Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет37/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 19. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ПЛАСТИНАЛАР МЕН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі тегістеу станоктарында, ЧПУ станоктарына қоса алғанда, пьезокварцты пластиналарды тегістеу және жеткізу. Радиоаппаратура арқылы жиілікті бақылай және қалыңдығы бойынша 0,001 мм және контуры бойынша 0,005 мм шектерді сақтай отырып, айналып тұратын планшайбаларда, планетарлық және эксцентрикті жазық тегістеу станоктарында қалыңдығы 0,2 мм пьезокварцты пластиналарды жеткізу. Түрлі кескіндердегі, конфигурациялы және қалыңдықтағы пьезокварцты пластиналардың фаскаларын тегістеу. Түрлі конфигурациялы, күрделіктегі және өлшемдегі пьезокварцты пластиналарды аяқпен жеткізу жылтырату станоктарында немесе 6-7 квалитеттер бойынша оптикалық байланысқа отырғызатын жартылай автомат станоктарда жылтырату станоктарында жылтырату арқылы өңдеу. Диаметрі 80 мм-ге дейінгі эталонды және таңбалы шынылар әзірлеу. Пьезокварцты пластиналардың жиілігін жиілік өлшегіш аппаратура арқылы бақылау. Станокты ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: жабдықтардың түрлі модельдерінің кинематикасын, электрлік тәсімдерін және дәлдігін тексеру тәсілдерін; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы; сферикалық шыны аяқтарды тексеру әдістері мен ережесі; жиілікті бақылау әдістері; фаскалардың бұрыштарын есептеу тәсілдері; эталондық және таңбалы шыныларды әзірлеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қалыңдығы 0,15 мм пьезокварцты пластиналар – айналып тұратын планшайбада қалыңдығы бойынша 0,001 мм және контуры бойынша 0,005мм шегімен тегістеу және жеткізу.

2. Қалыңдығы 100 мкм пьезокварцты пластиналар – жұқалап тегістеу және жылтырату.
§ 20. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ПЛАСТИНАЛАР МЕН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы: 1-4 квалитеттер бойынша рұқсат етілетін алаңда түрлі күрделіктегі пьезокварцты пластиналардыб сондай-ақ 1-4 квалитеттер бойынша оптикалық байланысқа отырғызып сферикалық бетті пластиналарды тегістеу, жылтырату. Рұқсат етілген шектің шеңберінде: сына түрлілік және параллельдікке - 0,0001 мм; бетінің сапасына – 0,1 0,05 сақина 100 ГЦ шекті жиіліктің 2 оптикалық сыныбы бойынша пластиналардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу. ТУ бойынша пластиналардың тәжірибелік үлгілерін құрастыру, эталондау және түпкілікті тапсыру. Кварцты резонаторлардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеуге қатысу. Күрделі оптикалық аспаптар арқылы пьезокварцты пластиналарды қорытынды өлшеу. Тегістеуге және қорытынды өлшеулерде қолданылатын оптикалық-механикалық жабдықты күрделі баптау және күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: оптикалық-механикалық жабдықтар мен айлабұйымдарды, сондай-ақ пластиналарды үлкен дәлдік шегінде тегістеуде қолданылатын, түрлі бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды пайдалана отырып түрлі қалындықтағы пьезокварцты пластиналарды, сферикалық бетті пластиналарды тегістеу процессі, эталондар мен пьезорезонаторларға (тәжірибелік үлгілерді) арналған пьезокварцты пластиналарды, сондай-ақ түрлі конфигурациялы пластиналарды толықтай әзірлеу тәсілдері; пьезокварцты пластиналардың жиілігін қалындығы және қалыбына байланысты теориялық есептері; жабдықтар мен айлабұйымдары баптау тәртібі; орындалатын жұмыстың шеңберінде оптика және радиомеханика негіздері; оңделетін пластиналардың сапасын арттыру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері: сферикалық бетімен пьезокварцты пластиналар-тәжірибелік үлгілерді әзірлеу.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі




р

с



Осы бөлімшеде орналастырылған кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

2002 жылы БТБА-ның қолданыстағы бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

БТБ шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Автоклавтар зарядтаушысы

1-4

Автоклавтар зарядтаушысы

1-4

20

Пьезотехникалық өндіріс

2.

Пьезокварц кристалдарын өсіру жөніндегі оператор

2-5

Пьезокварц кристалдарын өсіру жөніндегі оператор

2-5

-//-

-//-

3.

Пьезокварцты шикізатты таңбалаушы

3-5

Пьезокварцты шикізатты таңбалаушы

3-5

-//-

-//-

4.

Нығыздаушы слесарь

3-5

Нығыздаушы слесарь

3-5

-//-

-//-

5.

Пьезокварцты

Пластиналар мен кристалдарды тегістеуші



2-6

Пьезокварцты

Пластиналар мен кристалдарды тегістеуші



2-6

-//-

-//-

2. СУДА ЕРИТІН КРИСТАЛДАР МЕН ПЬЕЗО ҚЫШ ӨҢДЕУ


§ 1. ПОЛЯРЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы полярлау құрылғысында тегістелген пьезоқыш бұйымдарды полярлау процесін жүргізу. Қысымды айлабұйымдарда күйдірілген пьезо қыш дайындамаларын шаю және бекіту. Полярланған құрылғыны автоблоктауды және қосылу дұрыстығын тексеру. Пьезоэлементтер дайындамаларын полярлауға дайындау. Пьезоэлементтерді жүктеу және түсіру. Полярлау температурасын бақылау, статистикалық вольтметр бойынша кернеулікті айқындау. Полярланған құрылғының разрядталуын тексеру. Камераларды тазалау және жұмыс сұйықтығын ауыстыру.

Білуге тиіс: пьезоқыш бұйымдарды полярлау принципі мен тәсілдері; полярлау құрылғысының, оның бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарының құрылымы; полярлау құрылғысының авто блокталуын және іске қосылуының дұрыстығын тексеру әдістері; кернеулікті айқындау және разрядталуын тексеру тәсілдері; пьезоқышты полярлауға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Тұтату құрылғысына арналған пьезоқыш цилиндрлер – полярлау процесін жүргізу.

2. ТБК-3 немесе ЦТБС-3 материалдарынан жасалған призматикалық элементтер – полярлау процесін жүргізу.
§ 2. ПОЛЯРЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Полярлау конвейерлерінде, жартылай автоматтары мен автоматтарында жоғары вольтты полярлау құрылғысында түрлі мақсаттағы және конфигурациядағы пьезоқыш бұйымдарды полярлау процесін жүргізу. полярлау құрылғысының автоматика блогына полярланатын пьезоэлементтердің бастапқы және талап етілетін параметрлерін құрастыру және енгізу. Қорғаныс айлабұйымдарындағы дайындамаларды орнату кезінде қосымша кедергілерді есептеу және іске қосу. Күш вольтметрлер мен термореттеу аспаптары арқылы конвейер желілерінің секциялары бойынша полярлаудың берілген режимін қолдау. Желілерді жерге қосу, блоктау құралдарының және жүйесінің жағдайын тексеру. Полярлау режимдерін бақылау. Сыртқы түрі бойынша пьезоэлементтерді тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі; полярлаудың конвейерлік желілерін автоблоктауды және іске қосудың дұрыстығын тексеру әдістері; полярлаудың технологиялық процесі; полярланатын бұйымдарға қойылатын талаптар; полярланған бұйымдарды полярлауды айқындау тәсілдері; полярлануды бағалау тәсілдері, шығарылатын өнімнің қызметі.

Жұмыс үлгілері

1. Пьезоқыш дискілер - конвейерлік үлгідегі құрылғыларда полярлау.

2. Сүзуге арналған пьезоқыш резонаторлар - конвейерлік үлгідегі құрылғыларда және импульстік құрылғыларда полярлау.

3. Түтікті пьезоэлементтер - жартылай автоматта полярлау.


§ 3. СУДА ЕТИТІН КРИСТАЛДАРДЫ АРАЛАП КЕСУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 0,1мм шекті көп және біржіпті машиналарда суда еритін кристалдарды, блоктарды және пластыларды аралау. Таңбалауға арналған пластиналарды кристалдарға аралап кесу. Түрлі бағдардағы пластылар мен блоктарға суда еритін кристалдарды белгілеу. Сегнет тұзды немесе аммоний фосфаты кристалдарын балқытылған сегнет тұзымен кристалл ұстағышқа желімдеу. Кристалдарды, блоктарды және пластыларды көп және біржіпті машинаға орнату; арнайы айлабұйымдар арқылы кристалдарды машинада қырларына қатысты бағдарлау. Кесу жіптерін желімдеу және оларды машиналарға орнату. Кесу жібін сулау үшін суды қыздыру және ауыстыру. Жіптегі артық суды алуға арналған кеуек резинаны ауыстыру. Тарақтары мен роликтерін ауыстыру. Машиналарды тазалау және майлау. Сегнет тұзы кристалдары мен ерітінділерінің қалдықтарын жинау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі; суда еритін кристалдарды аралау процесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану принципі; кристалдарды ұстау және оларды сақтау ережесі; суда еритін кристалдардың негізгі қасиеттері, кристалдар мен кристалл осьтердің қызметі және қырларының орналасуы; кристалдың қырлары арасындағы бұрыштар; кристалдардың қырлары мен осьтеріне қатысты барынша қарапайым кесулерді бағдарлау және белгілеу әдістері; суда еритін кристалдарды аралауға қойылатын талаптар; әдіпке және шегі туралы негізгі мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Суда еритін кристалдардың блоктары – кесу бұрышы бойынша 40 мин. Және қалыңдығы бойынша 0,1мм шегінде пластиналарды аралап кесу.

2. Суда еритін кристалдар - 10 шекпен 450 кесу бұрышты көпжіпті машинада аралап кесу.

3. Сегнет тұз кристалдары - 20 шекпен көпжіпті машинада аралап кесу.


§ 4. . СУДА ЕТИТІН КРИСТАЛДАРДЫ АРАЛАП КЕСУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі кесулер бойынша (Z кесу) көп және біржіпті машиналарда пластиналар мен блоктарға кристалдар мен палстыларды аралып кесу. Кесу бұрышы бойынша 30мин қалыңдығы бойынша 0,05 мм шекте пластиналарға көпжіпті машиналарда тегістелген блоктарды аралап кесу. Барлық кесу бойынша дөңгелек қалыптағы дайындамаларды аралап кесу. Біржіпті машинада пластыларды аралау.

Білуге тиіс: аралап кескіш машиналардың құрылғысы; кристалдардың қырлары және осьтеріне қатысты барлық кесулерді бағдарлау және белгілеу әдістері; аралап кескіш машинаны баптау тәсілдері, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылғысы; суда еритін кристалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері.


§ 5. СУДА ЕРИТІН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Суда еритін кристалдардың пластиналарының жазықтығын қалыңдығы бойынша 0,05 мм-ге дейінгі дәлдікпен индикаторда қолмен және айлабұйымдармен ылғал төсемде тегістеу. Төсемді ыстық суы бар бакта сулау. Пластиналарды кондукторға қалау. 0,1 мм дәлдікпен ылғал төсемде қолмен контур бойынша пластиналарды алдын ала және түпкілікті өңдеу. Кондуктордан пластиналарды іріктеу. Оларды ылғал шүберекпен ысқылау. Пластиналардың өлшемін және контурын микрометрмен тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы туралы негізгі мәліметтер; оның маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі, өлшеу аспаптары мен өңдеу төсемдерінің қызметі мен қолданылуы; кристалл пластиналарды өңдеу дәлдігіне қойылатын талаптар; кристалдардан жасалған бөлшектерді сегнет тұзымен өңдеу желілері туралы негізгі мәліметтер; суда еритін кристалдардың негізгі қасиеттері, кристалдардың ақаулары.


§ 6. СУДА ЕРИТІН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы тегістеу станоктарында қолмен немесе ұзындық өлшемдерімен (жақтарының параллельдігін сақтай отырып және өлшемдерін микрометрмен тексеріп) айлабұйымдарда қалыңдығы бойынша 0,01 мм шекте суда еритін кристалдардың пластиналарын ірі тегістеу. Толық қалыптағы кристалл қырын бұрыштамаға тегістеу. Суда еритін кристалдарды тегістеу. Пластиналардың беттерін ылғал төсемде  0,01 мм-ге дейінгі дәлдікте индикаторы бар айлабұйымдарда және қолмен өңдеу. Фаскаларын шешу. Тегістеу шынысы мен шыны ысқылау плиталарының беттерін тексеру және ысқылау (тегістеу). Тегістеудің дұрыс режимін орнату. Пластиналарды матамен ысқылау. Тегістеу станоктарын жұмыс процесінде теңшеу және реттеу, оларды тазалау және майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі; тегістеу станоктарының құрылысы; пластиналарды тегістеу тәсілдері және тегістеу кезіндегі операциялардың кезектілігі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; пластиналардың қалыптары және өлшемдері; суда еритін кристалдарды тегістеуге арналған айлабұйымдардың құрылысы; тегістеу шынысы және ысқылау плиткаларын тексеру және ысқылау әдістері; тегістеу станоктарын теңшеу, реттеу және майлау тәсілдері; тегістеу пластиналарын тексеру тәсілдері; суда еритін кристалдардың механикалық және химиялық қасиеттері; шыны ысқылау плиткаларының маркалары және қызметі.


§ 7. СУДА ЕРИТІН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оптиметрмен және микрокатормен (микрометрмен) өлшемдерін тексере отырып, арнайы тегістеу станоктарында немесе қолмен қалыңдығы бойынша 0,003 мм және бетінің параллельдігі бойынша 0,01 шекте жібітілген микротегістеу ұнтақтарымен суда еритін кристалдардың пластиналарын тегістеу. Блоктарды микрометрмен өлшей отырып 0,01 мм қалыңдығы бойынша шекте бұрышқа тегістеу. Пластиналарды ылғал төсемде бұрышын, оптиметрмен және микрометрмен өлшеп, 0,01 мм шекте өңдеу. Суда еритін кристалдардың блоктарының кесіктерін шыны ысқылау плитасында суланған тегістеу ұнтағымен керосинмен қалыңдығы және биіктігі бойынша 0,5-тен 0,1 мм-ге дейінгі және бетінің жазықтығы бойынша 0,03 мм шекте тегістеу. Ысқылау плитасындағы фаскаларды шешу. Сегнет тұздарынан жасалған пьезопакеттерді жеткізу. Пакеттерді бұрыштықпен, микрометрмен, микрокатормен тексеру. Қаптамалы жұқа күмісті пьезопакеттердің бетін металдау. Металдағаннан кейін пьезопакеттердің бетін фольгамен желімдеу. Нөмірлер ілу. Пластиналарды керосинмен шаю және матамен ысқылау. Шыны ысқылау плиталарын тегістеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және баптау тәсілдері, пьезопакеттерді тегістеу әдістері, фаскаларды шешу және пьезопакеттерді жеткізу тәсілдері; ылғал төсемде пластиналарды өңдеу әдістері, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану тәсілдері мен қызметі; пьезопакеттердің қалыптары мен өлшемдері; электродтарды дәнекерлеу, қаптамалы күміспен бетін металдау әдістері; пьезопакеттерді тегістеуге қойылатын талаптар; тегістеу пакеттерін тексеру тәсілдері.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі



р

с



Осы бөлімшеде орналастырылған кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

2002 жылы БТБА-ның қолданыстағы бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

БТБ шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Полярлаушы

3-4

Полярлаушы

3-4

20

Пьезотехникалық өндіріс

2.

Суда еритін кристалдарды аралап кесуші

2-3

Суда еритін кристалдарды аралап кесуші

2-3

-//-

-//-

3.

Суда еритін кристалдарды тегістеуші

1-3

Суда еритін кристалдарды тегістеуші

1-3

-//-

-//-


1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет