Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 30 сәуір №445 Астана, Үкімет Үйі



жүктеу 3.57 Mb.
бет1/25
Дата02.05.2016
өлшемі3.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
: demo -> wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 2012 жылғы 29 қазан №413-ө-м Астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (21-шығарылым) бекіту туралы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 23 қыркүйек №993 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 желтоқсан №897 Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 29 қазанда №412-ө-м Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 13 наурыз №234 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 6 тамыз №800 Астана, Үкімет Үйі


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 30 сәуір №445 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1531 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1531 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының

Премьер-МинистріС.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы «30» сәуірдегі

№445 қаулысына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 31 желтоқсандағы

№1531 қаулысымен

бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Миссия және пайымдау
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – ұзақ мерзімді перспективада халықтың әл-ауқатын жақсарту және елдің орнықты дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

Пайымдау – 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен жоғары сапалы өсуі.


2. Ағымдағы жағдайды талдау
1. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту
Өткен онжылдықта қазақстандық экономиканың жай-күйі көбінесе энергия ресурстары мен минералдық шикізаттың басқа да түрлеріне сыртқы конъюнктурамен айқындалды. 2000 – 2007 жылдары тауарлар экспорты орташа есеппен жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) 45 %-ын құрады. 2008 жылы мұнай бағасы рекордтық тарихи деңгейде бір баррель үшін 147 АҚШ долларына дейін жеткен кезде, экспорт ЖІӨ-ге қарағанда 53,9 %-ға дейін өсті. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан энергия ресурстарының әлемдік бағасының төмендеуі кезінде 2009 жылы экспорт көлемі ЖІӨ-ге қарағанда 40,3 %-ға дейін төмендеді.

2008 жылы басталған әлемдік экономиканың баялауы, ресурстарды тұтынудың қысқаруы, Қазақстанның тауарлық экспортының негізгі құраушысы болып табылатын мұнай, металл, металл илегіне әлемдік бағалардың төмендеуі қазақстандық экономиканың өсу қарқынының баяулауына септігін тигізді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 2007 жылғы 8,9 %-бен салыстырғанда 3,3 %-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі қысқарып, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы өсу қарқыны төмендеді.

2009 жылы Қазақстан экономикасының дамуы терең әлемдік экономикалық дағдарысқа бейімделу жағдайында өтті. 2009 жылдың қорытындысы бойынша нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны 1,2 %-ға дейін төмендеді. Экономиканың оң өсімі 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,8 %-ға артуымен, мұнай өндіру көлемінің 8,1 %-ға артуымен, сондай-ақ экономика секторларындағы белсенділік пен сұранысты ынталандыру жөніндегі мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларымен қамтамасыз етілді.

2010 жылдың басынан бастап экономика салаларында оң серпін байқалды, бұл белгілі бір дәрежеде әлемдік экономиканың жандануына негізделді.

Нақты ЖІӨ 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 7,3 %-ға ұлғайды. Салыстыру үшін 2010 жылы басқа елдерде ЖІӨ өсуі: АҚШ-та – 3,0 %, Қытайда – 10,3 %, Германияда – 3,5 %, Жапонияда – 4,0 %, Ұлыбританияда – 1,3 %, Ресейде – 4 %, Беларусияда – 7,6 % құрады.

Сыртқы нарықтардағы конъюнктураның жақсаруы аясында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2010 жылы 10,0 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда 5,3 %-ға өсім есебінен, өңдеу өнеркәсібінде 18,4 %-ға өсу есебінен ұлғайды.

Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемінің ұлғаюымен сипатталатын экономика салаларының дамуы жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етті.

Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы экономикалық белсенді халық санының 5,5 %-ын құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 0,8 пайыздық тармаққа төмен. Салыстыру үшін 2010 жылы басқа елдерде жұмыссыздық: АҚШ-та – 9,6 %, Қытайда – 4,1 %, Германияда – 7,1 %, Жапонияда – 5,1 %, Ұлыбританияда – 7,8 %, Ресейде – 7,5 %, Беларусияда – 0,7 % құрады.

Сонымен қатар әлемдік экономиканың қалпына келуі мен әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар деңгейінің өсуі аясында отандық экономиканың өсуі ішкі бағалардың артуына ықпал етеді. 2010 жылғы желтоқсанда инфляция деңгейі 7,8 %-ды құрады, бұл 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда 1,6 пайыздық тармаққа жоғары.

Отандық экономика жай-күйінің сыртқы бағалар факторларынан тәуелділігі оған тән құрылымдық поляризация салдарынан сақталып отыр. Бір полюсте – бұл тез дамитын табыстылығы жоғары шикізаттық салалар және табыстары әлемдік экономиканың жай-күйі мен сыртқы нарықтардағы конъюнктураға толығымен тәуелді, толығымен әлемдік нарыққа жұмыс істейтін металлургия салалары. Мұнда ауыл шаруашылығын да жатқызуға болады. Екінші полюсте – рентабельділігі мен қосылған құны төмен басымды түрде ішкі нарыққа бағдарланған өңдеу секторының салалары.

Осылайша, экономиканың жай-күйі көбінесе шикізаттық экспортқа бағдарланған салалардың дамуымен айқындалады. Экономиканың мұндай құрылымы оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан экономиканың тұрақты өсу қарқындары болашақта басымды түрде шикізаттық емес секторды дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс.

2010 жылы бөлшек сауда айналымы 3197,1 миллиард теңгені құрады немесе 2009 жылмен (2551,4 миллиард теңге) салыстырғанда 17,9 %-ға ұлғайды. 2010 жылы көтерме сауда айналымы 8152,4 миллиард теңгені құрады немесе өткен жылғы деңгейге қарағанда 111,9 % (6872,3 миллиард теңге).

2010 жылы Қазақстан Республикасында 60 брокерлік-дилерлік ұйымдар мен 8 тауар биржалары жұмыс істеді, онда спот-тауарлар бойынша 10 407 мәміле жасалды.

2010 жылы биржалық мәмілелердің жалпы көлемі 86,5 миллиард теңгені құрады және 2009 жылмен (55 миллиард теңге) салыстырғанда 57,3 %-ға және 2008 жылмен салыстырғанда (13,7 миллиард теңге) 6 еседен көп ұлғайды. Бұл ретте, саудаға қойылған спот-тауарлардың көлемі 2009 жылмен (94,5 миллиард теңге) салыстырғанда 9 еседен көп (884 миллиард теңге) және 2008 жылмен (25,3 миллиард теңге) салыстырғанда 35 еседен көп өсті.

Қазіргі жағдайда бөлшек сауда өндірісті, бөлуді, көлем мен тұтынуды біріктіре отырып, онымен бірыңғай кешенді қалыптастыра отырып елеулі мәнге ие болып отыр.

Соңғы уақытта осы заманғы сауда елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады: стихиялы ұйымдастырылған нарықтардың қысқаруы, бөлшек желілерді нығайту, шетелдік операторлардың өктемдігі, ірі бөлшек желілер арасында бәсекелестіктің күшеюі.

Осылайша, қазіргі уақытта бөлшек тауар айналымы негізінен өз қызметін стационарлық желілерді жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпорындармен қалыптасады.

Қатаң құрылымдаумен және жаңа форматтар мен сауда ұйымдарының кіші форматтарын қолданысқа енгізе отырып бүгінгі күні тұтыну нарығының жай-күйін атап өткен жөн. Бұдан қоса, бөлшек саудасының осы заманғы дамуы дүкендер, сату әдістері мен қызмет көрсету нысандары түріндегі үлкен өзгерістермен қоса жүреді.

Министрлік дамыған елдерде кеңінен қолданыс тапқан «Кэш энд Кэрри» – «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша ұсақ көтерме сауданы қолдану тәжірибесін Қазақстанда дамытуға және құруға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда қазірдің өзінде «РАМСТОР», «АСТЫҚЖАН», «АРЗАН», «МЭТРО» және т.б. сияқты «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша жұмыс істейтін компаниялар бар.

Ішкі сауданы дамытудың оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен бірге жүреді.

Сауда нарықтарында көлеңкелі айналымның едәуір көлемі, контрабандалық және контрафактілік өнім өткізудің жоғары деңгейі; өткізілетін тауарларға жасанды сапа сертификаттарының кең қолданылуы орныққан.

Тиімді жұмыс істейтін тауарлық биржа нарықтың ашықтығын, қаржылық мүмкіндіктері мен тиімділігін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Тауарлық биржалар арқылы сауда делдалдардың санын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл экономиканың көлеңкелі секторын қысқартуға жәрдемдеседі. Тауарлық биржалар арқылы тауарларды өткізуге тауар өндірушілерді тарту мәселесі өзекті.

Елде инвестициялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың тұтастай көрінісінің болмауы олардың тиімсіз іске асырылуына, экономика салаларындағы теңсіздікке және жобаларды пайдалануға бергеннен кейін ресурстық қамтамасыз етудің болмауына алып келетінін атап көрсету керек.

«Концессиялар туралы» Қазақастан Республикасының Заңы қабылдануымен концессия тетігін қолдану арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторға инвестициялық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз салынды.

Қазіргі уақытта 3 объект іске асырылу барысында, олардың жалпы құрылыс құны 45,6 миллиард теңге.

Үкімет Орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші жалпы отырысында атап өткендей, мемлекеттік қолдау шараларын жүйелендіру, жергілікті деңгейде жобаларды іске асыру кезінде, әсіресе әлеуметтік және тұрғын үй – коммуналдық сала объектілерінің құрылысы кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын жылжыту маңызды болып табылады.

Республикалық бюджет шығыстарының теңгерімділігі мен құрылымы, салық пен кеден төлемдері түсімдерінің толықтығы, салық пен кеден жүйелерін жақсарту мәселелері өзекті болып қалуда.

Экономикалық ахуалдың нашарлауы немесе жақсаруы республикалық бюджетке және Ұлттық қорға түсімдердің деңгейіне, бюджет шығыстарының құрылымына әсерін тигізетін анықтаушы сыртқы фактор болып табылады.

Алдағы перспективада макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджеттік саясат теңгерімділігінің және мемлекеттік шығыстар тиімділігін арттырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады.

Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде және мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қолдау үшін ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығының және мұнайға қатысты емес тапшылықтың өсімін ұстап тұру жоспарлануда. Квазимемлекеттік сектор борышының өсуіне бақылау қамтамасыз етілетін болады.

Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту үшін Үкімет қабылдайтын «тікелей» шаралардан басқа Министрлік құзыреті шеңберінде қазақстандық экономиканы әлемдік сауда жүйесіне одан әрі интеграциялау жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде интеграциялық бастамаларды іске асыру және экономикалық пайдалы жағдайда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздер процесін аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) маңызды интеграциялық ілгерілеуінің бірі бірыңғай кеден тарифін және Кеден одағына кірмейтін үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын қолдана отырып, тауарлардың еркін сауда аймағының режимін іске асыруды көздейтін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының іс жүзінде іске асырылуы болып табылады.

Кеден одағының жұмыс істеуі интеграцияның барынша тереңдетілген нысаны – көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын көздейтін Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға өту үшін алаңға айналды. Көлік инфрақұрылымына тең қолжетімділік қазақстандық тауарлардың алыс шетелдердің өткізу нарықтарына дейінгі қозғалысы кезіндегі шығындар мен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын 17 келісімге қол қойылды және олар 2012 жылы күшіне енді, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыратын келісімдерді іске асыру мақсатында құжаттарды әзірлеудің күнтізбелік жоспарын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграция процестері елдің экономикалық әлеуетін ашудың бірлескен, бірін-бірі толықтыратын өндірістерді құру жолымен бәсекелестік қабілеті жоғары әлемдік нарыққа шығудың, сондай-ақ барынша пайдалы жағдайларда өзара сауда жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграция процестерін мазмұнды пысықтау және тиісінше үйлестіру Қазақстан Республикасының интеграциялық бастамаларын тиімді іске асыруға қол жеткізудегі ұлттық мүдделерін кешенді ескеруді қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің ережелерімен толық сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Кеден одағын тәжірибелі іске асырудың басталуымен ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөз процесі біраз өзгерістерге түсті, олар ең біріншіден, ДСҰ-ға мүше елдер кіргеннен кейін Кеден одағының толық жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажеттілігімен байланысты.

Бұл мақсатта біздің елдер ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерді Кеден одағы комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестірілген ұстаным негізінде жүргізеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан тиісті хаттамаларға қол қою арқылы ДСҰ-ға мүше 29 елмен қазақстандық тауарлар және қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздерді аяқтады.


2. Нәтижелі мемлекеттік секторды құру
Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін толық қамтамасыз етпейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел қайта байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасының төмендігі байқалады, себебі барлық мемлекеттік қызметтер бойынша оларды көрсетудің нақты стандарттары мен регламенттері әзірленбеген.

Осыған байланысты, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру және оларды көрсету процестерін жетілдіру талап етіледі, нәтижесінде бұл сапалы қызметтер алуға азаматтардың өзінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа мемлекеттік қызметтерді стандарттау процесінің негізі болып табылатын қолданыстағы Басқару салалары (аялары) бойынша мемлекеттік қызметтердің тізілімін кезең-кезеңімен кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2011 жылдан бастап тұрақты түрде мемлекеттік органдардың қызметін функционалдық шолу көзделуде. Әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктердің оңтайлы көлемін айқындау жекелеген секторда, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейінде артық функцияларды жою, қайталанатын өкілеттілікті болдырмау, жетіспейтін функцияларды бекіту және нарық тетіктерін пайдалануды кеңейту жолымен мемлекеттің барабар рөлін тұтастай белгілеуге мүмкіндік береді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында, сондай-ақ Үкімет пен оның құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың арасында функцияларды жеткілікті нақты бөлу отандық әкімшілік реформаның бұған дейінгі кезеңінің оң нәтижелерінің бірі болып табылатындығына қарамастан, деңгейлес және сатылас үйлестіру және бірлесе жүргізу функцияларын нақты бөлу мәселелері әлі күнге дейін ден қоюды талап етеді.

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттіктерін барынша нақты айқындау, сондай-ақ функцияларды жүзеге асыру процестерін жетілдіру үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саларындағы (аясында) саясаттың тиімділігін бағалау арқылы мемлекеттік органдардың қызметіне жүйелі негізде функционалдық шолулар жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі заманғы Қазақстанның жылдам өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мемлекеттік билік органдарының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды, осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесі басқарудың үйреншікті, дәстүрлі әдістерін ғана қайта қарауға мәжбүр болып қана қоймай, өз қызметінің тиімділігін тұрақты арттырып отыруы тиіс.

«Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурызда қабылданған Жарлығының міндеті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Осыған байланысты 2011 жылдан бастап жүйелі негізде 26 орталық мемлекеттік орган және 16 жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізілді.

2014 жылдан бастап Министрлік «Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу» бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдарға бағалау жүргізеді, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бойынша жалпы бағалауды қалыптастыратын болады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі үшін оның процесіне: көрсетілген жүйенің құжаттарын әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг жүргізуге, бағалауға және бақылауға арналған әдіснамалық тәсілдер бекітілді.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауға байланысты мемлекеттік мүлікті басқаруды жоспарлау, мониторинг жүргізу, бағалау және тиімді бақылау жүйесін құру бойынша негіз салынды.

Министрлік Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Бірыңғай мемлекеттік мүліктің тізілімі негізінде мемлекеттік мүлікті басқаруды жоспарлау, мониторинг жүргізу, бағалау және тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру бойынша әдістемелік тәсілдерді әзірлейтін болады.

Бекітілген есеп беру нысандары негізінде жыл сайын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) даму жоспарларының орындалу мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) даму жоспарларының орындалуы туралы есеп берулер негізінде мемлекеттік мүлікті басқаруды талдау және тиімділікті бағалау жүзеге асырылатын болады.

Заңсыз сыртқы көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау Министрлік қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Заңсыз көші-қон ауқымы жыл сайын 200-300 мың шетелдікке дейін жетеді.

Бақылауды күшейту және заңсыз сыртқы көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында көші-қон проблемаларын шешу жөніндегі көші-қонды бақылау, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін Кешенді жоспарды әзірлеу қажет.

Бұдан басқа, Министрлік жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындығын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.


3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері


1-стратегиялық бағыт. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту

1- мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету

Бюджеттік бағдарламалар кодтары 001,002, 003, 004, 006, 007, 008, 010, 011, 014, 015, 016, 017, 020

Нысаналы индикаторлар

Ақпа-рат көзі

Өлш. бірл.

Оның ішінде аралық мәнді көрсетумен

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. ЖІӨ ФКИ

Стат. дерек-тер

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен

101,2

105,0

107,0

105,4

106,0

106,1

107,6

2. Шикізаттық емес сектордың ФКИ

Стат. дерек-тер

Алдың-ғы жылға қарағанда %-бен

98,4

105,1

107,4

107,4

106,6

107,0

107,6

3. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсімі

Стат. дерек-тер

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен

102,1

102,9

112,8

103,5

104,7

109,2

108,2

4. Көлеңкелі эконо-мика мөлшері

Стат. дерек-тер

ЖІӨ-ге қарағанда %-бен

19,5 (2008 жылғы бағалау)

20-дан аспай-тын

20-дан аспай-тын

20-дан аспай-тын

20-дан аспай-тын

20-дан аспай-тын

20-дан аспай-тын

5. ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде «Салық салу деңгейі мен әсері» көрсеткішінің жақсаруы

ДЭФ есебі

Рейтингтегі орын

89

41

39

38

37

36

35

6. ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» көрсеткішінің жақсаруы

ДЭФ есебі

Рейтингтегі орын

92

121

95

95

94

94

93

7. Үй шаруашы-лықтарының тұтыну үлесі

Стат. деректер

ЖІӨ-ге қарағанда %-бен










60

60

60

60

8. Мемлекеттік басқа-рудың тұтыну үлесі

Стат. деректер

ЖІӨ-ге қарағанда %-бен










10

10

10

10

9. Реттелетін тариф-тердің негізсіз артуына жол бермеу және Қазақстан Республи-касының Үкіметі (табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарық-тардағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жолымен) жыл сайын айқындайтын инфляция дәлізін орындау

ЭБЖМ ақпараты

%










100

100

100

100

10. Тауар нарығының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторларға жол бермеу (бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жолымен)

ЭБЖМ ақпараты

%










100

100

100

100

11. Жалпы салықтық ставка (жүктеме), ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде табыс %

ДЭФ есебі

Рейтингтегі орын

50

31

31

30

30

30

30

12. ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде қабылданатын шешімдердің ашықтығы

ДЭФ есебі

Рейтингтегі орын




53

32

31

31

30

30

13. Үкіметтік борыш үлесі

ЭБЖМ, Қаржымині деректері

ЖІӨ-ге қарағанда %-бен

9,5

10,3

10,0

11,8

12,3

12,5

12,2

14. Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит беруін ұлғайту

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен










105,7

105,4

105,1

104,9

15. Сауда ФКИ

стат. деректер

Алдыңғы жылға қарағанда %-бен

97,5

108,0

112,0

114,3

113,0

112,2

112,5

16. Концессиялық ұсыныстар санын ұлғайту

ЭБЖМ ақпараты

Базалық жылға қарағанда %-бен










10

30

50

70

17. Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы

Қаржымині деректері

ЖІӨ-ге қарағанда %-бен










-7,5

-5,9

-4,6

-3,9

18. «Мемлекеттік бюджет балансы (профицит/тапшылық)» ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторы

ДЭФ ЖБИ есебі

Рейтингтегі орын













12

12

12

19. «Мемлекеттік органдардағы ысырапшылдық» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторы

ДЭФ ЖБИ есебі

Рейтингтегі орын













31

31

31

20. «Тікелей шетел инвестицияларына реттеу әсері» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторы

ДЭФ ЖБИ есебі

Рейтингтегі орын













98

97

96

Нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері:

1.1-міндет. Болжанатын көрсеткіштер шегінде экономиканың дамуын қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпа рат көзі

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Экономика өсуінің нақты қалыптасқан қарқынының ЖІӨ өсуінің нысаналы көрсеткіштерінен ауытқуы

Стат. дерек-тер

%

101,1

102,0

98-102

95-105

95-105

95-105

95-105

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1) Салаларды және жалпы экономиканы дамытудың болжамды көрсеткіштерін қамтамасыз ету бойынша орталық салалық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру

Х

Х

Х

Х

Х

2) Экономиканың даму қарқындарына кері әсер ете алатын әлемдік және отандық экономикалардың дамуында әлеуетті кері үрдістерді анықтау

Х

Х

Х

Х

Х

3) Экономикалық өсу көздерінің факторлық талдауы және оның тұрақтылығы мен теңгерілімдігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Х

Х

Х

Х

Х

4) Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру

Х

Х

Х

Х

Х

5) Қазақстанның бәсеке қабілеттілігінің деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру

Х

Х

Х

Х

Х

6) Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингтерде Қазақстан көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу

Х













7) Әлемдік рейтингтердің оператор-серіктестерімен тұрақты жұмыс жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

8) «G-Global» диалог алаңын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу







Х







9) Өзекті мәселелер мен проблемалар жөнінде Дүниежүзілік экономикалық форумның бас офисімен, Дүниежүзілік банкпен кездесулер, консультациялар жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

10) ЖІӨ құрылымындағы тұрақты бағада есептелген үй шаруашылығы мен мемлекеттік басқару шығыстарының көрсеткіштерінің мониторингі

Х

Х

Х

Х

Х

11) Стандартты іс-қимыл пакеттерімен бірге дағдарысқа қарсы ден қоюдың көпдеңгейлі жүйесін енгізу







Х







1.2-міндет. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісімшарттарының жаңа түрлерін енгізу

ЭБЖМ ақпараты

Келісімшарт

тар түрлері















1

2

3

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1) Жобаларды іске асырудан болашақ ақша ағымдары түрiнде активтер бөлу жолымен қамтамасыз етуді құру мақсатында талап ету құқығын беру бойынша жобалық қаржыландыру тетігін пайдалану үшін жағдай жасау




Х










2) Мемлекет есебінен қаржыландырылатын барлық жобалар үшін қаржылық және экономикалық рентабельділік стандарттарын енгізу










Х




3) Концессиялық заңнаманы жетілдіру

Х

Х










4) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа түрлері мен келісімшарттарын енгізу арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолдану аяларын кеңейту (денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.)

Х

Х










5) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жобаларды дайындау және іске асыру процестерін тиімді басқаруды және бақылауды қамтамасыз ету







Х







6) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі тетіктері бойынша жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдауды дамыту

Х







Х





  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет