Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы



жүктеу 1.5 Mb.
бет1/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: uploaded -> gm.sko.kz -> docs -> kaz -> Perechen gosudarstvennyh uslug reglamenty i standarty
uploaded -> Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы «10» қыркүйектегі
uploaded -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Perechen gosudarstvennyh uslug reglamenty i standarty -> Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
Perechen gosudarstvennyh uslug reglamenty i standarty -> «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты
Perechen gosudarstvennyh uslug reglamenty i standarty -> «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Perechen gosudarstvennyh uslug reglamenty i standarty -> Кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      4) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат):
      1-тармақта:
      1), 4) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 32, 391-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1128 қаулысына   
3-қосымша     

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен   
бекітілген     

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1 және  2-қосымшаларда көрсетілген республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) көрсетеді.


      Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғай елді мекендердің тұрғындарына мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы 2-тармағының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-тарауының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде;
      2) уәкілетті органның стенділерінде;
      3) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында;
      4) орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      5. Уәкілетті органда және орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұрғын үй көмегін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      уәкілетті органда – күнтізбелік он күн ішінде;
      орталықта – күнтізбелік он күн ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      4) қажетті құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Орталықта қабылдау тездетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті электрондық үкіметтің веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның үй-жайында;
      2) залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
      Уәкілетті органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) уәкілетті органға:
      мемлекеттік қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматтарының) жиынтық табысы есептеу тәртібін тұрғын қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған жарнаның мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      2) орталыққа:
      отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы заматтарының) жиынтық табысы есептеу тәртібін тұрғын қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған жарнаның мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      мемлекеттік қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар;
      азаматтарды тіркеу туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Орталықтың қызметкері құжаттар түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      12. Уәкілетті органда өтініштердің нысандары күту залындағы арнайы тағанда және құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      Сондай-ақ www.con.gov.kz интернет-ресурстан өтініштің бланкісін табуға болады, мемлекеттік қызметті алу үшін оларды толтыру қажет.
      13. Мемлекеттік қызмет алуға қажетті толтырылған өтініш пен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған уәкілетті органның стендінде орналастырылған.
      Орталық арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызмет алушыға:
      1) уәкілетті органда – мемлекеттік қызметті алушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
      2) орталықта:
      өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;
      сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орыны;
      орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама) туралы есеп беру:
      1) уәкілетті органға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының тікелей өзі баруы не пошталық хабарлама арқылы;
      2) орталыққа өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайларда, орталық оларды осы стандартың 11-тармағында көрсетілген 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
      Орталықтың қызметкері құжаттарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда өтініш иесіне жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
      Уәкілетті орган орталықтан түскен, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн ұсынады.
      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкері бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      16. Уәкілетті органның және орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік міндетін орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      17. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      18. Уәкілетті органның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Агенттік төрағасының бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      19. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 2-қосымшада телефондары көрсетiлген орталық басшылығына жүгiнедi.


      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      20. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда уәкілетті органның басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, түскі үзіліспен шағым жасалады. Уәкілетті органдар басшылығының электрондық пошталарының мекенжайлары мен байланыс деректері және жұмыс кестесі осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тікелей өкілдері әкімдердің аппаратына уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасайды. Әкімдер аппараты басшыларының мекенжайы, телефоны және жұмыс кестесі осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген.
      22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда орталық басшысының атына немесе орталық қарамағына кіретін «Орталық» РМК-ға басқарып отырған басшысының атына шағым жасалады. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      25. Орталықтың немесе уәкілетті органның кеңсесіндегі тіркеу қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымдардың қабылдауын растау болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні шағымның екінші данасына немесе шағымға қоса берілген ілеспе хатқа қойылады).
      Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызмет алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда шағымның нөмірі, күні, байланыс деректері мен жауапты алатын орынды көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.
      Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Агенттіктің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, интернет-ресурс: www.ads.gov.kz.

«Тұрғын үй көмегiн тағайындау»


мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша           

Уәкiлеттi органдардың тiзбесi

Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online. kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылай хан көшесi, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@ kokshetau. Online.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет