Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi



жүктеу 241.12 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі241.12 Kb.
: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi № 760 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 қарашадағы № 1257 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 26.12.2013 ж. № 282 (28221); "Казахстанская правда" от 26.12.2013 г. № 344 (27618)

      РҚАО-ның ескертпесi!


      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) «Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 шiлдедегi № 760 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 606-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
      3-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалған тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетiлген алым мемлекеттiк бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өтiнiш берушiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiм беруi. Қайта сертификаттауға арналған өтiнiм қолданыстағы сертификаттың мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк 90 күн бұрын берiледi;»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өтiнiмге сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) заңды тұлға үшiн – жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысы растаған және мөрi қойылған көшiрмесi;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      2) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) әуеайлақ (тiкұшақ әуеайлағы) және оның радионавигациялық құралы орналасқан жер учаскесiн, құрылысты пайдалану (меншiк) құқығына актiнiң көшiрмесi;
      4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтiнiш берушi мiндеттемесiнiң көшiрмесi;
      5) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метеоқамтамасыз ету органдарымен өзара iс-қимыл жасау шарттарының көшiрмесi;
      6) әуе қозғалысын басқару объектiлерi мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесiн ұшу кезiнде тексеру актiлерiнiң көшiрмесi;
      7) радиотехникалық жабдық пен әуе қозғалысын басқару және қызмет көрсету жөнiндегi диспетчер немесе радиооператор пунктi жабдығының тiзбесi;
      8) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесi, метеорологиялық қамтамасыз етудiң басшылыққа алынатын құжаты, әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу және өрт сөндiру бойынша жедел жоспар;
      9) ұшуды жүргiзу бойынша нұсқаулықтың көшiрмесi (бiрлесiп пайдаланатын әуеайлақтар үшiн);
      10) инженерлiк-техникалық персоналдың оқудан және бiлiктiлiгiн арттырудан өткендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесi;
      11) аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрi – АIР) енгiзу үшiн ақпарат тарату және ақпарат алмасу бойынша нұсқаулық
      12) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты лауазымдық нұсқаулықтардың тiзбесi;
      13) әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңiнде болған авиациялық инциденттер, оқиғалар және олардың алғышарттары туралы ақпарат (өтiнiм қайта берiлген кезде);
      14) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттау үшiн алынатын алымның төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;».
      9. Егер олар аталған құжаттаманы әзiрлеуге тартылған болса, осы Қағиданың 8-тармағында көрсетiлген растайтын құжаттардың тiзбесiне ғылыми зерттеу ұйымдарының және тиiстi құзыреттi органдардың қорытындылары қоса берiледi.»;
      12-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      13-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өтiнiш берушiге өтiнiмдi алдын ала бағалау барысында анықталған кемшiлiктердiң тiзбесi бар жазбаша хабарламаны және оларды жою мерзiмдерi белгiленген ұсынымдарды жiбередi.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Өтiнiм бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейiн уәкiлеттi орган сертификаттық тексеру жүргiзу үшiн комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құру туралы шешiм шығарады және күнтiзбелiк 15 күннiң iшiнде бұл туралы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтiнiш берушiнi хабардар етедi.»;
      16-тармақтың 1), 6) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әуеайлақ объектiлерiнiң, әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) геометриялық, физикалық сипаттамаларының және оның жабдықтарының әуеайлақ жөнiндегi нұсқауға және сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн;
      6) өтiнiш берушiнiң басқа ұйымдармен тиiстi арнайы жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және бақылау құқығына жасасқан өзара iс-қимыл жасау шарттарының болуын, сондай-ақ авиация персоналын оқытуды;
      9) әуеайлақ объектiлерiнiң, азаматтық авиация ұйымдарының өндiрiс жабдықтары мен құралдарының техникалық сипаттамаларын (көрсеткiштерiн) қарайды, өтiнiш берушiнiң әуеайлақтың сертификаттау және пайдалану талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету қабiлетiн айқындауға мүмкiндiк беретiн өндiрiстiк рәсiмдердi тексередi.»;
      17, 21 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Сертификаттық тексеру мерзiмi сертификаттық тексеру жүргiзуге шешiм қабылданған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайды.
      21. Сертификатты немесе сертификат беруден бас тарту туралы шешiмдi ресiмдеудi және берудi уәкiлеттi орган сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннiң iшiнде жүргiзедi.
      24. Мынадай:
      1) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау және пайдалану талаптарын сақтамаған жағдайда;
      2) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдаланушының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылық сертификатының қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады.
      Анықталған кемшiлiктер жойылғаннан және уәкiлеттi органға растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн сертификаттың қолданылуын қалпына келтiрудi сертификаттық тексеруден кейiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
      28-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте ұшу қауiпсiздiгiнiң барабар деңгейiн (бұдан әрi – ҰҚБД) қамтамасыз ету бойынша тиiстi шаралар қабылданады, сертификаттық құжаттама құрамына енгiзiлетiн және сертификат алуға арналған өтiнiмге қоса берiлетiн қажеттi құжаттама әзiрленедi. ҰҚБД қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қабылдау туралы құжаттама бағалау, тәуекелдi басқару әдiстемесiнiң негiзiнде жасалады және оған өтiнiш берушi мен ҰҚБД-ны әзiрлеуге қатысқан ұйым қол қояды.»;
      29, 33 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. ҰҚБД бойынша құжаттаманы әзiрлеу үшiн өтiнiш берушi (әуеайлақ (тiкұшақ әуеайлағының) пайдаланушысы, иесi) тиiстi ғылыми-зерттеу және/немесе өзге де құзыреттi ұйымдарды тартуы мүмкiн. Тәуекелдi бағалау мақсатында ҰҚБД әзiрлеуге дейiн осы шараларға қатысты уәкiлеттi органнан консультация алуы қажет.
      Уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейiн осы әуеайлақта (тiкұшақ айлағында) ҰҚБД қолданысқа енгiзу туралы ақпарат он жұмыс күнi iшiнде әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) жөнiндегi нұсқауға және аэронавигациялық ақпараттың басқа да құжаттарына енгiзiледi.
      33. Сертификатқа өзгерiстер енгiзу немесе телнұсқасын алу үшiн сертификаттың иесi негiздемесiмен, тиiстi өзгерiстердi растайтын құжаттармен қоса еркiн нысандағы өтiнiштi және бұрын берiлген сертификатты (жоғалған немесе ұрланған жағдайлардан басқа) бередi.
      35. Әуеайлақта ұшу-қону жолағының, рульдеу жолдарының, әуе кемелерiнiң тұрақ орындарының, перрондарының физикалық, геометриялық сипаттамасына, жарық сигналдық, радиотехникалық немесе метеорологиялық жабдықтарды орнатуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, әуеайлақ объектiлерiн электрмен жабдықтауды қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға; талап етiлетiн өрттен қорғау деңгейi бойынша санатты өзгертуге; ИКАО-ның 15-қосымшасына сәйкес әуеайлақтың 2, 3 немесе 4-ауданында кедергiлердiң құрамы мен сипаттамасындағы өзгерiстерге қатысты бөлiкте әуеайлақта өзгерiстер енгiзу қажет болған жағдайда, сертификаттың иесi өзгерiстердi есепке ала отырып, әуеайлақ объектiсiнiң пайдалану талаптарына сәйкестiгiн анықтайды және өзгерiстi әуеайлақ нұсқауына енгiзу үшiн уәкiлеттi органнан мақұлдау алу үшiн өтiнiм жолдайды.
      Өзгерiстердi ескере отырып, әуеайлақтың пайдалану талаптарына сәйкестiгiн анықтау жұмысына қажеттiлiгiне қарай ғылыми-зерттеу немесе өзге де құзыреттi ұйымдар тартылады.»;
      6-тарау алынып тасталсын;
      көрсетiлген Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетiлген Қағидаға 6-қосымшада:
      «Әуеайлақты сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасы» деген кестеде:
      «1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы және сәйкестiгi» деген бөлiмдегi реттiк саны 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


3)

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады







                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы 12-бөлiммен толықтырылсын:

      «

12. Отын құю құралдары

1

Зертхана, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеру







2

Отын құю машиналары мен механизмдерi







3

Жанар-жағармай материалдарының қоймасы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар







                                                                   »;

      Әуеайлақты сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«Әуеайлақты сертификаттық  
тексерудiң үлгi бағдарламасына
қосымша           

Әуеайлақты сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына
сәйкессiздiктер тiзбесi

______________________________________________________


(өтiнiш берушiнiң атауы)

Бағдарламадағы
сәйкессiздiк
позициясының №

Сәйкессiздiктiң сипаттамалары

Ескертпе

1

2

3







Мерзiмдi белгiлеу







Қажеттiлiгiне қарай тәуекелдi талдауды талап ету







Қажеттiлiгiне қарай тәуекелдi талдауды талап ету







Тәуекелдi басқару жөнiндегi iс-қимыл жоспарын талап ету

Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
                   __________________________________________________
                   __________________________________________________
                                     (қолы, Т.А.Ә.)

Таныстым:          __________________________________________________


                   __________________________________________________
                     (азаматтық авиация ұйымының басшысының Т.А.Ә.,
                                          қолы)

Сертификаттық


тексеру жүргiзiлген күн           20__ жылғы «___» ________________»;

      көрсетiлген Қағидаға 7-қосымшада:


      21-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:

      «


21. Отын құю құралдары

21.1

Зертхана, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеру







21.2

Отын құю машиналары мен механизмдерi







21.3

Жанар-жағармай материалдарының қоймасы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар







                                                                   »;

      Тiкұшақ айлағын сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«Тiкұшақ айлағын сертификаттық
тексерудiң үлгi бағдарламасына
қосымша           

Тiкұшақ айлағын сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына
сәйкессiздiктер тiзбесi

______________________________________________________


(өтiнiш берушiнiң атауы)

Бағдарламадағы
сәйкессiздiк
позициясының №

Сәйкессiздiктiң сипаттамалары

Ескертпе

1

2

3







Мерзiмдi белгiлеу







Қажеттiлiгiне қарай тәуекелдi талдауды талап ету







Қажеттiлiгiне қарай тәуекелдi талдауды талап ету







Тәуекелдi басқару жөнiндегi iс-қимыл жоспарын талап ету

Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
                   __________________________________________________
                   __________________________________________________
                                     (қолы, Т.А.Ә.)

Таныстым:          __________________________________________________


                   __________________________________________________
                     (Азаматтық авиация ұйымының басшысының Т.А.Ә.,
                                          қолы)

Сертификаттық


тексеру жүргiзiлген күн           20__ жылғы «___» ________________»;

      көрсетiлген Қағидаға 8-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


      2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкiлеттi органға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм берiлген күннен және қабылдап алушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – күнтiзбелiк 90 күннiң iшiнде;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы болып табылады.
      Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау мемлекеттiк бюджетке аталған алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшiн алым ставкалары:

Р/с


Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау түрi

Сертификаттау үшiн алым ставкасы (АЕК)

1

2

3




Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшiн:

1.

әуеайлақтың жарамдылығы

1)

А немесе Б немесе В класы/санатталмаған

1349

2)

А немесе Б немесе В класы/санаты - I

1604

3)

А немесе Б немесе В класы/санаты – II немесе III

2078

4)

Г класы/санатталмаған

1203

5)

Д класы/санатталмаған

948

6)

Е класы/санатталмаған

692

2.

тiкұшақ айлағының жарамдылығы

1)

жер бетi деңгейiнде орналасқан:




2)

I, II, III класы жабдықталмаған

364

3)

I, II, III класы iшiнара жабдықталған

419

4)

I, II, III класы жабдықталған

510

5)

Жер бетiнен аздап көтерiлген:




6)

I, II, III класы жабдықталмаған

328

7)

I, II, III класы iшiнара жабдықталған

382

8)

I, II, III класы жабдықталған

437

9)

палубалық тiкұшақ айлағы немесе тiкұшақ палубасы:




10)

I, II, III класы жабдықталмаған

255

11)

I, II, III класы iшiнара жабдықталған

309

12)

I, II, III класы жабдықталған

328

                                                                   »;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


      «11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе сенiмхат бойынша оның уәкiлеттi өкiлi уәкiлеттi органға сертификат алу үшiн мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдердi ұсынады:
      1) заңды тұлға үшiн – жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысы растаған және мөрi қойылған көшiрмесi;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      2) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) әуеайлақ (тiкұшақ әуеайлағы) және оның радионавигациялық құралы орналасқан жер учаскесiн, құрылысты пайдалану (меншiк) құқығына актiнiң көшiрмесi;
      4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтiнiш берушi мiндеттемесiнiң көшiрмесi;
      5) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метеоқамтамасыз ету органдарымен өзара iс-қимыл жасау шарттарының көшiрмесi;
      6) әуе қозғалысын басқару объектiлерi мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесiн ұшу кезiнде тексеру актiлерiнiң көшiрмесi;
      7) радиотехникалық жабдық пен әуе қозғалысын басқару және қызмет көрсету жөнiндегi диспетчер немесе радиооператор пунктi жабдығының тiзбесi;
      8) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесi, метеорологиялық қамтамасыз етудiң басшылыққа алынатын құжаты, әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу және өрт сөндiру бойынша жедел жоспар;
      9) ұшуды жүргiзу бойынша нұсқаулықтың көшiрмесi (бiрлесiп пайдаланатын әуеайлақтар үшiн);
      10) инженерлiк-техникалық персоналдың оқудан және бiлiктiлiгiн арттырудан өткендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесi;
      11) аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрi – АIР) енгiзу үшiн ақпарат тарату және ақпарат алмасу бойынша нұсқаулық
      12) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты лауазымдық нұсқаулықтардың тiзбесi;
      13) әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңiнде болған авиациялық инциденттер, оқиғалар және олардың алғышарттары туралы ақпарат (өтiнiм қайта берiлген кезде);
      14) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттау үшiн алынатын алымның төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      Құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның мөрiмен және қолымен расталады.»;
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенiң телефоны: 8 (7172) 24-14-19.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қаралады.
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейiн.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда, шағым уәкiлеттi орган басшысының атына мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қаралады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнiнiң iшiнде қаралады.».
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасының төртiншi, бесiншi және жиырма төртiншi абзацтарын, 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және жиырма бесiншi абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
1-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)


жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
1-қосымша           

ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫ
АРД сериясы № _____

20__ жылғы «___» __________ берiлдi


20__ жылғы «___» __________ дейiн жарамды

1. Әуеайлақ (әуеайлақ атауы) ________________________________________


_____________________________________________________________________
2. Әуеайлақтың орналасқан жерi (әкiмшiлiк және географиялық
координаталары) _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Әуеайлақтың иесi (заңды тұлға) ___________________________________
_____________________________________________________________________
4. Әуеайлақтың сыныбы және ИКАО коды ________________________________
_____________________________________________________________________
5. Осы арқылы әуеайлақтың азаматтық әуеайлақтарды пайдалану
талаптарына және жарамдылық нормаларына сәйкес келетiнi
куәландырылады. Осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын
сертификатқа қосымшада қолданылу саласында көрсетiлген ережелер мен
шектеулердi ескере отырып, ұшуларды орындауға рұқсат етiледi.
6. Сертификатты беру үшiн негiз: ____________________________________
Комиссияның 20   ж. «   » ____________________ қорытындысы туралы акт
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________


          (қолы, Т.А.Ә.)

Әуеайлақтың жарамдылық


сертификатына қосымша

АРД сериясы № _______________



ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Ұшу шарттары

Кiру түрi және қону бағыты

Ескертпе

















































Р/с


Шектеулер




1










2










3










4










_____________________________________________________________________
          (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________


       (қолы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
2-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)


жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
2-қосымша           

ТIКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫ
ВРД сериясы № _____

20__ жылғы «___» __________ берiлдi


20__ жылғы «___» __________ дейiн жарамды

      1. Тiкұшақ айлағы (жерүстi, көтерiлген және тiкұшақ


палубасындағы тiкұшақ айлағының атауы) ______________________________
      2. Тiкұшақ айлағының орналасқан жерi (әкiмшiлiк және
географиялық координаталары) ________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Тiкұшақ айлағының иесi _____________________________________
      4. Тiкұшақ айлағын пайдаланушы ________________________________
      5. Тiкұшақ айлағының ИКАО бойынша сыныбы HI, HII __ H __ III __
_____________________________________________________________________
      6. Осымен тiкұшақ айлағы осы сертификаттың ажырамас бөлiгi
болып табылатын қолданылу саласын есепке ала отырып, азаматтық
тiкұшақ айлақтарын пайдалану талаптары мен жарамдылық нормаларына
сәйкес келетiнi куәландырылады.
      7. Сертификатты беру үшiн негiз: ______________________________
Сертификат 20   ж. «   » _________________________ қорытындысы туралы
акт (тексеру парағы) ________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________


         (қолы, Т.А.Ә.)

Тiкұшақ айлағының жарамдылық


сертификатына қосымша   

ВРД сериясы № ___________________



ТIКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Ұшулар шарттары

Қону бағыты

Ескертпе

















































Р/с


Шектеулер




1










2










3










4










_____________________________________________________________________
            (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________


         (қолы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
3-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)


жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
3-қосымша           

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына
сертификаттауды жүргiзуге
ӨТIНIМ

       1. ____________________________________________________________


              (ұйымның, өтiнiш берушiнiң атауы, оның мекенжайы)
атынан ______________________________________________________________
                          (әуеайлақтың атауы)
_____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
_____________________________________________________________________
                    (басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
            (нормативтiк актiлердi көрсету және атауы)
талаптарына сәйкес келетiндiгiн мәлiмдейдi және осы объектiнiң
сертификаттау талаптарына сәйкестiгiне инспекциялық тексеру жүргiзудi
сұрайды.
       2. Қосымша ақпарат (әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) класы, қону
аспаптарын ескере отырып (көзбен шолу, аспаптар бойынша, нақты емес
немесе нақты кiрулер) ұшу шарттары __________________________________
_____________________________________________________________________
       3. Қосымша ____________________________________________________

Басшы ____________________________________       ____________________


                   (Т.А.Ә.)                              (қолы)

М.О.                                        Күнi ____________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
4-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)


жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына 
4-қосымша          

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына
сертификаттау жүргiзуге өтiнiм бойынша
шешiм

      20__ жылғы «___» ___________


      Сiздiң әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын
сертификаттауға өтiнiмiңiздi және құжаттамаңызды қарап, мынаны
хабарлаймыз:
      1. Сертификаттық тексеру ____ бастап ___ кезеңiнде жүргiзiледi.
      2. Тексеру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23
қаңтардағы № 156 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының)
пайдалануға жарамдылығы нормаларының, сондай-ақ _____________________
______________________________________ талаптарына сәйкес жүргiзiледi
   (нормативтiк құжаттардың атауы)
      3. Сертификаттық тексерудi мынадай құрамдағы Комиссия
объектiлердi тексеру (сынау) жолымен жүзеге асырады:
      Комиссия төрағасы _____________________________________________
      Комиссия мүшелерi _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Жұмыстар 20__ жылғы «___» __________ № ____ өтiнiм негiзiнде
жүргiзiледi.

      Басшы ___________________________           ___________________


                      (Т.А.Ә.)                           (қолы)

      МО                               20__ ж. «___» ________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
5-қосымша       

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)


жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
5-қосымша          

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылық
сертификатына өтiнiш берушiнiң
мiндеттемесi

Мен, ________________________________________________________________


                          (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________ осы арқылы әуеайлақтың (тiкұшақ
айлағының) __________________________________________________________
____________________________________________________________________,
                 (нормативтiк құжаттардың атауы)
сертификаттау талаптарына сәйкес келетiнiн, ұсынылған құжаттамадағы
ақпарат әуеайлақтың нақты жай-күйiне сәйкес келетiнiн куәландырамын
және:
      1) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттау талаптары мен
нормативтiк құжаттаманың ережелерiне сәйкес пайдалануға және ұстауға;
      2) аэронавигациялық ақпарат басылымдарында (АIP) қамтылған
деректердiң әуеайлақтың нақты жай-күйiне сәйкестiгiн қамтамасыз
етуге;
      3) әуеайлақта (тiкұшақ айлағында) сертификаттау және
нормативтiк талаптарға сәйкессiздiктер анықталған кезде әуежайда ұшу
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi шектеулердi дереу
енгiзiп, уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлауға;
      4) уәкiлеттi органнан әуеайлақ басшылығына, әуеайлақтың
аэронавигациялық паспортына (ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулыққа)
және әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын
және өрттердi сөндiру бойынша жедел жоспарға толықтырулар мен
өзгерiстер енгiзуге рұқсат алуға;
      5) АIP-ге енгiзу үшiн дайындалған материалдарды уәкiлеттi
органға бекiтуге уақытында жiберуге мiндеттенемiн.

      Басшы ___________________________          ____________________


                      (Т.А.Ә.)                          (қолы)

      МО                               20__ ж. «___» ________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
6-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)


жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
8-қосымша          

Әуеайлақты (тiкұшақ айлағын)
сертификаттық тексеру
актiсi

      20 ___ жылғы «___» __________ № _______ бұйрықпен тағайындалған


мынадай құрамдағы комиссия:
      Комиссия төрағасы _____________________________________________
      Комиссия мүшелерi: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)
_______________________________ кезеңде ұсынылған құжаттаманы қарады,
әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) сертификаттық талаптарға сәйкестiгiне
тексеру жүргiздi және мыналарды анықтады:
      1. Әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) мемлекеттiк тiркеу туралы
куәлiк ______________________________________________________________
                  (№, берiлген күнi және қолданылу мерзiмi)
      2. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) пайдалануға жарамдылық
сертификаты _________________________________________________________
                    (№, берiлген күнi және қолданылу мерзiмi)
      3. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) физикалық сипаттамалары:
      1) әуеайлақ элементтерiнiң геометриялық өлшемдерi;
      2) кедергiлердi шектеу және есепке алу;
      3) жасанды жабындарының берiктiгi;
      4) жасанды жабындарының жай-күйi.
      4. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) әуеайлақ жабындары мен
кедергiлерiнiң күндiзгi таңбалануы:
      1) әуеайлақ жабындарының күндiзгi таңбалануы;
      2) кедергiлер мен объектiлердiң күндiзгi таңбалануы.
      5. Радиотехникалық жабдықтар және ӘҚБ диспетчерлiк пункттерiнiң
жабдықтары:
      радиотехникалық құралдардың құрамы;
      1) қону жүйесiнiң жер үстi жабдықтары;
      2) ҚЖЖ отырғызудың радиотехникалық жүйесi;
      3) жеке жалғамалы станция;
      4) әуеайлақтың қосымша маркерлiк радиомаягi;
      5) автоматты радиопеленгатор;
      6) объективтiк бақылау құралдары;
      7) электрбайланыс құралдары;
      8) ұшу алаңын көретiн радиолокациялық станциясы;
      9) әуе қозғалысын басқарудың диспетчерлiк пункттерiнiң жабдығы.
      6. Әуеайлақтың жарық сигналы жабдықтарының және объектiлердi
жарықпен қоршау жүйелерi
      7. Метеорологиялық жабдықтар
      8. Электрмен жабдықтау және электр жабдықтары:
      1) әуеайлақты электрмен жабдықтау;
      2) әуеайлақ объектiлерiн электрмен қоректендiру;
      3) автономды электрмен қоректендiру;
      4) электр желiлерi.
      9. Авариялық-құтқару құралдары.
      10. Әуеайлаққа қызмет көрсету мен жөндеуге арналған арнайы
техника _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестiгi
туралы Комиссияның қорытындысы

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      Комиссия мүшелерi: _________________________       ____________
                                  (Т.А.Ә.)                  (қолы)

      Таныстым: _____________________________________________________


_____________________________________________________________________
        (азаматтық авиация ұйымының басшысының Т.А.Ә., қолы)

Сертификаттық


тексеру жүргiзiлген күн             20__ жылғы «___» ______________»;



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет