Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 1.54 Mb.
бет1/11
Дата25.04.2016
өлшемі1.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қараша № 1413 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-тармағының сегізінші абзацын, 10-тармағының он төртінші абзацын, 14-тармағының төртінші, бесінші, жетінші, он бесінші, жиырмасыншы абзацтарын, 17-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы №1413 қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудің ережесінде:

33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Есептік орамдар: елді мекеннің орамы, жұмысшылар кенттері мен селолық елді мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, шоқ ормандар, желілік объектілер: темір жолдар, автомобиль жолдары, бөліп берілген белдеулерімен жердегі, жер үстіндегі және жер астындағы құбырлар және басқалар болуы мүмкін.».

2. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 20-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесінде:

7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерінде су қорғау аймағы және су объектілерінің жағалауларындағы белдеулер үшін жер учаскелері бөлінбейді.».

3. «Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 22-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесінде:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттiк орман иеліктері үшін әзірленетін орман орналастыру жобалары орман шаруашылығын жүргізудің және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорын пайдаланудың кешенді бағасын, алдағы ревизиялық кезеңде жоспарланып отырған орман шаруашылығы іс-шаралары мен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі ережелерін қамтиды.

4. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру осы Ережеге және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.»;

6-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттiк орман кадастрын, орман қорының мемлекеттік есебін және ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзу;»;

мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережеге сәйкес орманда өрт сөндіру станцияларын орналастыру және олардың түрі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) таксациялық сипаттамаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген телімдерде орман ресурстарын беру туралы белгілер қою және осы телімдердің шекарасын картографиялық материалдарға түсіру;

8) уәкілетті орган ведомствосының орман орналастыру жобасының құрамында бекітуі үшін орманшылықтар мен (немесе) мемлекеттік орман иеленуші бойынша есептік кеспеағашты айқындау.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде аэрофотосуретке түсiру және ғарыштық түсірілім материалдары техникалық негiз болып табылады.

Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын аэрофотосуреттер мен ғарыштық түсірілім деректерінің мерзімі 3 жылдан аспауға тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 12 -тармақпен толықтырылсын:

«12. Мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады.».

4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 27-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтердi бекiту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтер бекiтілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру әрі орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтерде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтер»;

2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi іс-шараларды орындауға арналған техника мен жабдықтардың тиесілілік нормалары».

5. «Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерi енiн белгiлеу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 36-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесін бекiту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi енiн белгiлеу ережесі бекiтілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу тәртібін айқындайды.

2. Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiне (бұдан әрі – тыйым салу белдеулері) осы су объектілеріне мемлекеттік орман қорының іргелес аумағы жатады, онда су ресурстарын сақтауға және жинауға, су объектілерінің ластануына, былғануына және батпақтануына жол бермеуге, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау мақсатында орман пайдалануды шектеудің тапсырыстық режимі белгіленеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Көлдер мен арналы су қоймаларының, каналдардың төңiрегiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi оларға келiп құйылатын немесе олардан ағып шығатын өзендердің бойында бөлiнген белдеулерге тең белгіленедi.

Көлдерге, су қоймаларына немесе каналдарға бiрнеше өзен келiп құйылатын немесе ағып шығатын жағдайларда су қоймасы, канал бойындағы тыйым салу белдеуiнiң енi ең кең арналы өзен бойынша қабылданады. Су қоймасы, канал бойындағы тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы судың бiрқалыпты толық деңгейiнiң мөлшерiмен, ал көлдер бойында – орташа көпжылдық су деңгейiнiң мөлшерiмен өтедi.»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Су жинағыштағы экологиялық жағдай шиеленiскен кезде балық шаруашылығындағы маңызы зор өзендер, су қоймалары мен каналдар үшiн қоса берiліп отырған қосымшаға сәйкес тыйым салынған белдеулерiнiң енi әр жағалаудан 1000 метр мөлшерінде белгiленедi.

8. Қотармалы су қоймалары, каналдар мен басқа да көлдер бойындағы тыйым салу белдеулерінің енi мынадай мөлшерде белгiленедi:

1) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрге дейiн болса –
300 метр;

2) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрден асып кетсе –


500 метр.

Осы көлдер үшiн тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы орташа көпжылдық су деңгейiнiң жырығы бойымен өтедi.»;

Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесіне қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ережені бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы


9 наурыздағы № 291 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., № 12, 160-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ережеде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi – мемлекеттік орман күзетi) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң құрамына мына қызметкерлер:

1) орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерiнде – директорлар – бас орман күтушілер, директорлардың орынбасарлары – бас орман күтушілердің орынбасарлары, барлық санаттағы орман шаруашылығы инженерлерi, аңтанушылар, орман питомниктерiнiң бастықтары, өрт сөндiру-химия станцияларының бастықтары, орман күтушілер, орман күтушілердің көмекшiлерi, орман шеберлері, орманшылар (қорықшылар);

2) облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелерiнде – басшылары және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандар енедi.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Мемлекеттiк орман күзетiне жұмысқа (орманшылар мен қорықшылардан басқа) орман шаруашылығы, орман-техникалық жоғары немесе орта оқу орындарын бiтiрген тұлғалар қабылданады.».

7. «Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 660-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоса беріліп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесi бекiтілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесiнде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесi»;

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер» деген бөлімнің тақырыбы:

мынадай редакцияда жазылсын:

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер».

8. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесінде:

2-тармақтың 5) тармақшасындағы «пайдалануға беріледі.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсатында пайдалануға беріледі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган); балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті; заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерден басқа, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – ведомстволар) түсініледі.»;

6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде мекендейтіндерден басқа, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері).»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енетін су айдындары мен (немесе) олардың учаскелерін қоспағанда, 5 килограмнан астам мөлшерде әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты бекітілген лимиттерге сәйкес және алу квоталары шегінде өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлегені туралы төлем құжатын ұсынған кезде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері өтініш берілген күні береді.».

9. «Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 40 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 2, 18-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесі мен конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы болып танылатын резервтік қордың аң аулайтын алқаптары және (немесе) учаскелері қойылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Құрамына жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет болып табылатын және шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдары бойынша айқындалған мемлекеттiк орман қорының учаскелерi енетiн аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Уәкiлеттi органның аумақтық органы (бұдан әрi – конкурсты ұйымдастырушы) облыстық атқарушы органмен бiрлесiп, конкурсты өткізу жөнiнде конкурстық комиссия құрады. Комиссия төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшысы болып табылады, сондай-ақ оған облыстық атқарушы органның, ғылыми ұйымдардың, су ресурстары жөнiндегi уәкiлетті органның, аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi енедi. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға тиiс. Конкурстық комиссияның хатшысы дауыс беру құқығынсыз конкурсты ұйымдастырушының өкiлi болып табылады.

Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегі бүкіл құжаттаманы жүргiзедi.»;

20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Конкурстық өтiнiмдердi бағалау қорытындылары тепе-тең болған кезде қаржыландыру көлемiмен қорғау, биотехникалық және молықтыру іс-шаралары кешенiнiң көлемi бойынша аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту, сондай-ақ қорықшылардың (саны), кордондардың және техникалық құралдардың болуы тұрғысынан алғанда артықшылығы бар конкурсқа қатысушыға басымдық беріледi.»;

27-тармақта:

1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін оның санатына байланысты материалдық-техникалық базаның болуы;

2) қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, екі жылға арналған аңшылық шаруашылығы ұйымын дамыту жоспары (қорғау, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды күшейтуді, жануарлар санының оңтайлы тығыздығын қамтамасыз етуді, шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруды өткізу мерзімін, аңшылық шаруашылығын көркейтуді қоса алғанда);

3) аңшылық шаруашылығының санатына сәйкес келетін және Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереженің талаптарына сай келетін қорықшылық қызметтің (немесе оны құру туралы жазбаша міндеттеме) болуы;»;

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 3-қосымшамен толықтырылсын.

10. «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 52-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесінде:

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын:

1) халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша ведомство жүзеге асырады;

2) жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша аумақтық бөлімшелер (бұдан әрі – ұйымдастырушы) жүзеге асырады.

6. Арал, Каспий теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары, Іле, Қиғаш, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен құралатын комиссия өткізеді.

Комиссияның құрамына:

1) ведомствоның (комиссия төрағасы);

2) облыстық атқарушы органдардың (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес);

3) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми және басқа да мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – ғылыми ұйымдар);

4) аумақтық бөлімшелердің;

5) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның;

6) балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген (бар болса) республикалық қауымдастықтарының өкілдері кіреді.

7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілгендерден басқа, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу үшін аумақтық бөлімше Конкурс өткізу жөнінде конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына тиісті аумақтық бөлімшелердің (Комиссия төрағасы), облыстық атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдардың, балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының (бар болса), су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.;

8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы тиіс.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Конкурсқа балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыру негізінде балық шаруашылығын жүргізу немесе басқа да су жануарларын өндіру үшін перспективалы деп танылған резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шығарылады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген жеке және заңды тұлғалар Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттаманы алу үшін тиісті аумақтық бөлімшеге жүгінеді, осы Ереженің талаптарына сәйкес әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке өтінім дайындайды және оны аумақтық бөлімшеге:

1) қатысушының толық атауы және мекенжайы (егер ол кешіккен болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйде қайтару мақсатында);

2) ведомствоның аумақтық бөлімшесінің мекенжайы;

3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.»;

17-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері):

заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжатын, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын, салық төлеуші куәлігін (нотариалды куәландырылған көшірмелері), кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды;

әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша өтінім берушінің басшысы жеке бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспарын (түпнұсқасы);

балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін – өткен жылы балық өсімін молайту іс-шараларына қаржы салғанын растайтын және бөлінген квоталарды игеруі туралы және аумақтық бөлімшемен келісілген ақпаратты (түпнұсқасы);

конкурстық өтінімдер бар конвертті ашатын күннің алдындағы екі айдан ерте берілмеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған мыналарды жүзеге асыру үшін:

бақылау үшін аулауды – ведомство және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;

ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке және заңды тұлғаларға;

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені (түпнұсқасы);

өтінім берілген су айдыны және (немесе) учаске бекітіп берілген бүкіл кезеңде ғылыми ұйым ұсынған көлемде балықтандыруды орындау туралы өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттемені қамтуы тиіс.»;

18-тармақта:

1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтінім берушінің жеке меншігіндегі негізгі құралдар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдар, сондай-ақ ағымдағы мелиорацияны жүргізу және жас шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;

өтінім берушінің атына тіркелген аулаушы және көліктік флоттың, оның ішінде шағын көлемдісі туралы аумақтық көліктік бақылау органының конкурстық өтінімдері бар конвертті ашатын күнге дейін бір айдан ерте берілмеген анықтамасы;»;

«4) басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

аулаушы және көліктік флотты, оның ішінде шағын көлемдісін тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы (жүзу құралдары бар болса);

аулау құралдарының бар-жоғы туралы анықтама (бар болса);

Балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиісті іс-шаралар көрсетілген өтінім берушінің басшысы қол қойған аквадақылды жүргізу туралы жазбаша міндеттеме (аквадақылмен айналысуды жоспарлаған адамдарға) қоса беріледі.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Конкурсқа қатысушы белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Құжаттар болмаған не осы Ереженің 14, 17 және 18-тармақтарының талаптарына сәйкес тиісті дәрежеде ресімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мұндай қатысушы Конкурс шарттарына сәйкес келмейтін қатысушы болып танылады.

Балық шаруашылығын дамыту жоспары шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны үшін балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарттар бұзылған заңды және жеке тұлғалар 3 жыл бойы Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»;

осы Ережеге 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

11. «Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 404-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесi осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

12. «Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған:

1) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi;

2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi және өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi осы қаулыға 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

13. «Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,


2010 ж., № 32, 259-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесі осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

14. «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 330-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларында:

4 және 5-тармақтар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Аңшылық объектісі болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды бөлуді балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастастықтарының қатысуымен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;

10-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Қазақстан Республикасының Үкіметі аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен берілген Өтінімдерді ескере отырып, аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен алдын ала келісілген аңшылық шаруашылығы субъектілері бойынша бөлуді және бекітуді жүзеге асырады»;

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін (балық ресурстары және басқа су жануарлары бөлігінде) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 7 % шегінде өсімін молайту, әуесқойлық (спорттық) балық аулау мақсаттарында аулауды, ғылыми-зерттеу, бақылау, мелиоративтік, эксперименталдық аулауды жүзеге асыру үшін квота белгілейді

Балық шаруашылығы су айдынында резервтік қор болған жағдайда Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері осы су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталар бөлінгенге дейін ғылыми ұйымдардың ұсыныстары бойынша алынған көлем шегінде квота белгілейді.

15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.»;

16-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары алынып тасталсын;

17-тармақ алынып тасталсын;

18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Кәсіпшілік учаскелеріне бөлінбеген су айдындарына балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған лимиттерге сәйкес бөледі.

19. Әртүрлі балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген екі және одан да көп балық шаруашылығы учаскелеріне бөлінген балық шаруашылығы су айдындарына квоталарды бөлу балық шаруашылығы субъектілері берген өтінімдерді ескере отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимитінің түрлік құрамына пайыздық қатынаста барабар жүзеге асырылады.

Су айдынында ғылыми ұйымдардың ұсынымдары бойынша айқындалған балық кәсіпшілігі аудандары (биотоптар) болған жағдайда квотаны бөлу балық кәсіпшілігі аудандарын (биотоптарды) ескере отырып жүргізіледі.

20. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн ішінде шығарылады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Балық шаруашылығы субъектісі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаның 25 % ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін игермеген жағдайда Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен бөлінген квотаның игерілмеген бөлігін, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квотасын басқа балық шаруашылығы субъектісіне осы балық шаруашылығы су айдынының басқа учаскелеріне қайта бөледі.»;

23, 24, 25 және 26-тармақтар алынып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар алынып тасталсын.

15. «Жануарларды интродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 332-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларды интродукциялауды мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидалары»;

1, 2, және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды.

2. Ерекше қорғалатын аумақтарда жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға және жануарларды мекендеу ортасына кейіннен шығармай-ақ будандастыруды жүргізуге рұқсат талап етілмейді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы рұқсатты алып, онда көрсетілген мерзімде интродукциялауды, реинтродукциялауды немесе будандастыруды немесе жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюды жүзеге асырады.

Рұқсаттың қоланылу мерзімі күнтізбелік бір жылдан аспайды.»;

14-тармақта:



  1. тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуден, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюдан өз еркімен бас тарту;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізген кезде, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қойған кезде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 9, 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

16. «Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылардағы өрт сөндіру құралдарының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 82-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылардағы өрт сөндіру құралдарының нормаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары».

17. «Ағаш кесу мен орман билетiнiң нысандарын, Ағаш кесу және орман билетiн есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 146-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ағаш кесу және орман билетiн есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында:

2-тармақтың 7) тармақшасындағы «пайдалану түрлері жүзеге асырылады.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдылары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердің көшеттік материалын өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылады.».

18. «Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1590 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 188-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:


«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің


12-бабының 17-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау тәртібін айқындайды.»;

2, 3, 4, 5-бөлімдердің тақырыптарындағы «дайындауды ұйымдастыру», «өңдеуді ұйымдастыру», «сақтауды ұйымдастыру», «пайдалануды ұйымдастыру» деген сөздер тиісінше «дайындау», «өңдеу», «сақтау», «пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орман тұқымдарын дайындау кезінде:»;

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларда «Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру қағидаларына» деген сөздер «Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау жасау қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын.

19. «Ормандардағы санитарлық қағидаларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1591 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 190-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ормандардағы санитарлық қағидаларда:

17-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Орманды сауықтыру, тарихи-мәдени мақсаттарда пайдалану кезіндегі орман қорғау іс-шаралары»;

118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«118. Сауықтыру, тарихи-мәдени мақсаттарда пайдаланылатын ормандарды сақтау және олардың төзімділігі мен сапалық жай-күйiн арттыру мақсатында олардың орман-патологиялық жай-күйiн тексеру жүзеге асырылады, аумақтарды ұйымдастыру жолымен орманға рекреациялық қажеттiлiк реттеледi, сондай-ақ ормандардың құрылымы мен пайдаланылу ерекшелiктерiн ескере отырып, санитарлық-сауықтыру және өзге де iс-шаралар орындалады.».
__________________________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы «7 »қарашадағы № 1413 қаулысына 1-қосымша

Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесiне қосымша



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет