Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 1.54 Mb.
бет11/11
Дата25.04.2016
өлшемі1.54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

Республикалық және жергілікті маңызы бар

мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық

маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату

және олардың аумақтарын қысқарту

қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарының барлық түрлеріне қолданылады.





2. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын
қысқарту тәртібі
3. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту уәкілетті органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

4. Заңды немесе жеке тұлға республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратуға немесе олардың аумақтарын қысқартуға байланысты өзінің өтінішін құзыретіне өтініште көрсетілген қызмет мәселелері енетін мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) енгізеді, онда ол 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Заңды немесе жеке тұлға жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратуға немесе оларды қысқартуға байланысты өзінің өтінішін аумақтық орналасуы бойынша облыстардың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы орнанына енгізеді, онда ол 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

5. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту туралы мәселені қарау орынды деп танылған жағдайда уәкілетті орган материалдарды (карталар, сызбалар, негіздемелер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту туралы мәселені қарау орынды деп танылған жағдайда облыстардың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы материалдарды (карталар, сызбалар, негіздемелер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға жібереді.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган бір ай мерзім ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту жөніндегі ұсынысты қабылдамау туралы не бұл мәселені одан әрі қарау туралы шешім шығарады.

7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган оң шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың немесе олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын (бұдан әрі – жаратылыстану-ғылыми негіздеме) әзірлеуді және оның мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуін ұйымдастырады.

8. Жаратылыстану-ғылыми негіздеме:

1) зерттеліп отырған аумақтың табиғи кешендері мен онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігін, маңыздылығын және ерекшелік сипатын бағалауды;

2) зерттеліп отырған аумақтағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйін, оларды сақтау және қорғау жөніндегі тәуекелдерді, қатерлерді және шараларды;

3) зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалау мен республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың экологиялық және экономикалық орындылығы туралы тұжырымдарды;

4) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарының аумақтары қысқартылған жағдайда – ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамынан шығарылатын меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің ұсынылып отырған шекараларын, шекаралардың сипаттамасын, координаталарын, санаттары мен көлемін;

5) жер учаскелерін кейіннен пайдалану және қалпына келтіру туралы ұсыныстарды қамтиды.

9. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен


республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде бекітеді.

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 10 жұмыс күні ішінде бекітеді.

10. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен
республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесі бекітілгеннен кейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің тиісті жобасын әзірлейді.

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратудың және олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесі бекітілгеннен кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 30 күнтізбелік күн ішінде тиісті шешім қабылдайды.

11. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен
республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізіліп жүзеге асырылады.

_________________________

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы « » ___

қаулысына

8-қосымша
Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларларын алып қоюға
ӨТІНІМ
1. Балық шаруашылығы субъектісінің атауы_______________________

2. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы ________________________________________________

Аумақтық бөлімшемен жасалған Балық шаруашылығын жүргізуге арналған______ жылғы «___» ________ № ____ шарт

3. Балық өнімділігінің аудандарын (биотоптар) ескере отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға сұрап отырған квота____________________________________________________________


Берілген күні

М.О.
Балық шаруашылығы субъектісі


басшысының Т.А.Ә.___________________ Қолы_______________
__________________________

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы « » _____

№ қаулысына

9-қосымша

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша

____________________________________________________________________


(уәкiлеттi органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның (толық) тегi, аты, әкесiнiң аты
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмiрi)
____________________________________________________________________
Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсат беруге өтiнiм

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргiзуге, жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға (қажеттiсiнiң астын сызыңыз) рұқсат берудi сұраймын.


Интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргiзудiң, жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюдың мақсаты ____________________________________________________________________
Жануар түрi ______________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы _______________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргiзудiң, жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюдың мерзiмi _________________________________________________________________ Интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргiзетiн, жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоятын аудан ____________________________________________________________________
20 __ жылғы ______ ____________________
(өтiнiм берiлген күн) (қолы, Т.А.Ә)

М.О. (заңды тұлға үшiн)

__________________________

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы « » ______

№ қаулысына

10-қосымша


Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау
мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымша
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргiзуге, жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға

рұқсат

(қажеттiсiнiң астын сызыңыз)



Берiлдi (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң Т.А.Ә.)




Интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандыстыруды жүргiзудiң және жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюдың мақсаты




Рұқсат етiледi (жануардың атауы, саны және т.б.)




Интродукциялауға, реинтродукциялауға, жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға жануарларды аулайтын орындар мен оның әдiстерi




Қолданылу мерзiмi




Ерекше шарттар (куәландыратын және басқа да құжаттардың болуы, пайдаланылған және пайдаланылмаған рұқсаттар туралы есептi ұсыну)



Уәкiлеттi органның


басшысы ___________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)

________________________


(Орындаушының аты-жөнi) М.О. (уәкiлеттi органның)

__________________

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы « » ____

№ қаулысына

11-қосымша

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларына


3-қосымша

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға
рұқсаттар берудi тiркеу


журналы


Рұқсат


Пайдалану түрi (жануардың түрi, саны)

Қолданылу мерзiмi

Кiмге берiлдi

Рұқсаттың күнi және


Алушының деректерi (Т.А.Ә, жеке куәлiгiнiң №)

Алушының қолы

1

2

3

4

5

6

7





















__________________________

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы « » _____

№ қаулысына

12-қосымша

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау


мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға
рұқсатты пайдалану нәтижелерi туралы
ЕСЕП


Орындалған жұмыстардың атауы




Іс-шаралар өткiзу мақсаты




Іс-шаралар өткiзу мерзiмi




Пайдаланылған жануарлар саны (көлемi)




Жүргiзiлген жұмыстардың орны мен әдiстерi




Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген
жануарларды алып қою жүргiзiлген сыртқы өмiр сүру ортасы жағдайларының көрсеткiштерi




Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген
жануарларды алып қою жүргiзiлген кездегі жануарлардың жай-күйi



________________________






1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет