Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына салыстырма кесте



жүктеу 97.01 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі97.01 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

«Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

салыстырма кесте




Құрыдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редақция

Негіздеме.

Тапсырмаға сілтемеден басқа:

1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет.

«Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

1

тақырыбы

Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы


Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабының 2) тармақшасына және 159-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары еңбек жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы деңгейінде, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері ҚР Үкіметі қаулысымен бекітіледі.

2

1-тармақ

Қоса беріліп отырған Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі бекітілсін.

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабының 2) тармақшасына және 159-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары еңбек жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы деңгейінде, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері ҚР Үкіметі қаулысымен бекітіледі.




Қаулының қосымшасы

Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі
      1. Осы Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындаудың және төлеудің тәртібі мен оның мөлшерін айқындайды.

      3. Жәрдемақы заңнамада көзделген еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін тағайындалады және төленеді.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін еңбекке жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде – телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.


      5. Жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.

      6. Айлық жәрдемақының мөлшері осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс.

      7. Нақты қызметкердің айлық жәрдемақысының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

      8. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылда басталып, ағымдағы жылда аяқталатын болса, онда жәрдемақыны есептеу мен оның мөлшерінің айлық шектеуі тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіш қолданыла отырып екі бөлініп жүргізіледі.

      9. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға жәрдемақы еңбек қабілетін жоғалтқан алғашқы күннен бастап орташа айлық жалақының бір жүз пайызы мөлшерінде төленеді.

      10. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының бір жүз пайызы мөлшерінде төлейді.

      11. Қызметкерді протездік-ортопедиялық ұйымның стационарына жатқызған кезде жәрдемақы стационарда болған барлық уақытына және стационарға бару-қайту уақытына, бірақ 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге беріледі.

      12. Балаларды стационарда емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж үш жасқа дейінгі балаға күтімді тікелей жүзеге асыратын өзге де адамға үш жасқа дейінгі ауырған бала күтіміне байланысты жәрдемақы осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі.

      13. Кезекті немесе қосымша демалыста, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге отбасының уақытша еңбекке жарамсыз қалған мүшесіне күтім жасау бойынша жәрдемақы берілмейді.

      14. Жұмыстан заңсыз босатылғаннан кейін қызметкерді жұмысқа қайта алған жағдайда, жәрдемақы алуға құқығы пайда болған алғашқы күннен бастап жәрдемақы төленеді.

      15. Қызметкер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан (лауазымнан) шеттетілген кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған кезде жәрдемақы төленбейді. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық жұмысқа жіберілгеннен кейін де жалғасатын болса, жәрдемақы қызметкерді жұмысқа жіберілген күннен бастап төленеді.

      16. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде болған кезеңінде науқастанған жағдайда:


      1) ұлттық валютада - ауырған барлық уақытына, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде;
      2) шетелдік валютада - шетелдік валютадағы орташа айлық жалақысы есебінен, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге жәрдемақы алады.
      Егер ауруы екі айдан артық уақытқа созылса және денсаулық жағдайы бойынша науқас Қазақстан Республикасына жол жүре алмаса (көлік қиындығын көтере алмаса), онда жәрдемақы дәрігерлердің Қазақстан Республикасына эвакуациялау мүмкіндігі туралы шешімі шыққанға дейін шетелдік валютада оның емдеу мекемесінде болған барлық уақыты үшін төленеді.

      17. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы:


      1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;
      2) соттың шешімімен қызметкерді мәжбүрлеп емдеу уақытына (жүйке ауруларынан басқа);
      3) қызметкердің кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен белгіленген жағдайда, оның қамауға алынған уақытына және сот-медициналық сараптама уақытына;
      4) қызметкердің алкогольді, есірткіні және уытты заттарды тұтынуы салдарынан болған ауруына немесе жарақатына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
      5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетiн еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшiн төленбейдi.
      18. Негізгі жұмыс орнындағы жалақысы толық немесе ішінара сақтала отырып, басқа ұйымда жұмыс істеуге жіберілген, маусымдық жұмыс істейтін қызметкерлерге, үй шаруасымен айналысатындар мен үйге жұмыс алып істейтін қызметкерлерге, кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына, егер оларды курсқа ұйым жіберген және оқу кезеңінде олардың жалақысы сақталған болса, осы кезеңде болатын жәрдемақы осы Ережеге сәйкес олардың жұмыс орны бойынша тағайындалады және төленеді.

      19. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы еңбек жарақаты немесе кәсіби науқастануы салдарынан болған кезде жәрдемақы қызметкердің өндірістегі жазатайым оқиға немесе денсаулығына өзге де зақым келуі туралы акті болған кезде тағайындалады.

      20. Қызметкерлер жұмыс берушіге еңбекке жарамсыздық парағын еңбекке уақытша жарамсыздығы аяқталғаннан кейін, жұмысқа шыққан күні ұсынады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, егер еңбекке жарамсыздық әлі жалғасқан жағдайда да төлемге ұсынылуы мүмкін.

      21. Жәрдемақы төлеу үшін ұсынылған еңбекке жарамсыздық парағы мен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында ақша құжаттарымен бірдей сақталады.

      22. Жәрдемақы жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленеді.

      23. Қызметкердің қайтыс болуы себебінен ол алмаған жәрдемақы мұрагерлеріне немесе ондай адамдар болмаған кезде жерлеу ұйымдастыруды өз міндетіне алған адамдарға төленеді.

      24. Қызметкердің өтініші бойынша жәрдемақы оның шотына аударылуы не жәрдемақыны алуға тиісті сенімхатты ұсынған сенімді адамға берілуі мүмкін.

      25. Ұйымның бас (аға) бухгалтері жәрдемақы төлеуге арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуы үшін жауапты болады.

      26. Жұмыс беруші жәрдемақыны төлеу жөніндегі өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.


Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері
1. Нақты қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша айлық жәрдемақысының (бұдан әрі - жәрдемақы) мөлшері оның орташа күндік (сағаттық) жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына көбейту жолымен айқындалады.

Орташа күндік (сағаттық) жалақы еңбек жөніндегі уәкілетті органның белгілеген орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібіне сәйкес айқындалады.

2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылда басталып, ағымдағы жылда аяқталатын болса, онда жәрдемақыны есептеу мен оның мөлшерінің айлық шектеуі тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіш қолданыла отырып екі бөлініп жүргізіледі.

3. Еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерге, сондай-ақ жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне мен оларға теңестірілген адамдарға төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, жәрдемақының мөлшері тиісті жылға он бес еселенген  айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс.


4. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға жәрдемақы мөлшері орташа айлық жалақының жүз пайызын құрайды.

5. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды және еңбекке жарамсыздық басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін төленеді.

6. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде болған кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған науқастану, жарақаттану фактісі болған жағдайда:

ұлттық валютада – еңбекке уақытша жарамсыз уақытына, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде;

шетелдік валютада – шетелдік валютадағы орташа айлық жалақысы есебінен, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге жәрдемақы алады.

Егер ауруы екі айдан артық уақытқа созылса және денсаулық жағдайы бойынша науқас Қазақстан Республикасына жол жүре алмаса (көлік қиындығын көтере алмаса), онда жәрдемақы дәрігерлердің Қазақстан Республикасына эвакуациялау мүмкіндігі туралы шешімі шыққанға дейін шетелдік валютада оның емдеу мекемесінде болған барлық уақыты үшін төленеді.




Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабының 2) тармақшасына және 159-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары еңбек жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы деңгейінде, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері ҚР Үкіметі қаулысымен бекітіледі.

Сонымен бірге, орташа күндік (сағаттық) жалақыны белгілеу тәртібі анықталған нормативтік құқықтық актіге сілтеме белгіленген.



Қалған өзгерістер редакциялық түзетулер болып табылады.



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрлігінің

жауапты хатшысы А. Құрманғалиева


2015ж. «___» _________



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет