Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының


Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес



бет15/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес
Ресейдің Құжаттамалық және ақпараттық даулар жөніндегі сарапшы лингвистер гильдиясы (ҚАДСЛ   ГЛЭДИС)
1. Лингвист мамандармен алдын ала консультация өткізіңіз, оның басты мақсаты сізді қызықтыратын іске (дауға, жанжалға және т.с.) лингвист сарапшыларды тарту мүмкіндігінің өзі болуға тиіс, өйткені даулы мәтінге өзіңіз бастамашы болып отырған талдау лингвист сарапшылардың құзырынан алысқа шығып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда сараптама жұмыстары жүргізілмейді немесе ешқандай нәтиже бермейді, өйткені өздері берген қорытындының мәтінінде авторлардың: "Бұл мәселе лингвист сарапшылардың құзыры шегінен шығып отыр" деп жазуына тура келеді және соған орай бұл қорытынды қойылған сауалдарға жауап бермейді. Бірінші рет болатын консультация және ұсынылған мәтіндерге алдын ала талдау жасау барысында сіз сондай ақ өзіңізді қызықтырып отырған істі (дауды, жанжалды және т. с.) сотта қарау келешегі туралы қандай да бір түсінік ала аласыз.

2. Сараптама тағайындау алдында (сараптама тағайындау туралы өтінім берер алдында) сарапшыға (сарапшыларға) қойылатын барлық сұрақтардың тұжырымдалуы бойынша лингвист мамандардан консультация алыңыз, өйткені көп жағдайда сараптама қорытындысының талаптың (даудың) мақсаттары үшін пәрменділігі сұрақтарды тұжырымдаудың дәлдігіне байланысты болады.

3. ГЛЭДИС лингвистикалық сараптама жүргізу тапсырылатын сарапшылардың кұзыретін: білімін, ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтарының бар не жоқ екендігін, осы ғылыми мәселе бойынша жарияланымдарының бар жоғын, лингвистикалық сараптамалар жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігінің бар жоғын, осы сараптамалық мамандану бойынша сарапшы ретіндегі жұмыс тәжірибесін (осындай тектес сараптамаларды жүргізу тәжірибесін) тексеруге кеңес береді.

4. ГЛЭДИС барлық даулы мәтіндер бойынша (әсіресе ар намысын, қадір қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы істердегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген даулы мәтіндер бойынша; қылмыстық істерде – жала жабу, қорлау, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру жөніндегі айыптау бойынша) филология саласында ғылыми дәрежесі және лингвистикалық сараптама жүргізуге құқық беретін, белгіленген тәртіпте берілген біліктілік куәлігі бар бірнеше маманның комиссиялық лингвистикалық сараптама жүргізуін тағайындауға кеңес береді. Дактилоскопиялық, трасологиялық, сот-техникалық және өзге де сараптамалардан айырмашылығы, лингвистикалық сот сараптамасы ерекше объекті – тілмен жұмыс істейді (дыбысталатын сөзді фоноскопиялық сараптауды қоспағанда) және ережеге айналғандай, онда арнайы аппаратура, өлшеуіш аспаптар және т. с. беретін мүмкіндіктер пайдаланылмайды. Осыған орай даулы мәтіндерді сарапшылар комиссиясының (3-4 адамнан тұратын) зерттеуі сараптама қорытындысында ұсынылатын нәтижелердің сенімділігін және тұжырымдардың объективтілігін елеулі түрде жоғарылатады.

5. Сараптама тағайындауға бастамашы болған (сараптама тағайындау туралы өтінім берген) адамдар мамандарға даулы мәтіндердің өздерін ғана емес (түпнұсқасын немесе куәландырылған ксерокөшірмелері түрінде), сондай ақ сарапшыларға қойылатын сауалдар тізімін, сол сияқты құжаттамалық немесе ақпараттық даудың барлық тараптарының (азаматтық іс бойынша талапкердің, сол сияқты жауапкердің де) ұстанымдарын көрсететін жазбаша материалдарды да – талап арыздың, адвокаттар берген түсіндірмелердің көшірмелерін және т. б. қамтитын мейлінше толық материалдар пакетін табыс етуге тиіс.

6. Егер сарапшылардың талдау жасауы үшін бейнематериалдар ұсынылса (мысалы, тараптың нысанына айналған даулы телехабардың көшірмесі), онда лингвистикалық сараптама нысанын құрайтын даулы сөздерді қамтитын бүкіл хабардың эфирге шыққан күні дәл көрсетіліп жасалған сапалы бейнекөшірмесінен басқа (шығарылған жері тиісті түрде куәландырылуға тиіс VHS кассетасына немес CD-дискіге жазылған), телехабардың тергеу органдарында немесе БАҚ тардың қызметін бақылайтын мемлекеттік құрылымдарда ресми түрде куәландырылған немесе нотариалдық түрде куәландырылған кәсіби деңгейде кері шифрланған мәтіні табыс етілуге тиіс (қағазға шығарылған түрде және мұның компьютерлік мәтін файлының қағаздағы нұсқасы болғаны дұрыс). Осы ереже радиохабарларда айтылған мәтіндерді сараптауға да қолданылады (бұл жағдайда мәтіннің қағазға басып шығарылған нұсқасымен бірге радиохабар жазылған дыбыскассета да міндетті түрде табыс етіледі). Теле  немесе радиохабардың сөзбе сөз мазмұнын анықтауды лингвист сарапшыларға тапсыруға болады.

7. Егер сот талқылауының (немесе ІІМ, прокуратура органдары тергеуінің) нысаны Интернет торабында жарияланған мәтіндер болса, онда сарапшылардың талқылау жасауына интернет сайттың мәтін мәнінің (мазмұнының) қағазға басып шығарылған нұсқасы табыс етілуге тиіс, ол оған дейін ресми немесе нотариалдық түрде немесе тергеу органдарында алдын ала куәландырылуға тиіс.

8. Сараптама жүргізу аяқталып және жазбаша қорытынды ресімделгеннен кейін ғана (қажет болған жағдайда оның ережелерін немесе қорытындыларын түсіндіргеннен кейін) анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот сарапшыдан жауап ала алатынын есте ұстау қажет.

9. Сарапшының қорытындысына баға беруде немесе сарапшыдан жауап алу кезінде оған сұрақ қоюда (тұжырымдарының толықтығын, ғылыми негізділігін және дұрыстығын тексеру кезінде) тергеушіге немесе сотқа ықпалдасу үшін сараптама жасауға білікті және мейлінше тәжірибелі, лингвистикалық сараптама жүргізуді жүзеге асырып жүргеніне кем дегенде 5 жыл болған, сондай ақ сарапшылар жұмысының нәтижелері қаралатын сот отырыстарына қатысу тәжірибесі бар мамандарды шақырған дұрыс.

10. Лингвист мамандардың қымбат уақытын үнемдеу үшін олармен бірінші консультация өткізер алдында ГЛЭДИС тің Интернет желісіндегі www.rusexpert.ru. сайтына кіріп көріңіз. Мазмұны зор бұл сайт бөлімдерінің тұтас бір қатарынан, онда келтірілген зерттеулер мен сараптама қорытындылары мәтіндерінен (мамандардың қорытындыларынан), мамандардың мақалалары мен түсіндірмелерінен, сондай ақ осы сайтта ұсынылған ГЛЭДИС тің бірнеше кітабының электрондық нұсқаларынан сіздің өзіңізді қызықтырып отырған мәселелердің жауаптарын табатыныңыз анық..


Инвективтік лексика − бұл өзінің семантикасында, мазмұнының экспрессивтік бояуында және бағалаушы құрауышында сөйлеп тұрған немесе жазып отырған адамның осы мәтін арналған адамды немесе үшінші тұлғаны кемсіту, қорлау, абыройын төгу ниетін қамтитын сөздер мен тіркестер, оған әдетте мұны мейлінше өткір және арсыз түрде жасау пиғылы тән болады. Инвективтік лексикаға мыналар жатады: көбінесе жаргондар мен диалектіден алынатын, әдеби тілге жатпайтын былапыт лексика; обсценді лексика (балағаттау), әдеби тілдің құрамына кіретін дөрекі жай сөздер лексикасы; әдеби, бірақ әдепсіз сөздер мен фразалар.

Бейинвективтік лексика − экспрессивтік болып табылатын, бірақ өзі арналған адамның (адресаттың) намысына тию немесе кемсіту ниеті жоқ (жағымсыз бағалау және/немесе эмоциялық-экспрессивтік құрауышы бар) лексика.

Пікір айту − интонациялық жағынан қалыптасқан, өзінің ішінде хабарламаны қамтитын кез келген сөз бірлігі, фраза.

Іскерлік бедел − нақты адамның кәсіби қасиеттеріне баға беру болып табылады. Кез келген азаматтың, соның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамның, сондай ақ кез келген заңды тұлғаның: коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымның, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б. іскерлік беделі болуы мүмкін.

Ақпарат − адам немесе арнайы құрылғы қабылдайтын қоршаған дүние және онда болып отырған процестер туралы мәліметтер. Азаматтық құқықтар объектілерінің бір түрі. Азаматтық кодекстің өзінде ақпарат ұғымының нақты анықтамасы жоқ, онда осы түрдің неғұрлым тар объектісін – қызметтік және коммерциялық құпияны қорғау көзделген.

Кекесін (ирония) (грек тілінен eironeia - қулық):

1) астарлы, жасырын мазақ; өтірік келісу немесе мақұлдау түрінде тұлғалап берілетін жоққа шығару немесе келемеждеу;

2) Стилистикалық фигура: астарлы сөзбен сөйлеу арқылы келемеж қылуды немесе қулануды білдіру, мұнда сөз немесе пікір айту мәтін мәнінде өзінің тура мағынасына қарама қарсы немесе оны теріске шығаратын мағынаға ие болады;

3) Комикалық кейіп, мұнда күлкілі нәрсе салмақты адамның бетпердесін киіп жасырынады (юморға қарама қарсы) және өзінің ішінде артықшылық немесе скептицизм сезімін жасырып тұрады.

Жала жабу − басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату (ҚР ҚК нің 129 бабы). Шет елдердің құқығында диффамация жала жабуға жақын ұғым болып табылады.

Сын (грек тіліндегі kritike – талқылау – пішіп айту өнері):

1) баға беру мақсатымен бір нәрсені талдау (анализ), талқылау (мысалы, әдеби сын);

2) бір нәрсе туралы теріс пайымдау (ғылымда, өнерде, қоғамдық өмірде және т. б.), кемшіліктерін көрсету;

3) бір нәрсені зерттеу, оның шынайылығын, түпнұсқалығын ғылыми тұрғыда зерттеу (мысалы, мәтінге сын айту, тарихи дерек көздеріне сын айту).

Қоғамдық пікір − бұқаралық сананың жай күйі, онда қоғамдық оқиғаларға, әр түрлі топтардың, ұйымдардың, жекелеген адамдардың қызметіне көзқарас (жасырын немесе айқын) қамтылған; қандай да бір қоғамдық проблемалар бойынша мақұлдау немесе айыптау ұстанымын білдіреді, жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен институттардың мінез-құлқын реттейді, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нормаларын күштеп таңады. Тұтас қоғам шеңберінде, сол сияқты алуан түрлі әлеуметтік топтар шеңберінде әрекет етеді. Қоғамдық пікір билік органдарын сайлауда, бұқаралық коммуникация құралдарында, халық арасында сұрау жүргізуде және т. б. көрініс табады.

Тұспалдау − мәтін ішінде: тапқырлықпен түсінуді көздейтін сөздер. Тұспалдау қорлай, кемсіте алмайды немесе масқара қыла алмайды, өйткені тұспалдаудың түсінілгенін, яғни тапқырлық болжаудың болған болмағанын анықтау мүмкін емес. Тұспалдауды лингвист сарапшы анықтауы мүмкін, бірақ жағымсыз мазмұндағы ақпаратты бөліп алу кезінде олар дәлел бола алмайды. Тұспалдау ым арқылы білдірілуі мүмкін, егер бұл ым әдепсіз болса, ал ымдаушы адам адресатты кемсітуді мақсат тұтса, онда әңгіме қорлау туралы болып отыр.

Реніш − өкінішті, ренішті жағдай. Ренжіген адамның көзқарасы тұрғысынан: әділетсіз келтірілген қынжылыс, сондай ақ осындай қынжылудан туған сезім. Сот талқылауында әділдік емес, ақиқат анықталатын болғандықтан, даулы мәтінді талдау кезінде реніш талқылауының нысаны бола алмайды. Бұдан басқа, талапкер ренішті сынмен шатастыратын жағдайлар өте жиі кездеседі.

Долбар − болжам, алдын ала ойлап түсіну. Пікір білдірудің бір нысаны болып табылады, ол кезде автор айтылып отырған уәждердің алдын алу сипатында екендігін немесе олардың шынайылығына өзінің сенімді болмай отырғанын баса көрсеткісі келеді. Егер мәтіннің түйіндеу бөлімі болжам нысанында жазылса, онда мұндай болжамды үзілді кесілді емес пікір ретінде қарастыру қажет.

Бедел − белгілі бір адамның алатын қоғамдық бағасы, қандай да бір адамның қасиеттері, жақсы жақтары мен кемшіліктері туралы ортақ пікір.

Факті − (латын тіліндегі factum – жасалған, іске асырылған):

1) әдеттегі мағынада - «ақиқат», «оқиға», «нәтиже» ұғымдарының синонимі;

2) шынайылығы дәлелденген білім;

3) логикада және ғылыми методологияда – эмпирикалық білімді тіркейтін сөйлемдер;

4) заңдық факті – құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы байланыстырлатын мән жай.

Цитата − қандай да бір мәтіннен, айтылған пікірден келтірілген нақты, сөзбе сөз үзінді.

Эвфемизм − осы нақты жағдай үшін ыңғайсыз немесе дөрекі болып көрінетін, жағымсыз сөз немесе пікір айтудың орнын ауыстыратын сөз немесе фраза (мысалы, «семіз адамның» орнына «толық адам» деп айту).



Сот филологиялық сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымдарының үлгілері
ҰЙҒАРЫМ
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты төрағалық етуші судья С. К. Жұмабекова болған құрамда, хатшы А. Текебаева, прокурор С. Такееваның, тараптардың қатысуымен 2004 жылғы 18 қарашада Орал қаласында ашық сот отырысында Плясов Александр Егоровичтың ар намысын, қадір қасиетін, іскерлік беделін қорғау, көпшілік алдында кешірім сұрауға, жазбаша арыз беруге мәжбүрлеу және моральдық зиянды өтеу жөнінде Мартыненко Татьяна Александровнаға қойған талабы бойынша істі, Мартыненко Татьяна Александровнаның әрекеттерін заңға қайшы деп тану, ар намысын, қадір қасиетін, іскерлік беделін қорғау, моральдық зиянды өтеу, сот шығындарын өндіріп алу жөнінде Плясов Александр Егоровичке, Мартыненко Валерий Вениаминовичке қойған қарсы талабын қарап, сот
АНЫҚТАДЫ:
Талапкер Плясов Александр Егорович ар намысын, қадір қасиетін, іскерлік беделін қорғау, көпшілік алдында кешірім сұрауға, жазбаша арыз беруге мәжбүрлеу және моральдық зиянды өтеу жөнінде Мартыненко Татьяна Александровнаға талап қойып, Орал қаласының №2 сотына арыз берді, осы орайда ол өзінің азамат В. В. Мартыненконың азаматша Т. А. Мартыненкоға некені бұзу жөніндегі талабы бойынша азаматтық іс бойынша В. В. Мартыненконың өкілі болып табылатындығын атап көрсетті.

Жауапкер Т. А. Мартыненко 2004 жылғы 1 қазанда БҚО бойынша Әділет басқармасы бастығының атына жазбаша шағым беріп, А. Е. Плясовты лизенциядан айыруды талап етіп, оны адамгершілігі жоқ, адвокаттық қызмет нормаларын бұзады, ой-өрісі тар, мінез құлқы әдепсіз, билік органдарына деген сенімге нұқсан келтіреді деп айыптаған, сондай ақ В. В. Мартыненконы дәмешіл, арматура зауытында «ішімдікке салынады» деп көпшілік алдында айыптаған болатын.

Өзінің талабында адвокат А. В. Плясов жауапкер Т. А. Мартыненконы сот залында көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеуді, сондай ақ БҚО бойынша Әділет басқармасы бастығының атына бұрын берілген арызда келтірілген уәждерді теріске шығаруды сұрайды, келтірілген моральдық зиянның және беделге нұқсан келтірудің өтемі ретінде жауапкер Т. А. Мартыненкодан 100 000 теңге өндіріп алуды, сондай ақ сот шығындарын өндіріп беруді сұрайды.

Қарсы талап арызында Т. А. Мартыненко А. Е. Плясовқа, В. В. Мартыненкоға талап қойып, А. Е. Плясовтың әрекеттерін заңға қайшы деп тануды талап етіп, А. Е. Плясовты жұмыс істейтін жері бойынша ұжымның алдында өзінен кешірім сұрауға, екеуін 1 000 000 теңге сомасында моральдық зиянды бірлесіп өтеуге міндеттеуді, ақылы заң қызметі үшін 25 000 теңге сомасындағы сот шығындарын өндіріп алуды, 1168 теңге сомасындағы мемлекеттік бажды қайтаруды сұрайды, осы орайда ол 2004 жылғы қыркүйек қазан аралығында Орал қаласының №2 сотында өзінің және жұбайы В. В. Мартыненконың арасында некені бұзу туралы процестің өткенін атап көрсетеді.

Іс материалдарын зерттеп, тараптардың уәждерін, куәлардың жауаптарын тыңдап, сот осы іс бойынша сот филологиялық сараптама тағайындауды қажет деп санайды, өйткені осы дауды шешу үшін арнайы білім қажет.

Іс бойынша іс жүргізу сараптама жүргізу аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚР АІЖК нің 91, 243, 244 баптарын басшылыққа алап отырып, сот
ҰЙҒАРДЫ:
Плясов Александр Егоровичтың ар намысын, қадір қасиетін, іскерлік беделін қорғау, көпшілік алдында кешірім сұрауға, жазбаша арыз беруге мәжбүрлеу және моральдық зиянды өтеу жөнінде Мартыненко Татьяна Александровнаның әрекеттерін заңға қайшы деп тану, ар намысын, қадір қасиетін, іскерлік беделін қорғау, моральдық зиянды өтеу, сот шығындарын өндіріп алу жөнінде Плясов Александр Егоровичке, Мартыненко Валерий Вениаминовичке қойған қарсы талабы бойынша іс бойынша сот филологиялық сараптама тағайындалсын, оның шешуіне төмендегідей сұрақтар қойылсын:

1. Әділет басқармасының бастығы А. Мұхитованың атына Т. А. Мартыненкодан келіп түскен шағымда баяндалған «өзі әдепсіз, бойында қарапайым адвокаттық этикасы жоқ осындай адвокат қалай жұмыс істей алады, қандай да бір мәселелерді қалай шеше алады», «мұндай адвокаттарға әділет саласында орын жоқ, өйткені олар өздерінің мінез құлқымен билік органдарына деген сенімге нұқсан келтіріп қана қоймай, өздерін, сол сияқты қаланы да масқаралайды» деген сөздер А. Е. Плясовтың ар намысын, қадір қасиетін және іскерлік беделін қорлайтын сөздер болып табылады ма?

2. Әділет басқармасының бастығы А. Мұхитованың атына Т. А. Мартыненкодан келіп түскен шағымда баяндалған «өзім 32 жыл бойы отасқан бұл адам өте әдепсіз, бірақ маған күйе жағатын осы сөздер жазу үшін оның өзінің ақылы жетпес еді және оның ой-өрісі мен мәселелері және пікір айту шеңбері өте шектеулі» деген сөздер В. В. Мартыненконың ар намысын, қадір қасиетін және іскерлік беделін қорлайтын сөздер болып табылады ма?

3. Әділет басқармасының бастығы А. Мұхитованың атына В. В. Мартыненкодан келіп түскен шағымда баяндалған «әйелімнің мінезі жын қаққандай және салмақсыз» деген сөздер Т. А. Мартыненконың ар намысын, қадір қасиетін және іскерлік беделін қорлайтын сөздер болып табылады ма?

Сарапшыларға көрінеу жалған қорытынды берудің ҚР ҚК нің 352 бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны туралы ескертілсін.

Сараптама жүргізу ҚР Әділет министрлігі Алматы қаласы Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына тапсырылсын. Сараптама тараптардың есебінен жүргізілсін.

Іс бойынша іс жүргізу сараптама жасау аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

Ұйғарымға 10 күннің ішінде Орал қаласының №2 соты арқылы Батыс Қазақстан облыстық сотына жеке шағым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін.



Судья С. К. Жұмабекова

ҰЙҒАРЫМ
Алматы қаласы Медеу ауданының соты төрағалық етуші судья Н. А. Низамединова болған құрамда,

хатшы Р. А. Тоқтабакиева,

прокурор А. Мұстафинаның қатысуымен,

14.04.2004 жылы Алматы қаласында А. Буренкованың «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС ға, Евдокименко Ксения Владимировнаға қатысты ар намысы мен қадір қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарап,


АНЫҚТАДЫ:
Талапкер Буренкова Алла Владимировна «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС нің, Евдокименко Ксения Владимировнаның үстінен ар намысы мен қадір қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз берді, мұның себебі ретінде ол 2002 жылғы 26 маусым - 2 шілде аралығында «Новости недели» газетінің 25 санында журналист Евдокименко Ксенияның (лақап аты Анна Шингаркина) «Балеттегі шірік» («Балетная гниль») тақырыбымен шыққан мақаласын көрсетті – «фестивальдің директоры әрі рухани жетекшісі Алла Буренкова тілшінің кейбір сұрақтарына жауап бере отырып, классикалық би мектебінің көшбасшы болуға ұмтылысын осылай деп атады». Бұл шағын материал нәтижені қорытындылау – 2002 жылғы маусым айында Алматыда өткен «Қызғылтжал» қазіргі заманғы би фестивалі туралы өзінің жеке пікірін, алған әсерін қорытындылау сияқты болды, бұл туралы жауапкер К. Евдокименко осы газеттің 2003 жылғы 18-24 тамыздағы 24 санында жарық көрген «Бидегі экстрим» («Танцевальный экстрим») мақаласында жазды. Евдокименко газет беттерінде «Жын қаққандар биі» («Сумасшедшие танцы») атты мақаласын жариялап, онда ол «Бұл «Қызғылтжал» дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын, материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөйлемге жол берген. «Балеттегі шірік» («Балетная гниль») және « ... «Қызғылтжал» дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын...» деген сөздер «Қызғылтжал» би театрының ұйыдастырушысы және жетекшісі ретіндегі оның ар намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіреді, онда ашу, түсінбеушілік, наразылық, реніш және денсаулығының бұзылуына дейін қолайсыз жағдай туғызып отыр. Жауапкер - журналист К. Евдокименко іс жүзінде ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 21 бабын бұза отырып шындыққа сай келмейтін ақпарат таратты. Журналистің белгілі бір оқиға жайында өз пікірін білдіруі оның құқығына жатады, бірақ бұл орайда журналистің өз мақаласына өзек болған адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сыйламауға құқығы жоқ.

20.10.2003 жылы ол «Новости недели» газетінің бас редакторына және журналист K. B. Евдокименкоға хат жазып, газет беттерінде алдыңғы мақаланы теріске шығаратын материал жариялауын және өзінен кешірім сұрауын талап етті, бірақ оған ешқандай жауап берілмей, кешірім сұраған да ешкім болмады.

Осы іс бойынша сот отырысы барысында талапкер A. B. Буренкованың сенімхат бойынша өкілі Каторча осы мақалалар арқылы талапкердің ар намысын, қадір қасиеті мен іскерлік беделін қорлау фактісін анықтау үшін сот филологиялық-орфографиялық-лингвистикалық сараптама тағайындау туралы өтінім түсірді.

Сот істің материалдарын зерттеп, тараптардың жауаптарын, процеске қатысушылардың мәлімделген өтінім бойынша пікірлерін тыңдап, өтінім мына негіздемелер бойынша қанағаттандыруға жатады деп санайды:

Мақаладағы «Балеттегі шірік» («Балетная гниль»)   «фестивальдің директоры әрі рухани жетекшісі Алла Буренкова тілшінің кейбір сұрақтарына жауап бере отырып, классикалық би мектебінің көшбасшы болуға ұмтылысын осылай деп атады» және осы газеттің 2003 жылғы 18-24 тамыздағы 24 санында журналист Евдокименконың «Жын қаққандар биі» («Сумасшедшие танцы») тақырыбымен басылған «...«Қызғылтжал» дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын...» деген сөздерге орын берген пікірлері «Қызғылтжал» би театрының ұйымдастырушысы және жетекшісі ретіндегі оның ар намысы мен қадір қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін анықтау үшін филология, орфография, лингвистика саласындағы арнайы ғылыми білім мен білік қажет.

ҚР АІЖК нің ҚР ҚР186, 93-94, 251-252 баптарын басшылыққа алып, сот


ҰЙҒАРДЫ:
А. Буренкованың ар намысы мен қадір қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу жөніндегі «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС ға талабы бойынша азаматтық іс бойынша комиссиялық сот-филологиялық-орфографиялық- лингвистикалық сараптама тағайындалсын, оны жүргізу Алматы қаласының Сот сараптамасы орталығына тапсырылсын.

Сараптаманың шешуіне мынадай сұрақтар қойылсын:



  1. Зерттеуге ұсынылған жарияланымдардың ортақ бағыт бағдары қандай?

  2. Жарияланымдардың мәтіндері бойынша көрсетілген адамдардың сипаттамасы қандай, олардың жағымсыз бағалаушы маңызы бар ма?

  3. «Новости Недели» газетінің 26.06.2002 жылғы санындағы А. Шингаркина деген лақап атпен жарияланған мақаладағы мына сөздер мен сөйлемдердің: «Балеттегі шірік» («Балетная гниль»)   фестивальдің директоры әрі рухани жетекшісі Алла Буренкова... классикалық би мектебінің көшбасшы болуға ұмтылысын осылай деп атады», сондай-ақ жалпы мақаланың өзінің және газеттің 24.06.2003 жылғы санындағы «Бұл «Қызғылтжал» дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөздердің мағыналық салмағы қандай? Жарияланымдар мәтіндерінде талапкер А. Буренкованың ар намысын, қадір қасиеті мен іскерлік беделін қорлайтын сөйлемдер бар ма?

  4. «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының әрқайсысы жеке жеке қандай әдеби (журналистік) жанрда жазылған?

5) «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының әрқайсысының жеке жеке жазылуының негізгі мақсаты қандай?

  1. «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларын жазу кезінде автор қандай әдеби амал тәсілдерді қолданған?

  2. Бұл амал тәсілдер автор таңдаған жанрға сай келе ме?

  3. «Балеттегі шірік» сөздерінің авторы кім: журналист пе әлде А. Буренкова ма?

  1. «Балеттегі шірік» деген тақырып тырнақшаға алынған, орфография тұрғысынан бұл нені білдіреді?

  1. «Балеттегі шірік» газет мақаласының негізгі персонажы (кейіпкері) кім?

  2. «Жын қаққандар биі» газет мақаласының негізгі персонажы (кейіпкері) кім?

  1. «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының үзінділерінде «Балеттегі шірік», «Бұл «Қызғылтжал» дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөздерде А. В. Буренкова туралы ақпарат бар ма? Егер бар болса, онда нақтылап айтқанда бұл қандай ақпарат?

  2. «Бұл «Қызғылтжал» дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөздердің иесі кім?

  1. «Нұсқа» деген сөздің мән мағынасы қандай?

  1. «Бұл «Қызғылтжал» дың айналасында үнемі жүретін жағымсыз әсер мен арамзалық туралы сезік баяндалатын материалдың өте қысқа нұсқасы» деген сөйлемде кімнің әсері мен сезігі туралы әңгіме болып отыр?

  2. А. В. Буренкованың есімі кім ретінде аталады: жеке тұлға ретінде немесе лауазымды тұлға   «Қызғылтжал» жастар мәдени орталығының президенті ретінде ме немесе фестивальдің директоры ретінде атала ма?

17) Келтірілген үзінділерде оқиға туралы пайымдауға жататын бағалап пайымдау бар ма? Егер бар болса, қандай бөлігінде? Егер бар болса, олар неге баға береді?

18) «Балеттегі шірік» және «Жын қаққандар биі» газет мақалаларының негізгі идеяларын анықтау керек.

19) «Бидегі экстрим» мақаласында басталған тақырып «Балеттегі шірік» мақаласында жалғасын тауып отыр ма?

20) «Бидегі экстрим» мақаласында «Қызғылтжал» фестивалі туралы айтыла ма, егер айтылса, оның сипаттамасы қандай? Ол туралы пікір білдіріп отырған кім?

А. Буренкованың ар намысы мен қадір қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу жөніндегі «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС ға қойған талабы бойынша азаматтық іс материалдары сараптама жүргізуге берілсін.

Қорытынды беруден бас тартудың және көрінеу жалған қорытынды берудің ҚР ҚК нің 352, 353 баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны туралы сарапшыларға ескертілсін.

А. Буренкованың ар намысы мен қадір қасиетін қорғау, моральдық зиянды өтеу жөніндегі «Редакция газеты «Новости недели» ЖШС ға, Евдокименко Ксения Владимировнаға талабы туралы азаматтық іс бойынша іс жүргізу сараптама жасалып болғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

Ұйғарымға 10 күн мерзімде Медеу аудандық соты арқылы Алматы қалалық сотына шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін.



Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет