Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының



жүктеу 5.27 Mb.
бет9/29
Дата24.04.2016
өлшемі5.27 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

шешім етті:
“Қостанай минералдары” АҚ-ның Агенттіктің “Қостанай минералдары” АҚ-ын нарықта басым (монополиялық) орын алатын нарық субъектілерінің Мемлекеттік Тізіліміне енгізу туралы 2004 жылғы 12 шілдедегі №315 –ОД бұйрығын заңсыз деп тану туралы арызы ішінара қанағаттандырылсын. “Қостанай минералдары” АҚ-ның нарықта басым (монополиялық) орын алатын нарық субъектілерінің Мемлекеттік Тізіліміне енгізілуі негізді деп танылсын, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетіне 2004 жылғы 12 шілдедегі №315–ОД бұйрығына пайыздар және нарық түрін нақтылау тұрғысынан өзгертулер енгізу міндеттелсін.

Қуыным талаптар қалған бөлігінде қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Шешімге ол жария етілген сәттен бастап 15 күн ішінде Астана қалалық соты арқылы шағым беру жолымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым беруге немесе қарсылық келтіруге болады.
Судья

Ұйғарым

Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді қайта қарау туралы


Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының төрағалық етуші судья А.Х. Батыровтың құрамында, хатшы К.Абиева, прокурор Г.А. Жұмаеваның қатысуымен ашық сот отырысында 2004 жылғы 12 наурызда Көкшетау қаласында сот үй-жайында И.А. Куяновтың Көкшетау қалалық сотының 2003 жылғы 10 қазандағы шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызын қарап,

анықтағаны:

Көкшетау қалалық сотының 2003 жылғы 10 қазандағы шешімімен заң бойынша мұрагерлер Куяновтар арасындағы даулы мұрагерлік мүлікті бөлу іске асырылды. В.А. Куяноваға Көкшетау қаласының 5-шағын ауданындағы жалпы ауданы 35 шаршы метр, тұрғын ауданы 22 шаршы метр № 27 пәтерге меншік құқығы бекітілді. В.А.Куяновадан И.А. Куяновтың пайдасына мұрагерлік мүліктен ақшалай нысандағы 738.000 теңге мөлшеріндегі үлес өндіріліп алынды, 22.140 теңге мемлекеттік баж қайтарылды.

И.А.Куянов арызында аталған шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша, яғни оның қызы А.И.Белова оның қайтыс болған әкесі А.В.Куяновқа немере болып келеді деген негіздеме бойынша қайта қарауды өтінеді. Оның әкесі шешім шығаруға негіз болған пәтерді оның қызына мұраға қалдырған. Осыны растау үшін арыз беруші 2000 жылғы 5 сәуірдегі нотариаттық куәландырылған өсиеттің көшірмесін көрсетті. Оның қызы басқа қалада тұратындықтан өсиет туралы ол білмеген, өсиет туралы ол қызы өзіне 2004 жылғы қаңтарда айтқанда ғана білген.

В.А. Куянова сотта өзінің өсиет туралы білмегенін, әкесімен бірге тұрғанын және мүгедектігі себебінен оның асырауында болғанын, басқа тұрғын үйінің жоқ екенін, сондықтан арызды қанағаттандырудан бас тартуды өтінетінін түсіндірді.

Іс материалдарын зерттеп, тараптардың ұсынған дәлелдемелерін тексеріп және түсініктемелерін тыңдап, сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот шешімінің күші жойылуға жатады деген тұжырымға келді.

Іс материалдарынан А. Куянов қайтыс болғаннан кейін Көкшетау қаласы, 5-шағын аудан, 27-пәтер мекен-жайы бойынша орналасқан бір бөлмелі пәтер түрінде мұра ашылғаны көрінеді.

Заң бойынша мұрагерлер мұра берушінің балалары И. Куянов пен В. Куянова болып табылады, олар мұраны қабылдаған. Қайта қаралуы туралы сөз болып отырған сот шешімімен мұра мұрагерлер арасында тең бөлінген.

АК-нің 1039-бабының 2-бөлігіне сәйкес, өсиет болмаған жағдайда немесе мұраның тағдырын тұтас айқындамаған жағдайда заң бойынша мұрагерлік орын алады.

Сотқа күші жойылмаған, нотариаттық куәландырылған өсиет көрсетілді. А.И. Белова АК-нің 1039-бабының 2-бөлігіне сәйкес, өсиет бойынша мұраны қабылдады деп саналады. Мұндай жағдайларда заң бойынша мұрагерлердің арасында мұраны бөлу туралы қабылданған шешім дұрыс шешім деп таныла алмайды.

АІЖК-нің 404-бабының 1) тармақшасына сәйкес, егер іс үшін елеулі мән-жайлар арыз берушіге белгілі болмаса және белгілі бола алмаса, заңды күшіне енген шешім жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Іс бойынша арыз берушілердің өсиет туралы білмегені, оларға бұл туралы белгілі болуы мүмкін болмағаны анықталды. Мұрагерлік мүлікке өсиет бар екені Куяновтарға 2004 жылғы қаңтарда белгілі болды. Ұсынылған өсиет мұра беушінің пәтеріне заң бойынша мұрагерлік етуді болдырмайды, сондықтан аталған мә-жайды сот тараптар бұл туралы білмеген жаңадан анықталған мән-жай ретінде қарастырады. Нотариаттық кеңсе Көкшетау қаласында куәландырылған өсиеттің жоқ екені туралы мәлімет берді. Өсиетті Алматы қаласының нотариусы куәландырған. Шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз АІЖК-нің 406-бабының 2-бөлігімен белгіленген мерзімнің шегінде берілген.

Баяндалғанды есепке ала отырып, арыз қанағаттандырылуға жатады. В. Куянованың дәлелдері арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіздеме бола алмайды, бірақ істі мәні бойынша қарау кезінде назарға алынуы мүмкін.

АІЖК-нің 252, 409-баптарын басшылыққа алып, сот


ұйғарды:
Куянов Игорь Александровичтің арызы қанағаттандырылсын. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша Көкшетау қалалық сотының 2003 жылғы 10 қазандағы шешімінің күші жойылсын.

Іс жаңадан қаралуға берілсін.

Соттың ұйғарымы шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.
Судья А.Х. Батыров

6-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау.
Бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сол шешімді шығарған сот қайта қарайды.

Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы сот қаулыларын шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот іске асырады. Егер соттың шешімі апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде өзгеріссіз қалса, шешімнің өзі қайта қаралуға тиіс және бұл шешімді шығарған бірінші сатыдағы сот оны қайта қарауға міндетті.

Азаматтық істер бойынша шығарылған бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарының ішінде тек олар бойынша процесс (іс бойынша іс жүргізуді аяқтау туралы, арызды қараусыз қалдыру туралы) аяқталғандары ғана жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жатады.

Шешімді, ұйғарымды, қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысушы тұлғалар немесе прокурор бере алады.

АІЖК-нің 406-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Белгіленген үш ай марзім іс жүргізу мерзімі болып табылады, сондықтан оны сот АІЖК-нің 128-бабына сәйкес мерзімді ұзарту туралы өтініш болған және өткізіліп алыну себептері дәлелді деп танылған жағдайда ұзартуы мүмкін.

Прокурордың арыз беру мерзімі белгіленбеген, сондықтан прокурордың шешімді, ұйғарымды, қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз беру құқығы қандай да бір мерзіммен шектелмеген.

Сот актісін қайта қарау туралы арызда төмендегілер көрсетілуі мүмкін:


  • арыз беріліп отырған соттың атауы;

  • арыз беруші тұлғаның атауы;

  • қайта қаралуы туралы мәселе қойылып отырған шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны көрсету;

  • шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау үшін негіздеме болып табылатын жаңадан анықталған мән-жайды және оны растайтын дәлелдемелерді көрсету;

  • арыз беруші тұлғаның өтініші;

  • арызға қоса тіркелген материалдардың тізбесі.

Арызға осы арызды беруші тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл ұсынған арызға өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе басқа құжат қоса тіркелуге тиіс.

Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша төмендегі негіздемелер бойынша қайта қаралуы мүмкін (АІЖК-нің 404-бабы):



  • арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар; мұндай мән-жайлар ретінде дауласушы тараптардың өзара қарым-қатынасы үшін құқықтық маңызы бар фактілерді түсіну керек. Мысалы, сот шешімімен заң бойынша мұрагерлер арасында құқықтар белгіленіп, мұра бөлінген. Шешім заңды күшіне енгеннен кейін заң бойынша мұрагерлердің қатарына жатпайтын тұлғаның пайдасына бүкіл мұрагерлік мүлікке деген өсиет бар екені белгілі болды. Аталған өсиет арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған, сондықтан ол сот шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздеме бола алады.

Сонымен қатар азаматтық істі қарау сәтіне қарай орын алған фактілердің шешім шығарылғаннан кейін пайда болған құқықтық маңызы бар фактілерден ара жігін ажырату керек. Мұндай мән-жайлар не істің дұрыс қаралмағаны туралы айғақтайды және қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіздеме болады немесе жаңа талап қою үшін негіздеме ретінде жүре алады.

  • Заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы. Осы негіздеме бойынша шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені шешкен кезде сот үкімімен белгіленген мән-жайлардың шығарылған шешімнің дұрыстығына әсер еткеніне сот көз жеткізуге тиіс. Егер сот шешімімен белгіленген құқықтық фактілер істегі басқа дәлелдемелермен анық расталатын болса, онда сот үкімімен белгіленген қандай да бір дәлелдеменің жалғандығы шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздеме бола алмайды.

  • Заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмыстық әрекеттері;

  • Соттың шешімін, ұйғарымын немесе қаулысын немесе басқа органның қаулысын шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не басқа органның қаулысының күшін жою. Осы негіздеме бойынша төмендегіні назарда ұстау керек:

1. соттың немесе басқа органның актісінің ұсынылған көшірмесі тиісті түрде куәландырылуға тиіс;

2. соттың немесе басқа органның күші жойылған қаулысы шынында да іс бойынша шешімнің негізіне алынған.

Заңды күшіне енген шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арыз беру үшін белгіленген мерзім төмендегідей есептеледі:


  • арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар анықталған күннен бастап;

  • сот үкімімен белгіленген мән-жайлар, қылмыстық іс жөніндегі үкім заңды күшіне енген күннен бастап;

  • сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не басқа органның қаулысының күші жойылған кезде, сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген немесе мемлекеттік немесе өзге де орган қайта қаралатын шешім, ұйғарым немесе қаулы негізге алынған үкімге, шешімге, ұйғарымға немесе қаулыға өз мазмұны бойынша қайшы келетін қаулы шығарған күннен бастап.

Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз кез келген жағдайда сот отырысында қаралуға енгізіледі және бірінші сатыдағы сотта немесе апелляциялық немесе қадағалау сатыларында азаматтық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады (қайта қаралуы туралы мәселе қойылып отырған сот қаулысын қандай сатының қабылдағанына қарай).

Арыз берушіге және іске қатысушы тұлғаларға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Іске қатысушы тұлғалар мен прокурордың іс талқыланғанға дейін және сот отырысында шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды қуаттайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер келтіруге құқығы бар. Ұсынылған дәлелдемелерді сот дәлелдемелердің қатыстылығы мен жарамдылығы ережелері бойынша зерттейді және бағалайды.

Арызды қараудың нәтижелері бойынша сот төмендегідей ұйғарым шығарады:


  • арызды қанағаттандыру және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы. Бұл ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

  • шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы. Аталған ұйғарым шығарылған күннен бастап он күн ішінде апелляциялық сатыдағы сотқа жекеше шағым, нарызылық беру жолымен осы ұйғарымға шағым беруге, наразылық келтіруге болады. Жекеше шағым немесе нарызылық ұйғарымды шығарған сот арқылы беріледі.

Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы ұйғарым АІЖК-нің 252-бабында көрсетілген жалпы талаптарға сәйкес келуге тиіс, атап айтқанда:

  • ұйғарымды шығарған соттың атауы, соттың құрамы;

  • ұйғарым шығарылған уақыт және орын;

  • істі қарауға қатысушы тұлғалар;

  • шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз берген тұлға;

  • қайта қаралып отырған шешімнің, берілген арыздың, арызды қарау кезінде ұсынылған материалдардың және іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;

  • соттың тұжырым жасауына негіз болған дәлелдер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтемелер;

  • қаулы ету (қарар) бөліміндегі соттың тұжырымдары.

Арыз қанағаттандырылған және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда іс Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген ережелер бойынша қайта қаралады. Бір сот отырысында шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарауға және істі мәні бойынша қарауға жол берілмейді.

7-тарау. Апелляциялық шағым беру
АІЖК-нің 332-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының заңды күшіне енбеген шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Апелляциялық шағымды төмендегілер бере алады:



  • тараптар (талапкер, жауапкер, олардың өкілдері);

  • іске қатысушы басқа адамдар (АІЖК-нің 44-бабы);

  • іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар.

Прокурордың апелляциялық наразылық келтіруге құқығы бар.

Апелляциялық шағымдар және прокурордың наразылығы шешімді шығарған сотқа сот шешім шығарғаннан кейін он бес күн ішінде қысқаша нысанда, ал дәлелді шешімге шағым немесе нарызылық – осындай шешім жасалған күннен бастап беріледі.

Сырттай шешімге апелляциялық шағым беру мерзімін есептеудің ерекшелігі бар. Егер жауапкер сырттай шешімнің көшірмесін алғаннан кейін бес күн ішінде сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз бермеген болса, ол осы мерзім өткеннен кейін шағым бере алады. Егер жауапкер сырттай шешімге шағым берген болса, онда сырттай шешімге апелляциялық шағым бірінші сатыдағы сот осындай арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он бес күн ішінде беріле алады.

Апелляциялық шағым, прокурордың наразылығы алынғаннан кейін сот төмендегі әрекеттерді іске асырады:



  • шағым берудің немесе наразылық келтірудің мерзімдерінің сақталғанын тексереді;

  • апелляциялық шағымның немесе наразылық мазмұнының АІЖК-нің 335-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді;

  • шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы (аудандық соттың шешімдеріне облыстық сотқа шағым беріледі, облыстық соттың шешімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым беріледі);

  • шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауын көрсетеді;

  • шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауын көрсетеді;

  • істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсетеді;

  • заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарға сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігін негіздейді;

  • шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның оны толық немесе ішінара келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететінін көрсетеді;

  • шағымға немесе наразылыққа құжаттардың тізімін қоса тіркейді;

  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды қоса тіркейді;

  • Егер шағымды өкіл берген болса, ал іс материалдарында мұндай өкілеттіктер болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты немесе өзге құжатты шағымға қоса тіркейді;

  • іске қатысушы тұлғаларды есепке ала отырып, шағымдардың немесе наразылық даналарының санын көрсетеді;

  • шағымға қосымшада көрсетілген материалдарды қоса тіркейді;

  • шағымның мерзімі өткізіліп берілген жағдайда шағымды немесе наразылықты берудің (әкелудің) мерзімін қалпына келтіру туралы өтінімді көрсетеді.

Егер апелляциялық шағым, прокурордың наразылығы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, соттың оларды қозғалыссыз қалдыруға және кемшіліктерді жою үшін уақыт беруге құқығы бар. Мұндай жағдайларда судья ұйғарым шығарады.

Егер шағым немесе наразылық берген тұлға судьяның қаулысында жазылған нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, онда шағым немесе наразылық сотқа алғаш рет ұсынылған күні берілді деп саналады.

Судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты төмендегі жағдайларда кері қайтарады:


  • шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулыдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмаса;

  • шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;

  • егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтінім болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;

  • егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе).

Шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысына, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты қайтару туралы судьяның қаулысына жеке шағым немесе прокурордың жеке наразылығын беру жолымен шағым берілуі мүмкін.

Судья шағымның немесе наразылықтың мерзімінде берілгеніне, оларға қойылатын талаптарға (АІЖК-нің 334-бабының 2-бөлігі, 335-бабы) сәйкес келетініне көз жеткізгеннен кейін төмендегі әрекеттерді іске асыруға міндетті:



  • шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жібереді;

  • шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жібереді;

  • іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабардар етеді. Істің апелляциялық сатыда қаралатын күні туралы хабар іс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс. Әдетте хабарламалар істі қарауға тағайындалған күнге екі апта қалғанда жіберіледі.

Егер іс бойынша шағымға қарсылық, наразылық түсетін болса, онда судья қарсылықтардың көшірмелерін іске қатысушы тұлғаларға тапсырады, ал түпнұсқасын іс материалдарына қоса тіркейді.

Бірінші сатыдағы судьяның және соттың ұйғарымдарына, қаулыларына төмендегі жағдайларда жеке шағымдар беріліп, нарызылық келтірілуі мүмкін:



  • шағым беру іс жүргізу Кодексімен көзделген жағдайда;

  • соттың ұйғарымы істің одан әрі қозғалысына кедергі келтірген жағдайда.

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына шағым беруге құқығы бар тұлғаның жеке шағымы, наразылығы бойынша істі дайындау тәртібі бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша іспен бірдей.

Бірінші сатыдағы соттың басқа ұйғарымдарына шағым берілмейді және наразылық келтірілмейді, бірақ тараптардың бұл ұйғарымдарға қарсылықтары соттың шешіміне (судьяға қарсылық білдіру туралы өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы, дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы, істі кейінге қалдыру және т.б. туралы соттың ұйғарымы) апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.



3-БӨЛІМШЕ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА
8-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері
Азаматтық сот ісін жүргізуде арнайы ғылыми білімді пайдалану Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы «Сот сараптамасы туралы» Заңымен (енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бірге), Азаматтық іс жүргізу кодексімен, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерімен реттелген.

Сот сараптамасы дегеніміз қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істің материалдарын зерттеу болып табылады, ол істі шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында арнайы ғылыми білімнің негізінде жүргізіледі.

Сот сараптамасын мемлекеттік сот сараптамасы органдары жүйесі жүзеге асырады, оған мыналар кіреді: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аумақтық бөлімшелері; Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Сот медицинасы орталығы және оның аумақтық бөлімшелері; заңдарға сәйкес сот сараптамасын жүргізу міндетіне жатқызылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелері; сот сараптамасы қызметін лицензияның негізінде жүзеге асыратын тұлғалар, заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен сот сараптамасын жүргізетін өзге тұлғалар.





АІЖК 305-б.


Түсіндірме__1-тармақ_бойынша'>Түсіндірме

1-тармақ бойынша

Сараптама – істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтерді зерделеу мақсатында сот ұсынған нысандарды сарапшылардың ғылыми негізде зерттеуі, ол белгілі бір іс жүргізу тәртібінде және іс жүргізу заңында белгіленген ережелерді ұстана отырып іске асырылады.

Сараптама – жаңа дәлелдемелер алудың және қолда барларын тексерудің немесе нақтылаудың дербес нысаны. Іс жүргізудің дербес әрекеті ретінде сараптама өзінің тағайындалу, жүргізілу және іс жүргізушілік ресімделу нысандарының өзіндік ерекшеліктері болуымен сипатталады.

Азаматтық процесте «судьялар құқықты біледі» деген презумпция қолданылады. Сондықтан құқық мәселелерін білу үшін сараптама тағайындалмайды. Сараптама құқық нормалары емес, фактілер туралы дұрыс білім алудың құралы болып табылады.

Зерттеу тәсілі ретіндегі сараптама емес, жүргізілген сараптаманың негізінде тұжырымдалған сарапшының қорытындысы сот дәлелдемесі болып табылады.

2-тармақ бойынша

Жалпыға тарамаған, жалпының қолы жетерлік болып табылмайтын және ғылымның, техниканың, өндірістің, өнердің белгілі бір саласында айтарлықтай арнайы дайындығы немесе мамандану тәжірибесі бар адамдарда бар білімді ғана арнайы білім деп санау қажет.





Түсіндірме

3-тармақ бойынша

Азаматтық сот ісін жүргізу процесіне қатысушы тұлғалардың арнайы білімінің болуы, сондай-ақ істе ревизиялар, тексерістер актілерінің, комиссиялар қорытындыларының болуы, сотты тиісті жағдайларда сот сараптамасын тағайындау қажеттігінен босатпайды (ҚІЖК-нің 91-бабының 1-бөлігі).

Ведомстволық немесе жеке зерттеулердің, қорытындылардың олардың өздерінде сараптама деп аталуы мүмкін ешқандай актілері, анықтамалары сарапшының қорытындысы ретінде қарастыруға жатпайды және сараптама жүргізуден бас тартуға негіз бола алмайды.

4-тармақ бойынша

Процеске қатысушы судьяға өз пікірінше сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу нысандарын көрсетеді.



6-тармақ бойынша

Сарапшыға қойылатын сұрақтарды түпкілікті айқындау құқығы соттың құзырында. Сот іске қатысушы тұлғалар ұсынған барлық мәселелерді қарайды, олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сараптаманың құзыретіне жатпайтын мәселелерді шығарып тастайды, түпкілікті мәселелер тізбесін қалыптастырады.

Сарапшыға қойылатын сұрақтар айқын әрі нақты болуға, ал олардың тізбесі толық болуға тиіс.

Сараптамаға арналған сұрақтар анық тұжырымдалуға, мән-жайларға, тұлғаларға және олардың қызметінің кезеңдеріне, фактілерге, нысандарға қатысты нақтыланған болуға тиіс. Сарапшының арнайы білімінің және оның іс жүргізушілік жағдайы шектерінен шығатын, әр түрлі түсіндірмелерге жол беретін мәселелер оның алдына қойылмауға тиіс. Сараптаманың әрбір түріне арналған осындай сауалдардың үлгілік тізбесі әзірленіп, сараптаманың нақты түрлерін жүргізу жөніндегі ведомстволық нұсқаулықтарда, сол сияқты әдістемелік құралдарда қамтылған.



: site -> SupCourtKaz.NSF -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет