Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы"


Айқынсыздық кезеңi үшiн Үйлестiру орталығының кезекшi



бет4/4
Дата17.04.2016
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4

1. Айқынсыздық кезеңi үшiн Үйлестiру орталығының кезекшi
ауысымының iс-қимылын бақылау тiзбесi

Бастапқы iс-қимыл

      1. Iздестiру-құтқару операциясының (жұмысының) үйлестiрушiсiн айқындау.
      2. ӘК-нiң ұшуы барысында оның жiберiлгенi және белгiленген пунктiге келмеуi туралы соңғы деректердi тексеру.
      3. Осы қосымшаның 2-бөлiмiне сәйкес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына байланыс құралдарының көмегiмен iздестiрудi жүргiзуге жәрдем көрсету.
      4. Осы қосымшаның 3-бөлiмiнде белгiленген формат бойынша метеорологиялық ақпаратты сұрату.
      5. Хабардар ету схемасы бойынша барлық мүдделi органдарды хабардар ету.
      6. Әуе кемесiнiң тұрған орны анықталған және ол қауiпсiздiкте болғанда, белгiсiздiк кезеңiн жабу және барлық мүдделi органдарға қажеттi хабарландыруды жiберу.
      7. Егер байланыс құралдарының көмегiмен алдын ала iздестiру кезiнде кеменiң орналасқан жерi анықталмаған болса, алаңдаушылық кезеңiн жариялау.

Байланыс құралдарының көмегiмен әуе кемесiн iздестiру

      1. ӘК-нiң келмегендiгiне көз жеткiзу үшiн межелi әуежай және қосалқы әуежайлармен байланыс орнату. Барлық бақыланбайтын әуежайлар мен әуеайлақтардағы тұрақ алаңының физикалық тексерiсiн сұрату.
      2. Ұшып шығу және қайтып оралмау фактiсiн растау үшiн ұшып шыққан әуежаймен байланысу. Ұшу жоспарының мәлiметтерiн тексеру.
      3. Iз-түзсiз жоғалған ӘК-мен радиобайланыс орнатуға әрекет етудi өтiнiп, аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы немесе оған жақын орналасқан ӘК-ге шектес жатқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы хабарласу.
      4. Аталған ӘК ұшып өтуi мүмкiн аудандардың шегiнде орналасқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерiн авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету.

Метеорологиялық ақпарат

      1. Көру деңгейi және оларды нашарлататын, мысалы, тұман, түтiн немесе мұнар сияқты факторлар, сондай-ақ метеожағдайдағы соңғы өзгерiстердiң уақыты.
      2. Желдiң бағыты мен жылдамдығы, сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерiстер.
      3. Бұлттылық, бұлттардың төменгi шегi және т.б., сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерiстер.
      4. Ауа температурасы.
      5. Барометрлiк қысым.
      6. Жауын немесе қар жауып жатқаны немесе жауғаны туралы, сондай-ақ жауын-шашынның басталған немесе оның аяқталған уақыты.
      7. Найзағай, қар, бұршақ, мұз қиыршығы немесе көктайғақ сияқты қолайсыз құбылыстар болып жатқаны немесе болғаны туралы, сондай-ақ олардың басталу және аяқталу уақыты.

2. Алаңдаушылық кезеңi үшiн Үйлестiру орталығы кезекшi
ауысымының iс-қимылын бақылау тiзбесi

Бастапқы iс-қимыл

      Ескертпе: айқынсыздық кезеңi үшiн бақылау тiзбесiнiң пункттерiн ескеру қажет.

      1. Көмек көрсету үшiн кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда (командалар) беру.


      2. Схемаға сәйкес авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету.
      3. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
      4. Егер авариялық ӘК-де қалыпты пайдалану режимi қалпына келтiрiлген болса, онда ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы оның қауiпсiздiгi кепiлдендiрiлген жағдайға дейiн оның бақылауын жүзеге асыру қажет.
      5. Көмек көрсету аяқталған кезде, алаңдаушылық кезеңiн жабу.
      6. Егер жағдай нашарласа және ӘК-ге маңызды және тiкелей қауiп төнiп тұрса, апат кезеңiн жариялау.

Әуе кемесi есептi уақытта келмеген жағдайға арналған қосымша бақылау


тiзбесi

      1. Кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нi авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету.


      2. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен байланыс орнату өтiнiшiмен ӘҚҚ органдарына хабарласу.
      3. Ұсынылған ұшу жоспарын талдау.
      4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және ӘҚҚ әскерiн авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету.
      5. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
      6. Белгiленген схема бойынша авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету.
      7. Шектес үйлестiру орталығын авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына жақын жүзеге асырылса).
      8. Iздестiрудi жоспарлауға және IҚҚ (Ж)-ның бастапқы жоспарын пысықтауға кiрiсу.
      9. Кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда (командалар) беру және оны бастапқы iздестiрудi жүргiзу үшiн жiберу.
      10. Егер ӘК тұрған орын анықталса, барлық мүдделi тараптарды хабарландыру.
      11. Егер жағдай нашарласа және болжамдағандай ӘК-ге маңызды және тiкелей қауiп төнiп тұрса, апат кезеңiн жариялау.

Заңсыз араласу актiлерi болған жағдайдағы қосымша бақылау


тiзбесi

      1. Белгiленген схема бойынша авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету.


      2. Iздестiру-құтқару ӘК-нi авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету.
      3. Шектес үйлестiру орталығын авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына жақын жүзеге асырылса).
      4. Одан кейiнгi iс-қимылдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Терроризмге қарсы орталығының нұсқауына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      5. Егер ӘК құрлыққа немесе суға мәжбүрлi түрде қонуға ниет бiлдiру немесе қонуы мүмкiн болмаса, апат кезеңiн жариялау.

3. Апат кезеңi үшiн Үйлестiру орталығының кезекшi ауысымы
iс-қимылын бақылау тiзбесi

      Ескертпе: айқынсыздық және алаңдаушылық кезеңдерi үшiн бақылау тiзбелерiнiң пункттерiн ескеру қажет.

      1. Шектес үйлестiру орталығына авариялық хабардар етудi қамтамасыз ету (егер әуе кемесiнiң ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасына жақын жүзеге асырылса).
      2. Кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда беру және оны апат орнына (егер ол белгiлi болса) жiберу.
      3. Бастапқы iздестiру iс-қимылдарының жоспарын әзiрлеу.
      4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы iздестiру-құтқару ӘК экипажына өткiзiлген операцияға қатысты ақпаратты ұсыну.
      5. IҚО (Ж) жүргiзу орнында үйлестiрушi (IҚО (Ж) басшысы) тағайындау туралы мәселенi РДО-мен келiсу.
      6. IҚО (Ж) жүргiзу орнында ӘК үйлестiрушiсiн тағайындау.
      7. Тағайындалған IҚО (Ж) басшысына iс-қимылдардың бастапқы жоспары туралы ақпаратты тапсыру.
      8. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК туралы соңғы радиолокациялық ақпарат туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен ӘҚҚ әскерiн сұрастыру.
      9. Оқиға куәгерлерiмен байланыс ұйымдастыру үшiн РДО органдарына хабарлама мен байланыс телефонын беру.
      10. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындайтын ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
      11. ӘҚҚ органы арқылы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нi байланыс жасау.
      12. Қолданған шаралар туралы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен ақпараттандыру.
      13. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нi пайдаланушымен байланыс орнату және байланыс жасау.
      14. Деректердi тiркеу және iздестiру iс-қимылдары мен iздестiру тиiмдiлiгiн бағалауға қатысты тиiстi карталарды жүргiзу.
      15. Сәттi iздестiрген және құтқару операциясы аяқталған жағдайда, апаттық кезеңдi жабу.
      16. Талап етiлген қорытынды есептердi дайындау.

Қазақстан Республикасының     


аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру   
жөнiндегi қағидаларға      
7-қосымша            

Апатқа ұшыраған әуе кемелерiн iздестiрудi жүргiзу әдiстемесi

1. Апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждарын iздестiру ауданын


анықтау әдiстемесi

      Қосымша мәлiметтер болмаған жағдайда, жалпы көрiнiсте iздестiру ауданы мынадай жағдайда айқындалуы мүмкiн (1-сурет):



      1) жұмыс картасына апатқа ұшыраған ӘК-нiң, ұшу кезiнде онымен байланыс болған (А нүктесi) соңғы бақылау нүктесiнен, ол келмеген немесе онымен байланыс орнатылмаған (В нүктесi) нүктеге дейiнгi берiлген ұшу бағытының учаскесi (АВ) енгiзiледi;


      2) карта масштабында бағыт учаскесiнiң бойымен (АВ) А нүктесiн ұшып өткен кезде ӘК орнын айқындаудың қателiктерiнiң мәнiне тең, енi ±r болатын жолақ салынады (a, f, g, b жолақтары);
      3) В нүктесiнен бағыт сызығына көлденең S жолын ұшып өту уақыты iшiнде ӘК-нiң L бүйiрге ең үлкен ауытқуына тең Ве және Вd бөлiктерi қалады.
      Картада пайда болған пiшiн (а, d, е, b, с) апатқа ұшыраған ӘК ең ықтимал тұрған жердiң ауданы болады.

2. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық iздестiрудi орындау


әдiстемесi

      Апатқа ұшыраған ӘК экипажын iздестiру-құтқару ӘК және радиоторауылдауыш аппаратураның ерекше жоғары жиiлiгiнiң (ЕЖЖ) және (ЖЖ) көмегiмен iздестiру iздестiрудiң негiзгi әдiсi болып табылады. 



      Апатқа ұшыраған ӘК орналасқан жерi анықталған ауданға шыққаннан кейiн iздестiру-құтқару ӘК экипажы авариялық радиостанция сигналын анықтағанға дейiн iздестiрудi жүзеге асырады.


      АРК–У2, АРК–УД, ЮР-26 радиокомпастарының көмегiмен жұмыс iстейтiн авариялық радиостанция (радиомаяк) сигналы табылған кезде, ӘК, радиоторауылдауыш ЕЖЖ-ның курстық бұрыштарының көрсеткiштер индикациясының берiктiгiне көз жеткiзген соң, iздестiру-құтқару ӘК экипажы ӘК-нi көрсетiлген радиостанцияға әкелудi жүзеге асырады.
      Радиокомпастың курстық көрсеткiшiнiң (ККР) көрсету тiлi 1800 градусқа бұрылуы бойынша айқындалатын авариялық радиостанция (радиомаяк) ұшып өткеннен кейiн экипаж зардап шеккендердi көзбен шолып табуды қамтамасыз ететiн ұшу биiктiгiнде оған қайта шығуды ескере отырып, маневр (2-сурет) орындайды.

3. Iздестiру ауданын көзбен шолу үшiн квадраттарға бөлу тәртiбi

      Көзбен шолып тексеру кезiнде iздестiру ауданы көзбен шолып iздестiру торы бар палеткаға сәйкес көлемi 20х20 шақырым болатын квадраттарға бөлiнедi (3-сурет). Қажет болған жағдайда 20х20 шақырым квадрат палеткаға сәйкес 10х10 шақырым болатын 4 квадратқа бөлiнедi. Ойлы-қырлы жерлерi көп орманды жердi жан-жақты тексеру үшiн жерүстi iздестiру-құтқару командасы 10х10 шақырым квадратты 5х5 шақырым болатын 4 квадратқа бөледi.
      IҚЖ басшысы (үйлестiрушiсi) бiрiншi кезектегi тексерулердiң квадратын және iздестiру бағытын айқындайды.
      Көзбен шолып iздестiру торы бар палетканы пайдаланған кезде:
      1) палетканың ортасын әуеайлақтың бақылау нүктесiмен (ӘБН) сипатты бағдарымен немесе болжамды апат ауданының орталығымен бiрiктiру;
      2) палетканың көлденең осiн шынайы меридианның солтүстiк бағытымен немесе болжамды ұшу бағытының перпендикуляр осiмен бiрiктiру;
      3) картада пайда болған квадраттарды палетка нөмiрiне сәйкес нөмiрлеу.

4. Апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждарын көзбен шолып iздестiру


тәсiлдерi

      Егер iздестiру ауданын радиотехникалық құралдар көмегiмен iздестiру нәтижесiнде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, IҚО (Ж) басшысының (үйлестiрушiсiнiң) шешiмiмен «Гребенка», «Параллель галстау», «Кеңейтiлетiн квадрат және берiлген бағыт» тәсiлдерiмен жүзеге асырылатын көзбен шолып iздестiру жүргiзiледi:


      1) «Гребенка» тәсiлiмен iздестiру (4-сурет) әдетте аз уақытта үлкен ауданды қарау мақсатында және iздестiру-құтқару ӘК-нiң саны жеткiлiктi болған жағдайда қолданылады.
      «Гребенка» тәсiлi көзбен шолып көру мен iздестiру аппаратурасының iс-қимылының қашықтығы шамамен 75 % құрайтын аралықта параллель тiк сызықты бағыттар бойынша бiрлесiп ұшу арқылы ӘК тобымен iздестiру ауданын бiр уақытта тексеру болып табылады.
      «Гребенка» тәсiлi iздестiру-құтқару ӘК орналасу орнынан алыстаған кезде iздестiрудi ұйымдастыру кезiнде қолданылады.

      2) «Параллель галстау» тәсiлiмен iздестiру (5, 6-сурет) қолда бар iздестiру-құтқару ӘК саны жеткiлiксiз болған жағдайда және ауқымды ауданды тексеру үшiн қолданылады.



      Бұл әдiс кезiнде iздестiру ауданы бiр уақытта бiрнеше бiр ӘК-мен немесе дәйектi түрде бiр ӘК-мен қарастырылатын бiрнеше iздестiру учаскелерiне (жолақтарына) бөлiнуi мүмкiн.


      Iздестiру апатқа ұшыраған ӘК-нiң тұрған жерiнiң ең ықтимал учаскесiнен (жолағынан) басталуы керек.
      Галстар арасындағы қашықтық (25 % жабуды қамтамасыз еткен жағдайда) «Гребенка» тәсiлiмен iздестiру кезiндегi ӘК арасындағы аралық сияқты орнатылады. Тексеру жолақтары арасындағы интервал галстар арасындағы қашықтықтың жартысына тең етiп алынады. Айналымдар санын азайту үшiн галстардың тiк сызықты учаскелерiн мақсатты түрде тексеру жолақтарының бойымен бағыттау.
      «Параллель галстау», «Кеңейтiлетiн квадрат және берiлген бағыт» тәсiлдерiмен iздестiру кезiнде галстардың арасындағы ұсынылатын қашықтық:
      1) қиылысқан жерде – 0,5 км;
      2) орманда – 1 км;
      3) қалың орманда – 0,5 км;
      4) ашық жерде – 2 км.
      Галстардың ұзындығы 10-20 км.

      3) «Кеңейтiлетiн квадрат» тәсiлiмен iздестiру (7-сурет) әдетте ӘК-нiң апат орны туралы деректер болған кезде қолданылады.


      Iздестiру апатқа ұшыраған экипаждың тұруы болжалған белгiлi нүктенiң айналасындағы ауданды бiр кiсiлiк ӘК-мен тексеруден құралады.
      Маршруттың көршiлес параллель учаскелерiнiң арасындағы қашықтық аймақты көруге кепiлдiк беруi керек.

      4) «Берiлген маршрут» әдiсiмен iздестiру (8-сурет) апатқа ұшыраған ӘК маршрутының учаскесi бойымен өтетiн берiлген жол сызығы бойынша орындалады.


      Әдiс iздестiру ауданы iздестiру-құтқару ӘК-нiң берiлген ұшу биiктiгiнде iздестiру аппаратурасы iс-қимылының енi 0,5-0,7 қашықтықты құрайтын жолақты құрғанда ғана қолданылады.

Қазақстан Республикасының     


аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру   
жөнiндегi қағидаларға      
8-қосымша            

Ауа райы ашық болғанда жергiлiктi жердегi объектiлердi көзбен
шолып табу қашықтығы



Қадағалау объектiсi

Жыл, тәулiк уақыты

Ұшу биiктiгi (метр)

Табу қашықтығы (шақырым)

1.

Бiр адам (адамдар тобы)

қыс
жаз

200
200

1,6-1,8
1,0-1,4

2.

Әуе кемесi

қыс және жаз

200

2-4

3.

От

түн

300

8-12

4.

Жыпылықтаушы шам

түн

300

2-4

Қазақстан Республикасының     
аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру   
жөнiндегi қағидаларға      
9-қосымша             

Iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргiзу кезiнде
қолданылатын сигналдар мен кодтар

      1. Апатқа ұшырағандарға таратылған көзбен шолу белгiлерi мен сигналдары 1-кестеде келтiрiлген.

      1-кесте



Белгiнiң, сигналдың мәнi

Апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының мүшесi беретiн белгi немесе сигнал

Адам пiшiнiнiң көмегiмен

Парашюттiң көмегiмен

1.

Ұшу оқиғасы болды, зардап шеккендер бар

Жатқан адамның пiшiнi

Парашюттiң күмбезi ортасында жатқан адамның пiшiнi бар шеңбер нысанында жерге төселген

2.

Азық-түлiкке, суға, жылы киiм-кешекке мұқтажбыз

Отырған адамның пiшiнi

Парашюттiң күмбезi үшбұрыш болып жиналған

3.

Қандай бағытқа жүрудi көрсетiңiз

Қолдары жоғары көтерiлiп екi жаққа шамалы жайылған адамның пiшiнi

Парашюттiң күмбезi ұзына бойы созылған

4.

Осы жерге қонуға болады

Екi қолын созып, тiзерлеп отырған адамның пiшiнi

Парашюттiң күмбезi шаршы түрiнде жиналған

5.

Көрсетiлген бағытта қонуға жақындаңыз

Қолдарын қонуға кiру бағытында алға қарай созып түрегеп тұрған адамның пiшiнi

Парашюттiң күмбезi қону «Т» түрiнде жиналған

6.

Бұл жерге қонуға болмайды

Қолдары жоғары көтерiлiп крест түрiнде көрсетiлген адамның пiшiнi

Парашюттiң күмбезi крест түрiнде жиналған

      2. Iздестiру-құтқару ӘК тарататын көзбен шолу белгiлерi мен сигналдары 2-кестеде келтiрiлген.

      2-кесте.





Белгiнiң немесе сигналдың мәнi

Iздестiру-құтқару ӘК экипажы беретiн белгi немесе сигнал

ӘК эволюцияларымен

Зымырандардың көмегiмен

1.

Сiздердi көрiп тұрмын

Көлденең жазықтықтағы шұғыл бұрылыс (табылған адамдардың үстiнен шеңбер жасау)

Жасыл зымыран

2.

Көмектi осы жерде күтiңiздер, сiздерге әуе кемесi келедi

Көлденең кеңiстiкте сегiздiкпен ұшу

Қызыл зымыран

3.

Көрсетiлген бағытта жүрiңiздер

Ұшақтың апатқа ұшырағандардың үстiмен қозғалыс курсы бағытында ұшуы

Сары зымыран

4.

Сiздердi түсiндiм

Қанаттан қанатқа тербелу

Ақ зымыран

5.

Сiздердi түсiнбедiм

Батпырауықша ұшу

Екi қызыл зымыран

6.

Қону бағыты мен жерге жақындау орнын белгiлеңiздер

Кейiннен бұрыла отырып төмен құлдилау

Екi жасыл зымыран

      3. Iздестiру мен құтқаруды жүргiзу кезiнде қолданылатын «Жер-әуе» халықаралық көзбен шолу белгiлерi 3-кестеде келтiрiлген.

      3-кесте





Белгiнiң мәнi

Белгi

1.

Көмек талап етiледi

V

2.

Медициналық көмек талап етiледi

X

3.

Жоқ немесе терiс

N

4.

Иә немесе оң

Y

5.

Осы бағытта қозғаламыз

|

6.

Операциялар аяқталды

LLL

7.

Бiз барлық адамдарды таптық

LL

8.

Бiз бiрнеше адамды ғана таптық

-|-|-

9.

Бiздiң iздестiрудi жалғастыратын жағдайымыз жоқ және базаға ораламыз

XX

10.

Екi топқа бөлiндi. Әрқайсысы көрсетiлген бағытпен бара жатыр

/___/

11.

ӘК осы бағытта екендiгi туралы мәлiметтер алынды

-> ->

12.

Ештеңе табылмады. Iздестiрудi жалғастырудамыз

NN

      4. Белгiлердiң көлемi 2,5 м. кем емес және оларды барынша дәрежеде көрiнетiндей етiп жасау қажет.
      Белгiлер мата жолағының, парашют материалының, ағаш, тастар кесектерiнiң көмегiмен қойылады. Белгiлердi жердiң бетiне орналастыру топырақты таптау, бетiн маймен сырлау жолымен жүзеге асырылады.
      Белгiлерге сигналдық зымырандардың, түтiннiң, шағылысқан жарықтың, радионың көмегiмен назар аудартуға болады.
      5. Егер жерден берiлетiн белгiлер ӘК экипажына түсiнiктi болса, онда ол мынадай сигналдар бередi:
      1) күндiзгi жарық кезiнде - ӘК қанаттарымен шайқалу;
      2) қараңғылық түскен кезде - қону шамдарын екi рет жағу және өшiру, егер әуе кемесi олармен жабдықталмаса, аэронавигациялық оттарын екi рет жағу және өшiру.
      Жоғарыда көрсетiлген сигналдардың болмауы жерден берiлген белгiнiң түсiнiктi болмағанын бiлдiредi.
      6. IҚО (Ж)-ны теңiзде орындау кезiнде мынадай сигналдар берiледi:
      1) егер ӘК экипажына суүстi кемесiне апатқа ұшырау жағдайындағы әуе немесе суүстi кемесiне бағыт алу өтiнiшiн беру қажет болса, онда ӘК экипажы мынадай маневрлердi жүргiзедi:
      суүстi кемесiнiң үстiнен айналымдар орындайды;
      суүстi кемесiнiң тұмсық бөлiгiнiң алдынан төменiрек биiктiкте кесiп өту және қанаттарымен шайқалуды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегiнiң қадамын өзгертудi жүзеге асырады;
      суүстi кемесi жүрiп бара жатқан бағытқа шығады;
      2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген сигнал арналған суүстi кемесiнiң көмегi одан әрi талап етiлмесе, онда ӘК экипажы суүстi кемесiнiң артқы бөлiгiне жақын жерден кильватер сызығын төмен биiктiкте кесiп өтедi және қанаттарын шайқауды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегiнiң қадамын өзгертудi жүзеге асырады;
      3) суүстi кемесiнiң экипажы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген сигналдың алынғандығын растау үшiн мынадай сигналдар бередi:
      ақ және қызыл тiк жолақтары бар кодтық жалаушаны барынша жоғары көтередi (бұл сигналдың түсiнiктi болғанын бiлдiредi);
      сигналдық шамның көмегiмен Морзе коды бойынша «Т» әрiптерiнiң қатарын таратады; бағытты өзгерту және ӘК соңынан жүру.
      7. Берiлген нұсқауларды орындау мүмкiн болмаған кезде суүстi кемесiнiң экипажы:
      1) «N» халықаралық туын (шахмат тақтасы түрiндегi көк және ақ шаршылар) көтередi;
      2) сигналдық шамның көмегiмен Морзе коды бойынша «N» әрiптер қатарын таратады.
      8. Көзбен шолу сигналын беру құралдары пиротехникалық, жарық техникалық, дыбыстық және түстiк болады:
      1) пиротехникалық құралдарға зымырандардың әр алуан түрлерi және сигналдық патрондар жатады;
      2) жарық-техникалық құралдарға қол сұғылмайтын авариялық қорлар (бұдан әрi – ҚАҚ) мен үрлемелi құтқару құралдарының жиынтығына кiретiн сигналдық айналар және қол шамдары мен сигналдық шырағдандардың әр алуан түрлерi жатады;
      3) дыбыстық құралдарға дыбыстық зымырандар мен ысқырықтар жатады;
      4) түстiк құралдарға қоршаған ортаны қарама-қарсы түстерге бояуға арналған химиялық заттар жатады.
      9. Түнгi және күндiзгi әрекет ететiн сигналдық патрон (бұдан әрi – ТКСП) тәулiктiң кез келген уақытында қолданылады. Ол олардың бiреуi – қызыл түстi отпен, ал екiншiсi қызғылт-сары түтiн бөлiп жанатын екi бөлiктен тұрады. Әрбiр бөлiктiң жану уақыты 30 секундты құрайды. Түнде оттың және күндiз түтiннiң көрiну қашықтығы:
      1) 500 м биiктiктен - түнде 25-30 шақырымға және күндiз 8-10 шақырымға;
      2) су бетiнде кемеден түнде 20 шақырымға және күндiз 6 шақырымға жетедi.
      Патрондарды iске қосу үшiн қақпағын бұрап алу, бауды суыру және баудың ұшындағы сақинаны қолды созып тұрып күрт жұлқып қалу қажет.
      ТКСП-да патронның түнгi бөлiгiнiң қақпағында ойық бар. Тұтанған патронды жел бағытында созылған қолмен 15-750 бұрышпен ұстау керек. Жүзу құралдарын ұшқынмен бүлдiруге жол бермеу үшiн патронды судың үстiнде ұстау керек.
      10. «РПСП - 40К» маркасындағы қызыл түстi патрон күндiзгi және түңгi уақытта сигнал беру үшiн қызмет етедi. Сигналдық патронды пайдалану қағидасы патронда көрсетiлген.
      Атуға арналған құрылғысы бар қызыл түстi сигналдық патрон апатқа ұшырау жағдайындағы экипаждың тұрған орнын анықтау мақсатында iздестiру-құтқару ӘК-ге сигналдар беруге арналған.
      Атуға арналған құрылғы автоқалам түрiндегi металлдан жасалған өзектi бiлдiредi, оның бiр ұшында сигналдық патрондарды бұрап кiргiзуге арналған бұрандалы тесiгi бар, құрылғының корпусына соққылы әскери серiппе және көтеруге арналған құрылғы орнатылған.
      Атуға арналған құрылғы мен сигналдық патрондар қорапқа немесе қаптамаға жиналады.
      11. Сигналдық айна күн сәулелерiмен шағылысқан (күн қояншасы түрiнде) жарық сигналын беруге арналған. Айна әрленген тегiс беттi болаттан дайындалған. ҚАҚ жиынтығындағы айнамен берiлген «сәуленi» табу қашықтығы - 14 шақырым, топтық сал жиынтығындағымен - 37 шақырым.
      «Сәуленi» ұшаққа дәлдеу айнаның сыртқы жағына жазылған нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Сигналдық бояғыш - әуеден жақсы көрiнетiн, суға түскен кезде күндiз сарғылт-жасыл, ал түнде ашық-жасыл флюоресценциялаушы үлкен дақ түзетiн ұнтақ. Оның көмегiмен қарды да бояуға болады, ол үшiн ұнтақты қардың үстiне себу қажет. Бояғыштың көмегiмен қар үстiне әртүрлi белгiлер салуға болады.

Қазақстан Республикасының     


аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру   
жөнiндегi қағидаларға      
10-қосымша            

Жүргiзiлген iздестiру-құтқару операциясы туралы есеп беру
форматы

Iздестiру-құтқару операциясы туралы есеп


(атауы, сәйкестендiру нөмiрi)

      1-бөлiм. Iздестiру объектiсi туралы ақпарат (ӘК, рейс нөмiрi, пайдаланушы, борттық жабдық, апат орны, мерзiмдерi көрсетiлген болжамды бағыты, авариялық жағдайсың сипаты, метеожағдай).


      2-бөлiм. Iздестiру-құтқару операциясы туралы ақпарат:
      1. Үйлестiру орталығының iс-қимылы
      1) Журналдағы жазбалар бойынша бастапқы әрекеттердiң қысқаша сипаттамасы.
      2) Жұмылдырылған iздестiру-құтқару күштерi мен құралдары, ден қою уақыты.
      3) Iздестiру объектiсiне қатысты негiзгi болжамдар.
      2. Iздестiру операциясы
      1) Iздестiру жоспарының негiздемесi.
      2) Iздестiру жоспарындағы кез келген өзгерiстердi түсiндiру.
      3) Iздестiру ауданын, қатыстырылған iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын және метеожағдайды қоса, күнделiктi iздестiру операцияларын қысқаша сипаттау.
      4) Iздестiру объектiсiн анықтаған жағдайда, iздестiру және құтқару объектiсiнiң тұрған орны, тiрiлердiң болуы, қаза болғандар саны, iздестiру-құтқару құралдарынан объектiнi табу қашықтығы, iздестiру әдiсi, уақыты, iздестiру шарттары туралы ақпаратты, авариялық радиомаяктар туралы мәлiметтi және iздестiру объектiсiне жататын басқа да ақпаратты беру.
      5) Iздестiру объектiсi табылмаған жағдайда, себебiн көрсету (жалпы түрде).
      3. Құтқару операциясы
      1) Тiрi қалғандардың жай-күйi.
      2) Жұмылдырылған iздестiру-құтқару күштерi мен құралдары.
      3) Эвакуация туралы толық ақпарат.
      4) Туындаған мәселелер, егер ондайлар орын алған болса.
      3-бөлiм. IҚО тоқтату/тоқтата тұру:
      1. Iздестiру объектiсi табылды (күнi/уақыты, тұрған орны, тiрi қалғандар, зардап шеккендер, iз-түссiз жоғалғандар және т.б.).
      2. Iздестiру уақытша тоқтатылды (iздестiрудi тоқтата тұруға берiлген рұқсат, тiрi қалғандар, зардап шеккендер, iз-түссiз жоғалғандар және т.б.).
      4-бөлiм. Қорытындылар/ұсыныстар:
      1. IҚО үйлестiрушiсiнiң қорытындылары.
      2. Келешекте осыған ұқсас жағдайлар мен оқиғаларға жол бермеуге жәрдем көрсету үшiн IҚО үйлестiрушiсiнiң ұсыныстары.
      3. Үйлестiру орталығы басшысының ескертулерi.
      4. Iздестiру және құтқару үйлестiрушiсiнiң ескертулерi.

      Қосымша:


      1. Метеорологиялық мәлiметтер.
      2. Көзбен шолып бақылауды жүзеге асырған тұлғалардың хабарламалары.
      3. IҚО карталары.
      4. Iздестiру-құтқару құралдарын пайдалану (ұшу сағаттары).
      5. Табылған заттар тiзбесi.
      6. Фотосуреттер (егер ондайлар болса).
      7. Тарату тiзiмi.
Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік теле-, радиоарналардың 2014 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша тізімі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидалары Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзiмiн ұзарту қағидаларын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет