Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қажет



Дата17.04.2016
өлшемі161.52 Kb.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « »

қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қажет.

1) «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011ж., № 12, 155-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында:

259-тармақ мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Бұл ретте жеке (резервтік) радиостанция пайдаланылуы тиіс.»;

көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:

31-тармақ мына редакцияда жазылсын:

«31. Ақпарат құжаттау құрылғыларында қатты дискілерде жазылып, сақталады. Қатты диск толған кезде ондағы ескі ақпарат автоматты түрде өшіріледі және оның орнына жаңа ақпарат жазылады. Қатты дискілер көлемі кемінде 30 тәулік мерзімге сақталатын ақпаратқа рұқсат етілу қамтамасыз етілуі тиіс.

2. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011ж., № 38, 459-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:



2-тармақ мына мазмұндағы 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:

«35) қашықтықтан басқарылатын әуе кемесі – осы әуе кемесінің бортында отырмаған пилот басқаратын әуе кемесі;

36) белгіленген бағыт –әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс бағыт, авиациялық жұмыстарды орындау үшін арналған бағыт.»;

7 тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«7. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымына мынадай элементтер кiредi:

1) әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары немесе ұшу ақпаратының аудандары;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары және ЖӘЖ, орнатылған маршруттар);
      3) әуеайлақ (аэротораптар, тiкұшақ әйлақтары) аудандары;
      4) бақыланатын әуе кеңiстiгi аудандары;
      5) мемлекеттiк авиацияның арнайы ұшу аймақтары;
      6) әуе кемелерiнiң әуе трассалары мен ЖӘЖ-ден тыс ұшу маршруттары;
      7) тыйым салынған аймақтар;
      8) қауiптi аймақтар;
      9) ұшуды шектеу аймақтары;
      10) бөлу схемасы осы Қағиданың 8-тармағында анықталатын ұшу эшелоны.»;


11 және 13-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:

«11. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты, тиiстi жағдайларда, әуе трассасын, жергiлiктi әуе желiсiн және белгіленген бағытты бiлдiредi. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының индекстерiн белгiлеу қағидаттары осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгiленедi.

13. Жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген бағыт төменгi әуе кеңiстiгiнде орналасады. ҰКШЕ бойынша ұшулар үшін жергiлiктi әуе желiсiнiң және белгіленген бағыттың енi 4 километрден белгiленедi.»;

мына мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Атыс, ракета ұшыру, жарылыс жұмыстарын, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын жүргізумен және меншік иесінің (немесе объектіні пайдалануға жауапты органның) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа да қызметімен байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ органдарымен өзара әрекеттестік жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, жауапкершілік ауданында объект тұрған ӘҚБ органымен келісіледі.»;

22, 23, 26-1, 26-2, 26-3 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:

1) оқ-дәрілермен оларды сақтау нысандарында жұмыстар жүргізу;

2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;

3) электрмагниттік сәулелену;

4) жарықтық сәулелену;

5) басқарылмайтын зондтарды жіберу аудандары;

6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.

23. Ұшуларды шектеу аймақтары барлық атыс түрлері, ракеталар ұшыру, жарылыс жұмыстары жүргізілетін аудандар, мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, тарихи және мәдени мұралар, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қорғалатын объектілер үстінде белгіленеді.

26-1. Жабық аймақты, қауіпті аймақты және ұшудың шектеулі аймақты бастапқы анықтау кезінде әр аймаққа белгі тағайындалады.

26-2. Берілген белгі осы аймаққа қатысты барлық келесі өзгерістерде белгілеу үшін пайдаланылады.

26-3. Белгілеу әріп пен цифрдің келесі тобынан құралған:

1)әріптік белгілеу UA;

2) әріп Р тыйым салынған аймаққа, әріп R ұшуларды шектеу аймақтар үшін және әріп D 

қауіпті аймақ үшін тиісінше;

3) Қазақстан Республикасы аумағында қайталанбайтын нөмір»

33, 55, 58,59,61, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Авиациялық жұмыстар, парашютпен секірулер, ұшқышсыз ұшу аппараттардың, қашықтан ұшқыш басқаратын әуе кемелерінің ұшулары, елді-мекендердің үстімен байлаудағы аэростаттарды көтеру үшін әуе кеңістігін пайдаланушылармен  Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығының (ӘҚБ БО)  елді мекендердің үстінен ұшуға арнайы рұқсаты және  ұшу жұмыстары жоспарланған аймақтар шегінде, республикалық маңызы бар қалаларда және астаналарда, жергілікті атқару органдарын ескерте отырып орындалады.»

«55. Әуе кеңістігін пайдалану жоспары мыналарға бөлінеді:

1) әуе кемелерінің ұшу жоспарлары;

2) пилотсыз ұшу аппараттарының, қашықтан басқарылатын әуе кемелерінің, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшу жоспарлары;

3) басқарылмайтын аэростаттарды жіберу, атыс өткізу, зымырандар жіберу және жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлары.»

«58. Әуе кемесінің ұшу жоспары А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ G сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалану кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына хабарлау және пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, мақсатында ұсынылады.

Пилотсыз ұшу аппаратының, қашықтан басқарылып әуе кемесінің немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабар әуе кеңістігінің сыныбына қарамастан, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.

Ұшқышсыз ұшу аппаратын, қашықтан ұшқыш басқаратын әуе кемесін немесе қашықтан басқарылатын аэростатты пайдалану ең жоғары ұшу биіктігі жер бедері бетінен 100 метрден, ұшып көтерілу салмағы ең көп дегенде 4 килограммнан аспаған жағдайда және ұшу бағыты әуе қозғалысына қызмет көрсету бағыттарының, ұшып шығу және қонуға кіру сұлбаларының, ұшуға тыйым салынған аймақтың шекаралары шегінен, сондай-ақ шекара маңындағы жолақтан аспаған жағдайда өтінімсіз жүзеге асырылады.

Күзетілетін обьектілер үстінен барлық пилотсыз ұшу аппараттарының, қашықтан басқарылып, әуе кемесімен немесе басқарылатын аэростатпен ұшуды пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен осындай ұшудың басталуына дейін кемінде 5 жұмыс күнінде келіседі.»

«59. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушы төмендегi ұшуларды орындаған жағдайда әуе кемесiнiң ұшу жоспарын ӘҚБ БО интернет-қорына және аталған органының жақын жердегі «Брифинг» тобына ұсынады:

1) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiндегi әуе трассалары мен жергiлiктi әуе желiлерi бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерiнiң


      2) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiнiң әуе трассалары мен жергiлiктi әуе желiлерiнен тыс жерлерде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерiнiң
      3) G сыныбындағы әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерiнiң.»
«61. Ұшу жоспары төмендегі нысандардың бірінде ұсынылады:

1) деректерді берудің авиациялық жер үсті желілері арқылы таратылатын хабарлама және ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған телеграфтық хабарламалар;

2) ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған факсимильдік хабарламаны қоса алғанда, қағаз жеткізгіштегі хабарлама;

3) ұсынылған жоспар туралы ақпарат немесе ағымдағы жоспарға жасалатын өзгерістер туралы ақпарат жазылған әуе кемесінің бортынан берілетін экипаж хабарламасы;

4) ортақ пайдаланымдағы байланыстың телефондық желісін немесе Интернет желісін пайдалану арқылы берілетін, ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған хабарлама.

Ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған Интернет желісін пайдалану арқылы алынған хабарлама Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығының веб-сайтына беріледі. Осындай жоспарларды беру үшін әуе кеңістігін пайдаланушылар ұшуды орындауға құқығын куәландыратын қолданыстағы құжаттар болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте логин және пароль алады.»;

63. Әуе кемесiнiң ұшу жоспарында мыналарды қамтиды:

1) әуе кемесiнiң тану индексi туралы ақпарат (рейс нөмiрi, әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi);

2) ұшу ережесi (прибор бойынша ұшу ережесi (бұдан әрi - ПҰЕ), ұшуларды көзбен шолу ережесi және ұшу түрi (тұрақты (S), тұрақты емес (N), жалпы мақсаттағы авиация ұшулары (G),мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiнiң ұшулары (М), басқа түрлi ұшулар (X) үшiн) туралы ақпарат;

3) әуе кемелерiнiң саны және түрi, iзiнiң турбуленттiлiк санаты туралы ақпарат (азаматтық әуе кемелерi үшiн);

4) әуе кемесiнiң жабдығы туралы ақпарат;

5) ұшып шығу әуеайлағы және ұшып шығу уақыты туралы ақпарат;

6) ұшу маршруттары туралы ақпарат;

7) ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептiк өткен уақыт (қонуға дейiнгi), қосымша әуеайлақтар туралы ақпарат;

8) ұшу маршрутының ерекшелiктерiн, әуе кемесiнiң тiркеу белгiлерiн, пайдаланушының атауын, әуе кемесiнiң ұшу-техникалық деректерiн, бортта қолданылатын жабдықты сипаттауға қажет және өзге де ақпарат, егер ол үлгiдегi ақпараттан өзгеше болса немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары тарапынан ерекше қатынасты талап ететiн ақпарат болса, осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес ұшу мәртебесi;

9) отын қорына, борттағы адамдар санына, авариялық-құтқару жабдықтарына қатысты ақпарат.

Азаматтық әуе кемесінің ұшу жоспары туралы хабарламаға кіретін ақпараттың үлгілік құрамы (көлемі) және көрсетілген жоспарды беру ережесі осы Қағидаға 3, 5, 6 және 7-қосымшаларда айқындалады.

Ұшуларды орындау кезiнде рейстердiң нөмiрлерiнiң қайталануын болдырмау мақсатында қазақстандық пайдаланушылар қолданатын рейстер нөмiрлерiн үйлестiрудi ӘҚЖ БО жүзеге асырады.

Пилотсыз ұшу аппаратының, қашықтан басқарылып әуе кемелері немесе басқарылатын аэростаттардың ұшу жоспарына осы тармақтың 1), 3)-6), 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат енгізіледі.

64. Ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына мыналар басталғанға дейiн ұсынылады:

1) диспетчерлiк қызмет көрсетумен қамтамасыз етiлуi үшiн, ұшуға немесе оның бiр бөлiгiне дейiн;

2) қажеттілігі тану мақсатында да туындауы мүмкін ұсталып қалуды болдырмау үшін әуе қозғалысын басқару органдары жасайтын қызметті үйлестіру мақсатында, ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында бақыланбайтын әуе кеңістігі шегінде орындалатын ұшуға дейін;

3) Мемлекеттiк шекараларды кесіп өтетін ұшуға дейiн.

Мына мазмұндағы 65, 69, 75, 100 және 106- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Ұшу жоспары ұшып шыққанға дейiн 3 сағат бұрын ұсынылатын пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот басқаратын дирижабльдардың, қашықтан басқарылатын әуе кемелері мен аэростаттардың ұшуларын қоспағанда, ұшу жоспары есептелген ұшып шығу уақытынан кемінде 60 минут бұрын және есептелген ұшып шығу уақытынан 120 сағаттан астам бұрын ұсынылады. Есептелген ұшып шығу уақыты деп әуе кемесiн рульдеуін бастау үшін оның тiреуiштерiн, қолданылатын болса, алып тастау, ал қалған жағдайларда әуе кемесiнiң ұшып көтерiлу уақыты түсiнiледi.»

«69. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушы тұрақты ұшуларды орындау кезiнде осы Қағиданың 58-тармағында көрсетiлген ұшу жоспарынан басқа осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес қайталанатын ұшу жоспарын бiрiншi тұрақты ұшуды орындау күнiнен кемінде күнтiзбелiк 15 күн бұрын ұсынады.


      Тұрақты ұшу кестесiне тұрақты сипаттағы өзгерiстердi енгiзген кезде пайдаланушы қайталанатын ұшу жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы хабарламаны көрсетiлген өзгерiстердi қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтiзбелiк 7 күнде ұсынады.

Ұшу жоспарын ұсыну кезiнде әуе кемесiнiң техникалық жағынан бұзылуына және (немесе) ұшу маршруттарындағы метеожағдайларға байланысты және (немесе) ұшу қауiпсiздiгiне қауiп төнген және (немесе) еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда, қайталанатын ұшу жоспарынан бiр реттік ауытқуға жол берiледi.

Азаматтық әуе кемесiнiң қайталанатын ұшу жоспары туралы хабараламаға кiретiн ақпарат құрамы (көлемi) осы Қағидаға 3, 8 және 9-қосымшаларда белгiленедi.»

«75. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушы:

1) басқарылмайтын аэростаттардың ұшуына;

2) атыс өткiзу, зымырандар жiберу және жарылыс жұмыстарын жүргiзуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын жағдайда, әуе кеңiстiгiн пайдалануға берiлетiн өтiнiмдi ӘҚБ БО-ға немесе ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жақын жердегi ӘҚҚ (ӘҚБ) орталығына ұсынады.

Басқарылмайтын аэростатты пайдалануға ұшудың ең жоғары биiктiгi жергiлiктi жер бедерiнiң үстiнен 50 метрден аспаған жағдайда және ұшу маршруты елдi мекендерден және әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының шекараларынан, әуе кемелерiнiң ұшуға тыйым салынған аймақтардан, қауiптi аймақтардан және ұшулар шектелген аймақтардан ұшып шығу және қонуға кiру схемаларынан тыс жерлерде орналасқан жағдайда өтiнiм ұсынбай пайдалануға жол беріледі.»;

«100. ӘҚЖ БО қазақстандық әуе кемесiн пайдаланушыдан алған ұшу жоспарын әуе кеңiстiгiн пайдалану жоспарына енгiзедi:

1) пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және соған қоса берiлетiн арнайы ережелер (авиакомпания үшiн) болған жағдайда;

2) авиациялық жұмыстарды орындаудың қолданыстағы куәлiгi және соған қоса берiлетiн арнайы ережелер (авиациялық жұмыстар орындауды жоспарлап отырған пайдаланушылар үшiн) болған жағдайда;

3) ұшуды орындауға құқық беретiн қолданыстағы куәлiгi және соған қоса берiлетiн арнайы ережелер (сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы 5700 килограмнан асатын ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшiн) болған жағдайда, сондай-ақ сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы 5700 кг кем емес болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасына қарамастан тiкұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшiн қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты болған жағдайда;

4) қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты (әуе кемелерiнiң барлық пайдаланушылары үшiн), ал қолданыстағы ұшуға жарамдылық


сертификаты жоқ әуе кемелерi үшiн - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның арнайы ұшуды орындауға берген рұқсаты болған жағдайда;

5) осы Қағидадағы нысанда және мазмұнда белгiленген, ұсынылған ұшу жоспарына сәйкес келген жағдайда (әуе кемелерiнiң барлық пайдаланушылары үшiн);

6) пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындау куәлiгiнде және (немесе) ұшуларды орындауға құқық беретiн куәлiкте белгiленген ұшу өңiрлерiнiң шектеулерiн сақтаған жағдайда.
      Пайдаланушының алған сертификаттарының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретiн куәлiктердiң, ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшiрмелерiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган оларды бергеннен кейiн дереу ӘҚЖ БО-ға ұсынады;

7) әуе кемесінің сынақтық ұшу немесе айналып ұшуды орындауға (жөндеу кәсіпорны ұшу жоспарын ұсынған жағдайда) дайындығы туралы жөндеу кәсіпорнының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы болған жағдайда.»

«106. Әуе кеңiстiгiн пайдаланудың хабарламалық тәртiбi деп әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұшуды бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлiк рұқсатсыз орындауға мүмкiндiк беру түсiнiледi.».

139-1 тармақпен мына мазмұнда толықтырылсын:

«139-1. Қазақстан Республикасы территориясында (халықаралық әуежайларда) шетел әуе кемелері үшін, мемлекеттік авиация әуе кемелерін, шет мемлекеттердің әскери техника және қарулану, әскери құрамаларды тасымалдау үшін әуе кемелерін қоспағанда Қосалқы аэродромды таңдау рұқсатын береді.»

144-1 тармақпен мына мазмұнда толықтырылсын:

«144-1. ӘҚБ органдары шет мемлекеттің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын тасымалдайтын шетелдік әуе кемесінің немесе әуеде басып алынған әуе кемесінің экипажынан астана әуежайына жоспарланбаған және рұқсатсыз қонуды (әуе кемесінің бортында орын алған авариялық жағдайды қоспағанда) жүзеге асырғысы келетіні туралы ӘҚҚ органына келіп түскен ақпарат бойынша астана әуежайы үстіндегі әуе кеңістігіне қысқа мерзімді шектеу қояды.

156 және 157-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

156. Уақытша режим қоюға арналған ұсыным ӘҚБ БО-ға қызмет басталғанға дейiнгі жеті тәулiктен кешірмей жiберiледi.

Уақытша режим қою туралы мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан келіп түскен, құпия мәліметтері жоқ ұсынымдарды құпия емес жеделхаттар немесе құпия емес пошта арқылы жіберуге болады.

157. Атыс өткiзу, зымырандар жiберу, зымыран тасымалдағыштарды жiберу және ғарыш аппараттарын қондыру кезiнде уақытша режим қоюға арналған ұсынымда мыналар көрсетiледi:

1) өткiзу күнi (негiзгi және қосалқы күндер), өткiзiлетiн iс-шара сипаты;

2) уақытша режимдердiң қолданылу аудандарының шекаралары нүктелерiнiң орындары (географиялық координаттары көрсетiлген) және географиялық координаттары немесе тұрақты ғарыш аймақтарының нөмiрлерi;

3) уақытша режимнiң қолданыла бастау мен аяқталу уақыты;

4) ұшуларға тыйым салу биiктiгiнiң ауқымы;

5) жоспарланатын iс-шаралар туралы еркiн жазылған қосымша ақпарат.

Мемлекеттiк авиацияның тұрақты ұшу аймақтарында әуе кеңiстiгiн пайдаланудың уақытша режимдерiн және қысқа мерзiмдi шектеулер қоюға арналған ұсынымда осындай аймақтың нөмiрi, ұшуға тыйым салу уақыты мен биiктiк ауқымы ғана көрсетiледi.»;

«162. Ғарыш аппараттарын ұшыру және қондыру кезінде әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалану ғарыш аппаратын ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым уақытша режим қою туралы берген ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқару бас орталығы әзірлейтін және енгізетін уақытша режимдерді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.»;

162-1, 162-2, 162-3 және 162-4 тармақтар мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«162-1. Ғарыш қызметін қамтамасыз ету кезінде уақытша режим қою туралы берілген ұсынымды мемлекеттік орган немесе ұйым Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқару бас орталығына ғарыш қызметі жоспарланған күннен 7 тәулік бұрын ұсынады.

Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқару бас орталығына белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған уақытша режим қою туралы ұсынымдар қаралмайды, бұл туралы ақпарат ұсынымды берген жерге мәлімделеді.



162-2. Уақытша режим қою туралы берілген ұсынымда:

  1. өткізетін күн (негізгі және қосалқы күндер);

  2. уақытша режим қолданылатын аудандардың шекаралары нүктелерінің географиялық координаталары немесе тұрақты ғарыш аймақтарының нөмірлері;

  3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті қауіпсіз жүзеге асыру мақсатында әуе кеңістігінің басқа пайдаланушыларына арналған уақытша режимнің басталатын және аяқталатын уақыты;

  4. ұшуға тыйым салынатын биіктік ауқымы;

  5. ғарыш қызметін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылатын әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары туралы қосымша ақпарат көрсетіледі.

162-3. Әуе кеңістігін пайдалануға қойылатын уақытша режим Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін қамтамасыз етуді ескере отырып, әзірленеді және енгізіледі.

Уақытша режимді енгізу мүмкін болмаған жағдайда Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы бұл туралы ғарыш қызметі жоспарланған күннен 3 тәулік бұрын ұсыным иесіне хабарлайды.

162-4. Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқару бас орталығы уақытша режимді оның қолданылу уақыты өткеннен кейін алып тастайды.

Ғарыш қызметі мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда ғарыш аппаратын ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым берген ақпарат бойынша қойылған уақытша режимді тоқтатуға болады.»;

Көрсетілген қаулыға 3 және 4-қосымшалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін осы өзгерістер мен толықтыруларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін осы өзгерістер мен толықтыруларға 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес 5, 6 ,7, 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын;

3. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 713 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №43, 571-құжат);

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасында:

4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын, орнитологиялық қамтамасыз етуіне жауапты әуеайлақ пайдаланушысы әуеайлақ қызметімен жасалады.»;

9-тармақ алып тасталсын.

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Тиісті ӘҚҚ диспетчерлеріне, әуеайлақ, авиациялық қауіпсіздік, инженерлік-авиациялық және әуежайдың басқа қызметтерінің қызметкерлеріне авиациялық орнитология бойынша сабақтарды әуеайлақ қызметінің бастығы ұйымдастырады және әдетте жылдың көктемгі және күзгі мезгілінің алдында техникалық оқу сағаттарында өткізіледі.»

22-тармақ алып тасталсын.

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Ұшу және қонуға бет алу секторында құстардың топталуы көзбен шолып анықталған кезде, сондай-ақ тілшіден (әуе кемесінің экипажы, ӘҚ, АҚҚ, ҰҚИ, ҰІАҚҚҚ және т.б) ӘҚҚ диспетчеріне ақпарат келіп түскен жағдайда ӘҚҚ диспетчері аталған ақпаратты барлық жауапты қолданушыларға қозғалыс қызметінің диспетчерлерінің жұмыс технологиясына сәйкес хабарлайды.

Көрсетілген қаулының 2 қосымшасында қызметтердің жедел әрекеттесу схемасында, әуе айлақта құстардың жиналуы айқындалған жағдайда Әуе кеңістігі қызмет ету ӘКҚ жолын мынадай редакцияда жазылсын:

« ӘКҚ – әуе кеңістігі қызмет етуі»

4. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 жылғы, N 26, 358-құжат):

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында:

66-тармақ мына редакцияда баяндалсын:

«66. Әуе кемелерінің ұшуына арналған жергілікті әуе желілерінің ені визуалды ұшу қағидалары бойынша 4 км-нен аспайтын мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының жергілікті әуе желілері тізбесінде көрсетіледі.

«4 км-нен аспайтын визуалды ұшу қағидалары бойынша ені белгіленген маршрут әуе кемелерінің ұшуы үшін орнатады.»

348-тармақ мына редакцияда баяндалсын:

«348. Бір эшелондағы (биіктіктегі) кесіп өтетін маршруттар бойынша ұшып келетін (қиылысу бұрышы 70 градустан кем болмағанда) әуе кемелері арасында - кесіп өтетін сәтте 40 км.».


________________________



Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет