Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы



Дата03.05.2016
өлшемі65.44 Kb.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығына

9-қосымша





«Экологиялық ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер




  1. «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі




  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:  

  1. Өтінішті қызмет берушіге тапсырғаннан – 15 (он бес) жұмыс күн аралығында;

  2. өтініш тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  3. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі –экологиялық ақпарат.

  3. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

  4. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін еркін нысандағы өтінішті қызмет берушіге жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы қызмет берушіге өтінішті тапсырғанда - қабылданғанының дәлелі ретінде, кеңседе қабылдап алған құжаттың көшірмесіне күні және уақыты көрсетіп тіркелгендігі болып табылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылатындар:

  1. өтiнiш жiберiлген мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмауы;

  2. өтiнiш айқын негiзсiз болуы немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалуы;

  3. өтiнiш әзiрлеудiң соңғы кезеңiнде немесе мемлекеттiк органдардың iшкi және өзара хат алмасудағы материалдарға қатысты болуы;

  4. мұндай ақпаратты жария ету мыналарға теріс әсер етуіне:

мемлекеттiк органдар жұмысының құпиялылығына;

халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекеттік қауiпсiздiкке;

сот әдiлдiгiн жасауға, адамдарға әдiлеттi сот тергеуiн жүргізу мүмкiндiгiне немесе мемлекеттiк органдардың қылмыстық немесе тәртiптiк сипаттағы тергеу жүргiзу қабiлетiне;

заңды экономикалық мүдделердi қорғау мақсатында коммерциялық және өнеркәсiптiк ақпараттың жасырылуына (бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты қалдықтар туралы ақпарат ашып көрсетiлуі тиiс);



зияткерлік меншiк құқықтарына.

  1. ұлттық заңнама ережелерiне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге тиiстi адам келiсiм бермеген кезде жеке адамға қатысты жеке деректердiң және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;

  2. егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық мiндеттемемен байланысты болмаса немесе егер бұл тарапқа мұндай мiндеттеме жүктелуi мүмкiн болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келiсiм бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшiншi тараптың мүдделерiне;

  3. осы ақпарат қатысты қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетiн түрлердiң өсiп-өнетiн орындарына.




3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-08-44.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Қызмет берушінің, Министрлікте шағымды қабылдап алғынының дәлелі ретінде оны тіркеу болып табылады. (шығымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына мөртабан, тіркелген кіріс нөмірі және күні қойылады).

Портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты біріңғай байланыс -орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.

Шағымда:

1) жеке тұлға – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.Шағымды қарастырудың нәтижесі туралы дәлелді жауапты қызмет алушының пошталық байланысы арқылы жолданады немесе Министрліктің, қызмет берушінің кеңсесінен қолмақол беріледі.


Шағым портал арқылы жіберілсе көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналастырылған:

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі;

  2. Көрсетілетін қызметті беруші www.aarhus.kz/ru, «Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу» бөлімі, www.ecogosfond.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет беру мәселелері жөнінде біріңғай байланыс орталығы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтің тәртібі және статусы туралы ақпарат алуға құқылы.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).



____________________
Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген
2015 -> «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе)
2015 -> 2020 жылға дейінгі даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011
2015 -> «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
2015 -> «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты
2015 -> «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты
2015 -> «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Экологиялық ақпарат беру»
2015 -> 1 Көрсетілетін қызмет атауы «Экологиялық ақпаратты ұсыну»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет