Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасынан



жүктеу 35.47 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі35.47 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

қадағалау алқасынан

Қадағалау сатысындағы сот сотта талқыланбаған фактілерді анықтауға құқылы болмағандықтан сот қаулысы бұзылды

(істен үзінді)
Н.Төлегенов Тараз қаласы N 2 сотының үкімімен ҚК-нің 120 -бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63-бабы қолданылып, 3 жыл сынақ мерзіммен шартты түрде сотталған.

Үкім Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылып, жәбірленуші К.Қыздарбекованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмаған.

Осы соттың қадағалау алқасының 2004-жыл, 25-маусымдағы қаулысымен де жәбірленушінің қадағалау шағымы қанағаттандырылмай, Төлегенов жөніндегі үкім мен апелляциялық қаулы өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2004- жылғы 8- қыркүйектегі қаулысымен аталған сот шешімдері өзгертіліп, Н.Төлегеновке ҚР ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігімен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жәбірленушінің шағымы қанағаттандырылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы істегі бар деректерді мұқият тексеріп және Қазақстан Республикасы Бас прокуроры орынбасарының істің мән-жайын баяндаған хабарламасын, наразылықты қолдаған қорытындысын, адвокаттың сотталушы Төлегеновтың мүддесін қорғаған сөзін тыңдап , Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысын келесі негіздермен бұзған.

Сот үкімімен Н.Төлегенов К.Қыздарбековаға күш қолданып, жыныстық қатынас жасағаны үшін айыпты деп танылған.

Жоғарғы Сот алқасы сотталушы Төлегеновке бірінші сатыдағы сот өте жеңіл жаза тағайындаған деп, жәбірленушінің шағымы бойынша сотталғанның жазасын шартты түрдегіден нақты түрге ауыстыруы негізсіз.

Бірінші сатыдағы сот іс бойынша жүргізілген басты сот талқылауында істің мән-жайын егжей-тегжейлі тексеріп , Төлегеновтың жасаған қылмысына заң тұрғысынан тиісті баға беріп, оның әрекетін ҚК-нің 120 -бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежелеген.

Сотталушы Төлегеновке тиесілі жазаның түрі мен мөлшерін белгілегенде сот оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотталмағанын, жастығын, жақсы жағынан мінезделетінін, айыбын мойындап, болған іске өкінгенін, жасаған қылмысы орта дәрежедегі қылмыстар санатына жататынын, істің басқа да нақты жағдайын ескеріп, ҚК-тің 52-бабында сипатталған жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып, оған жазаны қылмысына, жеке басына сәйкес дұрыс тағайындаған.

Сонымен қатар Жоғарғы Соттың қылмыстық алқасы қадағалау тәртібімен Төлегеновтың ісін қараған кезде, бірінші сатыдағы сот зерттемеген және үкімде көрсетілмеген деректерді, яғни жәбірленушінің дәрі ішіп уланғанын дәлелденген деп табуы заң талаптарына қайшы. Төлегеновтың қосымша жауабында ғана айыбын амалсыздан мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрағанын оның шын жүректен өкінгені деп санауға болмайды деген тұжырымдамасы да заңсыз. Өйткені қадағалау сатысының соты сотта талқыланбаған фактілерді анықтауға құқылы емес. Сондықтан сот алқасының қадағалау тәртібімен істі қарап, Төлегеновтың жазасын ауырлатуы негізсіз.



Осы айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 467-бабы, 6-бөлігінің 6-тармағын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы Жоғарғы Сот қылмыстық алқасының Төлегенов жөніндегі қаулысын бұзып, Тараз қаласы N2 сотының 2003-жыл, 1-қазандағы үкімін, Жамбыл облыстық соты апелляциялық алқасының 2003- жыл, 2- желтоқсандағы және қадағалау алқасының 2004-жыл, 25-маусымдағы қаулыларын өзгеріссіз қалдыруға, наразылықты қанағаттандыруға қаулы қабылдады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет