Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 6.65 Mb.
бет8/38
Дата31.03.2016
өлшемі6.65 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
§ 56. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі тораптары, схемалары және ауыстырып қосқыштары бар арнайы технологиялық жабдықтарды баптау және реттеу. Күрделі құрылғыларды баптау және реттеу. Жабдық жұмысының тиімді және шекті режимін белгілеу және олардың тұрақтылығын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықта өңделетін бұйымдар мен алынатын материалдардың сапасын арнайы әдістермен айқындау. Жабдықты ағымдағы жөндеу және алдын ала тексеру. Тозығын айқындау, жекелеген тораптарды, блоктарды, каскадтар мен модульдерді қиыстырып келтіру және ауыстыру. Ақаулық ведомостерін жасау. Жөнделген жабдықтарды тексеру. Қашау, берілістерді, шестеренкалардың және т.б. техникалық есептері. Сынау мен іске қосуға қатысу.

Білуге тиіс: арнайы технологиялық жабдықтардың кинематикалық, электр және басқа да схемалары; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолдану шарттары; қызмет көрсетілетін жабдықтарда бұйымдарды жасаудың технологиялық үдерісі; шақтау және қондыру жүйесі; орындалатын жұмыс ауқымында электр , радио және жылу техникасының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Д-2 типті аспапқа арналған шықпа жасау автоматы - баптау.

2. Цокольдерді құю және жағу автоматы - баптау.

3. Жады элементтерін тесу автоматы - баптау, реттеу.

4. Тарақты және тегіс аяқтарды жасау автоматы, жартылай автоматы - баптау.

5. Катодтың ілмекті қыздырғыштары мен жіптерін қалыптау автоматы - баптау.

6. Таспа газ сорғышты жасау автоматы - баптау.

7. Колбаларды штенгельдеу және калибрлеу автоматтары мен жартылай автоматтары - баптау.

8. Таңба басу және күйдіру автоматы - баптау.

9. ПУЛ қадалықтарын жасау автоматтары - баптау.

10. Колба жасаудың тік және көлденең автоматтары - баптау.

11. Геометриялық өлшемдері бойынша калибрлеуді алу автоматтары - баптау.

12. КБГИ, СГМ түтіктеріне күміс жалату және қалайылау автоматтары, құю машиналары, қысу автоматы, құрсау, керу және кептіруді жасайтын қосылған агрегаттар - баптау.

13. Бір позициялы автоматтары – ағымдағы жөндеу, баптау.

14. Шыны түтіктерді түзету, кесу және балқыту автоматы мен жартылай автоматы - баптау, жөндеу.

15. Шықпаны фланецке дәнекерлеу автоматы - жөндеу, баптау.

16. Таңбалау, лактау, бояу және кептіру автоматы және жартылай автоматы - баптау, жөндеу және реттеу.

17. Цеолит қоспасын жағу автоматы - баптау.

18. Күміс жалату және қалайылау автоматтары, микроплаталарды металдау трафареттері - баптау.

19. У-701, У-705, У-706 автоматы – басқару және техникалық тексеру.

20. Сақина газ сорғыштарды жасау автоматы мен жартылай автоматы - баптау.

21. Катод керндерін қалыптау автоматы - баптау.

22. Катод керндеріне қоспаларды дәнекерлеу автоматы - баптау.

23. Кертпектің пукельдері мен дөңгелектерін қалыптау автоматы - баптау.

24. Шиыршықты-ілмекті қыздырғыштарды қалыптау автоматы - баптау.

25. Транзисторларды ашу автоматы - жөндеу, баптау, баптау.

26. Қыш дайындамаларды керу және кептіру агрегаттары, құю машиналары, пленканы жаншу агрегаты, күміс жалату, қаптау автоматы - баптау.

27. Монокристалдарды өсіруге арналған аппарат - механикалық және электр вакуум бөлшектерін жинақтау және баптау.

28. Қысымды өлшеуге арналған АТ-2 типті вакуумдық датчик - градуирлеу.

29. Дистиллятор - жөндеу және баптау.

30. И9М2700002электр режимдерін белгілеуші - баптау, жөндеу.

31. Вакуумдық құрылғыға арналған индукторлар - жасау.

32. Термо тозу камералары - баптау, реттеу, жөндеу.

33. МИ-27 типті монометриялық және иондау шамдары - градуирлеу.

34. ЦЭЛТ арналған экрандық тораптарды алюминилеу желісі - баптау.

35. Автоматты басқарылатын жуу машиналары - баптау.

36. Тік және бұратылған тиресі бар шиыршықтарды бұрау машиналары - баптау және жекелеген тораптарды ауыстыра отырып қайта құрастыру.

37. Экрандарды жағу машиналары - баптау.

38. Білікті диірмен - баптау.

39. ЛН-4850 сору көпірлері - "НОРД-100" электр разряд сорғыларын бөлшектеу және жинақтау.

40. Форвакуумды және диффузиондық сорғылар – бөлшектеу, жинақтау, баптау, тазалау, реттеу, іске қосу.

41. Металл шамдардың аяқтарына арналған тығыны бар шассиді дәнекерлеу жабдығы - баптау.

42. Ішкі тоқ өткізгіш жабынды жабуға арналған жабдық - баптау.

43. Плазмохимиялық жабдықтар - механикалық бөлігін баптау, жөндеу,

44. Қышты құю және нығыздауға арналған жабдық - баптау.

45. СДО 125/4 типті диффузионды пеш - жөндеу, режимге шығару.

46. Сутегі және вакуумды пештер - баптау.

47. Баллондарды көлденең-импульсті жасайтын жартылай автомат - баптау.

48. Күрделілігі орташа дәнекерлеу, арматуралау, жинақтау жартылай автоматтар - электр өлшемдерін тексеру.

49. Табақшалар мен штенгельдерді ашу, керу жартылай автоматтары - баптау.

50. Аспаптарды дәнекерлеу және шайқау жартылай автоматтар - баптау.

51. ПЛП типті пластиналдарды сындыру жартылай автоматтары - баптау.

52. Ұяшықтарды күйдіру жартылай автоматтары, контактілі параларды қалайылау жартылай автоматтары - ағымдағы жөндеу.

53. Тазалауға, бұрандаларды оюға, ұңғылауға, бұрғылауға, радиобөлшектерді жинақтауға арналған жартылай автоматтар - баптау.

54. ЭОС бөлшектерін майсыздандыру автоматы - баптау.

55. Аспаптарды дәнекерлеу және шайқау жартылай автоматтары - баптау.

56. Қолмен басқарылатын шайқау посттары - баптау.

57. Бөлшектерді қалыптау құрылғылары - баптау.

58. Аттестаттауға арналған аспаптар – ауыстыру.

59. Діріл соққы және басқа да стенділерде транзисторларды механикалық төзімділігін тексеруге арналған құралдар мен құрылғылар - жөндеу және баптау.

60. Эпитаксиалды, плазмохимиялық, тозаңдандырғыш, ион сәулелендіруші және басқа да жоғары вольтті және жоғары жиілікті жабдықтарды блоктау жүйесі - баптау, реттеу, жөндеу.

61. ЭЛТ-де болат таспаны көп қабатты орау станогы - баптау.

62. СРМ-05, ЛМ-6, ПР-159, М-350 орау станоктары - баптау.

63. Ажарлау және жылтыратушы жетілдіруші станоктар - баптау.

64. П-тәрізді өзекшелерді орау станоктары - баптау; СНТИ, СНТИ-2 станоктары - баптау.

65. Герметикалығын сынауға арналған стенділер - баптау.

66. Төзімділігін сынауға арналған әмбебап стенділер - баптау, реттеу, жөндеу.

67. И020002, И020005, СС-1, ССП-2, ССП-1 типті монтаждау үстелдері - баптау.

68. ПТИ-7А тесік іздегіштер - гелий пигіне баптау.

69. Шыныны ажарлау және жылтырату құрылғысы - баптау.

70. Сутегімен дәнекерлеу құрылғысы - баптау.

71. Қышты металдау құрылғысы - баптау.

72. Сутегіні кептіру құрылғысы - баптау.

73. Бөлшектерді майсыздандыруға арналған құрылғы - баптау.

74. Индирлеу құрылғысы – баптау және реттеу.

75. Кристалдар мен өткелдерді майсыздандыру және жарықтандыру құрылғысы - баптау.

76. Лактау және кептіру құрылғысы - баптау.

77. Катодтарды вакуумда карбидирлеу құрылғысы - баптау.

78. Тегіс аяқтарды штамптауға арналған бір шпиндельді құрылғы - баптау.

79. "Контакт", "Оникс", 'Родник'' типті термокомпрессия құрылғысы - баптау, жөндеу.

80. Күйдіру құрылғысы - баптау.

81. Керндерді рамаға салу, оксидтендіруге арналған магнитпен толтыру құрылғысы - баптау.

82. Вакуумдық тозаңдандырғыш құрылғысы – механикалық және вакуумдық бөліктерін баптау және реттеу.

83. Пластиналардың кистьтерін жуу құрылғысы - жөндеу, баптау, реттеу.

84. УВМ-2М-2 вакуумды құрылғысын сору - механикалық, вакуумдық бөліктерін бөлшектеу, баптау, жинақтау.

85. Өңдеу құрылғысы - баптау, жөндеу.

86. Жартылай өткізгіш аспаптар мен интегралдық схемалардың корпусына кристалдарды балқыту құрылғысы – механикалық және электр бөліктерін жөндеу және баптау.

87. УФ-ЮО, У-250, УФ-400 суды соңғы тазалау құрылғысы - жөндеу және баптау.

88. Кристалдарды қондыру құрылғысы - баптау, жөндеу.

89. ЛФ-6 илеу құрылғысы - баптау.

90. Скрайбирлеу құрылғысы - реттеу, баптау, жөндеу.

91. Фоторезистті жағу және кептіру құрылғысы - баптау.

92. Платиналарды фиништік жуу құрылғысы - жөндеу және баптау.

93. Эпитаксиалдық өсіру құрылғысы – газды бөлуші жүйелерді монтаждау және баптау.

94. Жартылай өткізгіш аспаптарды орауға арналған құрылғы - баптау және жөндеу.

95. ЭПВ, МСР, ПСР және басқа өлшеу аспаптарын күшейткіштер - шағын жөндеу.

96. Диффузиондық құрылғыларға газ таратушы құрылғылар – монтаждау, баптау.

97. Ц-2000 центрифугасы - баптау, реттеу, жөндеу.

98. Электр, силит пештерінде қыздыру элементтері - жасау және ауыстыру.
§ 57. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тораптары, схемалары және ауыстырып қосқыштары бар арнайы технологиялық жабдықты баптау және реттеу. Әр түрлі шиыршықтарды бұрауға арналған машиналарды және бұралған шиыршықтарды кесуге арналған фотоэлементтері бар автоматтарды, қыздырғыштарды баптау. Баяу балқитын және басқа да металдардан жасалған өте жіңішке сымдарды өңдеуге арналған жабдықтарды баптау және реттеу, оларды гальваникалық қабатпен қаптау. Жабдықтарды орташа жөндеу, ақаулықтарды анықтау, тораптарды қиыстырып келтіру және ауыстыру. Жабдықтың кейбір тез тозатын бөлшектерінің, құрылғылар мен құралдардың нобайларын жасау. Арнайы және технологиялық жабдықты орташа және күрделі жөндеуге ақаулық ведомостерін жасау.

Білуге тиіс: күрделі жабдықтардың кинематикалық, электр, вакуумдық және газ схемалары; радиоэлектрондық және механикалық схемалары мен қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникация схемалары бар жабдықтардың құрылысы, негізгі және қосалқы жабдықтардың әр түрлі модельдерін баптау және дәлдігін тексеру ережесі; жабдықтардың тораптарын баптау және өзара байланысы; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын баптау және реттеу ережесі; механикалық берілістерді есептеу әдістері; механика, электро-, радио- және жылу техникасының теориялық негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Кинематикалық және радио- электрондық схемалары бар автоматтар мен агрегаттар - баптау және жөндеу.

2. Люминесцентті шамдар өндірісіндегі монтаждау-оксидтеу автоматтары - баптау.

3. Аспаптарды дәнекерлеу және шайқау автоматы - баптау.

4. Колбаларды вакуумдық калибрлеу және штенгельдеу автоматы - баптау.

5. ПУЛ сынақ автоматы - баптау.

6. 10 астам қадалығы бар аяқтарды штамптау автоматы, ППУЛ колбаларын жасау желілері - баптау.

7. Қадалықтарды жасауға арналған автоматтар - баптау, жөндеу.

8. Кристалдар мен пластиналарды сұрыптау автоматтары - баптау, жөндеу.

9. Шықпаларды, кристалл ұстағыштарды және жартылай өткізгіш аспаптарды жасау автоматтары - баптау, жөндеу.

10. "ОКАМОТО" моншақтарын кесу автоматы - баптау.

11. Жартылай өткізгіш аспаптарға арналған шықпаны фланецке дәнекерлеу автоматы - жөндеу және баптау.

12. Магнитпен басқарылатын контактілерді қалайылау және таңбалау автоматы - баптау.

13. Магнитпен басқарылатын контактілердің серіппелерін орналастыру автоматы - баптау.

14. СМЛ колбаларын жасау, калибрлеу, штенгельдеу, таңба басу автоматы - баптау.

15. Сақиналы және ұнтақты жаншылған газ сорғыштарды коп позициялы жасау автоматы, жартылай автоматы - оларға газ сорғыштарды баптау, алдын алу және жасау.

16. Вольфрам қадалықтары мен ситалл шайбалары бар аяқтарды штамптау автоматтары мен жартылай автоматтары - баптау және жөндеу.

17. Қалыпты жарықтандыру шамдарын жинақтауды монтаждау желілерінің автоматтары - баптау.

18. Шыны түтіктерді кесу және балқыту автоматы және жартылай автоматы - баптау, жөндеу.

19. Толқынмен дәнекерлеу автоматы - баптау; У-705, .У-706 автоматтары - баптау және жөндеу.

20. ВС, БТИ, МЛТ, КБГИ ресімдеудің автоматты желісі - баптау.

21. Магнитпен басқарылатын контактілерді тарту және штамптау автоматы - баптау, жөндеу.

22. Колбаларды күңгірттендіру, алюминийлеу және өңдеу агрегаты - баптау.

23. Монокристалдарды өсіруге арналған аппараттар - газ жіберу және реттеу жүйесін баптау.

24. Сутегіні қыздыру шықпасы - қалайы-қорғасын дәнекермен монтаждау және дәнекерлеу.

25. Жоғары жиілікті және ультрадыбыстық генераторлар - баптау және жөндеу.

26. Дегаздаушы – тазалау және жинақтау.

27. ИИС-1 интегралдық схемасын өлшеу - баптау, реттеу және жөндеу.

28. Ионалмастырғыш бағана - баптау.

29. Су тазалауға арналған анионит және катионит бағаналар - баптау жұмыс режимінде тапсырылған схема бойынша ауыстырып қосу.

30. ЦЭЛТ экрандарына люминофор жағу қатары - баптау.

31. Металды газ шілтермен қыздыруға арналған никель және молибден қайықшалар - жасау.

32. Манипуляторлар, тиегіштер - жөндеу, баптау.

33. Айналып тұратын аспалы вакуум сорғылары бар кинескоптарды шығаруға арналған конвейерлік машина - баптау.

34. Барлық типті шиыршықтарды бұрауға арналған машиналар, шиыршықтарды бұрау және кесуге арналған автомат құрылғылар, тұрақты керні бар шиыршықтарды автоматы бұрау - баптау және ағымдағы жөндеу.

35. Электр вакуум құрылғыларының ұсақ құрылымды торлары өндірісіне қажетті шыны матрицаларды жасаудың автоматты бөлу машиналары - баптау және алмаз құралдарды дайындай отырып қызмет көрсету.

36. ЭОС дәнекерлеу машиналары - баптау.

37. Вакуумды монохроматорлар - электр вакуум аспаптарын ауыстыра отырып техникалық қызмет көрсету.

38. Иондық-геттерлік сорғылар - баптау және жөндеу.

39. Пермаллойды кесуге арналған дөңгелекшелі пышақ - баптау.

40. Металл шамдарды арматуралай отырып, колбаларды дәнекерлеу жабдығы (негізгі дәнекер) - баптау.

41. Ерекше берік ППУЛ монтаждау үшін дәнекерлеу импульсін тұрақтандыру дәрежесі жоғары монтаждау-дәнекерлеу жабдығы - баптау, жөндеу.

42. Радиобөлшектерді кешенді жасау бойынша механикаландырылған желілердің жабдықтары - баптау.

43. ЭЛТ өндірісіне арналған жабдықтар (алюминилеу, конвейерлік машиналар, ЭОС дәнекерлеу жартылай автоматтары, ЭЛТ тоқ өткізгіш қаптамамен қаптау станоктары, люминофорды жағу және кептіру машинасы, оргпленкалар, лакты жуғыш) - баптау.

44. Күйдіру пештері - алунд жағу және жербалшық себу арқылы құбырларды молибден сыммен орау.

45. Жоғары температуралы қалпақты пештер – бөлшектеу және алюминат пен алюмосиликаттан тазарту.

46. Жоғары температуралы “Победа" пештері - вольфрам муфельдерін дәнекерлеу.

47. Силит пештер – ішкі бөлігін бөлшектеу және баптау.

48. КО-14 пештері - жөндеу және баптау.

49. Рубидийді тікелей газға айналдыратын вакуумдық пештер - жөндеу және баптау.

50. ОКБ-80-86 типті вакуумдық-сутегі пештері - жөндеу, баптау.

51. Диффузионды, тотықтырғыш, конвейерлік, сутегі пештері - баптау, жөндеу, режимге шығару.

52. УП-723 типті аяқтарды жинақтау жартылай автоматтары - жөндеу және баптау.

53. Контактілі серіппені дәнекерлеу және қалыптау жартылай автоматы - жөндеу және баптау.

54. Күрделі электр вакуум аспаптарын шығаруға арналған, жоғары жиілікті қыздырғышы мен автоматты дәнекерді қопарғышы бар көп позициялы жартылай автоматтар - баптау.

55. Электр вакуум аспаптарының торлары өндірісіне арналған жартылай автоматтар мен құрылғылар - баптау және ағымдағы жөндеу.

56. Бағдарламамен басқарылатын сору жартылай автоматы - баптау.

57. Катафорезді жартылай автоматтар - баптау.

58. Сымды пульверизациялаушы және арматуралаушы жартылай автоматтар - баптау.

59. Жинақтау, бөлшектеу және сынау жартылай автоматтары - баптау және жөндеу.

60. ПВХО типті діріл химиялық тазартуға арналған жартылай автоматтар - баптау, жөндеу.

61. Дәнекерлеуші және герметизациялаушы жартылай автоматтар - жөндеу және баптау.

62. Көзбен шолып бақылаушы жартылай автоматтар - баптау.

6З. Кристалдарды, платаларды жапсырушы жартылай автоматтар - баптау.

64. Пластиналарды қалайылаушы жартылай автоматтар - баптау.

65. УП-723 типті аяқтарды жинақтаушы жартылай автоматтар, үзіктерді, қысқа тұйықтауларды және кері тоқты тексеру автоматтары - жөндеу және баптау.

66. Контактілі серіппені дәнекерлеу және қалыптау жартылай автоматтары мен автоматтары - жөндеу және баптау.

67. Суық дәнекерлеу жартылай автоматтары, ПЖМ-226 базалық шықпасын дәнекерлеу автоматы - жөндеу, баптау.

68. Скрайбирлеуші жартылай автоматтар - баптау, жөндеу.

69. Жартылай өткізгіш аспаптарды, микросхемаларды сыныптаушы жартылай автоматтар - баптау, жөндеу.

70. Органикалық пленкаларды жабу жартылай автоматтары - баптау.

71. Шықпаларды механикаландырылған кесу арқылы тегіс аяқтарды штамптаушы жартылай автоматтар - баптау.

72. Кинескоптардың конустарын қалыптаушы жартылай автоматтар - баптау.

73. "Эскиз Э-358" типті шығару посттары - жөндеу, монтаждау және баптау.

74. Эксперименталды және тәжірибелік шығару посттары - баптау.

75. ППГ бір қадамды, роторлы (көп позициялы), автоматты Ф2-1 нығыздауыштар - баптау.

76. Дәнекерлеу уақытын реттеуіштер - баптау, жөндеудің барлық түрлері.

77. Контактілі-дәлдік дәнекерлеу станоктары - баптау.

78. М-40 типті пластиналарға кесу станоктары - жөндеу, баптау.

79. Тегістеу, қалыптау, торларды керу, торлы жолақтарды шабу және кесу станоктары - баптау және жөндеу.

80. Балқыту станоктары, орталықтан тебілгіш қалыптау станоктары - баптау және жөндеу.

81. Герметикалығын сынау стенділері, діріл соққы стенділері - жөндеу, баптау.

82. СТТ-2000, И9М2757010, И9М2620011 стенділері - баптау, реттеу және жөндеу.

83. ПТИ-6 типті гелий тесік іздегіштер - баптау, жөндеу.

84. Жіпті алунділеу құрылғысы (көп жылғалы) - баптау.

85. Сымдар мен бөлшектерді никелдеу құрылғысы - баптау.

86. Вакуум құрылғылар, силит және сутегі пештері - температура мен кернеуді реттеу схемаларын баптау.

87. Эпитаксиалды өсіру құрылғылары – булағыштардың термостатикалаушы жүйелерін баптау.

88. Электролиттік өңдеу құрылғылары - баптау.

89. Діріл-химиялық өңдеу құрылғылары - пневмогидробөлу жүйесін баптау және жөндеу.

90. Фоторезистивті пленкаларды инфрақызыл кептіру құрылғылары - баптау, жөндеу.

91. УВМ., УРМ типті вакуумдық бүрку құрылғылары - температура мен кернеуді реттеу схемаларын баптау, алдын алушы толық жөндеу.

92. Электротехникалық болат, пермаллой құймаларын, бағалы металдарды (нейзильбер) кесу бойынша дәлме-дәл құрылғы - жөндеу, пышақтарды жетілдіру және баптау.

93. Электролиттік өңдеуге, гальваникалық қалайылауға арналған құрылғылар, дөңгелек электрод жасайтын ЮРМА-139000 құрылғысы - баптау және жөндеу.

94. Өлшемдерді тексеруге арналған өлшеу құрылғылары - жөндеу, баптау.

95. "Везувий" типті ионды-сәулелік құрылғылар - баптау, жөндеу.

96. Кремний пластиналарды шығару, фоторезист жағу, фоторезистті көшіру құрылғылары - баптау, жөндеу.

97. Жартылай өткізгіш аспаптар мен үлкен интеграл схемаларды термокомпрессиялық дәнекерлеу құрылғысы - механикалық және электр бөліктерін жөндеу және баптау.

98. Герметикалығын бақылау құрылғысы - жөндеу и баптау.

99. "Таран", "Лада" типті фотолитография желісі құрылғылары - баптау, жөндеу.

100. "Уран", "Вахта" өлшеу құрылғылары - баптау, реттеу және жөндеу.

101. УЦ-10 типті тұзсыздандырылған су алу құрылғысы - баптау.

102. Магнитпен басқарылатын контактілерді электротермиялық және инфрақызыл дәнекерлеу құрылғылары мен жартылай автоматтар - баптау, жөндеудің барлық түрі, қызмет көрсету.

10З. УЗП типті ультрадыбыстық дәнекерлеу құрылғысы - жуу, жөндеу, баптау, реттеу.

104. Геркондарға арналған өткізгіштерді автоматты тазалау құрылғысы – қызмет көрсету.

105. УС-ООЗ типті АДС құрылғылары - баптау.

106. 2359002 типті магниттендіру құрылғылары - жөндеу.

107. Анод кернеуі 50 кВ арнайы құрылғы және жекелеген секциялар – сынау және айдау.

108. Үйлесімділік құрылғысы - жөндеу, баптау, реттеу.

109.Фотошаблондарды фотошаблондардың сурет өңдегіштерін көбейту құрылғысы - баптау және жөндеу.

110. Центрифуга - жөндеу, баптау.


§ 58. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі аспаптарды шығаруға арналған күрделі кинематикалық, электр, вакуумдық, газ және радиоэлектрондық схемалары бар автоматты, бағдарламамен және механикалық басқарылатын күрделі жабдықтарды баптау және реттеу. Электрондық – сәулелі, аргонды доғал және термодиффузиондық дәнекерлеу құрылғыларын жөндеу және баптау. Күрделі майлы және майсыз вакуум жүйелерін жөндеу және баптау. Жабдықтың тиімді шекті жұмыс режимін есептеу және белгілеу. Механикалық, вакуумды және электрондық тораптардың тозығын анықтау, қиыстырып келтіру және ауыстыру. Индукторларды есептеу және жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеудің барлық түрлерін орындау. Күрделі бөлшектер, тораптар және қажетті құралдардың нобайын жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды технологиялық процесс өзгерген кезде жаңғырту. Жөнделген жабдықтарды тексеру, арнайы технологиялық жабдықтарға термокамераларда, жоғары және төмен температура жағдайында климаттық сынақ жүргізу.

Білуге тиіс: кинематикалық, электрондық, оптикалық және электр схемалар; күрделі жабдықтардың вакуумдық және газ жүйелері; бағдарламамен басқарылатын құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс қағидаттары; барлық жүйелердің бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, баптау және реттеу ережесі; қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтардың себептері және олардың алдын алу шаралары; жөндеудің барлық түрлерін жүргізу әдістемесі; жабдықтардың жұмыс режимін таңдаумен, схемалар мен механизмдердің элементтерін ауыстырумен байланысты есептер.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Кристалдар мен пластиналарды сұрыптау автоматтары, штифтовка автоматы - баптау және жөндеу.

2. Титан-қыш шамдарды дәнекерлеу және шығару автоматтары - баптау.

3. Торды бұрамай арнайы ілмектермен торлау автоматы мен жартылай автоматы, механикаландырылған желілер, торлы жолақтарды ашу автоматы мен жартылай автоматтары - баптау және ағымдағы жөндеу.

4. Ф2-2, Ф2-4 типті ППГ өзекшелерді бөлуге арналған автоматтар; геркондарды инфрақызыл дәнекерлеу автоматтары - баптау, жөндеу.

5. Күрделі электрондық және механикалық схемалары бар У -705М, У-706М , КФА-1 автоматтары - баптау, жөндеу.

6. АМ -99Р маркалы бағдарламамен басқарылатын көп шпульді орау автоматтары (Германияда жасалған) - баптау және жөндеу.

7. Металл қыш шамдарды шығару автоматтары мен жартылай автоматтар - баптау.

8. Түзеткіштер, қуатты күшейткіштер, қуатты тұрақтандырушы дәлме-дәл блоктар, температураны реттеуіштер - баптау және жөндеу.

9. Өңделетін аспаптарды қыздыру температурасы автоматты реттелетін жоғары жиілікті генераторлар және генераторлық шамдар - баптау және жөндеу.

10. "Элекон" типті микросхемалары өлшемдерін өлшеу кешендері - баптау және жөндеу.

11. Айнымалы қадамның жұдырықшалары – сызба бойынша торларды есептеуді ескере отырып автоматтарға қондыру.

12. Радиобөлшектерді жинақтау бойынша автоматты желілер - баптау.

13. ЦЭЛТ вакуумдық өңдеу желілері - баптау және жөндеу.

14. Траверсті торларды механикалық жасау желілері - баптау және жөндеу.

15. КМ типті масс-спектрометр квадрупольді - баптау және жөндеу.

16. Вакуумды монохроматорлар - өлшеу-тіркеу жүйелерін баптау, кинематикалық және оптикалық схемаларды түзету және жөндеу.

17. "Трион-150" типті магнитті-разрядтау сорғылары - баптау және жөндеу.

18. Металл қалып жасауға арналған агрегаты арнайы жабдықтар - баптау.

19. Геркон жасаудың автоматты желілерінің жабдықтары - баптау, жөндеу.

20. Шиыршық пен қыздырғыштарды бұрауға арналған жабдықтар - жекелеген бөлшектері мен тораптарын өздігінен жасай отырып баптау және

21. Микросхемаларды алудың автоматты желілерінің жабдықтары, дәлме-дәл фотолитография және эпитаксиалды өсіруге арналған тозаңдандырылған жабдықтар - баптау және жөндеу.

22. Сутегі және электр пештері (жоғары температуралы), бағдарламамен басқарылатын диффузионды пештер - баптау және жөндеу.

23. Аспаптарды сыныптау және аспаптарды топтар бойынша жарамсыз ету жартылай автоматтары мен автоматтары - баптау және жөндеу

24. “Интеграл” типті ИИС-IM, ИИС-10 интегралды микросхемалардың статикалық өлшемдерін тексеру және сыныптау жартылай автоматтары - баптау және жөндеу.

25. “Зонд”, “Рассвет”, “АУТ-100” типті пластинада құрылымды бақылау жартылай автоматтары - механикалық және электр бөліктерін жөндеу және баптау.

26. Күрделі металл вакуум жүйесі бар, аспап арматураларын автоматты индукциялық қыздырғыштары бар автоматты және бағдарламамен басқарылатын айдау посттары - баптау и жөндеу.

27. Видикондар мен суперортикондарды айдауға арналған посттар, СБМ-2-300100 типті айдау посттары - баптау және жөндеу.

28. Ф2-3 автомат нығыздауыштар - баптау.

29. Кремний және германий пластиналарын ажарлау және жылтыратуға арналған құрылғылар – күрделі салыстырылатын құрылғы (0,001мм дейінгі дәлдік).

30. “Темір жол” типті МГЛ айдау жартылай автоматтары - жөндеу, монтаж және баптау.

31. “АА” типті агрегаттық көп позициялы, көп шпиндельді станоктар - баптау және баптау үшін күрделі есептер құрастыру.

32. Жартылай өткізгіш материалдарды алмаспен кесуге арналған электронды схемалары бар станоктар - баптау және жөндеу.

33. Сезімталдығы жоғары СВТ-1 тесіктерді анықтағыш - жөндеу және баптау.

34. Электронды сәулелік және электрондық жобалау термодиффузионды құрылғылар - жөндеу және баптау.

35. Экрандардың фотобасу құрылғылары - баптау, түзету және жөндеу.

36. Вернейль, Чохраль әдістерімен тұз ерітіндісінде, зонды балқымада және т.б. ерітінділерінде монокристалл алу құрылғысы - баптау және іске қосу.

37. Ерітінді мен газ фазасынан галлий арсенидін алу құрылғысы, УВН-2М-2 құрылғылары - баптау және жөндеу.

38. ЗО4ДА-4, А-1, "Алмаз" пластиналарының контактілеу және скрайбирлеу құрылғылары (автоматтары) - баптау және жөндеу.

39. Вакуумды, вакуумды плазмалық жартылай автомат құрылғылар - автоматты басқару жүйесін, буландырғыштардың қуатын реттеу жүйесін, автоматты айдау жүйесін баптау циклі.

40. Металл қаптау процессін автоматты басқару арқылы, сондай-ақ ЭЕМ-нен басқарылатын вакуумдық бүрку, диэлектр, жартылай өткізгіш құрылғысы - баптау және жөндеу.

41. КТС типті технологиялық құралдарды бақылау, "ЭМ-640" және "Зонд-А-4М" платиналарында статикалық өлшемдерді тексеру, ҮИС электр өлшемдерін бақылау құрылғысы - баптау, калибрлеу, жөндеу.

42. Пластиналарды кесу құрылғысы - баптау және жөндеу.

4З. Вакуумды құрылғылар (иондық-плазмалық) – толық және алдын ала жөндеу, баптау.

44. «Кизил» типті лазерлік құрылғылар – оптикалық схема мен электр схемасын толық және алдын ала жөндеу.

45. Барлық схемаларды үйлестіру және көрсету құрылғысы - оптикалық жүйені жөндеу және баптау, түзету.

46. УРМ, УВН және ПУФ-80 типті жоғары жиілікті жоғары вольтті, плазмалық құрылғылар - баптау және жөндеу.

47. УЭС-З типті аргон атмосферасындағы АДС құрылғысы - баптау және жөндеу.

48. Газ бөлу және диффузионды пеш бағдарламашысы құрылғысы - баптау және іске қосу.

49. Басушы, жылдам әсер ететін құрылғылар - баптау және жөндеу.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет