Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті



жүктеу 427.01 Kb.
бет1/3
Дата01.05.2016
өлшемі427.01 Kb.
  1   2   3
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

2014 жылға арналған

ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметтік жұмысының аналитикалық анықтамасы

Өскемен қаласы,

желтоқсан, 2014 жыл

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі 2014 жылы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жалғасты және реттеуші құжаттар негізінде орындауға негізделді, бұл ретте өткізілетін шаралар қалыптасқан жедел жағдайға байланысты басымдылық анықталды.


Төтенше жағдайлардың қысқаша салыстырмалы талдауы
Есеп беру мерзімінде облыста 1971 төтенше жағдай және оқиғалар тіркелді және олардың саны 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,7%-ға артқан (2013 жылы - 1800 жағдай). Олардың ішінде ТЖ 177 жағдайды құрады, ол 2013 жылмен (159 жағдай) салыстырғанда 10,2% артқан. Онда 111 адам қаза болды, 2013 жылдың (116 адам) салыстырмалы кезеңінен 4,3% кем. Сонымен қатар 14 бала қаза болды, ол 2013 жылдың (8 бала қаза болған) осы кезеңімен салыстырғанда 42,9 % артқан.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 117 оқиға, оның ішінде 49,6 % (58 оқиға) тұрмыстық және өндірістік өрттер құрайды.

2013 жылғы осы уақытпен салыстырғанда техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 14 оқиғаға артқан (12%), бұл 103 оқиғаны құрады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны ТЖ жалпы санының 60 оқиға немесе 33,7 % құрады (2013 жылғы есептілік кезеңімен салыстырғанда 4 оқиға немесе 6,7 % көп, 56 оқиға), табиғи ТЖ 55 адам мерт болды (2013 жылмен салыстырғанда 12 адам немесе 21,8 %, 43 адам).

Облыстағы ТЖ мен оқиғалардың негізгі бөлігі өрттерге келеді. Өткен кезеңдегі өрттермен жағдай мынадай көрсеткіштермен сипатталды:

- 1722 өрт тіркелді, 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,5% азайды ( 1576 өрт);

- өрттерден келген материалдық шығын 195 млн. 790 мың теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 есе азайды (2013 жылы – 693 млн. 062 мың теңге);

- өрт кезінде қаза болғандар саны 62 адамды құрады, ол былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 21 % азайған (2012 жылы - 79 адам), бұл ретте өрттерде 43 адам мерт болды, 2013 жылғы осы кезеңде 29% құрады (2013 жылы – 61 мерт болған);

- жарақаттанғандар саны 2013 жылғыдай 49 адамды құрады.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2202 шығуға барды, 977 адам, соның ішінде 325 бала құтқарылды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызмет тиімділігін арттыру мәселесіне қатысты Департамент қызметтің барлық бағыттары бойынша айтарлықтай іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.

Жаңа әдістемелік нұсқауларға сәйкес ШҚО ТЖД 2014 жылға арналған Жоспарын орындау үшін аймақтардың, акваторийлердің қауіпсіздік паспорттары, ТЖ қаупі каталогы өңделді. Көшкін-, сырғыма-, сел учаскелерінің паспорттары ТЖАБ түзетілді.

Мемлекеттік басқару органдарының арасында өкілеттіліктіреді жіктеу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының аясында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін әрі қарай жетілдіру мақсатында және 2013 жылғы 9 желтоқсандағы облыстық бюджеттік космиссиясының шешіміне сәйкес 2014 жылы Департаментке «Облыстық көлемдегі төтенше жағдайлардың алдын алу» 004 бағдарламасы бойынша сомасы 27 411 миллион  118 мың теңге қаражат мақұлданды, соның ішінде:

- су тасқынына қарсы іс-шаралар – 625 мың теңге (ыдыс-қаптарды сатып алу);

-үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу – 2 милион  718 мың теңге;

- инженерлік және арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу– 13 миллион 520 мың теңге;

- ғарыш мониторингі қызметтері үшін төлемдер – 8 миллион 587 мың теңге.

Бұдан бөлек, 2014 жылға облыстық бюджет параметрлерін нақтылау аясында 002 бағдарламасы бойынша (күрделі шығындар), сомасы 68 миллион 715 мың теңге қаражат мақұлданды, соның ішінде:


  • сомасы 67 миллионов  015 мың теңге мөлшерінде көлік құралдарын сатып алу (жол талғамайтын Нива Марш 2 бірл., қар кешкіш 1 бірл., УАЗ-315196 5 бірл., Шевроле Нива автокөлігі 6 бірл., Кия Соренто 1 бірл.);

- сомасы 1миллион  700 мың теңге Рупор-8 телефон жүйесін сатып алу және монтажы) .

Жалпы 2014 жылғы Департамент бюджеті жергілікті бюджет есебінен 96 126 миллион  833 мың теңгені құрды, 2013 жылмен салыстырғанда 2,9 есеге өсті (2013 жылы - 35 миллион  138 мың теңге)



ТЖ мониторингі.

«Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК филиалымен гидрометеорологиялық ақпаратты ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге 2014 жылғы 08 қаңтардағы № 1 келісімшарт, облыс аумағындағы су тасқыны және өрт жағдайының ғарыш мониторингіне шарт жасасты.

Гидрологиялық ахуал туралы шұғыл ақпаратты алу мақсатныда 39 гидробекет, 29 метеобекет іске қосылды. Метеобекеттер байланыс құралдарымен және автокөліктермен жабдықталды.

Қысқа дайындалу.

Облыс Әкімінің шешімімен мыналар бекітілді:

«Тіршілікті қамтамасыз ету объекілерін 2014-2015 жылдың күз-қыс мерзімінде тұрақты қызмет етуіне дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары» ;

«Облыс жолдарында қолайсыз ауа-райы жағдайы және төтенше жағдайлар кезіндегі жол ұйымдарының, ШҚО ішкі істер жеке құрамының және ШҚО төтенше жағдайлар департаменттері бөлімшелерінің, қалалар мен аудандары әкімдерінің, ШҚО мобилизациялық дайындық жөніндегі басқармасының іс-шаралар жоспары».

2014 жылдың қараша айында жұмыс топтары қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының қыс-көктем мерзіміне дайындығына тексеру жүргізді.

Дайындыққа келтірілген жылыту бекеттерінің саны – 39 бекет.

Жолдардың күртік қар басу қаупі бар учаскерелінде 5200 погон метр қар тоқтату қалқандары орнатылған.

Бүгінгі күні бюджет саласындағы барлық мекемелер және тұрғын үйлер толығымен жылумен қамтамасыз етілді. Бекітілген кестелерге сәйкес 2014 жылы ЖЭО 53 қазандық пен 14 турбинаға жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Дайындық деңгейі 94% қазандық пен 100% турбинаны құрады. Электр беру әуе желілерінің 3,5 мың км жөндеу жүргізілді. Көмір қоры 397 993,16 тоннаны, мазут - 2 828, 017 тоннаны құрайды.



Қар көшкінінің алдын алу.

Қар көшкінін түсіру жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін «Востоквзрывпром» ЖШС шарт жасасты.

2014 жылдың қыс кезеңінде өздігінен түстетін қар көшкінінің алдын алу жөніндегі 13 алдын алу жұмыстары жүргізілді. Түскен қардың жалпы көлемі 21800 метр куб., құрады, өздігінен көлемі 46529 м. куб 23 қар көшкіні түсті.

Қар көшкіні кезеңіне дайындалу, тұрғындарды, коммуникацияларды және шаруашылық ету объектілерін табиғи катаклизмдердің өтуінен уақытылы қорғау мақсатында облыс бойынша 4 ПЭУ 24 қар өлшегіш- қар көшкіні бағдарын дайындады.

«Күн сайын «Қазселденқорғау» ММ филиалының бақылаушылары учаскелерден Өскемен қ., диспетчерлік бекетіне түскен қалдықтар, қар жамылғысы құрылымының жағдайы және ауа-райы жағдайы туралы ақпаратты беріп отырады.

Ағымдағы жылы 25 дана мөлшерінде қар тосқауыл қалқандары орныталды.

2014-2015 қар көшкіні кезеңінің алдында аудан әкімдеріне, ұйым басшыларына және жеке меншік объектілері мен құрылыстары ТЖ аудандары мен аймағында орналасқан үй иелеріне 39 дана көлемінде ұйғарымдамалар мен хабарлау хаттар берілді.

Селдердің, сырғмалардың алдын алу.

«Қазгидромет» мамандарының және ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен Катонқарағай ауданындағы Сарымсақты өзенінің бассейніндегі, Громотуха өзенінің бассейніндегі сел жүру қаупі бар учаскелеріне кешенді тексеру жүргізілді.

Филиалдардың жоспарына сәйкес жыл басынан бері қар көшкіні кезеңінде 219 тексеру жүргізіліп, актілер құрылды. Опырылу жағдайлары бойынша 17 және сырғыма жағдайлары бойынша 36 тексеру жүргізілді.
Су тасқыны
Су тасқыны және су басуы ықтимал қауіпті учаскелерді анықтау үшін мониторинг жүргізіліп, ТЖ алдын алу бойынша инженерлік қорғау жұмыстарын жүргізуді талап ететін жерлер зерделенді. Жалпы облыс бойынша су тасқыны, су басу және өзге де табиғи сипаттағы қауіп-қатерлердің туындауы мүмкін 91 қауіпті учаске бар. Тәулік сайын 39 гидробекеттен негізгі өзендер мен су қоймаларындағы су қорының жағдайы туралы ақпарат түсіп отырады.

Су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалу үшін «2014 жылдың көктем мезгілінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары туралы» облыс әкімдігінің 12.02.2014 ж., № 30 Қаулысы қабылданды. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне елді мекендерді инженерлік қорғау бойынша жұмыстарды өткізуге ақша қаражатын жоспарлау қажеттігі туралы тапсырма берілді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын орындау барысын зерделеу үшін 4 жұмыс тобы құрылды, 2014 жылдың қараша айында олар 2015 жылдың көктем мезгілінде төтенше жағдайлар туындайтын қауіпті жерлерге тексерулер жүргізді, олардың қорытындысы бойынша актілер мен ұсыныстар құрылып, шара қабылдау үшін әкімдіктерге және тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

Ақша қаражатының есебінен 11 қала мен ауданның аумағында 2014 жылдың көктем-жаз кезеңінде 32 елді мекенде су тасқынын болдырмауға мүмкіндік берген, 26 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен және аймақтың экономикалық шығынға ұшырамауына жол берген су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Облыста 203 су шаруашылығы объектілері бар, оның:

- 26 д., жеке меншікте және өндірістік, аул шаруашлық және рекреациялық және өзге де мақсаттарда қолданылады;

-70 ГТҚ – республикалық меншікте;

-107 ГТҚ - коммуналдық меншікте, оның 102 д., - «Шығыс су қоймалары» КМК теңгерімінде, ал 5 қалалар мен аудандардың әкімдіктерінің теңгерімінде. 2011-2013 жж., аралығында облыстық бюджеттен «Шығыс су қоймалары» КМК барлығы 546 млн. теңге бөлінді (бұл қаражат: паспорттар мен Пайдалану ережелеріне, көп факторлы тексеру жүргізуге, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жұмсалды).

Алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында және мұз кептеісін бұзған кезде жарылыс жұмыстарын орындау және мұзды қопсыту үшін «Востоквзрывпром» ЖШС ниет шарттары, «ШҚО авиабөлімшесі» КМҚК, гидрометеорологиялық ақпаратты ұсыну бойынша қызмет көрсету үшін «Казгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК филиалымен шарттар, су тасқыны жағдайының ғарыш мониторингіне шарттар жасасты.

Облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің 2014 жылға қаржы резервтері 589 928,0 мың теңгені құрды. Соның ішінде, төтенше жағдайларды жоюға - 216 213,0 теңге және кейінге қалдыруға келмейтін шығындарға – 373 715,0мың теңге.

Облыс әкімінің 2014 жылға резерві 610492,0 мың теңге, Соның ішінде, төтенше жағдайларды жоюға - 202492,0 теңге және кейінге қалдыруға келмейтін шығындарға - 408000,0 мың теңге мөлшерінде бекітілді.

Облыстық материалдық-техникалық ресурстарының қоры, жалпы сыйымдылығы шамамен 600 адамға арналған шатырлы лагерь, 92 тн., ЖЖМ қоры құрылды. Жеке құрамнан 844 адам, 149 бірлік техника, 22 бірлік жүзу құралдары, 9 мотопомпа көлемінде ШҚО ТЖД күштері мен құралдарын топтастыру дайындыққа келтірілді.



Сейсмика. Қаржыландырудың болмауына байланысты қалалар мен аудандардың бөлімдері өз қызметі аясында объектілерге визуалды тексеру жүргізді (қалалар мен аудандардың жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімдері ТҮКШ – тұрғын-үй қоры объектілерін тексеру, білім беру бөлімі – білім беру объектілерін тексеру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері – әлеуметтік сала объектілерін тексеру, денсаулық сақтау бөлімдері – медициналық мекеме объектілерін тексеру, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері – мәдениет объектілерін тексеру).

Шығыс Қазақстан облысының аумағында сейсмокүшейтуді, сондай ақ іс жүзінде сейсмокүшейтуді талап ететін объектілерді тексеру қортындысы бойынша мыналар анықталды:

- іс жүзінде 98 өндірістік объектінің сейсмокүшейтілуі жүргізілді (1113,013 мың. ш. м.);

- сейсмокүшейтуді талап ететін объектілер саны - 1922 (1775,3 мың.ш.м.), соның ішінде: 344 білім беру объектісі, 148 денсаулық сақтау объектісі, 919 қоғамдық ғимарат, 511 өндірістік ғимарат;



- сейсмокүшейтуді талап ететін тұрғын үйлердің жалпы ауданы– 119209,5 мың.ш.м., соның ішінде 118266,6 мың.ш.м. – жеке меншік үй иеліктері, 942,9 мың.ш.м. – коммуналдық меншікте.

Визуалды тексеру қорытындысы бойынша ғимараттарға сейсмология саласындағы «ҚазСҚСҒЗИ» АҚ мамандандырылған кәсіпорынды тарта отырып, сейсмокүшейту бойынша қажетті іс-шараларды есептеумен, тереңдетілген егжей-тегжейлі техникалық тексеру жүргізу қажет, бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері қаражат қарастыруы тиіс. Объектілерге техникалық тексеру жүргізгеннен кейін, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті соманы белгілей отырып, бюджеттік тапсырыс құрылатын болады.





Өрт қауіпсіздігі.

Тексеру субъектілерінің өрт қауіпсіздігінің жоғары дәрежеде ұстау мақсатында және ҚР ТЖМ 2014 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, орман қорына жататын және орман аумағында орналасқан объектілерге, жылуэнергиясымен қамту объектілеріне, ҚР Ішкі істер министрлігінің объектілеріне, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің объектілерінің өртке қарсы жағдайына тексеру жүргізілді.

Сөйтіп, 2014 жылдың 12 айында мемлекеттік инспекторлар шаруашылық жүргізу субъектілеріне 2090 тексеру жүргізілді, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге 1635, 353 – тәуекел дәрежесі орташа, 102- төмен.

150 жоспарлы және 580 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 9 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Жол берілген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 1590 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 1527 сомасы 24 млн. 364 мың 958 теңге түрінде. Жалпы сомасы 20 млн. 866 мың 103 теңге мөлшерінде 1372 айыппұл өндірілді, ол салынған айыппұлдардың 90 % құрайды.

Тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу және 2014-2015 жылдарағы жылыту маусымында өрт кезінде адамдардың өлімін және жарақаттануын қысқарту мақсатында ұсыныстарды табыстай отырып, 154157 аулаларды аралау жүргізілді. Сондай ақ агитациялық материалдарды тарата отырып, тұрғындармен 14666 адамды қамтумен 285 жиын өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрттердің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, сөйтіп, 739 мақала жарияланды, талеарналарда эфирде 202 видеосюжет көрсетілді, радиода 499 сөз сөйлеу жүргізілді.Жаңа оқу жылының басынан бастап 152 облыс мектебін қамтумен 17 интерактивті сабақ өткізілді, оған 6732 бала қатысты.

Объектілерде жалпы 84759 адамды қамтумен өртке қарсы тақырыпта 15776 дәріс пен нұсқаулықтар өткізілді. Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде қалалық және аудандық ХҚКО теледисплейлерінде өрттердің және ТЖ алдын алу бойынша видеороликтер көрсетіліп жатыр. Сондай ақ тұрмысы нашар отбасылардың және әлеуметтік бейімделмеген азаматтардың тұратын жерлерінде түсіндіру әңгімелесулері жүргізіліп жатыр, сөйтіп, ШҚО ІІД қызметкерлерімен бірлесіп, олардың тұрғылықты жеріне 300 рейд ұйымдастырылды.

Объектілердің өртке қарсы жағдайы туралы мүдделі органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге 66 ақпарат жіберілді.

Объектілерді пайдалануды тоқтата тұру үшін Департамент бөлімшелері сотқа 108 талап арыз жолдады.

Департамент және оның құрылымдық бөлімшелері «Дөңгелек үстелдерді» өткізу аясында, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, облыстың шағын және орта бизнес қызметкерлері кәсіподағы өкілдерінің, «НұрОтан» ХДП, қаржы полициясы және прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты 26 кездесу ұйымдастырылды.



АҚ іс-шаралары

Бақылау субъектілеріне 20 тексеру жүргізілді:

- мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар -11 Соның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары – 3, орта – 1, төмен-7.

- жеке кәсіпкерлік субъектілері – 9, 9 – тәуекел дәрежесі жоғары.

Тексеру нәтижесінде ауыстырылды:

-тәуекел дәрежесі жоғарыдан тәуекел дәрежесі орташаға – 2 және тәуекел дәрежесі төменге – 8 бақылау субъектісі.

-тәуекел дәрежесі орташадан тәуекел дәрежесі жоғарыға– 1 және тәуекел дәрежесі төменге – 1 бақылау субъектісі.

-тәуекел дәрежесі төменнен тәуекел дәрежесі жоғарыға – 1 және тәуекел дәрежесі орташаға – 1 бақылау субъектісі.

Әкімшілік жауапкершілікке сомасы 77784 теңге мөлшерінде 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төмендегі анықталған бұзушылықтар үшін:


  • Азаматтық қорғаныс жоспарларының болмауы;

  • - Эвакуациялық іс-шаралар бойынша құжаттаманың болмауы;

  • АҚ бойынша объектілік жаттығулар өткізілген жоқ.

АҚ іс-шараларын бақылау бөлімі «Құрылыс жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы туралы нұсқаулыққа» ҚР ҚНмЕ 1.02.-01-2007 сәйкес төмендегі жобаларға техникалық талаптар және «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар» бөлімдері келісілді:

- «Аягөз қ., сумен қамту және суқайтарғы жүйелерінің инвестицияларын негіздеу»;

- «Өскемен қ., Грейдерная к., 1500 орынға арналған тергеу изоляторы»;

- «Өскемен қ., қуаттылығы 100000 тонна қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты»;

- «ШҚО басшылық құрамын басқару бекеті».

- «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ «Өскемен қ., және ШҚО-да толық циклды зауыт пен авто құрамдас бөліктерін өндіру технопаркі»


Суларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету
ШҚО су айдындарында бақытсыз жағдайларды алдын алу мақсатында 2014 жылдың басынан бастап мемлекеттік және ресми тілдерінде оқу мекемелерінде, ұйымдарда, кәсіпорындарда, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында келесі суда өзін-өзі ұстау және қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылды және жүргізілді:

- әңгімелесулер, лекциялар –3984, 121687 адамды қамтумен;

Соның ішінде мектепке дейінгі және БСЛ – 11625 баланы қамтумен 303 әңгімелесу;

- балықшылармен және суда демалушылармен нұсқамалар – 1151;

- оқушылармен тәжірибелік сабақтар – 121;

- телебағдарламалар - 109;

- бейнероликтердің саны және шығулар саны -6/32236;

- радиобағдарламалар – 28;

- мақалалар – 232;

- суда және мұзда өзін-өзі ұстау ережелері туралы плакаттар/үндеухаттар таратылды - 1339/7882 д.;

- мұздағы, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша бейнематериалдар – 132;

- судағы балалардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша оқу мекемелерінде ата-аналар жиналысының жұмысына қатысты – 94.

Жалпыхалықтық мерекелер, серуендер және жалпылық іс-шаралар жүргізу кезінде су айдындарындағы адамдар өмірін қорғау күшейтіледі. Солай, 2014 жылы алдын ала қала және аудан әкімдеріне ұсыныс хаттар жолданылды, 19-19.01.2014 жылы «Крещение Господне» мерекесін мерекелеу мерзімінде суға түсу рәсімін қауіпсіз жүргізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізілді. Суға түсу рәсімін 19 мың адамға жуық жасады. Төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жол берілген жоқ.

2014 жылғы 20-21 мамырда Орталық құтқару станциясы, БСПС, «Семей» СПС базасында ведомстволық құтқару посттарының жасақшы-құтқарушыларымен сабақтар өткізілді. Бұл жұмыс ММК суға шомылу маусымына дайындықты тексеру және суайдындарды тазалау және тексеру кезінде суға сүңгу бойынша жұмыстарды жүргізу процесінде жалғасты. Бүгінгі күні ММК иелерінің өтінімдері бойынша қосымша 74 жасақшы-құтқарушы дайындалды. Жағажайларда да қоғамдық тәртіп посттары мен алғашқы медициналық көмек пункттерін құру қарастырылды. 2014 жылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығында Суда-құтқару қызметінің қызметкерлерімен қалалық және аудандық комиссия құрамында демалу базаларын, балалар сауықтыру лагерьлерін, қоғамдық демалу және суға түсу орындарын суға түсу маусымына дайындық тақырыбына тексеру жүргізілді. Осы кезеңде Суда-құтқару қызметінің көмегімен және басшылығымен Суда құтқару қоғамымен жаппай суға түсу орындары акваторийлерін суда демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттардан тазалау және тексеру бойынша сүңгуір жұмыстары жүргізілді. Барлығы 144/23 ММК тексерілді, дайын болып 84/23 ММК танылды, дайын емес 60 ММК (бөлгіште балалар сауықтыру лагерьлерінің жаппай суға түсу орындарының саны көрстілген).

2014 жылғы 21-нен 27 шілдеге дейін Алакөл көлінде «АлакөлАлаулары» Халықаралық жастар жазғы лагерін дайындау және өткізу кезінде судағы қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

2014 жылғы 1-нен 3 тамыз аралығында дайвинг бойынша Халықаралық жарысты дайындау және өткізу кезінде.

2014 жылғы 14 тамыз бен 15 тамыз аралығында «Действия экипажей, подразделений и частей при форсировании водных преград с ходу в брод и на плаву» тақырыбына «Шығыс» аймақтық командованиясының әскери бөлімдерінің командирлерімен сабақ жүргізу кезінде қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

2014 жылғы 16 тамызда Өскемен ГЭС ауданында Ертіс өзенінде өткізілетін 13 облыстық Құрдақ оқуларын жүргізу кезінде.

«Қызыл Ту» Күршім мұз өткелінің және басқа мұз өткелдері мен өткелектерінің жұмысына жүйелі бақылау жүзеге асырылады. Өткелге тыйым салынған орындарда тыйым салу белгілері қойылды. 2014 жылғы 20 наурызда «Қызыл Ту» мұз өткелі көктемгі жылынуға байланысты жабылды.

Мектептерде және балалар үйлерінде суда апат көргендерге көмек көрсету тәсілдерін жария ету және зерделеу мақсатында ШҚО ТЖД Суда-құтқару қызметінің қызметкерлері жағынан белсенді көмек көрсету кезінде және ЦСПС базасында су-құтқару көпсайысы бойынша 33 спорт жарыстары мен конкурстары өткізілді.

Жыл басынан бастап білім беру, спорт және дене шынықтыру басқармасы мен ШҚО ТЖД СҚҚ бірге жүзудің алғашқы машықтарына 16 жасқа дейінгі 1078 бала үйретілді.
Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою бойынша іс-шаралар тиімділігін арттыру, ТЖМ күш пен құралдарын дамыту
ШҚО ТЖД бастығымен Шығыс Қазақстан облысында іздеу және құтқару ауданында іздеу-құтқару операциясын (жұмыстарын) ұйымдастыру және жүргізу бойынша жоспар әзірленді, келісілді және бекітілді.

Департамент бөлімшелері «Весна-2014» РКШОЖ, «Талая вода», «Қорғау-2014» штабтық жаттығуға қатысты. «Жер-2014» РКШОЖ дайындық жүргізілді және жүргізілуіне қатысты. «Антитеррор-2014» антитеррорлық операциясын, сонымен қатар 4 аудандық штабтық жаттығу жүргізу кезінде іске қосылған бөлімшелердің іс-әрекетін өтеуге қатысты. Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы және Ресей Федерациясы Алтай өлкесі (Ключи ауданы, «Лессервис» ООО аумағы) шекаралық аумағында орманды-далалы өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығуларға қатысты.

Ағымдағы жылы қалалық және аудандық шұғыл әрекет ету жасақтарымен 14 жаттығу өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық космос агенттігінің ұсынылған кестелеріне сәйкес «Байқоңыр» космодромынан ракета тасығыштарды ұшыру кезінде авариялық-құтқару қызметтерінің күш пен құралдарын жоғары дайындыққа келтіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды, сабақтар мен жаттығулар жүргізіледі. «Байқоңыр» космодромынан ракета тасығыштарды ұшыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тартылатын ШҚО ТЖД бөлімшелерінің дайындығына тақырыптық тексеру жүргізілді.

Верх-Уба а. «ЖҚ» қоймасы аумағында жеке құрам мен техниканы қабылдау бекеті түгенделіп, тәжірибелік қанат жайылды, онда ЖҚТҚБ әкімшілігінің құрамына енгізілген ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ кадрлық құрамын қатыстырылды, фнукционалдық міндеттері зерделенді. Бородулиха ауданының 51-ӨСБ «ЖҚ» қоймасындағы тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізілді.

Жауынгерлік дайындық жоспары бойынша бөлімшелердің басшы және жеке құрамымен тәжірибелік өзара іс-әрекетті өтеу және жедел шеберлікті жоғарылату мақсатында 1089 өрт-тактикалық сабақ және 97 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Өрт сөндіру қызметінің Кәсіби даярлық мектебі 389 қызметкер дайындады және шығарды, оның 163 қызметкері алғашқы дайындықтан өтті.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет