Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №303 қаулысы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»



жүктеу 50.64 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі50.64 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу,  оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы  №303 қаулысы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республика­сының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 7 наурыздағы   №303 қаулысына   1-қосымша



Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу
1. Жалпы ережелер
1. Осы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі – шектеу мен тыйым салу) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8, 14, 39-баптарына сәйкес әзірленді.
2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту мақсатында шектеу мен тыйым салу олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
3. Шектеу мен тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Балық аулау ережесінде (бұдан әрі – балық аулау ережесі) айқындалатын балық ресурстары мен басқа да су жануарларын ғылыми-зерттеу (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде), бақылау, мелиоративтік, эксперименталдық аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлы балықты жасанды өсіру үшін пайдаланылатын су айдындарына қолданылмайды.
4. Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың 8%-нан және сүзгіш аулау құралдарында 5%-нан артық көлемде өзге балық түрлерінің және кәсіпшілік мөлшеріне сәйкес емес балықтың аулануына тыйым салу енгізілсін.
5. Мына:
1) синтетикалық, нейлон немесе басқа да пластикалық, полиамид моножіптерден және моноталшықтан жасалған ауларды, сондай-ақ барлық атаулы электрлік аулау жүйелері мен құралдарын қолдана отырып;
2) үшкір аулау құралдарын (шанышқы, найза, қапқан), өздігінен аулау құралдарын (ілмек, тартпа, артпа), жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқпен атылатын қаруларды қолдана отырып;
3) қолдануы балық аулау ережесінде көзделмеген және балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарымен, әдістермен және тәсілдермен;
4) балық аулау ережесі мен жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатында көзделген тор көзі кіші аулау құралдарын қолдана отырып;
5) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде, мерзімдерде және орындарда;
6) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;
7) үркіту, сылдырлау арқылы шошыту, қуалау тәсілдерімен;
8) балық аулау ережесінде белгіленген кәсіпшілік мөлшерден аз балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынсын.
2. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні  бойынша шектеу мен тыйым салу
6. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы) негiзгi уылдырық шашу учаскелерiнде 1 сәуірден 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
2) Шардара су қоймасының су айлағында 10 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
3) ауларды қолдана отырып Крепость мүйiсi (оң жақ жағалау) мен Әскери бөлім (сол жақ жағалау) шығанағынан Шардара су электрстанциясының (бұдан әрi – СЭС) бөгетiне дейiнгі Шардара су қоймасының бөгет алды учаскесiнде 1 желтоқсаннан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
4) Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
5) сағадан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
6) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
7) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
7. Артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.
8. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) Арыс және Келес өзендерінде;
2) Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 километр (бұдан әрі – км), Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескертпе: балық өлiмiн болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын жылғада, сондай-ақ Үлкен Арал теңізіне суды тастау кезінде 2 км бөгет алды аймақта балық аулауға жол беріледі.

3. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу мен тыйым салу


9. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Балқаш көлінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
2) Балқаш көлiне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсi, Аягөз өзендерiнде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
5) Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
7) Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
10. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе кенті) дейінгі Іле өзенінде және Іле өзенінің барлық атырауында;
2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде;
3) Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауындағы Үтік шоқысын (аңшылық шаруашылығы кордоны) және оң жақ жағалаудағы бұрынғы 96 км (қорықшылар үйі) және қосатын тік сызықтан Іле өзенінің ағысымен жоғарғы бағытта Шарын өзенінің сағасына дейін;
4) Жалаңашкөл көлінде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
11. Балқаш көлінде жылымдарды қолдана отырып қанаттары толық ашылғаннан кейін екі қанатын бір уақытта моторлы тарту (тралдау тәсілі) арқылы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет