Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шілдедегі №781 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»



бет1/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.12.2011 16:03:52
Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 Қаулысы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған:

1) ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандары;

2) Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкiметiнiң

2011 жылғы 8 шілдедегі № 781

қаулысымен



бекiтiлген

 

 

Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелерге кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібін белгілейді.

 

 

2. Кеме журналын беру және жүргізу тәртібі



 

2. Кеме журналы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан (КЖ-1 нысаны) бойынша кеме жүргізушісі мен механик қызметін қоса атқаратын және ішкі су жолдарында жұмыс істейтін экипажы бар әрбір өздігінен жүретін ішкі жүзу кемесінде жүргізіледі.

3. Кеме журналы кеменің тоқтаусыз пайдалану кезеңі көрсетілген кеме құжаты болып табылады.

4. Кеме журналы, кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап, құқығы сақталған бүкіл уақыт кезеңі бойы жүргізіледі.

5. Кемені тұраққа жауапты сақтауға немесе жөндеуге тапсырған кезде, кеме журналы кемеде қалады, бірақ оны толтыру кемеде экипаж болмайтын уақытқа тоқтатылады.

6. Кеме журналындағы барлық беттер нөмірленуі, тігілуі және кеме иесінің мөрімен бекітілуі тиіс.

7. Кеме журналын вахта бастығы (капитанның вахтадағы көмекшісі) жүргізеді.

8. Мәтінді енгізген вахта бастығы оны өзгертеді және толықтырады, ал капитан - тек толықтырады.

9. Кеме журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде анық және ұқыпты түрде көк немесе қара түсті пастамен (немесе сиямен) жазылады.

10. Кеме журналы оқиға болған сәтте немесе одан кейін вахта үдерісінде толтырылады. Жүрдек кемелердің ішкі су жолдарында жүзуі кезінде кеме журналы аялдамада толтырылады.

11. Кеме журналының уақыты кеме сағаты бойынша 0 ден 24 сағатқа дейін 1 минут аралықпен жазылады. Сағаттар минуттардан нүктемен бөлінеді.

12. Әр тәуліктің жазбасы кеме журналының жаңа бетіне жазылады. Тәулік соңына дейін толтырылмаған кестелер, бағандар және жолдар «Z» белгісімен сызылады.

13. Навигациялық сипаттағы жазбалардың көлемін, навигациялық картадағы төсеммен және тіркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бірге кеме бағытын қалпына келтіруге болатынын ескере отырып капитан белгілейді. Сонымен бірге, картадағы төсем, картаны қайталап пайдаланғанға дейін сақталады, ал өздігінен жазу таспалары - курсограмма, реверсограмма, эхограмма - екі жыл бойы сақталады.

14. Кеме орны вахталық жүру кезегі соңында, сондай-ақ, капитанның немесе вахта бастығының пікірі бойынша қажетті барлық жағдайларда кеме журналында тіркеледі.

15. Жүзудің ерекше шарттары бар ауданға жақындаған кезде қалыпты іс-шаралардың орындалуы тіркелмейді.

16. Вахта бастығы өз жазбаларына лауазымын көрсете отырып қол қояды. Қол қойғаннан кейін вахта бастығы өзінің тегін көрсетеді.

17. Капитан кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әр беттің соңына қолын қойып куәландырады. Кемеге қатер төнген жағдайда кеме капитаны кеме журналын сақтап қалуға барлық қажетті шараларды қолданады.

18. Толтырылған кеме журналдары жалпы негізде қызметтік құжаттармен бірге екі жыл сақталады да, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.

19. Кеме журналын жүргізу қағидасы капитан мен вахта бастығының кеме журналына, кемеге қатысты және олардың пікірінше кеменің, кеме иесінің, жолаушылардың мүдделерін және жүкті қорғау үшін маңызы бар қандай да болмасын жазбаны енгізу құқығын шектемейді.

Басқа тұлғалардың кеме журналындағы осы жайлы қандай да болмасын жазбалары мен талаптары жоққа шығарылады.

20. Күні (күні, айы, жылы) кеме журналы айналымының әрбір сол жақ бетінде жазылады. Күнінен оңға қарай апта күні көрсетіледі, сонымен қатар кеме уақытын санау жүйесі (журналға ең алғаш жазба және өзгерту жазылғанда).

21. Екінші жолда кеме тұрағының орны, рейд, порт, жағалау атауы көрсетіледі, ал жүзіп жүрген кеменің - жүзу ауданы (өзен, канал, су қоймасы, көл, теңіз, олардың шығанағы немесе бөлігінің атаулары). Оңға қарай сол бойынша жүзу жүргізілетін немесе кеме тұрағының орны көрсетілген карта нөмірі қойылуы мүмкін.

22. «Тәулік бойғы кеме жұмысы» деген 1-кестеде жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүкті қабылдау және өткізу, сүйрету, технологиялық және басқа жұмыстарды орындау үшін кеменің аялдамалары белгіленеді.

23. 1.1-бағанға рейс нөмірі өзгерген кезде жазылады.

24. 1.2-бағанда кеме аялдамаларының пункттері олардың іс жүзіндегі дәйектілігімен көрсетіледі, 1.3-бағанда - аялдаманың осы пунктіне кеменің келу уақыты, 1.4-бағанда - осы пункттен шығу уақыты көрсетіледі.

25. 1.5-бағанда жолаушылар саны (экипажды есепке алу немесе жағалау мәліметтері бойынша) және осы аялдау пунктінен жөнелтілген сәттегі кемедегі жүктің саны мен атауы көрсетіледі.

26. 1.6-бағанда осы пункттен жіберілген сәттегі кеменің (құрамның) ең үлкен шөгуі көрсетілуі мүмкін.

27. «Гидрометеорологиялық деректер» деген 2-кестеде ауа-райы және теңіз (су тоғаны) жағдайы жайлы деректер 2.1-бағанда көрсетілген мерзімде жазылады.

28. 2.2-бағанда желдің шынайы бағыты (10° аралығындағы градуспен) және оның секундына метрмен жылдамдығы жазылады.

29. 2.3-бағанда толқынның бағыты (толқындану келетін бағыт) 10° аралықпен және баллмен көрсетілген теңіз бетінің жағдайы (көл, су қоймасы) жазылады. Өзенде және порт суларында тиісінше «өзен», «порт» деп жазылады.

Егер су бетінде мұз болса, онда «М» белгісі жазылады және мұздың тығыздығы баллмен көрсетіледі.

30. 2.4-бағанда шартты белгімен ауа райының жағдайы (А-ашық, Б-бұлтты, Тү-түтін, Тк-түнек, Т-тұман, Ж-жаңбыр, Қ-қар, Бұ-бұршақ, Н-найзағай) және көріну ұзақтығы километрмен жазылады.

31. 2.5-бағанда мм-гі атмосфералық қысым, ал 2.6-бағанда - сыртқы ауаның температурасы жазылады.

32. «Өткен қашықтық» деген 3-кестеде арақашықтық 3.1-бағанда (километрмен), кеменің әрбір 4 сағатта нақты өткен (немесе уақыттың басқа аралықтарында) және тұтастай тәулік ішінде өткен қашықтығы 3.2-бағанда көрсетіледі.

33. «Навигациялық мәліметтер, оқиғалар, әрекеттер» деген 4-кестеде 4.1-бағанда көрсетілген мерзімдегі навигациялық ахуалдың жай-күйі туралы деректер жазылады.

34. 4.2-бағанда жүріп өткен қашықтық жазылады.

35. 4.3-бағанда навигациялық ахуалдың жай-күйі туралы мәліметтер жазылады.

Мұздарда жүзген кезде мұзға кіруі және одан шығуы, мұздың сипаты мен тығыздығы, алынған өкімдер мен метеожағдай жазылады.

Кемеде көлік оқиғасы болған жағдайда: көлік оқиғасының орны, мән-жайы және сипаты, оның салдары, кеме мен механизмдердің көлік оқиғасынан кейінгі жағдайы; экипаждың көлік оқиғасын болдырмау және оның салдарын жою жөніндегі іс-әрекеті толық жазылады. Басқа кемемен соқтығысқан кезде, сондай-ақ жақындасу жағдайы, бұрылып кету үшін алдын ала жасаған маневрлері, соқтығысқан кеменің атауы және тіркелген пункті, шыққан және баратын пункті, оның зақымдану сипаты жазылады. Кеме мұздан зақымданған кезде - мұз жағдайының сипаты қосымша жазылады.

Дабыл (жаттығу) кезінде оның түрі, жариялану уақыты мен аяқталуы жазылады.

36. «Бас қозғалтқыштардың жұмысы» деген 5-кестеде бас қозғалтқышты іске қосудың және тоқтатудың сәттері, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі. Қозғалтқыштардың қысқа уақытқа тоқтауы тіркелмейді.

37. 5.1 және 5.4-бағандарда қозғалтқыштарды іске қосудың сәттері, 5.2 және 5.5-бағандарда - тоқтатудың сәттері, ал 5.3 және 5.6-бағандарда - жұмыстың ұзақтығы көрсетіледі.

38. 5.3 және 5.6-бағандардағы соңғы жолдың алдындағы жолға қозғалтқыштардың осы тәуліктегі, ал соңғы жолға - осы күнтізбелік айдағы (өсу қорытындысымен) жалпы жұмысының уақыты көрсетіледі.

39. «Бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі» деген 6-кестеде кеменің бас қозғалтқыштарының бақылау аспаптарының көрсетулері жазылады 6.2-бағанға жазылатын бүтін сағатқа еселенген жазба әрбір төрт сағаттан сиретпей орындалады.

6.3-бағанда қозғалтқыштардың айналу жиілігі (айн/мин) жазылады.

40. Сүзгіге дейінгі майдың қысымы (аспаптарды бөліктеу бірлігінде) 6.4-бағанда көрсетіледі, ал сүзгіден кейінгісі - 6.5-бағанда көрсетіледі.

41. 6.6-бағанда қозғалтқыштан кейінгі майдың, 6.7-бағанда - шығудағы судың, 6.8-бағанда - шығатын газдардың (жалпы) температурасы (°С) жазылады.

42. «Көмекші қозғалтқыштардың жұмысы» деген 7-кестеде көмекші қозғалтқыштарды іске қосудың және тоқтатудың жағдайлары, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі.

43. 7-кестенің бірінші жолында дизель генераторларының нөмірі көрсетіледі (осы жолдың соңғы екі бағанында төртінші және бесінші дизель генераторларының нөмірлері жазылуы немесе осы тәулікте қайтадан іске қосылған дизель генераторларының нөмірлері қайталануы мүмкін).

44. 7-кестенің екінші жолында дизель генераторларын іске қосудың сәттері, ал үшінші жолында - оларды тоқтатудың сәттері (дизель генераторларының қысқа уақытқа қосылулары тіркелмейді) белгіленеді.

45. 7-кестенің соңғысының алдындағы жолында осы тәуліктегі әрбір дизель генераторының жұмыс уақыты, ал соңғы жолында тапсырма берілген күнтізбелік ай (өсу қорытындысымен) көрсетіледі.



 

 

3. Кеме рөлін беру және жүргізу тәртібі



 

46. Кеме рөлі  кеменің келуі мен кетуі кезіндегі экипаж саны мен құрамы туралы мәліметтері бар негізгі кеме құжаты болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан (КР-1 нысаны) бойынша толтырылады.

47. Кеме иесі кеме рөлін кеме капитанына қолхатпен береді.

48. Кеме рөлі мынадай мәліметтерді қамтиды:



1) кеме туралы (атауы, тіркелу орны және тіркелу нөмірі, түрі және мақсаты, кеме иесі, кеменің шақыру сигналы);

2) экипаж мүшелері туралы (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы, кемедегі лауазымы, атағы және диплом нөмірі, теңізші паспортының немесе тұлғаның азаматтығын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы және нөмірі).

49. Кеме рөліне кеме экипажының құрамына кіретін тұлғалар, сондай-ақ:



1) жүзу тәжірибесінен өту үшін осы кемеге жіберілген оқу орындарының курсанттары (оқушылар);

2) кемеде жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген кеме иесінің өкілдері енгізіледі.

Кеме рөлінде көрсетілген, халықаралық тасымалды жүзеге асырушы кемеге іссапарға жіберілген оқу орындарының курсанттары мен тұлғалардың кемедегі лауазымдарын кеме экипаждарын жинақтауға құқығы бар кеме иесі белгілейді.

50. Кеме рөлін кеме капитаны кеме портқа кіргенде немесе порттан шыққанда порт капитанына, шекаралық бақылау органдарына ұсынады.

51. Кеме экипажында өзгерістер болмаған жағдайда, кесте бойынша жұмыс істеп тұрған кеме бір портқа отыз күн ішінде кемінде бір-ақ рет кірсе, портқа әрбір кірген сайын кеме рөлін ұсыну талап етілмейді.

52. Кеме портқа келгенде ұсынылған кеме рөлін, оған өзгерістер енгізілген немесе өзгерістердің жоқтығы көрсетілген жағдайда, кеменің порттан шығуы кезінде ұсынуға рұқсат етіледі.

53. Кеме рөлі кемеде:

1) кеме Қазақстан портына келгенде немесе Қазақстан портынан кеткенде - мемлекеттік немесе орыс тілінде;

2) кеме шетел портына келгенде немесе шетел портынан кеткенде - мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады.

54. Кеме рөліндегі жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (сиямен) анық және ұқыпты жазылады. Қарындашпен жазуға рұқсат етілмейді.

55. Кеме рөлінің бағандары:

1) «тегі, аты және әкесінің аты», «туған күні мен жері», «азаматтығы» - теңізшінің паспортында немесе тұлғаны куәландыратын басқа да құжатта келтірілген деректер бойынша;

2) «лауазымы» - халықаралық тасымалды жүзеге асыратын кемелердегі - теңізшінің паспортындағы кемедегі қызметтік жағдайы туралы жазбаға сәйкес.

Басқа кемелерде - кеме иесінің тұлғаны кеме экипажы мүшесіне тағайындау туралы бұйрығына (өкіміне) сәйкес толтырылады.

Теңізшінің жеке куәлігіне кемедегі экипаж мүшесінің қызмет бабы туралы жазба теңізшінің паспортына ұқсас жазбаны енгізу үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі;

3) «атағы және диплом нөмірі» - біліктілігін растайтын дипломда көрсетілген деректер бойынша;

4) «теңізші паспортының немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың сериясы мен нөмірі» - теңізшінің паспортында немесе жеке басын куәландыратын тиісті құжатта көрсетілген деректер бойынша толтырылады.

56. Кеме экипажының құрамында өзгеріс болмағанда, «Өзгерістер жоқ» деген жазу жазылады, ол күні көрсетіле отырып, кеме капитанының қолымен және кеме мөрімен куәландырылады.



Кеме экипажының құрамы өзгерген жағдайда кеме рөліне өзгерістер мынадай тәртіп бойынша енгізіледі:

1) кеме экипажының шығып кеткен мүшесінің тегі жазылған жол сызылады;

2) кеме экипажы жаңа мүшесінің тегі жазылған жол кеме экипажы шығып қалған мүшесінің нөмірімен белгіленеді.

Экипаж мүшесі ауыстырусыз шыққан жағдайда, экипаж мүшесі (Т.А.Ә.) кемеден ауыстырусыз шығарылғаны жайлы жазылып, шығып қалған экипаж мүшесінің тегі жазылған жол сызылып тасталады.

Кеме рөліне енгізілген өзгерістерге кеме капитаны күнін көрсетіп қол қояды және кеме мөрімен куәландырады.

Қазақстан портынан шетелге жүзу кемесі шығар алдында кеме рөліне өзгерістер енгізілген жағдайда, осы өзгерістерді кеме иесі немесе порт капитаны куәландырады.

 

 

4. Радиожурналды беру және жүргізу тәртібі



 

57. Радиожурнал КВ диапазонындағы радиобайланысқа қатысты мәліметтер тіркелетін құжат болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысанда (РЖ-1 нысаны) толтырылады.

58. Кеменің иесі кемеге радиожурналды кеме капитанына қолхатпен береді.

59. Радиожурналдың барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады.

60. Кеме иесі кемеге радиожурналдың тек бір данасын ғана береді.

61. Радиожурналды жаңасына ауыстыру оны толық пайдаланған кезде ғана жүргізіледі. Радиожурнал кеме бортында оған соңғы жазба енгізілгеннен кейін бір жыл ішінде сақталады, сонан соң кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.

62. Радиожурнал вахта бастығының рубкасында сақталады

63. Радиожурналды жүргізу кеменің радиооператоры, ал штат кестесі бойынша кеменің радиооператоры жоқ болса, вахта бастығы жүзеге асырады. Радиожурналдағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.

64. Кеме капитаны өткен тәуліктерде радиожурналдың жүргізілуін тексереді және радиожурналдың мазмұнын келіп түскен және берілген хабарлардың соңында қол қою арқылы куәландырады.

 

 

5. Машина журналын жүргізу тәртібі



 

65. Машина журналы көмекші және күш беретін қондырғылардың жұмысын, жүру жылдамдығын, жанармай жұмсалуын және бар екендігін көрсетеді.

66. Қазақстан Республикасының бір немесе екі бас қозғалтқышы бар барлық өздігінен жүретін кемелерінде машина журналы жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысанда (МЖ-1 нысаны) толтырылады.

67. Машина журналының барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады. Машина журналын кеме иесі кеме капитанына қолхатпен береді.

68. Механиктің вахтадағы көмекшісі барлық вахтаның бастығы болып табылады және машина журналында жазба жүргізеді.



Механиктен және оның көмекшілерінен басқа, кеме экипажының мүшелері мен кемеге отырған адамдарға, олардың лауазымдық дәрежесіне және кемеге келу мақсатына қарамастан, машина журналына қандай да бір жазбалар немесе түзетулер енгізуге рұқсат етілмейді.

69. Вахта уақытында вахта механигі механизмдерді пайдалану мен жұмысы туралы барлық мәліметтерді жазады, ал жұмыс арасындағы үзілістерде және вахта аяқталғаннан кейін журналға вахта туралы қажетті мәліметтерді енгізеді және онда лауазымын және тегін көрсете отырып, өз қолын қояды.

70. Машина журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.

71. Жазғанды өшіруге, жолдардың арасына және одан тыс қыстырып жазуға, сондай-ақ кейіннен жазу үшін орын қалдыруға рұқсат етілмейді.

72. Машина журналындағы мәтінді тек негізгі мәтінді жазған адам және кеменің капитаны-механигі түзете және (немесе) толықтыра алады. Қате жазылған мәтін жеңіл оқылатындай етіп жіңішке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Соңғы жақшадан кейін капитан-механик түзетулерді және (немесе) толықтыруларды қолымен және (немесе) «түзетілгені рас» деген мәтінмен куәландырады.

73. Машина журналындағы жазбаларды кеме механигі тексереді, әрбір оң беті оның қолымен куәландырылады. Журналды жүргізу бойынша барлық ескертулерді механик өзінің көмекшілеріне ауызша хабарлайды. Вахта механигі жазбаларды парақтың соңында өз қолымен куәландырады.

74. Толтырылған машина журналы кемеде 2 жыл сақталады, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.

75. 1-кестеде уақыт мезетіне («Уақыт, сағат» бағанына жазылатын әдетте бүтін сағатқа еселік) әрбір төрт сағаттан сиретпей және қалыпты көрсеткіштерден ауытқулар болған кезде айналымдағы винттің айналу жиілігі минутпен, бас қозғалтқыштары және қысым мен температура жүйесінің бақылау аспаптарының көрсеткіштері жазылады.

76. 2-кестеде кеме сағаты бойынша (1 минутқа дейінгі дәлдікпен) бас қозғалтқышты іске қосудың және тоқтатудың уақыт мезеті жазылады. Уақыт мезеттері төрт таңбалы санмен жазылады, сағаттар минуттан нүктемен ажыратылады.

Кестенің соңында бас қозғалтқыштардың бір тәуліктегі жұмысы айдың басынан бастап өсу қорытындысымен (0,1 сағатқа дейінгі дәлдікпен) жазылады.

77. 3-кестеде кемеге жанармай мен майды қабылдау, оның шығысы мен бар болуы туралы мәліметтер жазылады. Жанармай мен майға арналған бағандардың басында олардың маркасы жазылады. «0 сағатта бар болу» жолы алдыңғы тәуліктің 24 сағат қалдық туралы жазбаға сәйкес толтырылады.



Отынды, майды және суды қабылдау (тапсыру) туралы құжаттардың нөмірлері журналдың оң жағына жазылады.

78. 4-кестеде 00.00 сағат уақыт мезетіне танкілердегі жанармай мен майдың деңгейін өлшеу нәтижелері сантиметрмен жазылады.

79. 5-кестеде 00.00 сағат уақыт мезетіне танкілердегі жанармай мен майдың және судың деңгейін өлшеу нәтижелері сантиметрмен жазылады.

80. 6-кестеде кемеге жанармайды, майды және суды қабылдау, оның шығысы және бар болуы туралы мәліметтер жазылады. Жанармай мен майға арналған бағандардың тақырыбына олардың маркасы жазылады. «0 сағатта бар болу» жолы алдыңғы тәуліктің 24 сағат қалдық туралы жазбаға сәйкес толтырылады.

81. Мәліметтер қысқа, түсінікті және екіұдай түсінік бермейтін нысанда жазылады.

82. Әрбір вахтаның жазбасы жаңа жолдан басталады және оларды бекітетін қол қоюды қоса алғанда, қандай да бір жол қалдырусыз жүргізіледі.

83. Кеме уақыты түн ортасынан - 0 сағаттан 24 сағатқа дейін саналады. Уақыт мезеті төрт таңбалы санмен жазылады және сағаттар минуттан нүктемен ажыратылады. Оң жақ бетіндегі кез келген жазба 1 минутқа дейінгі дәлдікпен кеме сағаты бойынша уақыт мезетінен басталады.

84. Беттің тақырыбында бірінші жолға апта күнінің атауы, күні, айы және жылы, екінші жолға - рейдтің, айлақтың немесе жүзу ауданының атауы жазылады.

85. Тәуліктің басында 00.00 мезетке кеменің орны, жай-күйі іс-әрекеті туралы мәліметтер жазылады.

86. Вахтаның басында вахтаға шыққан және кемеде жұмыс істейтін адамның аты-жөні, ал қажет кезде - кеменің тоқтауы және іс-әрекеті туралы қосымша мәліметтер жазылады.

87. Вахтаның соңында кеменің орны, жағдайы, жай-күйі және іс-әрекеті туралы мәліметтер толық жазылады. Барлық жағдайларда да жазба «Ерекше белгілер» деген тақырыпшамен аяқталады, одан кейін бас қозғалтқыштар мен механизмдердің ерекше назар аудару қажет жұмысы жөнінде ескертулер немесе егер ерекше ескертулер жоқ болса «Ескертусіз» сөзі жазылады.

88. Барлық экипаждың немесе оның едәуір бөлігінің қатысуымен қауырт жұмыс кезінде оның тағайындалуы мен аяқталуы туралы мәліметтер жазылады.

89. Бас қозғалтқыштар мен көмекші механизмдердің режимі, егер олар белгіленген нормаларға сәйкес келмесе, және басқа жағдайларда қажет болғанда, себебі көрсетіле отырып жазылады.

 

 


Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет