Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы №298 қаулысы



жүктеу 37.55 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі37.55 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 298 қаулысы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:


1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бері шарттары (өтініш беруші - SINOPEK Engineering» қазақстандық филиалы) бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап, қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің


2013 жылғы 29 наурыздағы  №298 қаулысымен бекітілген

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рүқсат беру шарттары (өтініш беруші - «SINОРЕС Епgіпеегіпg» қазақстандық филиалы)


1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
3) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;
4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді көшірме немесе салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).
2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;
2) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;
3) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;
4) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс.
3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Шетелдік жұмыс күшін тарту «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
5. Еңбек нарығында ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесудің уақыты мен орнын уәкілетті орган белгілейді, бұл туралы жұмыс берушіге және тиісті үміткерге хабарланады.
6. Осы шарттарда реттелмеген шетелдік жұмыс күшін тартудың өзге де шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы  № 298 қаулысына қосымша

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы
бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар
Жобаның атауы

Өтініш беруші


Іске асыру орны
Іске асыру мерзімі
Квота (адам)
барлығы

оның ішінде:


бірінші санат    екінші санат    үшінші санат    төртінші санат
1    2    3    4    5    6    7    8    9
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту»    «SІИОРЕС
Епgі-пеегіпg»
қазақстан-дық
филиалы    Атырау қ.,
Атырау
облысы    2009-2015 жж.    399    1    28    165    205



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет