Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының


Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері



бет6/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері.

Сырттай іс жүргізу тәртібінің ерекшелігі АІЖК-нің 260 және 261-бабының мазмұнынан туындайды. Сот отырысына тек бір ғана тарап – талапкер қатысады, ал жауапкер істі талқылауға қатыспайды.

Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін осылайша жеңілдету сот отырысында шығып сөйлемейтін, өтінім мәлімдемейтін, талапкердің айтқандарына дау айтпайтын және т.с.с. жауапкердің жоқ болуымен байланысты. Сонымен қатар талапкердің сотқа келмеуі мұндай іс жүргізу салдарын тудырмайды.

Сонымен, сырттай іс жүргізу жауапкер болмаған кезде талап бойынша сот отырысын өткізу мен шешім қабылдаудың заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.

Яғни, сырттай іс жүргізу, егер жауапкер келмеуінің дәлелді себептері туралы хабарламаса және өзі жоқта істі қарау туралы өтініш айтпаса мүмкін болады. Сырттай іс жүргізу тараптар айтысатын азаматтық сот ісін жүргізуден тыс жағдай болып табылады. Тек талаптарды қарау мен шешу ғана сырттай бола алады. Ерекше іс жүргізу және жария құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын істер бойынша іс жүргізу сырттай іс жүргізу ретінде реттелмеген.

Азаматтық істі сырттай іс жүргізу ережелері бойынша талқылаған кезде заңмен төрт міндетті шарт көзделеді:



  • жауапкерге сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлануға тиіс;

  • жауапкер сотқа дәлелді себептерсіз келмесе және өзі жоқта істі қарау туралы өтініш айтпаса;

  • егер талапкер істі жауапкер жоқ болғанда сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге келіссе;

  • талапкер талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгертпесе, қуыным талаптардың мөлшері көбейтілмеген болса.

Аталған шарттардың кез келгені сақталмаған жағдайда сырттай іс жүргізуге жол берілмейді.

Сырттай шешім шығаруға процеске бірнеше қатысушылар қатысып, барлық қатысушылар сот отырысына дәлелсіз себептермен келмей қалған кезде де жол беріледі.

Сот отырысы басталған кезде судья келген талапкерге істі әдеттегі тәртіпте немесе сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылауға деген оның құқығын түсіндіреді, яғни, талапкерге өзінің қуыным талабын талқылаудың тәртібін таңдау құқығы беріледі. Алайда аталған таңдау құқығы тек жауапкер сотқа келмей қалған жағдайда ғана жүзеге асырыла алады.

Талапкер келіскен жағдайда, одан тиісті арызды алып, сот аталған талапты сырттай талқылау туралы ұйғарым шығарады. Егер талапкер істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, онда сот істің қаралуын кейінге қалдыруға және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жіберуге тиіс.

Талапкер сырттай іс жүргізуде талаптың нысанасын және негіздемесін өзгерте алмайды және қуыным талаптардың мөлшерін көбейте алмайды.

Талапкер сырттай іс жүргізуде істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткісі келген, сондай-ақ қуыным талаптардың мөлшерін көбейткісі келген жағдайларда судья істі талқылауды кейінге қалдыруға және сот отырысына жауапкерді тағы да шақыруға міндетті.

Сырттай іс жүргізуде, аталған ерекшеліктерді қоспағанда, сот отырысы сайыстық сот ісін жүргізу кезіндегідей құрылады. Сот істің мән-жайларын зерттеуде істегі бар дәлелдемелермен шектеулі болады, себебі ол екі тараптың да дәлелдері мен өтінімдерін ескергенмен, бұл негізінен талапкердің дәлелдері болады. Жауапкердің істегі дәлелдемелік материалдары құжат немесе зат түрінде болады.

Өткізілген сот отырысы заң бойынша сырттай шешім деп аталатын шешім шығарумен аяқталады (АІЖК-нің 261-бабы).

Азаматтық процестегі сырттай іс жүргізудің мәні қуыным талаптарды жауапкер болмаған кезде қарау мен шешуде жатады, ол тәртіпке бағынбайтын борышкерге қатысты өзінше бір азаматтық іс жүргізу шектемесі болып табылады.

Сондықтан кез келген жағдайда істі сырттай талқылау мүмкіндігі жауапкердің шақыру бойынша сотқа келіп, сайыстық сот ісін жүргізуде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін белсенді түрде қорғауына қозғау салуға тиіс.

Сайыстық сот ісін жүргізуде де, сырттай іс жүргізуде де сот азаматтар мен ұйымдар азаматтық процесте талапкерлер, жауапкерлер немесе үшінші тұлғалар болып шыға ма, жоқ па, одан тәуелсіз, олардың бұзылған немесе дауланатын құқықтарын қорғауға тиіс. Осы мақсатқа жету үшін сот істің шынайы мән-жайларын анықтауға, дауласушы тараптардың қайсысыныкі дұрыс, ал қайсысы кінәлі екенін айқындауға және дәлелденген фактілерге және құқық нормаларына сәйкес заңды әрі негізделген шешім қабылдауға міндетті.

АІЖК-де сондай-ақ сырттай іс жүргізуде жауапкердің заңды мүдделерін қамтамасыз етудің арнайы іс жүргізу құралдары көзделген. Атап айтқанда, оларға жауапкерге сот талап арыздың көшірмесін салып жіберген кезде талапкер мәлімдеген құқықтық талап туралы оған хабарлайтынын жатқызуға болады.

Сондай-ақ жауапкерге сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады. Сондықтан барлық жағдайларда да жауапкер сотқа өзінің жазбаша қарсылықтарын, өтінімдерін, ой-пікірлері мен дәлелдерін ұсыну мүмкіндігінен айырылмайды және егер олар ұсынылған болса, сот оларды сөзсіз талдауға және істі қарау барысында ескеруге тиіс.
5-тарау. Сот қаулылары.
Іс мәні бойынша қаралғаннан, сот жарыссөздері өткізілгеннен кейін және егер прокурор істі қарауға қатысатын болса, ол қорытынды бергеннен кейін сот іс бойынша шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Бұл орайда судья сот залынан шыққан кезде отырғандардың барлығы орындарынан тұрады.

Сот отырысы хатшысының судьямен алдын ала келісілген, судьяның кеңесу бөлмесінен шығатын болжамды уақытын қатысып отырған адамдарға хабарлауға құқығы бар. Мұны әсіресе іс жүргізу құжатын дайындау үшін ұзақ уақыт керек болатын істер бойынша жасау қажет. Соттың осындай іс-әрекеттері арқылы процестің қатысушыларына және сот залында отырған адамдарға деген құрмет белгісі көрсетіледі.



Сот қаулыларының түрлері

Бірінші сатыдағы соттың қаулысы арқылы азаматтық іс мәні бойынша шешілетін жағдайда қаулы төмендегі нысанда шығарылады:





  • шешімдер

Шешім түріндегі сот актісі сот отырысында азаматтық істі талқылаудың соңғы сатысы болып табылады, шешім азаматтық сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша шығарылады:

  • талап қою ісін жүргізу;

  • әкімшілік – құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын істер бойынша іс жүргізулер;

  • ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істері бойынша (АІЖК-нің 217-бабы).

  • Ұйғарым түріндегі шешімдер

Заң шығарушы шешімдері ұйғарым түрінде шығарылатын кейбір істер санаттарының ерекшеліктерін алдын ала көздеген:

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын даулау туралы істер бойынша, бірінші сатыдағы соттың шағымды қарауының нәтижелері бойынша сот актісі ұйғарым түрінде шығарылады (АІЖК-нің 277-бабы).

  • конкурстық іс жүргізуден туындайтын істер бойынша (Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңы) шешім де ұйғарым түрінде шығарылады.

2.

  • ұйғарымдар

Бірінші сатыдағы соттың істі мәні бойынша шешпейтін актісі ұйғарым түрінде шығарылады (АІЖК-нің 251-бабы).

Ұйғарымдар кеңесу бөлмесінде шығарылады, бірақ күрделі емес мәселелерді шешу кезінде сот ұйғарымды сол жерде, сот отырысы залынан кетпестен-ақ шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгізіледі.



Кеңесу бөлмесіне кетпестен шығарылатын ұйғарымдар:

  • судья куәні сотқа шақыру туралы, дәлелдемелерді істің материалдарына қоса тіркеу туралы, істі кейінге қалдыру және т.б. туралы тараптың өтінімін сол жерде қарай алады.

Мұндай ұйғарымның тұжырымдамасы төмендегідей болуы мүмкін:

  • судья, талапкердің мәлімдеген өтінімі бойынша тараптардың пікірін тыңдап, ұйғарым шығарды, мысалы: «жауапкердің өтінімі қанағаттандырылсын, сотқа куә ретінде (аты-жөнін көрсету керек) шақырылсын»;

  • «жауапкердің өтінімі қанағаттандырылсын, істің материалдарына мына құжаттар қоса тіркелсін: жауапкердің атынан 16.01.2001 жылы жазылған қолхаттың көшірмесі (аты-жөнін көрсету керек), пәтерді сатып алу-сату туралы 15.01.2001 жылғы шарт, (толық мекен-жайын көрсету керек) мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерді ашу актісі және т.с.с.

Кеңесу бөлмесінде шығарылатын ұйғарымдар:

іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымдар (АІЖК-нің 247-бабы):

  • егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтын болса;

  • егер тараптар арасында заңды күшіне енген, сол тараптар арасында, дәл сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша қабылданған, талапкердің талап арыздан бас тартуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы соттың шешімі немесе соттың ұйғарымы болса;

  • егер талапкер талаптан бас тартса және сот бас тартуды қабылдаса;

  • егер тараптар бітімгершілік келісім жасаса және сот оны бекітсе;

  • егер іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін дауланып отырған құқықтық қарым-қатынас құқықтық мирасқорлыққа жол бермейтін болса;

  • егер іс бойынша тарап ретінде шығатын ұйым өзінің қызметінің тоқтатылуына және құқықтық мирасқордың болмауына байланысты таратылған болса;

  • арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдар (АІЖК-нің 249-бабы)

  • егер талапкер дауды сотқа дейін алдын-ала шешудің істердің осы санаты үшін заңмен белгіленген міндетті тәртібін ұстанбаған болса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі жоғалмаған болса;

  • егер арызды әрекетке қабілетсіздігі соттың шешімімен расталған әрекетке қабілетсіз адам берсе;

  • егер арызға оған қол қоюға немесе ұсынуға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса немесе берсе;

  • егер осы немесе басқа бір соттың ісін жүргізуде дәл сол тараптардың арасында бұрынырақ қозғалған, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша іс болса;

  • егер заң актілерімен басқаша көзделмеген болса, егер тараптардың арасында заңға сәйкес аталған дауды аралық соттың шешуіне беру туралы шарт жасалған болса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталмас бұрын дауды сотта шешуге қарсылық түскен болса;

  • егер істі өздері жоқта талқылау туралы өтініш жасамаған тараптар сотқа екінші қайтара шақырғанда келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша талқылауды талап етпесе;

  • егер өзінің мүддесінде іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;

  • егер талап арызды қайтару туралы арыз берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша талқылауды талап етпесе;

  • егер көрсетушіге арналған жоғалған бағалы қағаздарға және ордерлік бағалы қағазға деген құқықты қалпына келтіру туралы істер бойынша арыз жарияланған күннен бастап үш айлық мерзім өткенге дейін берілсе.

Істі әрі қарай ілгерілету мүмкіндігіне кедергі келтіретін басқа ұйғарымдар немесе Азаматтық іс жүргізу кодексімен көзделген жағдайларда шағым берілуге жататын ұйғарымдар:

  • істі басқа сотқа беру мәселесі бойынша (АІЖК-нің 36-бабының 3-бөлігі);

  • дәлелдемені қамтамасыз ету туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 75-бабы);

  • сот тапсырмасын жолдау туралы (АІЖК-нің 72-бабы);

  • екінші тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін фактілерді тараптың мойындауын қабылдаудан бас тарту туралы (АІЖК-нің 78-бабының 3-бөлігі);

  • сараптама тағайындау туралы (АІЖК-нің 91-бабының 9-бөлігі, 98-бабы);

  • іс жүргізу әрекеттеріне қатысу үшін маманды тарту туралы (АІЖК-нің 99-бабы);

  • сот шығындарына байланысты мәселелер бойынша (АІЖК-нің 117-бабы);

  • іске қатысушы адамдарға мәжбүрлеу мен жауапкершілік шараларын қабылдау туралы (АІЖК-нің 122-бабы);

  • өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзарту мен қалпына келтіруден бас тарту туралы (АІЖК-нің 128-бабы);

  • мемлекет мүдделеріне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкерге іздеу салуды жариялау туралы (АІЖК-нің 135-бабының 2-бөлігі);

  • талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша шара, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың күшін жою туралы (АІЖК-нің 163-бабының 1-бөлігі, 164-бабы);

  • шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету туралы (АІЖК-нің 230-бабы);

  • шешімді түсіндіру туралы (АІЖК-нің 232-бабы);

  • шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 233, 240-баптары);

  • кесілген ақша сомаларын индекстеу туралы (АІЖК-нің 234-бабы);

  • шешімді дереу орындауға жіберу туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 238-бабы);

  • сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қарау (АІЖК-нің 240-2-бабы);

  • іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы (АІЖК-нің 242, 243-баптары).

Сот төмендегі мына мәселелер бойынша да ұйғарымдар шығарады:

  • судьяға қарсылық білдіру (АІЖК-нің 42-бабы);

  • бірнеше қуыным талапты біріктіру мен бөлу туралы (АІЖК-нің 171-бабы);

  • істі талқылауды кейінге қалдыру туралы (АІЖК-нің 189-бабы);

  • істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы (АІЖК-нің 214-бабы);

  • сот отырысының хаттамасына жасалған ескертпелерді қарау туралы (АІЖК-нің 259-бабы);

  • істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы (АІЖК-нің 260-бабының 4-бөлігі);

  • сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 267-бабы);

  • сот шешімінен бөлек шағым берілуге жатпайтын басқа да ұйғарымдар.

Ұйғарым шығарылған бетте дереу жария етіледі.

3.

  • қаулылар

Қаулыларды Азаматтық іс жүргізу кодексімен көзделген жағдайларда бірінші сатыдағы сот шығарады, атап айтқанда:

    • апелляциялық шағым немесе наразылық қозғалыссыз қалдырылған кезде (АІЖК-нің 336-бабы);

    • апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген (әкелген) адамға оларды қайтару туралы (АІЖК-нің 337-бабы)

4.

  • сот бұйрықтары (1-тарауды қараңыз).

Сот шешімі

Сот шешімі кеңесу бөлмесінде шығарылады, онда судьядан басқа бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді. Жұмыс күнінің соңында егер судья сот шешімін дайындап үлгермеген болса, оның кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жасауға құқығы бар. Жұмыс күнінің барысында да кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жасауға заңмен жол беріледі.

Кеңесу бөлмесінде судья төмендегілерді іске асыруға тиіс:


  • тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген барлық дәлелдемелерді талдап шығу, бағалау;

  • іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қайсысының анықталмағанын айқындау;

  • тараптардың құқықтық қатынастары қандай екенін айқындау;

  • аталған іс бойынша қандай заңның қолданылуға тиіс екенін айқындау.

Шешімде мазмұндалуға тиісті соттың тұжырымдары аталған мәселелердің анықталуына байланысты болады.

Сот АІЖК-нің сот шешімінің заңды және негізделген болуын көздейтін 218-бабының талаптарына сүйенуге тиіс.

Сот шешімінің заңдылығы шешім іс бойынша қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына қатаң сәйкес түрде және іс жүргізу құқығының нормалары сақтала отырып шығарылған дегенді білдіреді.

Нақты қаралып жатқан даулы қатынастарға қатысты материалдық құқық нормаларын қолдана отырып судья төмендегілерді іске асыруға міндетті:



  • істі құқықтық қатынас пайда болған сәтке қарай әрекет ететін заң негізінде шешу;

  • даулы қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда шешімді соларға ұқсас қатынастарды реттейтін заң арқылы негіздеу;

  • егер алғашқы екі абзацта көрсетілген заң нормалары болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешу (АІЖК-нің 6-бабы).

Материалдық құқықты қолданған кезде судья АІЖК-нің 3-бабы, Конституцияның жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады дейтін ережелерді ескеруге тиіс. Бұл, егер, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, міндеттеріне қатысы бар заңдар, сондай-ақ кез келген басқа нормативтік құқықтық актілер жалпы жұртшылықтың назарына ресми түрде жарияланбаған болса, өзінің шешімін оларға негіздеуге соттың құқығы жоқ дегенді білдіреді; Конституцияның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының құқықтық негізінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар оның заңдарының алдында басымдыққа ие болады. Егер халықаралық шартпен заңмен көзделгеннен басқа ережелер көзделген болса, онда халықаралық шартты қолдану үшін заң шығару қажет болмаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Шешімнің заңдылығын айқындау үшін іс жүргізу құқығының нормаларын ұстану төмендегіні білдіреді:



  • іс сотқа ведомстволық бағынысты болса (АІЖК-нің 24-бабы);

  • іс соттылық ережелері сақтала отырып өндіріске қабылданса (АІЖК-нің 27-34-баптары);

  • іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшы, маман және аудармашы іс талқыланатын күн, сағаты мен орны туралы тиісінше хабарландырылса (АІЖК-нің 129-бабы);

  • іс азаматтық сот ісін жүргізудің ережелері сақтала отырып қаралған болса, атап айтқанда:

  • барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі (АІЖК-нің 13-бабы);

  • сот ісін жүргізу тілі (АІЖК-нің 14-бабы);

  • тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы (АІЖК-нің15-бабы);

  • Сот талқылауының жариялылығы (АІЖК-нің 19-бабы).

Шешімнің негізделген болуы азаматтық істің нақты жағына қатысты болады. Шешім тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделеді.

Егер шешімде іс үшін маңызы бар, сот отырысында жан-жақты әрі толық анықталған барлық мән-жайлар мазмұндалса және істің анықталған мән-жайлары, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы тұжырымдарды растайтын дәлелдемелер келтірілсе, шешімді негізделген деп санау керек.

Істің мән-жайлары сот тексерген дәлелдемелер арқылы расталады.

Дәлелдемелер олардың қатыстылығы мен жарамдылығы туралы заңның талаптарын қанағаттандыруға немесе дәлелдеуді қажет етпейтін жалпыға белгілі мән-жайлар болуға тиіс.

Дәлелдемелердің қатыстылығы:

Дәлелдеменің қатыстылығы туралы норманың орындалуы бірқатар іс жүргізу кепілдіктерімен қамтамасыз етілген. Қаралатын іске қатысы бар дәлелдемелерді (нақты деректерді) сот осы көзқарас тұрғысынан оларды сот отырысында зерттеу барысында зерделейді және олар төмендегілер арқылы анықталады:



  • іске қатысушы адамдардың, талапкердің және үшінші тұлғалардың түсініктемелері (АІЖК-нің 78-бабы);

  • куәлардың айғақтары (АІЖК-нің 79-бабы);

  • заттай дәлелдемелер (АІЖК-нің 86-бабы);

  • сараптама қорытындысы (АІЖК-нің 96-бабы);

  • іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары (АІЖК-нің 72, 76-баптары);

  • басқа құжаттар – іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар (АІЖК-нің 81-бабы).

Дәлелдемелерге жол беру:

Егер іс бойынша дәлелдемелер



  • Азаматтық іс жүргізу кодексімен көзделген тәртіпте алынған болса;

  • тек заңмен ғана көзделетін дәлелдемелермен расталатын болса, олар жарамды деп саналады (АІЖК-нің 68-бабы).

Жарамсыз дәлелдемелер:

Заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып алынған, нақты деректердің растығына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін болған дәлелдемелер (АІЖК-нің 69-бабы) жарамсыз дәлелдемелер болып табылады. Мұндай дәлелдемелерге соның ішінде төмендегі жолдармен алынған дәлелдемелер жатады:



  • күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып;

  • іске қатысушы адамға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеудің, оларды толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған осы адамның жаңылуын пайдалана отырып;

  • осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу әрекетін жүргізуіне байланысты;

  • қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;

  • іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;

  • белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден алынған болса;

  • дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса.

  • Сот нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы шешімді не өзінің бастамасы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтінімі бойынша қабылдайды. Бұл туралы сот отырысында өтінім мәлімделген кезде әдетте сот не аталған өтінімді қарайды және дәлелдемені шығарып тастау туралы бөлек ұйғарым қабылдайды немесе істің мәні бойынша шығарылған шешімде осы дәлелдемеге баға береді.

  • Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер:

  • заңдық күші жоқ;

  • іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды;

  • заңның бұзылу фактісін және оны бұзуға жол берген тұлғаның кінәлілігін растай алады.

Дәлелдемелердің жарамсыздығы туралы ережелер көбінесе даулы қарым-қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормаларын қолдануға байланысты жеке істер бойынша қолданылады. Судья дәлелдемелерді осы тұрғыдан бағалаған кезде пайда болған даудың құқықтық сипатын айқындауға, содан кейін материалдық құқық нормаларын қолдануға міндетті.

Мысалы, мәміледен туындайтын дауды қараған кезде судьяның төмендегілерді білгені жөн:

- қарапайым жазбаша нысанды сақтамау тараптарды дау туындаған жағдайда мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын және куәлердің айғақтарымен орындалғанын растау мүмкіндігінен айырады (АІЖК-нің 153-бабы). Алайда тараптардың мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын және орындалғанын куәлердің айғақтарынан басқа жазбаша немесе өзге айғақтармен растауға құқығы бар. Мысалы, даудың туындауына себеп болған мәміленің мән-жайларын жауапкер мойындайтын жеке сипаттағы хат-хабар, борышты қайтару туралы жазбаша уәде және т.б.

- нотариаттық куәландыру туралы заңды орындамау мәміленің күшінің жойылуына әкеп соғады (АІЖК-нің 154-бабы);

- жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттар бойынша, тұрақсыздық айыбы туралы келісім бойынша, қарыз шарты, тапсырма, өсиет бойынша материалдық заңның аталған қарым-қатынастарды реттейтін талаптарына сәйкес келмейтін куәгерлік айғақтар мен дәлелдемелерге жол берілмейді.

Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді (мысалы, табиғи апат) (АІЖК-нің 71-бабының 1-бөлігі).

Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайларға да жол беріледі және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде дәлелденуге жатпайды (АІЖК-нің 71-бабының 2-бөлігі).

Соттың заңды күшіне енген, талапты қанағаттандыру құқығын мойындаған, қылмыстың іс бойынша ұйғарымы үкім қай тұлғаға қатысты қабылданса, сол тұлғаның іс-әрекетінің азаматтық құқықтық салдарлары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті болып табылады. Алайда соттың үкіміне ғана емес, сонымен қатар азаматтық істерді талқылау кезінде анықталған мән-жайларға да сүйене отырып, алып берілген соманың мөлшерін негіздейтін дәлелдемелерді келтіруге соттың құқығы бар.

Преюдициалдық сипаттағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылардың азаматтық істі қарау үшін негізі жоқ.. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша кінәлілік жоққа шығарылған жағдайда, сот барлық зерттелген дәлелдемелерге баға беруге және қауіптілік көзін басқаратын тұлғаның жол қозғалысы ережелерін бұзудағы кінәлілігі туралы тұжырым жасауға міндетті.

Сот шешімі, егер сотқа жүгінген тұлғаның бұзылған құқығы немесе заңмен қорғалатын мүддесі расталатын болса, талапты қанағаттандыру туралы шығарылады, бұл жағдайда сот өзінің шешімімен осы құқықты қорғайды және талапкердің талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарады; талапкердің талабын қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот шешімі егер сотқа жүгінген тұлғаға тиесілі құқықтың бұзылғаны расталмаса шығарылады, бұл жағдайда сот бұл тұлғаның талабын қанағаттандырудан бас тарта отырып, сол арқылы талапкердің қате іс-әрекеттерімен немесе айтқандарымен бұзылуы мүмкін жауапкердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды.



Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет