Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының


Ғимараттар мен құрылыстарды құрылыс экономикалық сот сараптамалық зерттеу



бет12/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

Ғимараттар мен құрылыстарды құрылыс экономикалық сот сараптамалық зерттеу.

Ғимараттар мен құрылыстарды құрылыс экономикалық сот сараптамалық зерттеудің нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарының құны, жылжымайтын мүлік объектілерінің құны; құрылыс ұйымдары мен тапсырыс берушілердің арасындағы өзара есеп айырысудың дұрыстығы; құрылыс саласындағы есептілік құжаттамасын жүргізудің дұрыстығы.

Ғимараттар мен құрылыстарды құрылыстық экономикалық сот сараптамалық зерттеу шеңберінде оның объектілерінің ең кең тараған топтарына сәйкес мынадай зерттеулер жүзеге асырылады: құрылыс объектілерін, құрылыс дәнекерлеу жұмыстарын жасау жөніндегі жобалау сметалық және есептілік құжаттамасын тексеру. Бұл орайда мына жайттарды анықтау мақсаты қойылады: орындалған жұмыстарды қабылдап алу актілерінде және сметалық есептеулерде пайдаланылған бағалардың дұрыстығын және негізділігін; құрылысшылар мен тапсырыс берушілердің арасындағы өзара есеп айырысудың дұрыстығын; қолда бар құжаттар бойынша ұсынылған орындалған жұмыстардың құны мен көлемінің іс жүзінде жасалған құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарының көлеміне сәйкестігін және оларды есептеудің дұрыстығын; жұмсалған құрылыс материалдарының құнын белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес анықтау, сондай ақ құрылыс материалдарына кеткен шығындардан асып кетуді және оларға жасалған есептеудің негізділігін анықтау; құрылыс жобаларының ғылыми-техникалық және экономикалық негізділігін; құрылыс салу барысында анықталған техникалық-экономикалық жобалардағы жаңсақтықтарды; оңтайландыру жөніндегі ұсыныстың экономикалық негізіділігін және ол бойынша үнемдеу көлемін анықтау.
Ғимараттар мен құрылыстарды құрылыс техникалық сот сараптамалық зерттеу.

Ғимараттар мен құрылыстарды құрылыс техникалық сот сараптамалық зерттеудің нысаны: орындалған құрылыс жұмыстарының сапасын, орындалған құрылыс жұмыстарының құрылыс нормативтеріне сәйкестігін; құрылыс объектілерінің қирау себептерін; құрылыс дәнекерлеу немесе жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау кезінде қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптарының орындалуын; үйді немесе жер учаскесін бөлудің техникалық мүмкіндігін анықтаумен байланысты істің мән жайлары болып табылады.

Ғимараттар мен құрылыстарды құрылыс техникалық сот сараптамалық зерттеу шеңберінде оның объектілерінің ең кең тараған топтарына сәйкес мына жайттарды анықтау мақсатымен құрылыс объектілерін зерттеу жүргізіледі: іс жүзінде орындалған құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарының сипаты мен көлемі; құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарының сапасы, құрылыс материалдары мен бұйымдарының жарамдылық сипаты; құрылыс салу барысында анықталған техникалық жобалардағы техникалық жаңсақтықтар, кемшіліктер; техникалық жобаларды бұзудың және туындағанн салдар арасындағы себепті байланыс; құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау кезінде еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы; құрылыс дәнекерлеу және жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау жобаларының ҚНмЕ талаптарына сәйкестігі; құрылыс дәнекерлеу жұмыстарын жасау кезінде болған апаттың техникалық себептері; құрылыс дәнекерлеу немесе жөндеу құрылыс жұмыстарын жасау кезінде қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау талаптарын қолданыстағы құрылыс нормативтері мен ережелері бойынша қолданудың дұрыстығы; оңтайландыру жөніндегі ұсыныстың сипаты; жобада белгіленген құрылыс құрылмаларына түсетін салмақтың (күштің) негізділігі; жобада қолданылған құрылыс материалдарының негізділігі, олардың беріктігі және жобалық құжаттамаға сәйкестігі; шығарушы кәсіпорындардың құжаттарында тіркелген құрылыс материалдарына берілген төлқұжаттардың (сертифи­каттардың) сынақ нәтижелеріне сай келуі; құрылыс материалдарын іске пайдалану барысында олардың сапасының өзгеру мүмкіндігі.
10. Сот технологиялық сараптама.

Технологиялық сот сараптамалық зерттеу.

Технологиялық сот сараптамалық зерттеудің нысаны қандай да бір өнімді дайындау технологиясын көрсететін деректерді анықтаумен байланысты істің мән жайлары болып табылады.

Технологиялық сот-сараптамалық зерттеудің объектілері мыналар болып табылады: материалдар (шикізат); жартылай дайын өнімдер; бұйымдар (көпшілік тұтынатын және өндірістік-тех­никалық мақсаттарға арналған); өндіріс қалдықтары; дайын өнімнің (жартылай дайын өнімнің) үлгілері; технологиялық процесте пайдаланылатын механизмдер мен құрылыстар; технологиялық құжаттама (өндірістің технологиялық схемасы, технологиялық есептеулер, бағдарлы карталар, кестелер және т. б.), дайын өнімге арналған нормативтік құжаттама (МЕМСТ, ТЖ, ЖСТ) және өзге құжаттама (ілеспе құжаттар, сертификаттар, шарттар); салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер; сараптама нысанына жататын істің мән жайлары.

Компьютерлік технология құралдарын сот сараптамалық зерттеу.

Компьютерлік технология құралдарын сот сараптамалық зерттеудің нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: компьютерлер мен периферия құрылғыларының құрылмалық өзіндік ерекшеліктері мен техникалық жай күйі; компьютердің оперативтік жадында және магнитті нұсқада сақтаулы тұрған ақпарат; компьютерлік бағдарламаларды өзгерту тәсілдері.

Компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы объектілері мыналар болып табылады: дербес компьютерлер, олардың жүйелік блоктары, тораптары, бөлшектері; периферия құрылғылары (дисплей, принтерлер, дискі ұясы, модем, клавиатура, сканер, манипуляторлар), компьютерлердің және желілердің коммуникациялық құрылғылары; ақпаратты магнитті көтерушілер (дискілер, таспалар); алуан нысан, тұрпат, түрдегі, қызметтік арналу мақсаты және орындау тәсілдері әр түрлі бағдарламалық жасақтамалар; мәтіндік немесе сандық ақпаратты электрондық нұсқада (пейджерлер, электрондық қойын кітапшалар, калькулято­рлар және т. б.); файлдардың қағазға басылған мәтіндері.
11. Жарылыс техникалық сот сараптамасы.

Жарылыс техникалық сот сараптамасының нысаны жарылыс құрылғыларының (оқ дәрі және қолдан жасалған жарылыс құрылғылары), жарылғыш заттардың және жаратын құралдардың қай топқа жататандығын және олардың пайда болу көздерін, сондай ақ жарылыстың мән жайларын анықтаумен байланысты істің мән жайлары болып табылады.

Жарылыс техникалық сот сараптамасының объектілері мыналар болып табылады: жарылыс әсері бар штаттық оқ дәрі (миналар, гранаталар, бомбалар және т. с.) және қолдан жасалған жарылыс құрылғылары, әдетте олар құрастырылуы, арналуы және әсер етуінің қағидасы бойынша инженерлік миналар мен қол гранаталары сияқты болады; жарылғыш заттар (әскери, өнеркәсіптік немесе әмбебап мақсаттарға арналған) және оқ дәрі; жаратын құралдар, жарылыстан бөлінен заттар және оның әсеріне душар болған объектілер.
12. Сот биологиялық сараптама.

Сот биологиялық сараптаманың нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: жануарлардан немесе өсімдіктерден шыққан, зерттеу үстіндегі объектіні анықтау және оны белгілі бір таксо­номиялық топтарға (топқа, тұқымға, текке, түрге) жатқызу; салыстырылып отырған объектілердің жалпы қай текке (топқа) жататындығы; салыстырылып отырған объектілердің шығу тегінің ортақ екендігі; өсімдіктен немесе жануардан шыққан нақты объектінің ұқсастығы (объектінің бір бөлігінің тұтасқа жататындығы); объектінің және қылмыс оқиғасының арасындағы себеп салдарлық байланыстар; объектінің және зерттеліп отырған оқиғаның арасындағы уақыт бойынша байланыстар (даму фазасы, сатысы).

Биологиялық сараптаманың объектілері мыналар болып табылады: өсімдіктер немесе олардың бөлшектері, өсімдіктер тіршілігінің өнімдері, өсімдік шикізатын өңдеу өнімдері, жануарлар организмдері, олардың бөлшектері, жануарлар тіршілігінің өнімдері, жануарлардан алынған шикізатты өңдеу өнімдері, оқиға орнының материалдық ахуалы, сондай ақ сараптама нысанына жататын қылмыстық іс материалдары.

Сараптамалық зерттеу объектілеріне төмендегілер жатады:

1.Организмдер және олардың қалдықтары: бүтін өсімдіктер және олардың бөліктері – сабағы, жапырағы, тамыры, гүлдері, тұқымы, тозаңы, қабығы; тұтас жануарлар немесе олардың жекелеген бөліктері – шашы, терісі, сүйектері, мүйізі; құстар және олардың қауырсын жабындысы; балықтар, олардың сүйекті скелеті, қабыршақтары мен уылдырығы; ересек насекомдар, олардың личинкалары, хитинді скеле­тінің бөліктері; өсімдіктердің немесе жануарлардың зерттеліп отырған оқиғаға еш байланыссыз тіршілік ететін табиғи жиынтықтары.

2.Организмдердің тіршілігі мен қызметінің өнімдері: жануарларда – нәжіс, ішкі секреция органдарынан бөлініп шығатын заттар немесе органдардың өзі, өт іркілетін қалта және тастар, жыныс бездері және олардан бөлінетін секрет (бұғылардың шапшып ағызуы); өсімдіктерде – өрмекшінің торы, кокондар, прополис, бал және басқалар; өсімдіктерде – шайыр, сүт шырыны, тозаң, крахмал, жемістер.

3.Адамның өндірістік қызметіне, сол сияқты қылмыс жасаған адамдардың нақты әрекеттерінің механизміне байланысты пайда болған биологиялық объектілердің жасанды жиынтықтары: ағаштан, өсімдік шикізатынын жасалған бұйымдар, үгінділер, пішен, сүрлем және құрамажем массалары, астық қоймаларындағы астық, темекі шикізаты және темекі бұйымдары, қағаз өнімідері және т. б.; өңделген тері және теріден жасалған бұйымдар, жүн, аң терілері, ішік тігуге арналған қой терісі шикізаты, мүйіз және сүйек шикізатынан жасалған бұйымдар және т. б.
13. Психологиялық криминалистикалық сот сараптамасы.

Психологиялық криминалистикалық сот сараптамасының нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: адамның психофизиологиялық жай күйін өзгерту мақсатымен оған ықпал ету фактісі; адамның белгілі бір әрекеттерді жасау кезіндегі жай күйі; адамның әрекет жасау барысында немесе біреудің оған ықпал етуінің нәтижесінде оның психофизиологиялық жай күйінің өзгеру фактісі.

Сараптаманың объектілері әр түрлі техникалық құралдарды пайдаланып жазылып алынған, адамның өзі әрекет жасау кезінде немесе оған қатысты әрекет жасалып жатқан кездегі оның физиологиялық және психо­логиялық (эмоциялық, санаткерлік, ерік жігер) жай күйін көрсететін ақпаратты; адамның жай күйінің өзгеруіне әкеле алатын ақпаратты; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілерді; сараптама нысанына жататын іс материалдарын қамтитын заттар болып табылады.

Адамның әрекеттеріне, мінез құлқына, жай күйіне баға беру мәселелерін шешетін психологиялық криминалистикалық сот сараптамасының объектілері кино , бейнежазбалар, сондай ақ адамдардың әрекеттер жасау динамикасында бір адамды немесе адамдар тобын жадында сақтап қалған суреттеулер болып табылады.

Мазмұны адамның жай күйін өзгертетін объектілерге адамның физиологиялық және (немесе) психологиялық жай күйінің өзгеруіне алып келетін ақпаратты сақтап қалатын заттар; порнографиялық мазмұндағы заттар; қатыгездік пен зорлық зомбылық культын насихаттайтын заттар; қорлау сипатындағы ақпаратты қамтитын заттар жатады.

Адамның жай күйінің өзгеруіне ықпалдасатын ақпарат екі топ объектілерден тұрады: сөз тұрпатындағы ақпаратты қамтитын заттар: кітаптар, журналдар, газеттер, мақалалар, хаттар және т. б..; көзбен көретін (визуалдық) ақпаратты қамтитын заттар: кинобейнематериалдар, репродукция, фотосурет, слайдтар, суреттер, мүсіндер, компьютерлік бағдарламалар және т. с.

Мағыналық мазмұны белгілі бір әрекеттерді адамның өзі жасап отырған немесе олар оған қатысты жасалған кездегі оның жай күйін, оның жай күйінің өзгеру процесін және фактісін көрсететін объектілерге осы әрекеттерді жасау кезіндегі адамның (адамдар тобының) әрекеттері, оның (олардың) жай күйі, сондай ақ адамның немесе адамдар тобының физиологиялық және психологиялық жай күйінің өзгеру фактісі – қабылдаудың өзгеруі, мінез құлқының өзгеруі және т. с. жазылып алынған заттар жатады: кино , бейнешеберханалар базасында кәсіби деңгейде немесе әуесқойлық кино , бейнетүсіру арқылы жасалған кино, бейнематериалдар; жедел іздестіру шараларын және тергеу амалдарын тіркеу болып табылатын кино-, бейнематериалдар; адамның жеке өзі жасаған немесе оған қатысты өзге адам (өзге адамдар) жасаған әрекеттерді егжей тегжейлі сөзбе сөз немесе стенографиялық сипаттауды қамтитын қолжазба, баспа материалдары.

14. Өрт техникалық сот сараптамасы.

Өрт техникалық сот сараптамасының нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: өрттің пайда болу себептері; өрттің механизмі; өрттің пайда болуына жағдай жасайтын мән жайлар.

Өрт техникалық сот сараптамасының объектілері мыналар болып табылады: өрттің орны; жоғары температураның әсеріне душар болған ғимараттар мен құрылыстардың құрылмалық элементтері; өрт орнында табылған заттар, материалдар, бұйымдар; жылу жабдығы; электрмен жылыту аспаптары, электр сымдары; өртенетін және тез жанатын сұйықтықтардың іздері бар деген болжам жасалған алуан түрлі жеткізгіш заттар; балқу іздері бар электр сымдарының және кабельдердің қалдықтары; электрлік қорғау құралдары, апатты режимде істеу белгілері бар электрлік коммутаторлар; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер; сараптама мәселесіне жататын іс материалдары.

Іс жүргізу құжаттарының үлгілері
Азаматтық іс №______

ҰЙҒАРЫМ

_____________________________ сараптамасын тағайындау туралы

сараптаманың түрін көрсету керек

200___ жылғы «_____»______________ Астана қаласы

_____________________________________________________________________

соттың атауын көрсету керек

Төрағалық етуші________________________________________болған құрамда, хатшы___________________________________________________________________,


тараптардың қатысуымен ашық (жабық) сот отырысында азамат
жауапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

_________________________________________________________________________

талапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

талап қоюы бойынша істі қарап,


АНЫҚТАДЫ:
істің мән жайлары, сондай-ақ сараптамаға жіберілетін объектілер қандай жағдайда ұсынылғаны,

________________________________________________________________________________________

сараптама тағайындаудың негіздемелері баяндалады
ҰЙҒАРДЫ:
Осы іс бойынша ______________________________ сараптама тағайындалсын,

сараптаманың түрін көрсету керек

оның шешуіне мына мәселелер қойылсын:

1.____________________________________________________________________

сарапшыға арналған нақты сұрақтар баяндалады

2.____________________________________________________________________


Сараптаманы жүргізу __________________________________________________

_____________________________________________________________________

сот сараптамасы органының атауын немесе сарапшының тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

тапсырылсын.

Сарапшыға төмендегілер берілсін: _______________________________________

_____________________________________________________________________

сараптама жүргізу үшін жіберілетін объектілерді және іс материалдарын атап көрсету керек
ҚР АІЖК-нің 92 бабына сәйкес, сарапшыға оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай ақ оған көрінеу жалған қорытынды беру үшін ҚР ҚК нің 352 бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көтеретіні туралы ескертілді.

Ұйғарым ___________________________________________________ басып

басып шығарылған орын мен тәсілін көрсету керек

шығарылған.


Төрағалық етуші_________________________________________________

тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек


Азаматтық іс №______
ҰЙҒАРЫМ__Қайталама_сараптама_тағайындау_туралы'>ҰЙҒАРЫМ

Қайталама сараптама тағайындау туралы
200___ жылғы «_____»______________ Астана қаласы

_________________________________________________________________________

соттың атауын көрсету керек

Төрағалық етуші______________________________________болған құрамда,

хатшы_____________________________________________________________,

тараптардың қатысуымен ашық (жабық) сот отырысында азамат ___________________________________________________________________азамат талапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

__________________________________________________________________

жауапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

талап қоюы бойынша істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:
істің мән жайлары, алғашқы сараптаманы қайда, қашан және кімнің жүргізгені, алғашқы сараптаманың

___________________________________________________________________________________

қорытындылары баяндалады; алғашқы сараптама нәтижесімен келіспеудің себептері баяндалады

___________________________________________ үшін арнайы ғылыми білімнің қажеттігін назарға алып, ҚР АІЖК нің 98 бабын басшылыққа алып,


_____________________________________________________________________

қайталама сараптама тағайындаудың дәлелдерін баяндау керек


ҰЙҒАРДЫ:
Осы іс бойынша ______________________ қайталама сараптама тағайындалсын,

сараптаманың түрін көрсету керек

оның шешуіне мына мәселелер қойылсын:

1.____________________________________________________________________

сарапшыға арналған нақты сұрақтар баяндалады

2.___________________________________________________________________.


Сараптаманы жүргізу __________________________________________

_____________________________________________________________________

сот сараптамасы органын немесе сарапшының тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

тапсырылсын.

Сарапшыға төмендегілер берілсін:_____________________________________

_____________________________________________________________________;

сараптама жүргізу үшін жіберілетін объектілерді және істің материалдарын атап көрсету керек

2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 29 сараптама қорытындысы _______

ҚР АІЖК-нің 92 бабына сәйкес, сарапшыға оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай ақ оған көрінеу жалған қорытынды беру үшін ҚР ҚК нің 352 бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Ұйғарым _______________________________________ басып шығарылған.

басып шығарылған орын мен тәсілін көрсету керек
Төрағалық етуші_________________________________________________

тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек


Азаматтық іс №______
ҰЙҒАРЫМ

Кешенді сараптама тағайындау туралы
200___ жылғы «_____»______________ Астана қаласы

___________________________________________________________________

соттың атауын көрсету керек

Төрағалық етуші________________________________________болған құрамда,

хатшы_____________________________________________________________,

тараптардың қатысуымен ашық (жабық) сот отырысында азамат ___________________________________________________________________азамат талапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек _______________________________________________________________________

жауапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

талап қоюы бойынша істі қарап,



АНЫҚТАДЫ:
істің мән жайлары, сондай-ақ кешенді сараптамаға жіберілетін объектілер қандай жағдайда

________________________________________________________________________________________

анықталғаны және алынғаны, сараптама тағайындаудың дәлелдері баяндалады

___________________________________________ үшін арнайы ғылыми білімнің қажеттігін назарға алып, ҚР АІЖК нің 95 бабын басшылыққа алып,

_________________________________________________________________________

кешенді сараптама тағайындаудың дәлелдерін баяндау керек


ҰЙҒАРДЫ:
Осы іс бойынша _____________________ кешенді сараптама тағайындалсын,

сараптаманың түрін көрсету керек

оның шешуіне мына мәселелер қойылсын:

1.___________________________________________________________________

сарапшыға арналған нақты сұрақтар баяндалады

2.___________________________________________________________________.


Сараптаманы жүргізу __________________________________________

_______________________________________________________________________

сот сараптамасы органының атауын немесе сарапшылардың тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

тапсырылсын.

Сарапшыға төмендегілер берілсін:____________________________________

_______________________________________________________________________.

сараптама жүргізу үшін жіберілетін объектілерді және істің материалдарын атап көрсету керек
ҚР АІЖК-нің 92 бабына сәйкес сарапшыларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай ақ оған көрінеу жалған қорытынды беру үшін ҚР ҚК нің 352 бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Ұйғарым ____________________________________________________________

басып шығарылған орын мен тәсілін көрсету керек

басып шығарылған.

Төрағалық етуші_________________________________________________

тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

Азаматтық іс №______

ҰЙҒАРЫМ

Қосымша сараптама тағайындау туралы
200___ жылғы «_____»______________ Астана қаласы

_____________________________________________________________________

соттың атауын көрсету керек

Төрағалық етуші______________________________________болған құрамда,

хатшы_____________________________________________________________,

тараптардың қатысуымен ашық (жабық) сот отырысында азамат ________________________________________________________________________

талапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

азамат___________________________________________________________________

жауапкердің тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек талап қоюы бойынша істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:
істің мән жайлары, сараптамаға жіберілетін объектілер қандай жағдайда анықталғаны және алынғаны, сараптама

________________________________________________________________________________________

тағайындаудың дәлелдері, алғашқы сараптаманың айқындығы мен толықтығының жеткіліксіздігі баяндалады

Жаңадан анықталған мән жайлардың бұрын жүргізілген сараптаманың зерттеу нысаны болмағанын, ________________________________________________

______________________________________________________________

қосымша сараптама тағайындаудың дәлелдерін баяндау керек

іс бойынша қосымша сараптама тағайындау қажеттігі туындағанын назарға алып және АІЖК-нің 98-бабын басшылыққа алып,
ҰЙҒАРДЫ:
Осы іс бойынша қосымша сараптама тағайындалсын, оның шешуіне төмендегі мәселелер қойылсын:

1.____________________________________________________________________

сарапшыға арналған нақты сұрақтар баяндалады

2.____________________________________________________________________


Сараптаманы жүргізу ______________________________________

_______________________________________________________________________

сот сараптамасы органын немесе сарапшының тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек

тапсырылсын

Сарапшыға төмендегілер берілсін:_____________________________________

_______________________________________________________________________;

сараптама жүргізу үшін жіберілетін объектілерді және істің материалдарын атап көрсету керек

Қарағандының сот сараптамалары бөлімінің сарапшысы Н.Т.Мұқаев берген 2004 жылғы 16 тамыздағы № 31 сараптама қорытындысы.

ҚР АІЖК-нің 92 бабына сәйкес, сарапшыға оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай ақ оған көрінеу жалған қорытынды беру үшін ҚР ҚК нің 352 бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Ұйғарым ____________________________________________________________

басып шығарылған орын мен тәсілін көрсету керек

басып шығарылған.

Төрағалық етуші_________________________________________________

тегін, атын, әкесінің атын көрсету керек


Азаматтық іс № _______________


ҰЙҒАРЫМ

Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет