Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар



Дата24.04.2016
өлшемі40.02 Kb.




№ исх: 1264 от: 01.11.2011

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeде:

«халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсету;» деген 14-тармақтың елу төртінші абзацы алынып тасталсын.

2. «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 263-құжат):

2-тармақ алынып тасталсын.

3. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 209-құжат):


  1. көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актіде:

«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:

«Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын;


  1. көрсетілген қаулымен бекітілген тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актіде:

«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:

«Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын;


  1. көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін актіде:

«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:

«Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын;


  1. көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін актіде:

«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:

«Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):

2-тармақтағы «осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын.

5. «Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат):

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтердің стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.».

6. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) гендерлік теңдік қағидатын сақтау;»;

14-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«8-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

8-2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;

8-3) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;

8-4) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;

111) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«111) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;»;

124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:



«124) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;».
_______________________


Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет