Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 6 тамыз №800 Астана, Үкімет Үйі



бет1/18
Дата02.05.2016
өлшемі2.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 6 тамыз № 800

Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Экономика және

бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1531 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1531 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«2. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:

«1. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

1. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және



ұлттық экономиканы жаңғырту
Өткен онжылдықта қазақстандық экономиканың жай-күйі көбінесе энергия ресурстары мен минералдық шикізаттың басқа да түрлеріне сыртқы конъюнктурамен айқындалды. 2000 – 2007 жылдары тауарлар экспорты орташа есеппен жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) 45 %-ын құрады. 2008 жылы мұнай бағасы рекордтық тарихи деңгейге баррелі үшін 147 АҚШ долларына дейін жеткен кезде, экспорт ЖІӨ-ге қарағанда 53,9 %-ға дейін өсті. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан энергия ресурстарының әлемдік бағасының төмендеуі кезінде 2009 жылы экспорт көлемі ЖІӨ-ге қарағанда 40,3 %-ға дейін төмендеді.

2008 жылы басталған әлемдік экономиканың баяулауы, ресурстарды тұтынудың қысқаруы, Қазақстанның тауарлық экспортының негізгі құраушысы болып табылатын мұнай, металл, металл илегіне әлемдік бағалардың төмендеуі қазақстандық экономиканың өсу қарқынының баяулауына септігін тигізді.

2008 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 2007 жылғы 8,9 %-бен салыстырғанда 3,3 %-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі қысқарып, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы өсу қарқыны төмендеді.

2009 жылы Қазақстан экономикасының дамуы терең әлемдік экономикалық дағдарысқа бейімделу жағдайында өтті. 2009 жылдың қорытындысы бойынша нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны 1,2 %-ға дейін төмендеді. Экономиканың оң өсімі 2009 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 13,8 %-ға артуымен, мұнай өндіру көлемінің 8,1 %-ға артуымен, сондай-ақ экономика секторларындағы белсенділік пен сұранысты ынталандыру жөніндегі мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларымен қамтамасыз етілді.

2010 жылдың басынан бастап экономика салаларында оң серпін байқалды, бұл белгілі бір дәрежеде әлемдік экономиканың жандануына негізделді.

Нақты ЖІӨ 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 7,3 %-ға ұлғайды. Салыстыру үшін 2010 жылы басқа елдерде ЖІӨ-нің өсуі: АҚШ-та – 3,0 %-ды, Қытайда – 10,3 %-ды, Германияда – 3,5 %-ды, Жапонияда – 4,0 %-ды, Ұлыбританияда – 1,3 %-ды, Ресейде – 4 %-ды, Беларусияда – 7,6 %-ды құрады.

Сыртқы нарықтардағы конъюнктураның жақсаруы аясында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2010 жылы 10,0 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда 5,3 %-ға өсім есебінен, өңдеу өнеркәсібінде 18,4 %-ға өсу есебінен ұлғайды.

Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемінің ұлғаюымен сипатталатын экономика салаларының дамуы жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етті.

Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы экономикалық белсенді халық санының 5,5 %-ын құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 0,8 пайыздық тармаққа төмен. Салыстыру үшін 2010 жылы басқа елдерде жұмыссыздық: АҚШ-та – 9,6 %-ды, Қытайда – 4,1 %-ды, Германияда – 7,1 %-ды, Жапонияда – 5,1 %-ды, Ұлыбританияда – 7,8 %-ды, Ресейде – 7,5 %-ды, Беларусияда –0,7 %-ды құрады.

Сонымен қатар әлемдік экономиканың қалпына келуі мен әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар деңгейінің өсуі аясында отандық экономиканың өсуі ішкі бағалардың артуына ықпал етеді. 2010 жылғы желтоқсанда инфляция деңгейі 7,8 %-ды құрады, бұл 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда 1,6 пайыздық тармаққа жоғары.

Отандық экономика жай-күйінің сыртқы бағалар факторларынан тәуелділігі оған тән құрылымдық поляризация салдарынан сақталып отыр. Бір полюсте – бұл тез дамитын табыстылығы жоғары шикізаттық салалар және табыстары әлемдік экономиканың жай-күйі мен сыртқы нарықтардағы конъюнктураға толығымен тәуелді, толығымен әлемдік нарыққа жұмыс істейтін металлургия салалары. Бұған ауыл шаруашылығын да жатқызуға болады. Екінші полюсте – рентабельділігі мен қосылған құны төмен басым түрде ішкі нарыққа бағдарланған өңдеу секторының салалары.

Осылайша, экономиканың жай-күйі көбінесе шикізаттық экспортқа бағдарланған салалардың дамуымен айқындалады. Экономиканың мұндай құрылымы оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан экономиканың тұрақты өсу қарқындары болашақта басым түрде шикізаттық емес секторды дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс.

2010 жылы бөлшек сауда айналымы 3197,1 миллиард теңгені құрады немесе 2009 жылмен (2551,4 миллиард теңге) салыстырғанда 17,9 %-ға ұлғайды. 2010 жылы көтерме сауда айналымы 8152,4 миллиард теңгені құрады немесе өткен жылғы деңгейге қарағанда 111,9 % (6872,3 миллиард теңге).

2010 жылы Қазақстан Республикасында 60 брокерлік-дилерлік ұйымдар мен 8 тауар биржалары жұмыс істеді, онда спот-тауарлар бойынша 10 407 мәміле жасалды.

2010 жылы биржалық мәмілелердің жалпы көлемі 86,5 миллиард теңгені құрады және 2009 жылмен (55 миллиард теңге) салыстырғанда 57,3 %-ға және 2008 жылмен салыстырғанда (13,7 миллиард теңге) 6 еседен көп ұлғайды. Бұл ретте, саудаға қойылған спот-тауарлардың көлемі 2009 жылмен (94,5 миллиард теңге) салыстырғанда 9 еседен көп (884 миллиард теңге) және 2008 жылмен (25,3 миллиард теңге) салыстырғанда 35 еседен көп өсті.

Қазіргі жағдайда бөлшек сауда өндірісті, бөлуді, көлем мен тұтынуды біріктіре отырып, онымен бірыңғай кешенді қалыптастыра отырып елеулі мәнге ие болып отыр.

Соңғы уақытта осы заманғы сауда елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады: стихиялы ұйымдастырылған нарықтардың қысқаруы, бөлшек желілерді нығайту, шетелдік операторлардың өктемдігі, ірі бөлшек желілер арасында бәсекелестіктің күшеюі.

Осылайша, қазіргі уақытта бөлшек тауар айналымын негізінен өз қызметін стационарлық желілерде жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпорындар қалыптастырады.

Бүгінгі күні тұтыну нарығының жай-күйі қатаң құрылымдаумен және жаңа форматтар мен сауда ұйымдарының кіші форматтарын қолданысқа енгізумен сипатталатынын атап өткен жөн. Бұған қоса, бөлшек сауданың осы заманғы дамуы дүкендер, сату әдістері мен қызмет көрсету нысандары түріндегі үлкен өзгерістермен қоса жүреді.

Министрлік дамыған елдерде кеңінен қолданыс тапқан «Кэш энд Кэрри» - «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша ұсақ көтерме сауданы қолдану тәжірибесін Қазақстанда дамытуға және құруға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда қазірдің өзінде «РАМСТОР», «АСТЫҚЖАН», «АРЗАН», «МЭТРО» және т.б. сияқты «қойма-жаймалар» қағидаты бойынша жұмыс істейтін компаниялар бар.

Ішкі сауданы дамытудың оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен бірге жүреді.

Сауда нарықтарында көлеңкелі айналымның едәуір көлемі, контрабандалық және контрафактілік өнім өткізудің жоғары деңгейі; өткізілетін тауарларға жасанды сапа сертификаттарының кең қолданылуы орныққан.

Тиімді жұмыс істейтін тауарлық биржа нарықтың ашықтығын, қаржылық мүмкіндіктер мен тиімділікті айтарлықтай арттыруы мүмкін. Тауарлық биржалар арқылы сауда-саттық делдалдар санын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл экономиканың көлеңкелі секторын қысқартуға жәрдемдеседі. Тауарлық биржалар арқылы тауарларды өткізуге тауар өндірушілерді тарту мәселесі өзекті.

Елде инвестициялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың тұтастай көрінісінің болмауы олардың тиімсіз іске асырылуына, экономика салаларындағы теңсіздікке және жобаларды пайдалануға бергеннен кейін ресурстық қамтамасыз етудің болмауына алып келетінін атап көрсету керек.

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен концессия тетігін қолдану арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторға инвестициялық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз жасалды.

Қазіргі уақытта жалпы құрылыс құны 45,6 миллиард теңге болатын 3 нысан іске асырылу сатысында.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші жалпы отырысында атап өткендей, мемлекеттік қолдау шараларын жүйелендіру, жергілікті деңгейде жобаларды іске асыру кезінде, әсіресе әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық сала объектілерінің құрылысы кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын ілгерілету маңызды болып табылады.

Республикалық бюджет шығыстарының теңгерімділігі мен құрылымы, салық пен кеден төлемдері түсімдерінің толықтығы, салық пен кеден жүйелерін жақсарту мәселелері өзекті болып қалуда.

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында тиімді саясатты қамтамасыз ету мақсатында тиісті нормативтік құқықтық база құрылуда.

Осылайша, қолданыстағы заңнамаға электр станцияларының, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтың инвестициялық қызметінің ашықтығын, олардың инвестициялық міндеттемелерді орындауға жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан экономикасының электр энергиясы мен қуаттылығы нарығын енгізу есебінен қуаттылыққа қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамадағы өзгерістермен экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін, қоғамдық тәртіпті сақтау, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ел халқының денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің қатысуын талап ететін тек ерекше жағдайларда ғана мемлекеттік монополияны енгізу; БЭК қалыптастыру шеңберінде монополияға қарсы заңнаманы үйлестіру; нарық субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді төмендету; монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін нарық субъектілерінің жауапкершілігін күшейту көзделген.

Табиғи монополиялар саласындағы және бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты қалыптастыруды талдау бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді:

1) мемлекеттік органдардың қабылдап отырған бәсекелестікті дамыту негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жеткіліксіздігі және де монополистік қызмет пен жосықсыз бәсекені шектеу бойынша шараларды жетілдірудің қажеттілігі;

2) табиғи монополиялар субъектілері активтері тозуының болуы, соның салдарынан реттелетін қызметтерге тарифтердің өсуі.

Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау салаларындағы саясаттың тиімділігіне институционалдық, экономикалық және әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Сонымен, институционалдық сипаттағы факторларға табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау салаларындағы нормативтік құқықтық базаның жетілдірілуін жатқызу жөн.

Бизнесті жүргізуге экономикалық жағдайлардың қаншалықты әсер ететінін көрсететін экономикалық фактор табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметтеріне қолданыстағы тарифтер мен бағалардың деңгейін, сондай-ақ бәсекелестікті қорғаудың және монополистік қызметті шектеудің деңгейін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өнімділігін, инновациялық технологияларды қолдануды қамтиды.

Әлеуметтік факторларға өндірілген өнімнің сапасын жақсартумен көрсетілетін кәсіпкерлік белсенділікті, бәсекені адвокаттандырудың (насихаттаудың) маңыздылығын жатқызуға болады.

Негізгі сыртқы әсер ету факторларының тобына әлемдік экономиканың жаһандануы, монополияға қарсы, сондай-ақ салалық заңнаманы жетілдіріп үйлестіруге мүмкіндік беретін ТМД, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процестердің дамуы жатады.

Мемлекеттік қарызға жүргізілген талдау соңғы төрт жыл бойы мемлекеттік қарыздың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерінің өскенін көрсетеді. Осылайша, мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы (бұдан әрі – ЖІӨ) 2009 жылы – 12,3 %-ды, 2010 жылы – 14,4 %-ды құрады, ЖІӨ-нің күрт өсуі есебінен 2011 жылы – 11,8 %-ға дейін төмендеу байқалды, 2012 жылы – 12,7 %-ды құрады.

Одан әрі үкіметтік қарызды қауіпсіздік деңгейде ұстау мақсатында республикалық бюджет тапшылығының мөлшерін азайту жоспарлануда.

2012 жылдың соңына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 10446,5 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 34,7 %-ды құрады. Сондықтан Ұлттық қордың активтерін ЖІӨ-ден 20 % мөлшерінде төмендетілмеген қалдықтан кем емес ұстау сақталуда. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,8 %-ға ұлғайды.

2013 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы ЕДБ активтері 13 870,3 миллиард теңгені құрады, ол 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 1 052,4 миллиард теңгеге немесе 8,2 %-ға ұлғайды. Активтердің осы көлемін 38 екінші деңгейдегі банк қамтамасыз етті.

Қазақстанда даму деңгейінен тәуелсіз басқа елдердегі сияқты экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар.

Қазақстандық экономика дамуының серпіні әлемдік экономикалық жүйенің құрамдаушысы ретінде әлемдік экономиканың серпініне байланысты.

Нақты экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеуді кеңейту, өзгелердің арасында банктің кредиттік портфелінің сапасымен шектелген, себебі жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесі банктерді провизиялардың елеулі сомаларын қалыптастыруға мәжбүрлейді.

Банктер активтерінің төмен сапасы проблемасын шешу мақсатында шаралар кешені, сонымен бірге еншілес «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның жұмыс істеуі іске асырылуда.

Сондай-ақ, соңғы жылдары мыңдаған құрылыстардың, оның ішінде ғимараттардың және тұрғын үйлердің бұзылуына әкеп соққан табиғи апаттар жиілеп кетті.

Осыған байланысты 2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2013 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп, заңнамалық актілерге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру жүйесі бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейтін Заң жобасын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізуді тапсырды.

Бүгінгі күні міндетті сақтандыруды, тәуекелдердің түрлерін, төтенше жағдайлардан сақтандыру объектілерін, сондай-ақ Апатты тәуекелдердің мемлекеттік қорын құруды көздейтін сақтандыру мәселелері бойынша негізгі тәсілдер мақұлданды.

Мемлекет басшысының 2013 жылдың соңына дейін банктердің капиталынан шығу тапсырмасын орындау үшін Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдау жүргізген екінші деңгейлі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі, ол екінші деңгейдегі банктерді қайта ұйымдастыру процесін реттейтін заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған.

Қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша заң жобасы қаржы секторын шоғырландыру, Қазақстан Республикасы мемлекетінің қайта құрылымдауды жүзеге асырған банктерге қатысуын оңтайландыру, сондай-ақ ілеспе қосымша шығыстарды қысқарту мақсатында акционерлік қоғамдар, бағалы қағаздар нарығы мен банк қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру қажеттілігіне негізделген.

2012 жылы әлемдік экономиканың баяу өсуі шарттарында ЖІӨ-нің өсу қарқыны жоспарланған параметрлерден төмен қалыптасты.

2012 жылы ЖІӨ-нің өсуіне теріс әсер еткен қолайсыз фактор табиғи-климаттық жағдайлар болып табылады.

Қазақстанның экономикасына әсер ететін негізгі сыртқы фактор мұнайға және металға әлемдік нарықтағы бағалардың серпіні болып табылды.

Экономика өсуінің қолайлы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген негізгі ішкі фактор мемлекеттік және жеке секторларда тұтынудың өсуі есебінен тұтынушылық нарыққа сұраныстың ұлғаюы болып табылады.

Сыртқы жағдайлардың салдарын ниверлеу мақсатында ішкі көздер және резервтер есебінен экономикалық өсуге ерекше назар аударылатын болады.

Бұдан басқа, экономиканың дамуына, әсіресе экономиканың шикізаттық емес секторына ішкі және сыртқы инвестициялардың өсуі ықпал етеді.

Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын «тікелей» шаралардан басқа Министрлік құзыреті шеңберінде қазақстандық экономиканы әлемдік сауда жүйесіне одан әрі интеграциялау жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде интеграциялық бастамаларды іске асыру және экономикалық пайдалы жағдайда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздер процесін аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) маңызды интеграциялық ілгерілеуінің бірі бірыңғай кеден тарифін және Кеден одағына кірмейтін үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын қолдана отырып, тауарлардың еркін сауда аймағының режимін іске асыруды көздейтін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағы жобасының іс жүзінде іске асуы болып табылады.

Кеден одағының жұмыс істеуі интеграцияның барынша тереңдетілген нысаны – көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын көздейтін Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға өту үшін алаңға айналды. Көлік инфрақұрылымына тең қолжетімділік қазақстандық тауарлардың алыс шетелдердің өткізу нарықтарына дейінгі қозғалысы кезіндегі шығындар мен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын 17 келісімге қол қойылды және олар 2012 жылы күшіне енді, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыратын келісімдерді іске асыру мақсатында құжаттарды әзірлеудің күнтізбелік жоспарын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграция процестері елдің экономикалық әлеуетін ашудың бірлескен, бірін-бірі толықтыратын өндірістерді құру жолымен бәсекелестік қабілеті жоғары әлемдік нарыққа шығудың, сондай-ақ барынша пайдалы жағдайларда өзара сауда-саттық жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграция процестерін мазмұнды пысықтау және тиісінше үйлестіру Қазақстан Республикасының интеграциялық бастамаларын тиімді іске асыруға қол жеткізудегі ұлттық мүдделерді кешенді ескеруді қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің ережелерімен толық сәйкестендіру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Кеден одағын тәжірибелі іске асырудың басталуымен ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөз процесі біраз өзгерістерге түсті, олар ең біріншіден, ДСҰ-ға мүше елдер кіргеннен кейін Кеден одағының толық жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажеттілігімен байланысты.

Бұл мақсатта біздің елдер ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерді Кеден одағы комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестірілген ұстаным негізінде жүргізеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан тиісті хаттамаларға қол қою арқылы ДСҰ-ға мүше 29 елмен қазақстандық тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздерді аяқтады.»;

«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде:

«1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:

«Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту» деген 1-стратегиялық бағытта:

«2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету» деген 1-мақсатта:

нысаналы индикаторларда:

«Шикізаттық емес сектордың ФКИ» деген 2-тармақта:

«2013 жыл» деген бағандағы «106,6» деген сандар «106,2» деген сандармен ауыстырылсын;

мына:


«

10. Тауар нарығының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторларға жол бермеу (бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жолымен)

ЭБЖМ ақпараты

%










100

100

100

100

»

деген 10-жол алынып тасталсын;

«Үкіметтік борыш үлесі» деген 13-тармақта:

«2013 жыл» деген бағандағы «12,3» деген сандар «12,0» деген сандармен ауыстырылсын;

«Макроэкономикалық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік саясатты және бюджеттік жоспарлауды жүргізу» деген 1.4-міндетте:

тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:

«2013 жыл» деген бағанда:

«Республикалық бюджетке түсімдердің жалпы көлеміндегі кепілдендірілген трансферттің үлесі» деген 1-жолдағы «25,4» деген сандар «26,3» деген сандармен ауыстырылсын;

«Республикалық бюджет тапшылығы» деген 2-жолдағы «2,1» деген сандар «2,5» деген сандармен ауыстырылсын;

тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:

7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«


7) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу







Х

Х

Х

8) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іске асыруға мониторинг жүргізу







Х

Х

Х

»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

11) «Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу







Х

Х

Х

»;

«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу салаларындағы саясатты жетілдіру» деген 1.6-міндетте:

тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:

мына:


«

3. Монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстардың үлес салмағы

ЭБЖМ ақпараты

%










100

100

100

100

»

деген 3-жол алынып тасталсын;

тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:

1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1) табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және келісу




Х

Х

Х

Х

2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және келісу




Х

Х

Х

Х

3) мүдделі мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі» индикаторын жақсарту мәселелері жөніндегі кеңестерді өткізу және оларға қатысу




Х

Х

Х

Х

»;

«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатын жүргізу» деген 1.7-міндетте:

тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:

«2013 жыл» деген бағанда:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін ЖІӨ-ден 20 % мөлшерінде төмендетілмейтін қалдықтан кем емес ұстап тұру» деген 1-жолдағы «31,7» деген сандар «36,5» деген сандармен ауыстырылсын;

«Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құру» деген 2-мақсатта:

нысаналы индикаторларда:

«2013 жыл» деген бағанда:

«Сыртқы сауда айналымының өсу қарқыны» деген 1-жолдағы «101,0» деген сандар «108,2» деген сандармен ауыстырылсын;

«Орташа өлшенген сауда тарифтік мөлшерлеме1» деген 3-жолдағы «10,3» деген сандар «8,7» деген сандармен ауыстырылсын;

«Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау» деген 2.1-міндетте:

тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«


1) ҮЕҰ өкілдерін тарта отырып, ЕЭК Кеңесі мен алқасы отырыстарында қаралатын мәселелер жөнінде, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттарды кодификациялау жөнінде келіссөздер жүргізу

X

X

X

X

X

»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

3) ҮЕҰ өкілдерін тарта отырып, ЕЭК Кеңесі мен алқа отырыстарында қаралатын мәселелер жөнінде, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттарды кодификациялау жөнінде жұмыс топтарының отырыстарына қатысу




X

X

X

X

»;

«Нәтижелі мемлекеттік секторды құру» деген 2-стратегиялық бағытта:

«2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу» деген 1-мақсатта:

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» деген 1.1-міндетте:

тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«


4) ҮЕҰ тарта отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу







Х

Х

Х

5) ҮЕҰ қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау







Х

Х

Х

6) ҮЕҰ қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы есептерді жария талқылау







Х

Х

Х

»;

«Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және оның толыққанды жұмыс істеуі» деген 1.2-міндетте:

тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:

12) тармақша алынып тасталсын;

«Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру» деген 1.3-міндетте:

тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«


8) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жобаларын кредиттеу




Х




Х




»;

«4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген бөлімде:

мына:

«


1. Министрлік құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру

Тұрақты негізде

»

деген 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1. Министрлік әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі

Жарты жылда бір рет

»;

мына:


«

11. Заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу

Тұрақты негізде

»;

деген 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

11. Министрлік әзірлейтін заң жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауы (жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауы тиіс санынан)

Тұрақты негізде

»;

«5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген бөлімде:

«Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту» деген 1-стратегиялық бағытта:

«2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету» деген 1-мақсатта:

мына:

«


1.7-міндет. Макроэкономикалық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатын жүргізу

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін ЖІӨ-ден 20 % мөлшерінде төмендетілмейтін қалдықтан кем емес ұстап тұру

Қаржымині, ҰБ

Елдің экономикасын келешектегі ықтимал сыртқы қауіптерден нивелирлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында қаражатты жинақтау саясатын одан әрі қамтамасыз ету

»

деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы 1.8-міндетпен толықтырылсын:

«

1.8-міндет. Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған көші-қон саясатын жүргізу

Көші-қон заңнамасын жетілдіру

ІІМ, Еңбекмині

1. Еңбек көші-қоны мәселелері жөніндегі ақпаратты ұсыну

2. Көші-қон заңнамасын жетілдіру жөнінде, оның ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде ұсыныстар әзірлеу



»;

«6. Тәуекелдерді басқару» деген бөлімде:

сыртқы тәуекелдерде:

«Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына әлемдiк бағалардың құбылмалылығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына әлемдiк бағалардың құбылмалылығы

Бағалардың өсуi кезiнде:

1. Мұнайдың әлемдiк бағаларының өсуi нәтижесiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiне iшкi бағалардың өсуi

2. Мұнай экспорты көлемдерiнiң ұлғаюы нәтижесiнде iшкi нарықта мұнай мен мұнай өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi

3. Экономиканың шикiзаттық бағыттылығының және оның сыртқы нарыққа тәуелдiлiгiнiң күшеюi

4. Инфляция деңгейiнiң өсуi

5. Энергия ресурстарына бағалардың өсуiнен мультипликативтiк әсердiң есебiнен экономиканың өсу қарқынының баяулауы.



1. Елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін жетілдіру

2. Елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін жетілдіру бойынша ақпараттық-талдамалық жүйені пайдаланумен әлемдік және отандық экономикалар дамуындағы әлеуетті теріс тенденцияларды анықтау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныстар жіберу



Бағалардың төмендеуi кезiнде:
1. Мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қорға түсiмдердiң төмендеуі

2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiнiң қысқаруы


3. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуi.

»;

«Әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуі

1. ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі

2. Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсімдердің төмендеуі



Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басымды емес шығындардың секвестрі, бюджет тапшылығының мөлшерін ұлғайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу

»;

ішкі тәуекелдер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден артуы және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың пайда болуы

Макроэкономикалық тұрақтылықтың нашарлауы

Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау салаларындағы заң шығару жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту

Тиімді тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғауға қажетті шешімдерді және тиісті нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау

Министрлік мақсаттарына қол жеткізбеу

Екі салада (аяда) заң шығару жұмысының сапасын бақылауды күшейту

»;

«7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Каталог: demo -> wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 2012 жылғы 29 қазан №413-ө-м Астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (21-шығарылым) бекіту туралы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 23 қыркүйек №993 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 желтоқсан №897 Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 29 қазанда №412-ө-м Астана қаласы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 13 наурыз №234 Астана, Үкімет Үйі
2013 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2013 -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 30 сәуір №445 Астана, Үкімет Үйі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет