Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының



бет10/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29

7-тармақ бойынша

Іске қатысушы тұлғалардың өз пікірінше сараптама жүргізуді тапсыруға болатын нақты тұлғаға қатысты өз ойын білдіруге, яғни оны сарапшы ретінде ұсынуға құқығы бар.



8-тармақ бойынша

Сарапшыны немесе сараптама мекемесін таңдаудағы түпкілікті шешім судьяның құқығына жатады. Сарапшы тарап (тараптар) ұсынған мамандардың қатарынан немесе сотқа белгілі мамандардың қатарынан тағайындалуы мүмкін.




Түсіндірме

9-тармақ бойынша

Сарапшының қорытындысы істің нәтижесіне айтарлықтай әсер ете алатындықтан, сарапшының іске қатысушы тұлғалардың қандай да біреуіне тәуелділігі (қызметтік немесе басқа, соның ішінде туыстық қатынасының болуы) оған қарсылық білдірілуі үшін негіз болады.

Сарапшыға қарсылық білдірілуі үшін сарапшының құзыретсіздігі сияқты мән-жай да негіз бола алады. Бұл осы негіздеме бойынша сарапшыға қарсылық білдірілуі туралы мәселені шешу үшін белгілі бір әдісті талап етеді. Сарапшы ретінде тағайындалған азаматтар іс бойынша қорытынды бергенге дейін олардың атын көрінеу былғамас үшін алдын ала қажетті сақтық байқату керек.



Түсіндірме

10-тармақ бойынша

Сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, сипаттау және қарар бөлімдері.

Кіріспе бөлімде ұйғарымның шығарылған уақыты мен орны, соттың атауы, оның құрамы, сараптама тағайындалған істің нөмірі, тараптардың атауы, даудың нысанасы көрсетіледі.

Сипаттау бөлімінде қаралатын істің мән-жайлары, сараптама тағайындаудың негіздемелері, сондай-ақ оны іске асыру үшін қажетті басқа да мәліметтер қысқаша баяндалады.

Қарар бөлімінде сараптама тағайындау туралы соттың шешімдері тұжырымдалады, оның түрі аталады, сараптама жүргізілуге тиісті мекеменің атауы келтіріледі. Осы бөлімде сарапшы шешуге тиісті мәселелердің тізбесі келтіріледі, және сарапшының билігіне берілетін материалдар аталады.

10а-тармақ бойынша

Жеке сараптаманы бір сарапшы жүргізеді.



10б-тармақ бойынша

Комиссиялық сараптаманы құрамында екі және одан көп сарапшы бар комиссия жүргізеді.

Сараптамалық комиссияның мүшелері сараптама нысандарын бірлесіп зерттейді, алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келіп, қорытындыға немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылардың арасында пікір алуандығы болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытындысын береді немесе пікірі комиссияның қалған мүшелерінің қорытындысынан ерекшеленетін сарапшы қорытындыда оны жеке тұжырымдайды.

Сот сараптамасы органының басшысы табыс етілген материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы (АІЖК-нің 94-бабы).



Комиссиялық сараптама – бұл күрделі көлемдегі немесе іс бойынша маңызы бар міндеттерді шешу үшін білімнің бір саласының негізінде бір мамандықтағы (маманданудағы) бірнеше сарапшы жүргізетін зерттеу.

10в-тармақ бойынша

Кешенді сараптама – бұл салалас (шекаралас) міндеттерді шешу үшін сараптамалық зерттеудің біртұтас бағдарламасын бірлесіп белгілеген, әр түрлі арнайы білімдердің негізінде әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшы және әрқайсысы өзінің құзыреті шегінде жүргізетін зерттеу.

Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті қорытындысына немесе оның бір бөлігінде сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы (АІЖК-нің 96-бабы).

Кешенді сараптама сот сараптамаларының әр түрлері үшін салалас (шекаралас) болып табылатын, сараптау білімінің бір ғана саласының негізінде шешілуі мүмкін емес мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Кешенді сараптама жүргізуге әдетте сараптамалардың әр түрлерімен айналысатын және нақты сараптаманың әдістемесін бірлесіп анықтайтын бірнеше маман қатысады. Бұл оның айрықшалайтын басты нышаны.

Әдебиетте және сараптама тәжірибесінде әр түрлі терминдерді кездестіруге болады, мысалы, «кешенді сараптамалық зерттеу», «кешенді сараптама», «сол бір заттай дәлелдемелерге қатысты жүргізілетін сараптамалар кешені». Бірақ бұл ұғымдар бір-бірінен бөлек. Осы орайда кең тараған қате – кешенді сараптама ретінде сол бір ғана заттай дәлелдемелерге қатысты жүргізілетін әр түрлі сараптамалар кешенін түсіну. Бір түрлі сараптама шеңберінде жүргізілетін кешенді зерттеулер кешенді сараптама деп қате ұғынылатын жағдай жиі кездеседі, әсіресе олардың біріншісі және екіншісі комиссиялық түрде орындалса. Алайда сараптама нысандарының ортақтығы да, сарапшылардың саны да, тіпті олардың мамандықтары әр түрлі болса да кешенді сараптаманың маңызды белгілері болып табылмайды.

Сонымен, сараптамалық зерттеулердің кешенділігі мына белгілерімен сипатталады: қандай да бір ғана ғылымдағы білімді қолдану жолымен шешілуі мүмкін емес мәселені шешу үшін салалас ғылымдардағы алуан түрлі арнайы білімдердің (деректердің, әдістердің) пайдаланылуы (кешенді сараптама);

әр түрлі сараптамалардың (жеке сараптамалар қатары) міндеттерін шешу мақсатымен объектінің (өзара байланысты объектілердің) әр түрлі қасиеттерінің бір уақытта (қатар) немесе рет-ретімен зерттелуі.

Сот сараптамаларының алуан түрлеріне жататын мәселелерді шешу үшін әрқайсысы өзінің құзыреті шегінде әрекет ететін әр түрлі мамандықтағы сарапшылардың сол бір заттай дәлелдемелерді бірлесіп зерттемей және алынған нәтижеге бірлесіп баға бермей, яғни сараптамалар кешенін жүргізіп отырған зерттеуі кешенді сараптамаға жатпайды.

Кешенді сараптаманың, кез келген басқа сараптама сияқты, өзінің нысанасы, зерттеудің өзіндік нысандары мен әдістемелері бар. Олар алдарына қойылған мәселелер салалас (шекаралас) болып табылатын сараптамалар түрлерінің деректері мен әдістерін синтездеу жолымен жасалады және оларды әр түрлі мамандықтардың сарапшылары ортақ бағдарлама бойынша іс жүзіне асырады.

Кешенді сараптаманы бірнеше маман комиссиялық сараптама ережелері бойынша жүргізеді, оны жүргізудің тәртібі заңдармен айқындалған. Кешенді сараптаманы жалпы ереже бойынша жүргізетін сарапшылар бір қорытынды жасап, оның мазмұны мен тұжырымдары үшін бірлесіп жауап береді. Кешенді сараптаманың біртұтас қорытындысын жасау өте ыңғайлы, себебі бір құжатта жалпылама және жүйелендірілген түрде барлық сұрақтарға толық жауап беріледі. Бұл сарапшылардың қорытындысы мен тұжырымдарының бағасын соттың пайдалануын жеңілдетеді. Кешенді зерттеудің артықшылығы сарапшылардың жұмысын үйлестіруге, әр түрлі ғылыми-техникалық әдістерді белгілі бір тәртіпте пайдалана отырып, біртұтас жоспар бойынша жұмыс істеуге болатыны болып табылады. Осы жайтты есепке ала отырып, кешенді зерттеулер жүргізген кезде жұмысты үйлестіру үшін сараптама комиссиясының басшысы (жетекшісі) белгіленеді. Жетекші сарапшы жалпы зерттеу жоспарын әзірлейді, сарапшылар тобының қызметін үйлестіреді, сарапшылар кеңесіне басшылық етеді, сараптама жүргізудің жалпы мерзімдерінің шегінде жекелеген зерттеулер жүргізу мерзімдерін тағайындайды және осы мерзімдердің сақталуын бақылайды, сондай-ақ басқа мекемелердің басшыларымен және сараптаманы тағайындаған органмен байланысты жүзеге асырады. Алайда жетекші сарапшы мәселелерді мәні бойынша шешкен кезде ешқандай іс жүргізу артықшылықтарын пайдаланбайды.


Түсіндірме

11-тармақ бойынша

Сараптама жасауға ұсынылатын объектілері сараптамалық зерттеу үшін жарамды болуға тиіс.

Сараптамалық зерттеудің сәтті болуы сараптама жасауға ұсынылған салыстырмалы материалдардың сапасына тәуелді болады. Түзілуінің уақыты мен жағдайларына байланысты салыстырмалы материалдар еркін (аталған іске байланыссыз дайындалған үлгілер) және сынамалық (аталған іске байланысты белгіленген тәртіпте алынған үлгілер) болып бөлінеді. Еркін және сынамалық үлгілерге салыстырмалылық және өзгермеушілік сияқты талаптар қойылады. Олар сарапшыға зерттеу үшін жеткілікті мөлшерде тапсырылуға тиіс.

Егер сараптамалық зерттеу объектілерінің көлемі және қасиеттері оларды буылып-түйілген түрде беруге мүмкіндік бермесе, онда сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс (АІЖК-нің 93-бабының 2,3-бөлімі).

Кез келген сараптаманы жүргізудің елеулі шарты сарапшыға тиісті іс материалдарын беру болып табылады. Сараптама объектілері ретінде заттай дәлелдемелер, салыстырмалы үлгілер, сарапшыға қажетті ақпаратты қамтитын және сараптама нысанына жататын істің өзге материалдары болып табылады.

Әдетте сарапшылар зерттейтін объектілер – заттай дәлелдемелер мыналар болып табылады:



  • адамның қолтаңбасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттар (мәтіндер, қойған қолы, сандық жазбалар); сия, қағаз, құжаттар жасау үшін пайдаланылатын жазу аспаптары, сондай-ақ олардың ішіндегі мөрлер мен мөртабандардың және жазу машинкаларының таңбалары;

  • адам, заттар, жердің учаскесі, іздер бейнеленген фотографиялық суреттер, сондай-ақ фотоматериалдар (фотоқағаз, айқындаушы және тіркеуші заттар және т. с.);

  • материалдар, заттектілер, олардан жасалған бұйымдар; өсімдік және жануар текті объектілер, топырақтың (тозаңның) микробөлшектері;

  • бөліктерге ажыратылған заттар, сондай-ақ бөлігі, белгілі бір ортақтығы (мысалы, шығу тегі) бойынша, олардың қай текке, түрге, топқа жататындығы немесе жеке дара екендігіне қарап, біртұтас нәрсені анықтау мәселесі қойылатын материалдар және олардан жасалған бұйымдар (олардың іздері, микробөлшектері);

  • бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттары, жоспарлау-қаржылық, жобалау құжаттамасы.

Сараптама объектілерінің толық тізбесін беру мүмкін емес: бәрі істің нақты мән-жайларына байланысты. Салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін арнайы іріктеп алынатын, заттай дәлелдемелермен бір тектес болып табылатын объектілер де (мысалы, сия, жердің нақты учаскесінен алынған топырақ бөлшектері, боялған заттар) үлгі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Сараптамаға заттай дәлелдемелерді жібере отырып, судья сараптаманың тікелей объектісін анық белгілеп көрсетуге, оны сараптама тағайындау туралы ұйғарымда сипаттауға міндетті. Бұл өзінің алдына қойған міндетті сарапшының дұрыс түсінуіне және оны табысты шешуіне көмектеседі.



11а-тармақ бойынша

Соттың сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті (АІЖК-нің 91-бабының 6-бөлігі).

Сот қаулысының негізінде сараптама мекемесінің басшысы зерттеу жүргізуді белгілі бір сарапшыға тапсырады, бұл орайда ол оның мамандануын, жұмыс тәжірибесін және оның іс жүргізуіндегі сараптамалар санын ескереді. Бұл қандай да бір сараптама мекемесінің нақты маманына сараптама жүргізуді тапсыруға соттың құқығы жоқ деген сөз емес. Өзінің бастамасы немесе сотталушының, талапкердің немесе жауапкердің өтінімі бойынша сот өзінің қаулысында сараптама жүргізудің нақты кімге тапсырылғанын көрсете алады. Бұл ретте ол әр түрлі сараптама мекемелерінің қызметкерлерін және сараптама мекемесінің штатында жоқ адамдарды сараптама жүргізуге шақыруға құқылы емес. Сараптама комиссиясына, айталық, жоғары оқу орындары кафедраларының, мамандандырылған ғылыми зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері және т. с. енуі мүмкін.

Сарапшыны таңдау кезінде сот сараптама тәжірибесінде кейде екіұшты қателікке жол беріледі.

Біріншіден, сараптама мекемесінің басшылары сараптама тағайындаған органмен келіспей, іс бойынша сараптама жүргізуді сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамға емес, өзге адамға тапсырады (әдетте, қызметкері еңбек демалысында болғанда, ауырып жатса немесе мекемедегі қызметтен кеткен жағдайларда).

Сарапшыны таңдау құқығы сотқа тиесілі, сондықтан сараптама жүргізуді ол көрсеткен адамға беру мүмкін болмаған кезде сараптама мекемесінің басшысы сараптама тағайындаған тұлғаны бұл жөнінде хабардар етуге және оның тиісті шешімін алуға міндетті.

Екіншіден, сараптама мекемесінің басшысы, егер оған бағынышты мекемеде зерттеу жасау толығымен немесе ішінара мүмкін болмаса (мысалы, тиісті жабдықтың, белгілі бір сала мамандары болмағандықтан), ол сараптамалық зерттеу жүргізуді басқа мекемелердің, соның ішінде сараптамалық емес мекемелердің ғылыми қызметкерлеріне тапсырады. Сот өзінің қаулысында нақты адамдарды атамастан, ғылыми мекеменің қызметкерлерін шақыру туралы шешім қабылдаған жағдайларда да мұндай тәжірибеге жол беруге болмайды. Сараптама жасауға әр түрлі мекемелерден мамандар шақыру қажет болғанда, сот нақты адамдарды таңдауға, олармен танысуға және қорытынды беруден бас тарту немесе көрінеу жалған қорытынды берудің жауаптылыққа әкеп соғатынын оларға алдын ала ескертуге тиіс. Бұл орайда сот маманның құзыреттілігін анықтайды, оның жұмысының ретін айқындайды (немесе бұл туралы тиісті мекеменің басшысымен келіседі).


14

Түсіндірме

12-тармақ бойынша

Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеуге арналған объектілерді алғаннан кейін сарапшы өзінің құзыретін, қолданыстағы зерттеу әдістемелерін және материалдық-техникалық жабдық бойынша зерттеулер жүргізу мүмкіндігін айқындайды. Егер судья қойған мәселелер сарапшының арнайы білімінің шегінен тысқары болса немесе оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз болса және орны толтырыла алмайтын болса немесе ғылымның және сарапшылық тәжірибесінің жағдайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермесе, сарапшы қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазады да оны сотқа жолдайды.

Іс жүргізу заңында қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның мазмұны анықталмаған, дегенмен, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ол үш бөлімнен – кіріспе, дәлелдеу және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Кіріспе бөлім сарапшы қорытындысының кіріспе бөліміне ұқсас, дәлелдеу бөлімі сарапшының алдына қойылған әрбір мәселені шешудің мүмкін еместігінің себептерін егжей тегжейлі баяндауды қамтиды, қорытынды бөлімде қойылған әрбір мәселе бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы тұжырымдар баяндалады.

13-тармақ бойынша

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі (АІЖК-нің 93-бабының 1-бөлігі).

Әдетте сараптама соттан тыс жүргізіледі, себебі зерттеулер жүргізу, сарапшының билігіне берілген материалдарды, объектілерді, заттарды, құжаттарды талдау үшін ұзақ уақытты қажет етеді.

14-тармақ бойынша

Азаматтық іске қатысушы тұлғалар сараптамалық зерттеулерге қатысу туралы өздерінің өтінішін сот қанағаттандырған жағдайда сараптамалық зерттеулер жүргізу кезінде қатысуға құқығы бар. Аталған тұлғаларға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарланады. Хабарланған тұлғалардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі болмайды.

Азаматтық процеске қатысушы адамдардың болуы сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларда, сот олардың сараптамалық зерттеулерге қатысу мүмкіндігі туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартады. Әдетте мұндай сараптамалық зерттеулер соттан тыс ұзақ уақыт бойы жүргізіледі, күрделі болып табылады және арнайы жағдайлар мен тиісті күрделі жабдықты талап етеді.

Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар болған жағдайда сот приставының міндетті түрде қатысуын сот белгілейді.





Түсіндірме__15-тармақ_бойынша'>Түсіндірме

15-тармақ бойынша

Сарапшының қорытындысында мына жайттар көрсетілуге тиіс: сараптаманы қашан, қайда, кім (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі), қандай негізде жасады; көрінеу жалған қорытынды беру үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілгені туралы сарапшының қолы қойылып куәландырылған белгі; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысып отырғаны және қандай түсініктеме бергені; сарапшының қылмыстық істің қандай материалдарын пайдаланғаны; қандай объектілерге сараптау жасалғандығы; қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістердің қолданылғаны және олардың қаншалықты дәрежеде сенімді екендігі; қойылған сауалдарға берілетін негізделген жауаптар. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, бірақ олар бойынша өзіне сауалдар қойылмаған мән жайларды анықтаса, ол өзінің қорытындысында оларды көрсетуге құқылы.

Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қосымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды.

Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындының бөлігін ғана түсіндірудің дәлелдемелері болып табылады (АІЖК-нің 96-бабы).



17-тармақ бойынша

Сараптама қорытындысын жария етудің тәртібі мен мерзімдерін судья анықтайды.



18-тармақ бойынша

Сарапшы өзінің қорытындысын жария еткеннен кейін оған осы қорытындыны айқындауға, ондағы тұжырымдарды, сарапшының құзыретін нақтылауға, сотта туындауы мүмкін және оларға жауап беру үшін қосымша сараптамалық зерттеу жүргізудің қажеті болмайтын жаңа мәселелерді анықтауға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін.






Түсіндірме

19-тармақ бойынша

Сот дәлелдемелерінің қабылданған жіктемесіне сәйкес сарапшының қорытындысы ақпараттық тұрғыдан жеке және бастапқы дәлелдеме ретінде қарастырылуы мүмкін. Сарапшының қорытындысында қамтылатын ақпарат (нақты деректер) дәлелденіп, іздестіріліп отырған фактіге (тезиске) ұқсас болуы мүмкін және сонда сарапшының қорытындысы тура дәлелдеме болып табылады. Көбінесе сарапшының қорытындысы дәлелдеудің ортақ мақсатына (нысанына) қатысты алғанда аралық (жанама) фактілерді анықтайды және сонда ол жанама дәлелдеме (айғақ) ретінде пайдаланылады.

Сот әрқашанда сарапшы қорытындысының дәлелдеме ретінде жарамдылығы туралы мәселені талқылайды. Атап айтқанда, іс жүргізу нысаны тұрғысынан оның қабылданатындығына (іс жүргізу заңының нұсқауларына қатаң сәйкестікте тіркелген іс материалдарын сарапшының қолдануы), сондай ақ сарапшының іс жүргізу ережелерін сақтауына баға беріледі. Осыған орай сот сарапшының құзыретіне назар аударады.

Сарапшы қорытындысының шынайылығына және ол анықтаған фактілердің дәлелдемелік рөліне баға беру күрделі ойлау процесі болып табылады. Сарапшы берген қорытындының ғылыми шынайылығын бағалау оның мазмұнын тереңінен зерттеуді көздейді. Сарапшының әрбір қорытындысы негізгі логикалық және құрылымдық үш элементті қамтиды, бұлар:

білімнің нақты саласының ғылыми ережелері, сараптаманың теориялық және әдістемелік негіздері;

зерттеудің нақты әдістемесі (жеке, құралдық әдістері мен тәсілдері);

жалпы ғылыми ережелерден және жүргізілген зерттеудің нақты деректерінен келіп шығатын, фактілі деректерді қамтитын сарапшының тұжырымдары.

Сот сарапшы қорытындысының барлық аталған элементтеріне сын көзбен қарап баға беруге құқылы. Қорытындыға дұрыс баға беруге зерттеудің нақты әдістемесіне, оның ғылым мен техника жетістіктеріне сай келетіндігіне талдау жасау жолымен жетуге болады. Судьялар сараптаманың жекелеген тектері мен түрлерінің теориясы мен әдістемесі саласының мамандары болып табылмайтындығына сүйеніп, сараптаманың теориялық ережелері мен нақты әдістемесіне соттардың баға беруге жағдайы келмейді деп ойлау дұрыс емес.

Сот бүкіл қорытындының және оның жеке бөлімдерінің мазмұнына талдау жасау және осы жолмен оны сол бір фактілерге қатысты басқа да дәлелдемелер көздерімен салыстыру арқылы қорытындыға баға береді. Сарапшы қорытындысына баға беру сарапшының тұжырымдарына қатысты істің барлық мән жайларын тексерумен етене байланысты болуға тиіс. Осыған орай сарапшылар қорытындыларының сипаттамасына тоқтаған дұрыс болады.

Қорытынды мен басқа дәлелдемелер арасында қарама-қайшылық анықталған жағдайда, алшақтық сарапшының тұжырымдарының салдары немесе оларға қарама-қайшы келетін дәлелдемелердің шынайы еместігінің салдары екенін айқындап, істің барлық материалдарын мұқият бағалаған дұрыс. Егер сарапшының қорытындылары істің нақты мән-жайларына қарама-қайшы келсе немесе сарапшының қорытындысына әсер етуі мүмкін жаңа деректер анықталса, сондай-ақ сараптаманы тағайындау мен жүргізуге байланысты іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда, судьяның тиісінше қосымша (қорытынды жеткілікті түрде толық немесе айқын болмағанда) тағайындауға құқығы бар. Сот тәжірибесінде бір жағынан, сарапшылардың қорытындыларының шындығы мен маңыздылығын асыра бағалау, ал екінші жағынан, сараптамалардың теориясы мен әдістемелерінің жекелеген ережелерінің ғылыми негізділігіне күмәндануға негізделген жете бағаламау жағдайлары кездеседі. Кейбір соттар сарапшылардың қорытындыларын дәлелдемелер ретінде сыни тұрғыдан тыс пайдаланады: барлық қорытындыны зерттеместен олар тек жауапқа (сарапшының тұжырымына) ғана назар аударады, бұл орайда сараптаманың беделіне сүйенеді. Сарапшының қорытындысы істің басқа мән-жайларына сәйкес келетініне немесе қарама-қайшы келетініне қарай қорытынды дәлелдеме ретінде жай ғана қабылданады немесе жоққа шығарылады. Бұлайша қабылдау мен пайдалану жаңсақ шешімдерге әкелуі мүмкін.

Сарапшының қорытындысы мен басқа фактілердің арасындағы қарама-қайшылық қорытынды дұрыс емес дегенді білдірмейді. Қосымша іс жүргізу әрекеттерін іске асыру жолымен куәлердің жауаптарының дәл еместігі және жалғандығы анықталып, сонымен қатар жаңадан анықталған фактілердің сарапшылардың қорытындыларымен толық сәйкес келуіне қол жеткізілген жағдайлар мәлім.







Түсіндірме

23-тармақ бойынша

Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін. Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс (АІЖК-нің 98-бабының 1,2-бөлімдері).

Қосымша сараптаманы әдетте негізгі бастапқы сараптаманы іске асырған сарапшы жүргізеді.

Сарапшының қорытындысының жеткілікті түрде айқын болмауы төмендегілердің мағынасы мен мәнін түсіндіруді көздейді: сарапшы таңдаған зерттеу әдістемесі; ол пайдаланған ғылыми-техникалық құралдар; объектілерді зерттеу кезінде анықталған нышандар; анықталған нышандарды сарапшының бағалау өлшемдері.

Егер сарапшының қорытындысына негіз болған зерттеу ұсынылған барлық объектілерді қамтымаса немесе онда қойылған сауалдарға толық жауаптар болмаса, ол жеткілікті түрде толық емес деп танылуы мүмкін. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама дәл сол негіздемелер бойынша жеткілікті түрде толық емес деп танылуы мүмкін.

Қорытындының жеткілікті түрде айқын не толық еместігін жою мақсатымен сарапшыдан жауап алынуы мүмкін, сондықтан жауап алуды жүргізу және қосымша сараптама тағайындау негіздемелерінің шектерін айқындаудың өлшемі қосымша зерттеу жүргізу қажеттігі болып табылады.

Қосымша сараптаманы заң жүзінде жеке түр етіп бөліп көрсетудің мағынасы оның үнемділігіне байланысты (мұндай жағдайларда объектіні қайтадан зерттеудің және оның қасиеттерін егжей тегжейлі сипаттаудың қажеті жоқ – алғашқы зерттеудің нәтижелеріне сілтеме жасау жеткілікті. Сондықтан, сараптама қорытындысының айқын және толық болмауын жою қажеттігінен басқа, сарапшының қорытындысы алынғаннан кейін осының алдындағы зерттеумен байланысты жаңа мәселелерді шешу қажеттігі пайда болған жағдайларда қосымша сараптама жүргізілуі мүмкін).


Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет