Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының


Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары



бет2/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары

Сот ұйғарымдарын шығару бойынша АІЖК-нің 251-252-баптарымен белгіленген ережелерден басқа ұйғарымдарда төмендегі міндетті мәліметтер болуға тиіс:



  • егер арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтын болса, онда ұйғарымда арыз берушінің қандай органға жүгінгені дұрыс екені көрсетілуге тиіс;

  • егер іс аталған соттың соттылығына жатпаса, онда ұйғарымда арыз берушінің қандай сотқа жүгінгені дұрыс екені немесе істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатыны көрсетілуге тиіс;

  • егер арызды қабылдаудан бас тартылса, өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж қайтарылып беріледі де бұл туралы сот ұйғарымында көрсетіледі;

  • егер олқылықтарды жою мүмкіндігі берілген болса, ұйғарымда қандай олқылықтарды жою қажет екені көрсетілуге және оларды жою үшін үш күндік мерзім белгіленуге тиіс.

Соңғы жағдайда судьяның арызды қабылдауға тиіс екенін назарда ұстау керек (АІЖК-нің 144-бабы). Арызды қабылдау туралы нұсқау сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау туралы ұйғарым шығарудың қажеттігін және жоғарыда баяндалған тұжырымдардың негізделгендігін дәлелдейді деп топшылаймыз. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес белгіленген мерзімде олқылықтарды жойса, мемлекеттік бажды төлесе, арыз сотқа алғаш рет ұсынылған күні берілді деп саналады. Бұйрық беру туралы арызды қабылдау туралы ұйғарым сотқа алғаш рет арыз берілген күнмен белгіленуге тиіс.

АІЖК-нің 153, 154, 143-баптарында көрсетілген негіздемелер бойынша арызды қабылдаудан бас тарту және оны қайтару туралы, сондай-ақ олқылықтарды үш күндік мерзімде жою туралы ұйғарым орындалмаған жағдайда, судья ұйғарым шығарады. Барлық жағдайларда іс жүргізу әрекеттері арыз сотқа келіп түскен сәттен бастап үш күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Бұйрық арыз сотқа алғаш рет келіп түскен сәттен бастап үш күн өткеннен кешіктірілмей шығарылуға тиіс.



Сот бұйрығының мазмұны мен оны берудің салдары туралы «Істі қарау нәтижелері бойынша шығарылатын сот қаулылары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар», «Атқарушылық іс жүргізу» бөлімдерін қараңыз.
2-БӨЛІМ. ТАЛАП ҚОЮ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
2-тарау. Талап қою
Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі. Талап бұзылған немесе дауланған құқықты қорғаудың іс жүргізу құралы болып табылады, ал бұзылған құқықты қорғау іске асырылатын нысан талаптық нысан деп аталады. Құқықты қорғаудың талаптық нысаны үшін төмендегілер тән:

  • материалдық-құқықтық талаптың болуы;

  • субъективтік құқық туралы даудың болуы;

  • қарама-қайшы мүдделері бар екі тараптың болуы.

Талап элементтері – талаптың мазмұнын айқындайтын оның құрамдас бөліктері. Талап элементтеріне қорғау тәсілі мен болашақ сот шешімінің сипаты байланысты болады. Талап элементтеріне төмендегілер жатады:

мән – осыған қатысты талапкер соттан қорғауды сұрайды (яғни, бұл талапкердің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабы немесе олардың арасындағы бүкіл материалдық құқықтық қарым-қатынас).

талаптың негізі – істің талапкердің дәлеліне негіз болатын мән-жайлары, талапкер өзінің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабын немесе талаптың мәнін құрайтын тұтас құқықтық қарым-қатынастарын, яғни талаптың қайда бағытталып отырғанын заңдық фактілер ретінде осы мән-жайлармен байланыстырады.

талаптың мазмұны – сот арқылы қорғау түрі (тәсілі), талапкердің сотқа талабы, олар талап арыздың өтініш бөлігінде көрініс табады.

Процессуалдық жағын, талап қою құқығының бар-жоғын судья талап арызды қабылдаған кезде тексереді. Егер талапкерде талап қою үшін іс жүргізу құқығы болмаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Талап қою құқығының материалдық-құқықтық жағы сотта қаралу барысында тексеріледі және анықталады.



Талап қою

Азаматтық іс қозғалар алдында мүдделі тұлға талап қоюға, ерекше талап қою және ерекше ісі жүргізу істері бойынша арыз беруге тиіс. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс қозғау бірінші сатыдағы соттағы ісі жүргізудің міндетті бастапқы сатысы болып табылады. Осындай құқықты іске асырудың ықтимал мүмкіндігінің себептері бойынша, талап сотқа қабылдағанға дейін сот жүзеге асырған кез келген іс жүргізу әрекеттері заңсыз болып табылады және АІЖК-нің 1-бабының ережелеріне қайшы келеді, онда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп белгіленген.

АІЖК-нің 8-бабында белгіленгендей, әрбір тұлға бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда мыналар өзге тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгіне алады:


  • мемлекеттік органдар;

  • заңды тұлғалар;

  • азаматтар;

  • прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың, құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) жүгінуге құқығы бар.

Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары

Талап арыз түскеннен кейін судья мыналарды мұқият тексеруге тиіс:



  • талап арызды қабылдаудан бас тартуға себеп болатын, АІЖК-нің 153-бабымен көзделген құқықтық тыйымдар жоқ па;

  • талап арызды кері қайтаруға АІЖК-нің 154-бабымен көзделген негіздемелер жоқ па;

  • АІЖК-нің 155-бабына сәйкес, талап арызды қозғалыссыз қалдыру үшін негіздемелер жоқ па;

  • сотқа талап қою құқығын іске асыру үшін заңмен көзделген алғышарттар, яғни, белгілі бір тұлғаның нақты бір іс бойынша талап қоюы үшін субъективті құқығының пайда болуы заңмен байланыстырылатын мән-жайлар бар ма. Сотта қорғау туралы сотқа жүгіну үшін осындай алғышарттардың болуы, сотқа жүгінудің заңмен белгіленген тәртібін сақтау қажеттігі (жоғарыдан қараңыз) судьяға белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, яғни, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығару міндетін жүктейді. Іс қозғалмаса жүгінуші субъектілердің бұзылған немесе дауланып отырған құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау мүмкін емес. Соңынан заңсыз іс-әрекеттер мен істерді қарау мерзімдерінің бұзылуын болдырмау үшін әу баста-ақ сотта істі қарау үшін негіздемелер бар екені туралы шешімді дұрыс қабылдауға ұмтылу қажет.

Талап арызды қабылдау кезінде іс жүргізу заңының барлық талаптарының қаншалықты егжей-тегжейлі орындалғанына істің сотта одан кейінгі қозғалысы тәуелді болмақ, себебі судья талап арызды өзінің өндірісіне қабылдағаннан кейін оны қозғалыссыз қалдыра алмайды. Барлық орын алған олқылықтарды судья соңынан сот ісін қарауға дайындалған кезде немесе сот ісін қарау барысында өзі түзететін болады, ал бұл істі қараудың мерзімдері мен сапасына әсер етеді, соттың одан кейінгі қызметі қиындайды. Алғышарттар бар-жоғын анықтаумен қатар судья талап арыздың нысаны мен мазмұны жағынан АІЖК-нің 150-бабының ережелеріне және АІЖК-нің 151-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес келетініне көз жеткізуге тиіс.

Сот талап қою құқығын іске асыруы үшін және арызды қабылдауы үшін төмендегі алғышарттар болуы қажет:



  • даудың соттың қарауына жатуы, қойылған талаптың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жататыны, АІЖК-нің 3-бабының ережелерінің сақталуы;

  • дау соттың қарауына жатады, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталған. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, АІЖК-нің 8-бабының ережелерімен ешкімге де өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайтынын есте ұстау қажет. АІЖК-нің 7-бабына сәйкес, өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болып табылады және күші жойылуға жатады;

  • пайда болған дауды аралық соттың шешуіне беру туралы тараптар арасында шарт жоқ;

  • сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот шешімі немесе сот ұйғарымы жоқ;

  • осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасында дәл сол дау нысанасы туралы және дәл сол негіздемелер бойынша дау бойынша азаматтық іс жоқ;

  • дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін белгіленген тәртібі сақталған;

  • арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берген;

  • арызды мүдделі тұлғаның атынан істі жүргізуге өкілеттігі бар тұлға берген, АІЖК-нің 6-бабының ережелері сақталған;

  • егер коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілеттігі бар орган, жылжымайтын мүлікке деген құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен осы затқа деген коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;

  • арыз талап арыз сол сотқа жазбаша нысанда беріледі және онда төмендегілер көрсетілуге тиіс деп белгілейтін АІЖК-нің 150-бабының талаптарына сәйкес болса:

  • арыз беріліп отырған соттың атауы;

  • талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер талапкер қандай да бір ұйым болып табылса, оның орналасқан жері мен банктік деректемелері, сондай-ақ егер арызды өкілі беріп отырса, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

  • жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер жауапкер қандай да бір ұйым болып табылса, егер олар талапкерге белгілі болса, оның орналасқан жері мен банктік деректемелері;

  • талапкердің құқықтарының, бостандықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәні және оның талаптары;

  • талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

  • егер талап бағалануға жататын болса, талаптың бағасы (АІЖК-нің 102-бабы);

  • арызға қоса тіркелген құжаттардың тізбесі;

  • даудың шешілуі үшін маңызы бар басқа да мәліметтер, сондай-ақ талапкердің өтінімдері баяндалған;

  • прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерде қоятын арызда мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неде екені, қандай құқықтық бұзылу негіздемесі, сондай-ақ заңға немесе басқа нормативтік құқықтық актіге сілтеме болуға тиіс. Прокурор сотқа азаматтың мүддесін білдіріп жүгінген жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюға мүмкіндігінің болмау негіздемесі көрсетілуі тиіс; арыз әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүддесі білдіріліп берілген жағдайларды қоспағанда, арызға азаматтың сотқа талап арызбен жүгінуге келісетінін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс;

  • арызға талапкер немесе талап арызға қол қою мен ұсынуға өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

  • егер талап арызға төмендегілер қоса тіркелген болса, арыз АІЖК-нің 151-бабының 1-3- тармақшасының талаптарына сәйкес келеді:

  • жауапкерлердің және үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмелері;

  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекспен реттелген. Сонымен қатар судьяның АІЖК-нің 101-103-баптарын басшылыққа алғаны жөн;

  • өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат (АІЖК-нің 6-бабы).

АІЖК-нің 151-бабының 1)-3) тармақтарында көзделген құжаттардан бөлек, 4, 6, 7-тармақтарға сәйкес талап арызға төмендегілерді қоса тіркеуге болады:

  • талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды растайтын құжаттар, осы құжаттардың жауапкерлер мен үшінші тұлғаларға арналған көшірмелері;

  • нормативтік құқықтық акт дауланатын жағдайда, оның мәтіні.

АІЖК-нің 155-бабының ережелерінде АІЖК-нің 151-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру қажеттігі туралы талаптар жоқ. Бұл 4-тармақта талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды растайтын құжаттардың, егер осы құжаттар жауапкерлер мен үшінші тұлғаларда болмаса, құжаттардың соларға арналған көшірмелерінің ұсынылуы туралы талаптардың бар екеніне байланысты болуы мүмкін. Осы айтылған жайларды істі сотқа дейін дайындау кезінде анықтауға болады. 6-тармақта нормативтік құқықтық акт дауланатын жағдайда, талап арызға оның мәтіні қоса тіркеледі деп белгіленеді. Алайда, аталған акт белгілі бір себептер бойынша (оны алудағы қиындықтар және т.б.) талапкерде болмауы да мүмкін, сондықтан ол дәлелдемелерді сұратып алдыруға көмек көрсету туралы арызбен сотқа жүгіне алады. 7-тармақта баяндалған өтінімдер талапкердің қалауы бойынша берілуі мүмкін.

Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары

арызды қабылдаудан бас тартуға себеп болатын салдарлардың 1- блогы:

  • дау сотқа бағынысты емес, қойылған талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жатпайды, қойылған талап басқа юрисдикциялық органдарда қаралуға жатады, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталмаған;

  • сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы бар (АІЖК-нің 153-бабы).

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге арыз берушінің қолына берілуге немесе оған жолдануға тиіс. Дау қарауға жатпайтын болса, судья ұйғарымда талапкердің қандай юрисдикциялық органға жүгінгені дұрыс екенін көрсетеді. Егер аталған алғышарттар бола тұра сот талап арызды қателесіп қабылдаса, онда іс АІЖК-нің 247-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тоқтатылуға жатады да, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Талап арызды қабылдаудан бас тарту талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа арызбен екінші қайтара жүгінуіне кедергі болады. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы, арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымына ол шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.

Талап арызды кері қайтаруға себеп болатын салдардың 2- блогы:

  • егер заңмен көзделген жағдайларда, дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін белгіленген тәртібі сақталмаған болса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі жоғалмаған болса;

  • дау аталған соттың соттылығына жатпаса, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталмаса;

  • арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берсе;

  • арызға бұл үшін өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса, АІЖК-нің 6-бабының ережелері сақталмаса;

  • осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасында сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша дау жөнінде азаматтық іс болса;

  • коммуналдық мүлікті басқаруға өкілеттігі бар орган, жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;

  • талапкер арызды кері қайтару туралы арыз берсе (АІЖК-нің 154-бабы).

Арызды кері қайтару туралы судья ұйғарым шығарады, онда егер іс аталған соттың соттылығына жатпаса, арыз берушінің қандай сотқа жүгінгені дұрыс екенін немесе істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетеді. Арызды кері қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге арыз берушінің қолына берілуге немесе оған жолдануға тиіс. Талап арыздың кері қайтарылуы, егер жол берілген заң бұзушылық жойылған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.

Талап арыз берген тұлғаны хабардар ете отырып және оған олқылықтарды түзету үшін уақыт бере отырып, талап арызды қозғалыссыз қалдыруға себеп болатын салдардың 3- блогы:



  • талап арыздың АІЖК-нің 150-бабының талаптарына, АІЖК-нің 151-бабының 1-3) тармақшаларына сәйкес келмеуі.

Егер талапкер судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда көрсетілген талаптарды орындаса, арыз сотқа алғаш рет ұсынылған күні берілді деп саналады. Егер ұйғарымда көрсетілген талаптар сот белгілеген мерзімде орындалмаса, арыз берілген жоқ деп саналады және судьяның ұйғарымымен, оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талапкерге қайтарылады. Талап арыздың кері қайтарылуы, егер талапкер жол берілген заң бұзушылықты жойған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды, бұл орайда мерзімнің басы сотқа екінші қайтара жүгінген сәттен басталады. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады. Соттардың бұл мәселедегі басқа қатесі судьялардың олқылықтарды жою мерзімдері туралы нұсқауға мән бермеуі болып табылады, бұл соңынан істі қарау мерзімінің дұрыс есептелмеуіне әкеліп соғады. Олқылықтар жойылғаннан кейін талап арызды қабылдау туралы ұйғарым шығарылған күнді тек егер сот берген мерзім ішінде талапкер олқылықтарды жоя алмай, арыз аталған мерзім өтіп кеткеннен кейін берілген болса ғана талап арыз екінші қайтара берілген күн деп белгілеуге болатынын есте ұстау керек.

Талап арызды қабылдау

Талап арыздар соттың кеңсесіне түседі және оны жеке беруге, басқа тұлғалар арқылы беруге немесе почта арқылы жолдауға болады. Олар талап арыздың түскені туралы онда мөртаңба қойылып, тиісті түрде тіркеледі, содан соң сотта белгіленген тәртіпке сәйкес:



  • компьютерлік тарату;

  • аумаққа жатуын есепке ала отырып;

  • мамандандыру бойынша;

  • жүктеме бойынша таратылады (Аудандық соттарда іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Почта (немесе басқа байланыс) арқылы түскен талап арызды қабылдау кезінде құжаттарға хат-хабардың жіберілген күні көрсетілген конвертті де қосып қойған дұрыс. Сонда арызды қабылдау туралы ұйғарымда көрсетілген күннің дұрыстығы туралы соңынан күмән туындамайды. Кейбір жағдайларда арыз берген субъектілер талап арыздарын тікелей сот кеңсесіне тапсырады. Мұндай жағдайларда кеңсе қызметкері талап арызға өтініш берген адамның қол қойғанын, қосымшаның талап арызда көрсетілген қосымшаға сәйкес келетінін, талап арыздағы күннің ол сотқа берілген күнге сәйкес келетінін тексеруі қажет. Қосымшада көрсетілген қандай да бір құжаттардың жоқ екені туралы акт жасалуға тиіс. Егер күн-ай бойынша алшақтақ болса, кеңсе қызметкеріне өтініш жасаушыға күн-айды түзетуді ұсыну, бұл орайда түзетілген жазуды екінші қайтара қолтаңбасымен куәландыру қиындық келтірмейді. Мұндай нақтылау судьяның іс жүргізу әрекеттерін заңмен белгіленген мерзімдерде орындаған-орындамағанын кейіннен айқындау үшін маңызды. Бұл орайда кеңсе қызметкерінің өз бетімен судьяның атынан, өтініш жасаушы субъектіге арыздың мәтініне қандай да бір басқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасауға, қандай да бір құжаттарды көрсетуді талап етуге құқығы жоқ. Азаматтық іс жүргізу заңымен мұндай іс-әрекеттерді тек судья ғана жүзеге асыра алатыны анық реттелген.

Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері

Талап арыз түскеннен кейін 1-тармақта белгіленген алғышарттар болған жағдайда (жоғарыдан қараңыз), судья бес күн ішінде талап арызды өз өндірісіне қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда талап арыз қабылданған күн, кімнің кімге және не туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қозғалып отырғаны көрсетілуге тиіс. Бұл орайда азаматтық процестегі тараптар талапкер мен жауапкер болып табылатынын есте ұстау керек. Өз мүдделері үшін талап қойған немесе солардың мүдделеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар талапкерлер болып табылады. Өздеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. Заңмен көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар бола алады. Өзінің мүддесін көздеп басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша іс басталған тұлғаға сот пайда болған процесс туралы хабарланады және ол процеске талапкер ретінде қатысады. Азаматтық процестің тарабы мемлекет бола алады (АІЖК-нің 48-бабы).

Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешумен бір мезгілде сот АІЖК-нің 14-бабын, Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы «Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» № 12 қаулысының ережелерін ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындауға тиіс. Аталған ережелерге сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) қандай тілде берілгеніне қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Істерді сотта қарауға дайындау туралы» № 21 нормативтік қаулысының (бұдан әрі - нормативтік қаулы) 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі дайындық кезеңінде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы өтінім түскен жағдайда, судьяның сот отырысында істі қарау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар.



Денсаулыққа келтірілген зиян туралы талап арыз берілген кезде құжаттарды ресімдеудің мына мысалын назарларыңызға ұсынуды мүмкін деп тауып отырмыз, ол біздің ойымызша, даудың санатына байланысты бірінші сатыдағы соттар үшін күрделі болып табылады.

Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 9 нормативтік қаулысына (2004 жылғы 18 маусымдағы нормативтік қаулымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бірге) сәйкес, қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызды сот тек қызметкердің талап етуі немесе қаза болған қызметкердің отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша ұйым әкімшілігінің шешімі қабылданып, зардап шегуші, қаза болған қызметкердің отбасы мүшелері оның шешімімен келіспегеннен кейін немесе осы талаптарды әкімшілік белгіленген он күндік мерзім ішінде қарамаған жағдайда іс жүргізуге қабылдайды. Әкімшілік зардап шегушінің арызы бойынша дер кезінде шешім қабылдамаған жағдайда зардап шегуші тікелей сотқа жүгіне алады.



Қойылатын талаптардың сипатына қарай талап арызға мынадай дәлелдемелер қоса берілуге тиіс:

  • зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);

  • еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысандағы акт);

  • жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;

  • Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы қорытындысы;

  • медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек қызметіне байланысты жарақат алған немесе денсаулығы басқаша түрде зақымданған қызметкердің кәсіби еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін (пайызбен) белгілеу туралы қорытындысы;

  • медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы; жәбірленушінің басқа адамның күтіміне және қосымша ресурстардың басқа түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;

  • орташа айлық еңбекақының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері туралы мәлімет, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар.

  • Нормативтік қаулының жоғарыда баяндалған ережелерін қалай болғанда да осындай сипаттағы талап арыздарды қабылдаған кезде орындау қажет. Осы айтылғандарды қорытындылай келе, құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуының мәнін, талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді баяндай отырып, талапкер талап арызында төмендегілерді көрсетуге тиіс деп есептейміз:

  • ол ұйымда (кәсіпорында) қай кезден бері еңбек шартының (келісім-шарттың) негізінде, қандай қызметте жұмыс істегенін және оның лауазымдық міндеттеріне не жататынын;

  • қызметтік міндеттерін орындау кезінде қашан және қандай жағдайларда оған еңбек жарақаты келтірілгенін;

  • оның басында болған жазатайым оқиға үшін жауапкердің кінәсі немен расталады, жазатайым оқиғаның себептері туралы қорытындыны және өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің тұжырымдарын, жасалған күні мен заң талаптарына сәйкестігін көрсете отырып баяндау;

  • талапкер Дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясы (ДЕСК) өткізген сараптаманың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғаның нәтижесінде мүгедек болып танылды ма, қандай топтағы мүгедек, ДЕСК қорытындысының негізінде кәсіби еңбек қабілетінің қанша %-ын жоғалтты, қайта куәландыру қашан тағайындалды;

  • орын алған жазатайым оқиғадан кейін жұмыс істей ме, кім болып жұмыс істейді, сол кәсіпорында ма әлде ауыстырылды ма, жұмыс берушінің бұйрығының күні мен нөмірі көрсетіліп жұмыстан босатылды ма;

  • талапкердің еңбекақысының орын алған жазатайым оқиғаға дейінгі және кейінгі мөлшері қандай немесе жұмыс істемеуі себепті еңбекақысы жоқ екенін көрсету керек.

Сонымен қатар, талапкер нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, жарақат алғанға дейінгі орташа айлық еңбекақысына қатысты еңбек қабілетін жоғалту пайызын ұсынуға, егер жәбірленуші осы көмек түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылған болса, денсаулығының зақымдануына байланысты ем алуға, арнайы қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, протез жасауға, басқа адамның күтіміне, санаторлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандық алуға дайындалуға және т.б. байланысты туындаған қосымша шығыстардың бар-жоғын талаптарының сомасын негіздеп, жасаған есептерін ұсына отырып көрсетуге міндетті. Талап арызда талапкер жарақат алғанға дейінгі өзінің айырылып қалған орташа айлық еңбекақысы қандай құқық нормаларға сәйкес өтелуі қажет деп санайтын болса, сол нормаларға сілтеме, сондай-ақ ол жазатайым оқиға нәтижесінде жұмсаған қосымша шығыстары көрсетуге тиіс. Егер талапкер жауапкермен арадағы дауды соттан тыс тәртіпте шешуді ұсынған болса, бұл туралы талап арызда көрсетуге болады.

Талап арыздың өтініш бөлігінде талапкер жауапкердің кінәсінен болған денсаулығының зақымдануы нәтижесінде айырылып қалған еңбекақысын өтеу турасында талапкерге қойылатын нақты сомаларды, ай сайын қандай уақыттан бастап төленуі керек екенін, сондай-ақ талапкер жұмсаған қосымша шығыстарды көрсетуге тиіс.

Төменде талап арызға қосымшада сотқа ұсынылуы қажет деп саналатын құжаттардың кейбір тізбесі келтірілген, олар:

еңбек келісім-шарты;

жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);

еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысанындағы акт);

Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы қорытындысы;

арызбен жүгінген сәттегі орташа айлық еңбекақысы туралы анықтама;

егер талапкер жұмыс істемейтін болса, мүгедектігі және т.б. бойынша зейнетақы алатыны туралы анықтама;

атқарып жүрген қызметінен босатылуы, басқа жұмысқа ауыстырылуы және т.б. туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);

зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);

жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;

медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек қызметіне байланысты жарақат немесе немесе денсаулығы басқаша түрде зақымданған қызметкердің кәсіби еңбек қабілетін жоғалтуының дәрежесін (пайызбен) белгілеу туралы қорытындысы;

медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы;

орташа айлық еңбекақының АК-нің 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері туралы мәлімет;

айырылып қалған еңбекақының есебі;

қосымша шығыстардың есебі;

қосымша шығыстарды және олардың қажеттігін растайтын дәлелдемелер; жәбірленушінің басқа адамның күтіміне және қосымша шығыстардың басқа түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;

талапкер өзінің пікірлерін растауға негіз етіп алған басқа қисынды және жарамды дәлелдемелер;

талап арыздың көшірмесі.

Егер моральдық зиянды өтеу туралы да талаптар қойылатын болса, талап арызда АІЖК-нің 150-бабында көрсетілген негізгі ережелерден бөлек жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың бұзылуы, кемсітілуі немесе айырылуы неде екенін, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған заң бұзушылық нәтижесінде ол басынан кешіретін моральдық және дене азабын; олардың қандай дәлелдемелермен расталатынын; талапкер өзіне келтірілген моральдық зиянды қандай сомада айқындайтынын көрсету және есептерді негіздеу қажет.

Барлық мән-жайлар АІЖК-нің 83-бабының талаптарына сәйкес жазбаша дәлелдемелермен құжат түрінде расталуға тиіс, оларды талап арызға қоса тіркеу керек.

Құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуының мәні, талапкер өзінің талаптарына негіз етіп алған мән-жайлар, асыраушының аса қауіпті қатер көзі және т.б. арқылы келтірілген қазаның нәтижесінде басқа негіздемелер бойынша зиянды өтеу туралы осы мән-жайларды растайтын талап арыздарының дәлелдемелері шамалы түзету енгізіле отырып дәл осылай баяндалуы мүмкін.


Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет