Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының



бет1/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ

СУДЬЯ КІТАБЫ


Астана 2005

Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясы Ғылыми Кеңесінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 9 шешімімен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, заң ғылымдарының докторы Қ.Ә.Мәмидің жалпы редакциясы бойынша әзірленген.

Авторлар ұжымы:

Сүлейменова Ұ.А. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты, авторлар ұжымының жетекшісі (1-3-тараулар, 1-кітап);

Абдоллаев С.Ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты (8-тарау, 1-кітап; 4-тарау, 2-кітап);

Бектұрова Г.Н. - баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің жетекшісі (9-тарау, 1-кітап; 5-тарау, 2-кітап);

Борисов В.М. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2-тарау, 1-кітап; 4-тарау, 2-кітап);

Исмаилов Е.Ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2-тарау, 2-кітап);

Жақыпов Б.Ү. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (4-тарау, 1-кітап);

Қошанов У.Қ. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі (3-тарау, 2-кітап);

Полторабатько Л.Г. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (5-6-тарау, 1-кітап);

Тоғымбетова Т.С. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы (1-тарау, 2-кітап).

«Судья кітабы» тәжірибелік оқу құралы судьялардың кәсіби дайындығын жетілдіруге, бірінші сатыдағы соттарда азаматтық және қылмыстық істерді қарау, сондай-ақ сот қаулыларын орындау кезінде туындайтын мәселелерді шешуде көмек көрсетуге арналған.

Оқу құралында іс жүргізу құқығының нормаларын қолданудың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының ережелерін, теориялық негіздерді қолдану арқылы азаматтық және қылмыстық істерді сотта қарауға дайындаудың, оларды бірінші сатыдағы соттарда қараудың, сот процесінің барлық сатыларында іс жүргізу құжаттарын ресімдеудің маңызды қырлары ашып көрсетіліп, үлгілер келтірілген. Сот қаулыларын орындау мәселелері бөлек тарауда қарастырылады, оларды зерделеу сот қызметінің пәрменділігін арттырып, судьяның сот төрелігін заң талаптарына сәйкес атқаруына көмектеседі.

Оқу құралын дайындауға USAID/IRIS қолдау көрсетті, кітаптағы пікірлер мен ақпараттар USAID/IRIS саясаты мен көзқарасын білдіруі шарт емес.

МАЗМҰНЫ


АЛҒЫСӨЗ 4

1-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ 5

ҚАУЛЫ 255

259





АЛҒЫСӨЗ



Қайрат Мәми,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

Уақыт талап еткен кітап
Сіздің қолыңыздағы Судья кітабы - өзінің мазмұны мен мақсаты бойынша тәжірибелік оқу құралы болып табылады. Осы басылымның жарық көруі уақыт талабынан туындап отыр. Соңғы жылдары заңнамалық тұғыр түбірінен өзгеріп, құқықтың жаңа салалары пайда болды, құқық қолдану үрдісі күрделілене түсті. Бұл судьялар қауымының алдына жаңартылған құқықтық өріске бейімделу тұрғысынан күрделі де жауапты міндеттер қойды. Сонымен қатар, осы кітаптың жарық көруі судьялар корпусының кадрларын дайындауға және оқып-үйретуге, судьялардың кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық саясаттың басымдығын бекітуге қосылған үлес болып табылады.

Оқу құралының авторлары сот төрелігінің теориялық мәселелеріне, құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ сот процесін жүргізудің іргелі қағидаларын ұстану мен пәрменді пайдалану мәселелеріне көңіл бөлу арқылы судьялар қызметінің аса маңызды қырларын барынша толық қамтуға тырысты. Істерді қарау, сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері нақты тәжірибеден алынған ұсыныстар мен мысалдар арқылы көрсетілген, олар: сотта іс қарауға дайындалуды, процесс жүргізуді, іс жүргізу құжаттарын және атқару ісін жүргізуді дайындауды қамтиды. Сот құжаттары үлгілерінің де зор іс-тәжірибелік көмегі бар.

Кітап бірлескен ұжымдық еңбектің нәтижесінде әзірленіп, Республика судьяларының кәсіби біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен ЮСАИД-тың «Орталық Азиядағы сот жүйелерінің дамуына көмектесу» деп аталатын бірлескен жобасын іске асыруға атсалысушы IRIS орталығы мен Жоғарғы Сот судьялары авторлар тобының күш салуының арқасында жарық көрді. Сондықтан да заңгерлер қауымы бұл еңбекті лайықты бағалап, қабылдайды және басылым судьялардың күнделікті жұмысындағы сенімді кеңесшісіне әрі көмекшісіне айналады деп ойлаймын. Сот жүйесінде еңбек жолын жаңа бастаған жас судьяларға іс жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру машықтарын меңгеруде аса пайдалы әрі керекті басылым болары сөзсіз.

1-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ



1-БӨЛІМ. БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
1-тарау. Бұйрық шығару
Бұйрық шығару – бұл даусыз талаптар бойынша жеделдетілген, уақытты үнемдеуді қамтамасыз ететін сот ісін жүргізу болып табылады, мұнда істер бойынша толық көлемде дәлелдеу көзделмейді және тараптарға хабарланатын және олардың түсініктемелері тыңдалатын сот процестерін өткізуге, сот отырысының хаттамаларын жүргізуге жұмсалатын шығындар болмайды.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, соттар негізінен заңның бұйрық арқылы іс жүргізу ережелерін дұрыс қолданады. Алайда, республика бойынша статистикалық деректерге сәйкес, қаралып жатқан істердің саны артып отырған кезде талап қою тәртібімен бұйрық берілу мүмкіндігіне қарамастан соттар шығарған бұйрықтар санының азаю үрдісі байқалуда.



Соттардың кейбір қателері:

  • АІЖК-нің 140-бабының талаптарына сәйкес, талапкерлердің арыздарын қарау үшін негіздемелердің бар екеніне қарамастан, жеңілдетілген тәртіпті қолданбау, мысалы:

  • салықтар бойынша бересіні есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптарды тараптарды шақыра және сотта іс қарауды жүргізе отырып қарау;

  • ажырасу туралы талап арыздарды алименттер өндіру туралы талаптармен бірге қабылдау, ал алимент туралы талаптарды бұйрық арқылы іс жүргізу бойынша мәлімдеуге болар еді, бұл бересінің борышкерде жасанды жолмен жиналып қалуын болдырмай, талапкер әйелдің алименттерді дер кезінде алуына мүмкіндік берер еді;

  • АІЖК-нің 140-бабына енгізілмеген талаптар бойынша бұйрықтар беру, мысалы:

  • борышкерлер борышты жазбаша түрде мойындамай тұрып, сомаларды өндіріп алу туралы сот бұйрықтарының берілуі, ал мұндай істерді қарау үшін ықтимал даудың болуы көзделеді;

  • борышкердің талапты танығаны туралы мәліметтердің жоқтығына қарамастан, ҚР АІЖК-нің 140-бабының талаптарын бұза отырып, нотариатта куәландырылмаған борыштық қолхат бойынша сот бұйрығының шығарылуы;

  • борышкердің қарсылығы болған кезде АІЖК-нің 140-бабында көрсетілген талаптар бойынша сот бұйрығының шығарылуы;

  • салықтар бойынша бересінің болуына байланысты өсімпұл мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы талаптардың қаралуы;

  • арызды қабылдаған кездегі іс-әрекеттерді ресімдеудің процессуалдық тәртібінің сақталмауы:

  • арызды қабылдау туралы ұйғарымда заңда көзделмеген бұйрық арқылы іс жүргізу әрекеттерін іске асыру туралы, мысалы, істі сотта қарауға дайындау, оны тыңдауға тағайындау, прокурорды хабардар ете отырып, тараптарды сотқа шақыру туралы көрсетіледі;

  • талаптық сипаты бар азаматтық істерге арналған, алдын ала әзірленген бланкілер пайдаланылады

  • сот бұйрықтарының мазмұны АІЖК-нің 146-бабының талаптарына әрқашан сай келе бермейді:

  • алименттерді өндіріп алу бойынша сот бұйрықтарында алименттерді ұстап қалудың қай жасқа дейін қолданылуының көрсетілмеуі жиі кездеседі;

  • сот бұйрықтары бұйрықтар деп аталады;

  • сот бұйрықтарында оларға қатысты шағым беру тәртібі мен мерзімдері әрқашан көрсетіле бермейді;

  • сот бұйрығын шығару салдарының сақталмауы:

  • сот бұйрығы көшірмесінің борышкерге тапсырылғаны туралы хабарламасыз жолдануы;

  • борышкерге бұйрықтың көшірмесінің жолданбауы;

  • іс өндірісінде сот бұйрығының түпнұсқасы қалдырылып, орындалу үшін оның көшірмесінің жолдануы;

  • борышкер сотқа өзінің қарсылығын жолдай алатын 10 күндік мерзім өтпей, өндіріп алушының қолына сот бұйрығын беру;

  • сот бұйрығын борышкердің алғаны туралы дерек болмай тұрып, сот бұйрығын шығарылған күні орындауға жіберу;

  • борышкерден жергілікті бюджеттің кірісіне мемлекеттік баж өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының бөлек данасын емес, сот бұйрығының негізінде жазылған орындау парағын жіберу, мұнда сот бұйрығының өзі орындау құжаты болып табылады, оның орындалуы үшін басқа қосымша құжаттарды ресімдеудің қажеті жоқ. Басқа орындау құжаттарынан өзгешелігі, сот бұйрығы – бірінші сатыдағы соттың тікелей орындау үшін жіберілетін қаулысы;

  • сот бұйрығын немесе мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы орындау парағын соттың орындауға тікелей сот арқылы жолдаудың орнына оны өндіріп алушыға тікелей беруі;

  • сот бұйрығының күші жойылған кезде өндіріп алушыға мемлекеттік бажды қайтарып беру;

  • сот бұйрығын қабылдаудан бас тартылған немесе оны қолға беру туралы арыз қайтарылған кезде өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баждың қайтарылуы туралы нұсқаулардың болмауы.

Соттардың АІЖК-нің 13-тарауының ережелерін бұзуы, осы институттың басты мақсаты мен міндеті – арыздарды бұйрық арқылы іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібімен қарап, бұзылған құқықтарды дер кезінде қорғауды қамтамасыз етпейді.
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері

Бұйрық арқылы іс жүргізуде: талапкер мен жауапкер деп аталатын тараптар болмайды, олар өндіріп алушы және борышкер деп аталады, бұл олардың арасындағы белгілі бір даусыз қарым-қатынасты баса көрсетеді. Бұйрық арқылы іс жүргізу мүдделі несиегер тұлғаның, арыз берушінің бастамасы бойынша қозғалады, ол арызды жазбаша нысанда береді.


Бұйрық беру туралы арыз түскеннен кейін судья мыналарды тексеруге тиіс:

  • қойылған талаптың сот бұйрығын шығаруға негіз болатын негіздемелердің егжей-тегжейлі толық тізбесіне жататын-жатпайтыны:

  • нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген талап;

  • жазбаша мәмілеге негізделген және жауапкер таныған талап;

  • төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделген талап;

  • әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер өндіріп алу туралы талап;

  • азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап;

  • қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап;

  • жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясының талабы;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап;

  • кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы (АІЖК-нің 140-бабы);

  • арыздың мазмұны мен нысаны заңның талаптарына сай келетін-келмейтіні, онда төмендегі деректемелердің көрсетілген-көрсетілмегені:

  • арыз беріліп отырған соттың атауы;

  • өндіріп алушының атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, заңды тұлғаның деректемелері;

  • борышкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, заңды тұлғаның деректемелері;

  • өндіріп алушының талабы және оған негіз болған мән-жайлар;

  • мәлімденген талапты қуаттайтын қоса тіркелген құжаттардың тізбесі;

  • егер мүлік талап етіліп отырса, оның құнының арызда көрсетілген-көрсетілмегені;

  • өндіріп алушының мемлекеттік бажды төлеген-төлемегені, бұл орайда оның «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 496-бабында көзделген жалпы ережелер бойынша есептелетіні және мүліктік сипаттағы арыздардан төмендегі мөлшерде өндіріп алуды белгілейтіні есте болуға тиіс:

  • жеке тұлғалар үшін-1%,

  • заңды тұлғалар үшін-3%

  • арыз қай тілде берілген, оған қоса тіркелген құжаттардың таңдалған тілге сәйкес келетін-келмейтіні, аударманың қажет-қажет еместігі.

Сот бұйрығы шығарылатын талаптарға және талап арыздың нысаны мен мазмұнына қатысты мына төмендегілермен толықтыру қажет:

  • нотариатта куәландырылған мәміле, бұл – жазбаша нысанда жасалған және нотариус немесе осындай іс-әрекеттерді жасауға уәкілеттігі бар басқа тұлға куәландырған мәміле. Егер мәміле нотариатта куәландырылуды талап етпесе, бірақ тараптардың келісімі бойынша осындай іс-әрекеттің жүзеге асырылуы көзделген болса, онда мұндай іс-әрекеттің жасалуы міндетті болып табылады.

  • жай жазбаша нысанда жасалған мәміле, бұл – мәміленің мәнісі келтірілген және мәмілені жасаушы тұлға немесе тұлғалар қол қойған құжатты жасау жолымен жасалған мәміле. Бұйрық беру туралы қойылған талаптың негізділігін бағалаған кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелерін басшылыққа алған дұрыс, онда осындай мәмілелердің жасалуына қойылатын талаптар және құқықтық салдарлар реттелген.

  • төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылық дегеніміз төлемнен немесе оның күнін белгілеуден толық немесе ішінара бас тартуды білдіреді. Аталған мән-жайды нотариус вексельге, акцептің болмауына немесе акцептің күні белгіленбеуіне наразылық нысанында растауға тиіс. Ең басынан бастап вексель иеленушінің төлем жасаушыға вексель бойынша төлемақы жасалатын төлемнің күнін көрсете отырып, төлемді акцептеу туралы талап қойып жолдануы қажет. Егер төлем жасаушы вексельді акцептесе, бірақ төлем жасаудан бұлтаратын болса, оның бас тартатынын да нотариус растауға тиіс. Аталған жайтты растайтын нотариаттық іс-әрекет вексельге қарсылық болып табылады, сонда құқықтық салдарлар пайда болады. Аталған іс-әрекет вексельдік қарым-қатынастарға қатысушылардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету үшін наразылық актісін жасау арқылы ресімделеді. Бұйрық беру туралы қойылған талаптың негізділігін бағалаған кезде судьялардың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің вексельдер бойынша міндеттемелерге байланысты мәселелерді реттейтін ережелерін басшылыққа алуы қажет. Сот бұйрықтары тек нотариаттық іс-әрекет арқылы наразылық білдірілген вексельдер бойынша ғана беріледі. Өндіріп алушы сот бұйрығын шығару туралы арыз берген кезде оны АІЖК-нің 141-бабына сәйкес ресімдеуге және нотариус жасаған наразылық актісін, нарызылық келтірілген вексельді қоса тіркеуге тиіс. Судья мәлімденген талаптың төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделген-негізделмегенін, вексельге наразылық жасаған кезде нотариустың заңның талаптарын орындаған-орындамағанын тексеруге тиіс.

  • кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер сот бұйрығының негізінде өндіріліп алынады. Заңмен көзделген негіздемелер болған жағдайда ата-анасы, әрекетке қабілетсіз жұбайы, кәмелетке толмаған балалары үшін алимент өндіріп алу туралы арыз, бір мезгілде әкелік анықтала отырып, алимент талап арыз тәртібінде қаралады. Бірақ егер әкелікті белгілеу туралы куәлік бар болса, онда алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдауға кедергі жоқ.. Егер борышкер мәлімденген талапқа қарсылық білдірсе немесе егер ол басқа атқару құжаттары (сот бұйрығы немесе орындау парағы) бойынша төлейтін болса, алимент өндіріп алу туралы арыз талап арыз тәртібінде қаралады. Кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мақсатында олар үшін алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын беру жөнінде арызды бала өзіне қалдырылған ата-ана, асырап алушы, баланың қамқоршысы немесе қорғаншысы, қамқоршылық немесе қорғаншылық органы, балалар үйі, прокурор бере алады. Бұйрық шығару ісі тәртібінде алимент өндіріп алу туралы талаптың негізділігін бағалаған кезде судья неке және отбасылық заңнаманың нормаларын басшылыққа алуы қажет. Сот бұйрығының негізінде кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер ақшалай сомада өндіріп алына алмайды, себебі бұл мәселенің шешілуі осындай өндіріп алуды заң байланыстыратын мән-жайлардың бар-жоғын тексеру қажеттігімен байланысты. Сот бұйрығын беру туралы арызға өндіріп алушы неке туралы куәліктің белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірмесін (егер неке бұзылған болса, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесін, егер тараптар некені тіркемеген болса, әкелікті белгілеу туралы куәліктің көшірмесін), алимент қай бала үшін өндіріліп алынатын болса, сол баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін; егер арызды қамқоршы немесе қорғаншы беріп отырса, қамқоршының немесе қорғаншының тағайындалуы туралы құжатты; алимент төлеуге міндетті тұлғаның еңбекақысының мөлшері және одан басқа орындау парақтары бойынша ұсталымдардың бар-жоғы туралы оның жұмыс орнынан алынған анықтаманы; балалардың арыз берушінің асырауында екені туралы анықтаманы қоса тіркеуге тиіс.

  • азаматтар мен заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша алашақты өндіріп алу есептелген айыппұлдарды емес, тек алашақ пен өсімпұлды ғана өндіріп алуды көздейді. Талаптар салық органдары тарапынан қойылады, бірақ та «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексте сот бұйрығын беру туралы сотқа осылайша арыз беру көзделмеген, себебі соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға болады. Арызды қабылдаған кезде судья заңмен аталған төлем түрі көзделген-көзделмегенін; азаматты аталған төлемді төлеуге тарту үшін заңды негіздемелердің бар-жоғын; өндіріп алатын орган азаматтарды төлем төлеуге тартудың заңмен белгіленген тәртібін сақтаған-сақтамағанын; егер азаматтың заң бойынша жеңілдіктерге құқығы болса, өндіріп алатын органдардың оларды назарға алған-алмағанын тексеруге тиіс. Сонымен қатар егер өсімпұл өндіріп алу туралы да талаптар қойылған болса, сот есепке жатқызылған қаражатты, жасалған есептерді мұқият тексеруге тиіс және тек сөзсіз негіздеме болған жағдайда ғана өсімпұл өндіріп алуға болады. Айыппұлдарды тек ӘҚБтК талаптарына сәйкес әкімшілік істің шеңберінде ғана өндіріп алуға болады.

  • есептелген, бірақ қызметкерге төленбеген еңбекақыны және басқа төлемдерді өндіріп алу жұмыс берушіден толық алынбаған ақшаны жылдам әрі іс жүзінде сұратып алдырудың мүмкін екенін білдіреді. Сотқа арыз беруші субъектінің талаптарын қарау ресімінің жеделдетілгеніне және бұзылған құқықтарының дер кезінде қалпына келтірілуіне байланысты сот бұйрығын беру туралы арыз беру талап арыз бергеннен гөрі дұрыс.. Сот бұйрығын беру туралы арызға қосымшада өндіріп алушы жұмыс берушінің берешегін даусыз растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. Осындай құжаттардың кейбір тізбесі мынадай: борыштың мөлшерін көрсете отырып, қызметкер алдында борышы бар екені туралы жұмыс беруші берген анықтама; еңбегінің ақысы істегеніне қарай төленетін қызметкерлер үшін есеп кітапшасы осындай құжат ретінде қолданылады, ол қызметкерде сақталады және кәсіпорынның әкімшілігіне еңбекақы бойынша жүргізілген есептерді жазу үшін және еңбек жағдайларының өзгеруі туралы немесе басқа деректерді жазып отыру үшін ұсынылады.

  • ішкі істер органының немесе қаржы полициясы органының жауапкерді немесе борышкерді іздеу бойынша шығыстарды өндіріп алу туралы қойған талабы борышкер іздеп табылып, жүрген жері анықталғаннан кейін қойылады және өндіріп алу мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылады. Іздеу салу өндіріп алушының арызының және ол бойынша шығарылған қаулының негізінде жүзеге асырылады. Осындай талаптар бойынша сот бұйрығын беру туралы арызға қосымшаға өндіріп алушы іздеу салудың негіздемесін және оның жарияланғанын растайтын деректерді қоса тіркейді.

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды тексергеннен кейін судья сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығарады. Бұйрық беру туралы арызды қабылдау туралы ұйғарымның шығарылуы АІЖК арқылы реттелмеген. Сотта азаматтық іс қозғау туралы жалпы ережелерге, арызды қабылдаудан бас тарту мен оны кері қайтару сияқты іс жүргізу әрекеттерін көздейтін АІЖК-нің 143-бабының ережелеріне сүйене отырып судьяның арызды қабылдау және сотта бұйрық шығару ісін қозғау туралы ұйғарым шығаруы біздіңше дұрыс.

Осындай ұйғарымның болмауы шығарылған сот бұйрығының заңсыз деп танылуына әкеліп соқпайды, бірақ ұйғарым шығаруға да АІЖК нормаларымен тыйым салынбаған. Керісінше, ұйғарымның болмауы, арызды қабылдаудың осы сатысының маңыздылығына судьяның назар аудармауы, біздің ойымызша, арыздың және оған қоса тіркелген құжаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша ұқыпсыздық болып табылатын ықтимал заң бұзушылықтар тізбегіне бастау болады.

Арызды қабылдаумен қатар, АІЖК-нің 13-бабының ережелерін және Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы «Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» № 12 қаулысының екінші тармағын ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындау қажет деп есептейміз, аталған құжатта азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тілі талап арыз қабылданған кезде айқындалады. Сонымен қатар, сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдау туралы ұйғарымда оның АІЖК-нің 140-142-баптарының талаптарына сәйкестігі туралы мәлімет болуға тиіс. Сот ұйғарымында осындай деректердің болуы судья АІЖК-нің 13-бабының барлық талаптарын орындады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, ал судьяға АІЖК-нің ережелерін дәл сақтауы турасында өзін өзі бақылауға мүмкіндік береді.

Сот бұйрығын шығару мерзімі АІЖК-нің 145-бабы бойынша арыз сотқа түскен күннен бастап үш күн деп белгіленгенін ескере отырып, бұйрықты шығарар алдындағы арызды қабылдау туралы ұйғарымды судья осы мерзімнен бұрын, бірақ белгіленген үш күннің ішінде шығаруға тиіс.

Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару

Бұйрық беру туралы арыздың түсуі әрқашан да оны қабылдау міндетті дегенді білдірмейді. Жоғарыда көрсетілген барлық деректемелер тексерілгеннен кейін судьяның арызды қабылдаудан бас тартуға, арызды кері қайтаруға құқығы бар.

Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан АІЖК-нің 153-бабымен көзделген, талап арыздар үшін белгіленген (АІЖК-нің 143-бабы) негіздемелер бойынша бас тартады.
Судья бұйрық беру туралы арызды қабылдаудан төмендегі жағдайларда бас тартады:


  • егер арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға және шешілуге жатпайтын болса;

  • егер заңды күшіне енген, дәл сол тараптар арасында, дәл сол дау нысанасы туралы және дәл сол негіздемелер бойынша қабылданған, талапкердің талап арыздан бас тартуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгерлік келісімін бекіту туралы (АІЖК-нің 153-бабы) соттың шешімі немесе соттың ұйғарымы болса.


Судья бұйрық беру туралы арызды төмендегі жағдайларда кері қайтарады:

  • егер талапкер дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін заңнама белгілеген тәртібін ұстанбаған болса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі жоғалмаған болса;

  • іс аталған соттың құзыретіне жатпаса;

  • арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берген болса;

  • арызға бұл үшін өкілеттігі жоқ тұлға қол қойған болса. Егер арызға өкіл қол қойған болса, оның өкілеттіктерін растайтын, АІЖК-нің 6-тарауымен (АІЖК-нің 141-бабы) белгіленген тәртіпте ресімделген құжаттардың бар-жоғын тексеру керек;

  • осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасындағы, дәл сол дау нысанасы туралы және дәл сол негіздемелер бойынша іс болса;

  • бұл туралы талапкер арыз берсе (арыз беруші – қарастырылып отырған жағдайда), (АІЖК-нің 154-бабы).

Сонымен қатар судья арыздарды төмендегі жағдайларда кері қайтарады (АІЖК-нің 143-бабы):

  • егер мәлімденген талап осы Кодекстің 140-бабымен көзделмеген болса;

  • борышкер Қазақстан Республикасы соттарының заң құзыретінің шегінен тыс жерде болса;

  • мәлімденген талапты растайтын құжаттар ұсынылмаған болса;

  • ұсынылған құжаттардың негізінде шешілуі мүмкін емес құқық туралы дау бар екені байқалса;

  • арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе;

  • арыз үшін мемлекеттік баж төленбеген болса.

Арызды қабылдаудан бас тарту немесе кері қайтару үшін АІЖК-нің 153 және 154-баптарымен көзделген негіздемелер болып табылатын соттылық пен ведомстволық бағыныстылыққа қатысты төмендегілерді тексеру керек:



  • арыз берушінің өзінің талабының басқа ведомстволарға емес, сотқа ведомстволық бағыныстылығын дұрыс айқындаған-айқындамағаны;

  • талап осы соттың соттылығына немесе басқа соттың соттылығына жата ма;

  • арыздардың АІЖК-нің 3-тарауымен реттелмеген ведомстволық бағыныстылық пен соттылық ережелеріне сәйкес мәлімденген-мәлімденбегендігі, аталған тараудың нормалары қаралып отырған мәселеге қатысты төмендегілерді белгілейді:

  • егер бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау АІЖК-ге және басқа заңдарға сәйкес басқа сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қарау;

  • заңмен соттардың құзіретіне жатқызылған істердің олардың құзіретіне ведомстволық бағыныстылығы;

  • АІЖК-нің 28-30-баптарымен көзделгендерді қоспағанда, азаматтық істердің аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың соттылығына жататындығы;

  • тараптарының біреуі халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын азаматтық істердің облыстық соттың соттылығына жататындығы;

  • АІЖК-нің 28-бабының бірінші бөлімінің 2,3,4-тармақтарымен, екінші бөлімімен, 29-бабымен көзделген істерді қоспағанда, заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар тараптары болып табылатын, мүліктік талаптар мен мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істердің ауданаралық экономикалық мамандандырылған соттардың соттылығына жататындығы.

Сонымен қатар судья төмендегіні анықтауға тиіс:

  • бұйрық беру туралы талап жалпы талап қою ережелеріне сәйкес сотқа АІЖК-нің 31-бабына сәйкес жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мәлімденген бе;

  • АІЖК-нің 32-бабына сәйкес, осы талапты талапкердің таңдауы бойынша қою үшін негіздемелер бар ма.

Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет