Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 30 сәуір №445 Астана, Үкімет Үйі



бет4/25
Дата02.05.2016
өлшемі3.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
Министрліктің таңдалған стратегиялық бағыттар бойынша алға қойған мақсаттарына қол жеткізуі көбінесе басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылының тиімділігі дәрежесіне байланысты болады.


Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін міндеттердің көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту

1-мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету

1.1-міндет. Болжанатын көрсеткіштер шегінде экономиканың дамуын қамтамасыз ету

1. Экономика өсуінің нақты қалыптасқан қарқынының ЖІӨ өсуінің мақсатты көрсеткіштерінен ауытқуы




Салаларды дамытудың болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде:

АШМ

ауыл шаруашылығы саласын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің бөлек түрлерін экспорттау көрсеткіштері бойынша

ИЖТМ

өнімнің бөлек түрлерін өнеркәсіптік өндіру және экспорттау қарқындары мен көлемі бойынша

МАМ

ақпаратты дамыту көрсеткіштері бойынша

Еңбекмині

әлеуметтік саланы дамыту көрсеткіштері бойынша

МГМ

отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (табиғи сипаттағы) және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру және экспорттау көлемінің көрсеткіштері бойынша

ККМ

көлік саласын және байланысты дамыту көрсеткіштері бойынша

ҰБ

қаржылық секторды, ақша-кредит саясатын және төлем балансын дамыту көрсеткіштері бойынша

ӨДМ

құрылыс секторын дамыту көрсеткіштері бойынша

1.2-міндет. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісімшарттарының жаңа түрлерін енгізу

Мүдделі мемлекеттік органдар

1. Концессиялық жоба құжаттамасын әзірлеу;

2. Концессиялық жоба құжаттамасының сараптамасы;

3. Концессионерді таңдау бойынша конкурс жүргізу;

4. Концессия шартын жасасу;

5. Концессиялық жобаны іске асыру


1.3-міндет. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру

1. Сауда ФКИ

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2. Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтері бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру



СА

Статистикалық деректерді беру

2. Сауда саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі ірі сауда объектілерінің және сауда желілерінің үлесін арттыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. Сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жағдай жасау және әзірлеу.

2. Сауда қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыруға жәрдемдесу.

3. Сауда қызметінің субъектілеріне, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен сауданы жүзеге асыратындарға экономикалық ынталандыру шараларын қолдану.

4. Отандық сауда желілерін дамыту.



СА

Статистикалық деректерді беру

3. Ашық баға құруды арттыру мақсатында тауар айналымының жалпы көлемінде биржалар арқылы тауар операциялары көлемінің үлесін ұлғайту

ИЖТМ, МГМ, БҚА, АШМ

Биржалық тауарлар және ұсынылатын партиялардың минималды көлемі тізіміне келешек енгізу үшін тауарлық биржалар арқылы өткізілген тауарларға талдау жүргізу

Қаржымині

Тауарлық биржалар арқылы мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін жағдайлар жасау

СА

Статистикалық деректерді беру

1.4-міндет. Макроэкономикалық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік саясатты және бюджеттік жоспарлауды жүргізу

2. Республикалық бюджеттің тапшылығы

Мемлекеттік органдар-бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, жергілікті атқарушы органдар

Басым емес ағымдағы шығыстарды және даму бюджетін қысқарту;

әкімшілік шығыстарды оңтайландыру;

бюджет үшін ең төмен шығыстармен мемлекеттік қызметтерді көрсету


1.7-міндет. Макроэкономикалық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатын жүргізу

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін ЖІӨ-ден 20% мөлшерінде төмендетілмейтін қалдықтан кем емес ұстап тұру

Қаржымині, ҰБ

Елдің экономикасын келешектегі ықтимал сыртқы қауіптерден нивелирлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында қаражатты жинақтау саясатын одан әрі қамтамасыз ету

1.9-міндет. Шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндірістерге инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау

1. ЖІӨ-дегі тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) үлесі

Мүдделі мемлекеттік органдар

1) Инвестициялық саясатты;

2) инвестицияларды қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету



2. 2020 жылға қарай экономиканың шикізаттық емес секторындағы шетелдік және отандық инвестициялар кемінде 30 %-ға артады

Мүдделі мемлекеттік органдар

2-мақсат. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құру

2.1-міндет. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау

1. Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау

Орталық мемлекеттік органдар

1. ПМК-нің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету

2. Сыртқы сауда саясатының мәселелерінде, оның ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыру шеңберіндегі позицияны әзірлеу және үйлестіру

3. Екіжақты және көпжақты халықаралық келісімшарттарды және басқа да тиісті құжаттарды уақтылы келісуді және дайындауды қамтамасыз ету

4. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу



МАМ

Кеден одағы комиссиясының қабылдаған шешімдерін және келіссөз процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

2. Кеден одағына мүше елдердің (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) импорттық кеден баждарының ставкаларын біріздендіру

Қаржымині

1. Іске асырылуы республикалық бюджет есебінен көзделген іс-шараларды қаржыландыру

2. Кедендік статистиканы беру

3. Кедендік-тарифтік және бейтарифтік мәселелер бойынша өзара іс-қимылдар

4. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасын жүргізу



СІМ

1. Халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізу шеңберіндегі ынтымақтастық

2. Келіссөз жүргізуші топтың іссапарына қаржылық қаражат бөлу, визалық қолдау

3. Сыртқы саясат мәселелері бойынша, оның ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кедендік одағының, өңірлік тауарлық бірлестіктер шеңберіндегі позицияны әзірлеу және үйлестіру; екі жақты және көп жақты халықаралық шарттарды келісу


СА

Статистикалық деректерді беру

АШМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ІІМ, ДСМ, Қорға-нысмині, Қор-шағанмині, Еңбекмині, МГМ, ТЖМ, ҚҚА, ҰҚК, ЖРБА, ТМРА, БҚА, ҰБ

1. ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден одағын қалыптастыру бойынша келіссөз позициясын қалыптастыру

2. Екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау

3. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу


МАМ

Кеден одағы комиссиясының, Кеден одағының жоғарғы органының қабылдаған шешімдерін және келіссөз процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

2.2-міндет. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыруды аяқтау

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау

ТМРА, БҚА, АШМ, Қаржымині, ИЖТМ, МГМ, МАМ, ІІМ, Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ККМ

1. ПМК-нің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету

2. Сыртқы сауда саясатының мәселелерінде, оның ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберіндегі позицияны әзірлеу және үйлестіру

3. Екіжақты және көпжақты халықаралық келісімшарттарды және басқа да тиісті құжаттарды уақтылы келісуді және дайындауды қамтамасыз ету

4. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу



МАМ

Қабылданған шешімдерді және келіссөз процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

2.3-міндет. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру

1. Жұмыс тобына мүше елдермен ДСҰ-ға кіру бойынша екі жақты келіссөздерді аяқтау

Қаржымині

1. Кеден статистикасын беру

2. Кеден-тарифтік және бейтарифтік реттеу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл

3. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздік позицияны қалыптастыру


2. Отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін жақсартуға ықпал ететін ДСҰ-ның шешуші келісімдерімен қазақстандық заңнаманы біріздендіру

СІМ

1. Халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізу шеңберіндегі ынтымақтастық

2. Келіссөз жүргізуші команданың іссапарына қаржылық қаражат бөлу, визалық қолдау

3. Сыртқы саясат мәселелері бойынша, оның ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының, өңірлік тауарлық бірлестіктер шеңберіндегі позицияны әзірлеу және үйлестіру; екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарды келісу


АШМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ІІМ, ДСМ, Қоршаған-ортамині, Еңбекмині, МГМ, МАМ, Әділетмині, ҰҚК, ТМРА, БҚА, ҰБ

1. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздік позицияны қалыптастыру

2. Екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарды және басқа да тиісті құжаттарды уақтылы келісуді және дайындауды қамтамасыз ету

3. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу


МАМ

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөз процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

2.4-міндет. Қазақстан Республикасының жетістіктерін халықаралық нарықтарда позицияландыру

1. Экспорт географиясын кеңейтуге ықпал ету

СІМ

Қазақстан Республикасының Халықаралық көрмелерге, конференцияларға, форумдарға қатысуын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігі, ИЖТМ

1. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациядағы Сауда Өкілдігімен қазақстандық кәсіпорындардың өз тауарларын ресейлік нарыққа жылжытуына жәрдемдесуі

2. Қазақстанның экономикасына Ресейден инвестицияларды және қазіргі заман технологияларды бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациядағы Сауда Өкілдігімен конференциялар, тұсаукесерлерді ұйымдастыру және өткізу



МАМ, Әділетмині, Қаржымині

Өндірістік байланыстарды және халықаралық сауданы дамыту үшін электрондық ақпараттық-маркетингтік орталығын құру және оның жүргізуін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық

СІМ, ИЖТМ, ММ, Қаржымині, БҒМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі

Экспо-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін ілгерілету және жылжыту бойынша іс-шараларды өткізу

2. Ресей Федерациясындағы қазақстандық өнім экспортының өсімі (мұнаймен және газбен жабдықтау көлемін ескермегенде)

Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі, ИЖТМ

1. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігінің құзыретті өкілдері арқылы қазақстандық тауарлардың экспорттық жылжуы бойынша Ресей Федерациясының өңірлеріндегі жұмыс

2. Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен, Ресей нарығына қазақстандық тауарларды экспорттық жылжыту бойынша ассоциациялармен және ритейлорлармен жұмыс






Ресей Федерациясындағы қазақстандық өнімінің экспорты өсімінің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуді мынадай жолмен қамтамасыз ету:

АШМ

ауыл шаруашылығы өнімінің кейбір түрлерінің экспортын арттыру

ИЖТМ

өнеркәсіптік өнімінің экспорт көлемін арттыру

МГМ

отын-энергетикалық пайдалы қазбалардың (табиғи сипаттағы) және мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің экспортын арттыру

ККМ

көлік саласын дамыту

2-стратегиялық бағыт. Нәтижелі мемлекеттік секторды құру

1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу

1.1-міндет. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру

1. Анықталған мемлекеттік қызметтер санынан Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін ұсынылған мемлекеттік қызметтердің үлесі

Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. Мемлекеттік қызметтерді одан әрі Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу мақсатында оларды түгендеуді өткізу

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын уақтылы әзірлеу және оларды енгізу



1.2-міндет. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтерді енгізу

1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сонымен бірге мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырудың монитроингін жүргізу бойынша ақпараттық-талдаулық базаны қалыптастыру

Орталық мемлекеттік органдар

Ақпараттық-талдаулық базаға деректерді енгізу үшін уақтылы және сапалы енгізуді қамтамасыз ету

2. Негізгі көрсеткіштерді (индикаторларды), сонымен бірге халықаралық рейтингтік агенттіктердің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу

Орталық мемлекеттік органдар

Негізгі көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша Үлгі әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу бойынша жұмыс тобына және ұсыныстар әзірлеуге қатысу

3. Жергілікті атқарушы органдар үшін көрсеткіштердің (индикаторлардың) бірыңғай тізілімін қалыптастыру

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар

Жергілікті атқарушы органдар үшін көрсеткіштер бірыңғай тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс тобына және ұсыныстар әзірлеуге қатысу

5. Орталық мемле-кеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаумен қамту
6. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалаумен қамту
7. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаумен қамту

ПӘ

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасына бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

ПМК

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасына бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

МҚІА

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және персоналды басқару тиімділігіне бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

Қаржымині

Бюджет қаражатын басқару тиімділігіне бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

ККМ

Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігіне бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

Әділетмині

Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігіне бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

ӨДМ

Бағалауды жүргізу кестесіне сәйкес Министрліктің өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға жергілікті атқарушы органдарды бағалау бөлігінде тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін ұсынуы

Мемлекеттік органдар

Бағалауды жүргізу кестесіне сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдардың жетекшілік ететін салаларда/аяларда/өңірлерде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөнінде өткен жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпаратты Министрлікке жыл сайын ұсынуы.

Министрлік бағаланатын мемлекеттік органдарға тиімділікті жалпы бағалау қорытындыларын жібереді.



8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу

1.3 - міндет. Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру

1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару сапасын қамтамасыз ету

Мүдделі мемлекеттік органдар

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқаруына бағалау жүргізу

2. Қазақстан Республикасының «Халықтық IPO» бағдарламасының міндеттері мен қатысу шарттары туралы ақпараттанған тұрғындарының үлесі (сұралғандар санынан)

ЖАО

«Халықтық IPO» бағдарламасының міндеттері мен қатысу шарттары туралы тұрғындарды түсіндіру мен ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу

2 – мақсат. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру (құпия)


Каталог: demo -> wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 2012 жылғы 29 қазан №413-ө-м Астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (21-шығарылым) бекіту туралы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 23 қыркүйек №993 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 желтоқсан №897 Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 29 қазанда №412-ө-м Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 13 наурыз №234 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 6 тамыз №800 Астана, Үкімет Үйі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет