дәнекерлеу. Шағын және өте шағын аспаптардың элементтерін арнайы технологиялық құрылғыда бір біріне қатысты 0,002 мм дейінгі дәлдікпен орталықтау және дәнекерлеу. Сынақ жұмыстарын орындау кезінде құрылғыларды баптау, дәнекерлеу режимін таңдау. Жікті дәнекерлеу сапасын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарын (вольтметр, амперметр, тахометр, динамометр, вакуумметр) бақылау.

Білуге тиіс: аргонды доға, электронды сәулелік және термодиффузиондық дәнекерлеу құрылғыларының құрылысы, баптау тәсілдері мен ережесі; бұйымдарды дәнекерлеу және жинақтау кезіндегі құрылымдық ерекшеліктер мен өлшемдерді, шақтамалар мен орналастыруды сақтауды орталықтау тәсілдері; УИМ-01, УМИ-2Ц, МБР-З микроскоптарын қолдана отырып, аспап тораптарын жинақтау және дәнекерлеу тәсілдері; УИМ-23 микроскобында, электронды микроскопта, шатографта және сандық вольтметрде жинақтау дәлдігін бақылау; вакуум материалдарының физикалық, химиялық және электр қасиеттері; сынақ өндірісі технологиясының негіздері және арнайы технологиялық жабдықтың құрылысы; электр және вакуумдық техника негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Көп сәулелі клистрондар - микроскопты қолдана отырып, саңылауларды қиыстырып және өлшеу отырып толық жинақтау.

2. Қуатты ЛБВ, ЛОВ - сынақ аспаптарды толық жинақтау және технологиялық операцияларды өңдеу.

3. Магнетронды күшейткіштер және шағын генераторлар – электронды микроскопта өлшемдері, шақтамасы мен саңылауларын бақылай отырып, аспаптардың сынақ үлгілерін жинақтау.

4. Электронды-оптикалық түрлендіргіш – микроскопты қолдана отырып, микроарналы пластиналардың блоктарын жинақтау.

5. Клистронның резонаторлық блоктары бар электронды зеңбірек - дәнекерлеу.

6. Баяулатушы ЛБВ жүйесі – термодиффузионды дәнекерлеу.

7. Рентген түтіктер – жұқа қабатты бөлшектер мен шықпа терезелерді дәнекерлеу.

8. Шағын және өте шағын катодты-қыздырғыш тораптар – электр түйіспелі және лазерлік дәнекерді қолдана отырып, 0,002 мм дейінгі дәлдікпен қиыстыра отырып жинақтау.

9. Клистронның резонаторлық блогы бар коллекторлық торап - аргонды-доғал дәнекерлеу.

10. Өз сипаты жағынан әр түрлі материалдардан жасалған күрделі тораптар (молибден мен мыс, болат пен мыс, мыс пен ковар және т.б.) – дәнекерлеу.

11. Өте шағын аспаптардың тораптары – шағын кеңістікте микроскоппен жинақтау.

12. Тотықпайтын болат пен титаннан жасалған фокустеуші электродтар - электронды сәулемен дәнекерлеу.


§ 21. СЫРТҚЫ АРМАТУРАНЫ МОНТАЖДАУШЫ-ОРНАТУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ақ-қара және түрлі-түсті кинескоптардың сыртқы арматурасын (жарылыстан қорғайтын рамка) жұмыс ерітіндісін дайындай отырып, арнайы құрылғыларда жинақтау, жарылыстан қорғайтын рамканы гипстің немесе күкірттің көмегімен, орталықтауды қамтамасыз етуді және бетінің белгіленген тазалығын қатаң сақтай отырып кинескопка бекіту. Электр вакуум аспаптарының сыртқы арматурасын монтаждау және бекіту әдісімен бекіту. Сыртқы арматураның тораптары мен бөлшектерін орталықтау. Арматураланған тораптар мен бөлшектерді монтаждау және орнату. Аспаптарды техникалық құжаттамаға сәйкес тазалау. Ауқымды мөлшерлерді тексеру.

Білуге тиіс: қолданылатын құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы және баптау тәсілдері; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері және олардың сапасына қойылатын талаптар; жарылыстан қорғайтын рамканың мақсаты және сыртқы монтаждауды орындаған кезде кинескопты қолдану ережесі; рамканы кинескопқа орнатудың геометриялық өлшемдеріне қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Қуатты генераторлық шамдар – сыртқы шықпаларды, сақиналарды, фланецтерді бекіту.

2. Кинескоп – тегістеу, қысу, сылау және жарылыстан қорғайтын рамканы тазалау; құрсауларды бояу.
§ 22. СЫРТҚЫ АРМАТУРАНЫ МОНТАЖДАУШЫ-ОРНАТУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарының сыртқы арматурасын монтаждау және дәнекерлеу мен нығыздау әдістері арқылы, сыртқы арматураның бөлшектері мен тораптарын дәлдеп қиыстыру және орталықтау арқылы орнату. Аспаптарға компаунд, эпоксидті шайыр құю; резинамен нығыздау. Кернеуді және әр түрлі түйіспе ажыратпаларды жинақтау және ажырату; жинақтаушы элементтерді магнит жүйе мен соленоидтерге орнату. Дайын аспаптарды құм бүріккіш аппаратпен өңдеу. Құю машиналары мен вакуумдық құрылғыларға қызмет көрсету. Температуралық режимдерді таңдау және реттеу, оны жинақтауға арналған нығыздауыш қалыптарды таңдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құю машиналарын, вакуум құрылғыларды, май нығыздауыштарды, жарылыстан қорғайтын таспаны орау станоктарының құрылысы; бақылау-өлшеу аспатарының (вакуумметр, манометр, вискозиметр, амперметр, вольтметр) мақсаты мен қолданылу шарттары; 1 және П класты талдау және техникалық таразыларды орнату және пайдалану ережесі; қолданылатын материалдардың, құю компоненттері мен құрамдарының химиялық және физикалық қасиеттері; табиғи газды, азотты, оттегіні пайдалану ережесі; өлшеу құралдары мен жұмыс құрылғыларының құрылысы мен мақсаты.

Жұмыс үлгілері

1. Ааспап арматурасы – элементтерін дәнекерлеу.

2. Күйдіргіштер, қоректендіргіш баусымы - жасау.

3. Телевизиялық кинескоптар - жарылыстан қорғау рамасын гидравликалық нығыздауышта нығыздау; жарылыстан қорғау таспасын арнайы құралдардың көмегімен құрылғыға орау.

4. Клистрондар – сыртқы контурын бекіту.

5. Магнетрондар - магниттерді орнату.

6. Магнит желілер – тоқ өткізгіш және жылу өткізгіш компаунд құю.

7. Металл қыш аспаптар - соленоидке орнату.

8. АЖЖ аспаптары - компаунд құю; толқынжолдар мен радиаторларды дәнекерлеу; нығыздау; конденсаторлық слюданы жинақтау және орнату.

9. Сутекті тиратрондар – радиаторларды дәнекерлеу; сыртқы арматураны дәнекерлеу.

10. Атомдық сәулелік түтіктер - электрондық көбейткіштердің бөлгіштерін ажырату.
§ 23. СЫРТҚЫ АРМАТУРАНЫ МОНТАЖДАУШЫ-ОРНАТУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарының күрделі пішінді сыртқы арматурасын монтаждау және дәнекерлеу, нығыздау, жабыстыру әдістері арқылы схемалар, толқынжолды коксиалды өткелдер, резонаторлар мен шағын көлемді магниттер бойынша орнату. Жинақталған бұйымдарға, қыздырғыштар мен ОКГ аспаптарының қоректендіргіш кабельдеріне арналған кернеуді және қоректендіргіш көздерді бөлгіштерді монтаждау және орнату. Ажыратпалардың дәнекерін қопару және соленоидке монтаждау. Соленоидтің тұрақты тоқ көпіріне кедергісін бақылау. Статмомент алу үшін резонаторларды илемдеу. Жинақтың сапасын, жинақталатын бұйымдардың мөлшері мен өлшемдерін бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдарын қолдана отырып тексеру.

Білуге тиіс: күрделі аспаптардың арматурасын, жинақтаушы бұйымдарды, толқынжол коаксиалды және келістіруші құрылғыларды монтаждау жүйелілігі мен тәсілдері; монтаждау сапасы мен арматураның орналасуының аспаптар өлшемдеріне ықпалы; бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; технологиялық жабдықтың құрылысы мен құрылымы; электр және радиотехниканың негізгі заңдары

Жұмыс үлгілері

1. Кенеуді бөлгіштер, жинақтаушы бұйымдар, радиоқұрылғылар - дәнекерін қопару, монтаждау, орнату.

2. Аспаптардың бөлшектері мен тораптары – дәнекерлеу, қалайылау, жабыстыру.

3. Күшейткіш және қарқынды клистрондар - герметик құю.

4. Генераторлықе, модуляторлық, қарқынды аспаптар - орнату, дәнекерлеу, сыртқы арматураны нығыздау.

5. СВЧ аспаптары - магнит жүйелері мен толқынжорлды орнату; дәнекерлеуден кейін бөлшекетрдің кемшіліктерін айқындау.

6. Резонаторлар – сору, СВЧ өлшемдері бойынша баптау.

7. Келісуші құрылғылар, толқынжол-коаксиалды өткелдер – орнату және бақылау.


§ 24. ШЫҚПАЛАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ АВТОМАТТАРЫН БАПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматтарды баптау және ағымдағы жөндеу, шықпаларды газ және электр дәнекерлеу. Автоматтардың тез тозатын жекелеген бөлшектерін майыстыру және жинақтау. Дәнекер қоспаларының сапасын анықтау. Әр түрлі диаметрлі және маркалы сымдарды дәнекерлеу кезінде шілтер отының қажетті өткірлігі мен температурасын белгілеу. Автоматтарды дәнекерлеудің әр түрлі режиміне баптау.

Білуге тиіс: шықпаларды газбен дәнекерлеу автоматтарының құрылымы мен жұмыс қағидасы; бір сәттік газбен дәнекерлеу қағидасы; дәнекерленетін бөлшектердің механикалық және электр қасиеттері; буландырғыш газдың атмосферасындағы сымның мақсаты және оны жасыту; қолданылатын газдардың қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі; электр техникасының негізгі заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Шықпаларды газбен дәнекерлеу автоматы – екі буынды шықпаларды жасау кезінде баптау.

2. Шықпаларды газбен қолмен дәнекерлеу машиналары - баптау.
§ 25. ШЫҚПАЛАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ АВТОМАТТАРЫН БАПТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Газ, электр дәнекерлерді, шықпаларды және кесу автоматтарын, никель буынының газ және электр ажыратпасы бар бұйымдарды баптау және орташа жөндеу. Автоматтың жекелеген тораптары мен бөлшектерін бөлшектеу, ауыстыру және жинақтау; 3-4 буынды әр түрлі металдардан жасалған шықпаларды соңғы рет дәнекерлеу. Ақаулы бөлшектердің нобайын жасау. Ақаулық ведомостерін жасау.

Білуге тиіс: шықпаларды газ және электр дәнекерлеу автоматтарының кинематикалық, газ схемалары, құрылымы, жұмыс қағидасы, пайдалану және орташа жөндеу ережесі; электр өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі; тұрақты тоқ генераторының мақсаты мен жұмыс қағидасы; оттегі редукторларын пайдалану ережесі; бір сәттік газ және электр дәнекерлеу қағидасы; шықпалар буындарының барлық материалдарының қасиеттері, қолданылуы және мақсаты; әр түрлі металдары дәнекерлеу режимдері; электр техникасының негізгі заңдары.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Шықпаларды газ және электр дәнекерлеу автоматтары – шықпалардың әр түрлі типтерін баптау және қайта құру.

2. Бұйымдарды жара отырып кесу автоматтары - баптау.

3. Шықпаларды шынылау автоматы – баптау және ағымдағы жөндеу.
§ 26. ШЫҚПАЛАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ АВТОМАТТАРЫН БАПТАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық типті газ дәнекерлеуіш және электр дәнекерлеуіш автоматтарды, сондай-ақ газбен жару тораптары бар шықпаларды электр дәнекерлеу автоматтарын баптау, ағымдағы жөндеу, орташа және күрделі жөндеу. Сымдардың дәнекерленген қоспаларын, сонымен қатар баяу балқитын металдарды (вольфрам, молибден және түрлі балқымалар: ковар, нихром, Н47ХВ, Н47Д5 балқымасы және т.б.) дәнекерлеу режимі мен дәнекерлеу сапасын айқындау. Күрделі электр схемаларды есептеу және жөндеу. Материалдың шөгуін ескере отырып, буындардың өлшемдерін орнату.

Білуге тиіс: барлық типті шықпаларды дәнекерлеу автоматтарының кинематикалық, электр және газ схемалары; автоматтың барлық тораптарының өзара байланысы; автоматтардың барлық типтеріне кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері; тораптардың, бөлшектердің тозуының алдын алу ережесі; әр түрлі металдарды дәнекерлеуге қажетті режимді таңдау үшін қажетті шарттар; электр және газбен дәнекерлеу, сондай-ақ электр және газбен жару шарттары; әр түрлі металдардың дәнекерлік қоспаларын сынау ережесі; сынақ және эксперименталдық үлгілерді жасау кезінде есептеу және режимді орнату.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.
§ 27. ШАМДАРДЫ КҮЙДІРУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шамдарды жартылай автоматта және күйдіру рамаларында белгіленген кернеуде күйдіру. Күйдірілген шамдарды іріктеу және жіктеу, өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау.

Білуге тиіс: маңызды бөлшектердің атауы, мақсаты, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы; өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; барлық типті шамдардың мақсаты және оларды күйдіру режимдері.

Жұмыс үлгілері: Қыздыру шамдары - белгіленген кернеу жағдайында күйдіру.
§ 28. ТҮРЛІ-ТҮСТІ КИНЕСКОПТАРДЫҢ МАСКАЛАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ҚОРҒАНЫШ ҚАБАТ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі-түсті кинескоптарға арналған маскалар элементтерінің оптикалық тығыздығын химиялық құрамды (азот қышқылы, азот қышқылды күміс, күкірт қышқылды натрий, мыс купорос және т.б.) қолдана отырып қарайту әдісімен ұлғайту. Элементтерді амилацетат лагының қорғаныш қабатымен жабу. Түс айырғыш маскаларды, түрлі-түсті кинескоптардың торлары мен рамаларын химиялық қарайту. Маскалар мен рамаларды экзогазда бу термиялық оксидтеу. Оксидтелген бөлшектерді көзбен шолып тексеру. Оксидтелген беттің сапасын айқындау үшін маскалар мен рамаларды арнайы ерітіндімен тексеру.

Білуге тиіс: түрлі-түсті кинескоптардың маскаларының қорғаныш қабаттарына арналған жабдықтардың құрылысы; оксидтеу пештерінің құрылысы, маскалар мен рамаларды оксидтеудің технологиялық режимдері; температураның, будың жұмсалуы мен қысымының өзгеруінің көмегімен оксид қабаттың қалыңдығын өлшеу тәсілдері; химиялық құрамдардың көмегімен оптикалық тығыздығы мен элементтерінің ұлғаю тәсілдері және элементтерге қорғаныш қабат жағу әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының (денситометр) жұмыс қағидасы, құрылысы мен қолданылу шарттары; өңдеу элементтеріне арналған құрамдардың рецептурасы мен химиялық қасиеттері.


§ 29. СОРУШЫ -ВАКУУМДЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарын жартылай автоматтар мен сору посттарында сору. Сору режимдерін бақылау және оларды тіркеу. Жартылай автоматты дәнекерленген аспаптармен толтыру. Катодты қыздыру шықпаларын қоректендіргіш желіге қосу. Ұяшықтарды дәнекерленген штенгельдерден тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы, оның негізгі бөлшектерінің атауы және мақсаты; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; қол газ шілтерін пайдалану ережесі; өңделетін материалдардың атауы мен негізгі қасиеттері; тартылатын бұйымдарды вакуумдеу дәрежесін тексеру тәсілдері; сору процессінің мақсаты.

Жұмыс үлгілері

1. Индикаторлық диодтар – жартылай автоматта сору.

2. Қыздыру шамдары, қабылдап күшейткіш шамдар және күрделі емес АЖЖ аспаптар - жартылай автоматта және сору посттарында сору.

3. Рентген түтіктер – алдын ала сору және посттарда сору.


§ 30. СОРУШЫ -ВАКУУМДЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарын көп позициялы жабдықта және сору посттарда сору. Ұяшықтарды салу, түпкілікті өңдеу және аспаптарды механикалық және қолмен дәнекерлеу кезінде алып тастау. Аспаптардың ағып кетуін тексеру, барлық позицияда өңдеу процессін белсенді бақылау. Ұяшықтарды тазалау. Қарапайым вакуумдық схемалы тораптар мен бөлшектерді алдын ала соруға арналған сору посттарына қызмет көрсету. Жабдықтың негізгі тораптарының жұмысын және сорылған бұйымдарды бақылау. Сору режимдерін тіркеу. Бапталған жабдықта жұмыс істеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; сору посттарын басқару ережесі; жоғары жиілікті индукторларды қолдану тәсілдері; негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының (микроамперметрлер, амперметрлер, вольтметрлер, газ, су және ауа манометрлері, иондаушы және термобу вакуумметрлері) мақсаты, құрылысы; соруға түсетін және сорылған аспаптарға қойылатын талаптар; сору режимдері; жүйеде және аспапта вакуумды тексерудің негізгі тәсілдері; шамдардың жануы бойынша вакуумдеу дәрежесін айқындау; жоғары вакуумды алу тәсілдері; дәнекерлеу тәсілдері және оған қойылатын талаптар; электр техникасы негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Вакуум аспаптарын ішкі арматуралау – сору процессінде жоғары жиілікті тоқпен қыздыру.

2. Коллекторлар мен шықпалар – вакуумдық тығыздығын сору әдісімен тексеру.

3. Генераторлық, металл қыш, титан қыш шамдар, потенциалоскоптар, манометриялық есептеуіштер, фотоэлементтер, электронды оптикалық түрлендіргіштер – постка алдын ала сору; сіңіргіштерді газсыздандыру және шамдарды дәнекерлеу.

4. Люминесцентті шамдар – көп позициялы жартылай автоматта сорудан кейін шамдарды дәнекерлеуден.

5. Қабылдап күшейткіш және газ разрядтауыш шамдар - көп позициялы жартылай автоматта сору; постта сору.

6. Арнайы жарықтандырғыш шамдар – көп позициялы жартылай автоматта сору және инертті газ толтыру; вакуум мен толықтырғышты салу, алу және бақылау.

7. Қуатты прожекторлық шамдар және және киношамдар – сору және постта толтыру.

8. ДРЛ шамдар - алдын ала және түпкілікті сору.

9. КИ шамдар – сору және йод толтыру.

10. Вакуум аспаптар –сору алдында ауа атмосферасында немесе қорғаныш ортада (азот) қыздыру.

11. Екінші буынды электронды оптикалық түрлендіргіштер - бұйымдарды қыздыру; бөлшектер мен магнит сорғыны сору постында газсыздандыру.

12. КВМ резисторлары - көп позициялы жартылай автоматта сору.

13. Шыны қабат - газсыздандыру.

14. Стационар аноды бар, диагностикаға арналған рентген қарқынды екі электродты түтіктер - посттарда сору.
§ 31. СОРУШЫ -ВАКУУМДЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарын көп позициялы жабдықта, қолмен және автоматты басқарылатын, сору режимі күрделі жоғары вакуумды посттарда сору, сондай-ақ бұйымдарды әр позицияда жеке сорғысы бар жартылай автоматтарда сору. Аспаптарды газсыздандыру және электронды бомбалай отырып (жандандыру және тозаңдандыру). Сорылған бұйымдардың сапасын айқындау және сору ақаулықтарын жою. Газ шілтерді өздігінен баптау және сору режимін реттеу.

Білуге тиіс: көп позициялы сору жабдықтары мен посттарының құрылысы, мақсаты мен қызмет көрсету ережесі; жоғары жиілікті генераторлар мен индукторларды пайдалану ережесі; жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану ережесі, газсыздандыру, сору және жандандыру режимін бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; катодтарды карбидтеу және сору процессінде аспаптарды шынықтыру, аспаптағы газ қысымын анықтау тәсілі, аспаптағы газ бен сынапты мөлшерлеу тәсілі; газ шілтерді пайдалану ережесі және баптау; сору режимін реттеу тәсілдері; жарылыс қаупі бар кинескопты пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Газ сіңдіргіш (геттер) - жоғары жиілікті тоқпен тозаңдандыру.

2. Диодтар, триодтар, тетродтар – постта сору.

3. Сандық индикаторлар – жартылай автоматта сору.

4. Экран өлшемі 35-50 см телевизиялық кинескоптар – кинескоптарды регенерациялау кезінде конвейерлік және карусель типті көп позициялы жартылай автоматта, стационарлық сору посттарында сору.

5. Вакуумды тұрақты конденсаторлар – посттарда дәнекерлеу, сору, күйдіру және посттан дәнекерін қопару.

6. Магнитпен басқарылатын түйіспелер - автоматта сору.

7. Газ разрядтауыш доғал және қарқынды шамдар - постта сору.

8. Генераторлық шамдар – жартылай автоматтарда сору.

9. Қуатты металл қыш және титан қыш шамдар - постта сору.

10. Металл қыш және титан қыш шамдар - жартылай автоматтарда, автоматтарда, сору посттарында сору.

11. Өте шағын, қабылдап күшейткіш шамдар – әр позициясында жеке сорғысы бар жартылай автоматтарда сору; өңдеу, газсыздандыру және электронды бомбалаумен сору режимдерін үздіксіз бақылау.

12. Криптон шамдар - постта сору.

13. Қарқынды шамдар, строботрондар және доға шамдар - постта сору.

14. Магнетрондар, клистрондар мен АЖЖ модульдері - жартылай автоматтарда сору.

15. Екінші буынды электронды оптикалық түрлендіргіштер - бұйымдардың блоктарын сору посттарында сору.

16. Фотоэлектронды аспаптар - постта сору.

17. СВЧ және газ разрядтауыш аспаптар - постта және жартылай автоматтарда сору.

18. Р-22 типті газ разрядтауыш - постта сору.

19. Өнеркәсіптік жарықтандыру және терапия үшін құрылымдық және спектральді талдауға арналған рубки рентген түтіктер - постта сору.

20. Арнайы электронды сәулелік түтіктер - көп позициялы жартылай автоматта сору.

21. Фотоэлементтер - көп позициялы жартылай автоматта алдын ала сору.


§ 32. СОРУШЫ -ВАКУУМДЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарын қолмен және автоматты басқарылатын, сору режимі күрделі жоғары вакуумды посттарда және конвейерлік жартылай автомат машиналарда сору. АЖЖ модулінің тораптары мен блоктарын бағдарламамен басқарылатын жартылай автоматтарда сору. Мультисілтілік фотокатодтары көп каскадты фотоэлектронды көбейткіштердің сору посттарында сору және жандандыру. Ұзақ өңдеу циклі бар сынақ, күрделі және эксперименталды аспаптарды сору. Электродтарын көп дүркін электронды бомбалау, шынықтыру және жандандыру, әр түрлі газды ортада газды өңдеу арқылы, аспаптарға мөлшерлеу, жұқа өткізуші және жандандырушы қабаттар мен пленкаларды тозаңдандыру және оны өңдеу арқылы, шамішілік арматураны тазалауға арналған плазманы көп дүркін жағу арқылы сору процессін жүргізу. Жартылай автоматты плазма разрядының белгіленген санына баптау кезінде жіберілетін аргон санын айқындау.

Білуге тиіс: күрделі вакуумды схемасы бар сору посттарының құрылысы мен мақсаты; күрделі сынақ аспаптарын сору режимдері мен ережесі; жұқа пленкаларды электродқа тозаңдандыру тәсілдері және пленкаларды бір электродтан екіншісіне қайта тозаңдандыру тәсілдері; технологиялық процестің әрбір кезеңінің мақсаты және олардың кезеңділігі; вакуумдық техника, электр техникасы және шыны үрлеу ісінің негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Видикондар – посттарда сору.

2. ГХ1С типті газотрон - посттарда сору.

3. Экранының көлемі диагоналі бойынша 50 см артық телевизиялық, түрлі-түсті кинекскоптар - конвейерлік және карусель типті көпшпиндельді жартылай автоматтарда сору.

4. Проекциялық кинескоптар - посттарда сору.

5. Кинескоптар - регенерациялаудан кейін сору.

6. Вакуумды айнымалы конденсаторлар - сору, сутегінің шіріген разрядымен өңдеу, шынықтыру, күйдіру және посттан ажырату.

7. Магнитпен басқарылатын түйіспелер – процесті газ талдамасы (изотоптық және жалпы бойынша) басқара отырып, посттарда сору.

8. Лазер (ОКГ) – сору және шынықтыру.

9. Металл және оның галоид қоспалары толтырылатын шамдар - толтырғыштарды мөлшерлі көлемнен разрядтаушы бөлігіне жіберіп айдау.

10. Сутекті шамдар - сору.

11. Көп электродты спектральді шамдар – жоғары вакуумды посттарда катод элементтерін бірнеше дүркін шынықтыра отырып, сору.

12. ПМИ-2 және ЛТ-2 шамдар – күйдіру посттарына және сору посттарына арналған дәнекер.

13. Генераторлық шамдар (шыны), игнитрондар, тиратрондар – қол посттарында сору.

14. Потенциалоскоптар - посттарда сору.

15. Күрделі құрылымды электронды-оптикалық түрлендіргіштер - посттарда сору.

16. Екінші кезеңдік электронды-оптикалық түрлендіргіштер – автоматты электронды газсыздандыру құрылғыларында МКП газсыздандыру.

17. Аспаптар мен посттар - вакуумда дәнекерлеу.

18. "Интеграл" кешенін басқарушы аспаптар - сору.

19. Ерекше сериялы, аса берік фотоэлектрондық аспаптар - бағдарламамен басқарылатын посттарда сору.

20 . Скиатрондар - экраны тозаңдандырылған посттарда сору.

21. Суперортикондар - посттарда сорып алу.

22. Стабилитрондар - сорып алу және жаттығы.

23. ОКГ түтіктері - сорып алу.

24. Айналма аноды бар диагностикаға арналған рентген түтіктері - посттарда сорып алу.

25. Шығарылған аноды бар өндірістік жарық түсіруге арналған рентген түтіктері - посттарда сорып алу.

26. Рентген, басқару, импульстік түтіктер - посттарда сорып алу.

27. Өзгеруші өлшеу спекторы бар спектральдық талдауға арналған рентген түтіктері - посттарда сорып алу.

28. Рентген түтіктері - эксперименталды үлгілер посттарында сорып алу.

29. Электр-сәулелі арнайы түтіктер - конвейерлі жартылай автоматты және көп позициялы посттарда сорып алу.

30. Катод тораптары - вакуумдағы ампулаларға орнату.

31. Аспаптардың ішкі электродтары - электрондық бомбалаумен немесе өзге плазмамен өңдеу.

32. Әртүрлі типтегі ОКГ белсенді элементтері - сорып алу және газ қоспаларымен толтыру.



1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет