Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №9 нормативтік қаулысы



жүктеу 23.09 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі23.09 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 95d7dec52b48ff704625707b0039e62d -> $FILE
$FILE -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
$FILE -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №11 нормативтік қаулысы
$FILE -> Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Аралық соттар туралы»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

9 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ




23 желтоқсан 2005 жыл Астана қаласы

Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы
Жылу және электр қуатын тұрмыстық мақсаттарда тұтынғаны үшін берешектерді өндіру туралы заңдардың нормаларын сот тәжірибесінде қолдану мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - АК) сәйкес, қуатпен қамтамасыз ету шарты көпшілікке әйгілі жария шарт болып табылады. Қуатпен қамсыздандырушы ұйым мен абонент арасында энергиямен жабдықтау жеке шарты жасалуы мүмкін, осы шарттың талаптары жария шарттың талаптарына сәйкес болуы керек.

2. Тұтынушы пайдаланылған қуаты үшін өз уақытында ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда қуатпен қамтамасыз етуші ұйым қарызды өндіруді және заңды айып төлеуді талап етуге құқылы (АК-нің 295-бабының 1-тармағы).

3. Ауыртпалық деп «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күші бар Жарлығының 1-бабының 4 ) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды шектеуді, соның iшiнде оған үшiншi тұлғалардың белгiлi бiр құқықтарының болуын, мүлiкке тыйым салынуды - мүлік ауыртпалықтары деп түсінген жөн.

Тұрғын үйді сатушының пайдаланған қуаты үшін берешегі болса, онда ол - ауыртпалық болып табылмайды, сондықтан мәміле негізінде тұрғын үйге меншік құқығын басқа тұлғаға беру кезінде, егер көрсетілген мүлікті иеліктен шығару туралы шартта өзгеше көзделмесе, берешекті өтеу сатушының міндеті болып табылады.

4. Қуатпен қамтамасыз ету шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша талап қоюдың жалпы мерзімі белгіленген. Азаматтар электрмен жабдықтау шарты бойынша тұтынылған электр қуатының ақысын ай сайын төлеуге міндетті, сондықтан абоненттің міндеттемелері бойынша талап қою мерзімінің өтуі тұтынылған қуат үшін ақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімі аяқталған сәттен басталады.

5. Егер азамат заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қуатпен қамтамасыз ету шартындағы тараптың бірі болса, (АК-нің 19-бабының 3-тармағы), сондай-ақ заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнінен өзгешелік туындамаса, онда коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейтін ережелер қолданылады.

Егер құқықтық қатынастардың мәнінен тұтынылған қуатты жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметі үшін пайдаланбаған болса, онда ол қуатқа ақы төлеу міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған осы қуатты тұрмыста пайдаланған азамат ретінде жауапкершілік алады.

6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының судьясы,

жалпы отырыс хатшысы Ж. Бәйішев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет