Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасынан



жүктеу 43.21 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі43.21 Kb.
: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

қадағалау алқасынан
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік маңызы басым мақсат үшін бөлінген жер өз мүддесі үшін қызмет ететін жеке тұлғаға заңсыз берілгендіктен сот қаулысы бұзылды

( істен үзінді)
Кербұлақ ауданының прокуроры “ Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (“ Алтынемел” МҰТП) мүддесін қорғап Кербұлақ ауданы әкімінің 1999-жыл, 11-қарашадағы “Қамқор-3” ЖШС-не 0,5 гектар жерді жеке меншігіне және тұрақты пайдалануға 19,5 гектар жерді беру туралы N417 шешімін және аудандық жер ресурстары жөніндегі комитеттің “Қамқор-3” ЖШС-не осы көрсетілген участкелерді тұрақты пайдалану құқығын беретін, N 0013895 актісін заңсыз деп тануды сұрап сотқа арыз берген.

Кербұлақ аудандық сотының шешімімен жоғарыда көрсетілген іс бойынша прокурордың арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алматы облыстық сотының шаруашылық істер жөніндегі алқасының ұйғарымымен аталған шешім бұзылып, Кербұлақ ауданы прокурорының арызын қанағаттандыру туралы кассациялық шешім қабылданған.

Алматы облыстық сотының қадағалау алқасының қаулысымен кассациялық сатының сот актілері өзгеріссіз қалдырылған.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен кассациялық және қадағалау сатыларының сот актілері бұзылып, соттың бірінші сатысында қабылданған шешім өзгеріссіз қалдырылған.

“Алтынемел” МҰТП-нің бас директоры қадағалау шағымында көрсетілген актілердің бұзылуына Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының процессуалдық және материалдық нормаларды дұрыс қолданбағаны себеп болды деп, алқаның 2004-жыл, 13-мамырдағы қабылданған қаулысын бұзып, кассациялық және қадағалау инстанцияларының сот актілерін өзгеріссіз қалдыруды сұраған.

Бас прокурордың бірінші орынбасарының іс бойынша келтірілген ұсыныстар қанағаттандыруға жатады деген қортындысын тыңдап, істегі материалдарды тексеріп, қадағалау алқасы шағым келтірілген қаулы төмендегі себептермен бұзылуға жатады деп тұжырымдайды.

Талдықорған халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің 1974-жыл, 19-қарашадағы шешімімен және оның негізінде шығарылған Кербұлақ халық депутаттары аудандық Кеңесінің 1975-жыл, 24-ақпандағы шешімімен “Басши” совхозының жерінен Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне тұрақты пайдалану құқығымен ғылыми базаның (биостанцияның ) құрылысы үшін аумағы 20 га учаске бөлінген.

ҚР Үкіметінің Талдықорған облысы “Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ұйымдастыру туралы” 1996-жыл, 10-сәуірдегі қаулысымен ұлттық парк құрылған. Осы қаулының 2-тармағына сәйкес “Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғат паркіне Кербұлақ ауданы жер пайдаланушыларының үлесінен 209 553 га қосымша жер учаскесі тұрақты пайдалануға берілген. Сонымен бірге “Алтынемел” табиғат паркіне берілетін Кербұлақ ауданының жер пайдаланушыларының тізбесі белгіленген.

Үкімет қаулысының N 2 қосымшасында жер учаскілерінде ұйымдастырылып отырған “Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің аумағын зоналарға бөлуге сәйкес, әртүрлі дәрежедегі шаруашылық қызметіне шектеулер қойылған. Осы қосымшада көлемі 20 га жер учаскесі бар Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті көрсетілген.

Кербұлақ ауданы әкімінің 11.11.1999-жылғы N 417 шешімімен Әл-Фараби атындағы Қаз МҰУ-дың жерінен жалпы 20 га жер учаскесі “Қамқор-3” ЖШС-не бекітілген. Осы жерден 0,5 га жер учаскесі жеке меншікке сатылған, ал 19,5 га қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін тұрақты пайдалануға берілген.

Кербұлақ ауданы әкімінің осы шешімі Үкімет қаулысына қайшы, өйткені бұл учаске ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін университетке бөлінген.

Қазақстан Республикасы Президентінің сол кезде қолданылып жүрген “Жер туралы” заңының (22.12.1995) 69-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы және биологиялық бағдардағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжірибелік талаптарының мемлекеттік қажеттілікке арналған бірінші топтағы ормандарының жерлерін қайтарып алуға ерекше жағдайларда ғана, халықаралық міндеттемелерді орындауға, учаскенің астынан бағалы пайдалы кен орындарының табылуына, жол салуға, электр қуаты желілері мен магистральды өткізу құбырларын тартуға, сондай-ақ, маңызды мемлекеттік мәні бар объектілер салуға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты ғана жол беріледі. Жеке тұлға Г.Красноюрченко және “Қамқор-3” ЖШС-нің қызметтері мемлекеттік маңызы бар басым мақсаттарды орындауға байланысты болмағандықтан әкімнің шешімі жоғарыда көрсетілген заң талабына қайшы.

Сол себепті кассациялық инстанцияның даулы жер учаскесі тек ҚР Үкіметінің қаулысымен бөлінуге тиіс деген тұжырымы дұрыс. Осыған байланысты Кербұлақ ауданы әкімінің 1999-жыл, 11-қарашадағы N417 шешімін заңды деуге болмайды.

Сонымен қатар, АІЖК-нің 388-бабы, 1-ші бөлігіне сәйкес, сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қадағалау шағымын, наразылығын беруге болады.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы “Қамқор-3” ЖШС-нің өкілі Г.Красноюрченко 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына бірнеше рет Алматы облыстық сотының шаруашылық істер жөніндегі алқасының 2001-жыл, 24-сәуірдегі шешімін бұзуды сұрап қадағалау шағымдар жолдаған, сондықтан шағым арыздың мерзімін қалпына келтіру туралы өтініші қанағаттандыруға жатады деп тұжырымдаған.

Алайда, істегі және қадағалау өндірісіндегі материалдар бойынша “Қамқор-3” ЖШС-нің облыстық соттың шығарған қаулысын бұзуды сұраған шағым арызы Жоғарғы Сот судьясының 2001-жыл, 2-шілдедегі қорытындысымен қанағаттандырусыз қалдырылғаннан кейін Жоғарғы Сот алқасына 2004-жылдың сәуір айында жолданған. Яғни, “Қамқор-3” ЖШС-і кассациялық шешім қабылдағаннан кейін үш жыл өткенде шағым келтірген.

Бұл тұрғыда Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының жауапкердің қадағалау шағым беру мерзімін қалпына келтіруі де жоғарыда көрсетілген Заң талабына сәйкес келмейді.



Осы айтылғандардың негізінде және АІЖК-нің 398-бабын басшылыққа ала отырып, қадағалау алқасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2004-жыл, 13-мамырдағы қаулысын бұзып, Алматы облыстық соты шаруашылық істер жөніндегі алқасының 2001- жыл, 24- сәуірдегі ұйғарымы мен кассациялық шешімін және осы соттың қадағалау алқасының 2002-жыл, 13-ақпандағы қаулысын өзгеріссіз қалдыруға, “Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қадағалау шағымын қанағаттандыруға қаулы етті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет