Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының



бет8/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

Қосымша шешім

АІЖК-нің 231-бабына сәйкес, іс бойынша шешім шығарған сот іске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша төмендегі жағдайларда қосымша шешім шығара алады:



  • егер іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;

  • егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;

  • егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;

  • егер сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселені сот шешпесе.

Аталған негіздемелердің тізбесі түпкілікті болып табылады. Қосымша сот шешімінің аясында басқа мәселелердің қаралуын заңды деп тануға болмайды. Сонымен қоса, заңның осы нормасының мағынасына сүйенетін болсақ, қосымша шешім шығару тек мәні бойынша қаралған және шешім шығарылған іс бойынша ғана мүмкін болады.

Қосымша шешім шығару тәртібі АІЖК-нің 231-бабының 2-тармағымен реттелген, яғни, қосымша шешім шығару туралы арыз сот шешімінің орындалу мерзімдерінің ішінде беріле алады, сот отырысында қаралады.



Сот бұйрығының мазмұны

Сот бұйрығы АІЖК-нің 146-бабында мазмұндалған талаптарға сай келуге және заңда көрсетілген мынадай кезектілікпен шығарылуға тиіс:



  • жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;

  • соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;

  • өндіріп алушының атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;

  • борышкердің атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;

  • талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;

  • өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;

  • егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;

  • борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;

  • сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі.

АІЖК-нің 148-бабына сәйкес, егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды. Судья осындай арыз бойынша ұйғарым шығарады. Қарсылық жолдау мерзімі АІЖК-нің 147-бабымен белгіленген және сот бұйрығы тапсырылған сәттен бастап он күнді құрайды.

Сот бұйрығының күшін жоюға негіз болатын өлшемдер заңмен көзделмегендіктен сот бұйрығына қарсылық жолдау фактісі жеткілікті болатынын негізге алу керек.

Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда іс жүргізу құжатын – ұйғарымды жазу үшін көзделген деректемелерден (АІЖК-нің 252-бабы) басқа «өндіртіп алушының мәлімделген талабы талап қою ісін жүргізу тәртібінде қойыла алатынын» көрсету керек.

Сот бұйрығын шығару үшін төленген мемлекеттік баж талап қою тәртібімен талап қойылған кезде есепке жатқызылуға тиіс.

Сот қаулыларын дайындау кезінде төмендегі ережелерді көрсету қажет:


  • қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңы кеңесу бөлмесінде іс бойынша қабылданатын үкімді, шешімді және басқа да сот құжаттарын, қаулыларды машинкаға басу әдісімен жасауға тыйым салмайтындықтан, оларды судья қолжазба әдісімен де, сондай-ақ машинкаға басу әдісімен де дайындай алады деп белгілейтін Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 28 наурыздағы №13 нормативтік қаулысы;

  • 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» №21 нормативтік қаулы

  • Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5 нормативтік қаулысы.


Сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдау туралы мәселені шешу кезінде судья шығаратын сот қаулыларының үлгілері
1 қосымша

Ұйғарым

(Арызды қабылдау және бұйрық арқылы іс жүргізуді қозғау туралы)
2005 жылғы 4 ақпан Алматы қаласы
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы В.Н. Қанафин Шаповалова Валентина Николаевнаның Иванов Вадим Петровичке нотариаттық куәландырылған мәміле бойынша сот бұйрығын беру туралы арызын қарап,

анықтады:

В.Н. Шаповалованың сот бұйрығын беру туралы талаптары нотариаттық куәландырылған мәмілеге және АІЖК-нің 140-бабының ережелеріне негізделген. Арыз сотқа АІЖК-нің 27, 31-баптарымен белгіленген соттылық туралы ережелерге сәйкес берілген.

Арыздың нысаны мен мазмұны осы АІЖК-нің 141-бабына сәйкес келеді, арызды қабылдаудан бас тартуға және қайтарып беруге негіз жоқ..

Ұсынылған материалдар арызды қабылдау және бұйрық арқылы іс жүргізуді қозғау үшін жеткілікті.

Арыз сотқа орыс тілінде берілген, АІЖК-нің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот ісін сол тілде жүргізу керек.

АІЖК-нің 14, 140-141-баптарын басшылыққа алып, судьяның

ұйғарғаны:

Шаповалова Валентина Николаевнаның Иванов Вадим Петровичке нотариаттық куәландырылған мәміле бойынша сот бұйрығын беру туралы арызы қабылдансын. Сот ісі орыс тілінде жүргізілсін.


Судья В.Қанафин
2 қосымша

Ұйғарым

(Арызды қабылдаудан бас тарту туралы)
2005 жылғы 4 ақпан Астана қаласы
Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы К.А. Жұматов Сәрсенбаев Арман Әлібекұлының Сәрсенбаева Әлима Сұлтанқызына мүлікті бөлісу туралы сот бұйрығын беру туралы арызын қарап,

анықтады:

А.А. Сәрсенбаев өзінің талаптарын жауапкермен некесі бұзылғаны, бірақ мүлікті бөлісу туралы мәселенің шешілмегені арқылы дәлелдей отырып, мүлікті бөлісу туралы сот бұйрығын беру туралы арызбен сотқа жүгінді. Арызға қоса тіркелген қосымшада бөлінуге жататын мүліктің бағасы көрсетілмеген тізімі, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі берілген.

Мәлімделген талап АІЖК-нің 140-бабының бұйрық шығаруға негіз болатын ережелерімен көзделмеген, талаптарда құқық туралы даудың бар екені байқалады.

Егер ұсынылған құжаттардың негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы дау байқалса, судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе қайтарады деп белгілейтін АІЖК-нің 143-бабына сәйкес, арызды қабылдаудан бас тарту керек. Арызды қабылдаудан бас тарту арыз берушінің талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен осы талап бойынша талап арыз беруіне кедергі келтірмейді. А.А. Сәрсенбаев мүлікті бөлісу туралы талаппен талап қою тәртібімен сотқа жүгінуі қажет.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, АІЖК-нің 143-бабын басшылыққа алып, судья

ұйғарды:

Сәрсенбаев Арман Әлібекұлының мүлікті бөлісу туралы сот бұйрығын беру туралы арызын қабылдаудан бас тартылсын.



Судья К.А. Жұматов

3 қосымша



Ұйғарым

(Арыздағы кемшіліктерді жою туралы)
2005 жылғы 4 ақпан Талдықорған қаласы
Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының судьясы И.А. Әбішев Петров Иван Ивановичтың Симонов Олег Трофимовичке нотариаттық куәландырылған мәміле бойынша сот бұйрығын беру туралы арызын қарап,

анықтады:

И.И. Петров нотариаттық куәландырылған мәміленің, мүлікті тапсыру туралы шарттың негізінде сот бұйрығын беру туралы арызбен сотқа жүгінді.

Арызда мүліктің құны көрсетілмеген, арызға тіркелген қосымшада арыз берушінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 496-бабына сәйкес мемлекеттік бажды төлегені туралы дәлелдемелер жоқ.

АІЖК-нің 144-бабының талаптарына сәйкес, судьяның сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және кемшіліктерді жою немесе мемлекеттік бажды төлеу үшін өз ұйғарымымен өндіріп алушыға үш күннен аспайтын мерзім белгілеуге құқығы бар. Аталған арызды қабылдап, арыз берушіге кемшіліктерді жою үшін 2005 жылғы 7 ақпанға дейін мерзім беру керек.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, АІЖК-нің 144-бабын басшылыққа алып, судья

ұйғарды:
Петров Иван Ивановичтың Симонов Олег Трофимовичке сот бұйрығын беру туралы арызы қабылдансын. И.И. Петровқа 2005 жылғы 7 ақпанға дейін кемшіліктерді жою – мүліктің құны туралы және мемлекеттік баждың төленгені туралы дәлелдемелерді келтіру үшін мерзім берілсін.

Судья И.А. Әбішев

4 қосымша


СОТ БҰЙРЫҒЫ
2002 жылғы 3 сәуір № 13б Алматы қаласы
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

Судья Ахметов А.И.

Өнідіріп алушы: «Талғар автобус паркі» ЖШС

Орналасқан жері: Талғар қаласы, Дзержинский көшесі, 2

Борышкер: «№ 3 автобус паркі» ААҚ

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Майлин көшесі, 24


08.12.2001 жылғы № 5 шарт бойынша «Талғар автобус паркі» ЖШС «№3 автобус паркі» ААҚ-қа 440.000 теңге сомасына 20.000 литр пеш отынын және 139.920 теңге сомасына 6360 литр жанармай жеткізген.

«№3 автобус паркі» шарттың 2.5-тармағын бұзып, жеткізілген өнімнің 399.920 теңге сомасындағы ақысын төлемеген.

Аталған берешекті борышкердің тану фактісі 21.02.2002 жылғы жағдай бойынша өзара есеп айырысуды салыстыру актісімен расталады.

АК-нің 272-бабына сәйкес, міндеттеме тиісті түрде міндеттеменің шарттарына және заңдардың талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.

АІЖК-нің 140-бабына сәйкес, егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса сот бұйрығы шығарылады.

Осылайша арыз негізделген болып табылады және қанағаттандырылуға жатады.

АІЖК-нің 110-бабына сәйкес, сот шығындары борышкердің есебінен өндіріліп алынуға жатады.

АІЖК-нің 139, 140-баптарын басшылыққа ала отырып,


Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
«№ 3 автобус паркі» ААҚ-нан «Талғар автобус паркі» ЖШС-нің пайдасына 339.920 (үш жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз жиырма) теңге өндіріліп алынсын және 5.999 (бес мың тоғыз жүз тоқсан) теңге мемлекеттік баж қайтарылсын.

Сот бұйрығына бұйрықты шығарған сот бұйрығының көшірмесі алынған күннен бастап 10 күн ішінде қарсылық беруге болады.



Судья А.И. Ахметов
Кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер өндіріп алу туралы сот бұйрығында келтірілген мәліметтерден басқа төмендегілер көрсетіледі: борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс істейтін жері, асырауына алименттер кесілген әрбір баланың аты-жөні мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері, оларды өндіртіп алу мерзімі.
5 қосымша
СОТ БҰЙРЫҒЫ
2004 жылғы 15 шілде № 14 а Астана қаласы
Астана қаласының Сарыарқа қалалық соты

Судья А.В.Батырханов

Өндіртіп алушы Белибаева Майра Ахметовна

Орналасқан жері: Астана қаласы, 5 шағын аудан, 15-үй, 6-пәтер

Борышкер: Белибаев Қайрат Баешұлы

Орналасқан жері: Астана қаласы, Победа даңғылы, 16, 25-пәтер


М.А. Белибаева және К.Б. Белибаев тіркелген некеде 1995 жылғы 21 тамыздан бастап тұрады, 1997 жылғы 5 маусымда туған Белибаев Марат атты ұлдары бар. Бала анасымен бірге тұрады.

Кәмелетке толмаған баланы асырау туралы олардың арасында келісімге қол жеткізілмеген.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 124-бабының 1-тармағына және 125-бабының 1-тармағына сәйкес атан-ана өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті. Балаларды асырау туралы келісім болмаған жағдайда, алименттерді сот ай сайын бір балаған еңбекақының төрттен бір бөлігі мөлшерінде өндіріп алады.

АІЖК-нің 110-бабына сәйкес, сот шығындары борышкердің есебінен өндіріліп алынуға жатады.

139, 140-баптарды басшылыққа ала отырып,

БҰЙЫРАМЫН:

1959 жылғы 25 қаңтарда туған, Қарағанды қаласының тұрғыны, «№ 2 автобус паркі» ААҚ-ында жүргізуші болып жұмыс істейтін Белибаев Қайрат Баешұлынан Белибаева Майра Ахметқызының пайдасына 1997 жылғы 5 маусымда туған ұлдары Белибаев Маратты асырауға табыстың 1/4 мөлшерінде, бала кәмелет жасына толғанға дейін ай сайын алимент өндіріліп алынсын.

К.Б. Белибаевтан 58 теңге мөлшерінде бюджет кірісіне мемлекеттік баж өндіріліп алынсын.

Сот бұйрығына бұйрықтың көшірмесі алынған күннен бастап 10 күн ішінде қарсылық беруге болады.

Судья А.В. Батырханов
Алименттерді өндіріп алу туралы сот бұйрығы ісін жүргізу бойынша мемлекеттік бажды есептеу Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салықтық Кодекс) 496-бабына сәйкес іске асырылады.

- сот борышкерден өндіріліп алынуға тиісті алименттер сомасын кіріс туралы ұсынылған анықтамаға сәйкес есептеп шығарады;

- осы сомадан баждың бір пайыздық мөлшері айқындалады;

- сот бұйрығы бойынша баждың мөлшері – 50% Салық кодексінің 496-бабының 9-1-тармағына сәйкес есептеледі.


Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешу кезінде судья шығаратын сот қаулыларының үлгілері

Арызды қабылдау және іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы, арызды қабылдаудан бас тарту, талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдар №№1-3 қосымшалардағы ұйғарымдардың үлгілеріне ұқсас түрде, бірақ жоғарыда келтірілген АІЖК-нің тиісті баптары көрсетіле отырып жасалады. Осындай ұйғарымдар шығарудың негіздемелері іс жүргізу құқығының қолданылатын нормасына сәйкес мазмұндалуға тиіс.


6 қосымша

Ұйғарым

(Істі сотта талқылауға дайындау туралы)
2005 жылғы 4 наурыз Астана қаласы
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы М.В.Иванова Петров Валерий Владимировичтің Сидорова Виктория Константиновнаға мәмілені күшінде жоқ деп тану туралы талап арызын қарап төмендегіні

анықтады:

Талапкердің талаптары неке бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар арасында мүліктің бөлінбегеніне негізделген. Некені бұзу туралы шешімнен тараптардың арасында мүлік бойынша даудың жоқтығы байқалады.

Талап арыз АІЖК-нің 150-бабының талаптарына сәйкес келеді, оны қабылдамай қоюға негіздемелер жоқ..

Істің мән-жайларын есепке ала отырып, оны сот талқылауына дайындау тәртібінде бірқатар іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру қажет.

АІЖК-нің 16-тарауын басшылыққа алып судья


ұйғарды:
1. Тараптар 2005 жылғы 10 наурызда әңгімеге шақырылсын, оларға АІЖК-нің 47-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін (оларды түсіндіруге болады).

2. Талапкерге істің мәні – мәлімделген талаптардың нысанасы және даудың туындау негіздемесі бойынша сұрақтар қойылсын, бұл туралы қосымша дәлелдемелер көрсету ұсынылсын.

3. Жауапкерге талап арыздың көшірмесі тапсырылсын, оған істің мәні бойынша сұрақтар қойылсын. Егер қойылған талаптың нысанасы мен негіздемелері бойынша қарсылық болса, жауапкерге өзінің қарсылықтарын негіздейтін дәлелдемелер көрсету ұсынылсын; жауапкерден жазбаша түсініктеме немесе қарсылық сұратып алынсын.

4. Үшінші тұлға ретінде жауапкердің жағында іске қатысу үшін Сарыарқа ауданының Жылжымалы мүлікті тіркеу орталығы, нотариаттық кеңсе, сатып алушы В.А.Кондратьев тартылсын, оларға талап арыздың көшірмесі тапсырылсын, өздерінің уәждерін негіздейтін дәлелдемелермен бірге жазбаша түсініктемелер немесе қарсылықтар беруі ұсынылсын.

5.Талапкердің куәлер .... сотқа шақыру туралы өтінімі қанағаттандырылсын.

6.Талапкердің бөлінуге жататын заттардың бірі – автомашинаның құны туралы анықтаманы «Меркур» автоорталығынан сұратып алу туралы; пәтер жоспарының және оның құны туралы анықтаманың көшірмесін Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі орталықтан сұратып алу; жасалған мәміле туралы құжаттардың түпнұсқаларын нотариаттық кеңседен сұратып алу туралы өтінімі қанағаттандырылсын және сұратулар жіберілсін.

7. Істің көлемі жағынан айтарлықтай дайындықты талап ететін ерекше күрделілігін ескере отырып, істі сотта талқылауға дайындау мерзімі 1 ай деп белгіленсін.

Судья М.В.Иванова
(Іс жүргізу әрекеттерінің көрсетілген тізімі толық болып табылмайды және талаптың нысанасы мен негіздемелерін, сондай-ақ іске қатысушы тұлғалардың түсіндірмелерін есепке ала отырып толықтырылуы мүмкін).

7 қосымша


Ұйғарым

(Істі сотта талқылауға тағайындау туралы)
2004 жылғы 3 желтоқсан Астана қаласы
Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы А.К. Сәрсембаева, Викторов Иван Артемьевичтің Султанова Анаида Ивановнаға мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен талап етіп алу туралы талап арызын қарап және істі сот отырысында талқылау үшін дайындалған деп танып, АІЖК-нің 173-бабын басшылыққа алып,
ұйғарды:
Викторов Иван Артемьевичтің Султанова Анаида Ивановнаға мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен талап етіп алу туралы талап арызы бойынша іс ашық сот отырысында 2004 жылғы 23 желтоқсанда сағат 11.00-де сот үй-жайында сот талқылауына тағайындалсын.

Сотқа тараптар мен өкілдер, ............ мекен-жайы бойынша тұратын куәлер Ивашкина Наталья Бараевна шақырылсын.



Судья А.К. Сәрсембаева


Ш Е Ш І М

Қазақстан Республикасы атынан.

Астана қаласының соты төрағалық етуші судья Б.Д. Ахметованың құрамында, хатшысы Г. Қуанованың, прокурор Б.Е.Акулованың, тараптардың өкілдері – талапкер жағынан 2004 жылғы 15 наурыздағы сенімхат бойынша В.Е. Кирилованың, жауапкер жағынан 10.04.2004 жылғы сенімхат бойынша Р.А.Ақбердиннің қатысуымен ашық сот отырысында 2004 жылғы 4 мамырда Астана қалалық сотының ғимаратында “Қостанай минералдары” АҚ-ның Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетіне талапкерді нарықта басым (монопольдық) орын алатын нарық субъектілерінің Мемлекеттік Тізіліміне енгізу туралы Агенттіктің 2004 жылғы 12 шілдедегі №315 –ОД бұйрығын заңсыз деп тану туралы қойған талабы бойынша істі қарап, төмендегіні

анықтады:

“Қостанай минералдары” АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша – қоғам немесе “ҚМ” АҚ) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің (бұдан әрі мәтін бойынша – Комитет) қоғамды нарықта басым (монопольдық) орын алатын нарық субъектілерінің Мемлекеттік Тізіліміне енгізу туралы 2004 жылғы 12 шілдедегі №315 –ОД бұйрығын заңсыз деп тану туралы талаппен жүгінді және талапты негіздеу үшін асбесті сатып өткізу нарығын талдау кезінде монополияға қарсы орган асбесті ауыстыратын заттарды талдауды іске асырмағанын, тауар тобы дұрыс айқындалмағанын көрсетті. Осыны негізге ала отырып Комитеттің асбесті сатып өткізу саласындағы қоғамның үлесін 98,5% мөлшерінде бағалауы негізсіз деп пайымдайды.

Сот отырысында талапкердің өкілдері қуыным талаптарды толық қолдап, жауапкердің асбесті ауыстыратын заттарды талдауды іске асырмағанын, асбесті бірін бірі ауыстыратын тауарлар тобында қарастыру керек екенін, асбестің орнына шынылы мақтаны, целлюлозаны және т.б. пайдалануға болатынын түсіндірді. Комитет 7-топтағы асбесттің тауарлық асбест болып табылмайтынын есепке алмаған, түрлі топырақ үю жұмыстарында толтырғыш ретінде пайдаланылатынын, асбесті тауар ретінде талдаған кезде оның шатырлық материалдар сияқты кең ауқымды ауыстырғыштары бар туындыларын да есепке алу керек еді. Осыған байланысты соттан акционерлік қоғамның асбесті сатып өткізудің тауарлық нарығында басым (монопольдық) орын алатын нарық субъектілерінің Мемлекеттік Тізіліміне енгізілуін заңсыз деп тануды өтінеді.

Жауапкердің өкілдері қуыным талаптарды мойындаған жоқ және асбест нарығын талдау «Асбоцемконструкция» АҚ-ның (бұдан әрі мәтін бойынша «АЦК» АҚ) шағымы бойынша іске асырылғанын, бұл орайда асбесті тұтынушының заңды мүдделерін бұзатын іс-әрекеттердің анықталғанын және үлесті есептеу кезінде талапкердің монополист деп танылғанын түсіндірді. Нарықты талдау кезінде 3-7- топтардағы асбестің туындылары, яғни, шатырлық материалдар, құбырлар және т.б. емес, оның өзі тауар ретінде есепке алынды. Асбестің бір бірін ауыстыратын тауарлары жоқ екені, «ҚМ» АҚ-ның нарықтағы үлесі 98,55%-ды құрайтынын, ал егер 7-топтағы асбестті тауарлық емес ретінде шығарып тастаса, онда үлес 83,6%-ды құрайтыны, яғни, бәрібір ол басым болып табылатыны және айтарлықтай нарықтық күші бар екенін анықталды. Баяндалғанды ескере отырып, сот «ҚМ» АҚ Мемлекеттік тізілімге енгізілуі негізді және оны тізілімнен шығару үшін негіздемелер жоқ деп пайымдайды, сонымен қатар жауапкер құқықты қорғау үшін талап қоюдың өтіп кеткен мерзімін қолдануды өтінеді.

Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап және олардың іс бойынша барлық маңызды мән-жайларды анықтау үшін барлық дәлелдемелерді ұсынуына мүмкіндік бере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тарту керек деп пайымдаған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, сот арыз төмендегі негіздемелер бойынша қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп санайды.

Қазақстан Республикасы АК-нің 11-бабының талаптарына сәйкес, заңды бәсекелестіктің шектелуіне, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірілуіне бағытталған монополистік және кез келген басқа қызметке жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы» Заңының (бұдан әрі мәтін бойынша – Заң) 4-бабының 5-тармағына сәйкес, монополистік қызмет – бұл нарық субъектілерінің бәсекелестікке жол бермеуге, шектеуге немесе жоюға және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған, заңға қайшы келетін әрекеттері (әрекетсіздігі).

«ҚМ» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы тексеру «АЦК» АҚ-ның шағымы бойынша Заңның 25-бабының 1-тармағының негізінде жүргізілді. Тексеру барысында жауапкер 2003 жыл ішінде ішкі нарықта асбестті өндіру мен сатып өткізу нәтижелері бойынша 3-7-топтардағы асбест бойынша талапкердің басым түсу үлесі 98,55% құрайтынын, соның негізінде оның Мемлекеттік Тізілімге енгізілгенін анықтады.

Сот отырысында арыз беруші Тізілімге өзінің негізсіз енгізілгенін, «АЦК» АҚ-нан басқа асбест тұтынушылардың барлығымен өзінің қалыпты серіктестік қарым-қатынасы бар екенін, «АЦК» АҚ-ға асбест жеткізуден бас тартатынын мәлімдеді, себебі олардың борыштарын төлемейтіні туралы дәлелдері мұқият тексерілді. «ҚМ» АҚ, елдегі бірден бір асбест өндіруші болып табыла отырып, өзінің басым жағдайын теріс пайдаланып, 1999 жылдан бері «АЦК» АҚ-ға асбест жеткізуден бас тартатыны, ол үшін заңды негіздемелері жоқ екені, сол арқылы тұтынушының – бұрынғы Шымкент асбест-цементті құрылмалар зауытының мүліктік кешенінің негізінде құрылған және 1961 жылдан бері қазіргі кезде «ҚМ» АҚ-ға тиесілі Жітіқара асбест кен орнында өндірілетін асбесті тұтынумен технологиялық жағынан үздіксіз байланысты «АЦК» АҚ-ның заңды мүдделерін бұзатыны анықталды.

Сот «ҚМ» АҚ-ның қоймаларында «АЦК» АҚ-ның бір жылдық мұқтажын қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде 0-6-топтардағы асбесттің сатып өткізілмеген қалдығы бар екенін анықтады және оны тараптар дауламайды. Тиеп жөнелтуге нақты мүмкіндік бар екеніне қарамастан монополист ешқандай негізделмесіз отандық тұтынушыға асбест жеткізуден бас тартады, бұл отандық тұтынушыны түпкі өнімнің (шиферлер, құбырлар және т.б.) бағасына қосылатын қосымша көлік шығындарын (4%-дың орнына 14%) көтере отырып, шикізатты Ресейден сатып алуға мәжбүр етеді.

Арыз беруші қоғамның қолында асбест бар екенін және оны арыз берушінің мекен-жайына жеткізуге дайын екенін, тек ол өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, мойнындағы берешекті өтегеннен кейін ғана жеткізетінін сотта теріске шығарған жоқ және мұны 2005 жылғы 4 наурыздағы хатында растады.

Баяндалғанға байланысты, теріс пиғылды серіктестер өздерінің заңсыз мүдделерін ілгерілету үшін қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың ықпал ету тетіктерін пайдаланатын жағдайларды болдырмау мақсатында сот, осыдан кейін қожалық етуші субъектіні Тізілімге енгізу шарт жасасуға мәжбүр етуге әкеліп соғатынын есепке алып, «АЦК» АҚ мен «ҚМ» АҚ-ның арасындағы борыштық міндеттемелер мәселесін мұқият тексерді. Бұл орайда, теріс пиғылды серіктеске асбест жеткізуден бас тарту үшін негіздеме болған, «АЦК» АҚ-ның «ҚМ» АҚ алдында борышы бар екені туралы арыз берушінің дәлелдерінің құқықтық негіздемелері жоқ екені және ойдан шығарылғаны анықталды.

Іске қатысушы тұлғалар ұсынған дәлелдемелермен шынында да «ҚМ» АҚ-да жеткізілген асбест үшін 7 507 340 теңге сомасына төленбеген шоттар 1999 жылдан бері бар екені анықталды, бірақ бұл 2000 жылғы 26 қазанда банкрот деп танылған және соттың ұйғарымы бойынша 2002 жылғы наурызда таратылған «Шымкентасбестцемент» ААҚ-ның (бұдан әрі мәтін бойынша - «ШАЦ» АҚ) борышы болып табылады. «ҚМ» АҚ 2001 жылғы 31 қаңтарда «ҚМ» АҚ-ның бәсекелестік өндірісінің аясында «ШАЦ» АҚ-ға талап қойды, алайда қаражат жеткіліксіз болғандықтан «ҚМ» АҚ-ның талаптары қанағаттандырылусыз қалды. «ҚМ» АҚ «ШАЦ» АҚ-ның қайта ұйымдастырылуы несиегерлер алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында жүзеге асырылды деп көрсетіп, осы қайта ұйымдастырылуды және «ШАЦ» АҚ-ның мүлкінің «АЦК» АҚ-на тапсырылуын сот тәртібімен даулауға әрекет жасады, алайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 10 мамырдағы қаулысымен мүліктің тапсырылуы және қайта ұйымдастырылу заңды деп танылды.

Сөйтіп, баяндалғаннан «АЦК» АҚ «ШАЦ» АҚ-ның құқықтық мирасқоры болып табылмағандықтан, «ҚМ» АҚ алдындағы нақты борыштық міндеттемелерді өтеу бойынша өзіне міндеттемелер қабылдамаған. «АЦК» АҚ «ШАЦ» АҚ алдындағы кейбір борыштық міндеттемелерін өтеуді міндетіне алуына негіз болған 1999 жылғы 2 қазандағы келісім-шартқа арыз берушінің сілтеме жасауы назарға алына алмайды. Аталған келісімнің 2-тармағында «ШАЦ» АҚ-ның жеткізушілерінің асбест, цемент, электр қуаты үшін талап етілетін берешегін «АЦК» АҚ бос қаражат пен өнім болғанда өтейді деп жазылған. Алайда несиегер – «ҚМ» АҚ 1999 жылдан бері осы уақытқа дейін «АЦК» АҚ алдындағы өзінің берешегін талап етпеген, «АЦК» АҚ қабылдауы және өтеуі мүмкін болған «ШАЦ» АҚ-ның борыштарын салыстырып тексермеген және «АЦК» АҚ-ға бір де бір талап қоймаған.

Арыз берушінің 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін өздері әлі де «АЦК» АҚ-ға талап қоя алады деген дәлелдері қисынсыз, себебі бұл үшін арыз беруші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін талабын мәлімдеуге, «АЦК» АҚ-мен салыстырып тексеру жүргізуге және өздерінің «АЦК» АҚ-дан борышты өндіртіп алу құқығын бекітуге тиіс еді. Алайда бұл іске асырылған жоқ, бұл «ҚМ» АҚ-ның «АЦК» АҚ-дан борышты өндіртіп алуға мүдделі болмағанын көрсетеді.

Баяндалғанды есепке ала отырып, «АЦК» АҚ-ның «ҚМ» АҚ алдында берешегі бар екендігінің дәлелдемелері анықталмағанын, соған байланысты «АЦК» АҚ-ға талап қою үшін құқықтық негіздемелер жоқ екенін және бұл ойдан шығарылған жайтты арыз беруші асбест жеткізуден бас тарту үшін пайдаланды деген жауапкердің уәжі негізді болып табылатынын және мұны тұтынушының заңды мүдделерін бұзу және монополиялық қызмет нышандарының байқалуы деп саналуға тиіс екенін тану керек.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік Төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі №86-ОД бұйрығымен бекітілген, белгілі бір тауар нарығында басым (монополиялық) орын алатын нарық субъектілерінің Мемлекеттік Тізілімін қалыптастыру мен жүргізу Қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 5-тармағына сәйкес, нарық субъектісі басымдығының үлесі белгілі бір тауар түрін оның географиялық шектермен айқындалған тауар нарығының шекарасынан тысқары шығарылған көлемін шегергендегі субъектінің жеткізген немесе сатып өткізген көлемінің белгілі бір тауарлар нарығының жалпы көлеміне арақатынасы ретінде айқындалады.

Белгілі бір тауарлар нарығының жалпы көлемі белгілі бір немесе бірін бірі ауыстыратын тауарларды аталған нарықтың субъектілерінің жеткізген немесе сатып өткізген сомасы ретінде, белгілі бір немесе бірін бірі ауыстыратын тауарларды әкелу мен әкету көлемдерін есепке ала отырып айқындалады.

Монополияға қарсы заңдардың осы талаптарына сәйкес Комитет асбестті ішкі нарықта 2003 жыл ішінде өндіру мен сатып өткізуге талдау жасады және тауар – 3-7-топтардағы асбест бойынша басымдық үлесін 98,55 % деп айқындады.

Бұл талдаумен келіспестен, арыз беруші нарықты талдау кезінде Комитет нарықта асбесттің орнын басатын тауарлардың бар екенін есепке алған жоқ деп көрсетті. Мысалы, асбоцементтік салада асбесттің орнына басқа талшықтарды пайдалануға болатынын, өндірісте түрлі бұйымдарды (құбырларды, шатырлық материалдарды және басқаларды) жасап шығару үшін асбесттің орнына шыны мақтаны, базальтті талшықты, шыны талшықты, целлюлозаны және тіпті мақта өндірісінің қалдықтарын да пайдалану тәжірибесі бар екенін көрсетті.

Талапкердің бұл дәлелдерімен сот келісе алмайды. Асбест – бұл механикалық әсерге ұшыраған кезде жіңішке берік талшықтарға ыдырай алатын табиғи минерал – талшықты құрылымы бар хризотил. Асбест магнийдің, темірдің, кальций мен натрийдің сулы силикаттарынан тұрады. Іс жүзінде таза күйінде пайдаланылмайды, асбест цемент, техникалық, жылу оқшаулағыш және басқа да материалдар өндірісі үшін шикізат болып табылады.

Қазақстандағы асбесттің дәстүрлі тұтынушылары Қарағанды асбоцемент бұйымдары зауыты, Семей асбоцемент бұйымдары зауыты және Шымкент асбоцемент бұйымдары зауыты («АЦК» АҚ) болып табылады және олардың барлығы да өздерінің өнімін өндіру үшін тек асбестті пайдаланады. Асбоцемент бұйымдарға арналған қолданыстағы МемСТ-тер асбестті басқа затпен ауыстыруға мүмкіндік бермейді және оны ауыстыратын да ештеңе жоқ. Талапкер талап арызында сілтеме жасайтын материалдар, яғни воластонит, целлюлоза және басқалары Қазақстанда жоқ, шыны талшықтың тым мардымсыз мөлшерде өндірілетіні соншалық, Статистика жөніндегі агенттіктің анықтамасында асбест сияқты тоннамен емес, килограммен есепке алынады әрі асбоцементті бұйымдарды өндірушілер де сырттан әкелінетін қымбат шикізатқа және жабдықты ауыстыру үшін шығын көтеруге дайын емес, ал «ТМД хризотил қауымдастығының» мәлімдемесі бойынша Жітіқара кен орнындағы хризотилды асбестің зерттелген қорлары жүз жылдан астамға жетеді.

Сөйтіп, белгілі бір аумақтағы бірін бірі ауыстыратын тауарлар нарығы – бұл өздерінің сапасы, қолданылуы мен бағасы бойынша салыстыруға келетін тауарлар екенін, өндірушілер мен сатып алушылар өндіріс немесе тұтыну барысында оларды бір бірімен ауыстыра алатынын есепке ала отырып, монополияға қарсы органның Қазақстанда асбесттің орнын баса алатын тауарлар жоқ деген тұжырымдары негізді болып табылады.

«ҚМ» АҚ ұсынған деректерге сәйкес, қолданыстағы сыныптама бойынша асбесттің төмендегідей 0-7 топтары ажыратылады. 0-6-топтардағы асбест (тауарлық асбест) асбест цементті бұйымдардың өндірісі үшін пайдаланылады. 7-топтағы асбест (тауарлық емес асбест) асбест өндірісінің қалдығы болып табылады және тұтынушылар оны жылуды оқшаулау жұмыстарын жүргізгенде және жол-құрылыс қоспалары өндірісі мен жұмыстарында толтырғыш ретінде пайдаланады.

Сот отырысының барысында жауапкер асбестті сатып өткізу нарығын талдау барысында 0-6-топтардағы асбестті сатып өткізудің бөлек нарығын және 7-топтағы асбестті сатып өткізудің бөлек нарығын бөліп қарастыру керек деген талапкердің дәлелімен келісті.

2003 жылы өндірілген асбесттің жалпы көлемінің 57%-ы – 3-6-топтағы асбест, қалғаны – 7-топтағы асбест. Қазақстанның аумағында тек 3-6-топтағы асбесттің тек 10,5%-ы ғана сатып өткізіледі. Тауарлық асбестті Ресейден тек «Асбоцемконструкций» АҚ ғана әкеледі.

2003 жылы 0-6-топтардағы асбестті ішкі нарықта сатып өткізу көлемі 17 968,33 мың тоннаны құрады, ҚР аумағына 0-6-топтардағы асбестті сырттан әкелу көлемі 3 513,9 мың тоннаны құрады, жалпы көлемі 21 482,23 мың тонна, ал 0-6-топтардағы асбест бойынша арыз берушінің үлесі – 83,6 % болды, тиісінше 2004 жылы –77,3% болды.

Сондай-ақ 2003 жылғымен салыстырғанда 0-6-топтардағы асбестті өндіру 2004 жылы 0,6%-ға артқанына қарамастан, 0-6-топтардағы асбестті ішкі нарықта сатып өткізу көлемі 1,3%-ға төмендеген, ал 0-6-топтардағы асбестті сырттан әкелу көлемі 13,6%-ға артқан, бұл «Қостанай минералдары» АҚ-ның нарықтық күші мен оның осы нарықтағы ықпалына айғақ болады.

Жоғарыда баяндалғанның барлығы жауапкердің «ҚМ» АҚ-ын белгілі бір тауар нарығында басым (монополиялық) орын алатын нарық субъектілерінің Мемлекеттік Тізіліміне енгізу тұрғысындағы әрекеттерінің құқықтылығын растайды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 280-бабының 1-тармағына сәйкес, өзінің құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде арызбен сотқа жүгінуге заңды тұлғаның құқығы бар.

Арыз берушінің Тізілімге енгізілгені туралы оған 2004 жылғы 20 шілдеде белгілі болған, яғни, талапкер сотқа 2004 жылғы 20 қазанға дейін жүгінуге тиіс еді, алайда арыз 18.01.2005 жылы берілген.

Қазақстан Республикасы АК-ның 179-бабының 3-тармағына сәйкес, талап қою мерзімінің өтуі соттың талапты қабылдаудан бас тарту туралы шешім шығаруына дербес негіздеме болып табылады. Талапкердің құқығын қорғауға арналған мерзімін ұзарту туралы өтінімін сот мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелсіздігіне байланысты қолдаған жоқ..

Баяндалғанның негізінде, ҚР АІЖК-нің 217-221, 282-баптарын басшылыққа алып, сот


Каталог: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет