Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының


-схема. Шешімді дереу орындауға жіберу*



бет18/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

9-схема. Шешімді дереу орындауға жіберу*


*Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5нормативтік қаулысының 28-тармағының 1-сөйлеміне сәйкес, шешім дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, ол заңды күшіне енгеннен кейін орындалады.

**Аталған нормативтік қаулының 28-тармағы 1-абзацының 2-сөйлемі бойынша Сот АІЖК-нің 237-бабында көрсетілген істер бойынша шешімдерді шығару кезінде, талаптар қанағаттандырылған жағдайда, оның қарар бөлімінде сот шешімінің міндетті түрде дереу орындалатынын көрсетеді. Мұндай шешімдерді тоқтата тұруға жол берілмейді.

***Аталған нормативтік қаулының 28-тармағы 2-абзацы бойынша, егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешімді орындаудағы кідіріс өндіріп алушы үшін елеулі шығынға әкеп соғуы мүмкін болса немесе шешімді орындау мүмкін болмаса (мысалы, талапкерге берілген мүліктің жойылуы) сот талапкердің өтінімі бойынша шешімді дереу орындатуы мүмкін. Сот шешімін дереу орындау туралы мәселе шешімді шығару кезінде шешілуі мүмкін. Шешімді дереу орындау туралы өтінім шешім шығарылғаннан кейін де қаралуы мүмкін, мұндай жағдайда өтінім іске қатысушы адамдарға отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың қатыспауы осы мәселені шешуге кедергі болмайды (сондай-ақ АІЖК-нің 238-бабының 3-бөлігін қараңыз). Шешімді дереу орындау туралы ұйғарым кеңесу бөлмесінде шығарылады және іске тігіледі.

Аталған нормативтік қаулының 28-тармағының 3-абзацы бойынша, АІЖК-нің 238-бабына сәйкес шығарылған сот шешімін дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым беру, жеке наразылық келтіру мұндай ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.

Шешімді дереу орындау жөніндегі мәселе туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Шешімді дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым, наразылық беру бұл ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады (АІЖК-нің 238-бабының 4-бөлігі).

10-схема. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту (АІЖК-нің 233-бабы):*

*АІЖК-нің 233-бабының ережелері істі қарағаннан кейін, бірақ атқару құжаты атқарушылық іс жүргізу органдарына жіберілгенге дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының 34-тармағына сәйкес, АІЖК-нің 233-бабының ережесі мәжбүрлеп орындатуға жіберілмеген шешімдерге қатысты қолданылады, ал шешімді орындауды кейінге қалдыру және оның мерзімін ұзарту, орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселені іске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша істі қараған сот қарайды.



Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру шешімді мәжбүрлеп орындатуды неғұрлым кейінгі кезеңге (уақыттың белгілі бір аралығына) қалдыру дегенді білдіреді. Бұл жауапкердің, оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйден шығаруға кедергі болатындай сырқаттануына, жауапкердің материалдық жағдайының нашарлауына және т. б. байланысты болуы мүмкін.

Шешімді орындау мерзімін ұзарту – сот шешімін белгілі бір уақыт кезеңінде әр бөліктің орындалу мерзімін көрсетіп, бөліп бөліп орындау.

Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады.

Шешімді орындау тәсілін өзгерту орындаудың бір түрін екінші түрімен ауыстыру немесе шешімді орындаудың бастапқы тәсілін өзгертуден болатын белгілі бір трансформация ретінде көрініс беруі мүмкін (С. А. Иванова, И. К. Пискарев, З. Х. Баймолдина).

Сот шешімін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру, ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту мәселелері сондай-ақ Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 240-бабымен және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 13-бабымен реттеледі.

**Арызды қанағаттандырған жағдайда сот өз ұйғарымында шешімді орындау мерзімін кейінге қалдырудың мерзімін көрсетуге, ал шешімді орындау мерзімін ұзартқан кезде - қарызды өтеу есебіне борышкерден өндіріп алуға жататын төлемдердің мөлшерін бөлік бөлігі бойынша көрсетуге міндетті.

11-схема. Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту (АІЖК-нің 240-бабы):*

өндіріп алушы арызы бойынша

* АІЖК-нің 240-бабының ережелері сот шешімі, сот бұйрығы мәжбүрлеп орындауға берілген және атқарушылық іс жүргізу қозғалған жағдайларда қолданылады.

АІЖК-нің 240-бабы 4-бөлігінде көзделген ережелер бойынша сот бекіткен тараптардың бітімгершілік келісімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе әдісін өзгерту жасалуы мүмкін.

Сот шешімін орындау мерзімін кейінге қалдыру, ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту мәселелері сонымен қатар АІЖК-нің 233-бабымен және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 13-бабымен реттеледі.

**Арызды (өтінімді) қанағаттандырған жағдайда, сот өз ұйғарымында шешімді орындауды кейінге қалдыру күшінде болатын мерзімді көрсетуге, ал сот бұйрығын орындау мерзімін ұзартқан жағдайда, қарызды өтеу есебіне борышкерден өтеп алуға жататын мерзімді төлемдердің мөлшерін көрсетуге міндетті.

12-схема. Қылмыстық процестегі азаматтық талап бойынша шешім шығару және оны орындау (ҚІЖК нің 162-171-баптары)


Айыптау үкімін шығарғанда немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарғанда, сот:



Қылмыс арқылы моральдық немесе мүліктік зиян келтірілгені туралы деректер болған кезде қылмыстық ізге түсу органы азаматтық талапты қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қабылданбаған болса, сот үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқылы (ҚІЖК-нің 170-бабы).

Сот азаматтық талапты қанағаттандырған кезде үкім, сондай-ақ
азаматтық талап бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарда көзделген тәртіппен орындалады (ҚІЖК-нің 171-бабы).

13-схема. Сот беретін атқару құжаттарының түрлері*

*Бұл схемада атқару құжаттарының бүкіл тізбесі емес, тек сот беретін атқару құжаттары ғана көрсетілген. Атқару құжаттарының толық тізбесін ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 5-бабынан қараңыз. Көрсетілген нормада атқару құжаттары тізіміне сонымен қатар талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары кіреді. Аталған Заңның 5-бабында көрсетілген атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарының және бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі. Заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады. Өзге органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқарушылық әрекеттi бұл жайында Заңда тiкелей нұсқау болғанда ғана жүзеге асырады (аталған Заңнын 4-бабы).

**Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының 30-тармағы бойынша шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдері АІЖК-нің 425-бабына сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңымен немесе халықаралық шарттарымен көзделсе, шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін. Мұндай шешімді орындау мүдделі тараптың өтінімі бойынша Азаматтық іс жүргізу кодексінің шешім орындалатын орны бойынша белгіленген соттылық қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы сотының ұйғарымымен жүргізіледі.

*** Сотталушының мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған сот ол заңды күшіне енген соң атқару парағын, мүлік тізімінің көшірмесін және үкімнің көшірмесін атқару үшін сот орындаушысына жібереді, бұл туралы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды. Істе сотталушы мүлкінің тізімі болмаған жағдайда мүлікті тізімдеу жүргізілмегені туралы анықтама жіберіледі (ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 57-бабының 1-бөлігі).

Мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны орындауды мүліктің орналасқан жері бойынша сот орындаушысы жүргізеді (ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 57-бабының 2-бөлігі).

14-схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны

*Атқару парағының мазмұны АІЖК-нің 236-бабының 4-бөлігімен регламенттеледі.

**Орындауға жіберілетін үкімдердің, шешімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың көшірмелері және аудандық соттар беретін атқару парақтары аудандық сот төрағасының немесе іс бойынша төрағалық етуші судьяның қолы және аудандық соттың елтаңбалық мөрі қойылып куәландырылады. Аталған көшірмелермен бірге тиісті мекен-жайларға жолданатын ілеспе хаттарға да дәл сол тұлғалар қол қояды (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 ақпандағы № 46-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген сотында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 97-тармағы).

15-схема. Соттың атқару парағын беру тәртібі*



*Барлық жағдайда сот әрбір атқару парағына сот актісінің көшірмесін не соттың мөрімен куәландырылған оның үзінді көшірмесін қоса тіркейді (АІЖК-нің 236-бабының 5-бөлігі).

**Мүлікті тәркілеу, мемлекеттің пайдасына өндіріп алу жағдайларында, қылмыс арқылы келтірілген залалды өндіріп алу, алимент өндіріп алу, жарақаттау немесе денсаулыққа өзгедей зиян келтіру, асыраушысынан айырылу арқылы болған зиянды өтеу жағдайларында.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағы бойынша, соттар жауапкерлерден ақшалай немесе өзгедей өндіру туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңмен көзделген жағдайларда атқару парағын уақытында жазып, мөрмен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не оның үзіндісін, талапты қанағаттандыру үшін тыйым салынған мүліктің тізімдемесін қоса тіркеп, оның орналасқан жерін көрсетуге және осы құжаттарды борышкердің мекен жайы немесе жұмыс орны немесе оның мүлкі тұрған жері бойынша, ал заңды тұлғалар үшін   оның органы немесе мүлкі орналасқан орны бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиісті аумақтық органына жіберуге тиіс.



16-схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері

Сот бұйрығын шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді (АІЖК-нің 147-бабының 1-бөлігі).

*Осыған ұқсас ережелер Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңының 24-бабының 5-тармағында баяндалған, онда лизинг алушы сот бұйрығының көшірмесін алған күннен кейін он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдаланып, лизинг затын талап ету бойынша мәлімделген талапқа бұйрық шығарған сотқа қарсылық жіберуге құқылы, делінген.

**Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағының ережелері бойынша, егер борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде сотқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын жіберсе, онда судья олардың мазмұнына қарамастан, сот бұйрығын бұзу туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер борышкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда осы мерзім АІЖК-нің 128-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін. Егер бұзылған сот бұйрығы орындауға жіберілсе немесе орындау үшін өндіріп алушыға берілсе, онда сот мұндай сот бұйрығын кері қайтарып алады.

***Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлімдеген талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі шығарылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей тараптарға жіберіледі (АІЖК-нің 148-бабының 1-бөлігі).

Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды (АІЖК-нің 148-бабының 2-бөлігі). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 20-тармағының 1) тармақшасында былай деп нақтыланады: сот бұйрықтарына апелляциялық тәртіппен шағым беруге (наразылық келтіруге) болмайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 28-тармағында мынадай түсіндірме берілген: АІЖК-нің 385-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген шешіміне, ұйғарымына, қаулысы мен сот бұйрығына апелляциялық шағым беруге құқылы тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар істі қадағалау тәртібімен қарауға уәкілетті сотқа тікелей шағымдануы мүмкін. АІЖК-нің 391-бабының 3-бөлігінің мағынасы бойынша, іске қатыстырылмаған адамдар, олардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе осы актілермен шешілген жағдайда ғана аталған сот актілеріне шағымдануға құқылы.

****Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады (АІЖК-нің 149-бабының 4-бөлігі).

*****Жергілікті бюджеттің кірісіне борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауына жіберіледі (АІЖК-нің 149-бабының 3-бөлігі).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2003 жылғы 28 ақпандағы № 46-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген соттарында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 114-тармағы бойынша, сот бұйрығын шығару кезінде судья оның көшірмесін тапсыру туралы хабарлап, борышкерге дереу жібереді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмелері ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі. Егер белгіленген мерзім ішінде аудандық сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, аудандық сот өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді. Өндіріп алушының өтінімі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауына жіберілуі мүмкін. Жергілікті бюджеттің кірісіне борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауына жіберіледі. Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады.

Сонымен қатар, мына жағдайларды ескерген жөн:

- АК-нің 741-бабы бойынша заңды тұлғалардың және азаматтардың банктердегі ақшаларын олардың келісімінсіз алу соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе шешімінің, сот бұйрығының негізінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң актісінде көзделген жағдайларда жасалуы мүмкін;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Заңының (ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 09.07.03 ж. № 482-I Заңдары арқылы енгізілген өзгертулермен) 94-бабы бойынша, вексель бойынша төлеушінің мүлкінен өндіріп алу сот бұйрығының немесе сот шешімінің негізінде ғана жүргізіледі;

- Қазақстан Республикасының «Төлемдер және ақша аудару туралы» Заңының (28.12.98 ж. № 336-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 13.03.03 ж. № 394-II; 05.05.03 ж. № 409-II; 08.05.03 ж. № 411-II; 09.07.03 ж. № 482-II заңдарына сәйкес енгізілген өзгертулермен) 15-бабы бойынша ақша аударушының келісімінсіз ақшаны инкассо тәртібімен алу туралы өкім соттардың ақша өндіріп алу туралы шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары мен қаулылары немесе сот бұйрығының негізінде табыс етіледі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бюджетті орындау және есептілік (кезеңдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржы процедуралары ережелерінің 135-тармағы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі № 151 «Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқару құжаттарын орындау тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығының (ҚР Қаржы министрінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 226 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен) 2-тармағы бойынша, ақша аударушының келісімінсіз ақшаны инкассо тәртібімен алу туралы өкім атқару парақтарының немесе соттардың ақша өндіріп алу туралы шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары мен қаулылары бойынша берілетін бұйрықтардың немесе сот бұйрығының негізінде табыс етіледі.



17-схема. Атқару құжатын орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 9-бабы)

*Атқару құжаттарын орындау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы өтінім беру құқығы тек қана өндіріп алушыда не оның құқықтық мирасқорында бар.

Өткізіп алынған мерзім атқару парағын және сот бұйрығын, яғни сот актілерінің негізінде берілген атқару құжаттарын орындауға беру үшін ғана қалпына келтірілуі мүмкін.

Қалған атқару құжаттары бойынша өткізіп алынған мерзiм қалпына келтiруге жатпайды (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 9-бабының 3-бөлігі).

Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінімді сот АІЖК-нің 128-бабының ережелері бойынша қарайды. Сот бұл өтінімді мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешуі үшін кедергі болып табылмайды.
Өтінімді қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады. Соттың өткізіп алынған іс жүргізу мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

18-схема. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (неемес әрекетсіздігіне) дау айту туралы (АІЖК-нің 27-тарауы)

АІЖК-нің 27-тарауында көзделген тәртіпте, атап айтқанда, жергілікті атқару органының жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрация өткізуге тыйым салу туралы шешіміне; мемлекеттік уәкілетті органның адамды репатриант, мәжбүрлі көшіп келуші, босқын деп танудан бас тарту туралы шешіміне; жол органдарының көлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе жабу жөніндегі әрекеттеріне; салық органдарының заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банктердегі шоттарынан салық бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі әрекеттеріне; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Сот әкімшілерінің атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға болады.

*Конституциялық Кеңестің құзыры (ҚР Конституциясының 71-бабы):

1. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес дау туған жағдайда: 1) Республика Президентінің; 2) Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы; 3) республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді.

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес: 1) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; 2) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.

3. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес: 1) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді; 2) Парламент республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы тиісті шешім қабылдағанға дейін, республика Президентін қызметінен кетіру туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін – белгіленген конституциялық процедуралардың сақталуы туралы қорытындылар береді.

4. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, соттың Конституцияның 78-бабына сәйкес қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституцияда баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тауып, оны конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуін қарайды; 2) Конституцияның 53-бабының 11) тармақшасы бойынша Конституциялық Кеңес конституциялық іс жүргізу практикасын қорытудың нәтижесі бойынша республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайын Парламентке жолдау жасайды.

**АІЖК-нің 27-тарауының ережелері бойынша сотта қарауға жатпайтындар:

1) талап бойынша іс жүргізу, айрықша іс жүргізу тәртібімен немесе АІЖК-нің 25, 26, 28, 29-тарауларында көзделген ережелер бойынша қаралуы тиіс арыздар, сондай-ақ АІЖК-нің 279-бабының 2-бөлігінде көрсетілген шешімдер;

2) азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу заңдарында сотта іс қараудың өзге тәртібі көзделген сот, судья, прокурор, тергеуші, анықтаушының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы арыздар.

Азаматтық-құқықтық, еңбек, тұрғын үй, отбасы және басқа да жеке құқықтық қатынастар субъектілерінің арасындағы даулар айрықша талап қою емес, талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Атап айтқанда, ішкі істер органдарының, салық және кеден органдары қызметкерлерінің осы органдар басшыларының тәртіптік жаза қолдану немесе қызметтен босату туралы бұйрықтарын заңсыз деп тану туралы арыздары; акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктерінің органдары қабылдаған осы ұйымдардың акционерлері мен қатысушыларының мүдделеріне қайшы келетін шешімдеріне дау айту туралы арыздары; конкурстық, тендерлік комиссиялардың, конкурстық басқарушылардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы арыздар талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 10 «Соттардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғаларлың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы).



19-схема. Сот орындаушысының әрекеттерiне шағым беру*

*Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 87-бабында сот орындаушысының әрекеттеріне шағым беру құқығы көзделген. Заң шығарушылар сот орындаушысының әрекеттеріне шағым беруді атқару әрекеттерін жасау кезінде өндіріп алушының және борышкердің құқықтарын қорғаудың құқықтық құралы ретінде қарастырады.

**Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 86-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша сот орындаушысы заңда белгіленген тәртіппен орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулы шығаруға құқылы.

Сот орындаушысының әрекеттері қаулы түрінде, соның ішінде аға сот орындаушысы бекіткен акт, қарар, хат немесе өзге нысанда ресімделуі мүмкін.

Аталған Заңда сот орындаушысының әрекеттеріне берілген шағымдарды қараудың тәртібі анықталмаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 10 «Соттардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысында (1-тармақ 2) тармақша) АІЖК-нің 27-тарауында көзделген тәртіппен сот орындаушысының атқару құжатын орындау туралы шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекет жасаудан бас тартуына дау айтуға болатыны түсіндірілген.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағында сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөнiндегi немесе сондай әрекеттердi жасаудан бас тарту жөнiндегi әрекеттерiне өндiрiп алушы немесе борышкер шағым беруi мүмкiн деп түсіндірілген. Бұл жағдайда аталған Заңның 87-бабы бойынша шағым сот орындаушысының әрекет жасаған күннен немесе әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбай, аталған адамдарға ол жөнiнде белгiлi болған күннен бастап он күн iшiнде сот орындаушысының қызмет ететiн учаскесiндегi аудандық сотқа берiледi. АІЖК-нің 3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, басқа тұлғалар шағымды АІЖК-нің 280-бабының 1-бөлігінде көзделген мерзімде бере алады.


Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет