Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 Қаулысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»



жүктеу 154.83 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі154.83 Kb.
: images -> stories
stories -> Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»
stories -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
stories -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
stories -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
stories -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерің тізімі
stories -> Учебная программа музыка 5-6 классы
stories -> 1958 жылдың 12 мамырында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу

туралы есептер беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 Қаулысы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасы бекітілсін.

2. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 690 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2010 жылғы 30 желтоқсандағы

1455 қаулысымен



бекітілген

 

 

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру

 қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Қағида жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру тәртібін айқындайды.

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар.



 

 

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру тәртібі



 

3. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізу туралы есептіліктің (бұдан әрі - есептер) мынадай түрлері белгіленеді:

1) алты айдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жартыжылдық есеп);

2) жылдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жылдық есеп).

4. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы үшін келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жартыжылдық есептерді жер қойнауын пайдаланушы ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей уәкілетті органның өңіраралық департаментіне (бұдан әрі - өңіраралық департамент) жібереді.



Жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәлімет бермеген жағдайда өңіраралық департамент олар түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде есепті пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады.

Өңіраралық департамент жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы үшін өзіне ведомстволық бағыныстағы аумақта жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептер жасайды. Өңіраралық департаменттер жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептерді ағымдағы жылғы бірінші қыркүйекке уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган жиынтық жартыжылдық есеп өңіраралық департаменттен түскен сәттен бастап оны күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және уәкілетті органның Республикалық геологиялық ақпарат қорына (бұдан әрі - геологиялық қор) сақтауға жібереді.

5. Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттық аумақта жер



қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жылдық есепті өңіраралық департаментке есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей жібереді.

Жер қойнауын пайдаланушы есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда өңіраралық департамент жылдық есеп түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады.

Өңіраралық департамент жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша өзіне ведомстволық бағыныстағы аумақта есепті жыл үшін жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жылдық жиынтық есептерді жасайды.

Өңіраралық департаменттер жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептерді есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші ақпанына уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган өңіраралық департаменттен жылдық жиынтық есеп түскен сәттен бастап оны күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және геологиялық қорға сақтауға жібереді.

6. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлігі бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей өңіраралық департаментке босатылатын келісімшарттық аумақтың учаскелерінде жүргізілген геологиялық зерттеулер туралы есепті тапсырады.



Өңіраралық департаменттер келісімшарттық аумақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлігі жөніндегі есептерді оларды түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде келіседі және уәкілетті органға жібереді не жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады.

Уәкілетті орган өңіраралық департаменттен есепті алған сәттен бастап оны күнтізбелік он бес күн ішінде бекітіп, геологиялық қорға сақтауға жібереді.

7. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілері жойылғаннан және/немесе консервациялағаннан соң бүкіл келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есеп береді.



Түпкілікті есептерді өңіраралық департамент олар жер қойнауын пайдаланушылардан түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде келіседі және уәкілетті органға жібереді не жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады.

Уәкілетті орган өңіраралық департаменттен есеп түскен сәттен бастап оны күнтізбелік он бес күн ішінде бекітіп, геологиялық қорға сақтауға жібереді.

8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей өңіраралық департаментке тоқсандық есептерді ұсынады.



Жер қойнауын пайдаланушы есепте толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда өңіраралық департамент түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде есепті пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады.

Өңіраралық департаменттер жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша есепті тоқсан үшін өзіне ведомстволық бағыныстағы аумақта жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есепті жасайды.

Өңіраралық департаменттер жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептерді тоқсан сайын екі ай ішінде уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган өңіраралық департаменттен жиынтық есеп түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарағаннан кейін геологиялық қорға сақтауға жібереді.

Өңіраралық департаментке және уәкілетті органға жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері туралы жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық есептерінің келіп түсуі тоқсандық есептерге ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.

9. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептер құрамындағы пайдалы қазбалары бар жер қойнауының геологиялық құрылымы, кен орындарының геологиялық параметрлері, қорлардың көлемі, игеру шарттары, сондай-ақ осы Қағидаға қосымшаға сәйкес жер қойнауының кез-келген ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.



 

Жер қойнауын пайдаланушылардың



жер қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларды жүргізу туралы

есептер беру қағидасына

қосымша

 

 

Жер қойнауын пайдаланушылар есептерінің мазмұны

 

1. Жер қойнауын пайдаланушының жартыжылдық есебі қысқаша ақпараттық жазбаны және қажет болған жағдайда, ақпараттық жазбаның мәтінін безендіретін графикалық қосымшаларды (немесе суреттерді) қамтиды.

Жартыжылдық есепті ақпараттық толтыру геологиялық зерттеу сатысына байланысты:

1) өңірлік геологиялық зерттеулерде мынадай деректер келтіріледі:

келісімшарттық аумақтың әкімшілік жағдайы;

есепті кезеңде келісімшарттық аумақта орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі;

пайдалы қазбаның көрініс-белгісі орнының географиялық координаттары;

табылған пайдалы қазбаның көрініс-белгісінің жоспардағы және тереңдіктегі мөлшері;

пайдалы қазба көрініс-белгілерінің сипаттамасы;

табылған жерүсті және ұңғымалық мұнай-газ көрініс-белгілерінің, табиғи резервуарлардың сипаттамасы;

пайдалы қазба ресурстарын болжамды бағалау;

2) табылған перспективалы объектілер шегіндегі іздестіру жұмыстары кезінде есепте 1) тармақшада көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай деректер келтіріледі:

табылған кенге айналудың топографиялық және минералогиялық сипаттамасы;

кен денесінің параметрлері;

перспективалы құрылымның тереңдегі түзілуінің ерекшеліктері;

көмірсутек кен шоғырының параметрлері;

іздестіру немесе параметрлік ұңғымалардың ағынын байқап көрудің нәтижесі жөніндегі деректер;

пайдалы қазбаның қорларын бағалау, пайдалы қазбаның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды;

3) іздестіру - бағалау жұмыстары кезінде 2) тармақшада көрсетілген мәліметтермен катар мынадай деректер келтіріледі:

кен орындары кендерінің негізгі типтері мен сорттары;

байытудың оңтайлы сызбасын көрсетумен бірге, кенді қайта өңдеудің жоспарланған технологиялары жөніндегі деректер;

өнеркәсіптік қорлар мен болжамды ресурстар, кен орындарын игерудің рентабельділігі туралы мәліметтер;

4) барлау кезеңіндегі объектілер бойынша 3) тармақшада көрсетілген мәліметтермен қатар, мынадай деректер келтіріледі:

кен денелерінің мөлшері, пішіні және параметрлері;

пайдалы қазбалардың қорларын есептеу үшін қолданылған кондицияның негізгі параметрлері;

кен орындарын игерудің гидрогеологиялық шарттары, кен орындарының су басу дәрежесі;

негізгі су тұтқыш көкжиектердің және жерасты сулары кешендерінің гидрогеологиялық параметрлерін бағалау деректері.

2. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық есебі өткен жылғы геологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы қорытылған ақпаратты қамтиды. Жылдық есеп ақпараттық жазбахаттың мәтінін көркемдейтін ақпараттық жазбахат және графикалық қосымшалар түрінде беріледі. Жылдық есепті ақпараттық толтыру келісімшарттық аумақтың зерттеу кезеңіне байланысты:

1) пайдалы қазбаларға өңірлік геологиялық зерттеулер кезінде есепке келісімшарттық аумақ бойынша мынадай мәліметтер енгізіледі:

әкімшілік жағдайы;

келісімшарттық аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы;

өңірлік зерттеулердің әдістемесі, орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемдері;

жер қойнауын пайдаланушылар тапқан кен көрініс-белгілері мен минералдау нүктелерінің сипаттамасы:

географиялық координаттары, жоспардағы мөлшері, геологиялық сипаттамасы, табылған кенге айналуының сипаттамасы (пайдалы құрамдастар және олардың құрамы, одан әрі зерделеу перспективалары);

айқындалған перспективалы құрылымдардың сипаттамасы:

географиялық байланыстыру, геометриялық параметрлері, перспективалы көкжиектердің орналасу тереңдігі, олардың стратиграфиялық байланысуы, ресурстарды болжамды бағалау.

Өңірлік зерттеулер бойынша жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық қосымшалар қоса беріледі:

өңірлік масштабтағы келісімшарттық аумақтың геологиялық картасы;

карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетілген перспективалы құрылымдар, учаскелер, көрініс-белгілері бойынша егжей-тегжейлі масштабтағы геологиялық карта-қималар;

негізгі реперлік бетінің құрылымдық карталары;

айқындалған перспективалы құрылымдар бойынша қималар;

ерекше қиылыстар бойынша уақытша және тереңдік тіліктер.

2) перспективалы учаскелердегі, көрініс-белгілердегі, құрылымдардағы іздестіру-бағалау жұмыстарының нәтижелері жөнінде мынадай ақпарат келтіріледі:

перспективалы учаскелердің, кен көрініс-белгілерін, құрылымдардың географиялық-экономикалық жағдайы;

айқындалған кен объектісінің геологиялық түзілуінің сипаттамасы, кенге айналудың заттық құрамы;

кенді дене параметрлері, пайдалы құрамдастарының құрамы, болжамды ресурстарды бағалау, олардың геологиялық-экологиялық сипаттамалары;

мұнай мен газдың болуында жұмыс істеу кезінде мыналар көрсетіледі:

айқындалған және терең бұрғылауға дайындалған өнімді құрылымдардың, белгіленген мұнай-газ көрініс-белгілерінің және битум мен кирлерді қоса алғанда, көмірсутек белгілерінің атауы;

негізгі көрсету көкжиектері бойынша құрылымдық карталар, коллектордың қасиеттері бойынша деректер, іздестіру және параметрлік ұңғымаларды ағынға бұрғылау және сынау нәтижелері, А+В+С1 және С2 санаттары бойынша қорларды бағалау;

іздетіру және параметрлік ұңғымаларды ағынға сынау нәтижелері, ұңғымамен ашылған литологостратиграфиялық қима, ұңғыманың құрылымы, коллектордағы мұнайдың, газдың, судың мөлшері, ұңғыманың қысқаша өткізгіші, кедергілер және келісімшартта ескерілген басқа да мәліметтер.

3) келісімшарттық аумақты зерттеудің іздестіру-барлау кезеңіне мыналар қоса беріледі:

спектрлік талдау деректерін таратумен бірге кенді аймақтарды сынау жоспарлары;

спектрлік, сандық, оның ішінде технологиялық талдаулардың нәтижелерін шығара отырып іздестіру бұрғылау деректері бойынша геологиялық қималар, керн материалы нәтижелерін талдау;

іздестіру ұңғымаларының геологиялық бағаналары;

мұнай-газ аудандары бойынша:

негізгі көрсету көкжиектері бойынша толық құрылымдық карталар, ерекше бағыттар бойынша уақытша және тереңдік қималар, каротажды диаграммалардың қосымшасымен бірге бұрғыланған ұңғымалардың геологиялық қималары, ағынға сынау нәтижелері қоса беріледі.

4) келісімшарттық аумақтағы барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша мынадай ақпарат келтіріледі:

табылған кен орнындағы кеннің негізгі типтері мен сорттары;

кен өңдеудің әзірленген оңтайлы технологиясы;

кен орнын өңдеудің гидрогеологиялық және кен-технологиялық шарттары;

кен орындарының өнеркәсіптік қорлары және болжамды ресурстары, пайдалы құрамдастарының құрамы;

кен орнын өңдеудің рентабельділігі;

Жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық материалдар қоса беріледі:

жекелеген (типті) барлау сызықтары бойынша қорларды есептеуге арналған геологиялық қималар;

С1 және C2 санаттарының ең маңызды блоктары мен болжамды  ресурстардың қорларын бұғаттау.

5) өнеркәсіптік игеру үшін кен орнын барлау және дайындау жұмыстары бойынша мынадай ақпарат келтіріледі:

кен орнының географиялық координаттары;

барлау әдістемесі, жұмыстардың түрлері мен көлемі;

кен орнының геологиялық сипаттамасы;

тау-кен аудандары бойынша:

кен денелерінің саны, пішімі, параметрлері, кеннің минералогиялық құрамы, минералдық ассоциациясы, пайдалы құрамдастардың көрініс-белгілерінің нысаны туралы деректер;

пайдалы құрамдастың негізгі минералдары-тасымалдаушылары;

қорларды есептеуге арналған кондицияның параметрлері, пайдалы қазбалар қорларын есептеудің нәтижелері;

кеннің заттық құрамы және технологиялық қасиеті, кен шикізатын өңдеудің оңтайлы технологиялық схемасы;

кен орнын игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштері;

мұнай және газ кен орындарын барлау кезінде:

өнімді көкжиектер мен коллекторлардың сыналану аймағының геологиялық түзілуі, таужыныс-коллекторлардың параметрлері;

ұңғымаларды ағынға зерттеу нәтижелері;

өнімділік коэффициенттері;

газ-су, су-мұнай байланыстарының сипаты;

жойылған ұңғымалар мен консервациядағы ұңғымалар туралы ақпарат.

Өнеркәсіптік игеру үшін кен орнын барлау және дайындау бойынша графикалық қосымшадан басқа мыналар қоса беріледі:

рудалы кен орындары бойынша:

бойлық геологиялық қималар;

кен орнын біркелкі сипаттайтын геологиялық қималар, екі және үш деңгейдегі көкжиекті жоспарлар;

негізгі кендік шоғырлардың қорларын бұғаттау;

мұнай-газ кен орындары бойынша:

әрбір өнімді көкжиек бойынша толық құрылымдық карталар, литологиялық-геологиялық қималар, ұңғымаларды сынау нәтижелері;

3. Келісімшарттық аумақта коммерциялық табу және пайдалы қазбалардың пайдалану қорларын бекіту кезінде жер қойнауын пайдаланушы табылған кен орнының паспортын уәкілетті органға беруге міндетті.

4. Осы Қағиданың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген геологиялық есептерді ресімдеу Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.



 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет