Қазақстан Республикасы іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты



жүктеу 0.88 Mb.
бет1/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3   4   5
: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
DIPLOMY -> Өрттер әр қашан адамдарды өлтіретін,миллиардтаған теңгеге соғылған материалдық құндылықтарды (ғимарат, имарат, техника, шығармашылық заттары және т б.) жоятын ауыр қиыншылықтарды алып келеді
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасында сауда саласы азаматтардың өмірінде үлкен мәнге ие. Жылдан жылға сауда орындары көбейіп келеді
DIPLOMY -> Күндізгі оқу бөлiмi
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу факультеті

«Қорғауға жіберілді»

ЖТП кафедрасы бастығының м.а.

өртке қарсы қызмет подполковнигі

___________ Р.Баймаганбетов


ДИПЛОМНЫЙ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ мүмкін болатын өртті сөндіру үшін көбік түзгіштің от сөндіру қабілеттілігін зерттеу

5B100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша


Диплом қорғаушы: Атабай Е.С.

Жетекші: Хасанова Г.Ш.

Көкшетау - 2015

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті



Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті


Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»


мамандығы бойынша дипломдық жұмысты (жоба) дайындау бойынша

ТАПСЫРМА


Жұмыстың (жоба) тақырыбы: «Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ орын алу мүмкін өртті сөндіру үшін көбік түзгіштің от сөндіру қабілеттілігін зерттеу».

1.Институт бастығының 10.09.2014 жылғы № 157 бұйрығымен бекітілген.

2. Дайындалған жұмысты (жоба) тапсыру мерзімі 20.05.2015 ж.

3. Жұмысқа (жоба) дайындауға бастапқы берілгендер: нысан жобасы

4. Қысқаша мазмұны немесе өңдеуге жататын сұрақтар тізімі, тарауларды орындау мерзімдері:







Тараудың атауы

Орындау мерзімі

1

2

3




Кіріспе

15.11.2014

1.

Тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен талдауы

15.11.2014

1.1

Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмалары

20.11.2014

1.2

Көмірсутегі сұйықтықтарын көбікпен сөндірудің заманауи ахуалын талдау және өрттерді сөндіру кезінде көбіктерді пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша зерттеулердің бағытын таңдау

20.11.2014

2

Сұйықтықтардың жану механизмі

25.11.2011

2.1

Жану жағдайының жалынның таралу жылдамдығына әсер ету анализы

25.11.2011

2.2

Сұйықтық табиғаты

25.11.2011

2.3

Өрт сөндіру үшін көбік түзгіштер және беттік-белсенді

заттар және олардың қасиеттері



25.11.2011

2.4

Беттік-белсенді заттар - өрт сөндірудегі көбік

түзгіштердің негізі



25.11.2011

1

2

3

2.5

Көбік түзгіштердің құрамы мен тағайындалуына байланысты топтастыру

15.12.2015

3

Нысанның қысқаша сипаттамасы

25.12.2014

4

Зерттелетін көбіктүзгіштердің сипаттамасы

10.02.2015

4.1

«Рауан-6Ц» көбіктүзгішінің сипаттамасы

20.14.2015

4.2

«Рауан-6» көбіктүзгішінің сипаттамасы




5

Сынақ өткізу бөлімі

15.03.2015

5.1

Өрт сөндіру уақытын, көбікті берудің оңтайлы және критикалық қарқындылығын анықтаудың сынақ өткізу әдісімен анықтау

15.03.2015

5.2

Тәжірибелер нәтижелері

20.03.2015

5.3

Көбікті беру қарқындылығын есептеу

20.04.2015

6

Дипломдық жұмыс бойынша қорытынды

25.04.2015

5. Тапсырманы беру уақыты: ____ ______________ 2014 ж.

6. Консультанттар:

«Графикалық бөлім» бойынша:

өртке қарсы қызмет подполковнигі _________ С.Карденов

7. Бекітемін (кафедра бастығы)

ЖТП кафедрасы бастығының м.а.

өртке қарсы қызмет подполковнигі ___________ Р.Баймагамбетов 8. Ғылыми жетекші: (доцент)

өртке қарсы қызмет подполковнигі Г.Хасанова

9. Тапсырманы орындауға алдым: к-нт Е.Атабай



Мазмұны




Кіріспе

5

1

Тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен талдауы

7

1.1

Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмалары

9

1.2

Көмірсутегі сұйықтықтарын көбікпен сөндірудің заманауи ахуалын талдау және өрттерді сөндіру кезінде көбіктерді пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша зерттеулердің бағытын таңдау

10

2

Сұйықтықтардың жану механизмі

11

2.1

Жану жағдайының жалынның таралу жылдамдығына әсер ету анализы

13

2.2

Сұйықтық табиғаты

14

2.3

Өрт сөндіру үшін көбік түзгіштер және беттік-белсенді

заттар және олардың қасиеттері



22

2.4

Беттік-белсенді заттар - өрт сөндірудегі көбік

түзгіштердің негізі



25

2.5

Көбік түзгіштердің құрамы мен тағайындалуына байланысты топтастыру

26

3

Нысанның қысқаша сипаттамасы

31

4

Зерттелетін көбіктүзгіштердің сипаттамасы

37

4.1

«Рауан-6Ц» көбіктүзгішінің сипаттамасы

Көбікті өрт сөндірудің тиімділігін бағылау әдістері



37

4.2

«Рауан-6» көбіктүзгішінің сипаттамасы

43

5

Сынақ өткізу бөлімі

45

5.1

Өрт сөндіру уақытын, көбікті берудің оңтайлы және критикалық қарқындылығын анықтаудың сынақ өткізу әдісімен анықтау

45

5.2

Тәжірибелер нәтижелері

48

5.3

Көбікті беру қарқындылығын есептеу

55

6

Дипломдық жоба бойынша қорытынды

56

7

Әдебиеттер

58


Кіріспе
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың талдуына сүйенсек, адамдардың жапа шегуіне және үлкен материалдық шығындарға әкеліп соққан төтенше жағдайлардың көп бөлігі өндірістік нысандардағы апаттар мен катастрофалардың нәтижесінде орын алғанын көрсетті.

Қазіргі заманғы өндірістік қызметіндегі қарқындардың артуы мен масштабтардың кеңеюі энергиялық қаныққан технологиялар мен қауіпті заттарды пайдаланудың артуымен байланысты. ХХ ғасырдың екінші жартысында және ХХІ ғасырдың басында өндірісте орын алған түбегейлі өзгерістер химиялық өндірістердің күрт дамуымен және олардың ббіздің өмірімізде ерекше орын алуымен тығыз байланысты, және өзінің қуаты мен үлкен мүмкіндіктерін көрсетті.

Аппараттардың бірліктік қуаттылығы артуда және олардың ішінде қауіпті заттардың саны да көбеюде. Шикі өнімнің кешенді өңдеуін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы технологиясы бар зауыттың номенклатурасы мыңдаған позициядан тұрады, оның ішінде дайындалатын өнімдердің көпшілігі жанғыш және улы болып табылады. Технология кезеңдерінің тез ауысуы, принципті жаңа шешімдерді енгізу өзінің жағынан қауіпсіздік мәселесінің көп түрлілігін, күрделілігін және жаңашылдығын анықтайды, сонымен қатар, оларды шешу үшін өндіріс үрдісін бөлмей дереу уақытта орындау қажет болады.

Заманауи өндірістің аталған ерекшеліктері авариялардың масштабын және апаттардың салдарын сипаттайды, сонымен қатар, химиялық өндірістер дамуының қоғамдық және саяси мәнін, химиялық қауіпсіздік мәселесіне тікелей мамандар мен қоғамның назарын аудару қажеттілігін анықтайды. Өндірісте химиялық технологияларды кез-келген көлемде қолданатын нысандардың барлығы химиялық қауіпті деп танылатыны белгілі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызметі әр түрлі меншіктегі нысандарды сенімді өртке қарсы қорғау жүйесімен қамтамасыз ету бойынша жауапты шараларды орындау тапсырмасын алға қояды. Бұл тапсырмаларды заманауи кезеңде орындау ұйымдарды, өрт сөндіру техникалары мен тактикасын үнемі жетілдіруді талап етеді. Өртке қарсы қызметінде бұл тапсырманы орындау кезінде өрт сөндірудің жаңа тиімді құралдары мен отпен күресудің тиімді тәсілдерін тәжірибеге енгізу ерекше маңызға ие.

Бүгінгі күні әлемде өндірістік нысандардың көпшілігі химиялық қауіп нысандары болып табылады. Өрт сөндірудің тиімді заттарын қолдану және өндірістік нысандардағы жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өрт қауіпсіздігі тапсырмасы үш негізгі аспектіден тұрады, оларға жануды немесе жарылысты болдырмау, ал орын алған жағдайда оны жою және оның салдарын максималды түрде азайту жатады, оларды біріге отырып шешу қажет.

Өрттер өндірістік кәсіпорындарға, энергетикалық және химиялық кешендерге, қоймалық шаруашылықтарға айтарлықтай шығын алып келеді. Сонымен қатар, жылдан жылға бұл шығындардың көлемі көбеюде. Өндірістік дамуы мен көбеюі кәсіпорын өрт қауіптілік дәрежесінің көбеюімен тікелей байланысты екендігі туралы тезис расталады.

Нысанның тұрақтылығын, персоналдың, халықтың және көршілес ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиімді қорғаныс құралдарын әзірлеу барысында апаттық жағдайлардың шығу себептерін анықтау мен орын алуы мүмкін салдарын болжау аса маңызға ие. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрамында тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш, агрессивті сұйықтықтары бар резервуарлар мен резервуарлық парктері кіретін өндірістік кәсіпорындар қауіпті өндірістік нысандар тобына жатады.

Құрамына фтор кіретін қабық түзетін көбіктүзгіштер (ҚТК), көбіктерді ойлап табу жанғыш сұйықтықтардағы өрттерді сөндіру тәжірибесіне шешуші өзгерістер енгізді.

Фторлы ҚТК-пен көбікті өрт сөндіру – әр түрлі өрт типтерн сөндіру кезіндегі ең тиімді заттардың бірі, ал жанғыш сұйықтықтар жануы кезінде бүгінгі күні нәтижесі кепілдендірілетін өрт сөндіру затының жалғыз түрі. Сәйкесінше, көбікті өрт сөндіру тәсілін енгізу – мемлекеттік масштабтағы маңызды тапсырма.

Көбікті өрт сөндіру жүйесі органикалық және физикалық химияның гидро-, газды- және термодинамика, жылу алмасу және т.б. салалардың соңғы жетістіктеріне негізделеді. Отандық және шет елдердің зерттеу барысында көбікті өрт сөндірудің жоғары тиімділікті нәтижелеріне қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, төменгі, орта және жоғары қысқалықты көбікпен өрт сөндірудің тактикалық тәсілдері мен нормативтік көрсеткіштері әзірленді.



1.Тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен талдауы
Өрт қауіпсіздігі мәселесі ешқашанда өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Оны соңғы зерттеулер талдауына және өрт сөндіру саласындағы жаңалықтар негізінде қарастыру қажет.

Өндірістік қуаттардың тұрақты өсуіне және технологиялық қондырғыларды орналастыру тығыздығының артуына байланысты химиялық өндіріс кәсіпорындарын тиімді өртке қарсы қорғанысы мәселесі өзекті болып табылуда. Берілген нысандардың ерекшелігі, оларда сұйық және газ түріндегі өрт қауіпті заттардың көп көлемде қолданылуы.

Қарастырылып отырған тапсырманың өзектілігі еліміздің барлық нысандарына өртке қарсы қорғаныс мақсатында өрт сөндіру үшін тиімді көбіктүзгіштің пайдалану талаптарын анықтау болып табылады.

Қазіргі уақытта жанғыш сұйықтықтардың теориялық талдауын жасау кезінде жану механизмін күрделі құбылыс ретінде қарастыратын әр түрлі модельдерді ұсынады. Жану үрдісі ағымының заңдылықтары туралы толық ақпаратты сұйық және газ тәрізді реагенттерге арналған ауысу жүйесінің сандық шешімі кезінде алуға болады. Сонымен қатар, мұнай өнімдерінің турбулентті жануын зерттеу барысында әрекет ететін газдың ауыспалы тығыздық еркін конвективті ағымындағы турбулентті алмасу коэффициентін табумен байланысты физикалық сипаттағы қиыншылықтар туындайды. Осыған байланысты, жану үрдісінің негізгі сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін мұнай өнімдерінің жану есебінің аналитикалық әдістері үлкен маңыздылыққа ие болады.

Химиялық өндіріс кәсіпорындарындағы өрттердің даму шарттарын және оның салдарын болжау шешімі адам өмірін сақтау мен материалдық шығынды азайтуға тікелей қатысты екендігін ескерсек, бұл мәселе айтарлық өзекті болып табылады.

Өндіріс және аррнайы тағайындалу нысандарының өрт қауіпсіздігі олардың өрт автоматикасы техникалық құралдарымен жабдықталуына тікелей байланысты. Нысандағы бұл жүйелердің қосындысы нысандық өрт қауіпсіздігінің инженерлік жүйесін құрайды. Соңғысының құрамына өрт сигнализациясының, өрт сөндірудің, адамдарды хабарлау мен эвакуациялау, түтін жою және ауа беру автоматты жүйелері, өртке қарсы су құбыры жүйелері және т.б. кіруі мүмкін. Нысан үлкен болған сайын оның өрт қауіпсіздік жүйесі де күрделі болып келеді. Мұндай жүйені басқару әр түрлі жағдайларға әсер ететін жүйелерсіз, қызмет атқарудың нақты алгоритмісіз жүзеге асыру мүмкін емес.



Қазақстанда өрттерді сөндіру үшін жалпы тағайындалудағы деп аталатын дәстүрлі көбіктүзгіштерді қолданады. Мұндай көбіктүзгіштер төмен, орта және жоғары қысқалықты көбіктерді, сондай-ақ сумен жақсы араласатын органикалық тұрғыдағы қатты жанғыш материалдары сөндіруге арналған араластырғыш қоспаларды алуға жарамды. Төмен және орта қысқалықты көбіктерді сумен әрекеттеспейтін қатты жанғыш материалдарды, және де полярлы емес жанғыш сұйықтарды (мұнай, бензин, мазут және т.б.) сөндіруге қолдануға болады. Жалпы тағайындалуға арналған көбіктүзгіштерді қолдану кезінде өрт сөндіруге орта қысқалықты көбікті пайдалану дұрыс деп есептеледі. Жоғары қысқалықты көбіктер, орта қысқалықты көбіктермен бірге жабық бөлмелердегі өрттерді оларды толтыру әдісімен сөндіруге (мысалы, мұнай мен мұнай өнімдерінің сорғыш бөлмесі) қолданады (көлемді өрт сөндіру). Өкінішке орай, олар полярлы сұйықтықтарды (спирт, ацетон, қоспалық сұйылтқыштар және т.б.) сөндіруге жарамсыз және мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған үлкен резервуарлардағы өрттерді сөндіруге тиімсіз. Соңғы айтылған жағдайда өрт кезінде резервуар конструкциясы бөлігінің жанғыш сұйықтыққа батып кетуі кезінде проблема пайда болады: жабық аймақтар пайда болады («қалташалар»), ол жерге өрт сөндіру затын беру өте қиын. Жалпы қолдануға арналған көбіктүзгіштердің тағы да бір айтарлықтай кемшілігі – көбік қоспасын дайндауға қолданылатын судың қаттылығы көбейген жағдайда көбіктүзгіш мүмкіндігінің және көбіктің өрт сөндіру тиімділігінің айтарлықтай нашарлауы, көбінесе бұл жағдай теңіз суын қолданғанда орын алады. Мұндай кезде осындай шарттарға жарамды көбіктүзгіштерді қолданған жөн. Қорытындысында, жалпы қолдануға арналған көбіктүзгіштерге қарағанда жұмсалатын шығын көлемі төмен болады. Жанғыш сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағы өрттерді сөндіру кезінде су қоспаларынан дайындалатын белгілі көбік түзгіштер тиімділігінің төмендігі зерттеушілерді олардың тиімділігін арттыру сұрағын қарастыруды талап етті. Осылайша, алғашқы қабық түзетін көбіктүзгіштер пайда болды, әрі қарай арнайы резервуарлардағы өрттерді сөндіруге қолданылды және де барлық дамыған елдерде қолдау тапты. Қабық түзетін көбіктүзгіштер өртті тек сөндіріп қана қоймай, өрт кезінде қызған металл конструкциялардың әсерінен оның қайталанып жануына мүмкіндік бермейді. Төмен қысқалықты қабық түзетін көбіктүзгіштер орта қысқалықты көбіктүзгіштерге қарағанда әлдеқайда тиімді екендігі анықталды, және оларды бірнеше ондаған метр қашықтыққа дейін беруге болады. Қабық түзетін көбіктүзгіштер жанғыш сұйықтық бетімен тез таралады және «қалташалардағы» өрттерді де сөндіруге мүмкіндік береді.

         Берілген дипломдық жобада «Рауан»ЖШС (Атырау қаласы) өндірген фторсинтетикалық көбікті жанғыш сұйықтықтарды сөндіру үшін қолдану сұрағы қарастырылады. Көбік алу үшін қажетті тиімді көбіктүзгіштерді дұрыс таңдау көбіктүзгіш үнемділігімен және өртті жою уақытының айтарлықтай қысқаруымен түсіндіріледі – бұл нысанда орын алуы мүмкін жарылыстың, адамдар шығынының алдын алу. Жанудың апаттық көлемдерге дейін дамуын болдырмау әрқашанда маңызды.

Өрт сөндірудің экологиялық аспектілері табиғат және қоршаған орта үшін аса маңызға ие.

Химиялық өндіріс нысандарының өрт қаупі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы дамуды және өртке қарсы қорғаныстың заманауи жүйелерін құруды, сондай-ақ өрттің шығуына кедергі келтіретін ұйымдастыру және инженерлік іс-шараларды өткізуді талап етеді.

Химиялық заттарды сақтау орындарын пайдалану қауіпсіздігі жобалау, дайындау, салу және пайдалану кезінде қарастырылуы қажет. Бұл қабылдау-тапсыру және пайдалану құжаттарының талдауы мен қолданыстағы кәсіпорында апаттардың шығу себептерінің талдауы кезінде әзірленеді.

Бұл жағдайлар дипломдық жобаның тақырыбын, мақсатын мен тапсырмаларын анықтады.




    1. Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмалары

Дипломдық жобаны орындау бойынша жұмыс көлеміне келесі тапсырмалар кіреді:

1) Нысан өрт қауіптілігінің талдауы.

2) «Рауан» ЖШС (Атырау қаласы) өндіретін көбіктүзгіштердің техникалық сипаттамаларына талдау жасау.

3) Фторлы және көмірсутекті көбіктүзгіштерден құралған көбіктердің от сөндіру тиімділігін салыстыру.

Дипломдық жұмыстың басты тапсырмасы: өрт сөндіру тиімділігі талдауының нәтижесі бойынша, спирт бетінде қабық түзу талаптарын сәйкес келетін әлдеқайда тиімді көбіктүзгіш құрамын анықтау қажет.

Берілген дипломдық жобадағы негізгі күтетін нәтиже: спирт жануын сөндіруде қабық түзетін көбіктүзгіштің жоғары мүмкіндіктері мен тиімділігін, суда еритін сұйықтықтарға тұрақтылығын анықтау.

Техникалық шешім барысында өрт сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ-ның өрт сөндіру бөлімінде жарақтануындағы көбіктүзгіштің орнына Рауан-6Ц КТ-ін қолдану тапсырмасы қойылады.

Дипломдық жобада берілген көбіктердің өрт сөндіру тиімділігі есебі әдісін шынайы уақыт шарттарында, сондай-ақ, мақсатты қолдануға арналған көбіктүзгіштердің суда ерімейтін сұйықтықтарды кез-келген шарттарда сөндіру кезінде тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық сынақтар кезінде қолдануға болады.

Өртті сәтті сөндіру көптеген факторларға байланысты, және де өрт сөндіруге қолданылатын көбіктүзгіш сапасының факторы да өте маңызды.

Осылайша, өндіріс масштабтарының артуы өзімен бірге өрт сөндіру құралдары кешенінің күрделенуін де алып келеді. Ал бұл өз кезегінде берілген бағыттағы мамандардың жауапты және мұқият жұмыс жасауын талап етеді.



    1. Көмірсутегі сұйықтықтарын көбікпен сөндірудің заманауи ахуалын талдау және өрттерді сөндіру кезінде көбіктерді пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша зерттеулердің бағытын таңдау

Көмірсутегі сұйықтықтарын сөндірудің нормативті құжаттарын және практикалық тәжірибеде көбікті қолдану талдауы нәтижесінде көбікті өрт сөндіру саласында мәселелер қатары анықталды.

Резервуарлық парктер, мұнай және мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғыш станциялар, құю-құйып алу эстакадалары, мұнай өңдейтін өндірістің технологиялық қондырғылары ең үлкен өрт қауіптілімен сипатталады.

Жанғыш және тез тұтанғыш сұйықтықтардың жануы – сұйықтықтардың жану температурасының жоғарылығымен және олардың бет бойынша таралуымен байланысты жиі кездесетін және өте қауіпті құбылыс. Ашық сыйымдылықтағы (резервуардағы), жер бетіне төгілген, аппараттер мен құбыр өткізгіштерден төгілген сұйықтық ағынының жануы жиі кездеседі. Өрттер жарылыстармен, жанғыш сұйықтықтың қайнауымен және бөлінуімен, құбыр өткізгіштер мен басқа да жабдықтардың деформациясымен және сыйымдылықтардың қирауымен сипатталады.

Өрт сөндіру стационарлық жүйелерінің болмауы немесе тиімсіз жұмыс жасауы кезінде, әдетте, өрт созылмалы сипатқа ие болады, және оны жою сипатқа ие болады, және оны жою күштер мен құралдар санының көп көлемін жұмылдыру қажет болады.

Жабдықтардың тозуы мен технологиялық операциялар көлемінің ұлғаюына байланысты өрт қауіптілігі тұрақты түрде артады. Сонымен қатар, соңғы жылдары резервуарлық шаруашылықтарды күшейту мен дамыту, резервуар көлемін арттыру тенденциясы артып келеді.

Заманауи шарттарда резервуар сыйымдылығын шектеу және олардың арасындағы қауіпсіз ара-қашықтық секілді пассивті өртке қарсы қорғау шаралары өзінің мәнін жоғалтуда. Жалғыз резервуарлардың саны артуда, ал парктің құрылыстағы резервуарлар арасындағы ара-қашықтық орналасқан ауданды үнемдеу есебінен орнатылады.

Аталған тенденциялар кәсіпорынның өрт қаупінің артуына әкеп соғады. Ол өз кезегінде белсенді өртке қарсы қорғау жүйелерін қолданумен жойылуы мүмкін.

Сонымен қатар, көбікті өрт сөндірудің нормативті қамтамасыздандыруы өрт күзеті қызметкерлері қатарынан көп сұрақтар туғызады, себебі, көбікті пайдалануға қарам-қайшы талаптар қоятын құжаттар саны көп, және де өрт сөндіру кезінде жұмсалатын көбік шығыны нормативті мәндерге сәйкес келмейді.

Өзектілікті қажет ететін соңғы жылдардағы теориялық және сынақтық зерттеулердің нәтижелері қолданыстағы нормативтік құжаттарда көрсетілмеген.

Анықталған мәселелер көмірсутегі сұйықтықтарынт көбікпен сөндіру тиімділігін арттыру және оны жоспарлауға негіз құру бойынша ғылыми зерттеулердің перспективі бағыттарын анықтайды.



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет