Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының



бет11/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

Түсіндірме

24-тармақ бойынша

Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелеріне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды (АІЖК-нің 98-бабының 3,4,5,6-бөлімдері).

Қайталама сараптама үшін сараптама тағайындау туралы ұйғарым негіз болады. Қайталама сараптама тағайындау себептері егжей-тегжейлі дәлелденуге тиіс. Атап айтқанда, алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшының берген қорытындысының дұрыс емес және негізсіз деп танылған немесе оған күмән туғызатын ережелерін, сондай ақ сарапшы тұжырымдарының шынайылығына күмән келтіруге негіз болған істің мән жайларын көрсету; сарапшы анықтаған нақты деректердің іс бойынша басқа дәлелдемемен қарама қайшылығы нақты неде екендігін түсіндіру қажет.

Қайталама сараптамалар әдетте басқа сарапшыға немесе құрамына бастапқы қорытындыны берген сарапшы да кіретін сарапшылар комиссиясына тапсырылады.

Қорытындының негізделмегендігі сарапшының тұжырымдары жүргізілген зерттеудің нәтижелеріне толық немесе ішінара негізделмеген немесе зерттеу шындықпен жанаспайтын бастапқы деректерге құрылған дегенді білдіреді.

Қорытындының дұрыстығына күмән келтіру мына себептерден: қорытындының іс материалдарына қайшы келуінен; сарапшының бірнеше тұжырымының арасында өзара қарама қайшылық болуынан; қорытындының көрінеу жалған екендігін судьяның анықтауынан; сараптаманы тағайындау және жасау кезінде іс жүргізу заңын елеулі бұзушылық болғандығы анықталуынан туындауы мүмкін.

Қайталама сараптама қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен судья келіспеушілік білдірген жағдайда да тағайындалуы мүмкін.

Сарапшының тұжырымдарымен келіспеушілік болған жағдайда қайталама сараптама тағайындау міндетті емес.

Қайталама сараптамалардың талдамалы деректері көрсетіп отырғандай, соттардың өз қаулыларында қайталама сараптама тағайындаудың себептерін көрсетпеуі, қаулыларын негіздемеуі жиі орын алады. Қаулыда: қорытынды «іс материалдарына қарама қайшы келеді», «тұжырымдары күмән туғызады», «сенімді емес» және т. с. ғана көрсетумен шектелу жиі кездеседі.

Біздің пікірімізше, алғашқы қорытындыға қатысты қаулыда қамтылатын сын ескертпелер оның мәні бойынша дұрыс еместігін білдірмейді. Қорытындының істің мән жайларына қайшы келуі, сарапшының мәні бойынша дұрыс қорытындыларының негізсіздігі олардың ақиқаттығына күмән туғызуы мүмкін.

Қайталама сараптамалардың барысында жалпы міндеттерден басқа, алғашқыларын тексеру жүзеге асырылады.

Қайталама сараптама тағайындау кезінде судья зерттеліп отырған объектілердің жойылуы немесе елеулі өзгеруі салдарынан қайталама сараптама жүргізудің іс жүзінде мүмкін болатындығын анықтайды.



27

31

28

29

30

Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы
Ұлттық заңдарға сәйкес сараптамаларды мынадай негіздер бойынша жіктеу көзделген:

сарапшылардың саны бойынша – жеке (АІЖК нің 249 бабы) және комиссиялық (АІЖК нің 249 бабының 3-бөлігі) сараптамалар;

пайдаланылатын білімнің сипаты бойынша – біртекті (АІЖК нің 249 бабы) және кешенді (АІЖК нің 250 бабы) сараптамалар;

жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша – негізгі (АІЖК нің 249 бабы) және қосымша (АІЖК нің 255 бабының 1-бөлігі) сараптамалар;

жүргізудің реттілігі бойынша – алғашқы (АІЖК нің 240 бабы) және қайталама (АІЖК нің 255 бабының 3-бөлігі) сараптамалар.

Бұған қоса, сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінде басты зерттеу нысаны бойынша сараптамаларды жіктеудің рөлі зор. Сыныптар тектерге бөлінеді, ал сот сараптамаларының тектері өз кезегінде түрлерге ажыратылады. Олардың әрқайсысына сай келетін зерттеудің нысаны, объектілері мен әдістемелері бар.

Сот сараптамаларының қазіргі кезде қалыптасып қалған жіктелуі шартты болып табылады, ол жылжымалы сипатқа ие және барлық уақытта оған барлық деңгейде ревизия жасалады. Теорияда сот сараптамаларының мынадай тоғыз түрі бөлінген: криминалистикалық; медициналық және психофизиологиялық; инженерлік-көлік; сот-бухгалтерлік және қаржы-экономикалық; биологиялық, инженерлік техникалық; инженерлік-технологиялық; ауылшаруашылық; экологиялық.


  1. Құжаттардың сот сараптамасы.

Сот-қолжазу сараптамасы.

Қолжазу сараптамасының нысаны мына жайттарды (мән-жайларды) анықтауға байланысты болады: қолжазуды (қолжазба мәтіні, қол қою, цифрлік жазбалар) іске асырған адам; қолжазба мәтінін жазған адамның жынысы мен жасы; қолжазба мәтінін немесе қол қоюды іске асырған адамның психофизиологиялық жай күйі; қолжазуды іске асырудың жағдайлары. Қазіргі кезде адамның қолжазуы бойынша қолжазуды іске асырушы мінезінің негізгі қасиеттерін, тұлғалық қасиеттерінің біліну дәрежесін, белгілі бір кәсіптік сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін графологиялық зерттеулер өзекті болып табылады.

Қолжазу сараптамасының объектілері мыналар болып табылады: қолжазу, цифрлік жазбалар, қол қою.

Сараптама жүргізу үшін құжаттың түпнұсқасы беріледі, өйткені көшірмелердің жіберілуі сараптаманың мүмкіндіктерін қатты шектейді және көп жағдайда құжаттың түпнұсқалылығына күмән туғызады.



Сот-автортанушылық сараптама.

Автортанушылық сараптаманың нысаны құжаттың авторы және құжаттың жасалу жағдайы туралы іс жүзіндегі деректер болып табылады. Осындай сараптама тағайындаудың қажеттігі беймәлім құжаттың орындаушысы мен авторы екі бөлек адамдар болған (мәтін біреудің айтуымен жазылған немесе көшіріп жазылған) немесе зерттеу объектісі компьютерде не баспаханалық жабдықта орындалған жағдайларда туындайды.

Бұл сараптаманың объектілері жазбаша сөздің алуан түрлі стильдерінде орындалған құжаттардың мәтіндері болуы мүмкін. Тікелей объектілері автордың тілдік және зиялылық дағдыларын көрсететін құжат мәтінінің құрылымдық өзіндік ерекшеліктері, мәтіннің тілдік және ұғымдық мағыналық құрылымдарының сипаттамалары болып табылады.

Жазбаша сөздің белгілерін зерттеу жолымен сарапшы автор туралы мынадай ақпаратты анықтай алады: оның әлеуметік өмірбаяндық және психологиялық «келбетінің» сипаттары және мәтінді жасау кезеңінде оған әсер еткен факторлар туралы.




  1. Сот-трасологиялық сараптама.

Трасологиялық сараптаманың нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: әр түрлі объектілердің көрініс табу іздері бойынша олардың қай топқа жататындығын анықтау немесе жеке ұқсастыру, заттар бөліктерінің біртұтас затқа жататындығын, көрініс беру іздерінің пайда болу жағдайларын анықтау.

Трасологиялық сараптаманың объектілері іздер және олардың үлгілері, заттай дәлелдемелер, оқиға орнының заттық ахуалы, сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер, сараптама нысанына қатысы бар істегі ақпарат болып табылады.

Нысаны мен арнайы әдістемелері бойынша трасологиялық сараптамалардың төрт түрі ажыратылады: гомеоскопиялық (адамның қолдарының, аяқтарының, тістерінің, аяқ киімінің, киімінің және қан іздерінің сараптамасы), механоскопиялық (құралдар мен механизмдердің, бекітіп тастайтын және сақтық құрылғыларының қалған іздерінің сараптамасы), көлік (әуе, су, автожол және теміржол көлігі іздерінің сараптамасы), жануарлар іздерінің сараптамасы (табан, тіс, тұяқ және т. с. іздерінің сараптамасы).


  1. Сот бейнефонографиялық сараптама.

Бейнефонографиялық сараптаманың нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: түсініксіз және бұрмаланып жасалған жазбалардың мазмұны, жазып алынған ауызша сөзі бойынша адамның жеке басы және оның дене қасиеттері, оның жасы, білімі, ұлты, әлеуметтік және этникалық шығу тегі және т. б., фонограмма жасалған дыбыс жазу құрылғыларының қасиеттері мен жеке ұқсастығы, сөйлеген сөзін жазып алу кезіндегі адамның психофизиологиялық жай күйі, фонограмма жазудың жағдайлары. Фонограмма жазу жағдайлары.

Сараптаманың объектілері магнитті фонограммалар, дыбыс жазу құралдары, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер, сондай ақ зерттеу нысандарына жататын іс материалдары болып табылады. Фоноскопиялық сараптаманың тікелей объектісі көзге көрінбейтін электрмагниттік сигналдар – магнитті таспадағы бейнелер ретінде тіркеліп алынған адамның сөйлеген сөзі мен дауысының қасиеттері болып табылады.




  1. Сот-баллистикалық сараптама.

Сот баллистикалық сараптаманың нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: заттарды атыс қаруына, оқ дәріге жатқызу фактісі; атыс қаруының нақты данасының дұрыс жұмыс істейтіндігі (істемейтіндігі) және қарудың атуға жарамдылығы фактісі; қаруды жасау тәсілін немесе оның жай күйін өзгерту фактісі; қарудың түрі, моделі, маркасы, калибрі; қарудың жеке ұқсастығы; оқ дәрінің ұқсастығы; қару бөліктерінің оның нақты данасының бөліктері екендігі; атыс қаруы мен оқ дәріні пайдалану арқылы жасалған істер бойынша қылмыстық оқиға механизмінің элементтері.

Мыналар сот баллистикалық сараптаманың объектілері болып табылады: жалпы атыс қаруы және оның жеке бөліктері; оқ дәрі – оқ, картечь, бытыра, гильзалар, тығындар, төсемдер, капсюльдер; газ қаруы; қару мен оқ дәрінің ықпалын қайтаратын заттар, – атылған снарядтар (оқ, бытыра, картечь), гильзалар, тығындар, төсемдер, сондай ақ жәбірленушінің киіміндегі және оқиға орнындағы заттардағы зақымдану (ойылып кеткен жерлер, тайқып барып тиген соққы іздері); атыс қаруын және патрондарды жабдықтау құрауыштарын жасау үшін пайдаланылатын аспаптар; оқиға орнындағы заттық ахуал элементтері; сараптама нысанына жататын ақпаратты қамтитын іс материалдары; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер.

Сот баллистикалық сараптама объектілерінің көп түрлілігін ескергенде оны мына шағын түрлерге бөлуге болады: қарудың (оның бөліктерінің) сараптамасы; оқ дәрі сараптамасы; оқ атудың іздері мен мән жайларының сараптамасы; газды қарудың сараптамасы.


  1. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы.

Заттар мен материалдардың сот сараптамасының нысаны тергеу амалдары жасалып отырған оқиғалардың заттық (материалдық) ахуалының элементтері ретінде объектілердің морфологиялық және субстанциялық қасиеттерінің қалыптасу, тіршілік ету және өзгеру заңдылықтарын зерттеу негізінде анықталатын істің мән жайлары болып табылады.

Объектілердің көп түрлілігіне негізделе отырып, заттар мен материалдардың сараптамасы зерттеудің мынадай түрлерін қамтиды: лак бояу материалдары, жабындар мен полимер материалдарды зерттеу; мұнай өнімдерін және жанар жағармай материалдарды зерттеу; металдар мен құймаларды зерттеу; топырақты зерттеу; талшықты материалдарды және олардан жасалған бұйымдарды зерттеу; құрамында спирті бар сұйықтықтарды зерттеу; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды зерттеу; арнайы химиялық заттарды зерттеу; шыныны және одан жасалған бұйымдарды зерттеу.




  1. Жол көлік оқиғаларының және көлік құралдарының сот сараптамасы.

Жол көлік оқиғалары (ЖКО) мән жайларының және көлік құралдарының (КҚ) сот сараптамасының нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: ЖКО орын алғаны, ЖКО механизмі, ЖКО болған кездегі жолдағы ахуал, ЖКО қатысушылардың іс жүзінде жасаған және олар жасауға тиіс болған әрекеттері, КҚ-ның техникалық ахуалы және оның қозғалыс және іске пайдалану қауіпсіздігінің техникалық ережелеріне сәйкестігі.

Мыналар ЖКО мен КҚ сот сараптамасының объектілері болып табылады: көлік құралдары (автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер, мотоколяскалар, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және өздігінен жүретін өзге де механизмдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, велосипедтер); көлік құралының жүйелері, агрегаттары, тораптары, бөлшектері және олардың бөліктері; ЖКО болған орын, КҚ жүргізушінің психофизиологиялық процестері, сараптамалық зерттеу нысанына жататын мәліметтерді қамтитын іс материалдары.

Жол көлік оқиғаларының және көлік құралдарының сот сараптамасының түрлері: жол көлік оқиғасының мән жайларының сот сараптамалық зерттеу; көлік трасологиялық сот сараптамалық зерттеу; көлік құралдарын сот сараптамалық зерттеу.
Жол көлік оқиғасының мән жайларын сот сараптамалық зерттеу.

Сараптамалық зерттеудің нысаны ЖКО ахуалдарына қарап анықталады, олар мынадай болуы мүмкін: жүріп келе жатқан көлік құралдарының соқтығысуы, көлік құралының қозғалыссыз тұрған объектіні қағып кетуі, көлік құралының жаяу жүргіншіні қағып кетуі, көлік құралының тартып кетуі, аударылуы.

Зерттеулер мына жайттарды анықтау мақсатында жүргізіледі: ЖКО-ға қатысушылардың қалыптасқан жол көлік жағдайындағы әрекеттерінің Жол жүрудің және көлік құралын іске пайдаланудың қауіпсіздігі ережесінің техникалық талаптарына сай екендігі, нақты қалыптасқан жағдайды ескеріп оқиғаның механизмі; жүргізушіде ЖКО болдырмауға техникалық мүмкіндігінің болғаны не болмағаны.

Қылмыстық іс материалдары – оқиға орнын және көлік құралын қарау хаттамалары, тергеу экспериментінің хаттамалары, көлік құралының жай күйіне сараптама жасаудың нәтижесінде берілген қорытынды және т. с. сараптаманың объектілері болып табылады.


Көлік трасологиялық сот сараптамалық зерттеу.

Көлік трасологиялық сараптаманың нысаны ЖКО барысында іздердің пайда болу механизміне, сондай ақ аталған оқиға элементтерінің механизміне қатысты мән жайларды анықтау болып табылады.

Зерттеу объектілері көлік құралдары және олардың бөліктері, киім және аяқ киім, сондай ақ сараптама нысанына жататын қылмыстық іс материалдары болып табылады.
Көлік құралдарын сот сараптамалық зерттеу.

Көлік құралдарын сот сараптамалық зерттеудің нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: көлік құралының техникалық жай күйі; техникалық ақаулықтың пайда болу себептері мен уақыты (ЖКО ға дейін, ол орын алған сәтте немесе одан кейін); ЖКО орын алған сәтке дейін болған ақаулық, сондай ақ оның болуының ЖКО дамуына тигізген әсерін анықтау мүмкіндігі.

Көлік құралдары, олардың жүйелері, агрегаттар, тораптар, бөлшектер, сондай ақ олардың бөліктері зерттеу объектілері болып табылады.


  1. Сот-экономикалық сараптама.

Сот экономикалық сараптаманың нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: қаржы қаражаттарының қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есептерде дұрыс көрсетілуі; кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ахуалы; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аударудың дұрыстығы; несиелеу ережелерінің сақталуы; шарттар жасасудың экономикалық мақсатқа сай екендігі.

Ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін көрсететін құжаттама, кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында жасалған шарттар, сондай ақ сараптама нысанына жататын қылмыстық іс материалдары сот экономикалық сараптаманың объектілері болып табылады.

Зерттеу нысанына байланысты қазіргі кезде сот экономикалық зерттеудің бірнеше түрі бөлініп көрсетіледі:

шаруашылық операцияларды сот-сараптамалық зерттеу;

бухгалтерлік сот сараптамалық зерттеу;

қаржы несиелік сот сараптамалық зерттеу.

Қазіргі уақытта сот экономикалық зерттеудің жаңа түрлерін қалыптастыру жұмысы жүргізіліп отыр, бұлар:

қаржы бюджеттік сот сараптамалық зерттеу;

жоспарлау экономикалық сот сараптамалық зерттеу.
Шаруашылық операцияларды сот-сараптамалық зерттеу.

Шаруашылық операцияларды сот сараптамалық зерттеудің нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің формалары мен құрылымы; жасалған шарттардың және кәсіпорындардың шарт негізіндегі қатынастары құрылымының экономикалық мақсатқа сай екендігі; қаржы шаруашылық қызмет субъектілерінің есеп айырысу қаржылық көрсеткіштерінің негізділігі; бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға, акциздеуге жататын тауарларға салық салудың дұрыстығы; Қазақстан Республикасындағы резидент еместердің төлем көзінен алатын табыстары; кедендік бажды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығы.

Шаруашылық қызметті сараптамалық зерттеудің объектілері шаруашылық операцияларды көрсететін құжаттар (кіріс және шығыс жүкқұжаттары, кассалық ордер­лер, шот-фактуралар және т. б.), біртекті алғашқы құжаттар бойынша операцияларды ортақтастыратын салалас бухгалтерлік құжаттар (тауарлық, кассалық, аванстық есептер, есепке алу регистрлері және т. б.); Мемлекеттік банктің берген үзінді көшірмесі, Бас кітап, журнал-ордерлер, шарттар, келісім шарттар.
Бухгалтерлік сот сараптамалық зерттеу.

Бухгалтерлік сот сараптамалық зерттеудің нысаны шаруашылық операциялары туралы деректерді, сондай ақ бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінде олардың дұрыс көрсетілуін анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: есепке алудың алғашқы құжаттардында, бухгалтерлік регистрлерде және есеп беруде көрсетілген шаруашылық операциялар туралы деректердегі есептік сәйкессіздіктер, есептік алшақтықтың шамасы, олардың пайда болу механизмі, сондай ақ бұзушылықты анықтау үшін жауапты адамдар қатары; тауарлық материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, сату операцияларының құжат жүзінде ресімделуі және бухгалтерлік есеп шоттарында олардың көрсетілуі, қаржы қаражаттарының түсуі мен кетуін зерттеумен байланысты мән жайлар; шаруашылық құралдары мен операциялар есебін жүргізу тәртібінің арнайы ережелерге сәйкестігі (сәйкессіздігі), кем, артық болғаны, шаруашылық құралдарын негізсіз жұмсау және т. с. айғақтайтын деректерді бухгалтерлік есепте табуды қиындататын мән жайлар.

Сот бухгалтерлік сараптаманың объектілері бухгалтерлік есеп құжаттары болып табылады, оларды былайша жіктеуге болады: бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттары (жүкқұжаттары, өзіндік құжаттар, шоттар, шот-фактуралар және т. с.); бухгалтерлік есептің салалас құжаттары (тауарлық және қаржылық есеп беру және т. с.); бухгалтерлік есеп регистрлері (кітаптар, журнал-ордерлер, ве­домостар, табуляграммалар және т. с.); бухгалтерлік есеп беру құжаттары.

Бухгалтерлік құжаттардан басқа, құжаттарға жасалған ревизиялар және сараптама нысанына жататын істің өзге де материалдары сараптамалық зерттеудің нысаны болуы мүмкін.


Қаржы несиелік сот сараптамалық зерттеу.

Қаржы несиелік сот сараптамалық зерттеудің нысаны қаржы несиелік қатынастардың – ақша қаражаттарының мақсатты қорларының пайда болуына және пайдаланылуына ықпалдасатын және уақытша пайдалануға берілетін құнға байланысты несиегер мен қарызгердің арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың туындысы болып табылады.

Қаржы несиелік зерттеу ақша қорларын қалыптастырудың және жұмсаудың және несиелерді бөлудің негізділігімен; оларды құру, бөлу және пайдалану тәртібінің бұзылуына байланысты мән жайларды анықтау мақсатымен жасалады.

Қаржы несиелік сараптаманың объектілері қаржы несие операцияларын көрсететін құжаттар болып табылады: ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер, нормалар. Мөлшерлемелер, лимиттер, дотациялар, мекемелердің арасында жасалған несиелік шарттар; әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары (техөндірісқаржы жоспары), қаржы көрсеткіштерін негіздеу есептемелерімен бірге қаржы жоспары; бухгалтерлік есептің алғашқы және салалас құжаттары; өндіріске кеткен шығындар, тауарлық өнімнің өзіндік құны бойынша бухгалтерлік және статистикалық есептілік құжаттары; тексеріс ревизияларының актілері және сараптама нысанына жататын істің басқа да материалдары.


8. Сот тауартану сараптамасы.

Сот тауартану сараптамасының нысаны мына жайттарды: халық тұтыну тауарларының, жартылай дайын өнімдердің, ыдыстың, орам құралдарының белгілерін, қасиеттерін, тұтынушылық қасиеттерін, стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін; атап көрсетілген объектілердің құнын анықтаумен байланысты істің мән-жайлары болып табылады.

Сот тауартану сараптамасының объектілері мыналар болып табылады: материалдық құндылықтар – өнеркәсіп және азық түлік тауарлары, орам және таңбалау, ыдыс, шикізат және жартылай дайын өнімдер; құжаттар – тауарлардың шыққан жерін, түрін, атауын, артикулін, сұрыбын, жиынтықталуын және басқа да көрсеткіштерін сипаттайтын құжаттар, тауар-көлік жүкқұжаттары, шот-фактуралар, өзіндік ерекшеліктері, орама құлақшалары, сапа сертификаттары немесе куәліктер, дайындаушы ел, сапасы мен саны бойынша қабылдау актілері және т. б.; сараптама нысанына жататын іс материалдары.

Сот тауартану сараптамасының алуан түрлі объектілерінің кеңінен таралуы оның зерттеудің үш түріне жіктелуіне алып келді: азық түлік өнімдерін сот сараптамалық зерттеу, азық түлік емес тауарларды сот сараптамалық зерттеу, автотауартану сот сараптамалық зерттеуі.

Азық түлік тауарларының сараптамасына ет сүт, балық, бакалея, жеміс жидек тауарларын, сыра мен алкогольсіз сусындарды және т. б. зерттеу кіреді.
9. Сот құрылыс сараптамасы.

Сот құрылыс сараптамасының нысаны құрылыс объектілерін жобалау, салу, іске пайдалану және жөндеу процесін сипаттайтын, сондай ақ құрылыс техникалық және жобалау сметалық құжаттамасының мазмұны болып табылатын деректерді, атап айтқанда: құрылыс салу жобаларының ғылыми техникалық және экономикалық негізділігін; құрылыс салу барысында техникалық жобалардағы техникалық қате есептеуді, кемшіліктерді анықтау мүмкіндігін; техникалық жобалардың бұзылуымен және болған салдардың (құрылыс объектілері сапасының төмен болуы, апат, қайғылы оқиғаның болуы) арасындағы себепті байланысты; іс жүзінде орындалған құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарының көлемі мен сипатын және олардың дұрыс есептелгендігін; белгіленген нормалар мен жобаларға сәйкес құрылыс материалдарын жұмсаудың құны мен көлемін, сондай ақ қосымша құрылыс материалдарының артық жұмсалуын және оларды есептеудің негізділігін; құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарының сапасын; қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдардың жарамдылығын; ғимараттар мен құрылыстар салу кезінде құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылуын; өндірістік құрылыс саласында еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын; ғимараттар мен құрылыстарды іске пайдалану кезінде құрылыс және іске пайдалану нормативтерінің бұзылуын; құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасындағы өзара есеп айырысудың дұрыстығын; орындалған құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарының дұрыстығын; жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын; үйді мұрагерлердің арасында бөлудің мүмкіндігін және жолдарын; жер пайдалану тәртібін анықтаумен байланысты істің мән жайлары болып табылады.

Сот құрылыс сараптамасының объектілері мыналар болып табылады: өнеркәсіптік және әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған ғимараттар мен құрылыстар; жылу, желдету, сумен қамсыздандыру мен канализацияның инженерлік желілері; жеке меншік үй құрылыстары; көп қабатты үйлердегі пәтерлер; жеке меншік үйлердің жер учаскелері; саяжай учаскелері; құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау үшін белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау сметалық құжаттама; орындалған құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын қабылдаудың және олардың құнының актілері (№2 және №3 нысандар), құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау кезінде сапасыз жасалған және қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдарын бақылап өлшеу, тексеру актілері; құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстары бойынша материалдық-техникалық есептілік; атқарушылық техникалық құжаттама (жұмыстар журналы, авторлық қадағалау журналдары, арнайы түсіру жұмыстары, жабық жұмыстарға жасалған актілер); құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау жөніндегі жасасқан шарттар; инженерлік-геологиялық зерттеулердің қорытындысы; құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын қолданыстағы құрылыс нормативтері мен ережелеріне (ҚНмЕ) сәйкес жасауға тапсырыс беруші тарапынан техникалық қадағалау жасау материалдары; жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар (жерді өмірлік мұра етіп алу туралы актілер, техникалық түгендеу бюросы (ТТБ), УОРН және ЦОРН берген техникалық төлқұжаттар және т. с.); жеке тұрғын үй қорындағы жеке меншік үйлердің техникалық төлқұжаттары; тексеріліп отырған объектілердегі құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау кезінде болған қайғылы оқиғаларды және апаттардың техникалық себептерін тексеру актілері, арнайы ведомстволық тексерулердің актілері.

Қажет болған жағдайда сарапшыға сондай ақ қызметкерлердің кәсіби даярлығы туралы деректер, қабылдап алу сынақтарының, жабдықты техникалық қарау актілері, құрылыс жұмыстарын жасау кезінде өңделетін шикізат туралы мәліметтер және сараптама нысанына жататын істің басқа да материалдары беріледі.


Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет