Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 13 ақпан №130 Астана, Үкімет Үйі



бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3




Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 13 ақпан №130 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 994 - құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және оның аумақтық органдары, (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы баламалы негізде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.»;

4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат порталда, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) www.arem.kz интернет-ресурсында, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің (бұдан әрі – Агенттіктің аумақтық органдары) үй-жайларында орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш берген жағдайда стандарттың мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдері (құжаттарды қабылдаған күнінен бастап):

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған күнінен бастап);

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған күнінен бастап);

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған күнінен бастап);

порталда:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде;

2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 20 минуттан аспайды.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жұмыс кестесі:

1) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Агенттіктің және Агенттіктің аумақтық органдарының осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген;

қабылдау кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

2) орталықтардың – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сай күн сайын дүйсенбі мен сенбі аралығында үзіліссіз сағат 9-00 – ден 20-00-ге дейін;

қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

3) порталда – тәулік бойы.»;

12-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа өтініш жасаған жағдайда осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тұғырда, сондай-ақ «Орталық» РМК-нің www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.»;

14-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Орталыққа өтініш жасалған кезде құжаттардың тапсырылғанын тиісті құжаттарды қабылдау туралы:

1) сұранысты қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды тапсыру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат растайды. »;

15-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды тапсыруды орталық қызметкері «терезе» арқылы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын жүзеге асырады.

Егер тұтынушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесін алмаған жағдайларда, орталық бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны уәкілетті органға табыс етеді.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Егер:

1) осы санаттағы субъектiлер үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;

3) мемлекеттік қызметті алушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген;

4) келiсушi мемлекеттiк орган мемлекеттік қызметті алушыға лицензия беруді келiспеген;

5) мемлекеттік қызметті алушының жекелеген қызмет түрiмен айналысуына тыйым салатын заңды күшiне енген оған қатысты сот үкiмi болған;

6) сот орындаушысының ұсынысы негiзiнде сот мемлекеттік қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту жүзеге асырылады.

Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілді деп есептеледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі өткен кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.

Уәкілетті орган бес жұмыс күні өткен соң лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзін алғанға дейін лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат уәкілетті органның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі, өтініш портал арқылы жасалған кезде – уәкілетті органның өтінішті алғаны туралы хабарлама (сұраныс нөмірі), сондай-ақ орталықтың қызметкері нөмірі мен күнін көрсете отырып берген қолхат болып табылады.

Орталық осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде тұтынушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына наразылық болған жағдайда, уәкілетті органның қызметкерлеріне шағым:

1) Агенттіктің орталық аппаратында лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасы орынбасарының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;

2) Агенттіктің аумақтық органдарында Агенттіктің тиісті аумақтық органының бірінші басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша беріледі;

3) Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Орталықта шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-ға беріледі.

Уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін:

1) Агенттіктің орталық аппаратында лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасының орынбасары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;

2) Агенттіктің аумақтық органдарында Агенттіктің тиісті аумақтық органының бірінші басшысы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша түсіндіреді.»;

21-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны не осы стандартқа 1-1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады.»;

25-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа өтініш жасаған кезде қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның алынғанын растау оны орталықтың немесе «Орталық» РМК-нің кеңсесінде тіркеу (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртабан, кіріс нөмірі және күні қойылады) болып табылады.

Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау талонын береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректерін көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.

Орталық мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта арқылы не қолма-қол қол қойғызып хабарлайды.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Пайдалы ақпаратты:

1) Агенттіктің орталық аппаратының www.arem.kz интернет-ресурсынан не Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында орналасқан стендтерден;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсынан не Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй мекенжайы, 8 7172 94 99 95 телефоны бойынша алуға болады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
«Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнімдері құбыржолдарын пайдалану бойынша қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша»
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі



Р/с №

Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері)


Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Әуезов к-сі, 189 а

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63



1)

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қ., Біржан Сал к-сі, 42-үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21



2)

Аудандық бөлім Красный Яр ауылы

Көкшетау қ., Красный Яр ауылы, Ленин к-сі, 65-үй

8 (7162) 40-43-27


3)

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., Нұрмағамбетов к-сі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49



4)

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, М. Мәметова к-сі, 19-үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77


5)

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов к-сі, 11-үй, кеңсе

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58


6)

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби к-сі, 44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94



7)

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қ., Сейфуллин к-сі, 18б-үй, кеңсе

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81



8)

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қ., Абылай Хан к-сі, 28-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91

8 (71636) 4-59-28


9)

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

10)

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қ., Мұсабаев к-сі, 15-үй

8 (71633) 2-44-92


11)

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қ., Сыздықов к-сі, 2а үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18


12)

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қ., Жеңіс к-сі, 56-үй

8 (71647) 2-22-07


13)

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы, Державинск қ., Ғабдуллин к-сі, 104-үй

8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05



1

2

3

4

14)

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин к-сі, 8-үй

8 (71635) 2-17-10


15)

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік к-сі, 52-үй

8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43



16)

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай к-сі, 44а үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637) 2-20-36



17)

Степногор қалалық бөлімі

Степногор қ., 4 шағын аудан, 7-үй

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30



18)

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балқаш ауылы, Абылай хан к-сі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

19)

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин к-сі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98



20)

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы,

Шортанды ауылы, Аты аталмаған тұйық к-сі, 1-үй



8 (71631) 2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Ақтөбе қ., Тургенев к-сі, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

1)

Ақтөбе қалалық № 1 бөлімі

Ақтөбе қ., Тургенев к-сі, 109 үй

8 (7132) 57-80-27


2)

Қарғалы ауылы (Жилянка)

Ақтөбе қ., Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев к-сі, 10

8 (7132) 98-60-06

8 (7132) 98-60-05



3)

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қ., Киров к-сі, 23

8 (71337) 3-20-79
8 (71337) 3-10-96

4)

Мәртөк аудандық бөлімі

Мәртөк ауданы, Мәртөк кенті, Байтұрсынов к-сі, 1 «Б»

8 (71331) 22-4-13
8 (71331) 22-1-14

5)

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қ., Абай к-сі, 12

8 (71336) 26-6-33

8 (71336) 26-6-34



6)

Кандыағаш аудандық бөлімі

Қандыағаш қ, Мұғалжар ауданы, Молодежный шағын ауданы, 47 «Б»

8 (71333) 30-2-19

8 (71333) 30-2-18



7)

Ембі аудандық бөлімі

Ембі қ., Мұғалжар ауданы, Әміров к-сі, 10

8 (71334) 23-9-83

8)

Темір аудандық № 8 бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин к-сі, 15 «А»

8 (71346) 23-5-83
8 (71334) 23-9-87

9)

Кобда аудандық бөлімі

Кобда ауданы, Қобда кенті, Нұрымжанов қиылысы, 2

8 (71341) 22-1-47
8 (71341) 22-1-38

10)

Қарғалы аудандық бөлімі Бадамша ауылы

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би к-сі, 27

8 (71342) 23-4-64
8 (71342) 23-4-62

11)

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар к-сі, 64

8 (71332) 21-1-81
8 (71332) 21-1-82

12)

Әйтеке би аудандық №12 бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған к-сі, 10

8 (71339) 22-3-73
8 (71339) 22-3-74

13)

Байғанин аудандық бөлімі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр к-сі, 41 «А»

8 (71345) 23-5-86
8 (71345) 23-5-87

14)

Ырғыз аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелдин к-сі, 7

8 (71343) 21-8-28


1

2

3

4

15)

Шалқар аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы, Шалқар қ., Шалқар ауданы, Әйтеке би к-сі, 63

8 (71335) 23-6-10
8 (71335) 23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Талдықорған қ., Тәуелсіздік к-сі, 67 Б

8 (7282) 24-15-06
8 (7282) 24-41-33

1)

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр к-сі, 20

8 (72832) 2-14-51




Қапал бөлімшесі

Қапал ауылы, Алпысбаев к-сі, 3

8 (72841) 2-17-60

2)

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63

8 (72833) 2-35-46

8 (72833) 2-35-48






Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай ауылы, Абылай хан к-сі, 237

8 (72837) 4-13-85

3)

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов к-сі, 25 «А»

8 (72773) 95-2-22

8 (72773) 9-18-20



4)

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қ., Абай к-сі, 314А

8 (72775) 4-54-70
8 (72775) 4-54-69




Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов к-сі, 100

8 (72775) 2-34-96

8 (72775) 2-34-97



5)

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков к-сі, 52

8 (72836) 3-22-16

6)

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов к-сі, 1

8 (72770) 2-30-90

7)

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздік к-сі, 25

8 (727) 251-74-46

8 (727) 251-74-47






Боралдай бөлімшесі

Боралдай ауылы, Вокзал к-сі, 6 «А»

8 (72738) 7-82-42




Қараой бөлімшесі

Қараой ауылы, Тыңдала к-сі, 9

8 (7275) 24-88-10




Ақши бөлімшесі

Ақши ауылы, Қонаев к-сі, 29




8)

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелең қ, Жанғозин к-сі, 38

8 (72771) 2-56-86

8 (72771) 2-56-96






Тау-Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті, Рысқұлов к-сі, 129

8 (727) 391-38-58




Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы, Қонаев к-сі, 1 «В»

8 (7272) 93-66-33

9)

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22

8 (72834) 2-02-07

8 (72834) 2-20-92



10)

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қ., Момышұлы к-сі, нөмірсіз

8 (72840) 3-25-88




Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан к-сі, 45

8 (72842) 9-10-59

11)

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов к-сі, 10

8 (72838) 2-16-19

8 (72838) 2-16-18



12)

Қапшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қ., Қонаев к-сі, 41

8 (72772) 4-79-61

8 (72772) 4-79-60






Шеңгелді бөлімшесі


Шеңгелді кенті, Сейфуллин к-сі, 34

8 (72772) 7-11-94

13)

Сарқант аудандық бөлімі

Сарқант қ., Жамбыл к-сі, нөмірсіз

8 (72839) 2-35-80

8 (72839) 2-37-14






Лепсі бөлімшесі

Лепсі станциясы, Төлебаев к-сі, 1

8 (72843) 2-10-16

1

2

3

4

14)

Райымбек аудандық бөлімі

Кеген ауылы, Момышұлы к-сі, нөмірсіз

8 (72777) 2-20-84

8 (72777) 2-20-82

8 (72777) 2-18-78





Нарынқол бөлімшесі

Нарынқол кенті, Райымбек к-сі, нөмірсіз

8 (72779) 2-11-65

15)

Панфилов аудандық бөлімі

Жаркент қ., Головацкий к-сі, нөмірсіз

8 (72831) 5-51-11

16)

Талғар аудандық бөлімі

Талғар қ, Лермонтов к-сі, 53 «А»

8 (727) 388-11-30

8 (72774) 2-21-43

8 (72774) 2-21-33





Нұра бөлімшесі

Нұра кенті, Школьная к-сі, 10

8 (72774) 5-80-62

17)

Талдықорған қалалық бөлімі

Талдықорған қ, Тәуелсіздік к-сі, 67 Б

8 (7282) 24-49-75
8 (7282) 24-40-43

18)

Текелі қалалық бөлімі

Текелі қ., Октябрь к-сі, 7

8 (72835) 4-35-38

8 (72835) 4-35-18



19)

Ұйғыр аудандық бөлімі

Шонжы ауылы, Қасымбеков к-сі, 35

8 (72778) 2-43-35

8 (72778) 2-43-31

8 (72778) 2-43-32


«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Атырау қ., Сәтпаев д-лы, 23-үй

8 (7122) 21-34-67

1)

Облыстық бөлім

Атырау қ., Сәтпаев д-лы, 23-үй


8 (7122) 21-29-42

2)

№ 1 қалалық бөлімі

Атырау қ., Баймұқанов к-сі, 16а үй

8 (7122) 35-75-05

8 (7122) 35-75-30




3)

№ 2 қалалық бөлімі

Атырау қ,, Балықшы, Байжігітов к-сі, 80а үй

8 (7122) 24-34-90

8 (7122) 24-37-89




4)

Индер аудандық бөлімі

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев к-сі, 30

8 (71234) 2-12-96

8 (71234) 2-18-38



5)

Махамбет аудандық бөлімі

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай к-сі, 10-үй

8 (71236) 2-24-96

8 (71236) 2-15-25



6)

Қызылқоға аудандық бөлімі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай к-сі, 1-үй

8 (71238) 2-20-46

8 (71238) 2-20-27



7)

Жылыой аудандық бөлімі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қ., Бейбітшілік к-сі, 8

8 (71237) 5-03-54

8 (71237) 5-01-28



8)

Құрманғазы аудандық бөлімі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Есболаев к-сі, 66а

8 (71233) 2-05-13

8 (71233) 2-07-14



9)

Мақат аудандық бөлімі

Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Центральная к-сі, 2

8 (71239) 3-22-97

8 (71239) 3-22-96



10)

Исатай аудандық бөлімі

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егеменді Қазақстан к-сі, 9-үй

8 (71231) 2-16-70

8 (71231) 2-16-69



1

2

3

4

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Өскемен қ., Белинский к-сі, 37 а

8 (7232) 78-42-36

8 (7232) 28-94-67



1)

№ 1 Өскемен қалалық бөлімі

Өскемен қ., Сәтпаев д-лы, 20/1

8 (7232) 60-39-22


2)

№ 2 Өскемен қалалық бөлімі

Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1

8 (7232) 57-83-88

8 (7232) 22-81-37



3)

Глубокое аудандық бөлімі

Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович к-сі, 22

8 (72331) 2-23-35

4)

Зайсан аудандық бөлімі

Зайсан ауданы, Зайсан қ., Жангелдин к-сі, 52 а


8 (72340) 2-67-81

Каталог: demo -> wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 2012 жылғы 29 қазан №413-ө-м Астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (21-шығарылым) бекіту туралы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 23 қыркүйек №993 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 желтоқсан №897 Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 29 қазанда №412-ө-м Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 13 наурыз №234 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 30 сәуір №445 Астана, Үкімет Үйі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет