Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесінде орын алған реформалар Муйденова Алия Калжановна



жүктеу 115.25 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі115.25 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесінде орын алған реформалар
Муйденова Алия Калжановна

Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы,



заң ғылымдарының магистрі
Мемлекет пен оның органдарының қызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, Қазақстандық қоғаммен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемелекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқытары мен бостандықтары” деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемелекеттік және өзге де органдары атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заңды жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратытын айғақтайды.

Көптеген мемлекеттік органдары үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелген міндеттер-құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізге міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды. Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни Қазақстан Республикасы Конституциясымен, басқа да заңнамалық және құқықтық ұйымдармен жалпы мемлекеттің өмір мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды.

Құқық тәртібін қорғау органдары ұғымына құқық қорағау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:

а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.

Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған, оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық – пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Яғни, құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.

Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары ауқымының, олардың құзіреті мен міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн. Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады.

Қазіргі жағдайда құқық қорғау органдарының басым міндеттері қоғамдағы тұрақтылықты, бірлікті және татулықты нығайту, заңдылықтың және құқық тәртібінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып белгіленді.

Құқық тәртібін қамтамасыз ету мемлекеттік институттардың маңызды функциялары болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты осы функцияның қаншалықты іске асырылуына байланысты.

Адам құқықтарын қорғау саласында халықаралық тұжырымдамалар қатарына қосыла отырып, Конституцияда құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру принциптерін бекіте отырып, Қазақстан құқық қорғау органдарының қызметіндегі принциптер мен басымдықтарды анықтау бөлігінде өзінің бір мәнді шешімін тапты.

Елбасы өзінің “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіру міндеттерін белгіледі.

Осы бағытта бірінші қадамдар жасалды.

Мемлекет басшысы 2009 жылғы 22 сәуірде “Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстардың жай-күйі үшін тікелей және дербес жауапкершілік жүктелді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді де халықаралық стандарттарға жауап беретін құқықтық жүйесі құрылып, жеткілікті түрде нығайтылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі де кешенді сипат алып отыр.

«Қаржы полициясы таратылып, оның жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу бойынша функциялары жаңа құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтеді. Ал экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қатысты мәселелер қаржы министрлігіне беріледі.

Мемлекеттің егемендігін, оның құқықтық жүйесін қылмысқа қарсы іс-қимыл тұрғысында нығайту және дамыту – мемлекеттің және Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты қамқорлық нысанасы.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп бекіту мемлекеттің, оның органдары мен арнайы уәкілетті тұлғаларының заңдылық пен құқық тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қылмысқа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күресті тұрақты әрі дәйекті қамтамасыз етуіне объективті түрде байланысты.

Егемен Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде (1991-2001 жж.) құқық тәртібі мен сот төрелігінің жаңа жүйесіне түбегейлі көшу, сол уақыт кезеңінде қабылданған ҚК, ҚІЖК, ҚАК, ӘҚБтК шеңберінде мемлекеттің құқық қорғау органдары қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздерін жетілдіру жүзеге асырылды. Жүргізіліп отырған жаңғыртумен қатар Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясын енгізу жоспарланып, бүгінгі күні баспаға беріліп, жуық арада қолданысқа енгізілмекші.

Қабылданған бағдарламалық құжаттар шеңберінде қоғамның заң саласын реформалау жүзеге асырылды, мемлекеттің норма түзушілік және құқық қорғау қызметін жетілдіру жалғастырылды.

Елбасының Жолдауында белгіленген басымдықтар Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдардағы Құқықтық саясат тұжырымдамасымен толық үндеседі және еліміздің халықаралық стандарттарды ұстануының ашық дәлелі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдау келесі кезең болып табылады, онда құқық қорғау мен сот жүйелерін, сондай-ақ құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

Құқық қорғау жүйесін қызметтің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген құқық қорғау қызметі саласында бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер, нақты практикалық шаралар қабылданды.

Мысалы, 2011 жылғы қаңтардың 6-сында «Құқық қорғау қызметі туралы» № 380-IV ҚР заңының қабылдануын айтып өтуіміз қажет.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалауда бастапқы іс-шаралардың бірі болды. Қылмыстық істерді тергеу тәртібі оңтайландырылды, құқық қорғаудың бүкіл қызметін үйлестіру қамтамасыз етілді, құқық қорғау органдары құзыретінің аражігін нақты ажырату және оларды өздеріне тән емес функцияларды орындаудан арылту жүргізілді, құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің бірыңғай стандарттары белгіленді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамын кезектен тыс аттестаттау жүзеге асырылды.

Қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл деңгейі қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің сапалық сипаттамасы мен міндеттеріне жете алмай отыр, бұл тұтастай алғанда халықтың құқық қорғау жүйесіне сенімінің төмендеуіне алып келді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай серпін мен нақтылық берді, онда құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы бағдарламасы негізінде құқық қорғау органдарын жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті қойылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы


№ 449 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 80-тармағы негізінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы адам құқығының бастау тұғырына айналып, негізгі орын алатын, әлемдік стандарттарға жауап беретін сенімді құқық қорғау жүйесінің құқықтық негізін қалады.

Іске асыру мерзімі - 2014-2020 жылдар.

бірінші кезең: 2014-2016 жылдар

екінші кезең: 2017-2020 жылдар

Бағдарлама қоғамның құқық қорғау жүйесіне сенім деңгейін арттыру және құқық қорғау органдар мен сот-сараптама қызметі жұмысының тиімділігін арттыруды мақсат етіп, оған жету үшін мынадай міндеттерді алға қойды:


  1. Құқық қорғау органдарының беделін арттыру;

  2. халықтың, азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының нысандарын дамыту;

  3. халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру;

  4. сот актілерін және өзге де актілерді орындаудың тиімді жүйесін құру;

  5. құқық қорғау қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру;

  6. құқық қорғау органдарының нақты міндеттерді орындаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметін оңтайландыру;

  7. пенитенциарлық сипаттағы шаралардың, оның ішінде қоғамның құқық қорғау органдарымен топтасуы кезінде тиімділігін арттыру;

  8. ювеналдық әділет жүйесін жетілдіру;

  9. құқық қорғау органдарының ақпараттық-талдамалық жүйелерін жетілдіру;

  10. жоғары кәсіби кадр құрамын қалыптастыру;

  11. құқық қорғау органдарындағы ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру;

  12. сот-сараптама қызметін аккредиттеудің халықаралық стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру.

Бағдарлама шеңберінде құқық қорғау органдарының қызметін бағалауды қайта қарау жоспарланады. Бұл ретте оның негізгі өлшемдері құқық қорғау органдарының қызметіне халықтың сенімі деңгейін айқындау болады.

Құқық қорғау органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандартталатын болады, сондай-ақ халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады. Халықтың, азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының жаңа нысандары одан әрі дамытылады. 

Бағдарламаны жүзеге асыру 2020 жылға қарай азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сондай-ақ елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бүкіл жүйенің жұмыс істеуі халықтың сенімділігін арттыру мақсатында ашықтық пен айқындылық призмасы арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, құқық қорғау жүйесіндегі ахуалға талдау мыналарды көрсетеді.



Күшті жақтары:

  • қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдағы қалыптастырылған тәжірибе;

  • тиімді нормативтік құқықтық базаның болуы;

  • құқық қорғау қызметінің нақты айқындалған басым бағыттары;

  • қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды барынша толық тіркеуді қамтамасыз ету;

  • барлық құқық қорғау органдарының функцияларын, құрылымын және санын оңтайландыру (құқық қорғау жүйесінің 100 мыңнан астам қызметкерін ауқымды қайта аттестаттау аяқталды);

  • құқық қорғау органы қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті ұлғайтылды;

  • қылмыстық саясат ізгілендірілді.

Әлсіз жақтары:

  • «Полиция қызмет көрсетуінің сенімділігі», «сот тәуелсіздігі» көрсеткіштері бойынша халықаралық рейтингтердегі; «Transparency International» жемқорлыққа қарсы рейтингтегі, білім беру саласындағы төмен көрсеткіштер;

  • қоғамның әлеуметтік институттарымен өзара іс-қимылдың тиімсіздігі;

  • дауларды соттан тыс реттеу институттарының төмен рөлі;

  • қылмыстық процестегі жәбірленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жетілдірілмеген тетіктері;

  • құқық қорғау органдарының қызметі туралы кең ауқымды құқықтық түсіндіру жұмыстарының болмауы;

  • құқық қорғау функцияларын бағалаудың нормативтік белгіленген критерийлерінің болмауы;

  • құқық қорғау қызметі рәсімдерінің сөзбұйдалығы;

  • құқық қорғау қызмет көрсетулерін ұсыну стандарттарының болмауы;

  • есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тиімділігінің жеткіліксіздігі;

  • жоғары ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша тиімділіктің төмен болуы;

  • халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі;

  • мемлекеттік қаржылық және банктік бақылау органдарымен өзара іс-қимылдағы төменгі деңгей;

  • құқық бұзушылық профилактикасының тиімсіздігі, соның ішінде, қоғамдық құрылымдардың профилактикалық әлеуетін жеткіліксіз пайдалану;

  • жасөспірімдер ортасының қылмыстануы;

  • атқарушылық іс жүргізу жүйесі қызметінің тиімсіздігі;

  • сараптау қызметінің, жеке сот сараптамасы институтының жеткіліксіз дамуы.


Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ, Астана, 2013 жыл

    2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ, Астана, 2013 жыл

    3. Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы (2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет